Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері
1.3 Халықаралық валюталық нарықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады.
1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні
Бүгінгі таңда банк секторы
Қазақстанның қаржы жүйесінің ең сыйымды
және жылдам дамушы сегменті болып табылады.
Соңғы жылдары республиканың банк жүйесі
ТМД елдері ішінде қарқынды дамуымен ерекшеленді.
Осы процеске салық-бюджет саясатының
салиқалы бағытының қолдауы, мұнай экспортынан
кірістің өсуі, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінде
пәрменді реформалар жүргізуге арқа сүйеген
қолайлы макроэкономикалық жағдай ықпал
етті. Екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ)
активтері 2000 жылы
527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге
дейін өсті (өсім 1581,1 %-ды құрады), меншік
капиталда, сондай-ақ 97,6 млрд. теңгеден
879,5 млрд. теңгеге дейін өсті (өсім 801,1 %
құрады. Осы өте жоғары көрсеткіштер басқа
да салыстырмалы көрсеткіштермен расталады.
Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ
қатысында ЕДБ активтері 2000 жылы 20,3%-дан
2006 жылы 91,1 % -ға дейін өсті. Қазақстан Республикасының
Қаржылық қадағалау агенттігі жақын арадағы
үш жылда екінші деңгейдегі банктердің
меншік капиталы үш есеге, активтері екі
есеге, несиелер мөлшері – 2,5 есеге, несилер
мен депозиттер мөлшері – үш есеге өседі
деп болжайды. Қадағаланатын үрдіс ҚР
ҰБ екінші деңгейдегі банктерге қойылатын
талаптарды олардың қаржылық тұрақтылығы
мен сенімділігін арттыру мақсатында
бірте-бірте қатаңдату саясатымен тікелей
байланысты.
Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиелік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:
– басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
- басқарушылық шешім қабылдау процесінде ақпараттық қамтамасыз етудің көзі;
- басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алуға болатын кері байланыс механизм ретінде болады.
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Тәуекел кәсіпорындар мен коммерциялық
банктердің өзара іс-әрекет жасау жүйесінің ажырамас
бөлігі болып табылады. Банктер мен кәсіпорындардың
өзара іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді
бағалау әдістемесі бар, оны
төмендегі формула бойынша есептеуге
болады:
(1)
мұнда: Rф(сов) – өзара іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық тәуекел көрсеткіші;
bk – топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің маңызын сипаттайтын параметр;
Rф(r)k – топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші.
Біз зерттеген менеджмент және
тәуекел-менеджменті
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау, тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін басқару мен мониторингінде тәуекелді келесі түрлерге бөлуді ұсынады:
1) кредит тәуекелі;
2) пайыз тәуекелі;
3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;
4) операциялық тәуекел;
5) валюталық тәуекел;
6) баға тәуекелі;
7) ел (трансферлік) тәуекел;
8) құқықтық тәуекел;
9) бедел тәуекелі.
Банк қызметінде кез келген
операция орындағанда тәуекелдік болады,
өйткені тәуекелдіксіз
Банкроттық немесе банкті тарату адамдардың түрлі санаттарын (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер, басқа қаржы мекемелері) орасан зор қаржы қиындықтарына ұшыратады.
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.
Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын, король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы, яғни валютасы екендігін айыруға болады.
Валюталық жүйенің типтері қандай?
Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйелер.
Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.
Аймақтық валютадық жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.
Ұлттық валюталық жүйе |
Дүниежүзілік валюталық жүйе |
|
|
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға негізделетін болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе бір немесе бірнеше резервтік валюталарға, халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Валюталық жүйенің даму кезендері
Валюталық жүйенің дамуының төрт кезені бар:
- бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.
- екінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.
- үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:
Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.
- төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:
а) СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланады (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі 40%, ресми валюталық резервтерде - 60% жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық париттеттерін кез – келген валютада белгілеуге құқық берілген, соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды;
б) Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тиым салынды; ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
в) Валюталық бағамдар режимын таңдауға құқық берілді (1973 жылдың 6 – шы наурызынан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
г) ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда – саттық жүргізетін ресми орталық.
Қазіргі валюталық нарықтарда
мынадай ағымдарды бөліп
- шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшейуі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операция жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырған алып сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту;
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын валюта тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.
Валюталық тәуекел – банктің өз қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыс (шығын) туындау тәуекелі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позициясын құндық мәнде асыра бағалаудан туындайды.
Валюталық тәуекел ағымдық валюталық тәуекел, девальвация тәуекелі және валюталық реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі болып бөлінеді.
Ағымдық валюталық тәуекелдер
– бағамдары құбылмалы
Девальвация тәуекелі – валюта бағамының басқа валюталармен салыстырғанда кенеттен стрестік төмендеу тәуекелі.
Валюталық реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі – валюталық түзімнің өзгеруінен болған шығын тәуекелі, яғни белгіленген валюта бағамынан құбылмалыға және керісінше өту, қандай да бір валютаның басқа валюталарға немесе валюталар себетіне қатысты бағамын белгілеу, валюталық бағамды реттеудің нарықтық әдістерін қолдануға немесе қолданудан бас тартуға өту.
1.3 Халықаралық валюталық нарықтар
Халықаралық валюталық нарықтар – ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олар Лондандағы, Нью – Иорктағы, Токиодағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валютамен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық валюталық нарықтар – белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүзеге асырылады. Оған Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары жатады.
Ұлттық валюталық нарықтар - ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағындағы орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиыным кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер)
Банкте тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел болуы мүмкін операциялардың ашықтығы мен оларды уақытында анықтауға ықпал етуі тиіс. Банктердің басым көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.
Мұның өзінде тәуекел-менеджмент жүйесі банктің ішкі бақылау жұмысының төмендегі жалпы және ерекше принциптеріне сәйкес болуға тиіс:
- тұтастай ішкі бақылау жүйесіне қатысты және банктің жұмыс тиімділігіне ықпал ететін принциптер;
– басқару жүйесін ұйымдастыруға қатысты принциптер;
– тәуекел факторларын басқаруға қатысты принциптер;
– ақпаратқа қатысты принциптер;
– электрондық ақпараттық жүйелерге қатысты принциптер.
Қорытындыланған сапа көрсеткіштерін белгілеу үшін тәуекел-менеджменттің ойдағыдай процесіне тән сипаттамалар анықталды, олар: ашықтық, өлшем дәлдігі, уақтылы сапалы ақпарат, әртараптандыру, дербестік, егжей-тегжей стратегиясы. Соңғы жылдары салада тәуекелдерді басқарудың арнайы механизмдері әзірленген болатын. Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (Кесте 1):
Кесте 1- Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтері | ||
Операция жүргізуден ішінара немесе толықтай бас тарту |
Тәуекелдерді болжау |
Ысырапты материалдық өтеу |
1. Сенімсіз клиенттер мен әріптестерді анықтау. 2. Тәуекелі жоғары операциялардан бас тарту. 3. Қисынсыз ысырапқа жол бермеу. |
1. Ықтимал ысыраптың барынша көп шамасын және барынша аз шамасын алдын ала есептеу. 2. Ысыраптың ықтималдығын анықтау. 3. Ықтимал ысыраптың уақытын есептеу. |
1. Сақтандыру. 2. Хеджерлеу 3. Ішкі бақылауды күшейту. 4. Тәуекелдер мониторингін енгізу |
Тәуекелдерді басқару | ||
1. Қаржы тәуекелі 2. Валюталық тәуекел 3. Несиетік тәуекел 4. Инвестициялық тәуекел |
1. Өтімділік тәуекелі 2. Операциялық тәуекел |
3.Валюталық тәуекел. 4. Несиетік тәуекел. 5. Инвестициялық тәуекел |
Қазіргі заманғы банктер тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастырғанда бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы проблемаларды төмендегі санаттар түрінде құрылымдарға бөлуге болады:
1. Ұйымдастыру проблемалары: банк акционерлері тарапынан тәуекел
менеджментінің маңызын (
- Кадр проблемалары: тәуекелдерді басқару саласында білікті қызметкерлердің болмауы тәуекел-менеджменттің құрылу тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, бұл жүргізілген мөлшерлік есептеулердің нақтылығы мен объективтілігіне әсер етеді.
- Техникалық проблемалар нақты тарихи және талдау деректерінің болмауы немесе олардың қорытындыланбауы. Біздің экономика жағдайына бейімделген және бүкіл банк жүйесі шеңберінде салыстырма талдау жасауға мүмкіндік беретін әдістемелердің болмауы.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да,
жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады.
Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер
бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері
жатады.
Курстық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен
байланысты болғандықтан қаржы тәуекеліне
тереңірек тоқталамыз.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен
байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің
келесі түрлері жатады: инфляциялық және
дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер,
өтімділік тәуекелі.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі
кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі
көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай
табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел.
Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға
тап болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Қорытынды
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық
құнының және сапалық бағаның
өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе
басқа да тауарларды өткізу кезіндегі
мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты
тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі
жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының
Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы»,
2. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық
3. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2009
4. Худяков А.И. Основы теории финансового
5. Дирофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право. -М, НОРМА-ИНФРА, 2005. -С.15.
6. Худяков А.И. Финансовое право Республики
Казахстан (особенная часть)
7. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (
8. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2006
9. Қазақстан Республикасы Парламен Жаршысы, 7-2007
10. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
11. Найманбаев С. «Валюталық құқықтың жүйесі»,

- Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу
- Валюталыө курстың макроэкономикалық рөлі
- Валюта. Международная валютная система. Курс валюты. Валютный кризис
- Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
- Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
- Валюта нарығы және оның түрлері
- Валюта нарығының қалыптасуы
- Валюталық операциялар
- Валюталық операциялардың жіктелуі
- Валюталық операциялардың түрлері
- Валюталық операциялар есебі
- Валюталық операциялар есебінің теориялық аспектілері және кәсіпорын сипаттамасы
- Валюталық реттеу, валюталық тәуекел және олардың сақтандырылуы
- Валюталық тәуекел