WEB-технология

 

Бәріненде біз сұлу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР  КАФЕДРАСЫ

WEB-технологиялар пәнінен

« Бәріненде біз сұлу »

тақырыбына жазылған курстық жұмыс

Орындаған: Жексен Ж.Ж.

Ақпараттық жүйелер 3-топ

Қабылдаған: Тусупова К.Б.

Алматы, 2012 жыл

 

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі  адамзаттың даму процесі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу болып табылады. Осыған байлынысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құрылымы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Біздің қоғамымыздың жалпы инфрақұрылымын ақпарат жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайды. Яғни қазіргі әлемді ақпараттық және коммуникациялық технологиясыз, сонымен бірге интернет желісіз көзге елестету мүмкін емес. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Өндірістегі ақпарат жиыны сызбалар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

Компьютерлерді жұмыста  тиімді пайдалану белгілі бір  мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып  табылады. Ол үшін компьютердің негізгі  мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: есептерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және компьютерге түсінікті тілде жазу, есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Қазіргі таңда web-сайт жасау жұмыстары өте маңызды болды. Себебі кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты Интернет желісі арқылы оңай тауып ала алады. Тіпті кәсіпқой web-сайт жасаушылар үйлерінде отырып-ақ сайт жасау арқылы жақсы қаражат алып жатыр. Осыдан шығатын қорытынды қазіргі заман талабына сай сайт жасау үшін әрбір студенттің білім дәрежесі, ойлау қабілеті, оқып-үйренуге деген белсенділігі өте жоғары дәрежеде болуы қажет.

Назарларыңызға ұсынылып отырған курстық жұмыстың тақырыбы – «Бәріненде біз сұлу» деп аталады. Осы курстық жұмыстан: той көйлектері, кеш көйлектері және сол көйлектерге сай аяқ-киімдер туралы мәлімет ала аласыздар.

Курстық жұмыстың мақсаты – web-құжат жасауға арналған тілдерді пайдаланып, таңдалып алынған тақырыпқа web-сайт жасау, сонымен қатар Web-технологиялар пәнін оқу кезінде қарастырылған кодтарды, скрипттерді пайдалану, яғни сайт жасау арқылы алған білімімді тереңдету, одан әрі жетілдіру. Қазіргі кезде той көйлектері жайлы көптеген сайттар бар. Мысалға Ханша сайты. Тұтынушылар өздері таңдаған көйлектерін үйлерінде отырып-ақ сайттан тапсырыс бере алмайды. Ал мына сайттан тұтынушылар өздеріне ұнаған кез келген көйлекке немесе аяқ-киімдерге сайт арқылы тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, “Ханша” сайтында көйлектердің және аяқ-киімдердің суреттері бар, бірақ олардың аттары жоқ. Ал мына сайтта кез келген аяқ-киімнің суретінің үстіне тышқанды алып барсақ, сол торттың атын шығарып береді.

Жоғарыда  аталған курстық жұмыста осы қызметтер қарастырылды. Курстық жұмыста келтірілген түсініктерді ұғыну үшін қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде оны қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек және студенттер HTML, JavaScript, CCS, PHP тілдерін білу қажет.

Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарау «Сайтты құруда қолданылатын әдебиеттерге шолу» деп аталады. Бұл тарауда осы сайтты құруда қолданылған әдебиттерге шолу жасалынады және сол әдебиеттерге сілтеме беріледі. Екінші тараудың аты «Сайт құруда орындалатын жұмыс тәртібі». Мұнда осы сайтты құру барысында орындалған кезеңдер мен қадамдар сипатталады. Үшінші тарау «Сайт құрылымы» деп аталады. Бұл тарауда сайттың негізгі бөлімдері туралы ақпарат берілген және сайтты құру барысында қолданылған элементтер қарастырылады. Соңында қорытынды сөз жазылады және қызықты кодтар жазылған қосымшалар беті берілген.

 

1 САЙТ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Әдебиеттерге қысқаша сипаттама

Елбасымыздың 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа жолдауында былай  делінген: “Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.

Электронды үкіметті дамыту керек. 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс. 2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиіс” [1].

Елбасымыздың жолдауынан қорытынды  шығаратын болсақ, шынында да, ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Сондықтан да қоғамды толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін электрондық оқулықтар мен сайттарды дамыту керек.

Дүниежүзілік өрмек  ХХ ғасырдың маңызды жетістіктерінің  бірі болды. Қазіргі кезде HTML тілінің соңғы үлгісі XML (eXtensible Markup Language – расширяемый язык разметки) тілін сүйемелдейтін XHTML (eXtensible HyperText Markup Language – расширяемый язык гипертекстовой разметки) тілі қолданылады. XML тілін сүйемелдейтінін ескермесек, HTML және XHTML тілдерінің спецификациясы бір-біріне ұқсас. Бірақ бүгінгі таңда көбінесе web-құжаттарды жасауда кеңінен HTML тілі қолданылады. HTML тілі мен XHTML тілінің бір-бірінен айырмашылықтары бар және web-құжатты жасаушы сайтының XHTML тілінің талаптарын қанағаттандыруы үшін осы тілдің талаптарына сай элементтерді дұрыс қолдануы қажет [2].

Қазіргі таңда HTTP хаттамасы бойынша жұмыс істейтін, XML-мәліметтерді басқаратын және веб-браузерде графикалық көріністерді динамикалық түрде құратын сценарийлерді құру үшін сайт жасаушылар JavaScript тілін кеңінен қолданады. Көптеген программалаушылар JavaScript тілінің көмегімен үлкен программалар жазады және «замыкания» мен «атаулар кеңістігі» сияқты жеткілікті дәрежеде қиын программалау технологияларын пайдаланады. «JavaScript. Подробное руководство» кітабының бесінші басылымында HTTP хаттамасымен өзара әрекеттесуі мен Ajax технологиясын қолдану, XML-құжаттарды өңдеу, <canvas> тәгі арқылы графиканы құру, күрделі программаларды құруға қажет JavaScript тіліндегі атаулар кеңістігі мен кластар, Flash және Java-қосымшалар қарастырылады.

Бірінші бөлімінде JavaScript негізі таныстырылады, ал екінші бөлімде  сценарийлер жасау ортасы қарастырылады. Көптеген мысалдар HTML-құжаттың мазмұнын қалай генерациялауды, DHTML тілінің анимациялық мүмкіндіктерін пайдалануды, формаларды толтырудың дұрыстығын тексеруді автоматтау, Ajax көмегімен жүктелген XML-құжатты өңдеу үшін XPath пен XSLT-ті қалай қолдану керектігін қарастырады. Үшінші бөлімі JavaScript тілі бойынша кеңейтілген анықтама бөлімі болып табылады (JavaScript 1.5 пен ECMAScript v3-те анықталған кластар, объектілер, конструкторлар, тәсілдер, функциялар, қасиеттер мен константалар). Ал төртінші бөлім клиенттік JavaScript бойынша анықтама бөлімі (API веб-браузерлері, DOM API Level 2 стандарты және жақында шыққан стандарттар: XMLHttpRequest объектісі мен <canvas> тәгі) деп аталады [3].

Келесі кітап «JavaScript и DHTML. Сборник рецептов. Для профессионалов» деп аталады. Бұл кітап HTML және JavaScript тілдерін бірлесе пайдалана отырып, интерактивті web-құжаттарды жасауға арналған. Көптеген практикалық мысалдарда JavaScrip тілін қолданушыға қарапайымнан бастап күрделі мүмкіндіктерді беретіндігі қарастырылады.

Бұл кітап HTML және JavaScript тілінің негізін білетін үйренушілерге және жаңа идеялар мен технологиялады іздейтін тәжірибелі мамандарға қолдануға арналған дайын «рецептер» жиынтығы ретінде құрастырылған [4].

«HTML. Экспресс-курс» кітабыИнтернетте өзінің web-сайты бар немесе енді жасамақшы болған әрбір Дүниежүзілік өрмектің қолданушысына практикалық түрде қажет HTML тілінің негізгі ережелерін үйренуге арналған. HTML тілі туралы жалпы түсінік, сонымен қатар интерактивті технологиялар, тәгтер мен олардың параметрлері туралы, электронды құжаттар мәтінін форматтау мен суреттеу қарастырылады. Web-құжаттарды құру барысында графика мен мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану ережесіне аса көп көңіл бөлінген, карт-суреттер, фреймдер мен қолданушы формаларын қалыптастыру қағидалары қарастырылған [5].

«Основы программирования на РНР» кітабында РНР тілінің синтаксисі, жолдар мен басқарушы құрылымдар, массивтер, функциялар қарастырылған. РНР тіліне арналған Web-ресурстарға сілтемелер беріледі, скриптер қауіпсіздігі туралы сұрақтар қарастырылады. Ерекше көңіл формаға енгізілген ақпаратқа, файлдық жүйе жұмысына, мәліметтер базасына, cookie және т.б бөлінеді [6].

«Практические занятия по JavaScript» кітабы он екі тараудан тұрады. Әрбір тарауда HTML және JavaScript тілінде кодтарды жазудың ең маңызды жерлері қарастырылады. Мәтіндерде программалар листингі келтіріледі. Тәжірибелі болу үшін кодтарды көшіріп алып емес, пернетақтадан өз қолымен енгізу керек екені айтылған. Бұл кітап жаңадан үйренушілерге өзінің сайт беттерін безендіруге мүмкіндік беретін практикалық жетекші бола алады. Кітаппен танысу және оқу барысында сіз JavaScript тілінде скриптер қалай құрылатыны жайында барынша маңызды мәліметтерге қол жеткізе аласыз.

Кітапта JavaScript тілінің ең маңызды объектілеріне, қасиеттеріне және тәсілдерін анықтама беретін қосымша келтірілген [7].

«Самоучитель HTML» кітабында сайт жасау тілдерінің ең негізгісі, танымалы, Интернетте құжаттарды интерактивті түрде жариялауға мүмкіндік беретін HTML тілі қарастырылады. Кітапта осы тілдің негізі туралы мәліметтер берілген, Web-парақтарда графиканы қолдану ерекшеліктері, мәліметтерді Интернетте тарату үшін олардың техникалық дайындығы және HTML-құжатты жасаушының алдында тұрған басқа да мәселелер қарастырылады [8].

Келесі «Построй свой СУПЕР-сайт за 21 день!» кітабында еш дайындығы жоқ Интернетте өзінің алғашқы сайтын жасаушыға «нөлден бастап» қалай құру керек екені түсіндіріледі. Қолданатын құралдар ретінде визуальді редактор FrontPage бен Adobe Photoshop программасы пайдаланылады. Тиімді хостинг таңдау мен құрылған сайтқа қолданушыны қалай қызықтыру керек екені жайында практикалық мысалдарды өте қарапайым және түсінікті тілде қарастырған. Кітап кіріспе, содан кейін жиырма бір күнде сайт жасау үшін орындалатын әрекеттер сипатталатын бөлімдерден, қорытынды және қосымша беттен тұрады [9].

Е.Хабибуллиннің «Разработка Web-служб средствами Java» кітабында Web-қызметтер – қарапайым WWW құралдары мен XML тілінің көмегімен Интернетте қолжетімді қосымшалар жасау тәсілі сипатталады. Кітапта Web-қызметтерді құруға қажетті барлық мәлімет баяндалады, Java тілінде жасау құралдары мен оларды қолдану тәсілдері түсіндіріледі. XML тілінің мүмкіндіктері туралы қажетті мәліметтер, SOAP, WSDL, UDDI хаттамалары және Web-қызметтерді құру барысында қолданылатын басқада хаттамалар мен спецификациялар қарастырылады. Толық мәлімет Java тілінің кластар пакеті және қосымшаларды құруды жеңілдететін құрал-саймандарға беріледі. Осы кітапты қолдана отырып кез келген қиындықтағы Web-қызметтер қосымшаларын құруға болады. Кітап тоғыз тараудан тұрады. Кез келген компьютерлік желіде ақпарат алмасу екі негізгі талапқа жауап беру керек. Ол жылдамдық пен сенімділік. Осы аталған екеуі желіні өте ұзақ жүктейді және ақпарат алмасуды баяулатады. Web Services технологиясы IBM, Microsoft және UserLand фирмаларымен компьютерлік әлемді біріктіру үшін құрылған. Бұл технология ақпаратты сығудан бас тартып, қарапайым мәтінді ASCII, Latin I, СР866, СР1251, KOI-8 немесе Unicode: UTF-8, UTF-16 кодировкаларында жазып желі бойынша жіберуді ұсынды [10].

 

2 САЙТ ҚҰРУДА ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

2.1 Сайтты құрудың негізгі кезеңдері

Сайтымызды құруды бастамас бұрын белгілі бір мақсатқа жеткізетін тиянақты жоспарымыз болуы қажет. Алдын-ала жоспарсыз жасалған жұмыс көздеген мақсатқа жеткізбейді. Мұны ешқашан естен шығармау керек. Әуелі сіз құрғалы отырған сайтыңыздың болашақта қызметі, қолдану саласы, сізге және өзгелерге тигізер пайдасы қандай болмақ, соны анықтап алу қажет. Бұл ең бастысы және сіз бұл сұраққа жауапты білсеңіз келесі кезеңге көшуге болады. Екіншіден, сіздің сайтыңызда мәліметтердің қандай түрі негізгі болмақ (мәтін, сурет, анимация т.б.), оның дизайны, сыртқы келбеті қандай болмақ, жекелеген парақтарының ені мен ұзындығы, экранда орналасуын екінші кезеңде-ақ ойластыру қажет.

Қазір интернет желісінде көріп жүрген кез келген web-сайттың, олардың әрқайсысының мазмұны мен қызметтері әртүрлі болғандығына қарамастан олардың барлығының ортақ қасиеті бар. Кез келген сайттың бірінші кезекте ішкі келбеті, басқаша айтқанда «денесі» болады. Онда сайттың негізін құрайтын мәтін, графика, гиперсілтемелер, т.б. өзінің қажетті жеріне орналасып, сіздің сайтыңыздың сыртқы келбетін жасайды. Сайтты жасаудың ең тиімді әдістерінің бірі қарапайым кестелерді қолдану. Қазіргі кезде кестелік дизайн ұғымы жиі кездеседі. Осыған тоқтала кетейік. Егер сіздің сайтыңызда қарапайым мәтіннен басқа жарнама, суреттер, гиперсілтемелер т.б. мәліметтер орналасатын болса, онда жасағалы отырған парағыңыздың бос бетіне әуелі кестені орналастырған тиімді. Кестедегі ұяшықтарды, бағандар мен жолдарды парақтағы мәліметке сәйкесінше өзгерту үшін көптеген html-редакторларда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Интернет желісінде кестелік дизайн әдісімен құрастырылған сайттар көптеп кездеседі. Егер Web-сайт бірнеше парақтан тұратын болса, онда навигация батырмаларын міндетті түрде орналастыру қажет. Сіз сайтыңызға өзіңіздің қалауыңыз бойынша негізгі ақпаратты, жарнама, дауыс беру сияқты қосымша объектілерді және сайт авторы туралы қысқаша мәлімет т.б. ақпараттарды орналастыруыңызға болады.

Келесі кезең – Web-сайттың  жекелеген парақтарын қажетті ақпаратпен толықтыру. Сайт жасаудың ең маңызды аспектісі десек артық болмас.Сіздің сайтыңызда орналасқан мәлімет басқалардың сұранысын қанағаттандыратындай қызықты болуы қажет. Сәйкесінше оған кірушілердің саны да көп болады. Бұл кезеңді сайт жасаушының ізденісін қажет ететін шығармашылық кезең деуге болады.

Соңғы қадам дайын  сайтты Интернет желісіне орналастыру. Өйткені сіздің сайтыңыздағы мәліметке  басқалардың қол жеткізуі керек. Ол үшін домен аты, хостинг, ftp-клиент секілді ұғымдармен танысуыңыз қажет. Бұл сөздердің мағынасын білмесеңіз сіз сайтыңызды желіге орналастыра алмайсыз. Сайт жасаудың негізгі кезеңдері осылар деуге болады. Әрине, әрбір кезеңнің өзі бірнеше сатылардан тұрады [9].

2.2 Web-парақ жасау жолдары

1. Web-парақтардағы мәліметтердің орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Парақтардағы мәліметтердің оларды қабылдауға жеңіл болуының бір тәсілі экран бетінде мәтін де, сурет те орналаспаған бірсыпыра бос орындардың қалдырылуы болып табылады. Парақта мәлімет көп болса, ол тұтынушыны жалықтырып жібереді.

2. Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу керек, сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады.

3. Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың арақашықтықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс.

4. Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады. Абзацтардың да өте ұзын болмағаны дұрыс, олардың көлемдерін бірнеше шағын абзацтарға бөлген абзал.

5. Егер Web-парақ көлемі үлкен болса, онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. Кейде бір мәселеге арналған ақпараттарды тақырыптарға бөліп, оның мазмұнын негізгі бір параққа жазып, ал әр тақырыпты басқа беттерге сілтемелер арқылы орналастыру керек.

6. Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген тұтынушыларды қызықтыруы мүмкін, бірақ суреттерді желі арқылы қабылдау ұзақ уақыт алатынын есте сақтау керек [10].

2.3 Web-парақты тесттен өткізу

Серверге өз Web-парақтарыңызды орналастырар алдында оларды тест арқылы тексеріп алған жөн. Олардың бір-бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал. Web-құжатты тексеруден өткізу кезінде мынадай жайттар есте болсын: емле қателерін тексеру, яғни мәтіннің жазылуын автоматты тексеру арқылы толық қарап шығу керек немесе басқа кісіні қатесін қарап шығуға шақырыңыздар; навигацияны тексеру, әрбір парақта басқа құжаттарға, парақтарға ауысу мүмкіндіктері болуы тиіс, солардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіздер; сыртқы файлдармен қатынасу тәсілдерінің дұрыстығын тексеру; графикалық, дыбыстық және бейнефайлдарының өз орындарында тұрғанын қарап шыққан абзал, олардың сол орындарынан дұрыс жүктелгендігіне көз жеткізіңіздер, графикалық мүмкіндігі жоқ браузерлеге ауыспалы мәтінді хабарламалардың бар екенін қарап шықан артық болмайды; құжаттың жүктелу уақытының шамадан тыс ұзақ болмағанына көз жеткізіңіздер; басқа адамдардың сіз жасаған Web-парақтарды қарап шығуын қамтамасыз етіңіздер, сіздің құжатыңызбен таныс емес адамдардың парақтарыңызды бастан-аяқ тексеріп шығуын өтіну керек. [9].

 

3 БӘРІНЕНДЕ БІЗ СҰЛУ САЙТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1 Сайттың әрбір бетіне сипаттама беру

Бұл сайт негізгі беттен – 111.htm және “Той көйлектері”, “Кеш көйлектері”, “Қазақша көйлектер”, “Той туфлилары”, “Кеш туфлилары”, “Ақпараттар”, “Тіркелу” деген бөлімдерден тұрады.

Мына парақта сайттың алғашқы беті көрсетілген.

1-сурет. Сайттың басты бетінің көрінісі

Бұл парақта көйлектер жайлы кішкене мағлұмат берілген.Жоғарыда аталған бөлімдерге апаратын батырмалар бар. Ол батырмаларды басу арқылы сіз қалаған бөлімге кіріп, қажетті мәліметтерді ала аласыз және негізгі бетке қайтып келе аласыз.

Төменде сол жағында  сайтқа тіркелуге болады.Ол үшін өзіңіз туралы мәліметтерді жазып, тіркелесіз. Тіркелу батырмасына JavaScript тілі қолданылған. Егер ОК батырмасын шертсеңіз тапсырыс қабылданады,олай болмаған жағдайда «келесі жолы міндетті түрде тапсырыс беріңіз» деген сөз шығады. Ал оң жағында мекен-жай жазылған. Оны 2-суреттен көре аласыз.

2-сурет. Тапсырыс беру парағының көрінісі

Келесі “Той көйлектер” деген батырманы басамыз. Бұл жақта  көйлектерге кішкене мәлімет берілген. Одан кейін әр көйлектің коды және бағасы берілген.

 

3-сурет. Той көйлектері парағының көрінісі

 Келесі бет кеш көйлектеріне арналады. Бұл бетке басты беттен “Кеш көйлектері” батырмасын басу арқылы кіруге болады. Бұл жақта  көйлектерге  кішкене мәлімет берілген. Одан кейін әр көйлектің коды және бағасы берілген.

4-сурет. Кеш көйлектері парақтың көрінісі

Ендігі бет “Қазақша көйлектер” бөліміне арналған. Бұл бетке де сіз басты беттен “Қазақша көйлектер” батырмасын шерту арқылы кіре аласыз. Бұл жақта да көйлектерге  кішкене мәлімет берілген. Одан кейін әр көйлектің коды және бағасы берілген. Ол коды арқылы сіз тапсырысты оңай бере аласыз. Бұл жақта  Қазақша көйлектер туралы 5-суреттен көре аласыз. Қазақша көйлектер парағының жоғары жағында бөлімдердің аттары берілген. Ақпараттар бөлімін тышқанмен шертсеңіз, қосымша көйлектер жайлы ақпараттар ала аласыз. Және төмен жағында сізге сайтқа тіркелуге болады.Тіркелу батырмасына JavaScript тілі қолданылған. Егер ОК батырмасын шертсеңіз, сіздің қажетті мәліметтеріңізді алуға арналған форма шығады. MySQL мәліметтер базасында сіздің аты-жөніңіз, электронды поштаңыздың адресі мен телефон нөміріңіз сақталады. Оны 6-суретте көруге болады. Бұл қызметті көйлек тапсырыс беруді жеңілдету үшін қосылған, себебі дүкендерге бармай-ақ, электрондық қызметті пайдаланған оңайырақ болады.

5-сурет. Қазақша көйлектерге арналған парақтың көрінісі

6-сурет. MySQL мәліметтер базасы бетінің көрінісі

Келесі бет “Той туфлилары” деген бөлім. Бұл бетте туфлилар туралы ақпараттар және суреттер кестеде берілген.Парақтың жоғары жағында сырғымалы жолдармен суреттер көрсетілген. Осы сырғымалы жолдарды JavaScript тілінің фильтрлері арқылы жасалынған. Бұл фильтр бетті безендіру үшін қажет болды. Егер де тышқанды сол сырғымалы жолдардағы бір суретке апарсаңыз, суреттер тоқтап қалады және  сол суреттің, яғни туфлидің кодын және бағасын шығарып береді.7-суреттен байқай аласыз.

7-сурет. Той туфлиларының көрінісі

Келесі «Кеш туфлилары» 8-суретте көрсетілген. Бұл жақта  да туфлилар туралы ақпараттар және суреттер кестеде берілген.Парақтың жоғары жағында  сырғымалы жолдармен суреттер көрсетілген.

 

7-сурет. Кеш туфлиларының көрінісі

Ал 8-суретте авторлық бет көрсетілген. Бұл бетте сайтты жасаушы адам туралы қысқаша мәлімет беріледі.

8-сурет. Сайт жасаушы авторға арналған парақтың көрінісі

Келесі 9-суретте тестілеу беті көрсетілген. Бұл жақта қолданушы өзінің білімін тексере алады.

8-сурет. Сайт жасаушы  авторға арналған парақтың көрінісі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл курстық жұмысты  орындауда гиперсілтемелік құжат  жасау, оның ішінде құжат тақырыбын ерекшелеу, символдардың түсін, мөлшерін өзгерту, мәтін ішіне графикалық бейнелер мен кестелер енгізу, гиперсілтемелер жасау, формаларды құру, құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру, HTML-тілінің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану қарастырылды. Теориялық білімді практикада пайдалану және қосымша ақпараттармен танысу мүмкіндігі болды. Яғни HTML, CSS, PHP және JavaScript тілдерінің сайт жасауға қажетті барлық фукциялары қарастырылды.

Сонымен қатар браузерлер мен көптеген редакциялық программалармен  жұмыс жасау және олардың артықшылықтары және кемшіліктері таныстырылды. Әр бірінің өзінің жұмыс тәртіптері бар, олар да жақсы меңгерілді. Сайттың экранда бейнеленуі мен қандай түсқағаз таңдау керек және бұл түстердің бір бірімен ұйқастығын ұйымдастыруды, яғни шығармашылық ізденіс жасауды үйрендім. Сайт жасауда тәгтер мен олардың қасиеттерін CSS тілі арқылы қалай беру керек екені және оларды қалай пайдалану керек екені де меңгерілді.

HTML тілінде мәтінді  форматтау тәсілдерінің көптеген  мүмкіндігімен таныстым, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырғанын байқадым. Сонымен HTML құжаты құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым мәтіндік редактордың бірі болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірі Блокнот пайдаланылды. Кейбір деректерге сүйенсек Интернетте сайттардың 2%-ы орыс тілінде болса, қалған 98%-ы шет тілде жасалған. Бұдан шығатын қорытынды қазақ тілінде сапалы жасалған сайттың жоқтың қасы. Сол себепті де қазақ тілінде сапалы сайт жасау бүгінгі таңдағы ұрпақтың міндеті деуге болады.

“Бәріненде біз сұлу” атты курстық жұмысты жасай отырып сайттың бар артықшылықтарын дәріптеуде, оны оқырманға жеткізуде аз да болса үлес қосылды. Сонымен қоса Web технология пәнінен скриптерді, кодтарды пайдалану меңгерілді. Сайтты жасауда PHP тілін пайдаланып, MySQL мәліметтер базасымен байланысу арқылы сайтта сол тілдің бірнеше мүмкіндіктері пайдаланылды. Ол мүмкіндіктер сайтта тіркелу мен көйлекке тапсырыс беру қызметін жүзеге асыруға көп көмегін тигізді.Бұл курстық жұмысты жазу барысында «Оқу инемен құдық қазғандай» деген мақалдың мағынасын терең түсіне білдім, себебі курстық жұмыс жазған адам үшін жасаған еңбегін соңына дейін жеткізу біраз еңбекті талап етеді және студенттің өз бетімен ізденуіне көп мүмкіндік береді.

 Болашақта ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша алып жатқан білімім мен осындай сайт жасау туралы курстық жұмысты жазу арқылы алған тәжірибемді пайдалана отырып еліміздің көркеюіне өз үлесімді қосам деп сенемін.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1.  Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж.27.01).
  2. Квинт И. HTML, XHTML и CSS на 100 %. - СПб.: Питер, 2010. -384 с.
  3. Ульман Л. Основы программирования на РНР: Пер. с англ. -М.: ДМК Пресс, 2001. -288 с.
  4. Николенко Д. В. Практические занятия по JavaScript. –СПб.: Наука и техника, 2000. -129 c.
  5. Гончаров А. Самоучитель HTML. - СПб.: Питер, 2002. - 240 с.
  6. Морозова О. М. Построй свой СУПЕР-сайт за 21 день! - СПб.: БХВ-Петербург, 2006. -224 с.
  7. Хабибуллин И. Ш. Разработка Web-служб средствами Java. -СПб.:БХВ-Петербург, 2003. -400 с.
  8. Е.Л.Полонская Язык HTML. Самоучитель.М.: Издательский дом «Вильямс», 2003. -320 с.
  9. Бөрібаев Б. WEB- технологиялар пәнінен лабораториялық практикум. -Алматы: “Қазақ университеті”, 2009. -214 бет.
  10. Бөрібаев Б., Мадьярова Г.А. WEB- технологиялар: Оқулық. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-360 бет.

 

МАЗМҰНЫ



Жексен Жаннұр АЖ-09-3а


WEB-технология