Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны

 

ЖОСПАР

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 
КІРІСПЕ


 

 

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі.

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?– деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.

Құқық қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б.

Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде, қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.

Жұмыстың мақсаты құқықтың түсінігін, мәнін және мазмұнын ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Құқық ұғымы және оның мәнін анықтау;

- Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орнын қарастыру;

- Құқықтың мазмұнының өзекті тұстарына баға беру;

- Құқық жүйесі мен құрылымын, олардың мазмұнын талдау.

Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен қоса алғанда), Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса алғанда), және де Бейсенова А., Біржанова К., Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н., Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Әлібаева Г., Айтхожин Қ., Байжанова К., Жакупова А., Қуандықов Е., Маликова Ш., Есетова С., Маркс К., Энгельс Ф., Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. мәліметтері негізге алына отырып жазылды.

 

 

1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

           1.1 Құқық ұғымы және оның мәні

 

 

Құқық көп жақты құбылыс. Сондықтан да оған берілетін де анықтамалар сан алуан. Анықтамалардың сан алуандығына қарамастан олардың мазмұны бір. Байтин М.И.: Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады. Ромашов Р. А.: Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы [2, 78].

Құқықтын мәні Конституцияда және басқа да зандарда бекітіліп, тиянақталған оның түпқазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интернационализм, гуманизм.

Саяси биліктің халықтың атынан жузеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады [1].

Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.

Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндігі жөніндегі ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.

Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі теңдікті тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдайға қарамастан құқық пен бостандық теңдігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары Ассамблеясы интернационалдық ұйым.

Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдық, адамгершілік) — адамның жеке тұлға ретіндегі құндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін көрсету құқығын тану. Адамның қадір-қасиеті мен құқықтарын қадірлеуді қамтамасыз етуден тұратын басты құқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлық жасау.

Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматтың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған.

Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне еңбейінше, адам қылмыс жасады деп танылмайтындығы жөніндегі қағида орнықтырылған. Осылайша, кез келген күдік дәлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі. [1]

Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері құқықта бейнеленіп көрсетіледі.

Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгерген сайын құкықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске ұшырап, толықтырылып отыруы заңды құбылыс. Қоғамдык қатынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.

Құқықтың қайнар көздері — құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеология және т.б.), оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, қаулы, декрет және т. б.). Құқық бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады. Үндеулер, мәлімдемелер, декларациялар және т. б. актілер құкықтық маңызы болмағандықтан құқықтың қайнар көзіне жатпайды.

Әрбір елдің құқықтық табиғатына байланысты өзіне тән құқық қайнар көздері болады. Мемлекеттің құқықтық жүйесі өзгеруіне байланысты мемлекеттегі құкық көздері де өзгеріп отырады. Құқықтың қайнар көзіне құқықтық әдеттерді, сот (әкімшілік) прецедентін, шарттарды, ғылыми доктриналарды, нормативтік құқықтық актілерді жатқызамыз.

Құқықтық әдеттер — адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар. Кезінде қазақ елінде қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелгені белгілі. Құқықтың бұл бастауы бұл күндері араб елдеріне және басқа да діни-ғұрыптық құқықтық жүйедегі елдерге тән.

Құқық прецеденті - жоғары сот органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі сот органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецедентінің шыққан елі — Англия. Бүгінде құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтық шарттар негізінен халықаралық қатынастардағы құқықтың бірден бір көзі болып табылады. Олар екі немесе одан да көп субъектілердің тек өзара міндетті құқық ережелерін қамтиды.

Нормативтік құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар көзі ретінде танылады. Олар қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпы ережелерден тұратын мемлекеттік органдар ресми қабылдаған актілер.

Біздің республикамызда танылатын құқық қайнар көздері еліміз Конституциясында баянды етілген. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасында колданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

Нормативтік актілердің өзгеру тәртібі және олардың жүйесі Конституция мен 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңында көрсетіліп нақтыланған. Нормативтік құқықтық актілер мазмұнының сипаты, күші және олардың әрекет аумағының қаншалықты екені норма шығармашылық қызметті іске асыратын органға тікелей байланысты. [3]

Жоғарыда аталған «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заңның 4-бабының 1, 2-тармақтарында нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық сипатта орналасқан төмендегідей сатысы көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар еңгізетін заңдар;

  • ҚР Кодекстері, Заңдары;

  • ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

  • ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

  • министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;

— мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Заңның осы бабының 4-тармағында жоғарыда көрсетілген сатыдан тыс тұратын нормативтік қаулылар көрсетілген. Олар:

  • ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

  • ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

—ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.

Заңның 3-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды түрлерге бөлінеді.

Жоғарыда көрсетілгендер актілердің негізгі түрлеріне жатады, ал нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық.

Бүкіл құқықтың бастауы болатын Конституцияны Негізгі Заң деп те атайды. Өйткені ол өз мазмұны жөнінен мейлінше маңызды, басты заң болып табылады, ағымдағы заңнаманы немесе басқа да нормативтік актілерді қабылдауда бастапқы саты ретінде тиянақты қызмет атқарады.

Конституция— қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, биліктің өкілді органдарының тәртібі мен принциптерін, сайлау жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін мемлекеттің Негізгі Заңы. Оның жоғары зандық күші бар және ол еліміздегі барлық заңнаманың нормативті базасы болып табылады, әрі Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.

Ата Заңда Конституция ережелеріне қарсы келетін заңдардың және басқа да актілердің заңдық күші болмайды деп атап көрсетілген.

Маңызды құқық бастауы Парламент қабылдаған заңдар болып табылады. Олар нормативтік актілерге (қаулыларға және т.б.) қатысты жоғары заңды күшке ие. Мемлекеттің орталық атқарушы; уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік актілердің бәрі заңға сәйкес акт болып табылады. Заң ережелері мемлекеттік органдардың барлығы үшін сақталуға міндетті. Әрекет шеңберіне және заңдық күшінің деңгейіне қарай заңдар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, конституциялық және ағымдағы заңдар болып бөлінеді.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар еңгізген заң 1998 жылғы 7 қазанда қабылданды. Осы Заңға сәйкес Конституциядағы Президент, Парламент депутаттары өкілеттік мерзімдеріне қатысты және т.б. нормаларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді.

Заңдардың, Президент жарлықтары мен қаулыларының негізінде және оларды орындау үшін шығарылған заңға сәйкес актілер де маңызды құқықтың қайнар көзі болып табылады. Бұл актілердің заңдық күші және қызмет шеңбері жөнінен айырмашылықтары бар. Бұлардың ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің барлық аумағында орындалуы міндетті қаулылары үстемдік етеді.

Құқық қайнар көзінің негіздеріне әр түрлі министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, Үкімет жанындағы бас басқармалардың, инспекциялардың, департаменттердің нормативтік-құқықтық сипаттағы актілері, бұйрықтары, нұсқаулары, қаулылары, сондай-ақ Республика Жоғарғы Сотының қаулылары, Президенттің орындалуға тиісті Жарлықтары негізінде жарияланатын нұсқаулары, Үкімет қаулылары жатады. Жергілікті өкілді және атқару органдарының нормативтік актілер болып табылатын шешімдері де құқық қайнар көзі ретінде танылады. Бұлар олар орналасқан аумақтағы барлық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті. Құқықтың басқа бір көзі — қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтар мен кооперативтердің мемлекет мақұлдаған нормативтік құқықтық актілері [4, 36 ].

Құқықтық нормалардың әркеттілігін күшейту, әр түрлі заңдардың арасындағы ішкі логикалық байланысты белгілеу және оны практикалық қызметте пайдалануды жеңілдету мақсатымен Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы құрастырылған.

 

 

1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны

 

 

Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.

Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз - мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.

Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі.

Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.

Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа.

Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді.

Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі [5, 124].

Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді.

Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.

Әдет-ғұрып дегеніміз – адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап отырады.

Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер құқықтың қайнар көзі болған.

Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.

Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.

Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.

Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы.

Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».

Бұл талапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.

Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және тағы басқа. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор [6, 98 ].

Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.

  1. Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал мораль мемлекеттен бұрын пайда болады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, мораль күрделірек құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі. Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.
  2. Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы және айрықша белгілер тән.

  1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез-келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз, адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
  2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік – адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеті әділ болып саналады.

Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.

Бостандық – адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады [7, 14].

  1. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар – билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылық, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.
  2. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
  3. Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан құқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.
  4. Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол – формальды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалылығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау – қылмыс.

Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

Құқықтың тағы бір қасиеті – оның өзгермелілігінде. Қоғамдық өмір тоқтап қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі, қалыпты түрде адамдарға қолданылады.

Осының өзі құқықты теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әртүрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ.

Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды.

Әрине өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей.

Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек [8, 85].

Конституция мемлекеттің негізгі заңы және ол сол мемлекеттің құқықтық жүйесінде приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет және құқықтың әлеуметтік сфералары саясаттың, экономиканың, қоғамның мәнін анықтайтын базалық идеяларды білдіреді. Конституцияда мемлекеттік реттеудің мәні мен шектері бекітілген, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастаулары анықталған, ұлттық және халықаралық құқықтардың ара-қатынасы көрсетілген.

ҚР-ның Конституциясымен ҚР-да Президенттік басқару формасы анықталған және мемлекеттің басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары.

Республика қызыметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу [9, 17].

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі, оның әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.

Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас.

Көптеген заңдар қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс басқа да келесі мәселелер бары белгілі.

Дегенмен, басшылыққа алып, бағдар беретін негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына қатысты болуға тиіс.

Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау – әрбір азаматтың борышы. Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі - Конституция.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші, біздің елді басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші және ол шынайы демократиялық құжат. Еліміз Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызымет ететіндігін ұғынуымыз қажет.

 

ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

 

2.1 Құқықтың мазмұны

 

 

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі – қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді – заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі – бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.

Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып, құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық-прогрестік жолмен дамып, XIX-XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын делелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.

Құқық философиялық категория. Сондықтан оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ құқықтық нормаларды пайдалануда, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы.

Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы [10, 66].

Құқықтың құндылығы – қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.

Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны