Қылмыстық іс жүргізу құқығы
БАҚЫЛАУ ЖҮМЫСЫ
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
ЖОСПАР
I. Кіріспе
- Қылмыстық іс жүргізу құықының түсінігі, пәні, заңдары.
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары мен қайнар көздері
II. Қорытынды
III. Қолданған әдебитеттер
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыс қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелеріне, қылмыс туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру амалдары, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолданудың тәртіптері мен осы тәртіптері мен осы сатыдағы дәлелдеу қызметі мен дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктеріне арналады. Қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыс белгілерінің бар немесе жоқ екенідігін дәлелдеуді қаматамасыз етуге байланысты пайда болатын құқықтық қатынастар зертеудің объектісі болып табылады. Ал қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелер мен дәлелдеу қызметі, қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүделерінің мәселелері мен оны қаматамасыз етуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен құқық қолдану қызметі зерттеудің пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз» деп көрсеткен болатын. Қазіргі таңда мемлекетіміз алға дамып келеді, яғни заман талабына, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық құбылыстарда көрсетуге болады. Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші, прокуратура, сот және анықтама органдарының қызметтері жариялы құқықтық сипатта болады. Қылмыс құқықбұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі бола тұра ол азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға , мемлекетке көп мөлшерде зиян келтіреді,мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларады қолдануын міндеттеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына оң әсерін тигізуде, себебі оның халықаралық жағдайларымен байланысты болуы және дәлелдеу құқығы, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолдану салаларында көптеген өзгерістер енгізілуі де ықпал етуде. Зертеу тақырыбын қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеудің өзекті мәселелері деуіміз, қылмыстық іс қозғау, ең алдымен, процестің жеке бастапқы, міндетті сатыларының бірі екендігі ескеріледі. Сондай –ақ аталған тақырып бойынша зертелулердің көбі кеңестік дәуірде жүргізілген. Қазіргі таңда қылмыстық процес ғылымының зертеуді қажет ететін проблемалары жеткілікті. Олай дейтініміз, ғылыми білім үрдісінің даму заңдылығына сай әр бір жаңа проблеманы уақыт туғызады.
Мемлекет нарықтық экономикаға өтіп, нарықтық-экономикалық құқықтық сананың қалыптасу кезеңінде қылымыстардың жасалу технологиясы да өзгерді. Сол себебті ондай құбылыстар мен күресу үшін тәжірибелі теориялық деңгейдегі зертеулерді жетілдіру қажеттілігі туындайды. Осы курыстық жұмысымды мен қылмыстық іс қозғау сатысының маңызды жақтарын қарастыру арқылы мәнін ашып, оның қылмыстық іс жүргізуде өзге де сатылармен байланысты болатынын және осы сатыдағы дәлелдеу қызметінің жүзеге асырылудағы мәселереі мен ерекшеліктерін зерделеп, мән-мағанасына қарай жіктеп, олардың жетілдіру жақтарын қарастырдым. Өйткені Қазақстан Республикасында қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері мен ерекшеліктері, қылмыстық іс жүргізу ғылымында жеткіліксіз деңгейде зертелген, тіпті жоқтың қасы. Яғни курыстық жұмыста қылмыстық іс озғау сатысындағы дәледеу мәселелерін, олардың ерекшеліктерін зертеу мен теориялық ой-өрістен өткізу және дәлелдеуге байланысты заңдардың бастапқы ережелері мен қылмыстық іс жүргізу ғылымының, тергеу және сот тәжірибесінің мәселелерімен салыстырмалы түрде қарастыруға болады.
1. Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, заңдары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық
жауаптылықтың негіздерін, міндеттері
мен принциптерін, жекелеген жаза
түрлерінің қолдану шегін,
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін айқындайтын заңдар
Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртібімен шешiледi.
Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
аумағында шет мемлекеттiң
2. Қылмыстық іс жүргізудің қағидалары мен қайнар көздері.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
1. Заңдылық принципі
– бұл принциптің мәні қылмыс п
2. Адамдардың заң алдындағы
теңдігі принципі – бұл
3. Жауаптылық принципі – бұл
принцип бойынша кез келген
адам лауазымдық және басқа
да жағдайларға қарамастан
4. Әділеттілік принципі – бұл
принциптің мәні қылмыстық
5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Қылмыстық заң –
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді. Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.
Қылмыстық іс жүргізу
қағидасы – бұл заңда көрсетілген
қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын
көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз
етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот
ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін
жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын
тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды
білу маңызды.
Қағидалардың теориялық-
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған, онда былай делінген: "Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті". Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен күшейтіле түскен.
Адамның жеке басының
бостандығына конституциялық құқығы оның
жеке басына тиіспеушілікпен тікелей
байланысты. Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚІЖК-тің
16-бабында келтірілген: "Азаматтардың
жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия
заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке
салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың,
телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф
және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы
бар. Қылмыстық процесс барысында бұл
құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген
жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол
беріледі".
Адамның жеке басына тиіспеушіліктен
заңды түрде айырудың кепілдіктері (іс
жүргізу шарттары) мыналар:
-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу
шегінде қолдану;
-адамның жеке басына тиіспеушіліктен
айырылуы мүмкін субъектілерді заңмен
белгіленген толық шеңбері (сезікті және
айыпталушы);
-мәжбүрлеу шараларын қолданудың дербес
іс-әрекетін белгілеу (адамды қамауға
алу, ұстау, күштеп әкелу, тінту және т.т.);
-мәжбүрлеу шараларының
қолданылуын іс жүргізу
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының
заңсыз қолданылғанына шағым жасау мүмкіндігі;
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолданудың нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу;
-прокурор мен соттың
іс жүргізушілік мәжбүрлеу
Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады.
Қолданылып жүрген қылмыстық істі жүргізу кодексінде «қағида» ұғымы мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті «қағида» терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының) араласуына әкеліп соқты.
Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатын алға қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық норма-лар-дың тиімді жақтарын пай-да-лану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны із-гілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетіл-діру-ге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі мен мәнін, маңызын, жүйесі мен мақсатын ашу осы зерттеудің мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызын зерттеу;
- олардың қылмыстық
сот ісін жүргізудің
- Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын бекітудің құқықтық нысанын анықтау;
-олардың нормативтік сипаттамасын көрсету;
- ҚР Конституциясындағы
және қылмыстық іс жүргізу
заңындағы бекітілген
- Қылмыстық іс жүргізудің әр түрлі стадияларындағы қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын жүзеге асыру;
- Қылмыстық іс жүргізудің
әр түрлі стадияларындағы
Процессуалдық әдебиеттер, заң мақалалары және прокуратура органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар ғылыми ұғымдарды қалыптастыру туралы еңбектер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар, озық тәжірибелер.
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:
— Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.
— Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.
Істің мен-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.
— Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
— Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».
Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:
- Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
- Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.
- Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.
- Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.
- Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.
— Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді:
- дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады.
- тараптардың құқықтары тең.
- сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.
— Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі.
— Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін құқықтық нормалар жүйесі. Ол қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура жене соттың қызметін және үкімнің орындалуының іс жүргізу мәселелерін реттейді.

- Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
- Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары
- Қылмыстық іске барған жасөспірім
- қылмыстық іс қозғау
- Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
- Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы
- Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы
- Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері
- Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
- Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
- Қылмыстық заң
- Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
- Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
- Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі