Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру

Негізгі құралдарды есептеуді  ұйымдастыру

МАЗМҰНЫ 

Кіріспе.....................................................................................................................3

1. Негізгі құралдардың  жіктелуі...........................................................................4

2. Негізгі құралдардың  бағалануы........................................................................8

3.Негізгі құралдарды  есептеуді  ұйымдастыру..................................................12

Қорытынды............................................................................................................16

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................17 

Кіріспе

«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске  қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа  бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне карай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады. 

1. Негізгі құралдардың  жіктелуі

Бухгалтерлік  есепте негізгі құралдар деп өндіріс  үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір  жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі  құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен  катар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске  қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа  бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне карай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

«Негізгі құралдарды»  халық шаруашылығының салаларына карай  топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың  бәрі тек қана ұйымның негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін  өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі  қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері  болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның  балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа  тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а)үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және тағы басқалары);

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар және тағы басқалары);

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін 
тетіктер, құбырлар және тағы басқалары);

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен 
жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, 
экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машиналар, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш 
құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы 
да басқалары);

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын 
көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар 
және тағы басқалары;

ғ) құрал-саймандар  мен жабдыктар (шкафтар, бактар, контейнерлер және тағы да басқа негізгі құралдар);

д) шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, креслолар, 
кілемдер, сейфтер және тағы да басқалары);

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);

и) жерді жақсартуға (өндеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа да негізгі  құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары);

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді. Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді. Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың  орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай  былай бөлініп есептеледі:

а) негізгі құралдар;

ә)      тауарлық-материалдық корлар;

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлық-материалдық қорлар құрамында есептеледі. Кәсіпорынның өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде есептелінеді.

2. Негізгі құралдардың  бағалануы 

Негізгі құралдардың  есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың  бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:

а) жер учаскесінің  бастапқы құнына:

Жерді сатып  алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі  агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты  ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар. жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).

э) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).

Алайда құрал-жабдықтарды  монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Кәсіпорынның  өзі салған үйлер мен ғимараттардың  бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.

Кәсіпорындар  мен ұйымдар жерді және сол  жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып  алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапкы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.

Мысалы: кәсіпорын  жер учаскесін және сол жерде  орналасқан үй мен қоса 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000-20000+15000=560000 теңге). Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

үлес қосушылар  мен құрылтайшылар негізгі құралды 
жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың 
құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;

ұйымдар негізгі  құралдарды өзі дайындап, яғни жасап 
шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың 
нақты сомасы бойынша;

ұйымдар негізгі  құралдарды басқа занды тұлғалардан 
немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу 
актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.

Негізгі құралдардың  ағымдағы құны - бүл кәсіпорынның белгілі  бір уакыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі  күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың  баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың  қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарынын) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың  келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Бухгалтерлік  шоттарда есептелген негізгі құралдардың  бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) негізгі құралдардың  пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей  қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;

э) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шешімдері  бойынша негізгі құралдарды қайта  бағалағанда.

Негізгі құралдардың  есебі әрбір бөлек объекті  бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға  берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уакытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.

Қайта бағалау  жүргізілген күні ұйымда негізгі  құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта  бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

3.Негізгі құралдарды  есептеуді  ұйымдастыру 

Негізгі құралдардың  есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі  әрбір түгендеме объектісі бойынша  бөлек жүргізіледі. Түгендеме объектісі  деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен және құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорындарда  негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу  үшін және олардың тиісті түрде сақталуын  қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі  құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар  мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның  жаңадан кіріске алған негізгі  құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорындардың бугхталтериясында негізгі құралдардың  әрбір объектісіне типтік ведомостволық  түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар және тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні кұрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

Негізгі құралдары  көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.

Кәсіпорындарда  түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспортап және басқа да негізгі құралдарды сатып алу  сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жікгелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың аткаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер және тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырылған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.

Түгендеу карточкалар  мен кітапшалар талдамалық есептің  негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттың нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) және тағы да баска шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. Толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ-10 санды ведомствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады. Бұл тізімдеме бухгалтерияда бір дана етіп толтырылып, түгендеу карточкаларының түгел сақталуын бақылау үшін пайдаланылады. Ұйымдар негізгі құралдарды жіктелуі, яғни аралық шоттары бойынша тізімдемеге тіркейді.

Негізгі құралдардың  сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ-13 санды  түгендеу тізімі жасалады. Түгендеу карточкаларға  қарағанда бұл тізімдеме келіп-түсіп, кіріске алынған объектілер бойынша  тек қана қысқаша мәліметгер, яғни объектінің аталуы, бастапқы құны, инвентарьлық нөмірі, түгендеу карточка немесе түгендеу кітапшаға жазылған нөмірі, басқа да мәліметтері жазылады. Ай сайын алғашқы құжаттар негізінде үлгілі түрі НҚ-13 түгендеу тізіміне кіріске алынған және шығыс етілген негізгі құралдар жайлы мәліметгер жазылып, бухгалтерлік есептің акпараттарымен салыстырып, тексеріліп отырады. Бұл түгендеу тізіміне көрсетілген объектілер мен олардың құны бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес келуі керек. Есеп құжаттарын қолмен өңдегенде аралық шоттар бойынша негізгі құралдардың қозғалысын, яғни кірісі мен шығысын есептеу үшін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточка қолданылады. Ол карточка ұйымдарда негізгі құралдардың тиісті шоттарының түгендеу карточкалары мәліметтерінің негізінде толтырылады. Бұл карточкада негізгі құралдардың жіктелу топтары мен түрлері есеп беретін айдың басындағы құны бойынша қалдығы, олардың кірісі мен шығысы көрсетіледі. Карточканың НҚ-12 санды үлгілі түрінің мәліметтері негізгі құралдар жайлы есеп беруге пайдаланады. Ұйым бойынша негізгі құралдардың кірісі мен шығыс етілуін есептейтін үлгілі түрі НҚ-12 санды карточкадағы калдығы ай сайын бас кітаптағы негізгі құралдардың мәліметтерімен салыстырып, тексеріліп отырады.

Кәсіпорындарда  түтендеу карточкалар және түгендеу кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырылады. Мұндай төлқұжаттарда негізгі құралдардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері және тағы да басқа деректер жазылуы тиіс. 

Қорытынды 

«Негізгі құралдарды»  халық шаруашылығының салаларына карай  топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың  қай түріне жататындығы негізге  алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың  бәрі тек қана ұйымның негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы  түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын  қызметі саласындағы топқа жатады.

Мысалы: өнеркәсіптік ұйымындағы өнеркәсіп өнімдерін  өндіру үдерісіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы  халық шаруашылығының өнеркәсіп  саласына жатады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі  қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның  балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

Бухгалтерлiк  есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы

Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы мен негіздері. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.

Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Оқу  құралы, Алматы. 2006.

В.К.родостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В.Родостовец, О.И.Шмидт, Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003

Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік әдістемелері, Практикум, Алматы. 2006. 
 
 
 

Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру