Құқық бұзушылықтың белгілері
КІРІСПЕ.......................
1. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ......................
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ...................
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері
..............................
2. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ........16
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері
..............................
2.2 Құқықбұзушылықтың алдын алу...........................
ҚОРЫТЫНДЫ………..……………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі 21 ғасырда өз мазмұнын жойған жоқ.«Құқық»,«құқықбұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көпеңбек арнаған.Оның себебі, адамзатқандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейін адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлаптапты. Құқықбұзушылық пен,адамбаласы жербетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқықбұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі». Сонымен де, құқықбұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі жәнет.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масштабтағы құқықбұзушылықты алсақ, бұл – терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, «құқық», немесе «норма» деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз «құқықбұзушылық», немесе «қылмыс» деп те, атаймыз.Құқықбұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтеріңің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бұзушылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу,бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда,құқықбузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқықбұзушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік жәнет т.б.), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқықбұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкінемес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады.
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық
- бұл адамның саналы және
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе
басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды.
Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты
басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар,
әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе
емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша
шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін
жазалауы мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық
бұзушылықтың аса басты
Жалпы, құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады.
1.ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз емес.
Заң нұсқамаларына ауытқудың қоғамда едәуір кең таралған сипаты бар. Себептердің және оларға жәрдемдесетін жағдайлардың көп болуына, субъектілер мен жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатының алуан түрлі болуына қарамастан, олардың көпшілігінің (объективті құқыққа қарсыларын қоспағанда) бірқатар ортақ белгілері бар, солардың негізінде заң ғылымы оларды әлеуметтік құбылыстың біреуіне жатқызады. Бұл құбылыс “құқық бұзушылық” деген ұғыммен белгіленеді.
Құқық бұзушылық –қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Заңның талаптарына теріс пиғыл-құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады.
Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адаммен мінез-құлық арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекет ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет-бұл құқық нормаларының іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы.
Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңғы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекекеті немесе әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі елеулі әрекетсіздігі болмаса заң үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның ой және сезім жүйесі, оның биологиялық жай-күйі мен әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.
Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, ол зиянның болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқық бұзылушылыққа жатқызылмауы тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілік нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.
Құқық бұзушылықтардан келтірілетін зиян моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.
Құқық бұзушылықтың мәні – оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылық мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді. [1, 15б]
Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян келтіру дәрежелеріне қарай екі топқа бөлінеді:
- Қылмыс
- Теріс қылық
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дәрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәңділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі: кейбір жағдайларда әлгі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді.
Қылмыс – қоғам үшін мейлінше қауіпті және қылмыстық заңмен тыйым салынған құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыс ұғымына мынадай анықтама берілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады». [2]
Қылмыс қоғамның мемлекет қорғайтын ең елеулі мүдделеріне қол сұғады. Жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес қылмысты әрекеттердің объектілері жеке адам, адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтары, бейбітшілік және адамзаттың қауіпсіздігі, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері мен қауіпсіздігі, меншік, қоғамдық тәртіп, денсаулық пен адамгершілік, мемлекеттік қызметтің мүдделері, сот әділдігі мен жазаларды орындау тәртібі және басқалар болуы мүмкін.
Қылмыстардың қоғамдық қаупі жоғары болғандықтан, оларды жасағаны үшін мемлекет мейлінше қатаң жазалау шараларын белгілейді. Қылмыстық әрекеттердің Қылмыстық кодексте көзделген тізбесі толық сипатта жасалған және кең көлемде түсіндірілмеуге тиіс.
Сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық қылмысты әрекеттер қазіргі төрт сантқа бөлінеді:
- Онша ауыр емес қылмыстар
- Ауырлығы орташа қылмыстар
- Ауыр қылмыстар
- Ерекше ауыр қылмыстар[2]
Әлеуметтік құбылыс ретінде қылмыскерлік себептерін «өткеннің сарқыншақтары» деген идеологияндырылған түсіндіруге телуге болмайды. Олар сан алуан қырлы, терең болып келеді және болмыстың ең құпия механизмін қамтиды. Оның үстіне қылмыстың жекелеген себептерін; қылмыс түрінің себептерін; бұқаралық құбылыс ретіндегі қылмыстардың себептерін ажыраты білу керек.
Қылмыскерлік қылмыстық көріністердің жиынтығы ретінде үнемі бір деңгейде тұра бермейді. Оның кез келген сарындары – деңгейінің өсуі, тұрақтануы немесе төмендеуі – жағдайында қылмыс әлеуметтік құбылыс болып табылады, солай болған және бола береді.
Қылмыскерлік – адамзат қоғамының
серігі және сондықтан да оның себептері
индивид мінез-құлқыныңтабиғатында және
әлеуметтік қайшылықтардың өзінде жатады.
Индивид пен әлеуметтік ортаның
өзара іс-қимылында қайшылықтардың шиеленісуі,
бірқатар жағдайларда қылмыскердің жеке
басының психикалық-биологиялық-
Қылмыскерлікті сипаттау үшін пайдаланылатын криминологиялық санаттарға қылмыскерліктің жай-күйі, құрылымы, серпінділігі және географиясы ұғымдары пайдаланылады.
Қылмыскерліктің жай-күйі – белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт ішінде жасалған қылмыстардың сан тұрғысындағы сипаттамасы.
Халқының саны бірдей емес әртүрлі аймақтардағы қылмыскерлік деңгейін салыстыру үшін қылмыскерлік коэффиценті пайдаланылады. Ол белгілі бір аумақта тұратын халықтың 1000, 10 мың немесе 100 мың адамға шаққандағы қылмыс санының негізге ала отырып анықталады.
Қылмыскерлік коэффицентін есептеп шығарған соң қылмыскерлік деңгейі жоғары немесе төмен аймақтарды анықтауға, уақыт өте келе бұл деңгейдің өзгеруін анықтауға болады.
Қылмыскерлік құрылымы – қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне және олардың жалпы қылмыскерліктегі үлесіне қарай қылмыскерліктің түрлері бойынша сапалық сипаттамасы (кісі өлтірушілік; бұзақылық; ұрлық; қызметтік қылмыстар және т.б.).
Қылмыскерлік құрылымы қасақана және абайсызда жасалған; ашкөздік және күш қоладанылған; айқын және патенттік; қылмыскерлердің жынысы мен жасы бойынша; қылмыстың жасалған уақыты мен орны бойынша қылмыстар болып бөлінеді.
Қылмыскерлік серпінділік –қылмыскерлікке қозғалыс үстінде, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде болған сан және сапа өзгерістері арқылы заңдардағы және халық санындағы өзгерістерді ескере отырып берілетін сипаттама.
Қылмыскерлік қоғам мен жеке адам өмірінің мейлінше сан алуан жақтарымен байланысты. Сондықтан қылмыскерліктің жай-күйіндегі қоғам үшін ойдағы немес керексіз бағыттағы өзгерістерді туғызатын себептер немесе факторлар да мейлінше әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай факторлар көп, бірақ олардың қылмыскерлікке әсер ету дәрежесі бірдей емес. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- Көшіп-қону, халықтың жыныстық жас құрылымының өзгеруі, аймақтардағы еңбек молшылығы сияқты демографиялық сипаттағы факторлар;
- Тұрмыс деңгейінің төмендеуі, өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың өсуі сияқтыэкономикалық сипаттағы факторлар;
- Жеке мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасаудың дәстүрлі нысындарының әлсіреуі, ажырасулар мен отбасыларының ыдырауы санының өсуі, балалардың бақылаусыздығы, халықтың білім және мәдени деңгейінің төмендеуі, маскүнемдіктің, уытқұмарлық пен нашақорлықтың өсуі сияқты әлеуметтік және әлеуметттік-психологиялық сипаттағы факторлар;
- Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес жөніндегі органдарының ұйымдастарылуы мен қызметінің деңгейі, тәрбие алдын-алу жұмысының сапасы мен тиімділігі, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңдары жүйесінің қоғамдағы қылмыскерліктің жай-күйіне дәлме-дәл келуі, мемлекеттің кешірім жасау туралы актілер қабылдауының оңтайлылығы және басқалар сияқты ұйымдық-құқықтық сипаттағы факторлар.
Жалпы ел бойынша қылмыскерліктің жай-күйіне талдау жасау қалалық және ауылдықжерлердегі, үлкен және шағын қалаларындағы, белгілі бір аудандар мен облыстардағы қылмыскерліктің деңгейі мен құрылымында елеулі айырмашылықтар бар екенін әрқашан көрсетіп келеді. Мұның қылмыскерліктің әртүрлі, белгілі бір аймақта басым факторларының әрекет етуіне байланысты екені айқын. Елдің нақты жерлеріндегі қылмыскерліктің жай-күйіне ықпал жасаудың ерекшеліктері қылмыскерліктің географиясы деп аталады.
Қылмыстардың себептерін олардың жасалу жағдайларымен және дәлелдерімен теңестіруге болмайды. Қылмыстардың себептері қылмыстық нәтиже туғызады, яғни салармен қажетті байланыста болады. Қылмыстардың жағдайлары салдардың басталуына жәрдемдеседі, белгілі бір себептердің әрекетін күшейтіп немесе әлсіретіп, оларды тікелей туғызбауы мүмкін. Қылмыстардың дәлелі субъектіні құқыққа қарсы нақты әрекеттер жасауға тікелей итермелейді.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптіліг біршама төмен дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-түрлі болып келеді және де олар қоғам болмысының әр түрлі салаларында кездеседі. [8, 89б]
Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда төмендегідей айырмашылық белгілері ескеріледі:
- Нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі маңыздылығының дәрежесі;
- Келтірілген зиянның мөлшері;
- Құқыққа қарсы (қайшы) әрекеттің жасалу тәсілі, уақыты мен орны;
- Құқық бұзушының өз баса.[17,182-183б]
Жекелеген қылмыстың тікелей себебінің пайда болуына әкеп соққан мән-жайлар кешенін криминологтар мынадай үш топқа бөледі:
- Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу жағдайлары;
- Қылмыс жасалған кездегі нақты жағдай, қылмыстың дәлелдері;
- Қылмыстық нәтиженің болуына себепші болған мән-жайлар.
Тежеу бағыттары мен қылмысқа қарсы күрестің әдістері қоғамда осы құбылысты туғызатын жағдайлардың себептері мен ерекшеліктердің сипатымен анықталады.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласына жасалуы, келтірген зиянның сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне баланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.
Теріс қылықтардың жіктелуі:
- Мүліктік және кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын бұзу – азаматтық құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп аталады.[17,183б]
Азаматтық құқықбұзушылық азаматтық құқық нормаларымен реттелетін және оны мен баланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет, әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді.
Шартты – азаматтық құқықтың артқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы олардың заңды тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмілені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар – отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уаймсыз, тоқтықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» - деген мақал айғағы болса керек.
Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысының әртүрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.
Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебн тигізетіні сөзсіз. Шынында да мемлекетімізде жүздеген өаңдар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді. Әрине заңды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды. [1]
Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананың төмен деңгейлігі.
Ал объективтік себебі – өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы қайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға оның субъективтік және объективтік себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.
Құқық бұзушылық қашан да жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.
К.Маркс былай деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы мен қарым-қатынасын бейнелейді (К.Маркс, Ф,Энгельс) [3, 3б] .
Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.
Ғылыми зерттеу нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктері мен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықта деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағадайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, тұтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды. [9,67б]
Жеке адамның әлеметтік мәртебелерінің бір-бірінесәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқын жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.
Жоғарыда айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін тұжырымдай келе байқайтынымыз заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.
Заңды мінез-құлық құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:
- Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделеген заңды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
- Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтық пен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әрине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлық қоғам да ештеңе ұмытпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын немқұрайлығын пайдаланып, теріс ниеттің лауазымды тұлғалар мемлекет органдарының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.
- Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіру әкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады.
Жеке адамның құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздық) іс әрекет жасаған әрекет немесе әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. [4]
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқықытық нормаларды талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға болады және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез-құлықты, сонымен бірге басқа да құқық бұзушылыққа тән (қылмыстан, тәртіптік қылықтар және т.б.) ерекшеліктерді айырға болады. Бұл белгілердің қатарына мыналарды жатқызуға болды:
- Теріс қоғамдық;
- Құқыққа қарсылық;
- Кінәлілік;
- Әрекеттің жазалануы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді.
Мәселен ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін оның заңдылық құрамынан айыра білу қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына, мынадай элементтерді құрайды:

- Құқық бұзушылықтың түсінігі
- Құқық және экология
- Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
- Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері
- Құқық нормаларын қолдану, жүзеге асыру
- Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері
- Құқықтағы мақсаттар мен құралдар
- ҚТК және Қытай мен Корей асханасы
- Қуаттылығы 12 млн дана жылына, қалыңдатылған керамикалық кірпішті иілімді тәсілмен өндіретін цех
- Құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру
- Құқықбұзушылық
- Құқық бұзушылық белгілері
- Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
- Құқық бұзушылықты қадағалау