Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері

 

 1. Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері 
2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің 
3. Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер 
4. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі

 

Мазмұны 
 
Кіріспе.........................................................................................................3 - 5 бет.  
 
І – тарау Құқық жүйесі: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні. 
 
1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні....................6 – 12 бет. 
1.2 Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылғы.........................................................................................13 – 20 бет. 
 
ІІ – тарау Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы. 
 
2.1 Англо – саксондық құқықтық жүйе...............................................21 – 25 бет. 
2.2 Роман – германдық құқықтық жүйе...............................................26 – 32 бет. 
2.3 Мұсылмандық құқықтық жүйе.......................................................33 – 38 бет. 
2.4 Соцалистік құқықтық жүйе.............................................................39 – 44 бет. 
2.5 Дәстүрлі құқықтық жүйе.................................................................45 – 51 бет. 
 
ІІІ – тарау Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы. 
 
3.1 Қазақстандағы құқықтық жүйенің тарихи даму кезеңдері.(1926–1936 – 1936–1977–1978 жж.).............................................................................52 – 61 бет.  
3.2 Қазақстандағы қазіргі құқықтық жүйе. (1991–1993–1995 жж. 1998–2007ж өзгертулер мен толықтырулар).............................................................62 – 69 бет. 
 
Қортынды..............................................................................................70 – 72 бет. 
 
Қолданылған әдебиеттер мен құқықтық нормативтік актілер....................................................................................................73 – 74 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесін заңдылық жүйесінен айыра білу қажет, олар мән мен нысан ретінде сәйкес келеді. Құқық жүйесі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: құқық институты (құқықтық институт) және құқық саласы. Өз алдына дербес элементтер ретінде саладан төмен тұрған және салааралық институттар ерекшеленеді. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалға, азаматтық құқықта — сыйға тарту, сатып алу-сату институты, конституциялық құқықта — азаматтық институты. Құқық саласы — бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттеуші құқық нормаларының жиынтығы.

Көптеген құқық нормалары  әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді  байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік  сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі  бар қоғамдық қатынастар жүйесін  көрсетеді және адамдардын субъективтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық  жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық  жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен  келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі  құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын  функцияларымен құқықтық мақсаттарға  сай болады.

     Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық.

    Құқык жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдык катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык институттарына жатады.  Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.   

    Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін құрайтын құқық саласына айналады.

      Құқық жүйесі — құқықтың ішкі құрылымы, барлық құқық нормаларының бірлігімен, келісімділігімен, олардың салаларға қосымша салаға, құқықтық институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.

    Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдің тарихи дамуындағы заңдылық ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын қамтиды.

     Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды, сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.

    Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық - жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары, объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.

    Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық нәтижесі.

     Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.

   Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік  қызмет әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұкык жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан, кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.

     Құқык нормалары - кейіптік қоғамдық қатынастарды реттейді, соған сай, алғашқы құқық жүйесінің бөлігін құрайды, ал әр түрлі құқық нормаларынын жиынтығы оның басқа бөліктерін (элементтерін) кұрайды: кұқық институты, құқықтық сала бөліктері және құқық салалары, одан да қиын қоғамдық қатынастар құрамының бөліктерін реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І – тарау Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні.

 

1.1 Құқықтың пайда  болуы, тарихы және ұғымы, мәні

 

Мемлекетке дейінгі әлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың  адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның әлеуметтік-экономикалық біртұтастығын көрсетуі және қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы  қауымдық қоғам нормаларының табиғатына әсерін тигізді.

Мемлекетке дейінгі кезеңде  болған нормалардың белгілері:

1) алғашқы қауымдық қоғамдағы  қарым-қатынастар ең алдымен әдет-ғұрып  нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы  қолдану нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс  ережелерімен реттелген;

2) жазбаша нысандағы көрінісі  болмастан, адамдардың жүріс-тұрысы  мен санасында өмір сүрген;

3) әдеттің, сонымен қатар,  сендіру және мәжбүрлеу (рудан  қуу) шараларымен қамтамасыз етілген;          

4) оларда негізгі реттеу  тәсілі болып тыйым (табулар  жүйесі, құқықтар мен міндеттердің  болмауы) табылған;

5) олар ру мен тайпаның  барлық мүшелерінің мүдделерін  білдірген. 

  Құқықтың пайда болуының ерекшеліктері. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі с аяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.

Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы–әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.

Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:

1) мононормалардың (алғашқы  қауымдық әдет-ғұрыптардың) әдет  құқығының нормаларына айналуы  және осыған байланысты оларды  мемлекеттің санкциялауы;

2) құқық нормаларынан  құралған арнайы құжаттарды–нормативтік  актілерді–шығарудан көрініс тапқан  мемлекеттің құқықшығармашылық  қызметі;

3) сот және әкімшілік  органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін  прецеденттік құқық.

Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

  • еріктілік сипаты;
  • жалпыға міндеттілігі;
  • нормативтілігі;
  • мемлекетпен байланысы;
  • формальды анықталғандығы;
  • жүйелілігі.

Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы  бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен  кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

Құқықтың құндылығы–бұл  құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен  мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен  мақсаты ретінде қызмет ете алу  қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:

1) құқық адамдардың әрекеттеріне  ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті  дарыта отырып, олардың бақылануын  қамтамасыз етеді, осы арқылы  ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік  элементін енгізе отырып, оларды  өркениетті құбылысқа айналдырады;

2) құқық тұлғалардың ерекше  мүдделерін үйлестіру арқылы  олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне  әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке  мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше,  оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;

3) құқық тұлғаның қоғамдағы  бостандығын көрсетуші және анықтаушы  болып табылады және осы бостандықтың  шегін, шамасын анықтайды;

4) құқық әділеттілік идеясын  көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық  материалдық игіліктердің дұрыс  және әділетті бөлінуінің талаптарын  орнықтырады, барлық азаматтардың  заң алдындағы теңдігін бекітеді;

5) құқық қоғамдық дамудың  тарихи кезектілігіне сәйкес  қоғамның жаңаруының қайнар көзі  болып табылады; әсіресе, оның  құндылығы тоталитарлық режимдердің  құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің  бекітілуі жағдайларында өсе  түседі;

6) құқықтық тәсілдер халықаралық  және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді  шешудің негізі және жалғыз  құралы болып табылады.         

 Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мәнін қарастыруда  екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальдық–кез-келген  құқықтың ең алдымен реттеуші  екендігі;

2) мазмұндық–осы реттеушінің  кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:

- таптық, бұның шегінде  құқық  экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;

- жалпыәлеуметтік, бұның  шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі  таптардың, әлеуметтік топтардың  арасындағы келісімнің көрінісі  ретінде қарастырылады.     

Құқықтың объективтік  және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық  және жеке құқық. Объективтік құқық–бұл  қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды  анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық–бұл нақты  бір мемлекеттегі белгілі бір  кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативтік  шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс  табады.

Субъективтік құқық–бұл  тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде  адамның нақты құқықтарын (еңбек  етуге, білім алуға және т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі  тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа  және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.        

Табиғи құқыққа қарағанда  заңды мағынадағы құқық (объективтік  және субъективтік құқық) позитивтік құқық  ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі  сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа  да қайнар көздер түрінде, яғни, жай  ой, идея түрінде ғана емес, нақты  сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде  өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен  бері  және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы–бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы–жеке-құқықтық жағы.

Бұқаралық құқық–бұл мемлекеттік  істер саласы, яғни, билік пен  бағыныстылық қатынастарына негізделген  мемлекеттің бұқаралық билік  ретіндегі және барлық бұқаралық  институттардың  құрылымы және қызметі.

Жеке құқық–бұл жеке істер  саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі  бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі. 

  Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты ресми  түрде орнықтырып, оның орындалуын  мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы  қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік еріктің  нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпыәлеуметтік  және басқа да мүдделерге сәйкес  реттейді;

3) құқық жалпыға міндетті  сипатқа ие, бұл оның ерекше  әлеуметтік реттеуші, заңды және  заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде  көрініс табуына мүмкіндік береді.  

4) басқа әлеуметтік нормаларға  қарағанда құқықтың реттеушілік  рөлінің ерекшелігі оның нормаларының  өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен  байланысты.

 

 

1.2 Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылғы

 

Құқық жүйесі – қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы  мен үйлесімділігі және олардың  салалар мен институттарға логикаға сәйкес ораналасқандығынан көрінетін  құқықтың ішкі құрылымы.

Құқық жүйесі:

а) құқықтық нормалардан;

ә) құқық салаларынан;

б) құқық салашыларынан;

в) құқықтық институттардан тұрады.

Құқық жүйесі – құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салаларына (салашаларына) және институттарға  жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік  құрлысының белгілі бір анықталған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, ол өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.

Құқық жүйесінің негізгі  ерекшеліктері:

1) жүйенің бастапқы элементі  болып құқықтың нормасы алға  шығады, олар іріленген құрылымдарға  - институттар, салалар мен салашаларға  бірігеді.

2) жүйенің осы бастапқы  элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірмен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;

3) жүйенің мұндай болуы  әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен  байланысты болып келеді;

4) құқық жүйесі объективтік  түрде бар қатынастарға байланысты  туындайды, адамдардың субъективтік  еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқық нені реттейді деген  сұраққа пән жауап берген болса,  оны қалай реттейді деген сұраққа  әдіс жауап береді. Енді осыдан  шығарып құқықтық реттеудің әдісіне  анықтама беріп көрейік.

Құқық нормаларын салаларға  бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін.

Құқықтық реттеу пәні–бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.  

Құқықтық реттеу әдісі–бұл  олардың көмегімен біртектес  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың  жиынтығы.

Құқықтық реттеудің  төмендегідей негізгі әдістері болады:

1) императивтік әдіс – бұл бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация  әдісі;

2) диспозитивтік әдіс – рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация әдісі;

3) марапаттаушы–белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттау әдісі;

4) ұсынушылық–мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі; 

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:

Құқықтық норма – мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі.

Құқық институты  – белгілі бір қоғамдық қатынастар топтамасынн реттейтін заң нормаларының тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты – құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үздіктері мен үзінділер) ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған.  Институт – саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайындау жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; азаматтық құқықта – сатып алу, сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.

Барлық институттар бір-бірімен  тығыз байланысты түрде бір саланың  аясында және одан тысқары да қызметтерін  атқара береді. Құқықтық институттардың арасында күрделі кешенділер де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу және жауапкершілік институттарын біріктіреді.

Қандай да болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды үш нышаны қызмет етеді:

1) құқық нормаларының  заң тұрғысынан тұтастығы;

2) қоғамдық қатынастардың  белгілі бір жиынтығын реттеудің  толықтығы;

3) құқықтық иституттарды  құрайтын нормалардың заңдар  және басқа нормативтік құқықтық  актілер тарауларында, бөлімдерінде  және басқалай да құрылымдық  бірліктерінде жекеленуі.

Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын, қоғамдық қатынастардың сапалық  жағынан біркелкі аясын өзіне  тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін  құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.

Құқық салашасы – құқық  саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастард  реттейды. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.

Құқық салаларының белгілері (нышандары):

  • әрбір саланың өз пәні болады;
  • өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңы болады;
  • құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құққық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.

Құқық салаларын  жіктеу:

1) басты құқықтық режимдерді  қамтитын профильдеуші негізгі  салалар және де бүкіл құқық  саласы жүйесінің үстінде конституциялық  құқық болады, содан кейін барып  материалдық салалар – азаматтық,  әкімшілік, қылмыстық құқық және  соларға сәйкес іс жүргізу  салалары  - азаматтық іс жүргізу  құқығы, әкімшілік іс жүргізу  құқығы, қылмыстық  іс жүргізу  құқығы болады;

2) арнайы салалар –  мұнда құқықтық режидер қоғамның  ерекше аясына; еңбек құқығына, жер,  қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру  құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;

3) профильдеуші және арнайы  салалардың әртекті институттарын  біріктіруі оларға тән болып  келетін кешенді салалар: аграрлық  құқық, экологиялық құқық, сауда  құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз  құқығы.

 Заң әдебиеттерінде  құқық салаларынан мыналарды  атап көрсетеді:

1) Конституциялық құқық;

2) Азаматтық құқық;

3) Әкімшілік құқық;

4) Қылмыстық құқық;

5) Жер құқығы;

6) Еңбек құқығы;

7) Неке-отбасы құқығы;

8) Қылмыстық іс-жүргізу  құқығы;

9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;

10) Қылмыстық іс жүргізу  қықығы;

11) Экологиялық (табиғатты  қорғау) құқығы;

12) Қаржы құқығы;

13) Азаматтық іс жүргізу  құқығы;

14) Халықаралық құқық.

Қалыптасу кезеңін өткізіп  жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.

Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз – конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты  пәнді және олардағы құқықтық реттеудің  басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады.

 

 

 

ІІ – тарау  Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы. 


Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері