Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

                                                        Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Қылмыстық процестің принциптері-қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсатттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер. Қылмыстық іс жүргізу құқығы - қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар. Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық іс жүргізу құқығы дамуының кеңестік кезеңіне осы сала мәнінің мәселелері түрліше шешілген кезеңдер тән. 50-ші жылдарға шейін кеңестік қылмыстық процесс - нақты қызмет саласын реттейтін құқықтық нормалар жуйесі, ал доктринаға байланысты барлық нәрселердің процеске қатысы жоқ деп саналып келді. Басқаша айтқанда, қылмыстық іс жүргізу қызметі бар да, қылмыстық іс жүргізу құқығы дейтін сала жоқ. Н. Н. Полянский, В. Я. Лившиц, И. Д. Перлов сияқты ғалымдар өз еңбектерінде қылмыстық процеске тек қана қолданбалы, материалдық құқықтан туындайтын сипат беруге тырысты. XX ғасырдың екінші жартысында қылмыстық процеске дербес сала сипатын беруге арналған алғашқы жарияланымдар, осы айқындамаға негіздемелер пайда болды. Ең көрнекті зерттеушілердің бірі М. С. Строгович қылмыстық іс жүргізу құқығының кеңестік құқық жүйесіндегі орны туралы проблемаларды ғылыми талдауға айтарлықтай елеулі үлес қосты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы – қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық естерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік –шартты жүйе. Қылмыстық процесс сласындағы заңдылық принципі-қылмыстық іс жүргізу процесіне әрбір қатысушының материалдық және іс жүргізу заңдарының барлық талаптарын, соның ішінде осы қызмет принциптерінің формулалары бар нормаларды сақтауға міндетті. Процессуалды құқық материалдық құқықпен тығыз байланыста болады, себебі ол оны жүзеге асыру үшін процессуалдық нысандарын бекітеді. Сот процесінің екі нысаны бар: азаматтық және қылмыстық. Іс жүргізу құқығы - бұл қылмысты тергеу, қылмыстық және азаматтық істерді талқылау және шешу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлімі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тікелей байланысты.

Сот процессінің екі негізгі нысаны бар: азаматтық және қылмыстық.

    Қылмыстық іс жүргізу құқығы - бұл қылмыстық істі қозғау, шешу, тергеу бойынша анықтау, тергеу, прокуратура,  сот органдарының қызметін реттейтін құқық саласы. Қылмыстық іс жүргізудің  заң  негізіндегі  өзіндік  принциптері  қарастырылған. Құқық қағидалары құқықтық реттеуге ғылыми сипат беріп, оның нәтижесін біршама көтеруге мүмкіндік береді. Қылмыстық іс жүргізудің қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері төмендегідей.

1.Заңдылық принципі.

2.Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы.

3.Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау.

4.Жеке адамның абыройы мен кадір-касиетін құрметтеу.

5.Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

6.Жеке өмірге қол сұғышпаушылық.

7.Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық.

8.Кінәсіздік презумпциясы.

9.Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсүге жол бермеу.

10. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. 11. Судьялардың тәуелсіздігі.

Сот ісін жүргізудігі тараптардың мен тең құкықтылығы негізінде жүзеге асыру. Сондықтан, әлеуметтік прогресстің заңды нәтижесі ретінде олардың гносеологиялық ерекшеліктеріне орай бастапқы нүкте жеткілікті дамыған құқықтық жүйенің атрибуты болып табылады.  Курстық  жұмыс тақырыбын. «Қылмыстық іс жүргізу  принциптерінің  түсінігі мен маңызы»  деп анықтадық.

Зерттеу  мақсаты: Қылмыстық іс жүргізу  принциптерінің  түсінігі, мәні мен маңызын қарастыру.

Зерттеу объектісі: Қылмыстық іс жүргізу 

Зерттеу пәні: Қылмыстық Іс жүргізу принциптерінің түсінігі, мәні, маңызы

Зерттеу  міндеттері

1.Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен іс жүргізу  құқығы  байланысын қарастыру.

2. Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзіне  тоқталу.

3. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызын түсіндіру.

4.Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптерін анықтау . Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптерін қарастыру.

Курстық  жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ

1.1 Қылмыстық   іс жүргізу құқығы  туралы  түсінік

Қылмыстық іс жүргізу құқығы  қылмыстық құқықпен  тығыз байланысты.  Қылмыстық  іс жүргізу  құқығы - бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

          Қылмыстық процесс  - бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады.  Қылмыстық процестің екі мақсаты бар: тікелей - әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын; жалпы - заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу. Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар - заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар: Қылмыстық процестегі жариялылық  мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді. Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады. Істің мен-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дәлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зерттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді. Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың  көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама.  Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары: Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды. Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі. Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес. Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді. Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді: дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мемлекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады. Сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.  Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі. Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық және еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі. [4; 201б]      Қылмыстық іс жүргізу құқығы - толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас - қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, карау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік - шартты жүйе деп түсіну. Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған салды: қылмыстық іс жүргізу құқығы - өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады. Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы - қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген. Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқындамасына байланысты. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:

- бұл дербес құқық саласы;

- іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады;

- өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс жүргізу - құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:

- өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;

- өкілетті органдардың қылмыстық  іс жүргізу нормалары жүйесіне  негізделген қызметі;

- олардың субъективті құқықтары  мен міндеттерін жүзеге асырудың барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.

Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары:

а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;

ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;

б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.

Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі - адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады. [2]

ҚІЖК-нің 8-бабы осы міндеттерге арналған. Мұнда былай деп көрсетілген:

1.Қылмыстық процестің міндеттері  қылмыстарды тез және толық  ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану болып табылады.

2.Қылмыстық іс жүргізудің заңда  белгіленген тәртібі адамды және  азаматты негізсіз айыптау мен  соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, азаматтардың құқыкты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемесуі тиіс.

Бұл міндеттер қылмыстық іс жүргізудің барлық стадиялары үшін ортақ болып табылады және олардың әрқайсысы осы міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу органдары осы міндеттерді басшылыққа ала отырып өз қызметтерін атқарады.

Қылмыстық процестің міндеттерін занда екі топқа бөліп көрсетудің мәні бар. Нақты айтқанда, ҚІЖК-нін 8-бабының 1-бөлігінде жазылған міндеттерді — қылмыстық іс жүргізудің арнайы және тікелей міндеттері деп ұғыну керек. Сонын ішінде, қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тартып, оларды толық әшкерелеу - бұл міндеттерді орындау алдын ала тергеу және анықтау органдарына жүктеледі және осы мемлекеттік органдардың қызметімен тікелей байланысты болып табылады. Ал әділ сот талқылауын қамтамасыз ету, яғни қылмыстық істі сотта қарау кезінде оны жан-жақты талқылап, әділ шешу - соттың басты міндеті. Қылмыстық  құқық бұл қылмыстық істер  бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін құқықтық нормалар жүйесі. Ол қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау  бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және соттың қызметін және үкімнің орындалуының іс жүргізу мәселелерін реттейді. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы - осы қызметті және осы қызметті атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.

 

                          1.2  Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі

Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі (бастамасы) Қазақстан Республикасы кылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабында айқындалған. Онда Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазакстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық зандарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады деп көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді. [1]

Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері, яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құқығы, жеке тұлғалық қол сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т.б. белгіленген). Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі; Конституциялық занды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы:

  • Қазақстан Республикасындағы сот пен сот мәртебесі туралы;
  • Қазақстан Республикасының прокуратурасы;
  • Қазакстан Республикасының ішкі істер органдары туралы;
  • Жедел іздестіру қызметі туралы;
  • Адвокат қызметі туралы, т.б.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс жүргізу құкығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот талқылауын береді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволык, нормативтік актілер де (ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері, Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т.б.) жатпайды. Олар кылмыстық іс жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан колданылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексі - бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат кұқығы Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. [1] Ол жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1-5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады. Ерекше бөлімде 8 бөлім (6-13), 40 тарау, 400 бап (177- 577) енеді. Ескерте кету керек, 2007 жыддың 1 каңтарында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Алкабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын, 57-62 тараулардан, 542-577-баптардан тұратын жаңа 13-бөлім енгізілді. Бірінші бөлім жалпы (негізгі ) ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық, іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін, процесс субъектісі ұғымын айқындайды, үшінші бөлім дәледемелер мен дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың занды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші белімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың, артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар, т.б.) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылының тәртібін анықтауға арналған. Соңында жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін көрсетеді.  Жоғарыда аталған зандарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол зандардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа зандардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек. Мәселен, қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясымен айқындалады деген ереженің жазылу себебі - Конституцияда сот төрелігін атқарудың принциптері және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілдіктері көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңнын нормаларын қылмыстық істердің бірінші саты, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттарында қаралатындығына байланысты қолдану қажет болады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері аталған зандармен шектелмейді. Бұлай айтуға Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормасы негіз болады. Осы баптың 1-бөлігінде барлық құқық салаларына ортақ мынадай ереже жазылған: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық - Конституцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. [1] Осы кснституциялык нормаға сәйкес ҚІЖК 1-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгеде міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотынын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының және КІЖК І-бабының негізінде, қылмыстык іс жүргізу құкығының қайнар көздерін мынадай топтарға бөлу олардың сипаты мен иерархиялық құрамына (жоғарыдан төмен) сәйкес келеді: Қазақстан Республикасы Конституциясы; Конституциялық заң, ҚІЖК және өзге заңдар; Халықаралық шарттар (бұлар жөнінде ҚІЖК 2-бабының 3-бөлігінде жазылған ереже ескерілуге тиіс: Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың ҚІЖКтен басымдылығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады); Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібіне байланысты мәселелер бойынша нормативтік қаулылары; Өзге нормативтік құкықтық актілер.

Аталған құқықтың қайнар кездерінің ішінде қазіргі құқықтық саясатқа байланысты өзгерістерге жататын нормативтік актілердің түрлеріне тоқталайық. Мәселен, құқықтың қайнар көздеріне Конституциялық Кеңестін және Жоғарғы Соттың қаулыларын жатқызу бұрынғы Кеңес Одағы кезінде болмаған. Ал қазіргі конституциялық норманың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану тәжірибесіне сүйене отырып көптеген нормативтік қаулылар қабылдағаны белгілі. Олардың ішінде: Сот үкімі туралы (2002 жылғы 15 тамызда қабылданған); Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Қылмыстык істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін сот-тардың сақтауы туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санциясына сотқа шағымдану туралы (2003 жылы 20 наурызда қабылданған); Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірбиесі туралы (2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған); Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған); Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған), Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу зандарының нормаларын қолдану туралы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы), Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы (2005 жылғы 20 маусымдағы) және т.б. нормативтік қаулылар бар. [1] Өзге нормативтік құқықтық актілер қатарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің және басқа орталық мемлекеттік органдардың қау.лылары мен бұйрықтары, сондай-ақ олар бекіткен ережелер жатады. Осыған сәйкес, мысалы, қылмыстық іс жүргізу саласында қолданысқа жататын мына нормативтік актілерді айтуға болады: Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысна қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы, Қазақстан Рес-публикасы Ішкі істер министрінін, міндетін атқарушының 2005 жылғы 6 қазандағы, Қазақстан Республикасы Экономикалык қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы - бірлескен бұйрығымен бекітілген: Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы нұсқаулық; Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы нұсқаулық және т.б. [1]

 

 

ІІ ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ЖҮРГІЗУДІҢ   ПРИНЦИПТЕРІНІҢ  ЖҮЙЕСІ

1.2  Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы

     

«Принцип» термині (латынша «рrіnсіріum») негіз, негізгі бастама деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты, қылмыстық іс жүргізудің принциптері ретінде бұл қызмет саласының негіздерін құрайтын және занда белгіленген бастама ережелер қарастырылады. Сонымен, қылмыстық процестің принциптері - қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл принциптердің маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы принциптерге негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы принциптерді басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден (ҚІЖК-нің 9-бабында айтылғандай), бұл принциптерді сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істін, материалдарының занды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады. Қылмыстық процестің принциптерін бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес. Кейбір авторлардың пікірінше, занда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеялар да қылмыстық процестің принциптері ретінде бола алады деп санайды. Ал, ғалымдардың басым көпшілігі қылмыстық процестің принциптеріне заң актілерде белгіленген бастама ережелер ғана жатқызылу керек екендігін қолдайды.  Бұл жағдайда принциптер кұқықтық нормаларға айналып, олардың іс жүзінде қолданылуы және қатаң сақталуы процеске қатысушылардың барлығына бірдей талап болып табылады. Олай болмаса, принциптердің іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің субъектілері үшін міндетті бола алмайды. Қылмыстық іс жүргізу принциптері ҚІЖК-нің екінші тарауында («Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері» деп аталған, 10-31 баптарда) баяндалып жазылған. Мұнда аталып жазылған принциптер Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімінде баян етілген сот төрелігінің бастама ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ ҚІЖК-де жазылған принциптердің көпшілігі Конституцияда жекеленіп айтылмаған. Бұлай болу түсінікті: Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы принциптеріне жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу принциптерін толық қамти алмайды. ҚІЖК-нің 10-31 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің принциптеріне мына бастама ережелер жатады:

- зандылық;

- сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;

- адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;

- жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

- адамнын, жеке басына тиіспеушілік;

- қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

- жеке өмірге қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы;

- тұрғын үйге қол сұқпаушылық;

- меншікке қол сұқпаушылық;

- кінәсіздік презумпциясы;

- қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі;

- сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асыру;

- судьялардың тәуелсіздігі;

- сот ісін жүргізуді тараптардын бәсекелестігі мен тең құқыктылығы негізінде жүзеге асыру;

- істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу;

- дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;

- сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету;

- куәлік айғақтар беру міндетінен босату;

- білікті заң көмегін қамтамасыз ету;

- жариялылық;

- қылмыстық сот ісін жүргізу тілі;

- іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі.

Бұл аталған бастама ережелер өзара байланысты және бір-біріне қайшы келмейтін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу тәртібін тұтас сипаттап көрсететін процессуалдық принциптер жүйесін құрайды. Бірақ, процессуалдық принциптер жүйесі аталған ережелермен ғана шектеледі деп айтуға жатпайды. Яғни, принциптер жүйесін одан әрі толықтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмауы тиіс. Сонымен қатар, жоғарыда аталған бастама ережелер қылмыстық іс жүргізудің жалпы принциптері ретінде қаралатын болғанымен, олар процестің барлық стадияларында бірдей көлемде қолданылмайды. Мәселен, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы немесе судьялардың тәуелсіздігі принципі тікелей сотта істі қарау кезінде өз көрінісін табады. Сол сияқты, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципі басты сот талқылауы стадиясына жузеге асырылады. Олай болса да, бұл принциптер қылмыстық процестің ортақ ережелері ретінде қаралады. Өйткені, сот төрелігін атқару - қылмыстық іс жүргізудің негізгі мәнісі болып табылады. [2]

Жоғарыда аталған зандарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол зандардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа зандардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек.

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері.

 

Заңдылық принципі. Бұл принциптің екі жақты мәні бар: біріншіден, ҚІЖК-нің 10-бабының 1-бөлігінде айтылғандай, сот және прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық істі жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚІЖКтің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті; екіншіден, қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар (азаматтар, ұйымдар) Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге заңдарды да сақтауға міндетті болып табылады. Олай болса да, заңдылық принципін қатаң сақтау ең алдымен қылмыстық іс жүргізу органдарының тікелей міндеті екендігін ерекше айту қажет. Өйткені, бұл органдар өздері зандылықты қатаң сақтаумен қатар, басқа іске қатысушылар жағынан заң бұзушылықты болғызбауға, сонымен қатар олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қажетті шараларды қолданып отырулары керек. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 10-бабынын, 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні Конституцияға сәйкес емес деп табу туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. [13]

Егер қылмыстық іс жүргізу орындары зандылық принципін сақтамаған болса, онда (ҚІЖК-нің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес) бұл іс бойынша шығарылған процессуалдық шешімдер заңсыз деп тануға және бұзуға жатады.

Осы айтылған шаралар зандылық принципін қамтамасыз етудің маңызды процессуалдық кепілдіктері болып табылады. Олармен қатар, зандылық принципін қамтамасыз етудің басқа да мынадай кепілдіктері бар:

  • қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларында зандылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы;
  • жоғарғы саты соттарының төменгі сатыға жататын соттардың шығарған үкімдері мен қаулыларының заңдылығын тексеруі;
  • іске қатысушы мүдделі тұлғалардың (азаматтардың және ұйымдардың) соттың, прокурордың және алдын ала тергеу (анықтау) органдарының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы және ондай шағымдардың занда көрсетілген тәртіп бойынша уақытында қаралып шешілуге міндеттілігі.

Сонымен қатар, зандылық принципінің іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің басқа да принциптерінің сақталуымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені, қылмыстық іс жүргізупринциптерін сақтау - заңның талабы. Егер қылмыстық іс жүргізу органы аталған принциптердің бірін бұзған болса, ол зандылық принципінің сақталмағандығын білдіреді. [13]