Негізгі құралдар. 8
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім
1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы.
2. Негізгі құралдардың типтік жіктелінуі.
3. Болашақ экономикалық тиімділік.
4. Негізгі құралдардың бағалануы.
5. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру.
6. Негізгі құралдарды алу.
7. Негізгі құралдардың амортизациясы, олар бойынша есебі.
8. Негізгі құралдардың есептен шығарылуы, олар бойынша есебі.
9. Негізгі құралдардың талдамалық және топтамалық есебі.
Қорытынды.
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің із ашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Негізгі құралдардың есебі » стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген.
Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғы шартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы
«Экономикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.
Кәсіпорын іскерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде оның шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге асыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды. Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) нарық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
«Негізгі құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар – бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды – заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.
Амортизация – негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу – негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.
Негізгі құралдардың типтік жіктелуі.
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге сериялық – кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау –беру актілерінде, жою туралы актілерде және т.б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.
Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі қабылданған:
1. Жер – субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы “Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен” расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.
2. Ғимараттар тағайындау – тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылғылар – еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайындалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер). Инвентарлық объект болып барлық мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
4. Беріліс қондырғылары – электрлік, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар).
5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөліг
өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т.б. есептегіш машиналар);
өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар).
6. Көлік құралдары – адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы). Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;
7. Құрал – қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т.б. өңдеу құралдары ғана табылады;
8. Өндірістік инвентарь – өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар - жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;
9. Шаруашылық инвентарь – кеңселік және шаруашылық инвентарь (үстел, щкаф, кілем);
10. Еңбек және өнім малы, еңбек малы - жылқы, түйе және т.б. жұмыс малдары. Өнім малы – ірі қара мал жылқы, түйе және т.б. инвентарлық объект - әрбір ересек жануар.
11. көп жылдық екпе ағаштар.
12. Жерді жаңарту бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) - шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту , жер учаскесінің планировкасы).
13. Басқа да негізгі қорлар – кітапхана сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.
Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.
Өндірістік процеске қатысу сип
Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:
істегі (пайдаланудағы);
істемей тұрған ( консервациядағы);
запастағы.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірстік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Енді сол топтарды жеке және толық түрінде қарастырайық:
Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал – саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады.
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй – жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар тағыда басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар : өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс,материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда басқа салалар бойынша топтастырылады. " Негізгі құралдарды " халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынды. Егер ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол ұйымның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады. Егер шаруашылық ұйымның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Ұйымның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатқызылады.
Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:
Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады);
Бәсең (ғимарат, құрылыс). Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:
алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;
амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау;
негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.
Болашақ экономикалық тиімділік.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы 114969 млн. теңгені құрады (1994ж.80945 млн.теңге).
Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар
кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер
тигізеді.
Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.
Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.
Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды:
Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:
жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық деңгейдегі негізгі құралдар құрумен; негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен.
Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.
Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар. жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).
э) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапкы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000-20000+
үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша; ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша; ұйымдар негізгі құралдарды басқа занды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу
актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бүл кәсіпорынның белгілі бір уакыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарынын) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
э) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уакытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.
Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру.
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен және құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорындардың бугхталтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар және тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні кұрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.
Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.
Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспортап және басқа да негізгі құралдарды сатып алу сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір данадан толтырылып, ұйымның бухгалтериясында сақталады. Ол картотекада негізгі құралдар халық шаруашылығының саласына қарай жікгелген топтары бойынша орналастырылады. Әрбір топтың ішінде түгендеу карточкалар негізгі құралдардың тұрған жері, яғни жұмыс орны, олардың аткаратын қызметіне және түрлеріне қарай (үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көліктер және тағы да басқалар) орналастырылады. Кәсіпорындарда шығыс етілген және өндіріс орны мен ұйымының ішінде бір жерден екінші жерге орны ауыстырылған негізгі құралдардың түгендеу карточкалары есепті айдың соңына дейін картотекада бөлек сақталады. Сондай-ақ, келешекте пайдалану үшін сақтаулы тұрған негізгі құралдар мен басы артық тоқталып қойылған негізгі құралдардың да түгендеу карточкалары бөлек қойылуы қажет.

- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі кұралдар есебі
- Негізгі қорлар
- Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі
- Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
- Негізгі қорларды тиімді пайдалану экономикасы