Валюталық бағам өзгерісі
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
..............................
1 21(IAS)Халықаралық қаржылық есептілік стандарты
Бойынша валюталық бағам өзгерісінің теориялық
аспектілері...................
- ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық
аспектілері..................
1.2 ҚР
валюта жүйенің қалыптасуы ..............................
1.3 Валюталық
жүйе типтері және оның
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТАЛДАУ......
2.1 Валюта
жүйесінің мәні және дамуы.....
2.2 ҚР
–да валюталық қатынастарды мемлекеттік
реттеу ..............................
2.3 ҚР
Ұлттық Банкінің валюталық
ҚОРЫТЫНДЫ
..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ..............................
ҚОСЫМША
КIРIСПЕ
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады[1,1б.].
Валюталық
бағам – бұл бір елдің ақша
бірдігінің басқа бір елдердің ақша
бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір
елдің ұлттық валюталарын салыстыру
олардың өндіріс және айырбас
процессінде пайда болатын
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
- Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
- Экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы теп –теңдік;
- Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Ваюталық жүйе – ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк нарықта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Кусртық жұмыстың мақсаты:
Бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталдым;
Екiншiден,
Қазақстан Республикасының
Курстық жұмыстың мақсатына жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:
- Халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
- Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
- Қазақстан Республикасы валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.
- Шетелдік валюталы операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындан, қолданылған әдебиеттерден тұрады:
Бiрiншi бөлімде валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық аспектілері(ХҚЕС), ҚР валюта жүйенің қалыптасуы және валюталық жүйе типтері және оның элементтері, жалпы дүниежүзілік валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне 39 (IAS, ХҚЕС), сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылады.
Екінші
бөлімде валюталық жүйенің негізгі элементтері
валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды
және ҚР –да валюталық қатынастарды мемлекеттік
реттеу қарастырылды, сондай –ақ ҚР Ұлттық
Банкінің валюталық бағам өзгерісіне
қаржылық талдау.
1
21(IAS)Халықаралық қаржылық
есептілік стандарты
Бойынша валюталық бағам
өзгерісінің теориялық
аспектілері
1.1 ҚР валюталық бағам өзгерісінің мәні мен маңызы және теориялық
аспектілері
Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржылық есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. 21 халықаралық қаржылық есептілік стандарттының (ХҚЕС) мақсаты– шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай – ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.
Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша көрсету болып табылады. Осы стандарт:
(а) Шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 (IAS) Қаржы құралдары: тану және бағалау ХҚЕС–ты қолдану аясындағы туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;
(b) Шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе – тең шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржылық есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;
(с) Ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс.
39
(IAS) ХҚЕС көптеген валюталық
Стандартта төменде көрсетілген мәндерде мынадай терминдер пайдаланылады:
Жабу бағамы – валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы.
Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.
Валюта айырбастау бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.
Әділ құн – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.
Шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
Шетелдік қызмет – өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.
Қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта.
Топ – еншілес ұйымдары бар бас ұйым.
Ақша баптары – қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.
Шетелдік қызметке таза инвестициялар – осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.
Ұсыну валютасы – қаржы есептілігі берілетін валюта.
Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
Қолданыстағы валюта ұйымның өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық орта, әдетте, ол өзінің ақша қаражатының негізгі бөлігін жинақтап, жұмсайтын орта болып табылады. Өзінің қолданыстағы валютасын анықтау кезінде ұйым мына факторларға көңіл бөледі:
(а) Валютаға;
(і) Тауарлар мен қызметтердің сату бағасына негізгі әсер ететін валютаға (ондай валюта – тауарлар мен қызметтердің сату бағасы көрсетілетін және солар бойынша есеп айырысатын валюта);
(іі) Бәсекелестік күштері мен бәсекелестік ережелерін ұйым өндіретін тауарлар мен қызметтерге бағаны негізінен айқындайтын ел валютасы;
(b) Тауарлар немесе қызметтер жеткізуге байланысты еңбек, материал және басқа шығындарға негізгі ықпал ететін валютаға (ондай валюта – көбінесе сондай шығындар көрсетілетін және өтелетін валюта).
Төменде көрсетілген факторлар да ұйымның қолданыстағы валютасының белгілері бола алады:
(а) Ол қаржы қызметінің барысында жинақталатын қаражатты (яғни қарыз және үлес құралдарының эмиссиясы) білдіретін валюта болып табылады;
(b) Ол ұйым операция қызметінен түсетін түсімдерді әдетте өзінде қалдыратын валюта болып табылады.
Шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасын анықтау және қолданыстағы валютаны есеп беруші ұйым пайдаланатын валютамен теңдестіру кезінде көңіл бөлінетін тағы да бірқатар факторлар бар (бұл контексте есеп беруші ұйым өзінің шетелдік қызметін еншілес ұйымы, филиалы, қауымдасқан ұйым немесе бірлескен қызмет арқылы жүзеге асыратын ұйым болып табылады):
(а) Мұндай шетелдік қызмет есеп беруші ұйым қызметінің жалғасы немесе едәуір дәрежеде дербес болып табылатын қызмет ретінде жүзеге асырыла ма; шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым есеп беруші ұйымнан импорт бойынша алынатын тауарларды тек сататын және түскен түсімді оған аударатын болса, ол бірінші жағдайдың мысалы болып табылады. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым ақша қаражаты мен басқа ақша баптарын жинақтайтын, шығын жұмсайтын, табысты қордалайтын және көбінесе өзінің жергілікті валютасымен қарыз алатын болса, ол екінші жағдайдың мысалы болып табылады;
(b) Есеп беруші ұйыммен операциялардың өз қызметін шетелдерде жүзеге асырушы ұйым қызметіндегі үлесі елеулі ме, әлде елеусіз бе;
(с) Шетелдік қызметтен келіп түсетін ақша қаражатының ағыны есеп беруші ұйымның ақша ағынына тікелей әсер ете ме, және де оны оның есебіне кідіріссіз аударуға бола ма;
(d) Шетелдік қызметтен қордаланатын ақша қаражатының ағыны орын алып отырған және, әдетте, күтілетін қарыз міндеттемелеріне есеп беруші ұйым тарапынан ақша қаражаты берілместен қызмет көрсетуге жеткілікті ме.
Жоғарыда аталған индикаторлар бірдей сипатта болмаса, ал қолданыстағы валюта айқын болмаса, ұйым басшылығы, өз тәжірибесін негізге ала отырып, негіз қалайтын операциялардың, оқиғалардың және жағдайлардың экономикалық тиімділіктерін неғұрлым дәл білдіреді. Осындай жағдай шеңберінде ұйым басшылығы 9–тармақта тұжырымдалған негізгі индикаторларға басымдылық береді, ал 10 және 11–тарамақтарда көзделген, ұйымның қолданыстағы валютасы ретінде қандай валюта таңдап алынуы тиіс екенінің қосымша жанама дәлелдерін қамтамасыз етуге тиісті индикаторларды содан соң қарайды. Ұйымның қолданыстағы валютасы өзіне қатысты негіз қалаушы операцияларды, оқиғаларды және жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, белгіленгеннен кейін, қолданыстағы валюта, жоғарыда аталған операцияларда, оқиғаларда және жағдайларда, өзгерістер болатыннан басқа жағадайларда басқа валютаға ауыстыруға жатпайды. Егер қолданыстағы валюта гиперинфляциялы экономика жағдайларында пайдаланылатын валюта болса, ұйымның қаржы есептілігі 29 Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС–ына сәйкес қайта есептелуге тиіс. Ұйым, мысалы, осы Стандартқа сәйкес белгіленуге тиістіден басқа валютаны (мысалы, өзінің бас ұйымының қолданыстағы валютасын) өзінің қолданыстағы валютасы ретінде қабылдай отырып, 29 (IAS) ХҚЕС–ына көзделген қайта есептеуден құтыла алмайды.
Ақша бабының басты ерекшелігі – валюта бірлігінің нақты немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі міндеттеме). Мұның мысалдары: қызметкерлерге қолма –қол ақшамен төленуге тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге тиісті міндеттемелер; міндеттеме ретінде мойындалған ақшалай дивидендтер. Нақ осылайша, ұйымның үлесті өз құралдарының тіркелмеген санын алуға (немесе беруге) контракт ақша бабы болып табылады, оның ережелері бойынша алынуға (немесе берілуге) тиісті әділ құн валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін бірліктеріне теңеледі. Және, керісінше, ақшалай емес баптың негізгі ерекше белгісі – валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы. Мұның мысалы: тауарлар мен қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, аванспен төленген жалгерлік ақы); іскерлік бедел; материалдық емес активтер; босалқылар; негізгі құралдар; сондай-ақ ақшалай емес актив беру жолымен реттеуге жататын міндеттемелер. Қаржы есептілігін әзірлеу кезінде әрбір ұйым, шетелдік қызметі бар ұйым (мысалы, бас ұйым) немесе шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым (мысалы, еншілес ұйым немесе филиал) болсын - өзінің қолданыстағы валютасын 9–14–тарамақтарға сәйкес белгілейді. Ұйым баптарды шетелдік валютамен өзінің қолданыстағы валютасына қайта есептейді және сондай қайта есептеу салдарын 20–37 және 50–тарамақтарға сәйкес қаржы есептілігінде көрсетеді. Сонымен қатар, осы Стандартқа сәйкес, қаржы есептілігін әзірлейтін жеке ұйым немесе қаржы есептілігін 27 Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС–ына сәйкес әзірлейтін ұйым ондай есептілікті кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсынуға құқылы. Егер ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше ұсыну валютасын пайдаланатын болса, оның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері де 38–50–тармақтарға сәйкес қайта есептеледі. Валюта — кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол шетел мемлекетінің тиісті занды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражаттының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқығына ие. Валюта нарығының негізгі тауары — шетелдік валютада белгіленген кез келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген[3,230–237бб.].
Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.
Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:
- оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген (біріктірілген) бағам;
- өзгермелі бағам;
- тұрақты немесе жұмсақ валюта.
Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұсқасы «тіркеу» сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми белгіленген арақатынасын бейнелейді. Өзгермелі бағамға тоқталатын болсақ, ол валюта биржаларындағы сауда – саттық барысында қалыптасады, әрі қандай да бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс –тәжірибенің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде – бір ел осы келтірілген валюта жүйесіндегі элементтердің тек біреуін ұстанып, сонымен ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық элементі бар.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады:
- Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
- Экономикалық халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе – теңдiк;
- Психологиялық жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК–ның жарғысы бойынша 2006 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ–да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi. Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар. Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.
Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер бойынша жiктеуге болады.
Валюта нарығында қолданылатын айтарлықтай маңызды ұғымдардың бiрi нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.
Нақты валюта бағамына сай келетiн валютада алынған екi елдiң тауар бағаларының қатынасы ретiнде анықтауға болады.
Er – нақты валюталық бағам
Ph – iшкi нарықтағы бағалар
Pf – шетелдiк нарықтағы бағалар
En – номиналды валюталық бағам.
Валюта бағамы бірнеше классификацияға бөлінеді. Оны біз 1–ші кестеден көре аламыз.
Кесте 1 – Валюта бағамының классификациясы.
| Критерийлер | Валюталық бағам |
|
Қалқымалы
Бекiтiлген |
| Аралас | |
|
Тең құқықтық (паритетный) |
|
Жедел
келiсiмдiк
Спот-келiсiмдiк Своп-келiсiмдiк |
|
Ресми
Бейресми |
|
Жоғарылатылған
Төмендетiлген Паритеттi |
|
Сатып
алу бағамы
Сату бағамы Орта бағам |
|
Нақты
Номиналды |
|
Қолма-қол
сату бағамы
Қолма-қол емес сату бағамы Валюта айырбастаудың көтерме бағамы Банкноттық |
Қайнар көзі: Е.Н.Нәбиев “Халықаралық
экономикалық қатынастар”. – Астана –
2010. 49б.
Номиналды валюта бағамы елдiң нақ осы уақыттағы жүрiп жатқан валютаның айырбас бағамын көрсетедi. Егер, валюталық қатынастың ағымдағы мәселесі туралы айтатын болсақ, онда негізгі мәселе Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялаумен байланысты[10,49б.].
Қазіргі таңда елдегі валюталық қатынас жүйесінің өзгеруіне әсер еткен себептерді атап кеткен жөн болар:
- Қолданыстағы валюталық қатынастың тиімділігі жеткіліксіз;
- Валюталы–айырбас операциялары кезінде экспортерлердің трансакционды шығындары жоғары;
- Бағаның тез өсуіне қауіп төндіруі мүмкін;
- Республикадағы экономикалық жағдайдың сапалы жақсаруында орын алады.
Капитал мобильділігі халықаралық инвесторлардың портфельдерін диверсификациялауға, тәуекелді бөлуге, сондай–ақ елдер арасындағы сауданың жақсаруына мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, валюталық режимді либерализациялау белгілі бір деңгейде нарықтық сфераға және экономикалық қызмет түрлеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ең алдымен бұл, ішкі және сыртқы тәуекелдерге байланысты:
- Әлемдік және тауар нарығындағы баға, ал жекелей алғанда мұнайға деген баға әртүрлі экономикалық және саяси факторлардың әсеріне сезімтал болады;
- Капитал операцияларын либерализациялау ішкі және әлемдік пайыздық мөлшерлемелерді жақындататын жалғыз құрал болып табылмайды. Инвестицияның шетел активтеріне қатысты режимін жедел либерализациялау ақша қаражатының сыртқа ағуына алып келеді. Ал, бұл біріншіден, елде инвестициялаудың адекватты құралдарының пайда болуына және ішкі қор нарығының дамуына әсер етпейді, ал екіншіден, нақты сектор жағынан оларға деген сұраныстың өсуі кезінде ішкі қаржылық ресурстардың жетіспеушілігіне алып келеді;
- Капитал мобильділігі деңгейінің өсуі, алып – сатарлық сипатта болатын қысқа мерзімді операциялар санының өсуіне алып келеді;
- Валюталық қатынас және қатынас жүйесі, сыртқы экономикалық операциялардың қатысушылары белгіленген шектеулерді, валюталық қатынастың талаптары жеңілдетілген операциялар арқылы айналып өте алатындай етіп құрылған. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан, валюталық қатынас және қатынас мәселесі өте маңызды болып отыр. Бұған дәлел ретінде Аргентина елінде болған кезекті күйзелісті атауға болады.

- Валюталық жүйе
- Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері
- Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері
- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюта и ее конвертация
- Валюта и МВФ
- Валюта, как категория финансового права
- Валюта как предмет таможенного регулирования
- Валюта как товар
- Валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның орны
- Валюталық бағам