Негізгі бөлім. 2
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі.
б) Көтеріліс себептері.
в) Нұралы ханмен қақтығыстары.
г) Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі және 2-ші көтерілісі.
Қорытынды.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
Мазмұны:
Кіріспе
.............................. .............................. .............................. .............................3
Негізгі бөлім:
а) Қазақ
шаруаларының феодализмге
және отаршылдыққа қарсы
күресі........................
б) Көтеріліс себептері.....................
в) Нұралы
ханмен қақтығыстары..................
г) Сырым
Датұлы 1-ші көтерілісі және 2-ші көтерілісі....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе.
Датұлы Сырым (1742-1802) - «Дала Демосфені» атанған әйгілі шешен, батыр, ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Орал облысының Жымпиты ауданында туған. Афористік толғамдары мағыналық тереңдігімен, сөз кестесінің сырлылығымен һәм нақтылығымен ерекшеленеді.
Бұл жұмысым Қазақстаннның
Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі
көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының
1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі
мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі
ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету.
Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының
сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа
және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына
қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.
Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі. .
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.
1782 жылғы жарлық
бойынша хан шекаралық
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.
Шаруалар мен феодалдардың арасындағы қарама-қайшылықтар шиеленісумен қатар, феодалдық таптың өз ішінде де бплік үшін тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық феодалдық билеушілердің (би, старшын, батырлар) ықпалының күшеюімен келіскілері келмеді. Әртүрлі феодалдық топтардың арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің барысына әсерін тигізді. Оның негізгі күші шаруалар еді. Көтеріліске билер мен старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың дүмпуін, наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым шаруа старшындар мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды, сонымен қатар, олар хан мен сұлтандардың тепкісінен халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ, бұлардың бастауымен
Орал казак
Сырымның ауылы
Ембі мен Жайықтың арасын
Көтерілістің етек алуынан сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы патша әкімшілігінен көтерілісті басу үшін әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес, патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.
Көтерілісшілердің хан мен сұлтанға патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы күресі еңбекші халықтан қолдау тапты. 1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт ауылды тонап, талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның қарекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі дағдарысқа ұщырады. Кіші жүз ішіндегі осындай жағдай патша әкімшілігіне ханның ықпалынан тыс көтеріліске шыққан ру басшыларымен байланыс жасауға мәжбүр етті. 1787 жылдың жазы мен күзінде өткен старшындардың съезінде патша үкіметінің қарары талқыланып, одан қазақтарға Ембі мен Жайық арасынан көші-қоныс жер беруді және Орал казак әскерлерініц әскери жорықтарына тыйым салуды талап етті. Сол съезге көтерілісшілер де кеңінен қатысты. Талаптың басты тармағы Нұралы ханды тағынан түсіру еді. Сырым бастаған старшындардың бір тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды. Ал өзге тобы хан тағын сақтап, Нұралыға ғана қарсы шықты.
Осы кезде көтерілісшілер
хан ауылына шабуыл жасады. 1786 жылы
сәуірде көтерілісшілердің
1790 жылы тамызда Нұралы Уфа қаласында кайтыс болғаннан кейін билер тобы Кіші жүздің хандық тағына Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне Ералы сұлтанды ұсынды. Ресми тәртіпті сақтаған болып, сұлтандар мен старшындардъщ жаңа сайлайтын жиынын 1791жылы тамыздың ақырында шақыру белгіленді. Хан «сайланатын» жерге (Ор қорғанына таяу) патша әскері келтірілді. . Осындай жағдайда халық жаратпайтын Ералы сұлтан хан «сайланды». Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді қатты дүрліктірді. Соның салдарынан малшы шаруалар сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше көтерілді. Бұл қозғалыстың феодалдарға қарсы белгілері айқып көріне бастаған-ды. Осындай жағдайда билер мен сұлтандар арасында хандықты қалпына келтіру, сұлтандармен келісімге келу деген пікір ашық айтылды. Халық қозғалысының осы кезеңінде Сырымның басында толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою райынан қайтып, «өзіміздің ырқымыздан шықпайтын хан сайлайық» деген билер мен старшындардың көпшілігінің талабына қосылды. Сырым Ералыға карсы күресе отырып, Кіші жүздің хан тағынан дәмелі Әбілғазы Қайыповты жақтауға ден қойды. Әбілғазы көп жанды әрі қолды Шекті руының билеушісі және Хиуа ханымен де берік байланыста еді. Сырым Сырға қарай көшті. Бұхар мсн Хиуа хандарына, феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазы сұлтанға Сырымның иек артуы қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келді. Бұхар мен Хиуа шонжарлары, діни ағымдары қазақтың кейбір бай-манаптарымен жең ұшынан жалғасып, қазақ жерін Россиядан бөлуге ат салысты. Бірақ олардың көтерілісшілер арасына жүргізген үгіті ықпал етпеді. Кіші жүз Россияның қол астында 60 жылға жуық болуының да әсері тиді. Көтөріліске шыққандар бүкіл казақ жұртшылығы сияқты Россиямен шаруашылық байланыстың пайдасын бұзып, байырғы жайылымдық жерлерін сақтап қалуға тырысты. Соған қарамастан Кіші жүздегі көтеріліс өрісі жаңа қарқынмен үдей түсті де, 1792 жылдың жазында бүкіл жүзді толық дерлік қамтыды. Еңбекші халық хандықты қалпына келтіру жолында күресті. Олар қозғалысқа қарсы билер мен старшындардың ауылдарын шапты. Қазақ даласына жазалаушы отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.
1792 жылдың күзінде
көтерілісшілердін негізгі
1795—96 жылдың қысында
қазақ даласын жұт жайлады да, көтпеген
ауыл ақсүйек болып қалды. Мал қырылған
соң, ел аштыққа ұшырады. Еңбекшілердің
осындай ауыр жағдайына қарамастан Есім
мен оның сыбайластары әр түрлі алым-салық
жинауды тоқтатпады. 1797 жылғы наурыздың
26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер
отряды хан ауылын шапты. Есім ханды өлтіріп,
ауылы талкандалды. Ханның тумалары бытырай
қашты. Ханнық өлімі, халық дүмпуінің барған
сайын арта тусуі шонжарларды сескендірмей
қоймады. Олардың жана ханды
құптайтъінын патшаға білдірді.
Алаш, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш тағы басқа
ру-тайпа старшындары ханды өлтірген көтерілісшілерді
жою үшін Орал әскерінің атаманы Донский
ұйымдастырған жазалаушы отрядтың жорығына
қатысты. Сонымен қатар патша үкіметі
айлаға көшті, хан сайланбай хан кеңесі
құрылды. Хан кеңесінің басшылығына Айшуак
сұлтан, мүшелігіне алты старшын, патша
әкімшілігінің уәкілі мүфти Құсайынов
сайланды. Кеңеске сұлтандар мен старшындардың
уәкілдері енді. Бұл феодалдардың халыққа
қарсы күресін біріктіруге жағдай туғызды.
Хан кеңесі 1797 жы тамызда шақырылды. Көп
кешікпей жиын өтіп
жатқан жерге, құрамында 7 мыңға жуық
адам бар отрядты бастап Сырым
келді. Ол халықтың қатты күйзелгеніне
және хан кеңесінің құрылуыыа байланысты
күресті тоқтатқанын мәлімдеді. Сырым
кеңестің мүшелігіне алынды. 1797 жылы қазанда
патша үкіметі қаусаған қарт Айшуақ сұлтанды
хан сайлады.
Көтеріліс себептері
18
ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге
Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.
Көтеріліс
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады. Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардан құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С.харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары харитоновтың отрядына қарсылық көрсетті, бірақ олар жеңілді.
1784
ж. мамырда Сырым оралдық
1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығып, Сырым жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.
Ресейдің саясаты
Ресей үкіметі жағдайды өзінше шешпекші болады. Бұл хандық тәртіпті жою шарасы болды. Сырым мұнымен келіседі. 1786 ж. Хандық жойылып, Нұралы хан Жайық бойындағы орыс бекіністерін паналады. Сырым он екі ата Байұлының аға старшыны болды. Оның билігі халыққа жақсы болды. Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті бекер жойғанын үкімет түсінді. Сөйтіп, хандық билікті қалпына келтіруге кірісті. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті.
Ералы халықты ойламады. Жер тарылды. Тағыда халық Сырым төңірегіне топтасты. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды. Бұл саясат кейін өзін ақтады. 1792 ж. Cырымның қарулы күшінде мыңнан астам жасақ болды. Патша үкіметі Сырым Бұхара, Хиуа хандығымен байланысады деп қауіптенді. Өйткені Сырым олармен келісім жасаған болатын.
Патша үкіметі бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің (Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Одан халық жағдайы жақсармады. 1795-1796 жж. жұт халықты қажытты.
1794
жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім
хан болды. Ұлт-азаттық
Нұралы ханмен қақтығыстары
1783
жылдың тамыз айында Жайық
казактары Сырым мен Нұралы
хан ауылдарын тонау
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері
орналасқан аудандарда — Орал
бекінісінің төменгі жағында
ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары
қазақтың байбақты, табын және
тама руларының
1792
жылы хандық билік қайта
Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783
ж. Сырым бейқам жатқан қазақ
ауылдарын шауып, кезекті тонауға
келген казак-орыс атаманы Чагановтың
отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді.
Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа
сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне
үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы
патша әскері түгел аттанып, осы жылдың
күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ
оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер
айдан кейін босатып алады.
Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 ж. бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.
1785
ж. күзінде болған старшындар
жиналысы Нұралыны хан деп
танудан бас тартады. Келесі
жылдың көктемі қарсаңында
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.
1797
ж. көтерілісшілердің үлкен
Қорытынды.
Көтеріліс стихиялы түрде 1797 жылдың аяғына дейін созылды да, тоқтады. Оның жеңіліске ұшырауының негізгі себебі — ұйымшылдықтың болмауы, нақты мақсатсыз, стихиялы өтуден еді. Сонымен қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің ақырына дейін тұрақты болмауы да жеңіліске себепкер болды.
Көтеріліс
14 жылга созылды.
Бұл қазақ халқының тарихындағы
маңызды оқиға еді. Сондай-ақ хан
өкіметінің үстемдігін біржолата жоюға
ықпалын тигізді. Көтерілістің ішкі
қайшылығы, әлсіз жақтарына қарамастан,
оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік
маңызы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан тарихы журналы» 1995 №5.
2. Исмагулов О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности.-Алматы, 1988.
3. Қазақ хандығы.Ұлы көш. Дәуірлеу. Соғыс. Құрсау.-А,.2003
4. Масанов
Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы
жизнидеятельности номадного общества.-Алматы,
1995

- Негізгі кұралдар есебі
- Негізгі қорлар
- Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі
- Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
- Негізгі қорларды тиімді пайдалану экономикасы
- Негізгі құралдар
- Негізгі құралдар
- Негибкость цен
- Негизги куралдар
- Негизги куралдар
- Негизги куралдардвн есеби жане оларды багалау
- Негизиги куралдарды багалау
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім