Валюталық жүйе мәні элементтер. 2

    ЖОСПАР 

   КIРIСПЕ  .................................................................................................. 3 

    1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 

    1.1 Валюта жүйесінің  мәні және дамуы .............................................................5

    1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11 

    2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ  ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

    2.1 Қазақстан  Республикасында валюта жүйенің  қалыптасуы  ......................19

    2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22

    2.3 ҚР-да валюталық  қатынастарды мемлекеттік реттеу  ...............................30 
     

    ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    КIРIСПЕ

 

     Қазақстанның  әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.

     Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. 

     Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы  элементтерi ретiнде валюталық бағам,  әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық  өтiмдiлiк,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар  және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

     Ваюталық  жүйе - ұлттық  заңдылықтар немесе  халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу формасы негізінде көрініс табады.

     Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.  Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық курс,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

      Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.

      Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын  бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері” деп алдым.

      Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден,  жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.

   Бұл мақсатқа жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:

  1. халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
  2. халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
  3. Қазақстан Республикасы валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
  4. Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.

   Жұмыс екі тараудан тұрады: бiрiншi тарауда жалпы дүниежүзілік валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылды, ал екінші тарауда валюталық жүйенің негізгі элементтері валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды және ҚР-сы валюта жүйеснің даму барысы мен валюталық жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ  

1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы  

     Валюта  – елдiң  ақша бiрлiгi, оның  шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының  каналдары  арқылы  ұлттық  ақшаларды  қолданудың  ерекше  формасы.  Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.

     Ваюталық  жүйе - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi . /3/

      Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң  нәтижесiнен  өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  бiлдiреді.

      Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері  ерте Грецияда және Римде вексель  түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

      Шаруашылықтың  интернационалдануы  және  әлемдiк  еңбек  бөлiнiсiн  интенсивтендiрілуі  халықаралық  нарықтың  құрылуына  себепшi болды. Өндiрiс  күштерiнiң дамуымен  iшкi  рыноктағы өркендеген салалардың  өнiмiн сатуда  туындайтын  қиындықтар, тауарлар тасымалы  жағдайларын жетiлдiру – мiне  осылардың бәрi  әлемдiк сауда саттық  байланыстардың  кеңесiне  әсер  еттi.  Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

      Әлемдегi  елдердiң  қарым – қатынастарына  тауарлар, қызмет, капитал  және  несие  жылдан – жылға  ұлғая  түсуде. Ұлттық  қоғамдағы  ұдайы  өндiрiс  процесiнде  қалыптасқан  тауар  айналымы тұрақты  түрде   әлемдiк  нарыққа  ұласады  және  де  әрбiр  егемен  мемлекеттiң  заңды  төлем  құралы  болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық  тауар  айналымында, әдетте, шетел  валютасы  қолданылады.  Елдердiң  әлемдiк  шаруашылыққа  интеграциялауына ақша  капиталының  бiр  бөлiгiнiң ұлттық  ақшадан шетел валютасына  және  керiсiнше айналуын  туындатады. Ол  халықаралық валюта  есеп  айырылысу және несие – қаржы қатынастарында  жүзеге асады.

      Халықаралық  валюталық  қатынастар  халықаралық  экономикалық қатынастарды  жалғастырады. Валюталық  қатынастардың  ұлттық  және  әсемдiк  экономиксының  дамуына,  саяси  тұрақтылыққа, елдер  арсындағы  күштердiң  шектi  қатынастарына  тәуелдi  болып  келедi. Сыртқы  экономикалық  байланыстарда, оның  iшiнде  валюталық  байланыстарда саясат  пен  экономика, дипломация   мен комерция, өнер кәсiптiк  сауда  мен  өндiрiс  бiр – бiрiмен  өзара бетеме  байланысуы  валюталық  қарыс – қатынастардың  ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтағы орны  ерекшелiгiн көрсетедi.

      Капиталдың  шеңбер  айналысы  процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық  ақшалардың  iшiндегi  ақшалай капиталының бiр бөлiгi  шетел валютасына  айналады  немесе  керiсiнше . Ол көрiнiстi  халықаралық есеп  айырысуларда, валюталық, несиелiк және  қаржылық  операциялардың  барысында  байқауға  болады.

      Шаруашылықтың  интернационализациялануы  жағдайында  ұдайы  өндiрiстiң  сыртқы  факторларға:  әлемдiк  өндiрiс  динамикасы; шетелдiк  ғылым  деңгейiне, халық  аралық  сауданың  дамуына, шетел  капиталы  ағымына арта  түседi. Сондықтан да  бұл валюталық қатынастар  мен ұдайы өндiрiстiң арасында  тiкелей және  керi  байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың  дамуына, валюталық қатынастар  тұрақсыздығы  мен валюталық дағдарыс  ұдайы  өндiрiс процентiне  керi  әсерiн  тигiзедi.

      Валюталық  жүйелердiң  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндiрiс белгiлерiне  байланысты  анықталып  отырып, ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтың  негiзгi  даму  кезеңдерiн  көрсетедi. /4/

      Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң арасындағы  дағдарыс  тұсында оның  құрылымдық қағидаларының әрекетi  бұзылып, аяқ асты  валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

      Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

    1-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының   қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн,  анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы  жүйемен  өзара  байланысы  сақталады.

    2-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының   құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

    3-шi  кезең, толық  қызмет  ететiн   жаңа  дүниежүзлiк  жүйе  құрылады.

      Дүниежүзілiк  ваюталардың  жүйенiң  мынандай  эваолюциялары  белгiлi:

    1. Жаңа валюталық  жүйенiң  құрылуының  алғы  шарттары.
    2. Париждiң  валюталық жүйесi.
    3. Генуэз  валюталық жүйесi.
    4. Бреттон – Вудс   валюталық жүйесi.
    5. Ямайка  валюталық жүйесi.
    6. Еуропалық  валюталық жүйесi.

      1929-1936  жылдарда  дүниежүзілiк  валюталық   дағдарыстың  басты  ерекшелiктерi  келесiдей:   

     –  циклдiк сипат: валюталық  дағдарыс  дүние  жүзлiк  экономикалық және  ақша   несиесiмен  байланысты  болды;

      – құрылымдық  сипат: дүниежүзлiк  валюталық  жүйенiң  алтын девиздiк  стандарт  қағидасы  құлдырауға ұшырады;

      –  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан  1936 жылдың  күзiне дейiн болуы.

      БҰҰ–ның  Бретон–Вудстағы  1944 жылы  болған валюталық қаржылық  конференциясында  дүниежүзлiк  сауданың  ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың  ережелерi  бекiтiлiп  үшiншi  валюталық  жұйе  дүниеге  келдi.

     60  жылдардың  аяғынан  бастап, Бреттон – Вудс  валюталық   жүйенiң  дағдарысқа  ұшырауы. 1976 жылғы  қаңтардағы  ХВК - ға  мүше елдердiң Кинготондағы  келiсiмi  ХВК – дың жарғысына   өзгерiстер  енгiзе  отырып, төртiншi  валюталық жүйенiң  келесiдей  бағыттарын  бекiттi:

    • Алтын – девиз  стандартты  орнына  СДР  стандарты  енгiзiлдi;
    • Елдерге  кез-келген  валюталық  бағам  режимiнiң  таңдауға  құқық  берiлдi.

      СДР-дiң  қызметт  етуiнiң  мынандай  басты  мәселесi  болды:

      1. эмиссиялау  және  басу;
      2. қамтамасыз  ету;
      3. бағамды  анықтау  әдiсi;
      4. СДР-дiң пайдалану  ауқымы;

     Еуропалық  валюталық  жүйе, экономикалық  интеграциялану  процесiн  ынталандыру  мақсатында  құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң  даму  себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас  орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi  және  валюталық тұрақсыздағы  жатады . Еуропалық экономикалық  қоғамдастық – бұл батыс еуропа  елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру  тобын  бiлдiредi , ол 1957 жылы  наурызда  алты  елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим  елдерiнiң  арасыында  жасалған  келiсiм  шартында  қабылданып, 1958 жылдың  1  каңтарында  басты  қызмет  етедi. /3/

     Батыс  еуропалық  интеграция  өзiнiң  iрi  ерекшелiктерiмен   ажыратылады:

     Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы  көмiрдiң  ортақ  нарығынан  басталады  және  шаруашылық  кешен  интегралданғанға  дейiн  6  ел  және  12  саяси одақ болса, бiрiншi  уақытта  15-16 мемлекетке  жеттi.

     Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы  мемлекеттiң  құрылымына  жақын  және  мынадай  ұйымдардан  тұрады:

  • Еуропалық  кеңес;
  • Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
  • ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
  • Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган  ЕҚ  және министiрлер  кеңесiнiң  қызметiн  бақылайды, ЕҚ  бюджетiн  бекiтедi.

     ЕҚ  соты – құқықтық  нормаларын  сақтамаудың  қадағалау  ұйымы.

     Үшiншiден,  интеграцйиялық  процестiң  материялдық  негiзi болып, ЕҚ – тың  бюджетiнiң  бiр  бөлiгiнен  құралған  көп  бiрлескен  қорлар қызмет  етедi.

     1999 жылдың  1  қаңтарынан  бастап, Евро  қолма – қолсыз  төлемдер  үшiн мемлекеттердiң жаңа  қағаздарын  орналастыру  енгiзiлiп, эволюциялық   одаққа  мүше  елдердiң  ұмтық   ақша  бiрлiктерi  2002 жылы  1 шiлдесiнен  бастап  өз қызметтерiн  жойды  делiнген. 

     ЕВЖ, алтындынақты  резервтiк  активтер  пайдаланды:

     Бiрiншiден, Еуро  –  алтынмен  жартылай  қамтамасыз  етiлген;

     Екiншiден, ЕҚ – қа  бiрлестiгi  үшiн  207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

     ЕВЖ-дегi  мемлекет  аралық  аймақтықты  реттеу  орталықты  банктерге  уақытша  төлем  балансындағы  тапшылықты  жабуға  және  валюталық  интеграцияға  байланысты  есеп айырысулар  үшiн  несие  беру  жолымен жүзеге асырылады.

     Екiншi  дүниежүзілiк  соғыста  Еуропа  мемлекеттерiнiң  қираған  экономикасын қалпына  келтiру  және  тұрақтандыру  мәселелерiн  шешу  мақстында  Бреттон-Вудстағы өткен  халықаралық  валюта  қаржылық  конференциясында  2  ұйым: Халықаралық  валюта  қорын (ХВҚ) және  халықаралық қайта  құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру  туралы  қаулы  қабылданды. Қор  әлемдiк  валюта  жүйесiнiң   тұрақтылығын  қолдау  үшiн, ал  банк  оған  қатысушы  елдердiң  ұзақ  мерзiмдi  экономикалық  дамуын ынталандыру  үшiн  құрылған .

     ХВҚ  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  маманданған органы  ретiнде  өз  жұмысын  1947 жылы  наурызда  бастады. Оның  штаб-пәтерi Нью-Йоркте  орналасқан, басқарушы  органы  барқрмалар  кеңес  қатысушы  елдердiң  қаржы  министiрлерiнен немесе  орталық  банктердiң басқармаларынан  тұрады, кеңес  жыл  сайын  шақырылады. Атқарушы органы  директат. алғашқы  кезде   бұл  қорға  49 ел  мүше  болып  кiрiп, оның капиталы  8 млд  доллорды   құрады.  Қазiргi  кезде  мүшелерiнiң  саны  иөрт  есе  көбейiп, ал  капиталы  шамамен  18  есе  өстi. /5/

     ХВҚ-ның  негiзгi  қызметтерi төмендегiлер:

     Халықаралық  сауданың  немесе  валюталық  ынтымақтастықтың  дамуына  көмек  көрсету.

  • Валюталық  паритеттiң  тұрақтылығын  сақтау  және  валюталық  шектеудi  жою;
  • Төлем  балансының  теңелуi  үшiн  кез-келген  қатысушы  елге  несие ресурстарын  беру;

      Қорға  мүше  болып  кiру – мемлекеттiң  ХҚҚДБ-ге және оған  туыстас басқада  валюта  несие  ұйымдарына  кiруiнiң  мiндеттi  жағдайы.

      Халықаралық  қайта  құру   және  даму  банкi  БҰҰ-ның  маманданған  және  оның  шешiмдерiне  тәуелсiз орган ретiнде  өз  жұмысын  1946 жылы  маусымда  бастады . Банктiң  өз  жұмысын  кеңейту  барысында  туыстас  төрт  бөлiмшелер  ұйымдастырылады: халықаралық  салық  корпарациясы , халықаралық  даму акциясы,  халықаралық  инвестицияладрды, таластарды  реттеу  орталығы және  инвестициялықты қорғау  жөнiндегi  көп жақты агенттiк. Қазiргi  кезде осы ұйымдар бiрiгiп әлемдiк банк (ӘБ) тобын құрайды, оның  штаб пәтерi Вашингтонда орналасқан, ал  ХҚҚДБ – осы топтың  орталық буыны – оны әлемдiк  банк  деп  атайды.

      Әлемдiк  банк  топтың  ең қуатты  бөлiмшесi, ол  240 млд   доллардан  акциялық  капиталды  иемденедi, қазiргi кезде  оның  құрылтайшылар  саны    180  мемлекетке  жеттi. Банк басқару  органы – басқармалар  кеңесi –  қатысушы – елдердiң  қаржы  министiрлiгiнен  немесе  орталық  банктерден  басқармаларынан  тұрады. Оны  президент  басқарады. Банктiң  күнделiктi  атқарушы  директорлар  кеңесi  басқарады, кеңес  штап  пәтрiнде  орналасқан  ол  жетңi саиын  кеңес  отырысын  өткiзедi. Кеңес  24  адамнан  тұрады, олар-iрi  акциянерлердiң  бiр-бiр  өкiлi  және  19  аймақтың  өкiлдерi.

      Әлемдiк  банктiң  негiзгi атқаратың  қызметтерi:

      Спектiрлi  бағытта, яғни  денсаулық  сақтау, бiлiм  беру  қоршаған ортаны  сақтаудан  бастап  инфроқұрылым және  экономикалық  саясат  реформасына дейiн дамушы  елдерге көрсететiн инвестициялық iс-  шаралар;

  • Экономикалық  мәселелер  бойынша талдау және  кеңес  беру  iс – шаралары;
  • Көрсетiлген  қызметтердiң, сондай-ақ  жүргiзiлетiн  жобалардың  мазмұнымен құрамын үнемi  өзгеру;
  • Бай  және  кедей  елдерге  ресурстарды  қайта  бөлудегi  делделдiк  қызметi;

      Халықаралық  қаржы  коорпарациясы 1956 жылы мемлекеттiк  кепiлдiк  алмай-ақ  дамушы  елдердiң  экономикасындағы   жеке  сектордың  жұмысын  анықтау  үшiн  құрылған.

      Халықаралық қаржы коорпарациясының негiзгi принциптерi  мыналар:

  • Жоба  бойынша жалпы  шығындар саласында  25 пайызын  қаржыландыру;
  • Кәсiпорын  акцияларының  тек  35%    сатып  алу.

      Қарыз 3 жылдан  15 жылға  дейiнгi  мерзiмде  берiледi. Корпарация  жылма-жыл 200  жоба  бойынша  3 млд  доллар  самосындағы  займ бередi және оған  170  ел  мүше.

      Халықаралық  даму  ассоциясында  (ХДА) 1960 жылы  дамушы  мемлекеттердiң  iшiнен  Әлемдiк банктен  қарыз  алуға  жағдайы  келмейтiн  ең  кедейлерге  көмек  көрсету үшiн құрылған. ХДА заңды дербес  ұйым  болғанмен, көп жағдайда  ӘБ  бiрiгi  несиелiктi  жобалайды . Қазiргi  уақытта жылма-жыл жалпы соммасы 6  млд доллар  болатын 125-тен астам жобаларға несие бередi, оның  159  мемлекеттен тұратын  мүшелерi  бар.

     ХВҚ  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  маманданған  органы  ретiнде  өз  жұмысын  1947 жылы  наурызда  бастады. оның  штаб-пәтерi Нью-Йоркте  орналасқан, басқарушы  органы  басқармалар  кеңес  қатысушы  елдердiң  қаржы  министiрлерiнен немесе  орталық  банктердiң басқармаларынан  тұрады, кеңес  жыл  сайын  шақырылады. Атқарушы органы   алғашқы  кезде   бұл  қорға  49 ел  мүше  болып  кiрiп, оның капиталы  8 млд  доллорды   құрады. қазiргi  кезде  мүшелерiнiң  саны  иөрт  есе  көбейiп, ал  капиталы  шамамен  18  есе  өстi. /5/

     Инвистициялардың  кепiлдiгi  жөнiндегi  көп  жақтық  агеттiк  1988  жылы  дамушы  елдердiң  шетел  жеке  инвистициторларына  инвестициясынан  саяси  қауыптен  қорғану  үшiн  құрылған. Атап  айтқанда: экспропорция, яғни  жеке  меншiктi  айыру қаупi , келiсiм жағдайларды бұзу  қауiптiлiгi  т.б. 15-20  жыл бойы  сақтауға кепiлдiк бередi. Агентiк мүшелерi  болып тек ХҚҚДБ берген  несиелер  мемлекеттiң төлем қабылеттiлiгiне  сүйенедi.

      Қорыта  айтқанда, халықаралық  валюта  және  несие  қаржы  институттары – ХВК  және  Әлемдiк Банк  тобы – халықаралық  несие  қатынастарын  реттеуде  маңызды  роль атқарады. Олардың  қарызы  онша  көп болмасада, елге  қарыз капиталының әлемдiк  нарығына  жеке  банктерден  қарыз  алуға  жол  ашты. Сөйтiп  ХВҚ  мен  ХҚҚДБ  берген несиелер  мемлекеттiң  төлем  қабiлеттiлiгi  бар екенiн дәлелдейдi.

      ХВҚ  және ХҚҚДБ  басқа  да  халықаралық  ұйымдармен  қатар  ежелгi  дамушы елдердiң   және  батыс  еуропа  бұрынғы  социялистiк  елдерi  мен  ТМД  елдерiнiң  сыртқы  қарыздарын  реттеуде  белсендi қатысуда. 
 

     1.2 Валюталық жүйе  типтері және оның  элементтері 
 

               Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң  арсындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

      Валюталық жүйелер 3  түрге  бөлiнедi:

  1. Ұлттық  валюталық  жүйе;
  2. Дүниежүзілiк валюталық жүйе;
  3. Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  жүйе. 

     Тарихта ұлттық  валюталық  жүйе  ең  бiрiншi  қалыптасқан.  

     Ұлттық  валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге  асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне  қажеттi  валюталық ресурсты сұрайтын  және  оны  пайдалануға  қөмектесетiн экономикалық  қатынастар жиынтық  бiлдiредi. /6/

     Ұлттық  валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол  формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.

     Ұлттық  валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің  бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің  құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

      Ұлттық  валюта  дүниежүзлiк  валюталық  жүйемен  тығыз  байланысты. Дүниежүзілiк  валюталық  жүйе  XIX ғасырдың  ортасына  қарай  құрылған .

      Дүниежүзілік  валюталық  жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары  мен валюталық құралдардың қызмет  етуiн қамтамасыз  ететiн халықаралық келiсiм шарттары  мен мемлекет  аралық  құқұқтардың нормалар  кешенiн құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда  қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

      Ұлттық  және  дүниежүзлiк  валюталық  жүйелер  арасындағы  байланыстар  мен  айырмашылықтары  олардың  негiзгi  элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз. 

Ұлттық  валюталық жүйе Дүниежүзілiк  валюталық жүйе
1.Ұлттық  валюта. 
Резервтік  валюталар, халықаралық  есептесу  валюталық  бiрлiктері
2. Ұлттық  валютаның  алмастырылу шарты Валюталардың  өзара алмастырылуы
3. Ұлттық  валюта паритетi. Валюталық  паритеттiң  ортақ режимi
4. Ұлттық  валюта  бағамының режимi Валюталық  бағамдар  режимiнiң регламентациясы.
5. Валюталық   шектеудiң, валюталық бақылаудың  болуы немесе болмауы Валюталық шектеудi  мемлекет аралық реттеу
6. Елдiң  халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн  реттеу. Халықаралық валюталық  өтiмдiлiктi мемлекет  аралық  реттеу.
7.  Халықаралық несиелiк айналыс   құралдарын пайдалануды регламенттеу. Халықаралық  несилiк айналыс  құрылыстарды  пайдаланудың  ережелерiнiң  бiртұтастығы
8. Елдiң   халықаралық есеп айырысуларын  регламенттеу. Халықаралық  есеп  айырысудың негiзгi  формаларының  бiр  тұтастығы
9. Ұлттық  валюталық  рынок  пен   алтын  рыногiнiң  режимi. Дүниежүзілiк  валюталық  рыноктар  мен  алтын  рыноктарының  режимi.
10. Елдiң   валюталық  қатынастарын  басқаратын  және  реттейтiн  үлттық  ұйымдар. Мемлекет аралық  валюталық  реттеудi  жүзеге  асыратын  халықаралық  ұйымдар.
 
 

      Сурет-1 - Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық  жүйенiң

      негiзгi элементтерi  

      Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

    1-шi  кезең, жаңа  жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс  сақталады.

    2-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының  құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

Валюталық жүйе мәні элементтер. 2