Негизги куралдар. 2
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан оқшауланатын – бухгалтерлік есеп саласы.
Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында филиалдың әлеуметтік-эканомикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылды. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б. Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылмдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін бірі түсінбес еді»- деген болса, оның әріптесі П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз- машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»,-дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки «Есеп- бұл барлық бизнестің арожданы, ұяты», -деп жазған. Бухалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады.
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында филиалдың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін филаилды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету үрдісінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың филиалдық қабілеттілігі. Өндірістің заттанған құралдары филиалдын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі
өндірістік қорлардың заттай мағынасын
құрайды, яғни негізгі капиталды, ал
еңбек заттары айналым
Экономиканың барлық саласындағы филиалдың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, филиалдың материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен филиалдың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, филиал қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмысқа енгізілген жаңалықтар және тәжірибиелік маңыздылығы: негізгі құралдарды игеруде, сақтауда және есептеуде толтырылатын құжаттарды анықтау және тозған негізгі құралдарды есептен шығару, есептеу әдістеріне талдау жасау,амартизацины,сонымен қатар аудит мәселелерін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мәселесі: негізгі құралдарды есептеудің тиімді әдістерін қарастыра отырып, олардың филиалға әкелетін пайдасы мен тиімділігіне қарай салыстыру.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - негізгі құралдар түсінігі, филиалдағы оның маңыздылығы есебі мен аудитті жүргізу және жетілдіру жолдарын қарастырылды.
Диплом жұмысының міндеттері:
- «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштерiн сараптап, олардың 2-3 жыл аралығында өскенiнiң немесе төмендегенiнiң себептерiн анықтау және қысқаша шолу;
- «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қандай тауарлы материалдық қорлармен, негізгі құралдармен, еңбекақы есебі мен аудитін қарастырып оларға қысқаша талдауларын қарастылу;
- Филиалдың өндiрiстiк қызметiнiң негiзгi бағыттарын, басқарудың құрылымы мен жүйесiн зерттеп бiлу;
- ҚТЖ ҰК” АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қаржылық жағдайының есебiнiң нысандарымен танысу және оларға талдау жасау.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған филиалдың негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, үшінші бөлімде - аудит жүргізу тәсілдері, ал төртінші бөлімде ұжымның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін ғылыми негізде жетілдіру жолдары қарастырылады.
1 «ҚТЖ ҰК» АҚ «АТЫРАУ МАГИСТРАЛЬДІК ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ» филиалының бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуы
1.1 «ҚТЖ ҰК» АҚ «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұйымдастырушылық құрылымы және техника-экономикалық көрсеткіштері
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамның жерде орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Филиал
Қазақстан Республикасының
Филиал
өз қызметін Қазақстан
Филиал заңды тұлға болып табылмайды.
Филиалдың тіркелуі туралы деректер: мемлекеттік қайта тіркелуі туралы 2004 жылы 02 сәуірдегі № 11867- 1901-АҚ куәлігі.
Филиалдың атауы:
- толық:
Мемлекеттік тілде - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалы;
Орыс тілінде - филиал Акционерного общество «Национальная компания «Қазақстан Темір жолы» - «Атырауское отделение магистральной сети»
- Қысқартылған:
Мемлекеттік тілде –«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «НЖС Атырау» филиалы;
Орыс тілінде – филиал АО «НК»КТЖ»-«НЖС Атырау».
Филиалдың орналасқан жері: 465021, Қазақстан Республикасы,Атырау обылысы, Атырау қаласы, С.Датов көшесі,42.
Филиалдың
жеке теңгерімі болады. Филиал өз қызметін
ұйымдастыру және жургізу үшін заңнамада
белгіленген тәртіппен
Филиалдың өз атауы, тауарлық белгісі және филиал атауы бар мөрі, мөр таңбасы және бланкілері болады.
Филиалдың қызмет мерзімі шектелмеген.
Филиал қызметінің мәні:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісінің құрылысын, күтіп ұсталуын және жаңғыртылуын жүзеге асыру;
- тасымалдау процесін бақылау;
- магистральдық темір жол желісіне қызметтер көрсету;
- теміржол көлігімен жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымдалдануын жүзеге асыру;
- темір жолдың жылжымалы құрамын, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
- жүк жіберушілердің, алушылардың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың белгіленген пункттеріне дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету;
- маркетингтік қызмет;
- әр түрлі көлік түрлерін пайдалана отырып тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының тасымалдау әлеуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникациялар министірлігімен келісу бойынша темір жолдың транзиттік-көліктік коридорларын қалыптастыру жөніндегі шараларға қатысу;
- сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасты дамыту;
- өнімдерді, қызметтерді экспорттау (импорттау);
- ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын,ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, құрастыруды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, сервистік қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет;
- филиалдың қызметі туралы материяларды әзірлеу және қорыту, филиалдың жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару;
- ақпараттық қызметтер көрсету;[1]
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады.
Филиал оған бекетіп берген қаражаттан, сондай-ақ филиалдың жалпы теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдардан, шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған құнды қағаздар мен материалдық емес активтерден тұратын мүлікке ие болады. Филиал теңгерімінде есептелетін мүлік филиалдың меншігі болып табылады.
Филиал
осы Ережеде белгіленген
Аудиторлық
және аудиторлық ұйымдар өздері
жүргізген тексерулердің
Филиал магистральдық теміржол желісінің қолданыстағы құрылғыларын, құрылыстарын және объектілерін пайдалану, дамыту, жаңғырту, алдында қойылған міндеттерге сәйкес техникалық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ өзінің қызмет аясының шекараларында орналасқан және магистральдық темір жол желісі дирекциясына тікелей бағынатын филиалдарының экономикалық және қаржылық қызметін жоспарлау, талдау және бақылау мақсатында құрылған. Филиал жалпы басқаруды жүзеге асырады.
Филиалды басқару құзіретіне мыналар жатады:
- филиал туралы Ережені бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- филиал қызметінің негізі бағыттарын белгілеу, оның жоспарларын және олардың орындалғаны туралы есептерді бекіту;
- филиал директорымен, оның орынбасарымен, бас инженерімен және бас бухгалтерімен жеке еңбек шарттарын жасау, өзгерту және бұзу;
- штаттық кестені бекіту және құрылымын белгілеу;
- филиалдың келісімі бойынша жүргізілетін лауазымдар номенклатурасын бекіту;
- филиалдың өндірістік - қаржылық қызметтерінің жоспарларын бекіту;
- филиал қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептерді, аудитордың есептері мен қорынтыларын бекіту, пайданы бөлу тәртібі мен шығынды өтеу тәртібін белгілеу;
- филиалдың материалдық қаражаттарының көлемін, нысаның, сондай-ақ оларды бөлудің тәртібін белгілеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасы мен филиалдың Жарғысында көзделген өзге іс-әрекеттер жатады.
Филиалдың қызметін тікелей басқаруды директор жүзеге асырады, яғни ол филиалдың жұмысын ұйымдастырады және берген сенімхат негізінде оны басқарады. Сонымен қатар, филиалға жүктелген міндеттерді орындау, орындаушылық және еңбек тәртібінің жағдайы және осы Ережемен белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін жауапты болады.
Филиалдың директоры:
- филиал берген сенімхат бойынша белгіленген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді;
- бекітілген жоспарларға сәйкес филиалдың қызметіне басқаруды жүзеге асырады;
- филиалға бекітіліп берілген қаражатқа өзіне берілген құқықтар шегінде иелік етеді;
- берілген өкілеттіктер шегінде филиалдың барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті болып табылатын бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
- банктерде филиалдың ағымдық шоттарын ашады;
- филиал қызметкерлерінің қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария етілуден қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауын қамтамасыз етіп, құпиялық режимін сақтайды;
- белгіленген тәртіппен өзге де құқықтарға ие болуы мүмкін.
Филалдын директорына бас инженер және қаржы орынбасары тікелей бағынады. Филиалдың директоры мен оның орынбасары өз құзыреті шегінде шығыс хат-хабарларға қол қояды. Филиалдың мемлекеттік ұйымдармен және өзге де мекемелермен қызмет маселелері бойынша хат-хабар алмасуына тек жетекшілік ететін құрлымдық бөлімшенің немесе филиал басшылығының келісімі арқылы рұхсат етіледі.[2]
Қаржы орынбасарына бухгалтерия және кадрлар бөлімі кіреді. Филиалдағы бухгалтерия бөлімі бас бухгалтер, материалды бухгалтер, еңбек ақыны есептейтін бухгалтер, кассир-бухгалтерден құралады. Бас бухгалтер өз қарамағындағы жұмысшыларына қызметтік міндеттемелерін бекітеді. Ал, бас бухгалтер филиалдың директорына бағын ады.
Бухгалтерия бөлімінің мамандар қызметіне жекелеп тоқталайын:
Бас бухгалтердің міндеттері мен құқығы:
- бухгалтерлік есеп шот жоспарымен және оны қолданудағы нормативті актілер мен бухгалтерлік есеп методологиясы облысында, бухгалтерлік есепті қолданудағы нұсқауларға сәйкес, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 28 ақпанында қабылданған Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді қамсыздандыру;
- өз уақытында және толық бухгалтерлік есептеме беру;
- қаржы-шаруашылық және коммерциялық операцияларды көрсету үшін, есеп жоспарына сүйене отырып, бухгалтерлік есептің жұмыс есеп жоспарын жасақтау;
- есеп регистрлер жүйесін және оның тізімін құру;
- шаруашылық ішіндегі резевтерді жұмылдыру мақсатында қаржы-шаруашылық қызметін талдап жүзеге асыру;
- резервтерді фактілік қолдануда бағалау.
Бас бухгалтер
тауарлы-материалдық
Материалды бухгалтер – филиалдың шығындарды есепке алады (журнал-ордер №10), аяқталмаған өндіріс есебін талдау, есеп беруші тұлғалардың есептемелерін (журнал-ордер №7), негізгі құрал-жабдықтардың есептемесін, амортизациялық аударымдарды (журнал-ордер №13), майлы, жанатын материалдар есебін (ГСМ) материалды жауапты тұлғалардан ЖММ бойынша есебін алып отырады.
Еңбекақыны
есептейтін бухгалтер – жұмысшылар
мен қызметкерлердің
Кассир–бухгалтер – ақшаны алу және беру, ақша қаражаттарын сақтау, касса есептемелерін құру, қабылдау, есептеу, сақтау және бағалы қағаздарды беру операцияларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, шаруашылық келісімшарттар бойынша салыстыру актілерін жүргізу (акты сверок), айырбас шотына түскен және берілген ақша-құралдарына банк бойынша ақпарат жинау, №2 журнал-ордер бойынша құжаттарды өңдеу, банкке тапсырымдарды өз уақытында жеткізу, төлем тапсырымдарды рәсімдеу, банктен үзінділерді қосымшылармен бірге алу сияқты жұмыстарды жүргізеді.
Кассаға ақша қабылдау кассалық ордермен рәсімделіп, бас бухгалтер мен кассирдің қолдарымен қойылып толтырылады. Кассаға ақша түскеннен кейін төлеушіге бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылып, мөрімен бекітілген квитанция беріледі. Кассадағы қолма-қол ақшаны алуда, шығыс касса ордері директор мен бас бухгалтердің қолымен рәсімделеді. Ақшаны беруде ордер бойынша кассир қол қояды, ақшаны тұлға да ордерге қол қояды. Ай сайын кіріс және шығыс кассалық ордерінің реестрі рәсімделеді. Бухгалтерияда кіріс және шығыс кассалық ордерлері жылдың басынан аяғына дейін реттік тәртіп бойынша номерленеді де, оларды беруге дейін кіріс және шығыс касса ордерлері арнайы журналға тіркеледі.
Еңбекақыны
төлеуде, төлем ведомостісі негізінде
кассадан ақша беріледі. Ведомостпен
берілген еңбекақының барлық соммасы
шығыс касса ордеріне жазылады. Төлем
ведомосінің келесі бетінде фактілік
төленген сомма мен алынудан қалған
сомма, яғни депотірленген сомма
кассирмен жазбаша түрде
Кіріс және шығыс касса ордерлерін негізге алып кіріс және шығыс ақшалар бойынша барлық операцияларды кассир күн сайын касса кітабына тіркеп отырады. Әр операция сайын келесі жазбалар жүргізіледі: құжат нөмері; кімнен алынды; кімге берілді; соммасы. Жұмыс күнінің соңында кассир, кіріс және шығыс бойынша барлық айналымды касса кітабына жазып, келесі күнге касса бойынша қалдық ақшаны шығарады. Касса кітабы екі данада, көшірілім арқылы жасалынады. Бір күн ішінде алынған нәтижеден кейін кассир касса операциялары жөніндегі есептемені бухгалтерияға есеп ретінде береді. Есептемеге кассаға бір күн ішінде түскен барлық құжаттарды қосып береді. Касса операцияларының аз көлеміндегі есептемені үш - бес күнде бір рет тапсырады.[3]
Материалды
бухгалтер, есептеме бухгалтері, кассир-бухгалтер
барлығы бас бухгалтерге
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұйымдық құрылымын төмендегі 1-суреттен көруге болады.
|
Сурет 1. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұйымдық құрылымы
Мақсаттар мен міндеттерді атқару үшін филиал мына қызмет түрлерін көрсетуі қажет:
- филиалдың пайдалануда техникалық түзу күйде және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде қызметтерді;
- филиалдың бригадаларының демалысын ұйымдастыру жөнінде қызметтерді;
- маркетинг қызметді;
- сыртқы экономикалық қызметтерді;
- темір жол жылжымалы құрамының қос доңғалақтарын куәландыруды, қос доңғалақтарын жөндеуді және техниклық қызметтерді;
- темір жол жылжымалы құрамын қысқа кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша қызметтер көрсетуді.
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалы бұл магистральді және станциялық жолдарды және олардың пайдалануын қамтамасыз ететін электрмен жабдықтау, сигнал беру және байланыс объектілерін қамтитын магистральді темір жол инфрақұрылымы болып табылады. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалы жекешелендіруге жатпайды және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының құрамында қала береді.
Негізгі міндеті – поезд ағындарын өткізу болып келетін басты жолдарын және жасанды құрылыстарын, аралықтағы электрмен жабдықтау құрылғыларын, аралықтары байланыс және сигнал берудің техникалық құрылғыларын қамтитын магистральдік инфрақұрылымды жүзеге асыру.
Филиалдың негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
- магистральді торапты пайдалану қызметтерін көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау;
- магистральды торап объектілерін пайдалану және жөндеу талаптарын және күтіп ұстау нормаларын реттейтін нормативтік техникалық құжаттамаларды жетілдіру;
- поездардың белгіленген жылдамдықты толассыз және қауіпсіз қозғалысына кепілдік беретін, магистральді торап құрылыстарын, құрылғыларын және басқа да объектілерін тиісті күйде сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін көтеруге, техникалық жабдықтардың сенімділігін арттыруға және магистральді темір жол торабының құрылыстары мен құрылғаларын Қазақстан Республикасының техникалық пайдалану талаптарына сай келтіруге арналған техникалық шараларды жетілдіру және іске асыру;
- материалдық ресурстарды үнемдеу, жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын қайта пайдалану, жол шаруашылығы үшін бөлшектер жасау және олардың қалпына кертіру, техникалық жабдықтарды күрделі жөндеу және оларды ең тимімді пайдалану жөніндегі шараларды жетілдіру және іске асыру;
- электрмен жабдықтау құрылғыларын, телемеханика, автоматика, сымдық және радио байланыс құралдарын және темір жолды пайдалану, дамыту және қайта құру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру;
- байланыс, сигнал беру және электрмен жабдықтау құрылғыларын, жолды күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын бақылау.[3]
Филиалдың құрамына кіретіндер:
- Жол дистанциясы. Жол басқармасының негізгі функциялары темір жолды, инженерлік құрылыстарды, белгіленген жылдамдықты және жарамды сенімділікпен жұмыс істейтін, қажетті өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін күйде сақтау болып табылады;
- Белгі беру және байланыс дистанциясы. Белгі беру және байланыс басқармасының негізгі функциясы – телемеханика, сымдық және радио байланыс механикалыдырылған сұрыптау дөңестерінің, табу аспаптарының, букстардың апаттық қызуын анықтау құрылғыларының жарамдылығын қамтамасыз ету болып табылады;
- Электрмен жабдықтау дистанциясы. Электрмен жабдықтау дистанциясының негізгі функциясы – қызметі белгіленген категориясы бойынша темір жол тұтынушыларының электр энергиясын жабдықтау;
- Техникалық басқарма. Техникалық басқарманың негізгі функциясы магистральді тораптың ғылыми-техникалық дамуын жетілдіру және компания филиалдарының техникалық өркендеуін қамтамасыз ету болып табылады;
- Магистральдік торапты дамыту басқармасы. Дамыту басқармасының негізгі фунциялары магистральдік темір жол торабының даму бағыттарын анықтау, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жетілдіру және енгізілген инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау;
- Технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы. Бұл басқарманың негізгі функциясы апаттардың алдын алуға бағытталған жаңа техникалық құралдар мен технологияларды енгізу арқылы технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі арттыру болып табылады;
- Экономика және қаржы басқармасы. Бұл басқарманың негізгі функциялары – бюджетті құру, жалпы дистанцияның басқармалардың магистральдік темір жол торабы бөлімшелерінің және басқа да дирекцияға қарасты құрылымдық бөлімшелердің негізгі көлемдік және сапалық көрсеткіштерінің орындалуын талдау болып табылады;

- Негизги куралдар
- Негизги куралдардвн есеби жане оларды багалау
- Негизиги куралдарды багалау
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі бөлім
- Негізгі кұралдар есебі
- Негаторный иск
- Негаторный иск
- Негаторный иск
- Негаторный иск в российском гражданском праве
- Негаторный иск и иск о признании права собственности как способа защиты вещных прав
- Негаторный иск как способ защиты права собственности
- Негибкость цен