Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

                                           ЖОСПАР 

КІРІСПЕ............................................................................................................2

I Бөлім. Шет мемлекет және ұлттық валюта түсінігі.Валюта                      айналысы.....................................................................................................3

II Бөлім.  Валюта нарығы............................................................................5

III Бөлім.  Валюталық курс(бағам).............................................................10

IV Бөлім.  Валюталық жүйе және оның түрлері........................................13

Дүниежүзілік  валюталық жүйелер эволюциясы.......................................15

V Бөлім.  Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат.............21

Қорытынды...................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................29 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

     Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы айырбас бағытының жүйесі арқылы әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтауды ұсынады.

           Валюта бағыты әр түрлі елдердің ақшалық бірліктері арасындағы қатынастарды білдіреді, яғни бір елдің ақшалық бірлігінің құны екінші бір елдің ақшалық бірлігіне және халықаралық есепшот бірліктеріне қалай келеді деген соз.

           Бір ұлттың валютасын екінші елдікімен айырбастау қажеттігі халықаралық келісімдерді (валюталық, есептесу және кредиттік - қаржылық операциялар мен сауда) жүзеге асырғанда туындайды, және ол олардың арасында нақты сатып алушылық қабілетін байқататын қатынастың орнығуын талап етеді. Валюта нарығындағы ұлттық валюталардың сандық өлшемі сұраныстар мен ұсыныстардың қаншалықты әсер ететіндігіне байланысты, оған төлем балансы, инфляция деңгейі, пайыздық өсімнің деңгейі, валюталық сауда - саттық, валюта саясаты, ұлттық валютаның конвертирленуі және басқа жәйттер сияқты түрліше факторлар ықпалын тигізеді.

          Валюта бағытының құндық негізі болып сатып алушылық қабілеттің парапарлығы саналады, яғни валютаның арақатыстығы оны сатып алушылыққа байланысты.

         Айырбас бағытының төмендеуі ұлттық валютаның арзандауын білдіреді, яғни оны сатып алу қабілетінің төмендеуі де, көтерілуі керісінше.

         Егер елде инфляция қарқыны жоғары болса, оның валютасының сатып алу қабілеті және оған сәйкес валюта бағыты темен болады.

        Халықаралық валюталық қор- мемлекеттердің ұлттық валюталарын қалыптастыратын және 8 бабында валюта бағыты нысандандырылған жалғыз ұйым. Қазіргі кезде әлемде бұл ұйымның 8 бабын 118 мемлекет бекітті.

        Экономикасы дамушы мемлекеттердің көбісі қазірігі кезде өздерінің айырбас курстарын басқару мақсатында әр түрлі гибридті модельдерді қолдануда.Бірақ осы мемлекеттерде сауда орындарында(биржада,сауда жүйелерінде) резиденттер және резидент еместер қандай да бір шектеулерді ұстанып,шет мемлекет ақшасын сатып алады немесе сата алады.Егер де шет мемлекет валютасын сату мемлекеттік органдармен үйлестірілсе және сонымен қатар ешқандай нарықтық инфрақұрылым құрылмаса,онда мұндай валюта бағыты «жасанды» болып саналады,ал режим- «айырбасталмайтын валюта» болып табылады.

           Баға айналысының критерийлері туралы айтқан кезде оны бағыттың пайда болуының критерийлерімен шатастырады. Кез-келген мемлекетте сатып алу қабілеті немесе сыртқы сауда  мен төлеу балансына байланысты төмендетілген немесе аса көтерілген бағыты болады.Сонымен қатар еркін айналыстың барлық белгілерін сақтайды.Кез-келген мемлекеттің орталық банкі ақша нарығында шет мемлекет валютасының жасанды ұсынысын  ұлттық валютаға қарсы қою арқылы өз валюта бағытын шет мемлекет валютасының бағытына қарсы күшейтеді.Бірақ егер валютаны сату мехнизміне тимей өтсе,онда «нарыққа кіру» қиындатылмай,ол толық айырбасталатын болады.Сол мезгілде нарықта жасанды қымбаттатылған ұлттық валютаға қарсы төмендетілген американдық долларды сатып алу валюта айырбасы режимін бұзу болып саналады.

           Жоғарыда  айтылған валюта бағытының аспектілері мен оның экономикадағы рөлі туралы жан-жақты қарау үшін осы жұмыс арналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I БӨЛІМ. ШЕТ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА             ТҮСІНІГІ.ВАЛЮТА АЙНАЛЫСЫ

             Мемлекеттің ұлттық ақша бірлігі- бұл тар мағынадағы валюта түсінігі.Мысалы,Қазақстанның валютасы – бұл тенге,АҚШ валютасы- доллар,Бразилия валютасы- крузейро.Ал валютаның кең мағынадағы категориясына әр-түрлі айналым құралдары,тиісті ақша бірлігінде көрсетілген.Бұл- монета,банкнота,казыналық билеттер,төлемдік документтер(чектер,вексельдер),банктердегі счеттар мен салымдар түріндегі қолма-қол ақша.Бұдан да кең мағынасына валюталық құндылық түсінігі,сонымен қатар оған  фондтың бір немесе басқа валютасындағы құнды қағаздар мен  асыл металдар.

            Сыртқы сауданың дамуы экономикалық қатынастарды мемлекеттен тыс шығарады.Осының әсерінен қандай кедергілер туындайды? Әрине, бұл мемлекеттің заңдары шекарадан тыс өз күшін жоғалтады. Нақты бір жағдайды ескеру керек- бұл мемлекеттің ұлттық ақша бірлігі шекарадан тыс өз функцияларын жоғалтады. Ақша айналысы жүйесін ұйымдастыру кезінде әрбір мемлекет ұлттық ақша бірлігін өз территориясында заңды төлем құралы ретінде бекітеді. Мемлекеттік мәжбүрлеу аппараты арқылы шартсыз және кедергісіз өз валютасын барлық төлемдерде барлық айналымдарда қабылдау. Бірақ, сыртқы саудада қатыса отырып,мемлекеттер импорт бойынша келісімдерді басқа мемлекеттің валютасында төлеуге тиісті. Себебі тауарды экспорттаушы жабдықтаушымен,жұмыскерлермен есеп айырысқанда,салықтарды өз ұлттық валютасында төлеуге тиісті. Валюта айырбасының механизмі арқылы шешілетін бір қарама-қайшылық туындайды.

           Валюта айырбасы ұлттық шекаралардың тауар қозғалысы мен әлемдік деңгейде өндіріске әсер ететін факторларды бейтараптандырады.Экспорттаушы валюталық түсімді өзінің ұлттық ақшасына айналдыра алады.Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің ішінде дұрыс ақша айналымын ұстап тұру үшін қажет. Тауарды импорттаушының да мәселесі ұқсас шешіледі, шет мемлекетінің валютасында төленуге тиісті-ұлттық валюта керекті төлем құралдарына айырбасталады.

          Сөйтіп,халықаралық есеп пен төлем жүзеге асырылу кезінде валюта айырбасының проблемасы туындайды.

          Валюта айырбасы –мемелкеттің әлемдік экономикаға қосылуы мен сыртқы экономикалық қатынастардың дамуының қажетті алғышарт. Валюта айырбасының режимі мемлекетте инвестициялық ахуалдың қалыптасуына әсер етеді. Капиталда мұқтаж болатын шаруашылық субъектілер шет елден инвесторларды тартады.

         Валюта айырбасы мемлекет экономикасына жағымды әсер етеді, бәсекелестікті ынталандырады, ішкі шығындар мен әлемдік деңгейдегі бағамен салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика озық технологияларды меңгеруге мүмкіндік алады, өндірісті әлемдік стандарттарға дейін көтеру.

         Бірақ ұлттық экономиканың «ашықтығы»  мемлекетке белгілі жағымсыз салдарлар әкеледі. Валюта бағытының тербелуі экспорттаушылар мен импорттаушыларға шығын әкелуі мүмкін. Ашық нарықты экономика әлемдік бағалар мен пайыздық қойылымдарға тәуелді. Әлемдік нарықтың конъюнктуралық факторларынан құтылу мүмкін емес. Қайтымдылық валютаға өткен кезде мемлекет мүмкін болатын шығындарға ұшырайтынын ескеру қажет.

        Қайтымдылық валюта- бұл валюта-қаржылық режим, сыртқы экономикалық операцияларда ұлттық ақша бірлігін басқа шет мемлекет валютасына ауыстыру.

         Қазіргі уақытта әр түрлі мемлекеттерде түрлі валюталық режимдер орнатуда. Осының салдарынан валюталар валюта нарығында үлкен не кіші сұранысқа ие. ХВҚ жарғысының VIII бабына қосылған көптеген мемлекеттер жартылай айналымдылық режимін орнатты. Тек саналы ең бай және тұрақты мемлекеттер капитал қозғалысына валюталық шектеулерді бұзды. Әлемде толық айналымдылық валюталар үшеу ғана: АҚШ доллары, Ұлыбританияның фунт стерлингі мен Германияның маркасы.

         Сөйтіп, қазіргі кезде валюта 3 мәртебеге ие: 1) тұйық; 2) жартылай айналымдылық; 3) толық айналымдылық.

         Валютаның нақты айналымдылық режимі сол немесе басқа еркіндіктер мен шектеулердің үйлесімділігінің сыртқыэкономикалық қызметтін түрі мен оның қатысушысына қатынасымен ерекшеленеді. 
 
 
 

II БӨЛІМ.ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

            Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.

           Валюта рыноктары шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарывдағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюталық нарықтың негiзгi қатысушыларымен болып  табылады:

  • Орталық банк
  • Сауда банктері
  • Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын
  • Халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының хеджевыесi.
  • Валюталық биржалар
  • Валюталық делдалдар
  • Жеке тұлғалар
 

      Стандартты инфрақұрылымдағы қажеттілік  валюта айналымын және құндылықтарын  қамтамасыз ететін валюта нарығының  пайда боуына әкеледі. Валюта  нарығы өз алдына ерекше ұйымдасқан  сұраныс пен ұсыныстың негізінде   валюта құндылықтарына жеке меншіктің  құқықтарына ауысудағы қарым-қатынастарды  реттейтін механизмді көрсетеді.  Бұл анықтама валюта нарығының  үш негізгі ерекшелектерін көрсетеді,  сондықтан да басқа тақырыптардан  ерекшеленеді.

       Бірінші - әр түрлі валюта операцияларының  іске асырылуын қамтамасыз ететін  ұйымдық механизмнің болуы. Қаржылық  инфрақұрылымнан тұратын бұл механизм (банктер, биржалар, брокерлік компаниялар және т.б.) және нормативті актілерде тіркелген валюта нарығына қатысушылардың принциптері валюта операцияларының бүкіл құрылымын реттейді. Бұл ерекшелік валюта нарығын шетел валютасының айналымының заңсыз  формаларын көрсетеді.

         Валюта нарығының екінші ерекшелігі  оның халықаралық сауданы, халықаралық  капитал қозғалысына қызмет етуден  тұрады. Қазіргі әлемдік экономикада,  сыртқы саудада, халықаралық несиелендіруде, инвестицияда пайдаланылатын біртұтас  төлем бірлігі жоқ. Барлық негізігі  сыртқы экономикалық қызметі  бір валютаны екінші валютаға  алмастыру болып табылады. Көптеген  елдердің көптеген валюталарынан  тұратын қазіргі қаржы әлемі  осылай құралған.

     Валюта нарығы - әрбір жеке елдің  валютасын интеграциялап, байланыстыратын  механизм. Бұл оған тауарлардың  қозғалысын халықаралық сферадағы  қызметтер мен жұмыстарды, сату-сатып  алуды, басқа валютада несиелер  мен бағалы қағаздардың айналымын  реттеуге мүмкіндік береді.

     Валюта нарықтарының үш ерекшелігі  басқа да нарықтардағы сияқты  оның негізі нарықтық сұраныс  пен ұсыныстан тұратындығында. Валюта  нарығы өз алдына берілген  елдің территориясындағы заңды  бір ғана төлем құралындағы  валюта нарығы өз сапасын жоғалтатын  ерекше сфераны көрсетеді. Олар  халықраралық нарықтық бағаның  салыстырмалы объектісі болып  табылады. Мұндай бағалауда төлем  құралы  және халықаралық масштабта  құн мөлшері рөлін атқару ерекшеліктері  ескеріледі. Нәтижесінде әрбір елдің  валютасы, валюта сферасында халықаралық  құнды алады.

      Нарықтағы шетел валютасының  сұранысы мен ұсынысы экспортттаушылардан,  импорттаушылардан, банктерден, транспорттық  және сақтандыру компанияларынан,  заңды және жеке тұлғалардан  шығады. Осылайша шетел валютасының  түсімін алған экспорттаушылар  оны валюта нарығында сатуға ұсынады. Импорттаушылар оған сатып алған тауарлармен қызметтермен есептесу үшін сұраныс жасайды. Банктер өздірінің шетел валютасын пайдаланатын клиенттерін қамтамасыз ету үшін әртүрлі валюта түрлеріне сұраныс пен ұсыныс жариялайды. Жеке және заңды тұлғалар шетел валютасында несиелерді, жалға алулар мен дивиденттерді өтеуде көптеген талаптарды қояды. Валюта нарығы шетел валютасының сұранысы мен ұсынысын реттейді.

     Бірақ көптеген жағдайда мұндай  тепе-теңдік нарықтың күшімен  ғана жүзеге асырылмайтынын ескеруіміз  керек. Олардың орталығы Мексика  және Латын Америкасынының басқа  да елдері, Оңтүстік Шығыс Азия  елдері болатын әртүрлі қаржылық  кризистер кепіл. Валюта сферасында  валюта қатынастарынын реттейтін  күшті мемлекеттік жүйені шығарады.

Осылайша  валюта нарығы өзінің көптеген ерекшеліктерімен басқа да нарықтарға (ақша, қор, сақтандыру) ұқсас.

    Валюта нарықтарының орталық  бөлімі валюта курсы болып  табылады. Валюта курсы бір елдің  ақша бірлігінің бағасының екінші  бір басқа елдің ақша бірлігіндегі  көрінісі. Арнайы ақша сомасы  ретінде, ол әртүрлі елдердің  ақша бірлігінің қатынасын көрсетеді.

       Ұзақ мерзімге құрастырылған  жоспарда валюта курсының негізін  валютаны сатып алу қабілеті  паритеті құрайды. Оны айналымға  Дж. Уитли және Г. Кассел енгізген.(СҚП)  Тәжірибеде СҚП әр түрлі лдердің  тауарларының орташа бағасының  қатынасымен анықталады. Көлемі  бойынша СҚП таза статистикалық  есептік категория, өзіндік баға  индексі.

         Сонымен қатар валюта курсы  СҚП-ға қарағанда халқаралық сферада  құрылады. Дәл осында әрбір елдің  валютасы өзінің баға функциясын, айналым құралы, төлем және қор  жинау құралы қызметтерін атқару  ерекшіліктерінің дүниежүзілік  бағасын алады. Сондықтан да  ұлттық  валюталардың номиналды  ағымдағы курстары СҚП-дан ерекше.

       Валюта курсы мен СҚП-ның арасындағы  байланыс көптеген экономикалық  процестерде және эспорттау мен  импорттауда маңызды рөл атқарады. Дамыған елдерге ұлттық валюта  әне СҚП курсының бір біріне  жақындау тенденциясы тән.

      Осылайша ұлттық қарама қайшылықтарда  валюта курсы мен СҚП-ның арасындағы  қатынас Жапонияда – 0,7, Ұлыбританияда  -  0,95, Австрия мен  Бельгияда  – 1,0, Нидерландыда – 1,05 және  т.б. Ресейдегі СҚП –ға қатысты  валюта курсы кі есеге төмен. 

      Сонымен қатар ұлттық ақша  бірлігінің төменгі курсы белгіленген  мерзімдік диапазондағы сатып  алу қабілеттілігіне қарғанда  экспоттық тауарлардың бәсекеге  қабілеттілігін азайтады, импортты  шектейді. Соның арқасында елдің  сауда және төлем баланстары  жақсарады, оның бәсекеге қабілеттілігі  артады. Төмендетілген валюта курсы  төмен шаруашылықтың интегралдық  тиімділігінің компенсациясы пайдаланылады.  Алайда СҚП-ға байланысты курстың  белгіленбеу есебі экономиканың  даму мүмкіндіктері шектелген.  Валюта курсы мен СҚП-ның арасындағы  айырмашылықтарды шектеу, экономиканың ішкі сұраныстың есебінде тиімді экономикалық саясат қажет.

     Ұлттық валюта нарығының ұлттық  валюта курсын құрастыруы сұраныс  пен ұсыныстың әсерінен жүзеге  асады. Валютаның ұсынысы сыртқы  сауда операциялар мен сыртқы  қаржыландыру есебінен жүреді. Валютаға  деген сранысты ақша қаражаттарын  басқарушылар мен жеке сектор  анықтайды. Ресейдегі валютаға  деген сұраныс пен ұсынысты  құрастыру нақты спецификаны  қажет етеді. Осылайша валютаға  деген ұсыныс экспорттық түсімдер  есебінен құрастырылады. Сонымен  қатарт валютаға деген сұраныс  және оның ұсынысы тұрақтылығымен  ерекшеленетін ағымдарды көрсетеді.  Олардың тепе – теңдігі тең  валюта курсын валюта механизмінің  көмегімен жүзеге асады. 

       Валюта курсын құрастыру басқа  да нарықтардың бағасын құрастырудағы   сияқты сұраныс пен ұсыныстың  заңдарының көмегімен жүзеге  асырылады. Елдің экономикасы  неғұрлым дамыған болса, соғұрлым  ұлттық экономикадағы капитал  ағымы мен импорт көбірек болса,  соғұрлым халық пен өнеркәсіп  жағынан шетел валютасына деген  сұраныс көп.      

      Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің  айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.

            Мемлекетіміздің ішкі валюталық  нарығы әлі қалыптасқан жоқ,  ол қалыптасу сатысында. Қазақстан  нарығының жастығынан кез келген  ірі қаржы институты, соның  ішінде шетелдік де, өзіне пайда  түсіре алды. Еліміздің коммерциялық  банктері сыртқы қарыздарын өтегенде  нарыққа валютаның айтарлықтай  қаражат көлемін шығарады, бұл  да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама  – қайшы  және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің  ішкі айырбасталымдылық жолына  тұруымен анықталады. Валютаны еркін  алып-сату отандық экономиканы  долларландыруға әкеліп соқты.  Қаржы нарығындағы болып жатқан  өзгерістер валюта нарығына тікелей  әсер етуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    III БӨЛІМ. ВАЛЮТАЛЫҚ КУРС(бағам)

          Әрбір елдің валюталық жүйесінің негізгі элементі – оның ұлттық валютасы. Елдің макроэкономикалық операцияларының барлық есебі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі. Валюта курсы (бағамы) – ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы. Валюталық курс екі валютаның баға қатынасы ретінде заңды түрде бекітілуі немесе өзара котировка процесінде анықталуы мүмкін.

           Валюта котировкасы дегеніміз – таңдалған рыноктық механизмдер негізінде валюта курсын анықтау. Көптеген елдерде валюта котировкасының екі түрі қолданылады:

1) тікелей  котировка  - ұлттық валюта бірлігінің  шет елдік валюта бірлігінің  белгілі бір шамасына қатынасы  → 125 теңге – 1 АҚШ доллары;

2) жанама  котировка – шет ел валюта  бірлігінің белгілі бір шамадағы  ұлттық валюта бірлігіне қатынасы  → 0,001 АҚШ доллары – 1 теңге;

3) кросс-котировка  – екі валюта бірлігінің бір-біріне  қатынасы олардың әрқайсысының  үшінші валютаға, негізінен АҚШ  долларына қатынасы арқылы анықталады  → 1 $ – 120 теңге, 1 $  - 24 рубль, 1 теңге  – 4,8 рубль.

          Валютаны белгілеу үшін 3 әріпті код қолданылады. Алғашқы 2 әріп елді білдіреді, соңғысы сол елдің валютасы. Мысалы, USD – АҚШ доллары; JPY – Жапон иені, KZT – Қазақстан теңгесі.

 Тікелей  котировка формуласы: 

         

 Жанама  котировканың формуласы:

         

  Ең  жиі қолданылатыны – тікелей  котировка. 

 Рынокта  шет елдік валютаға сұраныс  пен ұсынысты салыстыру процесінде  белгіленетін валюталық курс  котировкасы уақыттық өлшемді  де білдіреді. Қазіргі кезде  банктер үшін екі жұмыс күні  жеткілікті болып есептеледі, осы  кезде құжаттар алмасу, тиісті  шоттарды жабу, аударымдар жасау  жүргізіледі.

         Спот-курс – курс жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен кейін 2 күннің ішінде валюталар айырбасталатын курс. 

        Форвардтық курс – курс жөніндегі келісімге қол жеткізілгеннен 3 күннен кейін белгілі бір кезеңге дейін валюталардың айырбасталатын келісімді курсы.

         Халықаралық экономикада негізінен валюталық курс ретінде спот-курс қабылданады.

           Іс жүзінде экономикалық даму қарқыны мен экономикалық бағдарламаларды бағалау үшін валюталық курстың бірнеше түрлері қолданылады. Сол арқылы макроэкономикалық өзгерістерге қалай әсер ететіндігін анықтауға болады.

          Валюталық  бағам  – бұл бiр елдiң ақша  бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген бағасы.  Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және  айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi  құндық  қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағалы  валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi  көптеген  факторларға байланысты  өзгередi.  

      Бағамның  қалыптасуына  ықпал   ететiн  үш  факторлар  тобын   бiлiп  қарастыруға  болады;

      Саяси  тұрақтылық  валюталық  заңдылықтардың  ырықтандырылуы, валюталық  саясат  және  т.б. 

      Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде  анықталатын экономикалық  тiк   бұрыштың  шыңы  сияқты:  экономикалық  өсу, валюта  тұрақтылығы және  инвляцияның  төменгi  қарқыны,  жұмыссыздықтың  төменгi  деңгейi, дүниежүзлiк  нарықтағы  тепе - теңдiк; 

      Психологиялық: жаппай  сұраныс,  негiзгi  капиталды тәуекелден  қорғануға  ұмтылыс  және  т.б.

      Валюталық  бағамның  дамуы   жай  тауар  өндiрiсiнен   қазiргi  дүниежүзiлiк  шаруашылыққа  қозғалыстың  тарихи  процесiн   көрсетедi.

      Монометализм  тұсында  –   алтын  немесе  күмiс  валютылық   бағамның  базасы  монеталық   паритет болып  табылады, яғни  ол  әр  түрлi  елдердiң ақша  бiрлiктерiннiң олардың металдық  құрамына  байланысты арақатынасын  сипаттайды. Ол  валюталық паритет  ұғымымен  сәйкес келедi.

      Валюталық  бағам  валюталық   паритет  шеңберiнде  аутқиды.  ХВК-ның  жарғысы бойынша  1978  жылдан  бастап  валюталық   паритет  СДР  немесе  ЭКЮ-да  валюталық  “қоржын”  базасында   бекiтiледi.

  Валюталық   бағам  валюталарға  сұраныс   пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық бағамның  қажеттігі:

  • Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады: 

Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.

Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті  төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.

Әр  түрлі елдердегі  пайыз мөлшерлемесінің  айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.

Алып-сатарлық валюта операцияларының  қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.

Белгілі бір валютаның  еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану  дәрежесі.

Ұлттық  және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.

Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

                   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  IV БӨЛІМ. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

         Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе;
  • Дүниежүзілік валюталық жүйе;
  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат