Валюталық жүйе мәні элементтер. 5
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбекақының
мәні мен қағидалары....................
1.2 Еңбекақының
түрлеріне жалпы сипаттама.....................
1.3 Еңбекақының
нысандары мен жүйелері......................
2 ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі тарифтік жүйе мәні.......................17
2.2 Еңбекақы төлеудің
тарифсіз жүйесінің мәні..........................
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Қазақстан Республикасының
еңбек туралы» заңы..........................
3.2 Еңбекақы тағайындауды
жетілдіру жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДА.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықты экономика жағдайындағы ерекшеліктері». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі кездегі қоғамдағы алып отырған өзекті мәселенің бірі – еңбекақыны ұйымдастыру мәселесі.
Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыссыздықпен күрес және еңбекақы, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Яғни бұл мәселе маңызды тек кәсіпорындар деңгейінде ғана шешілмей, елімізде күрделі жұмыс ретінде қарастырылып отыр. Ол сәуір айында аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алды. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді. Еңбекақыны ұйымдастыру жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады . Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Жұмыстың
басты мақсаты – Еңбекақы ұйымдастыру
теориясының мәнін, мазмұнын, қағидаларын,
түрлерін, күрделілігн, есеп жүргізу шарттарын,
маңыздылығын талдап, толық қамту.
1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1
Еңбекақының мәні мен
қағидалары
Еңбекақы – еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісіне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпклікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбекақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбекақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материялды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
Еңбекақаны дифференцияциялау және оның принциптері. Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласына қарай өзіндік ерекшелігімен айқындалып, ол бес принципке негізделген.
Бірінші принцип – еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құндықұрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс.
Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.
Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.
Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбекақыға әртүрлі экономикалық аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффициент 1,15-ті құрайды. Демек, елмізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15% қосымша қосып алады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбекақы төлеу туралы» қаулысына сай, еңбекақыны есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффициенттер размері сақталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақта тұратындарға коэффициенттер сақталады.
Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.
Еңбекақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:
- Ебекақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы, нарықтық факторлар сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
- Еңбекақы – жұмыс күші, тауардың бағасы, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, еңбек тауар бола алмайды, еңбекақы өндіріс жағдайымен де, нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныс пен де анықталады, олардың ауытқуы еңбекақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті өнім көлеміне сәкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болады. Былайша айтуға болады – еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кететін шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны мұндай факторлар анықтайды:
Жұмыс
күші, яғни құны. Бұл қызметтердің өміріне
қажет және оның еңбек қабілетін
қалпына келтіруге
– Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
– Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
– Оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны;
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің
еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбек
ақыны ұлғайтуға мүмкіндік
Жұмыс күшінің біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы: күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.
Қажетті
өнімнің әлеументтік дәрежесі. Қазіргі
қоғамда қажетті өнімнің
Кәсіпорында жалақы саясаты әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу керек:
– Әділдігі, яғни тек еңбекке тең жалақы;
– Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;
– Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
– Еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адамдығы үшін ынталандыру.
– Ақаулық жібергені және өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материялдық жазалау;
–
Еңбек өнімділігінің өрлеу
– Инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады;
–
Мемлекеттік иелігіндегі
– Мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі; яғнитұрақты болады.
– Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақыкепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.
Жалаұқы еңбек ақы, жалақы, ақы төлеу деген ұғымдарға тоқталатын болсақ: орындалған тапсырма, атқаратын жұмыс, қызмет үшін азаматтық құқықта кездесетін ақы төлеу деген ұғым бар. Мұның бәрі азаматтық шарт, келісімдер арқылы жүргізіледі. Сондықтан олар азаматтық құқық-қатынастар саласына жатады. Ал еңбек ақы, жалақы туралы ұғымдарды алсақ, олар еңбек құқығы мен копператив-калхоз құқығы салаларында кездесетін нақтылы, тірі еңбекке, жұмсалған еңбектің саны мен санасына қарай белгіленген нормалар мен төленетін ақы. Осылайша олар еңбектің құқық қатынастарының құрамына енеді. Және еңбек құқығының дербес құқықтық институты болып есептеледі. Сонымен қатар ескерілетін нәрсе, біз еңбек құқықтары қатынастары мен еңбек құқығын кең көлемде алмақпыз. Сауда экономикасының барысына қарай оны калхоздікі, коперативтікі немесе өндірістікі деп бөлмейік. Бәрі де бағыттағы еңбек процесі болғандықтан,еңбек құқығын универсалдық кең шеңберде қарап отырамыз.
Адам еңбегі жұмысқа жарамды, еңбектік қабілеті бар адамдардың жұмыс істеуі тіршілігі. Сөйтіп еңбек процесі басталады. Ол дегеніміз адамның жұмыс күшімен құрал-саймандардың қосылу арқасында болатын іс. Мұның нәтижесінде өнім туады, пайда, табыс деген ұғым шығады. Бұлардың бәрінің бастамасы адам, оның жұмыс күші, оның еңбектік қабілеті. Тек еңбектік қабілеті бар адамдар еңбек қатынастарына араласа алады.
Еңбек ақының анықтамасын, ежелде, іске пайдаланған жұмыс күшінің құны деп атайды, Өйткені жұмыс күшінің құны жұмыскердің күн көруіне қажетті затқа сай келсе керек. Ол заттардың өзі қажетті еңбекке, демек, қажетті жұмыс уақытының баламасына байланысты.
Сонымен еңбек ақы дегеніміз не? Бұл жөнінде қазір айтылып жүрген екі ұғым бар. Бірі – жұмыс күнінің құны, екіншісі – істелген еңбектің саны мен сапасына қарай төленетін ақы. Осының қайсысы дұрыс? Жұмыс күшінің құны деке дұрыстау. Бірақ оған қосып мынадай түсінік беруіміз керек. Біз көпке дейін жұмыс күші товар емес деп келдік. Өйткені, ол нарық, сауда қатынастарына, яғни сатып алуға жатпайтын дүние деп келдік.
Шындығын алып қарағанда, жұмыс күші қазіргі саудалық экономика жағдайында саауда базарына түсіп отыр. Еңбек биржасына,еңбек нарығына яғни еңбек саудасына түсіп отыр. Жұмыс күшідеп әр адамның ьойында бар еңбектік қабілеттік,ой, қол-күшін пайдаланып, белгілі бір мақсатта іске асыру, өнім өндіру деп білеміз. Еңбектің сонымен сапасын сипаттайтын жалпы қасиеттеріне оның өнімділігі жатады. Әрине еңбек ақы төлемдерде еңбектің осы қасиеттерінің бәрі ескеріледі. Сондықтанда еңбектің саны мен сапасы еңбек ақы анықтамасының құрамына енеді.
Сөйтіп, еңбек ақы, яғни жалақы дегеніміз жұмыскелер еңбегімен өндірілетін қажетті өнімнің ақшаға айналдырылған бейнесі.
Іс
жүзінде еңбек ақыны
Мерзімді еңбек ақы деп – нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері не тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімді еңбек ақының нысаны жаймерзімділік және сыйақылы- мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істелген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептелінеді.
Кесімді
еңбек ақы төлеген кезде алдын-
Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылар:
Кесімді
–прогрессивті еңбек ақы
Жанама
кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда
қосалқы және басқа да жұмысшылардың
еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің,
цехтық негізгі жұмысшылардың төлем-
Еңбек ақының аккордтық жүесі. Бұл жүеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған және жұмыс көлемінің орындалуы және алдын-ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықталады.
Болашақта
өндірісті кешенді түрде
мерзімділік
сыйақылық жүелеріне
1.2.
Еңбекақының түрлеріне
жалпы сипаттама
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбекақының құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбек ақы;
- қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақыалушыларға қосымша қызмет (материялдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал-сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
- кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
- мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
- жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымша
– бұл қызметкердің кәсіпорында
жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан
Республикасының заңдарына
-
балаларын тамақтандырушы
- жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
-
мемлекеттік және қоғамдық
-
негізгі және қосымша
- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- жұмысқа шыққанды берілетін жәрдемақы.
Еңбек – ақыны фирма өндіріс төмендегенде төмендетпейді, ал өрлеу кезінде квалификациясы жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын күрт көтермейді. Ақшалай жалақының динамикасы тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда жалақы төмендемейді, ал өрлеу кезінде күрт емес, бірте – бірте өседі. Жалақы дәрежесінің өсуі белгілі болжамдалған шеңберде өзгеріп отырады.
Нақты жалақы - бұл тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарлардың саны.
Еңбегіне қарай бөлу заңы социализмнің басқа да экономикалық заңдарымен тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені, еңбекақы жұмысшы күші ұдайы өндірісінің материалдық негізі — қоғамдық қажетті өнімнің бір ғана бөлігі. Бұл ұдайы өндірістің басқа да материалдық негізі бар, сол себепті еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі оптимальды қалыпта өркендейді.
Қорыта айтқанда, жалақы еңбектің түпкі нәтижесіне сай келетіндей деңгейде болуы шарт.
Социализм тұсында игіліктерді бөлудің іріленген екі формасы бар. Олар еңбегіне қарай бөлу және қажеттіліктерді ескере отырып бөлу. Біріншісінің мақсаты, көрінісі — еңбекақы (жалақы), екіншісінің көрінісі — қоғамдық тұтыну қоры. Енді осыларды қысқаша баяндаймыз.
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы формалары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Социализмде жалақы сипаты мүлдем өзгеше. Ол капитализм тұсындағы жұмысшы күші құнының және бағасының өңі өзгерген формасы бола алмайды. Жалақы қажетті еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі белігі. Күрделі экономикалық қарым-қатынастарды білдіреді. Оның негізгілері: қоғам мен жеке еңбекшілер, еңбек коллективтері, еңбек коллективі мен қызметкерлер арасындағы және т. б. экономикалық қатынастар. Демек, еңбекақы экономикалық қатынастар жүйесінің жиынтығы.
Социализмдегі жалақы дегеніміз не? Жалақы енбекке қарай бөлудің нақтылы формасы, халық табысының құрылуының және қалыптасуының қайнар бұлағы.
Жалпы халықтық кәсіпорындарында өндірілетін, қызметкерлердің қоғамдық өндірісте шығындалған еңбегінің саны мен сапасының нәтижесіне сай жұмысшы күшінің ұдайы өндірісіне әртектес тұтыну игіліктерінің келіп түсетін қажетті өнімнің негізгі бөлігін еңбекақы дейміз.
Еңбекақыны дұрыс ұйымдастыру жеңіл-желпі іс емес. Көптеген жағдайларды ескеруге тура келеді. Атап айтқанда: өнім шығаруға қажетті еңбек мөлшері, сапасы, нормасы; қызметкерлердің мамандық дәрежесі, жалпы және кәсіби білімі; халық шаруашылық саласының маңызы, территориялық ерекшелігі, жұмыс жағдайы т. б.
Еңбек сапасы орындалатын жұмыстың күрделілік, маңызын көрсетеді.
Еңбек мөлшері дегеніміз нақтылы өнім өндіруге кететін қызмет процесінде шығындалған бұлшық ет және жүйке энергиясының жиынтығы.
Белгілі бір өнім өндіргенде еңбек шығынының нақтылы қоғамдық қажетті көлемін (шамасын) еңбек нормасы деп атаймыз. Еңбек нормасы өндірістің нақтылы жағдайына байланысты оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Еңбек нормасының көптеген түрлері бар. Олар: уақыт, өнім шығару, қызмет көрсету, еңбек істейтін адам саны және т. б. нормалар.
Еңбекті нормалаудын негізгі екі әдісі бар. Олар: тәжірибелі-статистикалық және ғылыми-техникалық негізделген әдістер. Кейінгісін аналитикалық әдіс деп те атайды.
Еңбекті дұрыс нормалау ақы төлеуді жетілдірудің негізгі жолдарының бірі.
Социализмде жалақынын, көптеген формалары мен жүйелері болады. Атап айтқанда қандай формалары бар? Ол екеу: мерзімді және кесімді жалақы. Жалақының мөлшері нақты істелінген жұмыс уақытының шамасына және қызметкерлердің мамандығына байланысты төленсе оны мерзімді жалақы деп атайды. Егерде жалақы мөлшері кажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарап төленсе, оны кесімді жалақы деуге болады. Екіншісі біріншісінің өңі өзгерген формасы. Ол еңбекті нормалауға тікелей байланысты. Ал еңбекті нормалау елімізде, сондай-ақ республикамызда өз дәрежесінде емес.
Нақтылы жұмыс жағдайын ескере отырып еңбекақы формаларының түрленуі жалақы жүйесі деген ұғымды береді. Бұл өндірістік қатынасты білдіретін экономикалық категория. Жалақы жүйесі алуан түрлі.
Мерзімді ақы төлеу негізінен екі жүйені қамтиды. Олар: жай мерзімді және мерзімді-сыйлықты жүйелер.
Кесімді жалақы жүйелері: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді прогрессивті болып белінеді. Кесімді жалақының түрленуін жеке, коллективті және аренда арқылы еңбекақы төлегенде қолданатындығынан анық көруге болады. Елімізде өнеркәсіпте 95 процент, құрылыста — 40 процентіне кесіміді сыйлық жүйесі бойынша еңбекақы төленеді.
Жеке және коллективтік кесімді, аккордты еңбекақы жүйесінде іс жүзінде қолданылады. Кейінгі кезде коллективтік еңбекақы төлеу кең етек жайды. Бұл формада ақы көлемі бригаданың, цехтың және басқа бөлімшелердегі жұмыс істейтіндердің ақтық еңбек нәтижесіне тәуелді. Еңбек өнімділігін арттыруға себепкер.
Халық шаруашылық саласының көпшілігінде жалақы екі бөліктен тұрады: Негізгі және қосымша жалақы.
Жұмысшыларға
тарифтік ставка, ал басқа кызметкерлер
мен қызметшілерге олардың лауазымдық
окладтарына сәйкес төленген еңбекақы
жалақының негізгі бөлігі ұғымын береді.
Ал, берілген нормамен салыстырғанда қосымша
нәтижелерге қолы жеткені үшін ынталандыру
(сыйлық беру) және сан алуан басқа да нәтижелері
мен игілікті істерді жүзеге асырғаны
үшін үстеме ақы төленеді. Бұны жалақының
қосымша бөлігі деп атаймыз.
1.3.
Еңбекақының нысандары
мен жүйелері
Нарыққа көшу кезеңінде экономикалық қатынастарды реформалау осы кезеңге парапар еңбекақы төлеу тетігін құрудың тұжырымдамалы негізін жасау қажеттілігінен туындайды. Казіргі уақытта бұл талапты Қазақстан Республикасында өріс алып отырған экономикалық өзгерістерді алға тартып отыр.
Мемілекет меншігін күрт жекешелендіру, ірі шаруашылық субьектілерін шетел инвистицияларына сату немесе баскарға беру және осылардың негізінде әлеуметтік мәртебесі әр түрлі қоғамдық топтарды- жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерді топтастыру –«еңбекақы» санатына жатқызылатын көтеген теориалық және әдістемелік ережелерді қайта қарауды талап етеді.
Социализмнің экономикалық қатынастар жүйесінде еңбекақы жұмыскерге (қызметкерге) оның жұмсаған еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес берілетін қоғамдық ұлттық табысының бөлігі бір жақты түсіндірілетін. Бұл санатың дәл осы сипаттағы түсіндірмесі экономикалық әдебиеттерде басым болды. Анықтама сөздігіндегі берілген анықтаманы мыса ретінде келтіруге болады: «Еңбекақы-ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің ақшалай көрсетілген үлесі: қажетті өнімнің негізгі түрін құрайды және олардың жұмсаған еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес улестіріледі».

- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюталық курс өзгеріс әсерін жетілдірудің бағыттары
- Валюталық қатынастар
- Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат
- Валюталық операциялар
- Валюталық операциялардың жіктелуі
- Валюталық бағам
- Валюталық бағам өзгерісі
- Валюталық жүйе
- Валюталық жүйе: мәні және оның түрлері
- Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері
- Валюталық жүйе мәні элементтер
- Валюталық жүйе мәні элементтер