Валюта нарығының қалыптасуы

Жоспар

 

Кіріспе............................................................................................3

І –бөлім.  Валюта  нарығының қалыптасуы

1.1.  Валюта  нарықтары................................................................5

1.2.  Халықаралық  валюта  нарықтары.......................................7

1.3 Халықаралық валюта  курсының қалыптасуы.....................................10

ІІ-бөлім.  Халықаралық қаржы нарығындағы

 валюта   жүйесі

    1. Валюта  жүйесі....................................................................11
    2. Халықаралық  валюта  жүйесінің қаржы

         нарығындағы маңыздылығы..............................................14

Қорытынды................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 «Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады. Біріншіден, елдің ақша бірлігі-оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі. Екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлемқұралдары көрінісін алады.

Ал жалпы түсінікке келсек, валюта халықаралық төлем-есеп айыру айналымындағы  ұлттық ақшаны пайдаланудың ерекше әдісі  болып табылады. Валюта қатнастары деп,ұлттық ақша бірлігін халықаралық есептесуде қолданғанда пайда болатын, экономикалық қатнастардың жиынтықтары аталады.

Қандай ел болмасын, ол басқа елдермен есептескенде, шетел  валютасын қолданады. Сондықтан  шетел тауарлары мен қызметтерін  өтеу қажеттігі валюта айырбасы мәселесін тудырады. Валюталар сыртқы валюта нарықтарында сатылады. Осы сатылымдар әлемдікқаржы нарығының елеулі бөлігін құрайды. Мемлекет валюта қатнастарын Орталық (Ұлттық) банк арқылыреттеп отырады. Бірақ валюта нарығы-децентрализацияланған (бір орталыққабағынбайтын) нарық болып табылады. Бұнда Орталық банктен басқа, көптеген мекемелер мен делдардар  әрекет етеді. Қаржы нарығының аса ірі орталықтары Лондон, Нью-Йорк, Майндағы-Франкфрут , Токио, Мәскеу қөалалары. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс орналасады,тауар нарығында әрекет ететін заңдылықтар осы нарыққа да тән болады.

Сыртқы валюта нарығының  институттарына Орталық банк, ірі  комерциялық банктер, банктік емес диллер мен брокерлер жатады. Комерциялықбанктер валютамен жасалатын сатып алу-сату операцияларыныңірі мүшесі болып табылады. Диллер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни олардың қарамағында корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда табуға валютаны «сатып алушы бағасынан» жоғары болатын «сатушы бағасымен» сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер  жеке фирмалардың шетел валютасын  сатып алу-сату турулы тапсырмасын  орындап, брокерлер ролін атқаруы  мүмкін. Валюта нарығы өте үлкен  нарық, сондықтан осы үлкен нарықта банктік емес диллерлік және брокерлік фирмаларда әрекеттерін жүргізе алады. Экономикасының жағдайы төмен және демократиялық жүйелер дамымаған елдерде «қара» валюталық нарықта әрекет ететін, тіркеуден өтпеген келісімдердің делдалдары мен мүшелерінің саны өте көп болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І –бөлім.  Валюта  нарығының қалыптасуы

1.1.  Валюта  нарықтары

  Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Біріншіде валюта, немесе, жол шегі қолданылады. Қолма-қол ақша айналымы қаржы операцияларының өте аз шамасын құрады. Жол шегі валюталық аккредитивтің бір түрі болып табылады. Демек, «Американ Экспрес» компаниясының кең тараған жол шегін, белгілі бір дисконт бойынша, шетелде коммерциялық банкте қолма-қол валютаға айырбастап алуға болады, немесе, ірі қонақ үйлерде, ресторанда, әмбебап дүкенде, сауда орталығында есеп айырысуға болады.

Қолма-қол ақшасыз  төлемдерді  коммерциялық банктер  телеграф арқылы, немесе, аударылатын  вексель арқыла орындайды. Осы вексельдер немесе, белгіленген мерзімде төленуі мүмкін және ел ішіндегі айналымда жүретін қарапайым вексель түрінде айналуы мүмкін.

Экспортерлер мен импортер лердің шығындары ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің ұлттық валютасы қажет. Бұны алу үшін ол шетел валютасын өз елінің валютасына сатады. Ұлтық ақша түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатнасымен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. әдетте, валюта курсы- бұл басқа елдің ақша бірлігі түрінде белгіленген, ұлттық ақша бірлігінің бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел валютасының бірлігін сатып алу үшін қажет, теңгенің саны, немесе бір теңгені сатып алу үшін қажет, шетел валютасы бірлігінің саны.

Валютаның сұранысы мен  ұсынысының  көлемі оның бағасына – валюта курсына тәуелді болады.

Біртұтас халықаралық  валюта нарығының әр орталығында  бір валютаның өзінің курсы әртүрлі  болып қалыптасуы мүмкін. Валюта диллерлері бір жерде валютаны сатып алып, оны екінші жерде сатып, біртұтас халықаралық валюта нарығының шеңберінде валютакурсының бір дәрежеде қалыптасуына ықпал етеді.

Халықаралық  экономикалық  операцияларды  жүргізу  үшін  ұлттық  валютаны  халықаралық  төлем өлшеміне  айырбастау  қажет.  Айырбастау  процесі  белгілі  бір  мерзімге  және  белгілі бір күнге деп екіге бөлінеді.

Әр  түрлі  мемлекеттердің  ақша  өлшемдерінің  ара  қатынасы,  яғни  басқа  елдің   (немесе  халықаралық  ақша  өлшемінде)  ақша  өлшемімен  көрсетілген,  бір  елдің  ақша  өлшемінің  бағасы – валюта  бағамы  деп  аталады.  Валюта  бағамы:  халықаралық  валюталық,  есеп  айырысу,  несие  қаржылық  операцияларды  жүргізу  үшін  қажет.  Мысалы,  экспортшы,  шетел  валютасымен  түскен  түсімді  ұлттық  валютаға  айырбастайды,  себебі  басқа  елдің  валютасы  бұл  мемлекеттің  жерінде,  күнбе-күнгі  жағдайда  ақша  қаражаты   ретінде  айналысқа  түсетін  құқы  жоқ.  Ал импортшы,  шетелден  сатып  алған  тауарларға  төлеу  үшін,  шетел  валютасын  сатып  алады. 

Валюта  бағамының  қалыптасуы – көп  факторлы  процесс.  Валютаға  сұраныс пен ұсынысқа  әсер  ететін  факторлар мыналар:

1.  инфляция  қарқыны;

2.  пайыз  мөлшерінің  деңгейі;

3.  бағалы  қағаздардың   табыстылық  деңгейі;

4.  төлем  балансының  жағдайы.

Бұл  факторлар  елдің  экономикалық  жағдайын  білдіретін  факторлар.  Мысалы,  егер  басқа  факторлар  кері  әсер  етпесе,  басқа  елдермен  салыстырғанда,  елдегі  инфляцияның  қарқыны  жоғары  болған  сайын,  оның  валютасының  бағамы  соғұрлым  төмен болады.  Елдегі  ақшаның инфляцияның құнсыздануы,  рның  сатып  алу  мүмкіндіктерін  төмендетіп  және  валюта  бағамының  құлдырау  тенденциясын  тудырады.

Мемлекеттік  активтік  төлем  балансында,  оның  валютасына  шетел  борышқорларының  сұранысы  артады,  сол  кезде  оның  бағамы  көтерілуі  мүмкін.  Егер  басқа  мемлекеттерге  қарағанда  елде  пайыз  мөлшері  жоғары  болса,  онда  ол  шетел  капиталының  құйылуына,  валютаға  сұраныстың  көтерілуіне,  оның  бағамының  жоғарлауына  әсер  етуі  мүмкін.  Мысалы,  80-жылдардың  алғашқы  жартысында  АҚШ  жоғары  пайыздық  мөлшер  саясаты (басқа  да  факторлармен  қатар) Батыс Еуропа  мен  Жапониядан  500 млрд.  доллардан  астам  мөлшерде  инвестициялық  құйылуға  жағдай  жасады.  Қорытындысында  доллардың  бағамы  көтерілді,  ал  осы  факторлар  да  әсер  етуі  мүмкін.  әрбір  мемлекет,  валюта  бағамының  реттеу  әдістерінің  әр  түрін  қолданады.   Ол  әдістемелердің  негізгілері  мыналар:      

-  валюталық  интервенция  (орталық  банктің – ұлттқвалютаға   шетел  

   валютасын   сатып  алып,  сатуы);

- орталық  банктің  – ашық  нарықтағы  операциялары  (бағалы 

   қағаздарды  сатып   алып,  сатуы);

- орталық  банктің  – пайыздық  мөлшер  деңгейін  немесе  қорлар        

   нормасын  өзгертуі.

Валюта  бағамын  белгілеу,  яғни,  валюталарды  айырбастау  қатынасын  анықтауды – валюталық  котировка (баға  белгілеу)  деп  атайды.  Валюта  нарығында – валюта  бағасын  белгілеудің  екі  әдісі бар:  тікелей  және  жанама.  Валюта  бағамын  қайта  есептеу  коэффициенті  емес,  ол  шетел  валютасымен  немесе халықаралық  валюталық  өлшемдермен  көрсетілген,  осы  мемлекеттің  ақша  өлшемінің  «бағамы».  Валюта  бағамын  валюта  нарығында  қалыптастырудың  негізі  не?  Тауардың  бағасы,  оның  құны – шығыны  негізінде  құралатын  сияқты,  ақша  өлшемінің  бағасы  оның  сатып  алу  мүмкіндігінің  негізінде  қалыптасады.

 

1.2.  Халықаралық   валюта  нарықтары

  Халықаралық валюта және қаржы – несие нарықтары, дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатнастардың ең маңызды буындарының бірі.  Қаржы нарығы дамуының негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уатытша бос капиталдар пайда болса, екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы – несие нарықтары бұл қайшылықтарды дүние жүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді.

Дүниежүзілік валюта несие, құнды қағаздар нарықтары  қалыптасуының, алғы шарттарына мыналар  жатады:

1. капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;

2. шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;

3. банкаралық телекоммуникациялардың дамуы;

Валюта нарықтары дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде, шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтары.

Ұлттық валюта нарықтары  дамыған нарықтық экономикасы бар  елдердің барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі арқылы, біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы қалыптасты. әдетте дүниежүзілік валюта – нарықтары  дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.

Дүниежүзілік қаржы  орталықтары дегеніміз – банктердің маманданған несие – қаржы институттарының топтасқан жері. Онда халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері – Лондон, Нью-Йорк, Майндағы  Фракфрут, Париж, Цюрих, Токио валюта нарықтары.

Қазіргі валюта нарықтарында мынадай ерекшеліктер тән:                           

     а) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың да әлемдік өріске шығуы және валюталықкелісімдерді жүзеге асыруда автоматты құралды қолдануы;

б) валюталық операцияларды орталықсыздандыру және олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болуы;

в)  валюта операцияларын үйлестірудің мәнінің артуы;

г)  алыпсатарлық келісімдеркөлемінің ұлғаюы;

д)  валюта құндарының  тұрақсыздануы;

Валюта нарықтары халықаралық  есептеулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта нарықтарының несие  және қаржы нарықтарымен өзара байланысын  нығайтуды қамтамасыз етеді.

Халықаралық несие –  қаржы қатнастары дүниежүзілік несие  және қаржы нарықтарындағы қарыз  капиталының қозғалысының байланысуы мен қатнастар жүйесін қамтиды.

Халықаралық несие нарығында ақша капиталының елдер арасындағы қозғалысы қайтарымдылық, мерзімдік, пайыз төлеу жағдайларында жүзеге асады. Дүниежүзілік несие нарығы – қарыз капиталы нарығының бір бөлігі, оған дүниежүзілік капиталдар нарығы кіреді. Дүниежүзілік қаржы нарығы да қарыз капиталы нарығыныңбір бөлігін, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату және сатып алу жүзеге асырылады.

Еурорынок бұл – еуровалюта негізігде, несиелер мен қарыздар бойынша операциялар жүргізілетін нарық. Еуровалюта   бұл – шығарушы елді қоса есептегенде, барлық шетелдік банктердің есеп шоттарына аударылған және барлық елдердің банк операцияларында қолданылатын, инвесторлардың, сондай-ақ жекелеген елдердің қажеттңіліктерімен байланысты. Еурорыноктағы операциялар нақты елдің, мемлекеттің валюталыұ реттеуіне немесе салық заңдарының ықпалында болмайды, Еуронарықтың  пайда болу себептеріне мыналар жатады:

а) АҚШ долларын шетелдерге шығару мүмкіндіктерінің пайда болуы;

ә)   долларға Еуропадағы сұраныстың ұлғаюы;

  б) АҚШ-тың өзінде жасалатың валюталық операциялардың (доллармен) анағұрлым қолайлы болуы;

в) Еуропалық банктердің халықаралық валюта операцияларын қаржыландыру құралынжедел табуға ұмтылу;

Еуровалюта  нарығында  ең әуелі еуродоллар үстемдік етті. Еуродоллар – Батыс Еуропалық банктердің ақша салу (вклад) түрінде алған АҚШ-тың доллары. Еуронарықтың қазіргі операцияларының 70 % астамы еуродоллар арқылы , 20 % еуромарка және 6 %швейцарлық франк арқылы жүзеге асады.

80-жылдан бастап, құнды  қағаздар (еурооблегациялар, еуроакциялар, еуровексельдер) нарығы жедел дами  бастады. Қаржы нарығында валютасық  және несиелік тәуекелшілдіктің кепілдіктері қалыптасты. Бұл кепілдіктердің қатарына форвардтық, опциондық және тағы басқа пайыздық бағамдар, валюта құндары және құнды қағаздардың индекстері бойынша жасалатын келісімдер жатады.

Форвардтық келісім – тауарларды көрсетілген уақытта сату мен сатып алу жөніндегі алдын-ала жасалатын операциялардың түрлері. Бұл келісім – контрактыға қол қойылған мезеттегі валюта  құны бойынша жасалады.

Опцион дегеніміз – мүмкіәндік келісім бойынша, валютаны сатушы мен сатып алушының біреуінеберілетін құқық. Мүдделі жақтың бұл құқықты қабылдауы да, қабылдамауы да өз еркінде.

Еуронарықтардың дамуы  және халықаралық қаржы нарығының  интернационалдануы, халықаралық экономикалық қатнастардың дамуы үшін жағымды  құбылыс болып отыр.

 

1.3 Халықаралық  валюта курсының қалыптасуы

   Экономикадағы төлем балансында көрінетін өзгерістер түбінде келіп валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтік білдірмей, белсенді түрде экономикадағы процестерге әсер етеді. Мемлекеттің валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика  процестеріне қатнасуының әртүрлі дәрежесімен сипатталады.  Осыған байланысты валюта нарығын және курсын ұйымдастырудың қарама-қарсыекі жүйесі болады.

1. валютаның айырбастау  курсы сұраныс және ұсыныспен  белгіленген жағдайдағы валюта  курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл өзгерістер болып қалғанда,  мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап отырады;

2. қатал белгіленген  валюта курстарының жүйесі.  Осы  жағдайда сұраныс пен ұсыныс  өзгерістерінің  нәтижесінде курстың  ауытқуы болмайды. Бұл жағдай валюталық және басқа нарықтардың қызметтеріне мемлекеттік кірісудің күшті болуымен қамтамасыз етіледі.

Валюта  курсының  осы  екі  қарама-қарсы  жүйелерінен  басқа   көптеген аралық жүйелерде  болады. Демек, экономистердің көбінің  тұжырымдалуы бойынша, бүгінгі АҚШ-джа еркін жүзетін, қатал белгіленген курстар жоқ, онда «басқарылған жүзу» жүйесі қолданылады. Осы жүйе  доллардың маңайында басқа валюталардың жүзуіне, егер осы «жүзу» АҚШ экономикасына жағымды болса, жол береді.

 Валюта курсы ұзақ мерзімде паритетпен белгіленуге тиісті. Паритет, өз кезегімен,  елдегі еңбек өнімділігінің дәрежесіне,  экономикалық өсудің қарқыны және сапасына,  экономикалық құрылымына және халықаралық еңбек бөлінісіне тартылуына байланысты болады.

Валюта курсы қысқа және орта мерзімде валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныспен белгіленеді. Осы прцестер төлем балансында көрсетіледі. Сондықтан, төлем балансын белгілейтін факторлар, сонымен қатар, айырбас курсына әсер етеді. Валюта нарығындағы тепе-теңдік экспорт және импорт көлемімен, капиталдын кіріс және шығысымен байланысты болады.

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Халықаралық  қаржы нарығындағы 

 валюта   жүйесі

2.1. Валюта  жүйесі

  XX – ғасырдың орта шеңінен бастап, халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатнастар, өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы – сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қатнастарды дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық – қаржылық қатнастарды кеңейтуді көздейді.

Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің, дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатнастардың жиынтығы.

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

а)  ұлттық валюта бірлігі;

б)  ресми алтын-валюта қорының құрылымы;

в)  ұлттық валютаның паритеті иен валюта құнын қалыптастыратын механизмі;

г) валютаның айырбастау мүмкіндігі (обратимость, конвертируемость валюты);

д)   валюталық шектеулердің деңгейі;

е)  мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және тағы басқалар;

Ұлттық валюта жүйесін  байланыстыратын буынға валютаның  құны мен паритеті жатады.

Халықаралық валюта жүйесі – динамикалы дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс елдері экономикасындағы, дүниежүзілік шауашылықтағы өзгерістер мен қажеттіліктерге сәйкес бірте-бірте өрістеді. өз дамуы барысында, халықаралық валюта жүйесі негізгі төрт кезеңнен өтті және сол кезеңдер халықаралық валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.

Халықаралық валюта жүйесінің  бірінші орын алтын стандарт жүйесі деп атайды. Бұл жүйе XX-ғасырдың соңына қарай қалыптасты. Ол кезде бірқатар мемлекеттердің валюталары ел ішіндегі нарықтарда алтынға еркін айырбасталады. Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

а)    әрбір валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;

б)  валютаның алтынға айырбасталу мүмкіндігінің ел ішінде де, мемлекет шекарасынан тысқары жерлерде де сақталуы;

в)   алтын құймалардың  монетаға айырбасталуы, алтынның еркін экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын нарықтарында еркін сатылуы;

г)   алтынның ұлттық қоры мен ішіндегі ақша ұсыныс арасындағы қатаң байланыстың болуы.

1976 – жылы  халықаралық  валюта қорының (ХВҚ) Кингстондағы (Ямайка) кезекті кеңесінде, дүниежүзілік  валюта жүйесінің жаңа негіздері қаралды. Ямайка келісімдеріне сәйкес халықаралық валюта механизмі ендігі уақытта былайша құрылатын болады.

1.  алтынның құн өлшемі ретіндегі және валюта құның анықтаушы қызметі жойылды, сөйтіп, бұдан былай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілгі тауарға айналды. Сонымен қатар, ол-ерекше өтімді тауар болып қалы берді.  Қажет болған жағдайда алтын сатылады және одан түскен валюта төлемдері үшін пайдаланылады;

2.  СДР – ден қарыз алудың арнаулы  құқығы стандартты мақсаты , оны негізгі қорлық авуар (төмен қаражат) жасап, басқа қорлық валюталардың рөлін төмендету;

3.   әр елге ұлттық валюта құнының өздері таңдаған тәртібін орнықтыру құқығы беріледі. Мемлекетаралық  валюталық қатнастар ұлттық ақша бірлік терінің қалықтау құнына негізделеді. Ақшалардың тербелу құны екі факторға:

         а)    валютаның ішкі, ұлттық нарықтағы сатып алу қабілетіне;

б)   халықаралық нарықтағы ұлттық валютаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады;

  Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде, 1979-жылы Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валюталардың экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етумен байланысты экономикалық қатнастар жиынтығын көрсететін  халықаралық, аймақтық валюта жүйесі. Еуропалық валюта жүйесі үш элементтер тұрады:

1.    ЭКЮ - Еуропалық валюта жүйесінің негізі;

2.   валюта құндары мен интервенцияларының механизмі;

3. валюта құнын тұрақтандыру үшін, қолданылатын несиелеу механизмі;

 

2.2. Халықаралық  валюта  жүйесінің қаржы нарығындағы маңыздылығы

 Халықаралық валюта жүйесі стихиялы қалыптасқан немесе заңдармен және халықаралық келісімдермен бекітілген, халықаралық есеп жүргізу құралдары, ережелері және әдістерінің жүйесі болып табылады. Ол бірнеше элементтерден тұрды:

1.    Негізгі халықаралық төлем және есеп құралдарын белгілеу.

2.    Валюталық  паритеттер мен валюталық курстардың тәртіптері.

3.    Валютаның конвертациялану шарттары.

4.   Мемлекетаралық валюта нарықтары.

5. Халықаралық валюта қатынастарын реттейтін мемлекетаралық институттар.

Әлем  елдерінде  валюта  жүйесі – динамикалық дамушы жүйе,  бұл жүйе – Батыс елдері  экономикасындағы,  дүниежүзілік  шаруашылықтағы  өзгерістер  мен қажеттіліктерге сәйкес  бірте-бірте өрістеді.  өз  дамуы барысында,  халықаралық валюта  жүйесі  негізгі төрт  кезеңнен  өті  және  сол  кезеңдер  халықаралық  валюта  жүйесінің  төрт  түрін  сипаттайды.

Халықаралық  валюта  жүйесінің  бірінші  түрі – алтын  стандарт  деп  аталады.  Бұл  жүйе – ХІХ – ғасырдың  соңына  қарай  қалыптасты.  Ол  кезде,  бірқатар  мемлекеттердің  валюталары  ел  ішіндегі  нарықтарында  алтынға  еркін  айырбасталды.

Алтын  стандарт  жүйесінің  негізгі  белгілеріне  мыналар  жатады:

а)  әрбір  валюта  бірлігінде  белгілі  алтын  мөлшерінің  болуы;

б)  валютаның  алтынға  айырбасталу  мүмкіндігінің  ел  ішінде  де  мемлекет  шекарасынан  тысқары  жерлерде  де  сақталуы;

в)  алтын  құймалардың  монетаға  айырбасталуы,  алтынның  еркін  экспортталуы  мен  импортталуы  және  халықаралық  алтын  нарықтарында  еркін  сатылуы;

г)  алтынның  ұлттық  қоры  мен  ел  ішіндегі  ақша  ұсынысы  арасындағы  қатаң  байланыстың  болуы;

Алтын  стандартқа  негізделген  халықаралық  есептеулердің  механизмін  қатаң  курсы  бойынша  жүргізіледі.  Алтын  стандарттың  басқа  түрлеріне:  алтын-монета,  алтын-құйма  және  алтын-девиз  стандарттары  жатады.  Алтын  стандарттың  бір  түрінен  екінші  түріне  көшу,  дүниежүзілік  капитализм  жүйесінің дамуы  барысында  жүзеге  асып  отырды.

Капиталистік  шаруашылықты  жүргізудің  бірте-бірте  күрделенуі,  дүниежүзілік  шаруашылық  байланыстарының  кеңеюі  мен  тереңдеуі,  экономикалық  дағдарыстардың  циклдық  қайталанулары – экономиканы  реттеуді  күшейтудің  объективті  қажеттігін  туғызып,  мемлекеттің  экономикалық  процестерге  араласуын – күн  тәртібіне  қойды.  Экономикаға  мемлекеттің  араласуының  күшеюі,  алтын  стандартпен  анықталатын  қатаң  валюта  курсының,  реттелетін  өзара  байланысты  валюта  курсына  айнала  бастауы  әсер  етті.

Екінші  жүйе – алтын  девизді  стандарт  жүйесі  1922-жылғы  Генуя  конференциясы шешімінің нәтижесінде пайда болды.  Кейінірек бұл шешімді капиталистік  елдердің  көпшілігі құптады.  Алтын девизді стандарт  жағдайында,  банкноттар  алтынға емес,  басқа елдердің  девиздеріне (банкноттар,  вексельдер,  чектер)  айырбасталып,  содан кейін ғана  алтынға ауыстырылатын болды.  Девиз валюта  ретінде – доллар  мен фунт  стерлинг  қабылданды.  Алтын девизді стандарт – іс  жүзінде,  реттелетін  валюта  құны  жүйесіне  көшудің алғашқы қадамдары еді.

Алтын  валюталық  стандарт  жүйесі – ХХ ғасырдың  30-жылдарында  пайда  болды  және  50-жылдардың  соңына  қарай  толық  қалыптасты.  Бұл  жүйе  бойынша,  қағаз  ақшаларды  алтынға  айырбастау  тоқтатылады.  Алтын  валюталық  стандарт  жүйесі – Бреттон-Вудс  қаласында  1944-жылы  өткен  халықаралық  конференциясында  қабылданып,  өз  күшіне  кірді.  Бреттон-Вудс  валюта  жүйесінің  негізгі  белгіліріне  мыналар  жатады:

а)  елдер  арасындағы  түпкілікті  ақшалай  есеп  айырбасы  қызметін – алтын  атқарады;

ә)  әр  түрлі  елдердің  валюталары  құнының  өлшемі  ретінде  және  халықаралық  несие төлеу  құралы  болып  американдық  долар  бекітілді;

б)  басқа  елдердің  орталық  банктері  мен  үкімет  мекемелері  АҚШ-тың  қазыналықтарында – 35 долларды  бір  трояндық  унция мөлшеріндегі  алтын құны бойынша айырбастайды.  Унция – ағылшын  өлшем  жүйесіндегі  салмақ  бірлігі.  Алтынның  валюталық  бағасы  ретінде,  ресми  баға  негізінде  құйылып,   1988-жылға  дейін  аса  көп  өзгерістерге  ұшыраған  жоқ;

в)  валюталарды  өзара  салыстыру  және  оларды  өзара  айырбастау,  алтын  мен  доллар  арқылы  көрсетілген  ресми  валюталық  паритеттер  негізінде  жүзеге  асырылды;

г)  әрбір  ел,  өз  валютасы  құнының  тұрақтылығын  басқа  бір  елдердің  валюталарымен  салыстырмалы  жағдайда  қамтамасыз  етуге  міндетті  болады;

Валюталардың  нарықтық  құны,  белгіленген  алтын  немесе  доллар  паритеттерінен  1  пайыздан  артық  ауытқымауға  тиіс.  Паритеттерді  өзгерту  жұмыстары,  төлем  балансы  тұрақты  түрде  бұзылған жағдайда  ғана  жүргізіледі;

д)  мемлекетаралық  валюталық  қатынастарды  реттеу  Бреттон-Вудс  конференциясында  құрылған  халықаралық  валюта  қоры  арқылы  жүзеге  асырылады.

Бреттон-Вудс  келісімі,  халықаралық  валюта  жүйенің  дамуындағы  маңызды кезең  болды.  Тұңғыш  рет  халықаралық   валюта  жүйесі – үкіметаралық  келісімдерге  негізделді.  Бреттон-Вудс  жүйесі, алтын  долларлық  стандартты  орнықтыру  арқылы  халықаралық  саудаайналымын  кеңейтуге,  өнеркәсібі  дамыған  елдердегі  өндірістің  өсуіне  едәуір  ықпал жасады.

60-жылдардың  соңына  қарай,  Бреттон-Вудс  жүйесі,  күшейе  түскен  дүниежүзілік  шаруашылықты  интернационалдандыру  процесімен  қайшылыққа  келе  бастады.  Транс  ұлттық  корморациялар   қызметінде – валюталық  алыпсатарлықтар  көбейді.  Алтын – долларлық  стандарт  іс жүзінде  бірте-бірте  тек  қана  долларлық  стандарт  жүйесіне  айнала  бастады.  Ол  аз  дегендей,  АҚШ-тың  өз  экономикасы  бірқатар  қиыншылықтарға  тап  болды,  олардың ең  бастысы – Батыс  Еуропа  елдері  мен  жапонияның  экономикалық  қуаты  артып,  олардың  ықпалының  күшейюі  60-жылдардың  соңына  қарай,  доллардың  позициясын  шалқайтты.  Еуропа  елдеріндегі  доллардың  құны – орасан  зор  мөлшерге  жетті  және  дербес  еуродоллар  нарығын  қалыптастырды.  Айталық,  90-жылдардың  басында  АҚШ-тан  тыс  елдердегі  доллардың  көлемі – 300 млрд.  доллардан  асып  түсті.  АҚШ-тың  төлем  балансының  тапшылығы  шектен  шығып  кетті.

Бреттон-Вудс  жүйесінің  долларды  алтынға  айырбастау  жөніндегі  талаптары  АҚШ  экономикасына  көптеген  ауыртпалықтар  әкелді.

70-жылдардың  басында,  Бреттон-Вудс  жүйесі – іс  жүзінде  күйреді.  АҚШ  алтынды   ресми  ағасы  бойынша   доларға  айырбастаудан  бас   тартты,  дүниежүзілік  нарықта   алтынның  бағасы  күрт  жоғалып  кетті.

 1976-жылы  Халықаралық валюта  қорының Кингстондағы  кезекті

кеңесінде,  дүниежүзілік  валюта  жұйесінің  жаңа  негіздері  қаланды.  Ямайка  келісімдеріне  сәйкес,  халықаралықвалюта  механизмі  ендігі  уақытта  былайша  құралатын  болады:

Валюта нарығының қалыптасуы