Негізгі бөлім. 4

Мазмұны

 

І. Кіріспе .........................................................................................................

ІІ.  Негізгі бөлім.....................................................................................................

2.1. Ландшафтты туралы жалпы түсінік..............................................................

2.2.  Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы................................

2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипатамасы ..........................

2.4. Биосфералық қорықтыр....................................................................................

ІІІ. Қорытынды .........................................................................................................

IV. Пайдаланған әдебиет...................................................................................

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

І. Кіріспе

ІІ.  Негізгі бөлім

2.1. Ландшафтты туралы жалпы түсінік

2.2.  Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы

2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипатамасы

2.4. Биосфералық қорықтыр

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Кіріспе

 

Мемлекеттік табиғи қорық  қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға  арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Біздің елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі- мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады.Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді,онда тек ғылыми-зеріттеу жұмыстары ғана жүргізіледі.Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.Қазір Қазақстан 10 мемлекеттік табиғи қорық бар.Қорық аумағындағы барлық табиғи байлықтары түгелдей қатаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтылық аумақтарда ұйымдастырылады.Мысалы шөлді,далалы,су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

  Далалы аймақта  ұйымдастырылған Наурызым,Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған.Бұл қорықта 1953 жылы Түрікместаннан әкелініп құлын жерсіндірілді.Алдымен ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген.Ал Қорғалжын қорығы сулы батпақты алқаптың табиғат байлығын қорғайды.Келешекте Торғай,Сарықопа және Тарбағатай қорықтырын ұйымдастыру көзделуде.

   Қорықтарды ұйымдастыру  кезінде мынандай мәселерге мән  беріледі:

1.Адам әрекетінің әсері әлі жете қоймаған аймақтар қорғауға алынады.

2.Жойылып кету қаупі  төнген ландшафт эталондары, өсімдіктер мен жануарлар түрлері қорғалады.

3.Қорықа жүріп жатқан табиғи процестер адам әрекетінің қатысуынсыз өзімен- өзі жүру керек.

4.Қорықтар әртүрлі бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілетін  табиғи лаборатория болуы тиіс. Біздін елімізде қорықтар ғылыми мекеме.

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 II Негізгі бөлім

 

 2.1Ландшафт туралы жалпы түсінік.

Ландшафт-бір-бірімен  байланыстағы табиғат комплекстерінен  тұратын қоршаған ортаның табиғат  бірлестігі, оған климат,тау жыныстары,су,топырақ,ауа,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Ландшафтқа тән нәрсе оның теп тендігінің сақталмауында,яғни ол үнемі өзгеріп отырады.Ландшафтың бір бөлігіндегі жасалған адам әрекеті оның екінші бөлігінде өзгеріс тудырады.Адамның табиғатқа әсерін,оның ландшафқа әсер ету деп түсінуіміз керек.

Табиғи ландшафтар сақтауда қорықтық территориялардың ролі үлкен,олар арқылы біздің планетамыздың табиғи бедері немесе генофонды сақталады.1983жылғы есеп бойынша,әлемнің 124елден 2600-дан астам қорықтық территориялар бар екені анықталды.Олардың жалпы ауданы 4 млн км ге жуық.

Қорықтың территорияға қорықтар,ұлттықсаябақтар,заказниктер,резерваттар,

табиғат ескерткіштері жатады.

          Ауаны жағынан әлемдегі  ең  ірі қорықтық территория-Гренландиядағы  ауданы  7 млн га жерді алып жатқан ұлттық табиғи саябақ және Аляскадағы ауданы 7,3 млн га жететін ұлттық саябақ.Ірі қорықтардың бірі Монғолиядағы ауданы 5 млн га болатын үлкен Гоби қорығы.Әр бір ландшафты атмосфералық климаттық процесімен,өзіне түсетін энергия мөлшерімен, зат айналымының динамикасымен ерекшеленеді.

Ландшафтарды пайдаланудың түріне және антропогенді әсердің дәрежесіне қарай, оларды қорғауды мынандай топтарға бөледі:

1)Ландшафты толық қорғау;   2)Ландшафтың бір бөлігін қорғау

Қорықтық территориялардың атқаратың қызметі, негізгі жұмыс істеу бағытына және қорғау тәртібі әр елде әртүрлі ұйымдастырылған.Сондықтан қорғалатын территорияның мақсат-міндеттеріне қарай оларды қорықтар, табиғат ескерткіштері,заказниктер, резерваттар және ұлттық саябақтар деп бөлінді.

Біздің елімізде табиғат қорғаудың формасы ретінде қорықтармен заказниктер, шет елдерге ұлттық саябақтармен резерваттар ұйымдастырылады.

 

 

2.2. Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай  алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.  
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым  мемлекеттік қорығының орманын  қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей  аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз. 
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

 

2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипаттамасы

Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.

ЮНЕСКО-ның биосфера қорығы дәрежесін алған Қазақстан мен Орталық Азияның алғашқы қорығы. Қорықта құстардың 238 түрі, аңдардың 42 түрі, өсімдіктердің 1300 түрі сақталған. Қорықта кездесетін Грэйг қызғалдағы қорықтың символына айналған. Оның алқызыл күлтелері 12-15 сантиметр болып келеді, сондықтан осы ерекше әсемдігі үшін қызғалдақ экспортқа шығарылады. Ақсу каньонында жартасқа қашап салынған суреттер бар. Бұдан басқа осындай суреттерді 3000 метр биіктікте орналасқан ойпатта да табуға болады.

1-сурет.Ақсу-Жабағылы қорығы

 «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік – батыс сілемдеріне орналасқан. Қорық - ерекше қорғалатын аймақ, оның жалпы көлемі - 85754 га, екі мемлекетпен - Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында жайғасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Соңғы деректерге қарағанда қорық территориясында құстың 267, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді екен.

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар. Қорық өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 63, қынаның 64-тен астам, қозықұйрықтың 235, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі. Ақсу-Жабағылы қорығының палеонтологиялық 2 бөлімі бар: «Әулие» (100 га) және «Қарабастау» (125 га). Ол жерлерде Юра дәуірін (140 млн жыл бұрын) мекендеушілерінің, яғни өсімдіктердің, балықтардың, алып кесірткелердің (динозаврлардың) іздері қатып қалған. Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы. Теңіз деңгейінен 1300 м-ден 4200 м биіктікке дейінгі аралықта орналасқан таулы аймақты алып жатыр. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 га) және “Әулие” (100 га) телімдері бар. Жерінің ауданы 75,09 мың га (1997 ж). Қорық оңтүстікте және оңтүстік-шығысында көршілес Қырғызстан және Өзбекстан территорияларымен шекаралас жатыр. Қорықтың атауы осы қорықтың аумағында орналасқан екі өзеннің (Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы Юнеско жасаған дүние жүзінің қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Қорықтың климаты континентті, жыл мезгілдерінің әр қайсысында жауын-шашын мөлшері әр түрлі түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің (950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде, 40 %-і - күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында жауады. Жылдық орташа температура +5,6 °С. Ең суық ай - қаңтар айы (-5,4 °С), ең жылы мезгіл шілде айы (+17,2°С).

Қорықтағы өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400 (дәрі-дәрмек өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас у қорғасыны; тех. өсімдіктерден арша, рауғаш, итқұмық, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктен: жоңышқа, кекіре бас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендірмесі, Қаратау сетені түрлері бар) түрі кездеседі. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Құстардың 238-дей түрі кездеседі. Олардың 123-і қорықтың аумағында жұмыртқаларын басып шығарады, 24 түрі қыстауға ғана келсе, 85 түрі құстардың мезгілдік миграциясы кезінде ғана кездеседі. Жыртқыш құстардан сақалтай, бүркіт, сұңқар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.) түрі кездеседі. Тұяқты жануарлардың ішінде басқалардан көп кездесетіні- таутекелер. 1952 жылы қорыққа бірнеше марал әкелінген болатын. Жыртқыштардан сирек кездесетіні - барыс. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу-Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорықта жер бетінің өткен тарихынан сыр шертетін көптеген палеонтологиялық ескертіштер бар. Атап айтсақ осыдан 120 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар (балықтар, жәндіктер, тасбақалар, т.б) мен өсімдіктердің таста қалған іздері кездеседі. Олардың жер бетіндегі органикалық әлемнің эволюциясын зерттеуде қосқан үлесі, маңызы зор. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.

 

 Наурызым қорығы

1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда түяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппак қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.

 

2-сурет.Наурызым  қорығы.

 

 

Алматы қорығы

Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

 

3-сурет.Алматы қорығы.

 

 Барсакелмес қорығы

Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).

 

4-сурет.Барсакелмес қорығы.

 

 Қорғалжың қорығы

Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі үя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.

 

5-сурет.Қорғалжың қорығы.

 

 Марқакөл қорығы

Марқакөл 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

 

6-сурет.Марқакөл қорығы.

 

 Үстірт

Pеспубликадағы ең  жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

 

7-сурет.Үстірт қорығы.

 

 Батыс Алтай қорығы

1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

 

8-сурет.Батыс Алтай қорығы.

 

 Алакөл қорығы

1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.

 

9-сурет.Алакөл қорығы.

 

 Қаратау қорығы

2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.[1]

10-сурет.Қаратау қорығы.

 

 

2.4. Биосфералық қорықтар

Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың  соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне биосфералық қорықтар жатады.Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатты қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады.Онда табиғатты қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі.Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады.Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше бөлімдерге ( ішкі,шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Қазіргі дүниежүзіндегі 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.Ақсу-Жабағылы,Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды.Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұқысық,ілбіс,т.б. қорғалады.Ал Алакөл өорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

 

 

 

ІІІ Қорытынды

Қорыта айтқанда,  Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке  өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.

Қорықтардың жағдайы шынымен де қорғауды қажет етіп отыр. Мемлекет тарапынан жаңа бағдарлама қабылданып, әрбір мемлекеттік қорықта алдымен кадр мәселесі, одан кейін бүкіл құрал-жабдықтарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ аң аулағандарға қарсы заңды қатайту қажет. Тек сонда ғана мүшкіл халге түскен қорықтардың жағдайы оңалар деген ойдамын.

Қазір әрбір жабайы жануарлар  дүниесі қорықты бақылаушылардың  тікелей бақылауына алынған. Соның өзінде браконьерлердің шабуылы тыйылмай, кадрлық және техникалық жетімсіздікті тартқандықтан, оларды ауыздықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту да қиынға соғуда.

Бүгінгі таңда өңірдегі қорықтар мен қорықшалардағы жағдайды реттеу, яғни онда мекендеген аң-құстарды қалпына келтіру өте қиынға соғуда. Өйткені бюджет тарапынан табиғатты қорғауға, қорықтарды қалпына келтіруге жүйелі түрде ақша бөлінгенімен, қорықтың тіршілігін көзінің қарашығындай сақтауға ұмтылғандардың қатары аз. Қорықтың жағдайы шынымен де қорқытып барады. Өйткені жабайы аң-құстарды аулайтындарға батыл қадам жасауға әлі де болса шамамыз жетер емес. Сонда қайтпек керек? Қалай етсек тұмса табиғат алаңы болған қорықтардың қаймағы бұзылмаған қалпын сақтап қала аламыз? Бәлкім, қорықтарды реттеу туралы арнайы заң қажет шығар. Тіпті болмағанда мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жағдайы айтыла-айтыла жауыр болған қорықтардың жайын қорғауға шынымен де кіріскеніміз жөн бе? Қалай дегенмен де, әсем табиғатты қорықтарды құлқынның қамы үшін теріс пиғылда жұмсап жатқандардың қатарын сиретуге белгілі бір қатаң шара қолданған жөн болар.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Әзірет Сұлтан мемелекеттік тарихи-мәдени қорық музейі  Дайындаған. Рыскелдиев Т.- Түркістан 2006,  3 б.

2. Әбенбаев С. Тәрбие  теориясы мен әдістемесі –  Алматы:  Дарын, 2004. - 199 б.

3. Әмір Темір аманаты  -  Шымкент: Жібек жолы 2000. -  59 б.

4. Түркістан тарихы мен мәдениеті. Түркістан: Қазақ-түрік университеті,  2000. -  76 б.

5. Әзірет Сұлтан. Түркістан: 2005. - 7 б.

6. Сынып жетекшісінің  ережесі // Сынып жетекшісі,  №3.  2002. 10 б.

7.«Егемен Қазақстан»  газеті 2006 жыл 14 сәуірдегі № 8 бет.Ж.М. Нұрбеков «Нұрын шашқан оңтүстік» Алматы. Эффект. 2003 180-201 бетке дейінгі беттер.

8.Ә.Н. Нысанбаев «Қазақстан  Республикасы» энциклопедия анықтама  кітап.

9.Б.Ғ. Аяған «Оңтүстік  Қазақстан» энциклопедиясы

10.Егемен Қазақстан  газеті –2002 –13 сәуір –66.

11.Саясат –1998 - № 9.

12.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы А.,Білім, 1997 –176 бет