Валюта нарығының теориялық негіздері

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1.Валюта нарығының  теориялық негіздері.....................................................4

 

1.1Валюта нарығың мәні

1.2 Экономикадағы  валюталық  курстардың  енгізілуі

1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы

 

2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы

 

2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге  қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері

2.2 Қазақстан Республикасының  теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16

2.3 Қазақстандағы валюталық  нарығына талдау................................................19

 

3.Валютаның  нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22

 

3.1Валютаның нарығының  тұрақтандыру проблемалары.................................22

3.2 Валюта нарығының жетілдіру  жолдары........................................................26

 

Қорытынды............................................................................................................30

 

Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының  валюта нарығы». Жалпы, валюта негізінен  екі мағынада қолданылады.

Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің  элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті  қалыптастыруға және халықаралақ төлем  айналымын қамтамасыз етуге қажетті  валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол фирмада және қолма-қол емес формада болады. Оның элементтері орталық банк және коммерциялық банктер.

Дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде  құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.

Аймақтық валюта жүйесі – дүниежүзілік валюта жүйесінің  шеңберінде батыс Европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.

Бұл жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол үш тараудан тұрады. Бұл тараулардың әр қайсысы өте маңызды,әрі ерекше. Курстық жұмысым тек қана үш тараудан тұрмай, ол бірнеше бөлімдерден, әдебиеттерден, қосымшалардан 1тұрады.

Бірінші тарауда, ҚР-ның  Ұлттық валютасы зерттелген. Мұнда  валютаның мәні, нарығы, бағамы, жүйесі, факторы, паритеті, халықаралық есеп айырысу балансы қарастырылады.

Екінші тарауда, валютаның  даму кезеңдері де қарастырылып,зерттелген. Мұнда ҚР-ның валюта жүйесі, төлем  балансы, валюта ресурстарының қалыптасуы, пайдалануы қарастырылады.

Үшінші тарауда, Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары  туралы қарастырылады. Оның ішінде инфляциямен  күресу жолдары туралы айтылған.

Курстық жұмыстың мақсаты  мен міндеті валютаның қайшылықтарын  қарастырып, валютаның мәнін, оның жүйе қатынастарын талдау және Қазақстандағы Ұлттық валютаның банктегі қызметін атау.

 

 

 

1.Валюта нарығының  теориялық негіздері

 

1.1Валюта нарығың  мәні

 

«Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады. Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі деп. Екіншіден, шетел мемлекетінің ақша белгісі ретінде мұнда олардың несие және төлем құралдары көрінісін алады.

Ал жалпы түсінікке  келсек, валюта халықаралық төлем  – есеп айыру айналымындағы ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі болып табылады. Валюта қатынастары деп ұлттық ақша бірлігін халықаралық есептесуде қолданғанда пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтықтары аталады.

Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық. Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын сипатына қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық (жергілікті).

Қандай ел болмасын, ол басқа елдермен есептескенде, шетел валютасын қолданады. Сондықтан шетел тауарлары мен қызметтерін өтеу қажеттігі валюта айырбасы мәселесін тудырады. Валюталар сыртқы валюта нарықғында сатылады. Осы сатылымдар әлемдік қаржы нарығының елеулі бөлігін құрайды. Мемлекет валюта қатынастарын Орталық (Ұлттық) банк арқылы реттеп отырады. Бірақ валюта нарығы – децентрализацияланған (бір орталыққа бағынбайтын) нарық болып табылады. Бұнда Орталық банктен басқа көптеген мекемелер мен делдалдар әрекет етеді. Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында орналасқан. Оның ішінде Хондайдағы, Нью – Йорктегі,  Франкфурт-на-Майнедегі, Токиодағы, Париждегі, Цюрихтегі, Сингапурдағы, Гонконгтағы ірі валюталық нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырлады. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс орналасады, тауар нарығында әрекет заңдылықтар осы нарыққа да тән болады.

Валюталық нарықтағы  операцияларға банктік функционалдық  көзқараспен қарасақ, валюталық  нарық – халықаралық  есеп айырысу, валюталық операциялардың жиынтығы.

Сыртқы валюта нарығының  институттарына Орталық банк, ірі  коммерциялық банктер, банктік емес дилер мен брокерлер жатады. Коммерциялық банктер валютамен жасалатын  сатып алу – сату  операцияларының ірі мүшесі болып табылады. Дилер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни олардың қарамағында корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда табуға валютаны «сатушы бағасымен» сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер  жеке фирмалардың шетел валютасын  сатып алу туралы тапсырмасын  орындап, брокерлер рөлін атқаруы  мүмкін. Валюта нарығы өте үлкен  нарық, сондықтан осы нарықта  банктік емес дилерлік және брокерлік  фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының жағдайы төмен және брокерлік фирмаларда демократиялық жүйелер дамымаған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдалдары мен мүшелерінің саны өте көп болады.

Валюта нарығында есеп айырысу қолма – қол ақша арқылы және қолма – қол ақшасыз жүргізіледі. Біріншіден валюта, немесе, жол шегі қолданылады. Қолма –қол ақша айналымы қаржы операцияларының өте аз шамасын құрады. Жол шегі валюталық аккредитивтің бір түрі болып табылады. Демек, «Американ Экспресс» компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір дисконт бойынша, шетелде коммерциялық банкте қолма – қол валютаға айырбастап алуға болады, немесе, ірі қонақ үйлерінде, ресторанда, әмбебап дүкенде, сауда орталығында есеп айырбастауға болады.

Қолма – қол ақшасыз  төлемдерді коммерциялық банктер телеграф арқылы, немесе, аударылатын вексель  арқылы орындайды. Осы вексельдер кейін, белгіленген мерзімде төленуі мүмкін және ел ішіндегі айналымда жүретін  қарапайым вексель түрінде айналуы  мүмкін.

Экспортерлер мен импортерлердің шығындары ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің ұлттық валютасы қажет. Бұны алу үшін ол шетел валютасын өз елінің валютасына сатады. Ұлттық ақша түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы мен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. Әдетте, валюта курсы – бұл басқа елдің ақша бірлігі түрінде белгіленген, ұлттық ақша бірлігінің бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел валютасының бірлігін сатып алу үшін қажет теңгенің саны немесе бір теңгені сатып алу үшін қажет шетел валютасы бірлігінің саны.

Валютаның сұранысы мен  ұсынысының көлемі оның бағасына –  валюта курсына тәуелді болады.

Біртұтас халықаралық валюта нарығына әр орталығында бір валютаның өзінің курсы әр түрлі болып қалыптасуы мүмкін. Валюта дилерлері бір жерде валютаны сатып алып, оны екінші жерде сатып, біртұтас халықаралық валюта нарығының шеңберінде валюта курсының бір дәрежеде қалыптасуына ықпал етеді.

Валюталық нарық белгілеріне  қарай мынадай түрде жіктеледі:

  1. Орналасу аумағына қарай:
  • Халықаралық;
  • Ішкі;
  • Аумақтық
  1. Валюталық шектеуге қатысты:
  • Еркін нарық;
  • Еркін емес;
  • Валюталық.

Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін  емес нарық деп, ал валюталық  шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деуге болады.

  1. Валюталық бағамның қолдану түрлеріне қарай:
  • Бір ғана режимді;
  • Қос режимді.
  • Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.          

Валюта  жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайданалатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын, сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы -21, жапон иені – 18, франсуздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;             - валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;            - валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер берте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылғы Ресей ХВҚ жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.       - төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына, ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің) халықаралық валюта өтімділігін реттеу;     - халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;       - валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;      -валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).           Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілді.          Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.           Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүиежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.

 

1.2  Экономикадағы   валюталық  курстардың  енгізілуі

 

        Валютаның  курсы – оларға  сұраным мен ұсынымның  арақатынасымен  анықталады. Сұраным мен ұсынымның   әсерімен валюталық курстың құбылуы күшті валютаға да, сонымен бірге әлсіз валютаға да тән болады. Валюта курсын қою 1 -  схемада көрсетілген (Р- шетел валютасының бағасы,

А – шетел валютасының  саны

        Шетел  валютасына сұраным  мөлшері мына  фактордан тәуелді  болады:

    1. елдің  импортта тауар  мен қызметке қажеттіліктерінен;
    2. туристер шығынан;
    3. елдің міндетті түрде орындайтын  әртүрлі төлемдерінен және тағы  басқаларынан.

        Валютаны ұсыным мөлшері елдің  экспорт көлемімен, мемлекет алатын  заемдермен және тағы  басқаларымен анықталады. Жалпы, сұраным мен ұсынымға байланысты  валюта курсының  қалыптасуы, өздігінен валюталық ара қатынасқа  әсер ететін нақты процестер туралы ештеңе айта алмайды, валюта курсына, тікелей және жанама түрде  елдің  ішкі және сыртқы  экономикалық қатынастарының барлық  жиынтығы әсер етеді.

        Валюта курсының динамикасына  әсер етеін факторлардың ішінен  мынаны айтуға болады:

  • ұлттық  табыс  және  өндіріс  шығындарының  деңгейі;
  • ақшаның нақты  сатып алу қабілеті және елдегі инфляция  деңгейі;
  • валютаның сұраным мен ұсынымына әсер етеін төлем балансының жағдайы;
  • елдің пайыз нарқының деңгейі;
  • дүниежүзілік нарықта валютаға сенім және т.б.

        Қолдану саласы мен тәртібіне  қарай валюталар:

      а) еркін  толық айналымды  (конверсияланатын), яғни кез келген шетел валютасына  белгілі бір эквивалент (балама) бойынша шектеусіз айырбасталатын, ішінара айналымды, яғни, барлық валюталық операциялар бойынша айналымды бола алмайтын; басқа шетел валютасына айырбастала алмайтын болып бөлінеді.

        Сонымен қатар,  валютаның  қаржылық  және тауарлық  конверсиялануы болады. Қаржылық - бұл шет мемелекеттің валюталарында конверсиялануы.

        Тауарлық -  кез келген тауарда сатып алу қабілеті.

        Конверсиялануына  қарай  валюталарды   сыртқы және ішкі валюта деп айырады.

        Валютаның сыртқы  конверсиялануы  деп бұл ұлттық валютаны ел  ішінде  де, одан тыс жерде де  шетел азаматтарының пайдалануына  шектеудің  болмауы. Бұндай  жағдайда, ішкі нарықтық механизм  ұлттық валютаның  кез келген  валютаға, тауар массасына, әр түрлі бағалы қағаздарға (мемлекеттік, жекеменшік) конверсиялануына кепілдік береді.

        Сыртқы экономикалық қатынастарда  мемлекеттің, ұлттық, валютаны (теңгені)  резиденттерімен (жеке және заңды  тұлғалар) пайдалануды шектеуден  бас  тартушы валютаның ішкі конверсиялануына  жағдай  жасайды. Дүниежүзілік  тәжірибе  көрсетіп отырғандай, әдетте, конверсиялану түрлерінің әр түрлі үйлесуі орындалады. Қазіргі таңда ұлттық валютамыз - теңгенің конверсиялануы экономикалық реформаның  міндеттерін  шешудің өзіндік ерекшелігі бар «кілті» болып табылады. Енді, шетел валюта  курсының биржалық котировкасын қаралық[7].

        Валютаның айырбас курстары әрдайым  өзгеріп отырады, оның өзі валютаның  сұраным  мен ұсыным жағдайларына  сезімталдығын көрсетеді. Мысалы, 1994 жылы 19 мамырда Қазақстан Валюта делдалханадағы кезекті сауда – саттықта шетел валютасының курстары төмендегідей болып белгіленеді (Қосымша 1  көрсетілген).

             Қазақстанда  өндірістің  құлдырауы,  өсіп бара жатқан бюджет тапшылығы және  инфрақұрылымның  өсуі жағдайында теңгені конверсияландырудың қажетті шарттары мыналар болуы мүмкін:

    1. импортты  алмастыратын өндірісті дамыту мақсатында, оның технологиялық профилін өзгерту, қайта құру;
    2. мемлекеттің төлем балансын жақсарту;
    3. инфляция қарқынын бәсеңдету.

        Осы көрсетілген факторларды  ескермей, қандай да  болмасын  қатаң ақша – несие саясатын  жүргізу  арқылы конверсиялануға  жету мүмкін емес. Қазіргі таңда   валютамен қамтамасыз ету, оны  қажетті деңгейде  ұстап отыру,  басты міндеттерінің бірі болып табылады.

        Қазақстан валютасын қорлау туралы  халықаралық валютамен, бүкілдүниежүзілік  Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің   бірқатар  дамыған  елдерінің   үкіметтерімен  келісімге  қол қойылды, жеткізілді. Дегенмен,  ұлттық валютаның тұрақтылығын,  оның халықаралық  деңгейде  сатып алу  қабілетін орнықтыру, біздің  ішкі  потенциялымызды пайдалануымыздан, экономикалық реформаларды Қазақстаннның ерекшелігін ескере отырып, байыпты  түрде жүзеге асырудан тәуелді болмақ [5].

        Валютаны  тұрақтандырудың  нулликафикация, девольвация және револьвация  сияқты әдістері бар.

        Ақшаны  нулликафикация – мемлекеттің аса ауыр  инфляция жағдайында, құны түскен қағаз ақшаларды жарамсыз деп жариялауы.

      Девольвация – ұлттық валюта  курсын шетел курсына немесе халықаралық есептік ақша бірліктеріне қатысты ресми түрде төмендету.

        Револьвация – бұл, егер инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда жай қарқынмен өсетін,  төлем балансы белсенді, ал несие берушілермен импорттардың мүддесі қарыздар  мен экспорттардың мүддесіне басым түскен жағдайда  жүзеге асырылатын ұлттық валюта курсын шетел валюталарына қатысты түрде көтеру.

        Екі валютаның айырбас кезіндегі   құндық арасалмағы, бір елдің  ақша өлшеміне шаққандағы бағасы, валюталарды айырбастау баламасы, кейбір бухгалтерлік есеп айырысуларда  шетелдік  екі валютаның теңгемен салыстырғандағы баламдарымен (курстармен) белгіленетін осы валютаның ара салмағы  кросс – курс дейтінді қолдану керек. Мысалы, АҚШ доллары 1,7 дм – ге пара - пар болады. Ол ұлттық  эмиссиялық банк немес қандай да болсын  құзырлы  мемлекеттік валюталық орган белгілеген ресми курс болуы және банктер арасындағы операцияларда,  валюта рыноктарында сұраным мен ұсынымның өзгеруіне орай  өзінің  құндық негізінен ауытқып отырады. Төлем балансының жай – күйін айқындаушы  болып табылады. Сайып келгенде,  нарық тетігі туындаған үйлесімдіктерді икемдеу бағытында  әрекет еткенімен, олар халықаралық экономикалық айырбастың серпініне, бағамы мен құрылымына, әсіресе қаржы биржасы байланысы саласында елеулі әсер етеді, сөйтіп ең алдымен жекелеген салалар мен өндірістің дамуына, экономикалық өсу қарқынына ықпал жасайды. Шетелдік ақшаға сұраным мен ұсыныстың айқындалатын  және еркін көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін валюта курсы икемді, құбылмалы валюта курсы деп атайды. Валюталық нарық практикасында еркін құбылмалы валюта курсы жүйесінде неғұрлым жоғары бағам – сатушы бағамы мен неғұрлым төмен бағам сатып – алушы бағамы болады (Қосымша 2 көрсетілген).

        Екі валюта бағамы арасындағы айырма – кәсіпкерлер валюталық операцияларды жүзеге асыратын банктердің табысын құрайды.

        Ұлттық валюталар (түрлі елдердің  ақша өлшемдері) арасындағы (заңдық  тәртіппен айқындалған  валюталық  тепе – теңдік негізінде ресми белгіленген  ара салмақ тіркелген валюталық курс болып келеді). Оның қолданылуы, әдетте, халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және басқа  халықаралық институттың қызметімен байланысты, олардың шеңберінде  мүше елдердің валюталық тепе – теңдікті, қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылатын арнаулы өзара қарыз құқықтары негізінде келісу көзделеді. Валютасы  айырбасталатын елдердегі инфляцияның деңгейі немесе ескерілмейтін айырбасталатын валютаның ағымдағы бағасына, шағын есептелген валюталық бағам атаулы – валюталық бағам деп аталды, ал валютасы айырбасталатын елдерде базарлық жылмен салыстырғанда бағаның деңгейіндегі өзгерістер ескерілетін валюталық бағам – нақты валюталық бағам деп аталады.

        Сөйтіп, валюталық курс экспортпен  импорттың ауқымына ықпал жасайды. Олар, өз кезегінде қаражат  құралдары арқылы экспорт пен импортқа салынатын  салықтар, кеден жарналары алынған, бөлінетін  қаражат ресурстарының көлеміне  мемлекеттің  және сондай – ақ экспорттық немесе импорттық  тауарлардың және  қызметті  жағдайында  ықпал жасайды.

  

1.3 Әлемдік  шаруашылық және халықаралық  валюта жүйесі

 

Әлемдік шаруашылық –  бұл халықаралық еңбек бөлінісінің  жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономикалық қатынастар қалыптастырады. Олар келесі нысанада болады:

-   халықаралық сауда

  • капитал шығару және халықаралық несие
  • халықаралық валюта қатынастары
  • халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы
  • ғылым және техника аумағында халықаралық айырбас

Халықаралық сауда (ХС) – бұл тауар мен қызмет көрсету экспорты арқылы жүретін халықаралық экономикалық қатынастардың түрі.

ХС болдыратын себептер:

  • бөлу теңсіздігі және әр түрлі елді экономикалық қатынастың ресурспен қамту
  • әр елде әр деңгейдегі технологияның болуы.

ХС маңызы:

- ұлттық ресурс негізінің  шектігінен өту

- ішкі рынокты кеңейту  және ұлттық нарықты әлемдік  рынокпен байланысын орнату

- ұлт және халықаралық  өндіріс артықшылығы айырмасының  арқасында қосымша табыс табу

- шетел ресурсын тарту  арқылы өндіріс ауқымын кеңейту.

ХС көлемі мынадан  көрінеді: экспорт, импорт, таза экспорт. Осы көрсеткіштердің ЖҰӨ қатынасы олардың экономикада орнын және өсуін көрсетеді.

ХС – ның пайдасы  әр экономикалық мектепте әрқалай бағаланады:

  • Меркантилистер импорт экспорттан асу керек деді
  • А. Смит ойынша, басқа ел арзан бағамен өндіретін тауарды сатып алу керек. Әдебиетте оның теориясы «абсолютті артықшылық теория» деп атады.
  • Д.Рикардо «салыстырмалы артықшылық теориясын» жасаған

ХС пайдасын бағалағанда  абсолютті емес, қатысты әсерді салыстыру  керек, оның ойынша, егер әр тауарды  шығыны аз елдер өндіру керек, сонда өндірілетін тауар көлемі максималды болады, - деп көрсетті.

Келе – келе Д.Рикардо  теориясын А.Маршалл мен Д.Милль  дамытқан.

Мемлекет протекционизм  және еркін сауда саясатын жүргізу  арқылы экспорт пен импорт қатынасын  реттейді.

Протекционизм – бұл импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шетел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.

Фритредер – еркін сауда саясаты.

Протекционистік саясаттың  келесі бағыттары бар:

  • импорт кезінде жоғары кеден алымы бар және экспорт кезінде төмен мөлшердегі кеден салымдары;
  • тарифтік барьерлер: контингентирлеу, лицензиялау, мемлекеттік монополия.

Контингент – жеке тауар импорты мен экспортына квота қою.

Лицензиялау – бұл сыртқы экономика қызметін жүргізуге бір ұйымның рұқсат алуы.

  Мемлекеттік монополия – бұл мемлекеттік органдардың сыртқы экономика қызметін жүргізуге берілетін ерекше құқық.

Фритредер ХҮІІІ ғасыр  соңында процекциондық әрекетке қарсы пайда болды, ХІХ ғасырда  Англияда ресми экономикалық саясат ретінде қабылданды. Фритердің негізі Д.Рикардоның «салыстырмалы артықшылық теориясы» жүзінде тіркелді. Қазіргі кезде фритредер жеңіске жетіп, «ашық» экономика теориясына енгізілді.

Елдің ағымды сыртқы экономикалық жағдайын төлем балансы көрсетеді. Төлем балансы – бұл шетелге  төлем мен белгілі бір уақыттағы шетелден түскен кірістің қатынасы. Төлем балансының ірге тасы – сауда балансы. Сауда балансы – бұл тауар экспорты мен импортының қатынасы. Оның негізінде шекарадан өткен тауар жайлы кеден статистикасының берілгені жатыр.

Капитал шығару – бұл ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып тастап, басқа елдегі өндіріске әр түрлі нысанада енгізу.

Капитал шығарудың  мақсаты- артықшылық арқасында басқа елде жоғары көлемде табыс табу, бұл  ұлттық шаруашылық шартымен

Экономикалық – төменгі квалификацияланған жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және ұсыныстың өсуі, дамушы елдерде жоғары білімді мамандарға сұраныстың өсуі, халықаралық жалақы айырмашылығында айқындалады.

Экономикадан  тыс – демографикалық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық т.б. факторларға байланысты дамиды.

Валюта (баға, құн) – мемлекеттікақша бірлігі. әрелдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.

Ұлттық валюта негізінде  әлемдік валюта жүйесі болады.

Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы рынокта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.

Халықаралық валюта жүйесі стихиялы қалыптасқан немесе заңдармен  және халықаралық келісімдермен  бекітілген, халықаралық есеп жүргізу  құралдары, ережелері және әдістерінің жүйесі болып табылады. Ол бірнеше элементтерден тұрады:

  1. Негізгі халықаралық төлем және есеп құралдарын белгілеу.
  2. Валюталық паритеттер мен валюталық курстардың тәртіптері.
  3. Валютаның конвертациялану шарттары.
  4. Мемлекетаралық валюта нарықтары.
  5. Халықаралық валюта қатынастарын реттейтін мемлекетаралық институттар.

Халықаралық валюта жүйелерін  зерттеуді алтын стандартынан бастаған жөн. Алтын стандарты Англияда ХІХ  ғасырдың басында пайда болған, ал 70-жылдары ол халықаралық ақша жүйесіне айналды. Алтын стандарт жүйесі төменде аталған шарттарға негізделеді:

    • Ақшаның басты формасы болып табылатын алтын монеталар айналымда болады, ақшаның барлық басқа формалары номиналына сәйкес алтынға айырбасталады. Әр ел өзі ақша бірлігінің белгілі алтын «мазмұнын» белгілейді;
    • Елдегі ақша ұсынысы әлемдік ақшаның және халықаралық төлем құралдарының бас резерві болып табылатын ресми алтын запасының объектісімен тікелей байланысты болады;
    • Алтынның экспорты мен импорты еркін жүріп отырады. Алтын стандарты болғанда валюта курсы валютаның алтын салмақ мөлшері алтын паритеті негізінде белгіленеді. Мысалы, фунт стрелингтің алтын салмақ мөлшері 0,25 унцияға тең, ал доллардікі -0,05 унцияға. Сонда валюта курсының дәрежесі былай белгіленеді: 1ф.с.т. = 5 долл.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алтын стандартының шектелген формалары – құйма алтын стандарты және алтын девизді стандарты қолданыла бастады. Біріншіден алтын монетарар айналымы болмайды және орталық банктер банкноттарды тек стандартты салмағы бар (12,5кг) құйма алтынға айырбастайды. Екінші жағдайда, орталық банктер өздерінің банкноттарын алтынға емес, алтынға айырбасталатын шетел валютасына айырбастайды.

Алтын стандартының осы  екі түрінің мәні мынада: ішкі айналыстан алтын толық алынып, ол әлемдік  ақша ретінде мемлекеттің қолында жинақталды.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары  алтын стандарты, көп себептердің  нәтижесінде, дамып келе жатқан халықаралық  экономикалық қатынастардың қажеттігін қанағаттандыра алмайтынын айқындады.

Халықаралық жаңа валюта жүйесінің негізгі принциптері 1944 жылы Бреттон – Вуд қаласында (АҚШ, Нью-Гэмпшир штаты) 44 мемлекеттің конференциясында айқындалады.

Осы конференцияның шешімдері  бойынша мына жағдайлар қарастырылады:

    1. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Халықаралық реконструкция жүргізу және дамыту банкі (ХРДБ) құрылды.
    2. алтынға ақша бірлігінің халықаралық құнының өлшеуші рөлі қайтарылды. Алтынның ресми бағасы белгіленді – алтыншы 1 трой унциясы 35 долларға теңдестірілді. Аталмыш жүйенің мүшесі - әрбір ел өз ақша бірлігінің алтындық немесе долларлық мазмұнын белгілеуге тиісті.
    3. барлық елдер өз валютасының курсын доллармен салыстыру арқылы белгілейтін міндеттеме алды.
    4. курсты қолдау үшін өзіндік алтын қорын, шетел валютасының тұрақтандыру қорын немесе ХВҚ-ның қарызын пайдалануға болады.
Валюта нарығының теориялық негіздері