Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
Аннотация.
ЮМ-11-1к1_ тобының студенті Жұнысбекова Назира Раушанқызы курстық жұмысы
Тақырыбы: Азамат және мемлекет.
Курстық жұмыста мемлекет және
азамат құқығы, мемлекет түсінігі, мемлекеттің
түрлері, құқықттық
мемлекет және азаматтық қоғам, азаматтық
құкық туралы ұғым, азаматтық құқық туралы
түсінік және оның қайнар көздері, азаматтық
– құқықтық мәмілелері туралы мәселелері
толық қаралған.
Жұмыстың көлемі: ______________ бет.
Кестелердің саны: ______________ бет.
Ұсыныстардың саны: __________________бет.
Пайдаланған дерек көздері
тізім: _______
Студенттің __________________________
Белгілер
мен қысқартулар
ТМД
– Тәуелсіздік мемлекет достығы
ҚМ
– Құқықтық мемлекет
МҚТ
- Мемлекет және құқық теориясы.
НҚА
– нормативтік құқықтық актілер.
Нормативтік
сілтемелер.
Осы курстық жұмыс келесі құжаттарға сілтеме жасалған.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы.1993ж.
2.
Қазақстан Республикасының
3.
Қазақстан Республикасының
4.
Қазақстан Республикасының «
заңы.1998ж.24 наурыз
5. Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан.-1991
6. Собрание законодательства КазАССР.-Алматы.-1969
7. Права человека.Сборник международных документов.-Москва..МГУ.-1986
8. Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан.-Алматы.1998.
9. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы.1998.
10.
Қазақстан Республикасы
Анықтама
| № | Жаңа түсініктер | Мазмұны |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Құқық нормалары | Белгіленеген және мемелекетпен қамтамасыз етілетін баршаға бірдей міндетті формальді белгіліліктегі құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқығы мен міндеттерін бекітетін тәртіп жолы. |
| 2 | Құқық нормаларының құрылысы | Құқық нормаларының ішкі құрылымы және оның элементтерінің бір-біріне қарым-қатынасы. |
| 3 | Гипотеза | Құқық нормаларының құрамдық бөлігі, оның іске асырылуының жағдайын көрсетуші. |
| 4 | Санкция | Құқық нормаларының құрылымдық бөлігі, ол диспозицияны іске асыратын субект үшін міндетті түрде болатын құқықтық нәтижені алдын-ала болжайды. |
| 5 | Диспозиция | Құқық нормаларының құрамдық, заңдылық маңызды сипаттағы құқық субъектісінің тәртіп үлгісін белгілейді. |
| 6 | Абсалютті белгіліліктегі гипотезалар | Ұйғарым нормаларындағы бекітілгендерді іске асыруды талап ететін факторларды, анық және түсінікті етіп көрсететін гипотезалар. |
| 7 | Салыстырмалы белгіліліктегі гипотезалар | Құқық нормаларының әрекетінің тежелу жағдайын көрсететін нұсқаулары бар гипотезалар. |
| 8 | Белгіленбеген гипотезалар | Құқық нормаларының әрекеттерімен байланысты факторларды көрсетпейтін гипотезалар, бірақ, билік органдарына «қажетті кездерде» құқық нормаларын қолдануға құқық береді. |
| 9 | Казуальді диспозициялар | Диспозициялар, алдын ала ұйғарылған нақты тыйым салынатын әрекеттерді атап көрсетіп, құқық нормаларын іске асырудағы субъектілердің құқықтары мен міндеттерін көрсетеді, яғни жақтардың ойлары бойынша жүргізілетін қандай болмасын әрекеттерге орын қалдырмайды. |
| 10 | Абстракты диспозиция | Бұл гипотезалар белгілі тәртіп кейпін нақтыламай, алдын-ала болжайды. |
| 11 | Салыстырмалы белгіліктегі санкциялар | Бұл санкциялар жоғарғы және төменгі жазалардың шекарасын көрсетеді. Құқыққолданушы органдар соның қалпында оның дәл мөлшерін белгілейді. |
| 12 | Абсалютті белгіліктегі санкциялар | Бұл санкциялар қатаң түрде белгіленген ықпал мөлшерін белгілейді. |
| 13 | Альтернативті санкциялар | Жазалаудың бірнеше түрін ұсынады, яғни құқыққорғау органдарына қажеттісін қолдануға мүмкіндік беретін санкциялар. |
| 14 | Комулятивті санкциялар | Бұл санкциялар жазалаудың бірнеше түрін қосып алып, оларды біріктіріп қарау мүмкіндігін алдан ала біледі. |
| 15 | Реттеуші нормалар | Бұл нормалар, тікелей құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқығы мен міндеттерін белгілейді. |
| 16 | Күзету нормалары | Бұл нормалар,
реттеу нормаларын бұзғанда пайда болатын
заңды жауапкершілік |
| 17 | Императивті нормалар | Бұл нормаларда қайтсе де орындалмайтын ұйғарымдар бар, олар субъектілердің пікірі бойынша өзгертілмейді. |
| 18 | Диспозиттивті нормалар | Бұл нормалар,
субъектілерге өздерінің |
| 19 | Құқық жүйесі | Қоғамдық қатынастар жүйесімен қамтамасыз етілген бір-бірімен бйланыстағы құқықтық институтар мен құқық салаларының жиынтығы. |
| 20 | Көпшілік құқық | Мемлекеттің мүддесін бекітетін императивтік сипаттағы заң нормаларының жиынтығы. |
| 21 | Құқық саласы | Қоғамдық қатынастардың сипатына қарай ұқсас, салыстырмалы тәуелсіздіктегі аяны (ортаны) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. |
| 22 | Жекеше құқық | Жақтардың келісімдеріне негізделген жеке адамдардың қатынастарын күзететін және реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. |
| 23 | Құқықтық реттеу пәні | Соларға сай, заңды нормалар тобы мен реттелетін сапа жағынан біржақты, қоғамдық қатынастардың белгілі ортасы. |
| 24 | Құқықтың реттеу әдістері | Құқықтың салалық пәнін құрушы қоғамдық қатынастарға билікпен императивті ықпал ету. |
| 25 | Құқықты реттеудің авторитарлық әдістері | Тыйым салуға, міндеттілікке, жазалауға негізделген, қоғамдық қатынастарға қатынасушыларға билікпен императивті ықпал ету. |
| 26 | Құқық институты | Құқық саласына сай келетін және белгілі қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін заң нормаларының жиынтығы. |
| 27 | Құқықтың қосымша саласы | Белгілі құқық саласының біржақты институттарының жүйесі. |
| 28 | Заңдар жүйесі | әрекеттегі заңдар мен заңға қосымша актілердің жиынтығы. |
| 29 | Құқықтық жүйе | Құқықтың қарым-қатынасына және әрекеттестігіне, құқықтық танымға, құқықтық тәжірибеге негізделіп өмір сүруі, қоғамның даму заңдылығымен қамтамасыз етілетін құқықтық құбылыстардың нақты-табиғи комплексі. |
| 30 | Халықаралық құқық | Халықаралық
қатынастарға қатысушыладың еркін
көсететін және олардың бір-біріне
қатынасын реттейтін заң |
| 31 | Халықаралық жекеше құқық | азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарды шет елдердің адамдарының қатынасуы мен не заңды тұлғалармен реттеуші құқық. |
| 32 | Халықаралық көпшілік құқық | Халықаралық мемлекеттер мен ұйымдардың қатынастарын реттейтін құқық. |
| 33 | Құқықтық қатынастар | Жекешеленген ерікті қоғамдық қатынастар, қатысушылардың бір-біріне міндеттілігі, заң нормаларымен белгіленіп, мемлекеттік мәжбұрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. |
| 34 | Субъективтік құқық | Құқық нормаларымен белгіленіп, құқықтық қарым-қатынастарға қатынасушыларға берілген мүмкіндік және қажетті кезде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі. |
| 35 | Заңды міндеттілік | Құқық нормаларымен алдын-ала белгіленген, құқықтық қатынастарға қатысушыларға жататын міндетті адамның тәртіптілік нысаны және мемлекеттік мәжбұрлеумен қамтамасыз етілген. |
| 36 | Құқық субъектісі | Субъективтік құқық пен міндеттілікті алып жүруге қабілеті бар адамдар және заң бойынша құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алады. |
| 37 | Құқықтық қатынастардың субъектілері. | Құқық субъектілеріне нақтылы субъективтік құқықтар мен заңды міндеттері барлар жатады. |
| 38 | Құқықтық қатынастардың міндетті субъектісі | Заңмен белгіленген міндеттілігі бар адамдар. |
| 39 | Құқықтық қатынастардың құқығы бар субъектілері | Құқығы бар, құқықтық қатынастардың қатынасушылары. |
| 40 | Құқықтық субъектілік | Құқықтық
қатынастар субъектілеріне заңды құқықтар
мен міндеттерді алып жүруге мүмкіндік
беретін нормалармен |
| 41 | Құқықтық қабілеттілік | Құқықпен қамтамасыз етілетін, адамның субъективтік заңды құқық пен міндеттілікті алып жүру қабілеттілігі. |
| 42 | Әрекет қабілеттілігі. | Құқықпен қамтамасыз етілетін, адамның өз әрекетімен субъективтік заңды құқық пен міндеттілікті қабылдай алатын қабілеттілігі. |
| 43 | Эмансипация | Кәмелетке жетпеген адамды толық құқықтық қабілеттікте екенін жариялау. |
| 44 | Құқықтық қатынастардың объектісі | Ерік берілген адамның мүддесін қанағаттандыруғы қабілеті бар сыртқы дүниенің құбылысы, олар заттар, қызмет жасау, рухани шығармашылықтың нәтижесі ретінде не болмаса жекелеген материалдық емес жақсылық ретінде ,өзінің құқығы мен міндеттері қалпында, сол үшін субъектінің әрекет жасауын көрсетеді. |
| 45 | Құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері | Құқықтық қатынастардың пайда болуы мен тоқталуына байланысты заңдардың алғы шарттары мен қажетті жағдайлары. |
| 46 | Заңды факторлар | Құқықтық қатынастардың пайда болуымен өзгеруімен байланысты заңдардың нақтылы өмірлік жағдайлары |
| 47 | Заңды маңызы бар оқиға | Адам баласының еркінен тыс, бірақ белгілі нәтижелер туғызатын факторлар. |
| 48 | Заңды маңыздылығы бар әрекеттер | Заңды құқықтық нәтижемен байланыстыратын саналы еріктегі әрекеттер (әрекетсіздіктер). |
| 49 | Заңды қылықтар | Құқықтық нәтижені туғызуға бағытталмаған әрекет, бірақ құқық пен міндеттілік заң негізінде пайда болады. |
| 50 | Келісімдер | Құқық пен міндеттіліктің пайда болуына, өзгеруіне бағытталған құқыққа сай әрекеттер. |
| 51 | Заңды актілер | Құққытық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне, күшін жоюына бағытталған мемлекеттік органдардың шешімдері. |
| 52 | Фактілер негізіндегі құрылым | Құқықтық қатынастардың пайда болуына қажетті заңды фактілердің жиынтығы. |
| 53 | Заңды презумциялар | Заңды күші бар фактілердің болуын, жағдайдың барлығын көрсететін алдын-ала божау. |
| 54 | Легальды презумциялар | Заң нормаларымен бекітілген жорамалдар. |
| 55 | Заңды фикциялар | Адамның құқықтық жағдайына белгілілік кіргізуге арналған құқық нормаларының орындалуына кедергілік ықпал ететін, алдын-ала дұрыстыққа жатпайтын ережелер (жағдайлар) |
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі
1.2 Мемлекеттің түрлері.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық құкық туралы ұғым
2.2 Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
2.3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әр ғылымның немесе оку пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оку пәнінің заты – ол зерттейтін мәселелердің жиынтығы.
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл мемлекет пен құқықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет
пен құқықты басқа
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
- мемлекет және құқықтың мәні.
- кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
- мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
- мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
- мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
- мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
– біріншіден, қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалык тәрізділерден) осы айырмашылықтары аркылы ерекшеленеді;
– екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін карастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құкық теориясы мемлекеттік-кұқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
– үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;
– төртіншіден, методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-кұқықтық қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.
– бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің "өне бойын көктей өтетін" құқықтық құбылыстарды зерттейді.
Сонымен мемлекет және қүқык теориясын – мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы зандылыктарының, олардың мәні мен тағайынының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1
Мемлекет түсінігі
Мемлекеттің түсінігін анықтауда қажетті еске алатынымыз субъективті факторлар, әртүрлі адамдардың бір құбылыстың өзін бірдей емес қабылдауын және объективті жағдайларды да ескеру. Себебі мемлекет – көпжақты және қыйын құбылыс болғандықтан бұл түсініктің болуы заңды.
Мысалы кең мәнінде мемлекет сондай қоғам не қоғамның саяси ұйымның ерекше нысаны. Қысқа мәнінде “мемлекет” атауы басқару аппаратын, қоғамнан бөлініп шығып оның үстінеде тұрғанын белгілеуге, не ұлттарды, басқа елдің тұрғындары өмір сүріп жатқан аумақтарды белгілеуге ұзақ емес пайдаланылады.[2]
Мемлекет өзінің әртүрлі даму кезеңдерінде біржақты емес анықталады.
Мысалы, Аристотель мемлекетті былай анықтады “как самодоволеющее общение граждан, ни в каком другом общении не нуждающихся и ни от кого другого не зависящих”, яғни қазақшаға аударсақ, мемлекет өзіндік мәні бар азаматтармен араласу, басқа ешқандай араласуды қажет етпейтін және ешкімнен тәуелді емес араласу.
Никколо Макиавелии, Возрождения дәуірінің философының есебімен мемлекет – “общее благо, которое должно получаться от выполнения реальных государственных интересов”, яғни мемлекет – жалпы игілік, нақты мемлекеттік мүдделердің орындалуына байланысты болуы міндетті – деген.
Ағылшын философы XVI ғасырдағы Томас Гоббстың мемлекетті анықтауы былай: “единое лицо, верховного владыку, суверена, воля которого вследствие договора многих лиц считаеться волей всех,” – жалғыз адам, жоғарғы әміршінің тәуелсіздігінің еркі көп адамдардың келісімімен барлығының еркі болып есептеледі – деген.
XVII
– XVIII ғасырларда Джон Локк
мемлекетті адамдардың
ХХ ғасырдың аяғында Батыста көбірек белгілі мемлекеттің жалпыға бірдей, құрылым негізінде жатқан аумақтар, халық және мемлекеттік билік - деген анықтама болды.
Ресей заңгерлері мемлекетті ерікті адамдардың қоғам одағы, тек мемлекеттік органдарға ең жоғарғы мәжбүрлеу құқық берген – деген, тағы да: “белгілі аумақта тұратын ерікті адамдардың одағы және ерікті жоғарғы билікке күштеумен бағынатын” деген.
Әртүрлілігіне қарамай, барлық келтірілген анықтамалар мемлекеттің мәніне жалпы әлеуметтік ыңғайды көрсетеді, оның қалпында, олар қоғамдық мүддені қамтамасыз ететін құрал ретінде көрінеді.
Марксизм
мемлекеттің түсінігінің
Бүгін Ресейдің арнайы идеологиясында бірінші орынға жалпыадамдық бағалылық қойылады, сондықтан мемлекетті тағы да “барлығы және барлығы үшін” деп анықтағылары келеді. [3]
Сонымен
бірге, мемлекеттің мәнін қысқа
таптық тәсіл ретінде және “жалпыадамбаласылық”
деп анықтау біржақтылық
Мемлекеттің мәнін терең жан-жақты түсіну үшін, оның белгілерін білу керек, яғни мемлекетті, мемлекеттік емес институттар мен жалпықоғамдық ұйымдардан айыратын.
Мемлекеттің белгілеріне жататындар:
- Мемлекет- барлық қоғамның саяси ұйымы, яғни оның жәй ғана бөлігіне жатқызуға болмайды. Мемлекеттің тұрғындарын (республикадағы) азаматтар, не қол астындағылардан (монорхиядағы) тұрады, дегенмен әлеуметтік бөліншілік алдын-ала белгіленеді. Мұнда шет елдердікі, қашып жүргендер, азаматтығы жоқтар кірмейді. Көптеген елдердің конституцияларына сай мемлекеттің тұрғындары халық болып есептеледі.
- Көпшілік билік, қоғамнан жоғары тұрады және оның билеушілерге және бағынушыларға бөлінуін болжайды. Көпшілік билік - деп билік аппаратын және ерекше қатпардағы адамдардан тұратын басқаруды атайды. Ол адамдар өз қызыметтерін сайлану, тағайындау, мұрагерлік арқылы алады. Қандай мемлекетте болмасын билік аппартымен қатар мәжбүрлеу аппараты болады, олар да көпшілік биліктің элементтеріне жатады. Олар ерекше қарулы жасақтардан: әскер, полиция, барлаудан, сонымен бірге мәжбүрлеу мекемелерінен тұрады (абақтылар, лагерлер т.б.). Көпшілік билік әр уақытта және барлық мемлекеттерде ең алдымен үстемдіктегі ортаның мүддесін көздеген.
- Тұрғындардың аумақтық бөлінуі. Қандай болмасын мемлекет тек белгілі аумақтарда ғана өмір сүреді және қызмет жасайды. Мемлекеттің аумақтары әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады: округтер, провинциялар, жерлер, облыстар, графтар, райондар. Олардың мақсаты – мемлекеттік билікті және басқаруды өздері тұрған аумақтарда ұйымдастыру.
- Суверенитет. Мемлекеттік (суверенитет) егемендік дегеніміз, елдің ішіндегі мемлекеттік биліктің үстемдігі және оның сыртқы саяси ортадан тәуелсіздігі. Үстемділік дегеніміз, мемлекеттің өз еркімен қоғамдағы жалпыға міндетті тәртіп жолын, белгілеу бір ғана құқықтық тәртіпті, лауазымды адамдардың, азаматтардың құқығы мен міндетін, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың міндеттерін қамтамасыз ету. Тәуелсіздік осы мемлекетті халықаралық бірлестікте халықаралық қатнастардың субъектісі ретінде мойындауы және басқа мемлекеттердің тәуелсіз мемлекеттің ішкі жұмыстарына араласпауы.
- Салықты белгілеу – көпшілік билікті асырауға және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қажетті азаматтардан және заңды тұлғалардан ұсталатын міндетті төлемдер.
Мемлекеттің жоғарыдағы, өзінің айырмашылығын көрсететін белгілерден басқа, өзінің рәсімдері бар (Ту, герб, әнұран) дәстүрлі, еске алатын күндері бар.
Қорыта келіп, мемлекетті былай анықтауға болады, қоғамның саяси ұйымы, көпшілік билікке сүйенуші, таптық және жалпыадамдық мақсаттарды белгілі аумақтарда орындау үшін қажетті ұйым.
Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол берілген. «Мемлекет» ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс. Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері бойынша ажыратамыз:
1.Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.
Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.
2.Тұрғындардың
аумаққа бөлінуі және сол
Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап отырады.
3.Мемлекеттің
егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық
қатынастарда басқа
Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.
4.Құқық
және заңдардың болуы.
Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.
5.Салық
және салық жүйесінің болуы.
Мемлекет тұрғындарының
Осы
белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық
ұйымдардан ажыратамыз. Мемлектті тәуелсіз
көпшілік билігі бар, белгілі бір
аумақта қоғамды басқаратын, қоғамдық
пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік
саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін
аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар
мен актілер шығарушы саяси ұйым ретінде
танимыз.
1.2
Мемлекеттің түрлері.
Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол берілген. «Мемлекет» ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс. Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері бойынша ажыратамыз:
1.Көпшілік
билік барлық мемлекет
Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.
2.Тұрғындардың
аумаққа бөлінуі және сол
Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап отырады.
3.Мемлекеттің
егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық
қатынастарда басқа
Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.
4.Құқық
және заңдардың болуы.
Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.
5.Салық және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының кірісінен қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды, көпшілік саяси билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды.
Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз. Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.
Мемлекеттік билікті іске асырудың өзіне тән әдістері бар. Бұл әдіс-тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік билікті іске асырудың дәстүрлі әдістеріне мыналар жатады:
1.Сенім әдісі. Бұл әдісті пайдалана отырып, жеке адамның сана-сезіміне идеялық-адамгаршілік құралдармен әсер етіп, қажет түсінікті қалыптастырады. Бұл жерде идеологияның маңызы зор.
2.Мәжбүрлеу әдісі. Мемлекеттік мәжбүрлеу дегеніміз мемлекеттік жүйенің жеке адамға психологиялық, материалдық немесе физикалық күш көрсету арқылы мәжбүрлеуі. Оны екіге бөлеміз: 1-сі, құқықтық мәжбүрлеу; 2-сі, құқықтық емес мәжбүрлеу. Біріншісі, құқықтық нормаларда анықталған және арнаулы іс жүргізу шеңберіндегі мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері мен шаралары. Екіншісі, мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылығы.
Басқаларға қарағанда аз тараған мемлекеттің құрлыстың бір нысанына конфедерация жатады – бірігіп саяси, экономикалық не әскери міндеттерді шешу үшін біріккен егеменді мемлекеттердің одағы. Әдеттегідей, конфедерацияның біртұтас билік және басқару органдары, тұтас бюджетімен азаматтығы жоқ. Біріккен әркеттерін реттеуге конфедерация мүшелері біріккен органдар құрады, олар тек қатаң белгіленген ортада конфедерацияның құрылу мақсатына сай әрекет етеді.
Конфедерацияның құрылуы барлық оның мүшелерінің ерікті келісіміне негізделген, ал мүшелерінің конфедерациядан шығуы біржақты еріктеріне байланысты мүмкіндік.
Конфедерация кейде федерация құрудағы орта-аралық жағдай (мысалы Швецариялық одақ конфедерациясы (1815-1848) федерацияға көшті) не бөлініп кетеді (Австро-Венгрия). Кәзіргі кезде конфедерация белгілері Тәуелсіз Мемлекеттердің Достығы (ТМД).
Конфедерацияның түрлеріне мыналар жатады:
- мемлекетаралық одақтар – тәуелсіз мемлекеттерден құрылған, классикалық конфедерация.
- Достық – мемлекеттердің бірлігі, егемендікті алып, бір-бірінен экономикалық тәуелділігіне байланысты өз өзінен жеке өмір сүруге жағдайлары жоқтығы (ТМД).
- Мемлекеттердің бірлестіктері – мемлекеттік одақтардың өтпелі нысаны, оның негізінде мемлекетаралық келісімдер жатыр. Бірлестіктердің мақсатына жататындар көбінесе, кедендік, виздік және басқа барьерлерді жою арқылы экономикалық потенциялды көтеру.
Конфедерациядан коалицияны айыра білу қажет, ол дегеніміз, екі не одан көп мемлекеттердің уақытша саяси не әскери одақтары, жалпы қарсыластары болғаннан кейін қорғану және басып алу мақсаттарына сай құрылған.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік құрлыс бөліктерінен басқа екі мүшеліктегі жүйе өмір сүреді, соған сай қарапайым (унитарлық) және күрделі мемлекеттерге бөледі. Күрделі мемлекеттер протекторат және унии-ға бөлінеді.

- Құқықты жүзеге асыру
- Құқықтық қатынастардың пайда болуы және түсінігі
- Құқықтық қатынастардың түсінігі, түрлері және мазмұны
- Құқықтық мәдениет, жалпы түсінігі
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
- Құқықтық нормалардың құрылымы
- Құқық бұзушылықтың түсінігі
- Құқық және экология
- Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
- Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері
- Құқық нормаларын қолдану, жүзеге асыру
- Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері
- Құқықтағы мақсаттар мен құралдар