Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі 9
- Қылмыстық іс жүргізу нысаны 12
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары 14
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары 20
ІІІ. Қорытынды 25
ІV. Пайдаланған әдебиеттер 27
Кіріспе
Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Сонымен бірге, Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен мазмұны тұрғысындағы сипаттамасы негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексі ғана алынбайтындығын назарда ұстау қажет. Құқықтың көздеріне арналған бөлімде кең ауқымды мағынасында сот ісін жүргізудің мазмұнын құрайтын заңдар мен заң актілерінің жүйесі берілетін болады. Бірақ Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің құрылымы оқулық түзіліміндегі негізгі өлшем екендігі күмән туғызбайды. Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодекстің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымыз айтылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымын осылай түсіну курс құрылымын біршама күрделі деп есептеуге негіз береді. Қылмыстық іс жүргізу баптарын нақты ұстану құқықтың саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу туралы тұтастай түсінік бермейтіндігі бұрыннан атап өтілген болатын. Кодекстің құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығын құрылымдаудың негізі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық іс жүргізу құқығы дегеніміз-бұл процесуалдық құқық болып есептеледі. Мұнда құкыққорғау органдарының соның ішінде тергеушінің, анықтаушының, прокурордың, судьяның қылмыстық істі ашып оны тергеп, шешім шығару қызметі айқындалады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылы қабылданып заңды күшіне енді, кейін көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексі 12-бөлім, 56-тарау, 541-баптан тұрады.Ол жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы болімге мыналар жатады:
І.Негізгі ережелер;
2.Қылмыстық процеске қатысты мекемелер, органдар мен тұлғалар;
З.Дәлелдемелер және дәлелдеу;
4.Іс жүргізу мәжбүрлеу шаралары;
5.Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер; Ерекше бөлімге мыналар жатады:
1 .Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
2.Бірінші сатыдағы іс жүргізу;
З.Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау;
4.Соттың шешімдерін орындау;
5.Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу;
б.Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері;
7.Айрықша іс жүргізу;
1997жылғы желтоқсандағы
№206 Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық немесе әкімшілік құқықтарға сәйкес шешілуі тиіс мәселені қарау қажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шешіледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңы бұл тек қана құқыққорғау органдары арқылы қолданады. Яғни тергеуші анықтаушы, прокурор және тағы басқа мамандар қылмыстық істі осы кодекске сүйене отырып іс жүргізеді.
Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімі- қылмыс болып табылатын қауіпті іс әрекеттердің белгілері мен шеңберін және оларды жасағаны үшін тағайындалатын жазалардың түрлері мен шектерін айқындайтын белгіленген қылмыстық заң нормаларын жиынтығынан тұрады.
Демек, жалпы бөлім қылмыстық құқық институты мен қағидаларының жалпы ережелерін бекітсе, Ерекше бөлім нақты қылмыстүрлерін қарастырып, жасалған қылмысқа қолданылатын жазаны көрсетеді.
Жалпы және Ерекше бөлімінің бірлігі олардың алға қойған мақсатында, себебі олар мемлекетті қоғамды, адамның жеке басын қылмыстық қиянат жасаушылардан қорғайды.
Сонымен қатар қылмыстық құқықтық ерекше бөлімінің нормалары жалпы бөлімнің нормаларын қолдану арқылы жүзеге асрылады. Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда жалпы бөлімнің ережелері мен институттары негізгі басшылыққа алынады. Айталық, қылмыстық кодекстің 181- бабында: «Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолдану мен не бөтен мүлікті жою мен немесе бүдіру мен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқада іс әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленуші немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді- жариялау» - деп қорқытып алушылықтың белгілерін көрсеткен. Аталған қылмыс бойынша қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіз болатын жалпы бөлім нормаларын басшылыққа алу керек (жаса, кінәлінің нысандары мен түрлері).
Сол сияқты жаза тағайындау барысында жазаның түрлері мен мөлшерін белгілеу үшін де сот қылмыстық кодекстің жалпы бөлігінің дағдайларға арналған тиісті нормаларына жүгінеді. (3,4,5 бөлімдер).
Қылмыстық құқық ғылымының ерекше бөлімінің пәні ерекше бөлімді құрайтын нормаларды оқу және оларды тәжірибеде дұрыс қолдануға үйретеді. Сонымен қатар жекелеген нормалардың тиімділігі мен қылмыстық заңдарды жетілдіру проблемаларын көтеріп, оны тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін жақсатуға сетігін тигізеді.
Қылмыстық құқық пәні қылмыстық іс әрекетті жасауға байланысты пайда болған қоғамдық қарым- қатынастарды ретке келтіреді. Белгілі бір қоғамға қауіпті қылмыстық іс- әрекетті жасаған тұлғаға тыиым салып, оны қылмыстық жауапқа және жазаға тарататын нормаларды белгілеу- бұл мемлекет құзіреті. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық қатынастарды ретке келтіру - қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымының Ерекше бөлімінің негізгі міндеттері*- қылмыстық заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, күші бар заңдарға жүйелі түрде талдау жасап, тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін дамыған өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын, олардық қылмыстық құқықтық ілімдерінің терең талдап, Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдармен салыстырмалы тұрғыда қарастырып, кешендік зерттеулер жүргізіп тұру қажет.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық құқықты тығыз өзара байланысты және өзара себепші ететін оларға тән мына ерекшеліктер:
1 .Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануы әрдайым жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің кабылдануына себеп болады. Мәселен, Қазақстан Республикасының ҚК 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданса, соның ізінше-1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданды.
Қазақстанның қылмыстық заңының ауыстырылуы жалпы алғанда құқықты және жеке алғанда мемлекеттің қылмыстық саясатын терең реформалау процестеріне байланысты. Осы ауыстыру барысында қылмыс-тық жазаға тартылатын әрекеттердің категориялары туралы дәстүрлі ұғым-дар, криминализациясыздандыру мен криминализациялау өзгерді, санкция-лар жүйесінде өзгерістер болды және т.т. Осының бәрі белгілі бір дәрежеде материалдық-құқықтық институттарға бағдарланған процедура мәселелеріне ықпал етті.
2.Қылмыстық —
құқықтық қатынастар пайда
Өзін дәлелдеуді, тергеуді және сот-құқықтық баға беруді қажет ететін қылмыстар белгілі орын алмайынша қылмыстық іс жүргізу нормаларын қолдану қажеттігі пайда болмайды. Қылмыстық кодекспен байланыссыз Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелері ешқашан және еш жерде қол-данылмайды. Олардың қолданылуы әрқашан белгілі қылмыстық жазаға жататын іс-әрекеттердің ақиқаттығын анықтау қажеттілігіне байланысты.
Белгілі венгр құқықтанушысы Имре Сабо былай деп жазды: «Іс жүргізу құқығы, бір жағынан, тиісті материалдық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға, ал екінші жағынан-өздерінің құқықтық көрініс-терін іс жүргізу қатынастарынан табатын ерекшелік қатынастаға негізделген».
3. Қылмыстық-құқықтық
Қылмысқа қатысты субъективті факторларға қарамастан оған ҚК-тің нақты бабын қолдану процедурасы қылмыстық іс жүргізу заңында орнықтырылған. Қылмыстық - құқықтық норма тек іс жүргізу нұсқамалары, яғни қылмыстық іс жүргізу нормалары шеңберінде ғана қолданылады.
«Ағаш ұрлау туралы заң жөніндегі айтыстар» деген еңбегінде К.Маркс былай деп жазған: «Мысалы, өсімдіктер нысандары өсімдіктермен, ал жануарлар нысаны-жануарлардың етімен және қанымен қаншалыкты тығыз байланысты болса, сот процесі мен құқық бір-бірімен соншалықты тығыз байланысты. Бір ғана рух сот процесін де, заңды да жандандыруға тиіс, өйткені процесс заңның өмір нысаны ғана, демек, оның ішкі өмірінің көріні-сі... Егер нысан мазмұн нысаны болып табылмаса, онда ешқандай құндылық болмайды». Осы ойды өрбіте келіп, В.Н.Шпилев материалдық және іс жүр-гізу құқығы арасында қалыптастын арақатынастың диалектикалылығын атап көрсетті. Атап айтқанда, ол былай деп жазды: «Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу арасындағы арақатынас нысандар мен мазмұн диалектикасына бағындырылған-қылмыстық іс жүргізу құқығы-қылмыстық құқықты жүзеге асыру нысаны».
4. Қылмыстық іс жүргізу
құқығы қылмыстық құқы
Мәлім болып отырғандай, кұқық қатынастары белгілі бір функцияны орындау барысында жүзеге асырылатын құқықтар мен міндеттерден қалыптасады. Мәселен, тергеуді жүзеге асырушы адамның құқықтары мен міндеттері тергеушінің қызметі өздеріне бағытталған басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерінің сипатына әсер етеді. Тергеушінің сарапшылық тағайындау құқығы сарапшыға қажетті тергеу жүргізу және нетижелерді қорытындыда баяндау міндеттерінің бір мезгілде жүктелуін білдіреді.
Тергеуші мен сарапшы арасында түр-сипаты мен нәтижелері қылмыстық іс жүргізу құқығында орнықтырылған қатынастар пайда болады. Сөйтіп, қылмыстық-құқықтық қатынастардың жүзеге асырылуы сот ісіне түрлі қатысушылар арасындағы қылмыстық іс жүргізу қатынастарын өмірге әкелді.
5 .Қылмыстық құқық пен қылмыстык іс жүргізу құқығын материалдық және іс жүргізу құқығының орын алуына негіз болған себеп-салдар байланысының бірлігі жақындастырады, ол-орын алып отырған қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа, орын алып отырған барлық меншік нысандарына, азаматтардың жеке басы мен құқықтарына қарсы бағытталған қоғамдық қауіпті әрекеттердің болуы.
Қылмыстық құқық нормалары да, қылмыстык іс жүргізу құқық нормалары да өз белгілері жазалауға жататындығын көрсететін әрбір әрекет бойынша қолданылады. Жасалған бір әрекет қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығын қолдану кезінде пайда болатын қатынастар-ды байланыстырады. Түрлі сипаттағы қатынастардан материалдық және іс жүргізу құқығының себеп-салдар бірлігі туындайды.
Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығын жақындататын ерекшеліктермен қатар осы құқық салаларын біріктіруге мүмкіндік бермей-тін бірқатар ерекшелік бар. Бұдан бұрын айтылған өзара байланыс сонымен бірге қаралып жатқан салалардың дербес болуын, олардың белгілі бір дәрежеде дербес қалыптасуы мен дамуын көздейді.
Олардың айырмашылығы реттейтін нәрседегі, реттеу әдісі мен құрал-дарындағы айырмашылықтарға негізделген.
Іс жүргізу құқығын одан әрі дамыту (тереңдету немесе қысқар-ту) туралы мәселе осы ғасырдың 50-жылдарының аяқ кезі мен 60-жылдардың бас кезінде ғылыми іздестірулер мен айтыстар нысанасы болды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен конституция құқық
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен конституциялық құқықтың бір-тұтастығын көрсететін негізгі белгілердің бірі-қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің Қазақстан Конституциясында (77-бап) және конституциялық заңдарда орнықтырылуы.
Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғыл-майтындығы; заң негізінде және заңға сәйкес болмаса, қылмыстық қудалау-ға тыйым салу; азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік немесе қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға тыйым салу; айыпталушының кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмәнді оның пайда-сына жарату; дәлелдерді тек заңды жолмен алу; судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы және басқалары басты ережелер бола отырып, қарым-қатынас субъектілері қызметінің негізгі ережелері мен бағыттарын белгілейді. Конституция мен конституциялық заңдар мемлекеттің бүкіл құқық құрылымы өздеріне негізделген принциптер жүйесін белгілей отырып, сонымен бірге кылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің сақталуына кепілдік береді, оның өзі осы екі саланы біртұтас құқық негізінде жақындастырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы заңдардың,атап айтқанда конституциялық құқық артықшылықтары мен қемшіліктері барынша айқын байқалатын құқық катынастарының ерекше саласы ретінде құқық қатынастарының ерекше саласы ретінде құқықтық сот ісін жүргізудің мәнділігін арттырады.
Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру үшін қылмыстық құқық пәнінің Ерекше бөлімінің мәні зор. Қылмыстық кодекстің 3- бабында: «Қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жпуаптылықтың бірден- бір болып табылады»,- делінген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі мейлінше тллық, нақты қылмыстардың түрлері мен негізгі белгілерін қамтиды. Сондықтан сот және тергеу органдарының қызметкерлері тұлғаның істеген қылмыстық іс әрекетінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде баптың қылмыс құрамын толық белгілерін анықтауға міндетті. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы элементтеріне сипаттама беру мына төмендегіше жүзеге асыды; қылмыс объектісі және объективтік жағы, қылмыстың субъкетивтік жағы және оның субъектісі.
Қылмыс құрамының объектісіне талдау жасау барысында топтық және тікелей объектісін анықтау керек. Егер қосымша объект болса, ол да анықталуға тиіс. Қажет жағдайда қылмыстың затында анықтау қажет.
Қылмыс құрамының объективтік жағын талдау барысында оның мағынасы мен қажетті белгілерін анықтаумен қатар, қылмыс құрамының түрлерін де анықтау керек. Айталық, егер қылмыс құрамы материалды болса, оның объективтік жағынан қажетті үш белгісінде ашып түсіндіруі қажет, (Қоғамға қауіпті іс - әрекет, одан түскен зардап және олардың арасындағы себептік байланыс).
Мысалы: ҚК –тің 96-бабы бойынша кісі өлтіру барысында кісі өлтіруге бағытталған құқыққа қарсы қасақана іс -әрекет пен одан түскен кісі өлімі және оладың арасындағы себептік байланыс. Егер заңда көрсетілген қылмыс құрамы формальды тұрғыда болса, онда оның объективтік жағының міндеттік белгісі заңда көрсетілген іс -әрекет қана болып табылады. Мысалы, ҚК-тің 130-бабында көрсетілген қорлаудың объективтік жағы басқа адамның ар – намысы мен қадыр- қасиетін әдепсіз түрде кемісту. Бұл жерде қоғамға қауіпті іс -әрекеттен түскен зардап пен оның арасындағы себептік байланыс міндетті емес. Қылмыс құрамының түрлерін аныұтау, оның объктивтік жағының міндетті белгілері анықтау ғана болып табылмайды, сонымен қатар, қылмыстың аяқталу сәтінде анықтайды. Себебі, формальді қылмыс құрамы аяқталған болып заңда көрсетілген қылмыстық іс -әрекеті жасаған уақыттан бастап, ( қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадыр –қасиетін әдепсіз түрде кемісткен уақыттан), ал, материалдық қылмыс құрамы ҚК-тің Еркеше бөлімінде көрсетілген зардаптың түскен кезінен бастап аяқталған болып саналады. (Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіруде – жәбірленушіге ауыр зиян түсуі міндетті).
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау барысында жасалған қылмыс қатарын кінәнің нысандары мен түрлерін, сонымен қатар кінәнің интеллектуалдық және еркіне қарай сәттерін анықтауды қосады. ҚК-те көрсетілген қасақаналық пен абайсыздықтың түсінігі материалды қылмыс құрамына тән. Бірақ қылмыстық заңды формальды түрғыда жасалынатын қылмыс құрамдары кездесетін болғандықтан, кінәлінің жасаған іс - әрекетінен түскен зардапқа байлансыты кінәнің қатысы болмайды.
Қылмыс құрамының субъектісіне сипаттама бергенде біріншіден ҚК-тің 15-бабына сәйкес қылмыс жасаған тұлғаның жасын анықтау керек. Сонымен қатар, қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлғаның есінің дұрыстығы мен денінің саулығына және егер де қылмыс құрамдары арнайы субъектіні қарастыратын болса, онда қажетті белгілерін анықтауды қажет етеді.
Нақты қылмыс құрамына талдау жасап болған соң, оның дәрежеленген белгілеріне де көңіл бөлу керек. Дәрежеленген белгілер ҚК-тің ерекше бөлімінің 2,3 немесе 4-ші бөліктерінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан қылмыстық кодексіне қылмыстық – құқықты қорғау объектілерінің иерарқиясы мен олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда өзгерім-стер бар екенін атап көрсеті керек.
Біріншіден, ҚК Ерекше бөлім жүйесінде аталған қылмыстардың орнын ауыстыруы. 1959 жылға қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі мемлекеттік қылмыстар мен «ашылатын». Қылмыстық құқықтық демократиялық негіздері мен дамытылуы қылмыстық заңмен қаралатын құндылықтардың басқаша сатылуын қажет етті – адам, қоғам, мемлекет.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің жүйесі жеке адамға қарсы қылмыстардан І-тарау, отбасына және кәмелет жасына толмаған қылмыстардан; ІІ-тарау, адамның және азаматтық конситиуциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардан; ІІІ-тарау, бейбітшілікпен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан; 4-тараудан басталып, сол арқылы "мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы" деген конституциялық қағиданы баянды еткен.
Қажетті жағдайларға ұқсас қылмыстың құрамы – бірінен ажырататын белгілерді анықтау керек. Қылмыстық құқық ілімінің Ерекше бөлімі сот тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондықтан да тәжірибеде жіберілген қателіктерді қорытындылап, келешекте қателіктер жібермеу үшін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумында қаралып, тиісті қаулылар қабылданып отырады. Сондай-ақ қылмыс құрамының дәрежеленген белгілеріне түсініктеме беріп, оны тәжірибеде қалай қолдану керектігі туралы түсініктеме беріп отырады.
1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
Принциптер дегеніміз- құқықтық сананың нұсқауы, негізгі ережелері мен құқық жүйесін құрыудың бастамасы ғана емес, сонымен бірге құқық нормаларын іске асыруды білдіреді.
Қылмыстық атқару құқық принциптері- қылмыспен күресуді реттейтін құқықтық жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне негізделіп сүйінеді. Олар барлық- қылмыстық- атқарудың заң шығару арылы өтеді және міндетті түрде.
- Қылмыстық атқару саясатының жалпы бағытын бейнелейді.
- Қылмыстық атқару заңын жетілдіруде және негізі даму бағытын көрсетеді.
- Жалпы құқықтық құрлымы принциптері мен ара қатынасы және іштей келісімдер болу.
- Тұрақтылықпен бейнелеу.
Құқықтық принциптер негізіне жалпы адамгершілік бағалықтар жатады. Ол көптеген халықаралық актілер мен, жекелеп айсақ 1948 ж жалпы адам құқығы деклоратсиясымен және басқа да құжаттармен дәлелденеді. Бұлар да жалпы құқықтық принциптер арақатынасы реттеу бекітілген. 1988ж 9 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен «Канада да түрде болмасын ұсталға немесе қамаудан барлық адамдарды қорғау принциптерінің жинағын 43 /173 резолюциясы» кеңінен белгілі. ҚР Қыомыстық- атқару кодекісінің 6- бабының көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген.
Жазаның орныдау органдары мен мекемелер өз қызмктінде құқыққа кепіл болатын, бостандық пен сотталғандардың заңды мүддесін қамтамасыз ететін, жазаны орындауды дефференцициялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және құқыққы бой сұғыушылық көзқарастарына жағдай жасау, түзеудің өсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауда қатынасу принциптеріне негізделеді.
Баяандалған жағдайды ескере отырып, жалпы салалық, салық және құқық институционалдық принциптерін атап көрсетуге ьолады.
Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндерд: заңдылық, демократизм, сала аралықтары- әділеттілік және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдігі: салалыққа- жазаны орындауда дифференциялау мен даралау, мәжбір ету амалдарын тиімді пайдалану және орындауға қатысу: институционалдықтарға- жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандарды әр түрлі категорияларын бөлек ұстау т.с.с.
Қылмыстық- атқару құқық жүйесі принциптерінің бірлігі мен олардың өзара байланысыга көңіл аударуған жөн. Қылмыстық- атқару құқығы жалпы құқықтық, сала аралық принциптерге негізделген. Ол өз маңызын сақтап отырып, жазаны ерекше құқық шектеулерін ескеріп, қоғамдақ қатынастардың өзгешелігі өзінше жөнге салынады.
Қылмыстық- атқарудың құқықтық жүйесі принциптері- тиісті Халықаралық актілерге, Қазақстан Коституциясы нормаларына негізделіп, сотталғандармен айналысқанда бейнеленеді.
Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принциптерімен және жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты.
Демократизм принципі бостандық пен сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптері мен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланғандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж.
Конституция нормаларында демократияның құқықтық қамтамасыз ететін көптеген қағида, ережелері келтірілген. ҚР Конституциясының 12- бабында адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жү.зеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға конституциялық құбылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс екені бекітілген. Өз кезегінде мұнда заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі сияқты принутермен тығыз байланысты. ҚР Конституциясының 16- бабында көрсетілгендей, заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясы мен тұтқындауға және қамауда заңдылық принципі- заңының үстемдігі және жазаны атқаруда реттейтін басқа да нормативтік, актілер алдында артықшылықтары білдіреді. Заңдылық қағидаты құқық қатынастары субъектілерінің қылмыс жазасына атқаруда қылмыстық- атқару заңдарына нақты және қатаң сақтауда ғана іске асырылады.
Қылмыстық- атқару құқығының гуманиз принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарының ғаға емес, адам құқығы және соттаоғандар мен айналысу туралы көптеген Халықаралық Шарттың 10- бабында былай жазылған: «Бас бостандығынан айырылған барлық адамдардың жеке тұлғаға тән, өздерімен ізгілікті қарым- қатынас жасауға және абыройын сыйлауға құқығы бар».Сотталғандармен ізгілікті қарым- қатынас жасауды- ойына келгеғнде істеу, жазаны орындау орындарында тәртіп бұзу деген сөз емес, қайта оларға кішіпейілділік білдіру, сотталғандардың, әлеуметттік көмек көрсету, жазаны өтегеннен кейін еңбекке орналастыру, күнділікті тұрмысына көмектесут.с.с. деп түсіну қажет.
Қылмыстық- атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындау дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына, кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртәбіне байланысты.
2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны
Қылмыстық құқық
нормаларын қолдану нысаны- құқыққорғау
қызметі, ол сонымен бірге мемлекеттік қызмет
нысаны болып табылады, яғни білікті орган
мемлекет атынан және ол берген
уәкілдік бойынша қимыл
жасайды. А.С.Пиголкиннің
атап көрсеткеніндей, құқық қорғау қызметінде
істерді қарау бойынша іс жүргізу тәртібі
- құқық бұзу мән-жайының толық
және жан-жақты зерттелуіне,
құқықтық жауаптылыққа тартылатын
азаматтар құқықтарының қорғалуына кепілдік
беретін, қателіктерге және бұрыс шешімдер
қабылдануына жол бермейтін тәртіп ерекше
маңызды. Сонымен, қылмыстық құқық
нормаларын қолданудің қажетті шарты
- оны уәкәілетті органдар назарындағы объект
болып табылатын нақты қатнастарға қолданудың
бірізді процедурасы. Процедураның бірізділігіне
заңда айтылған адамдардың іс-қиймылдарының
тәртібі, дәйектілігі көрсетілген тұрақты
нұсқамаларды заң тәртібімен орнықтыру
арқылы қол жетеді. Іс жүргізу нысаны дегеніміз
- мақсаттар мен міндеттер бірлігімен
өзара байланысты осындай процедуралар
жүйесі. Іс жүргізу нысаны
қылмыстық сот ісіннің жүргізілуіне тән
жақ ретінде қаралуға тиіс. Іс жүргізу
нысанының мәнің семантикалық тұрғыдан
түсінуі "процесс" және "нысан"
категорияларының өзара байланысын тереңірек
көруге мүмкіндік береді. Егер "процесс",
бұдан бұрьш атап көрсетілгеніндей, ілгерілеуді,
әлдебір құбылыстың барысын,даму жайының,кезеңдерінің
біртіндеп ауысуын, ал "процедура"әлдебір
істі жүргізу кезінде іс-қимылдардың
ресми түрде белгіленген тәртібі
бойынша іргерілеуді
білдіретін болса, нысан әлдебір нәрсенің сыртқы пішінін, сыртқы
сипатын, белгіленген үлгісін, қалпын білдіреді.
Демек,семантикалық "іс жүргізу нысаны"- әлдебір істі жүргізукезіндегі әс-қиіиылдардың тәртібі мен дәйектілігінің белгіленген үлгісі. Сонымен,иіс жүргізу нысаны" ұғьшының сематикалық жағы мен құқықтық дәйектемесі үйлеседі.

- Қылмыстық іс жүргізу құқығы
- Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
- Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттпртпау шаралары
- Қылмыстық іске барған жасөспірім
- қылмыстық іс қозғау
- Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі
- Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы
- Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
- Қылмыстық Жауаптылық және оның негіздері
- Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
- Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
- Қылмыстық заң
- Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні
- Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні