Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу

Жоспар 
 
 

Кіріспе.....................................................................................................................3 

І бөлім. Валюталық тәуекелділіктің теориялық негіздері

1.1 Валюталық  тәуекелділіктің экономикалық мәні...........................................5

1.2 Валюталық  жүйенің мәні, түрлері...................................................................8 

ІІ  бөлім. Валюталық  тәуекелділіктер  және оларды сақтаудың  негізгі әдістері

2.1 Валюталық  тәуекелдердің экономикалық мәні............................................14

2.2 Халықаралық  валюталық нарықтар...............................................................17 

ІІІ бөлім. Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу.........24 

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Зерттеудің  өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.

    Банк  жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс  істеуін қамтамасыз етуде маңызды  рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.

    Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі  қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады.         

    Курстық зерттеудің мақсаты  және міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың әдістерінің теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.

    Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

  • валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың әдістерін ұйымдастырудың теориялық тәсілдемелерін зерттеу;
  • банктерде тәуекел-менеджментін әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында, банктер қызметіндегі тәуекел-менеджменті жөніндегі қолда бар әдістемелік базаны зерттеу;
  • валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың әдістерінің теориялық қызметінің негізін қалаушы принциптерді әзірлеу мақсатында оның жұмысының бағыттары мен әдістерін зерттеу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Валюталық тәуекелділіктің теориялық негіздері

    1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні 

    Бүгінгі таңда банк секторы Қазақстанның қаржы жүйесінің ең сыйымды және жылдам дамушы сегменті болып табылады. Соңғы жылдары республиканың банк жүйесі ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен ерекшеленді. Осы процеске салық-бюджет саясатының салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан кірістің өсуі, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде пәрменді реформалар жүргізуге арқа сүйеген қолайлы макроэкономикалық жағдай ықпал етті. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) активтері 2000 жылы  
527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге дейін өсті (өсім 1581,1 %-ды құрады), меншік капиталда, сондай-ақ 97,6 млрд. теңгеден 879,5 млрд. теңгеге дейін өсті (өсім 801,1 % құрады. Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады. Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20,3%-дан 2006 жылы 91,1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігі жақын арадағы үш жылда екінші деңгейдегі банктердің меншік капиталы үш есеге, активтері екі есеге, несиелер мөлшері – 2,5 есеге, несилер мен депозиттер мөлшері – үш есеге өседі деп болжайды. Қадағаланатын үрдіс ҚР ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды олардың қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында бірте-бірте қатаңдату саясатымен тікелей байланысты.

    Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол  жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

    Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиелік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады.

    Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:

    – басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;

  • басқарушылық шешім қабылдау процесінде ақпараттық қамтамасыз етудің көзі;
  • басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алуға болатын кері байланыс механизм ретінде болады.

    Банк  тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.

    Тәуекел кәсіпорындар мен коммерциялық банктердің өзара іс-әрекет жасау жүйесінің  ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер  мен кәсіпорындардың өзара іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді бағалау  әдістемесі бар, оны  
төмендегі формула бойынша есептеуге болады:
 

   (1) 

    мұнда: Rф(сов) – өзара іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық тәуекел көрсеткіші;

    bk – топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын  мен банктің) k-ші көрсеткішінің  маңызын сипаттайтын параметр;

    Rф(r)k – топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші.

    Біз зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті  теорияларының негізінде тәуекел-менеджменттің  банк қызметіндегі маңызын білдіретін анықтаманы ұсынамыз: тәуекел-менеджмент банк қызметінде ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Осы жүйенің мақсаты банк тәуекелдерін барынша қысқарту, олардың алдын алу, қадағалау, оларды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ жоспарланған пайданы алу және банктің имиджін нарықтың тұрақты қаржы субъектісі ретінде сақтау үшін барынша күш-жігер салу болып табылады.

    Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.

    Шетелдік  тәжірибені зерттеу банк жүйесінде  тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып  табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау, тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.

     Қазақстанның  Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін  басқару мен мониторингінде тәуекелді  келесі түрлерге бөлуді ұсынады:

     1) кредит тәуекелі;

     2) пайыз тәуекелі;

     3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;

     4) операциялық тәуекел;

     5) валюталық тәуекел;

     6) баға тәуекелі;

     7) ел (трансферлік) тәуекел;

     8) құқықтық тәуекел;

     9) бедел тәуекелі.

     Банк  қызметінде кез келген операция орындағанда  тәуекелдік болады, өйткені тәуекелдіксіз  кәсіпкерлікті елестету мүмкін емес. Банк операцияларымен байланысты тәуекелдіктерді басқару – іс жүзінде банк қоржынымен, яғни банктің кірісін қамтамасыз ететін активтердің қажетті жиынымен байланысты тәуекелдіктерді басқару болып табылады.

     Банкроттық  немесе банкті тарату адамдардың түрлі  санаттарын (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор қаржы қиындықтарына ұшыратады.

     Тәуекелдерді  басқару функциясы банк қызметінің барлық бағыттарымен ұштасады. Бірқатар қаржы тәуекелдері актив операциялармен, ең алдымен кредиттік және инвестициялық қызметпен байланысты. Салымдарға, депозиттерге, құнды қағаздарға есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар түрінде қаражат тарту жөніндегі қызмет көптеген тәуекелдермен байланысты.  

    1.2 Валюталық жүйенің  мәні, түрлері

    “Валюта”  – Итальян тілінен аударғанда “баға”,  “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

    Қағаз  ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.

      Әр ел өз ақшасын металл  немесе қағаз түрінде шығарса  да оған өздерінің елтаңбасын,  король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы,  яғни валютасы екендігін айыруға болады.

    Валюталық жүйенің типтері қандай?

    Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

    Ұлттық  валюталық жүйе – елдегі ұдайы  өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

    Дүниежүзілік  валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың  дамуы негізінде қалыптасқан  және  мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес,  себебі олардың міндеттері,  қызмет етулері және реттеу шарттары,  жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын,  яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық  валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

    Дүниежүзілік  валюталық жүйені мемлекеттік –  құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші  елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен,  өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

    Аймақтық  валютадық жүйе –  валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және  экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

    Ұлттық  және дүниежүзілік валюталық  жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар мен  ұқсастықтар.

Ұлттық  валюталық жүйе Дүниежүзілік валюталық жүйе
  1. Ұлттық валюта;
  2. Ұлттық валюта айналым дәрежесі
  3. Ұлттық валютаның паритеті;
  4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі;
  5. Халықаралық валюталық өтімділік;
  6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
  7. Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы;
  8. Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы;
  9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының  режимі;
  10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар.
  1. Халықаралық есептесу бірлігі,  резервтік валюталық;
  2. Валюталардың өзара айналымдығының шарты;
  3. Валюталық паритеттердің бір тұтас режимі;
  4. Валюталық бағамдар режимдерінің регламентациясы;
  5. Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу;
  6. Валюталық шектеуді мемлекет аралық реттеу;
  7. Халықаралық несие айналыс құралдарын пайдаланудың бір тұтас ережесі;
  8. Халықаралық есеп айырысудың негізгі формасының бір тұтастығы;
  9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарығының режимі;
  10. Мемлекет аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар. 
 

    Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға негізделетін болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе бір немесе бірнеше резервтік валюталарға,  халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын,  басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін,  валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте,  тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін,  халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Валюталық жүйенің даму кезендері

Валюталық жүйенің дамуының төрт кезені бар:

  • бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.
  • екінші дүниежүзілік  валюталық  жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді,  бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.
  • үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп,  онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:

      Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ  доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі  бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып,  ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

  • төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға  мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

    а) СДР  стандарты енгізілді,  бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды,  себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланады (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі 40%,  ресми валюталық резервтерде - 60% жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық париттеттерін кез – келген валютада белгілеуге құқық берілген,  соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды;

    б) Алтынды  демонетизациялауға заңды түрде  тиым салынды; ресми баға,  алтындық паритет алынып тасталып,  доллардың  алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

    в) Валюталық  бағамдар режимын таңдауға құқық берілді (1973 жылдың 6 – шы наурызынан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

    г) ХВҚ  арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда – саттық жүргізетін ресми орталық.

Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды  бөліп қарауға болады:

  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшейуі;
  • байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
  • әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операция жасау;
  • банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
  • коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырған алып сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту;

Валюталық операциялардың көлеміне,  сипатына және пайдаланатын валюта тобына қарай  қазіргі валюталық нарықтар халықаралық,  ұлттық және аймақтық болып бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ  бөлім. Валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың негізгі әдістері

    2.1 Валюталық тәуекелдердің экономикалық мәні

    Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

    Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының  және сапалық бағаның өзгерісі себебінен  бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын  жоғалтулармен байланысты тәуекелдер. 
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:

    1)   жіберіліп қойған пайда тәуекелі;

    2)   табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

    3)   тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

    Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі  бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі. 
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.

    Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің  пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып  алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді. 
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер. 
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері  жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.

    Пайыздың  нарықтық мөлшерлемесінің өсімі  бағалы қағаздардың бағамдық құнының  төмендеуіне алып келеді, әсіресе  тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.

    Нарықтық  тәуекел – нарық өлшемдерінің (валюталық бағам, сыйақы мөлшерлемесі, қаржылық құралдар құны және т.б.) қолайсыз өзгерістеріне байланысты шығын  мүмкіндігін білдіреді. Нарықтық тәуекел Банк табысының жекелеген құралдар мен/немесе эмитенттер және заемшылар бойынша шығын ықтималдылығына байланысты сыртқы орта құбылмалылығына тәуелділігін анықтайды.

    Нарықтық  тәуекел түрлері: пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және баға тәуекелі.

    Пайыздық  тәуекел – төмендегілерді қамтитын сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыс (шығын) туындау  тәуекелі, банктің тартылған міндеттемелері мен орналастырылған активтерін қайтару және өтеу мерзімдерінің  сәйкессіздігінен шығыс (шығын) туындау тәуекелі (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде);

    банктің бір жағынан банк активтері және екінші жағынан міндеттемелер бойынша  мөлшерлемелердің алуан түрін қолдануы салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі;

    басқа тең талаптарда ұқсас бағалық сипаты бар құралдар қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты базистік тәуекел.

    Пайыздық  тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты  – Банк қаржы құралдарының ағымдық  табысына және Банк капиталының экономикалық құнына нарық мөлшерлемелерінің құбылуының теріс ықпалын минималдандыру.

    Пайыздық  тәуекелді басқарудың негізгі мақсатына  қол жеткізу үшін іске асырудың төмендегідей ретті сатыларымен пайыздық тәуекелді  басқару жүйесі құрылады.

    пайыздық  тәуекелді бағалау – Банктің  саналы уақыт аралығында пайыздық тәуекелге  бейімділік деңгейін сандық мәнде бағалауға  қабілетті пайыздық тәуекелді бағалаудың түрлі әдістерін тиімді пайдалану (пайыздық GAP, Маколей дюрациясы, таза пайыздық пайда мен жеке капитал симуляциясы);

    пайыздық  тәуекел көлемін бақылау –  пайыздық тәуекел көлеміне шек белгілеу және пайыздық тәуекелді минималдандырудың  түрлі әдістерін қолдану негізінде жүргізіледі;

    пайыздық  тәуекелге мониторинг жүргізу –  Банктің ағымдық позицияларына  пайыздық тәуекел және белгіленген  шектерге сәйкестік дәрежесі бойынша  үнемі мониторинг жүргізу.

    Банктің ішкі нормативтік құжатына сай пайыздық тәуекелді басқару процедурасын іске асыруға Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жауапты.

    Валюталық тәуекел – банктің өз қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыс (шығын) туындау тәуекелі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позициясын құндық мәнде асыра бағалаудан туындайды.

    Валюталық тәуекел ағымдық валюталық тәуекел, девальвация тәуекелі және валюталық  реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі болып  бөлінеді.

Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу