Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

Кіріспе

 

Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына кіру міндетін алға қойған Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, еліміздің қаржы жүйесін, соның ішінде қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру ашық нарық экономикасын қалыптастырудың сенімді тетіктерінің бірі болып табылады. Есеп жүргізудің дамыған елдер қолданатын соңғы тәсілдерін меңгеру бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған жағдайда да өте маңызды қажеттілікке айналады.

Нарық экономикасындағы ұйымдар  мен кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметі ұйымның өз ішінде де, сондай-ақ одан тыс тұрған қызмет пен өнімді пайдаланушылардың қалың тобы үшін де өте маңызды болып табылады.

Демек, бүгінгі таңда бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесін заман талабына сай жетілдіру ерекше мәңге ие болып отырғандықтан білікті бухгалтер мен бухгалтер  кәсібінің маңызын біздің қоғамымыз уақыт өткен сайын барынша сезіне түсуде.

“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілер мен көпшілік мүддесіне жұмыс істеуші ұйымдардың барлығы бухгалтерлік есебін ҚЕХС талаптары бойынша жүргізуі тиіс.

Валюталық заңнама тарихи тұрғыдан алғанда қаржылық құқықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырыла  отырып қаржы жəне несие туралы заңнаманың құрамына енгізілген болатын. Шын мəнінде  қаржылық жəне валюталық құқық мəндері  өте жақын, алтікелей алғанда  қаржылық жəне валюталық құқықтың реттеу салалары ортақ. осымақала егеменді қазақстан заңнамасының валюталық  реттеу жəне валюталық бақылаусаласындағы даму тарихына  арналған. Қазақстанның жас экономикасының қалыптасуы мен  дамуы құрамдас бөлігі валюта нарығы болып табылатын дамыған қаржы  нарығынсыз мүмкін емес.

 Қазақстандағы валюталық  құндылықтардың қозғалысын ұйымдастырудың  нысаны бола отырып, соңғы жылдары  жедел қарқынмен дамыды: жаңа  уəкілетті банктер, валюта биржасы,  айырбастау пункттерінің ауқымды  желісі пайда болды, кəсіпорындардың  тауарлар,жұмыстар жəне қызметтер  экспортынан валюталық түсімдердің  көлемі өсуде, жылдан жылғаөнеркəсіп  өнімдерін өндіруші кəсіпорындардың  сыртқы сауда айналымының көлемі  өсуде.

Өткенге көз жіберіп, Қазақстанның дербес сыртқы экономикалық қызметі  неден басталғанын еске  түсіре отырып, бірқатар аса батыл заң  актілерін атап өтуге болады.

 Валюта нарығындағы  жұмыс тəртібін Қазақ КСР Ұлттық  мемлекеттік банкі белгіледі.  Сыртқы экономикалық қызметті  ырықтандыру жəне дамыту, сондай-ақ елдің сыртқысауда айналымының өсуі елдегі валюталық реттеудің құқықтық тетігінің болуын талап етті.

 2009 жылғы 13 маусымда қабылданған “Валюталық реттеу туралы” Қазақ КСР Заңының көптеген ережелерінің шын мəнінде қолданылуы тоқтатылғанын ескере отырып,егеменді Қазақстанның осындай заңын жедел қабылдау міндеті өзекті болды. Осыған байланысты 2010 жылғы 14 сəуірде “Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы заң актісінде валюталық заңнаманың негізгі ұғымдары нақтыландыжəне дамытылды, сондай-ақ валюталық қатынастарды реттеудің жинақталған тəжірибесі ескеріле отырып, оның құрылымы жəне мазмұны біршама өзгертілді.

2011 жылғы 24 желтоқсанда “Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, онда алғашқы рет заң айналымына “валюталық бақылау агенттері” институты, яғни уəкілетті банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзегеасыратын уəкілетті ұйымдар, сондай-ақ алынған лицензияларға сəйкес операциялар жүргізукезінде валюталық заңнаманы сақтауды бақылау міндеті жүктелген басқа ұйымдар енгізілді, валюталық бақылау органдарының жəне агенттерінің лауазымды тұлғаларының құқықтарымен міндеттері белгіленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің  “Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы” 2012 жылғы 28 наурыздағы №827 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен ҚР Ұлттық Банкі əзірлеген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан əрі Валюталық режимдi ырықтандырудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасы) бекітілді.

Қазіргі кезде кәсіпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін дұрыс жүргізуді жеілдіру бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Кәсіпорынның валюталық шоттағы  қаржыларының есебін дұрыс  жүргiзбей, мүлiктiк жағдайы мен оған әсер ететiн себептердi бiлмей, табыс пен  шығынды өзара салыстырмай, бiрiншiсiнiң  екiншiсiнен артық болуына қол  жеткiзбей шаруашылықты ойдағыдай жүргiзу мүмкiн емес.

Сондықтан менiң дипломдық  жұмысымның мақсаты – кәсiпорынның валюталық шоттағы қаржыларының есебін жүргізуді зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

1 Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы

1.1 «АЛ-САГА» ЖШС-ның техника-экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты

 

«АЛ-САГА» ЖШС Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорынның аты: «АЛ-САГА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің заңды статусы:

  • кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен бері заңды тұлға болып табылады;
  • кәсіпорынның өз аты бар, мөрі, өзіндік балансы, банктерде шоттары, өз бланкілері бар;
  • кәсіпорын өз мақсатына жету үшін өз атынан келісімге отырады, мүліктік құқық ала-алады;
  • мемлекет кәсіпорын қарызына жауап бермейді, ал кәсіпорын керісінше мемлекет қарызына жауап бермейді.

Кәсіпорын есептік маманданған  кадрлармен қамтылған. Кәсіпорындағы  жұмыс істеушілердің үштен бірі орта және жоғары маман иелері.

Кәсіпорынның барлық салықтары  уақытылы төленіп отырады және салық  ұйымы жағына қарыздар емес.

Кәсіпорынның негізгі  мақсаты кіріс алу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорын  келесі қызмет түрлерін іске асырады:

- жеңіл өнеркәсіп өнімдерін  өндіру, соның ішінде күнделікті  қажетті  нан, кондитер өнімдерін   және жоғары сапалы  азық-түлік  тауарларын дайындау, сатып алу  және сату;

- кәсіпорынның үздіксіз  белсенді және жоғары сапалы  өнім шығарып, жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

- шығарылған жеңіл өнеркәсіп  өнімінің көлемі мен сапасын  жақсартып, кәсіпорынның көлемін  үлкейту есебінде халықты қажетті  тауарлармен қамтамасыз ету;

- ұқсас кәсіпорындармен  бәсекелесте болу;

- материал құндылықтарын сату және сатып алу;

- басқа да қызмет көрсету;

- коммерциялық қызмет;

- заңда тиым салынбаған басқа да кәсіпкерлік қызметтер.

Жеңіл өнеркәсіп  өнімдерін  өңдеу фабрикасының жылына 3826 000 мың.тенгеге дайын өнім шығарады. «АЛ-САГА» ЖШС Алматы қаласында орналасқан.

Кәсіпорын шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы  заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына  және жарғысына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Кәсіпорынның дербес балансы, өзінің тауарлық белгісі, Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы  бейнеленген және мемлекеттік тілде  кәсіпорынның фирмалық атауы жазылған мөрі және өз қызметін жүзеге асыру  үшін басқа да қажетті мөрлері, мөртаңбалары мен бланктері, сондай-ақ банктерде  немесе өзге де қаржы мекемелерінде  есептік, валюталық және өзге де есеп-шоттары  болады.

Кәсіпорынның негізгі  міндеттері:

1) Өндірістік техникалық  тағайындаудың өнімдерін (жұмыстарды, қызметтерді) және халықтық тұтыну  тауарларын шығару мен сату.

2) Мемлекеттік тапсырыстарды  орындау болып табылады.

3)  Өнімдерді сату және  сатып алудағы коммерциялық қызмет.

4) Халықты, қоғамдық тамақтандыру  пункттерін сервистік қызмет  көрсету.

Қойылған міндеттерді  іске асыру үшін кәсіпорын қызметтің  мына түрлерін жүзеге асырады:

1) жеке өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асырады;

2) кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталу жағдайын тексеруді өз еркімен жүзеге асырады және жүргізілетін іс-шараларға қатысады;

3) шарттық негізде, оның  ішінде бюджеттік ұйымдарға қызметтер  көрсетеді;

4) жыл сайын филиалдардың  еңбекақы қорының мөлшерін бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда  Кәсіпорынның мүліктік және өзге  де мүдделерін қорғайды;

6) құралдарын топтастыру  есебінен жаңа өнімдерді әзірлеу,  оны өндірістік игеру саласында  бірыңғай техникалық-экономикалық  саясат жүргізуді қамтамасыз  етеді;

7) жаңа өнімдерді бірлесіп  әзірлеу, өндіру, енгізу бөлігінде  шетелдік және басқа да фирмалармен  бірлесіп істейді;

8) еншілес кәсіпорындар  маркетингтік, инжирингтік, консультациялық,  әдістемелік қызметтерді жүзеге  асырады.

Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру:

1) жеке қызметінің жеке  кірістері;

2) заңнамада көзделген  тәртіппен ұсынылатын қаржы бөлу;

3) заңнамада тыйым салынбаған  өзге де көздер есебінен жүзеге  асырылады.

Негізгі өндіріс және қосалқы  шаруашылықтар деп өнімнің өзіндік  құнына кіру тәсіліне байланысты шығындар тура және жанама болып бөлінеді. Статьялар  бойынша шығындарды топтастыру кезінде  тура шығындар элементтер кесімінде, ал жанама шығындар кешендік статьялар  түрінде құрылады.

Бухгалтериядағы міндеттері есеп беруді жасауды және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ай сайынғы нәтижесін  дер кезінде шығарады. Сонымен  қатар әрбір айдың 10-шы жұлдызында дебиторлық қарыздар, еңбек ақы анықталуы  тиіс.  Табельдермен 2 бухгалтер айналысады, бірі еңбек ақы есептеп, негізгі құралдардың қозғалысы мен амортизациясын есептеумен айналысады, материалдық столда екі бухгалтер отырады. Олардың біреуі тауарлы-материалдық құндылықтардың түсуін және жабдықтаушылар қызметін есепке алса, екіншісі тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі қозғалысын есепке алады.

Әрбір айдың 15-жұлдызында табыс  пен пайда туралы, кварталдың аяғында  әлеуметтік сақтандыру қорлары бойынша  есеп беру жасалады.Осы мерзімде 2, 10, 11 журнал-ордер , Бас кітап, статистикалық  және салықтық есеп берулері жасалады және бас бухгалтермен тексеріледі.

Экономикалық көрсеткіштерді талдаудың мақсаты біршама ақпаратталған  көрсеткіштердің жеткілікті сонан  алу болып табылады. Өнімді (жұмыс, қызмет) шығарудың өсуі құндық формулада  өндірістің экономикалық тиімділігің  талдап қорытыланған көрсеткіштерінің бірі.

Қаржы-экономикалық қызметін талдау үшін кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің және олардың нәтижелерінің  сипаттамасы қажет, олар жоспардың, есеп берудің және басқа ақпарат  көздерінің көрсеткіштерінде өз көрінісін  табады.

1-кесте - «АЛ-САГА» ЖШС қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2012ж

2013ж

Ауытқу 

Сомма

%

Қызмет көрсетуден түскен кіріс,

мың теңге

2919

4049

1130

138,7

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

30

30

-

100

Негізгі құралдардың орташа құны, мың теңге

1110

1110

-

100

Қысқа мерзімді активтердің  орташа құны, мың теңге 

1836

420

-1416

22,9

Еңбек өнімділігі, мың. Теңге

291,9

404,9

+113

138,7

Қор қайтарымы (1жол/3жол), теңге

1,59

9,64

+8,05

6 есе

Қор сыйымдылығы (3жол/1жол), теңге

0,63

0,1

-0,53

15,9

Өнімнің өзіндік құны, мың  теңге

2673

4793

+2120

179,3

Жалпы кіріс, мың теңге

246

-744

-990

-

Кезең шығыстары, мың теңге

458

-

-458

-

Салық салынғанға дейінгі  кіріс(шығың)

-212

-744

-532

3,5есе

Табыс салығы

5

-

-5

-

Таза табыс

-217

-744

-527

3,5

Дебиторлық берешек

-

-

-

-

Қысқа мерзімді активтердің  айналымдылығы 

2,63

3,65

1,02

138,8


 

1- кестенің берілгендері  бойынша көріп отырғанымыздай, тауар  өнім көлемінің өсуі өнімді (жұмыс,  қызмет) өткізуден түсетін кірістің 1130мың теңге (4049-2919) жоғарылауына  әкеледі. Дегенмен талданылатын  кезең ішінде өткізілген өнімнің  (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының  2120 мың теңге (4793-2673) өсуі, бұл шикізатқа, материалға, жанар майға, отынға және басқа элементтерге бағаның біршама қымбаттауымен туындап отыр.

Кәсіпорында өнім шығару көлемін көбейтудің маңызды факторларының бірі қажетті санда және ассортиментте негізгі түрлермен қамтамасыз етілгендік болып табылады және оларды едәуір толық және тиімді пайдалану.

Өнімнің өзіндік құнының  маңызды талдап қорытындылайтын  көрсеткіші - жалпы өнімнің шығындары болып табылады. Біріншіден, ол өте жан-жақты (өндірістің кез келген саласында есептелінеді), екіншіден, өзіндік құн мен табыс арасындағы тікелей байланысты көсетеді.

«АЛ-САГА» ЖШС қаржы нәтижелері: жалпы кіріс есеп беру жылында 990 мың теңгеге төмендеп, 744 мың теңге шығың құрады. «АЛ-САГА» ЖШС мерзімдік шығындарының мөлшері есеп беру жылында болған жоқ, өткен жылы 458 мың теңгені құрады. Нәтижесінде кәсіпорын бойынша барлық шығын 2013ж 212 мың тг құраса есеп беру жылында бұл көрсеткіш өсіп  744 мың теңге құрады. Қысқа мерзімді активтердің орташа құны 2013ж. 420 мың теңге құрады. Бул көрсеткіш 2012ж. салыстырғанда 1416 мың теңгеге төмендеді. Қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы 1 құнға кеміді. Негізгі құралдардың орташа құны есепті жылы өткен жылғы қөрсеткішпен салыстырғанда  өзгерген жоқ. Еңбек өнімділігі 2013 жылы 128,1 мың теңгеге көтерілді. Бұл кәсіпорын қызметінің төмендеген нәтежесі.

Есеп беру «Бухгалтерия» 3 бөлімнен тұрады, олар кәсіпорынның материалдар  мен статистикалық есептер негізінде  құрылған. Өндірістің бухгалтерия бөлімі есеп және талдау жұмыстарымен айналысады. Бухгалтерия жұмысын бас бухгалтер  басқарады және ұйымдастырады.

Бас бухгалтер барлық шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеуін бақылайды, бухгалтерлік баланста жетіспеушіліктердің, дебиторлық қарыздардың  және басқа да жоғалтулардың көрсетілуіне жауап береді, сонымен бірге белгіленген  мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құрастыруды  қамтамасыз етеді.

Материалдар есебі бойынша  бухгалтер-материалдардың түсуінің, жұмсалуының  есебін жүргізеді.

Негізгі құралдардың есебі  бойынша бухгалтер - негізгі құралдардың түсуінің, олардың тозуының, есептен шығуының есебін жүргізеді.

Есеп айырысу бухгалтері - еңбеккерлердің еңбек ақысымен, жабдықтаушылармен, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ басқа да дебиторлармен және кредиторлардың қарызынан болған есеп айырысулар есебін ұйымдастырады.

Жоспарлы есептеу, талдау кезінде шығындар пайда болу орындарында  топтастырылады. Негізгі өндіріс  және қосалқы шаруашылықтар деп  өнімнің өзіндік құнына кіру тәсіліне байланысты шығындар тура және жанама болып бөлінеді. Статьялар бойынша  шығындарды топтастыру кезінде тура шығындар элементтер кесімінде, ал жанама шығындар кешендік статьялар түрінде  құрылады.

Бухгалтериядағы міндеттері есеп беруді жасауды және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің айсайынғы нәтижесін  дер кезінде шығарады. Сонымен  қатар әрбәр айда дебиторлық қарыздар, еңбек ақы анықталуы тиіс. Сондықтан  әрбір айдың 1-ші жұлдызында касса, банк айналымдары жабылуы, материалдық  есеп берудің жасалуы дер кезінде  еңбекақыны журнал-ордерлер арқылы есептеліп, жылу энергиясы үшін қарыздар анықталады.

Табельдермен бухгалтер  айналысады, еңбек ақы есептеп, негізгі  құралдардың қозғалысы мен амортизациясын есептеумен айналысады, материалдық  столда екі бухгалтер отырады. Олар тауарлы-материалдық құндылықтардың түсуін және жабдықтаушылар қызметін есепке алса, тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі қозғалысын есепке алады.

Шаруашылық жүргізу субъектісінің  жұмысының өндіріс тиімділігін  арттыру жөніндегі еңбек өнімділігі мәніне қарай келесі негізгі міндеттер  анықталады: еңбек өнімділігінің  өсуі бойынша тапсырманың орындалу дәрежесін анықтау; еңбек өнімділігінің  өсу резервтерін шешу, табу және оптимальды басқару шешімдерін қабылдау.

Шаруашылық жүргізуші  субъектінің еңбек өнімділігінің  өсуі жөніндегі жоспарды өңдеу кезінде  негізгі көрсеткіш 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек өнімділігі болып табылады.

 

2-кесте - «АЛ-САГА» ЖШС-нің өнімді өндіру мен өткізуін бағалау

 

Көрсеткіштер

Өлш.

бірл

      Жылдар 

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қарқыны, пайыз

2012

2013

Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен кіріс

мың тг.

2919

4049

1130

138,7

Қызметкерлер саны

адам

30

30

-

100

Бір қызметкердің орташа жылдық өндіруі 

мың тг

291,9

404,9

+113

138,7

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

мың тг

1110

1110

-

100

Қор қайтарымы 

тг

1,59

9,64

+8,05

6 есе

Қор сыйымдылығы

тг

0,63

0,1

-0,53

15,9


 

2 - кестенің мәліметтері  бойынша, бір жұмысшының орташа  жылдық еңбек өнімділігі өткен  жылмен салыстырғанда, есеп беру  жылында 113 мың теңгеге өсті, өсу  қарқыны 138,7 пайызды құраған. Негізгі құралдардың орташа жылдық құнының өзгергенжоқ, есеп беру жылында өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен кіріс қор қайтарымның өсуіне әсер етті, ол 8,05 теңгеге көтерілді және өсу қарқыны 6 есе құрады. Осының себебінен қор сыйымдылығы есеп беру жылында 0,53 теңгеге төмендеп, өсу қарқыны 15,9 пайызды құрады.

Өзіндік құнның маңызды көрсеткіші – көрсетілген қызметтің 1 теңгеге  шаққандағы шығыны, біріншіден өндірістің кез-келген саласында өте тиімді болып саналады. Екіншіден, пайда  мен өзіндік құнның арасындағы тікелей  байланысты көрсетеді.

Өнімнің өзіндік құны және өндіріс шығындарының талдауы көрсетілген  қызмет шығындарымен байланысты болады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  оның қаржылық тұрақтылығының маңызды  белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті  нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Көрсетілген қызметтің 1 теңгеге  шаққандағы шығынын талдауына мыналар  кіреді:

қызмет көрсетуден түскен кіріс;

көрсетілген қызметті өзіндік  құны;

өндірілген өнімнің 1 теңгеге  шаққандағы шығыны;

Осылардың барлығын біріктіріп, ауытқуларын салыстырып, көрсетілген  қызметтің 1 теңгеге шаққандағы шығынын  толық талдап көрсете аламыз.

 

3-кесте  - Өткізілген өнімнің  бір теңгеге кеткен шығынын  бағалау

 

Көрсеткіштер

Өлш.

бірл.

 Жылдар

Ауытқуы

(+,-)

Өсу қарқыны 

%

2012

2013

Өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны

мың. тг.

2673

4793

+2120

179,3

Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен кіріс

мың. тг.

2919

4049

1130

138,7

Өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) 1тг кеткен шығыны

тг.

0,92

1,18

+0,26

128


 

3 - кестенің мәліметтері  бойынша, өткізілген өнімнің (жұмыс,  қызмет) бір теңгесіне кеткен  шығыны өткен жылғымен салыстырғанда  0,26 теңгеге (1,18-0,92) жоғарылады. 2012ж. өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) әрбір теңгесі 0,08 теңге кіріс келтірді (1-0,92), ал 2013ж. өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) әрбір теңгесінен 0,18 теңге (1-0,80) шығын әкелді. Бұл материалды ресурстардың үнемді пайдаланылмағанын, материалдар шығыны көлемінің жоғарылауын, бағасының қымбаттауын, сондай-ақ өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының біршама жоғарылауын білдіреді.

 Төлем қабілеттілігін  ның ұзақ мерзімді қарыздарын  уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін  анықтау үшін бағалайды.

Төлем қабілеттілігі - бұл  кәсіпорынның кредиторлары жағынан  төлемдер туралы қойылған талаптары  қарыздарын өтеуге дайындығы. Сөз тек  қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың  айналымы кезінде ақшаға айналуы  керек дебиторлық борыштар потенциалды  құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар  тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын  ақша қаражатын алады.

Сондықтан төлем қабілеттілігі  бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен жоғары кәсіпорынды  есептеуге болады. Кәсіпорынның тек  қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен  бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары  болуы керек.

Төлем қабілеттілігі белгілі  бір мерзімде қолдағы ақша сомасының  жедел төлемдер сомасына қатынасын  көрсететін төлем қабілеттілігі  коэффициенті арқылы көрінеді.  Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті  екенін білдіреді. Егер коэффициент  бірден 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының сомасын  анықтау мәселесі бойынша әр түрлі  көзқарастар бар. Төлем қабілетті  құралдарға ақша қаржыларын, қысқа  мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу  әлдеқайда тиімді, себебі олар тез  өткізіледі және ақшаға тезайналды. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивте, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелермен қарыздар: Банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа  пассивтер кіреді.

Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге  қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның  болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына  қарыз болу, еңбекке төленетін  қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге  қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі оны  қысқа мерзім ішінде (апта, жарты  ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем  қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында  есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар  жасалады.

Келтірілген ақпарат осы  мерзімде кәсіпорын өз қарыздарының ғана төлейді алатынын көрсетеді, қарыздарының төленбей қалады, бұл айыппұл санкцияларын төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына әкелетін мерзімі өткендер қатарына жатқызылады.

Ағымдағы төлем қабілеттілігінің қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық  сипаттамаларын білу керек.

Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға  бйланысты ақша қаражатының түсуі  кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту дегенді білдіреді.

Ақша қаражатын қарызға  алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгертуге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен  анықталады.

Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану  мүмкін емес.

Кәсіпорынның перспективі (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем  қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері  пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің  бірі өнімді (жұмыс,қызмет) өткізуден  түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге  қатынасы болып табылады. Есептеу  үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын  алуға болады. Бұл есепте алымы  баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі  бір кезең үшін ақша қаражатының  ағымын көрсетеді.

Циклділіктің және басқа  кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің  алымы мен бөлімінде бес жыл  ішіндегі мәліметтер алынады.

Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы