Негізгі құралдар. 5

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Тақырыбы:  Негізгі құралдар

           Жоспар

    Кіріспе------------------------------------------------------------------------------3-4

  1. №16 ХҚЕС  қолдану негіздері.-----------------------------------------------5-9
  2. Негізгі құралдардың құрамы және оларды  топтастыру.---------------10-13
  3. Тану, бағалау және есепке алу . -------------------------------------------- 14-20
    1. Бастапқы тану, соңынан тану, бағалау және есепке алу.--------14-19
    2. Тануды тоқтату.---------------------------------------------------------19-20
  4. Негізгі құралдардың амортизациясы, есептеу әдістері.-----------------20-22
  5. Қайта бағалау және түгендеу.-------------------------------------------------23-25
  6. Есептіліктегі ақпараттың ашылуы.-------------------------------------------26

    Қорытынды

    Әдебиеттер  тізімі

    Қосымшалар 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                              Кіріспе

    Өнеркәсіптік  өндірістің тиімділігін арттыру  бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.

    Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен   анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.

    Ел  Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан  халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің  мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі  халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты  Қазақстанды сыйлау деп санымын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуын өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды  сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға  қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».

    Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек  өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану  және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін  жақсарту қажет.

    Экономиканың  тиімділігін арттыру мемлекеттің  осы заманғы экономиалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың  өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде  және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың  болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды  жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

    Нарықтық  экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы  оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың  ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі  құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.

    Бухгалтерлік  есеп стандарты «Негизги құралдар есебі» бойынша -  негізгі құралдардың  мақсаты субьектілерге жататын  негәізгі құралдар есебінің  методикасын,  меншіктік  құқығын  анықтау,  шаруашылық операциясын анықтау, шаруашылықты жүргізу немесе оперативті басқару .

    Негізгі құралдарды пайдалану барысында  біріндеп  тозады, тозған  бөлшектерін  жөндеуді немесе толығымен, иә болмаса  тұтастай  обьектіні түгелімен  ауыстыруды  талап етеді. Содықтан негізгі құралдар объектілеріне, пайдалы  қолданылатын  барлық  мерзімі  ішінде кейінгі күрделі  қаржы  және ағымдағы  шығын жасайды.  №16  «Негізгі құралдырдың есебі»  бухгалтерлік есеп стандартына және оған  әдістемелік ұсыныстарға сәйкес  негізгі құралдарға кейінгі күрделі қаржы жұмсау  пайдалы қызмет ету мерзімі барысында бағаланған, қолданудан  түскен болашақ экономикалық тиімділікті ұлғайтқан жағдайда  бастапқы құнды арттырады.

    Осы курстық жұмыс - негізгі құралдар  және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық  операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген.

               І. Бөлім.   ХҚЕС  қолдану негіздері.

    Жалпы мақсаттағы қаржылық есептіліктер (қаржылық есептіліктер деп аталады) – ұйымнан есепті өздерінің ақпараттық мұқтаждықтарына қарай дайындауды талап ете алмайтын қолданушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін бағытталған қаржылық есептіліктер болып табылады.

    Халықаралық қаржы есептілігінің  стандарттары (ХҚЕС) - бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Комитет (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер.

    Олар  мыналарды қамтиды:

    (а)   Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІFRS);

    (b)  Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (IAS);

    (с)  Халықаралық қаржылық есептіліктер  бойынша түсіндірмелер (IFRIC);  

    (d)   Түсіндіру жөніндегі тұрақты  комитет шығарған түсіндірмелер  (SIC).1

    Мәнділік - баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олардың әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал жасауы мүмкін болса, онда ол мәнділік болып табылады. Мәнділік туындап отырған жағдайларға байланысты бағаланатын қалдырып кетудің немесе бұрмалаудың мөлшері мен сипатына байланысты болады. Тиісті баптың мөлшері не сипаты немесе екеуінің бірге ұштасуы анықтаушы фактор болуы мүмкін.

  • Қаржы есептілігінің мақсаты

          Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен  қаржы нәтижелерінің құрылымдалған  ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың  қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның  қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен  ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы  есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына  сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

    (а) активтер;

    (b) мiндеттемелер;

    (c) меншікті капитал;

    (d) кіріс пен шығысты қоса, табыс пен шығындар;

  1. Иегер ретіндегі иегелерге деген аударымдар және дивидендтердің төленуі; және
  2. ақша қаражатының қозғалысы.

    Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге  басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражатының болашақтағы  қозғалысын және, атап айтқанда, олардың  уақытқа бөлінуі айқындығына  болжам жасауға көмектеседi.

  • Есеп беру жиілігі

    Ұйым (салыстырмалы ақпаратпен қоса) қаржылық есептіліктердің толық жинағын  ең кемінде жылына бір рет ұсынуы тиіс. Ұйым есеп беру кезеңінің соңын  өзгерткенде және қаржылық есептіліктерін бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезең  ішінде ұсынғанда, ұйым қаржылық есептілікте  қамтылған кезеңге қосымша мынадай  ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

    (а) бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезеңді қолдану себебін, және

    (b) қаржылық есептіліктерде ұсынылған сомалар толығымен салыстырмалы емес екендігін.

    Әділ  ұсыну және Халықаралық қаржы  есептілігі стандарттарына сәйкестік

  • Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақша қаражаттарының қозғалысын айқын көрсетуі тиіс. Айқын есептілік бекітілген «Концепцияда» активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстарға берілген анықтамалар мен оларды тану критерийлеріне сай бизнестік операциялардың нәтижелері, басқада жағдаяттар мен жағдайлар жөнінде шынайы есептілікті талап етеді. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын (IFRS) қажет болған жағдайда - ақпаратты қосымша ашып көрсету арқылы қолдану айқын есеп беру міндетін шешетін қаржы есептілігін қалыптастыруға әкеледі деп көзделеді.
  • Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына (IFRS) сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертулерде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.
  • . Іс жүзінде кез келген жағдайларда қолданылып жүрген Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік әділ ұсынуға жеткізеді. Әділ ұсыну сондай-ақ ұйымнан мыналарды талап етеді:

    (а) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер (IAS) ХҚЕС-ында  сәйкес есеп саясатын таңдау және қолдану. 8 (IAS) ХҚЕС-ында ХҚЕС жоқ болған жағдайда  басқару барсысы тиісті бапқа мақсатты түрде 8 (IAS) ХҚЕС-ында берілген құзыреттілік иеархиясының басшылығын қарастырады.

    (b)   ақпаратта есеп саясатымен қоса алғанда мәнді, сенімді, салыстырмалы және түсінікті түрде ақпарат беріледі.

    (с) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының тиісті талаптарын сақтау нақты операциялардың, басқа оқиғалар мен жағдайлардың ұйымның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелеріне ықпалын пайдаланушылардың түсіне алуы үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ақпараттың қосымша ашып көрсетілуін қамтамасыз ету.

  • Сәйкес келмейтін есеп саясаты қолданылатын есеп саясатын ашып көрсетумен де, ескертулермен немесе басқа түсіндірме материалдармен де өтелмейді.
  • Ұйым басшылығы тиісті ХҚЕС-тың қандай да болсын талаптары жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Концепцияда айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады деген қорытындыға келетін өте сирек жағдайларда, егер ұйымнан тиісті нормативтік актілер бойынша осылайша бас тарту талап етілсе немесе оған тыйым салынбаса, онда ұйым 20-тармақта сипатталған тәсілді пайдаланып, берілген талапты пайдаланудан бас таруға міндетті.
  • Ұйым 19-тармаққа сәйкес ХҚЕС талаптарынан ауытқыса, ол мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

    (а) ұйымның басшылығы қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы нәтижелерін және ақша қаражаттарының қозғалысын әділ ұсынды деген қорытындыға келгенде;

    (b) әділ ұсынуға жету мақсаттарында нақты талаптардан ауытқуды қоспағанда, ол қолданылатын ХҚЕС сақтаған жағдайда;

    (с)   ұйым ауытқыған ХҚЕС-тың атауы, осы ХҚЕС-қа талап етілуі мүмкін есептеу тәртібін қоса, ауытқу сипаты, осы мән-жайларда есептеу тәртібінің жаңылысуға әкеп соқтыратыны соншалық, Концепцияда айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болатын себеп; және

    (d)  әрбір есепті кезең бойынша - ауытқу болмаған кезде қолданылатын талапқа сәйкес қаржы есептілігінде көрсетілетін қаржы есептілігінің әрбір бабына ауытқудың қаржылық ықпалы.

  • Егер ұйым алдыңғы кезеңдердің бірінде ХҚЕС-тың талаптарынан ауытқыса, және де бұл ауытқу ағымдағы кезеңдегі қаржы есептілігінде танылған сомаларға ықпал етсе, ол 20-тармақтың (с) және (d) тармақтарында айтылған ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
  • 21-тармақ, мысалы, ұйым алдыңғы кезеңнің бірінде активтерді немесе мән-жайларды бағалау үшін ХҚЕС-тың талабынан ауытқыса, және бұл ауытқу ағымдағы кезеңдегі қаржы есептілігінде танылған активтер мен мән-жайлардағы өзгерістерді бағалауға ықпал етсе қолданылады.
  • Ұйым басшылығы тиісті ХҚЕС-тың қандай да болсын талаптарын сақтау жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, кейде Концепцияда айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады, бірақ бұл жағдайда тиісті нормативтік база осы талаптан ауытқуға тиым салады деген қорытындыға келетін өте-мөте сирек жағдайларда, ұйым осы талапты сақтаудың ауытқуға әкеп соқтырады-ау деген жақтарын бар мүмкіндігінше кемітуге міндетті, және бұл үшін ол мына ақпаратты ашып көрсетеді:

    (а)   тиісті ХҚЕС атауын, тиісті талаптың сипатын және ұйым басшылығы аталған жағдайларда осы талапқа сәйкес болу жаңылысқа әкеп соқтыратыны соншалық, Концепцияда айтылған қаржы есептілігінің мақсаттарымен қайшылық пайда болады; және

    (b) әрбір есепті кезең бойынша - ұйым басшылығы баптарды әділ ұсынуға қол жеткізу мақсаттарында түзету қажет деген қорытындыға келген қаржы есептілігінің баптарын түзету. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II Бөлім.    Негізгі  құралдардың құрамы  және оларды  топтастыру.

    Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:

  1. компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
  2. әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

    Негізгі құралдардың  есебінде  4 ең маңызды әрекеттері бар:

  • негізгі құралдардың  алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
  • негізгі құралдардың  пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
  • қабылдап алынғаннан кейін  негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
  • негізгі құралдардың   шығарылынуындағы  тіркелуі.
 

    Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:  
• салалар бойынша;  
• бағыты бойынша:

    Өндіріс  процесіне   қатысу сипатына  байланысты  негізгі құралдар  өндірістік және өндірістік емес болып екіге   бөлінеді. 
1) Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Өндірістік негізгі құралдар дегеніміз -   мөлшерімен  техникалық деңгейіне қарай субъектілердің  техникалық  жарақтандырылуына тікелей байланысты  болатын өндірістік  құралдар.  
2)
Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.   Өндірістік емес негізгі құралдар -  тұтынушыларға арналған  құрал-жабдықтар. Олар субъектінің   мідени тұрмыстық ( ғмараттар,  комуналдық шаруашылық   тұрғын ұй,  денсаулық сақтау мүлкі   т.б. )  қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге  арналған.

    Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша  олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.

    Ұзақ  пайдалану процесінде негізгі құралдардың  құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға  келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын  ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі  пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде  шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа  кәсіпорындарға беру. Барлық аталған  өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс  табады.

    Негізгі құралдар дегеніміз -  ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан астам ) материалды  өндіріс саласында да,  өндірістік емес саласында да  еңбек құралы ретінде іс-әрекет  ететін  материалдық активтер ұлттық комиссиясы.

    №6 каулысымен  бекітілген  қаржы  шаруашылық қызметтің  бухгалтерлік  есебі  шоттарының  Бас жоспарына  сәйкес  негізгі құралдар  пайдалану  бағыты бойынша түрлер мен түр  топтарына жататындар:

  1. Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
  2. Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
  3. Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
  4. Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады.
  5. Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
  6. Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
  7. Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
  8. Бітпеген құрылыс.
    • иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.
    • пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.
    • мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.
    • салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді.

    Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде  болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.

    Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі   және тұрған   (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар).

    Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша  былай жіктеледі:

  • істегі (пайдаланудағы);
  • істемей тұрған ( консервациядағы);
  • запастағы.

    Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:

    Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады);

    Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:   алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;

 амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;

 бюджетке  аударылатын мүлік салығын дұрыс  есептеу үшін мәліметтер алу;

 реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;

 негізгі құралдардың  уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану  тиімділігін бақылау бақылау;

 негізгі құралдардың  бар болуы және қозғалысы жөнінде  есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.

 Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.  Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.   Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды :        Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:    жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық          деңгейдегі негізгі құралдар құрумен ;   негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен. 
 
 
 
 
 
 
 
 

            ІІІ Бөлім    Тану, бағалау және есепке алу .

    1. Бастапқы тану, Соңынан тану,  бағалау және есепке алу.

   . Басқа Стандарттар осы Стандартта көзделгеннен өзгеше тәсілдеме негізінде негізгі құралдардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдер мен пайдалардың негізгі құралдардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы осы Стандарттың талаптарымен анықталады. 

   ТАНУ

         Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны мынадай  жағдайда ғана актив  ретінде танылуға тиіс, егер:

   (а) осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса;      және

   (b) осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса. 

 
  1. 39 (IAS) Қаржылық құралдар: тану және бағалау ХҚЕС-ына сәйкес, нақты қаржылық активті және міндеттемелерді пайда немесе шығын арқылы анықталған әділ құны бойынша есепке алынатын қаржылық актив және міндеттемелер ретінде немесе сату үшін қолда бар немесе өтеуге дейін сақталатын қаржылық актив ретінде жіктеу;
  2. 39 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес туынды құралды хедждеу құралы ретінде көрсету; және

қондырылған туынды құралдың 39 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес негізгі  келісімнен бөлінуі тиіс-тиіс еместігін  анықтау (бұл осы ХҚЕС-та «жіктеу»термині  қолданылатын мағынасындағы жіктеу мәселесі болып табылады).  

Бағалау қағидаты

  1. Сатып алушы ұйым сатып алынған бірегейленетін активтерді және қабылданған міндеттемелерді олардың сатып алу күніндегі әділ құны бойынша бағалауы тиіс.

         Қосалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, негізгі құралдар ретінде сыныпталады. Осы сияқты, егер босалқы бөлшектер және сервистік қызмет көрсету негізгі құралдар объектісін пайдалануға беруге байланысты пайдаланылуы мүмкін болса, олар негізгі құралдар ретінде ескеріледі.

         Осы Стандарт тану бірлігін, яғни негізгі  құралдар объектісі нені құрайтынына  ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты міндеттемелерді  тану өлшемдерін қолдану білікті  пайымдауды талап етеді. Кейбір жағдайларда  жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді, құралдарды және мөртаңбаларды  біріктіріп, осы өлшемдерді олардың  жалпы құнына қолдануға болады.

         Осы тану принципіне сәйкес ұйым негізгі  құралдар бойынша өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл  шығындар негізгі құралдар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды.

   Бастапқы (тану) шығындар

   11. Негізгі құралдар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай негізгі құралдарды сатып алу қолда бар нақты негізгі құралдар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. Негізгі құралдардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Негізгі құралдар объектісін одан әрі пайдалану шарттары (мысалы, әуе кемесін), бұл жағдайда бөлшектер ауыстырылғанына немесе ауыстырылмағанына қарамастан, ақаулардың бар-жоғын ұдайы ірі техникалық тексеруден өткізу болуы мүмкін. Осындай әрбір тексерістен кейін оған шыққан шығындар, тану өлшемдері сақталған жағдайда, негізгі құралдар объектісінің баланстық құнында танылады. Баланстық құнда басқа алдыңғы тексеруге шыққан кез келген шығындар сомасы (бөлшектерді нақты ауыстыруға шыққан шығыстардан өзгеше) есептен шығарылуға тиіс. Бұл негізгі құралдар объектісін сатып алу немесе салу жөніндегі операцияда, алдыңғы тексеруге шыққан шығындар болған-болмағанына қарамастан, жасалады. Қажет болған жағдайда, осы сияқты тексеруді өткізуге жұмсалатын болжамды шығындар болашақта негізгі құралдар объектісін сатып алу немесе салу кезінде баланстық құнның құрамдас бөлігі болған, тексеруге шыққан шығындар сомасының көрсеткіші болуы мүмкін.

   ТАНУ  КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ

         Актив ретінде танылуы  мүмкін негізгі құралдар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануға тиіс.

Негізгі құралдар. 5