Қызылорда облысының су қоймалары
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау
1.Қызылорда облысының тарихы
- Қызылорда облысының өзендері
- Қызылорда облысының көлдері
ІІ Тарау
2.Қызылорда облысының су қоймаларының
экологиясы
2.1 Арал экологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.
Орталығы
- Қызылорда қаласы.
1938 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысының аумағында
құрылған.Ұлы Жібек
жолы - әлем өркениеті
тарихының маңызды жетістіктерінің бірі.
Жолдары жан жаққа тараған керуен жолдары Еуропаны, Азияны қиып,
Қазақстан және Орта Азия территориясы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ең ұзаққа созылған жері. Қытайдан жібекті, Үндістаннан қоспалар мен тастарды, Ираннан күміс бұйымдарды, византиялық полотналар, түрік құлдары, афрасиабты керамика және басқа көптеген тауарлары Қаратау және Алтай, Тянь-Шань және Памира өткелдерінен өтіп, Мерв және Хорезм оазистері, Сары Арқа даласы арқылы Қарақұм және Қызылқұм шөлдерінен өтетін.
Қызылорда облысының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.
Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке
би және Жалаңтөс
Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, То
Тарихи қалалар Сауран және Сығ
Жетіасар — қалалар тобы б.э.д. соңы I мыңж. аяғы — б.э.VIII ғ. қалалық топтар ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының Байқоңыр қазіргі қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45-90 км қашықтықта орналасқан.
Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.
Жетыасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық райондары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған.
Жеті асар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.
1946-51 ж.ж. ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО ҒА Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973-1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 ж. екінші ортасында – 1990 ж. Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.
Сығанақ – қалашық, қазіргі Қазақстанның Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығыс 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан.
Қаланың көлемі 10 га шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 га шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған.
Қала алғашқы рет X ғасырдағы
араб георграфы Махсиди жазуларында
айтылатын оғыздар қаласы, XI ғасырдың
ортасындағы Каспийдің
солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларын
Аудандар тізімі батыстан шығысқа қарай:
- Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы,
- Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке-Би кенті,
- Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы кенті,
- Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті,
- Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек кенті,
- Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі кенті,
- Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті
Қызылорда облысының өзендері
Арыстанды – Жаңақорған ауданындағы өзен. Қаратау жотасы Қаратау тауының Күрден асуынан бастау алып Төменарық ауыл тұсында құмайтты жерге сіңіп кетеді. Ұзындығы 45 км-дей. Ұзындығы 10-15 км болатын бірнеше шағын салалары мен тармақтары бар. Жоғары ағысы тау шатқалымен өтеді, төменде жағалау жазық келеді. Алабы мал жайылымы
Ақұйық – Сырдарияның оң тармағы. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерінде орналасқан. Бастауын Қаратаудың оңт.-батыс беткейінен алып, Сырдарияға жетпей сарқылып қалады. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 670 км². Суы көктемгі қар , жауын-шашын суларымен толығады. Өзеннің жоғ. бөлігінде бөгет салынған.
Жаңадария — Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы. Сырдарияның Қызылорда қаласының тұсындағы сол жағалауынан басталып оңтүстік-батысқа қарай, Қарақалпақстан жеріне кетеді. өзен 680 км, жоғарғы және төмен арналарының ені 50 м, орта тұсы тармақталып 200 — 400 м-ге жетеді. Тереңдігі 2 — 2,5 м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Жер бедерін аллювий шөгінділері жапқан. Жаңадария өңірінен бұрынғы егіншілік пен қыстау орындары табылған. Табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Грунт суы жақын жатқан ойысты жерлерінің сор, сортаң және сазды топырағында қамыс , құрақ шоғырлары кездеседі. Қазақстандағы ең ірі сексеуіл “орманы” да осы Жаңадария бойында.
Жаңадария каналы — Қызылорда облысындағы суғару-суландыру жүйесі. Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. Канал 1958 — 1968 жылы іске қосылған. Ұзындығы 592,3 км, оның 535,5 км-і табиғи арнамен жүргізілген. Каналда 19 гидротехникалық құрылыстар салынған. Су ағыны каналдың бас жағында 50 м³/с. Каналдың арнасы 200 м³/с су өткізе алады. Бастауынан (Қызылорда бөгеті тұсынан) 210 км жерде Жаңадария Каналының бір тармағы — Қуаңдария каналы басталады. Оның ұзындығы 436,4 км, су ағыны 60 м³/с. Жаңадария Каналы Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары шаруашылықтарының егістіктерін, бау-бақшаларын суарып, 20 мың га табиғи шабындықтарын, 1 млн. га жайылымдарын суландырады.
Жиделі – Сырдария алабындағы өзен. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады. Бастауын Қаратаудың солтүстік батысындағы Ран асуы тұсынан алып, тар шатқалдармен ағып, Жайылма ауылы тұсында жерге сіңіп кетеді. Өзенде су жылдың көктем айларында (сәуір, мамыр) жауын-шашын , қар суларымен толығады. Төм. ағысында шағын Жайылма бөгені салынған . Бөген бойына жиналған қар суы мен көктемгі жауын сулары жазғы егістікке пайдаланылады. Жайылма ауылының шаруашылық жерлері суғарылады.
Жиделі – Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы өзен. Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 728 км². Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Нарбайтам ауылының шығысында Сырдарияға 1 км-дей жетпей тартылып қалады. Арнасы жоғарғы, орта ағысында тар, тік жарлы, төменгі ағысында кең. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады.
Сарысу — Телікөл алабындағы өзен. Қарағанды , Қызылорда облыстары жерімен ағады. Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өз. қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км². Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді.
Салалары: Жаман Сарысу , Жақсы Сарысу , Атасу , Талдысай , Кеңгір , Құрманақа , Талдыманақа , Құмдыеспе , Қаракеңгір .
Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылд. 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төменгі ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.
Сарысу аңғарына әсер ететін табиғи факторлар:
- эолдық әрекет, өзен аңғарының жер бедері мүжілген және тегістелген көтерілімдердің қалыптасуы, жазык аймақтарында сор, тақырлардын пайда болуына әкеп соғады;
- климаттық фактор, өзеннің басты гидрогеологиялық режиміне әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген орогидрографиялық элементтердің өзгеруінен байқаймыз. Жылдық жауын-шашын өзгерісі де өзеннің су режимінің бұзылуына әкеп соғады;
Өзен аңғарынан антропогендік факторлардың әсерін байқауға болады:
- өнеркәсіптік ластануы, өзен суының «Қазақмыс» корпорациясының қолданылуы;
- жылу-энергетикалық кешендерден ластану;
- көмір және тау-кен өндірістік шаруашылыктардың ластауы;
- тұрмыстық ағын сулардың әсері;
- ауыл шаруашылық қалдыктардың тасталуы;
Сарысу өзенінің сорға айналған жері
Сарысу | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы |
800 км |
Су алабының |
81 600 км² |
Су ағысы | |
Бастауы |
Жақсы Сарысу, Нарбак,Шотан өзендерін |
· Координаттары |
48°47′38″ с. е.72°01′57″ ш. б. (G)
(O)
(Я) |
|
Сағасы |
Телікөл |
· Координаттары |
Координаттар: 45°10′20″ с. е. 66°44′02″ ш. б. (G)
(O)
(Я)
45°10′20″ с. е.66°44′02″ ш. б. (G)
(O)
(Я) |
|
Орналасуы | |
| |
Сырдария (тәжікше Сирдарё; өз. Sirdaryo; парсыша : سيردريا) — Орталық Азиядағы өзен . Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды. Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді.
Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.
Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 км³ ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең.
Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан , Худжант , Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.
Сырдарияның төменгі ағысы
Сырдарияның төменгі ағысындағы өңірдің геологиясын, геоморфологиясы мен бедерін, климатын, өсімдігін, топырағын, жер бетіндегі және жерасты су қорларын, Арал теңізінің экология-географиялық жағдайын, теңіздің тартылу себептерін, шаруашылық салаларының (егіншілік, мал өсіру, балық өндірісі) дамуын, суармалы жердің мелиоративтік күйін, қоршаған орта нысандарының химиялық заттармен ластануын талдаған әдебиеттерге шолу жасалды.
Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі атырауы. Батысында Арал теңізі.
Өзеннің ластануы:
Қоршаған ортаға түсетін химиялық заттардың ішінде ең көп тарағаны ауыл шаруашылығында қолданылатын – минералдық тыңайтқыштар мен нитриттер, пестицидтер қалдықтары.
- Адам денесінде иммундық жүйенің төмендеуі, әсіресе, балалар мен екіқабат әйелдер арасында, ал кейбір жағдайларда індетті ауруларға қарсы тұру қабілетінің нашарлағанын көрсетеді.
- Аймақтың қоршаған ортасының ауасы, суы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғилығы жойылып, олардың құрамында, бойында токсиндердің, ауыр металдардың, пестицидтер мен гербицидтердің, дефолинттердің, өндірістік гидрозиндердің көлемі өскен.
- Судың сапасының төмендеуі, топырақтың деградациясы, шөлді аймақ көлемі өсуі, ауаның ластануы халық арасында ауру көрсеткіштерінің өсуіне алып келіп отыр.
Сырдария өзенінде "Көксарай" су қоймасын салудың жекелеген мәселелері
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының суармалы жерлерінің сумен қамтамасыз етілуін арттыру, Сырдария өзенінің ирригациялық және экологиялық режимін тұрақтандыру, сондай-ақ осы аймақтарда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөніндегі
Сырдария өзенінде "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасын салу туралы;
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
2. "CES" герман
фирмасына жобалау жұмыстарын
белгіленген мерзімде аяқтау
мақсатында Қазақстанның
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
жобалау-іздестіру
жұмыстарын үстіміздегі жылы
аяқтау үшін Қазақстан
Сырдария өзенінде "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасының құрылысын іске асыру мақсатында тапсырысшы сатып алатын тауарлардың ҚҚС-тан, кеден баждары мен алымдарынан босатылуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасы құрылысының 1999 жылы инвестициялануын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
5. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдері "Көксарай"
қарсы реттегіш су қоймасының құрылысын жедел аяқтау мәселелері бойынша тұрақты түрде жәрдем көрсететін болсын.
6. Осы қаулының
орындалуына бақылау жасау
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының көлдері
Арыс – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бетпақдала шөлінің батысындағы тұзды көл. Теңіз деңгейінен 59 м. биіктікте жатыр. Аумағы 124,5 км². Ұзындығы 21,2 км, ені 9,5 км. Су жиналатын алабы 15900 км². Көл табанының қалыңдығы 15 см-ден 50 см-ге дейін тұз басып жатыр. Суының минералд. 325 г/л, хлорид класына, натрий тобына жатады. Су құрамында йод , фтор , бром , бор , мырыш , марганец және темір қосындылары кездеседі. Көл негізінен көктемгі жауын-шашынмен толысып, жаз айларында құрғап қалады.
Ақажансай дария – Қызылорда облысы Қазалы аудандағы Сырдария өзеннің тармағы, ескі құрғақ арна. Ұзындығы 72 км. Қар ерігенде ғана арнасымен су ағады. Осы аймақта болып тұратын күшті желдердің әсерінен Ақажансай дария арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең әрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілік бөлігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар тікелей арнаға тіреліп жатады.
Ақкөл – Арал теңізінде , Қаратерең түбегі мен Тоқпан теліміндегі қолтық. Арал ауд. аумағында. Қолтықтың аум. 22,0 мың га. Теңіз суы толық кезде Ақкөлдің балығы мол, жағалауының шөбі шүйгін, әрі малға жайылым болды. Сырдария тасығанда ғана Ақкөлді жергілікті тұрғындар суын шаруашылыққа пайдаланды. Қазір қолтықта су жоқ.
Ақшатау
– Қызылорда облысындағы Арал
ауданындағы Бекбауыл темір жол
стансасынан батысқа қарай 24 км жерде
орналасқан көл . Аумағы 25,5 км2. Ұзындығы
7,7 км, ені 5 – 7 км. Ең терең жері 2,5 м-ге
жуық. Суы ащылау.Ақшатау
Желтоқсанның аяғында мұзы қатып, сәуірдің бас кезінде ериді.
Жалағашкөл , Жалаңашкөл — Сырдария алабындағы көл. Қызылорда облысының Арал ауданы жерінде. Тұран жазығының солтүстік шетінде, Сырдария сағалық арнасының оң жағында, теңіз деңгейінен 58,3 м биіктікте орналасқан. Аумағы 13 км2, ұзындығы 5,3 км, ені 4,3 км. Кезінде Сырдарияның жайылмасымен толысатын, көршілес ірі Қамыстыбас көлімен ұласып жататын. Батыс және оңтүстік жағалауы жайпақ , батпақты , шығысы көтеріңкі. Арал теңізінің тым шегініп кетуінен Жалағашкөлдің шарасы жазда мүлдем кеуіп қалатын болды. Көктемгі қар ерігенде ғана аздап су жиналады. Алабы көктемгі шабындық.
Жалтыркөл — Сырдария алабындағы көл. Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде, Бекбаулы т. ж. ст-ның оңт-нде 2 км жерде. Теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте жатыр. Аумағы 13,3 км². Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімденген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдылығы артады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі.
Домалақ – Арал теңізі алабының солтүстігіндегі тұйық көл . Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде. Үлкен Борсық және Арал Қарақұмы аралығында теңіз деңгейінен 69 м биіктікте орналасқан. Аумағы 35,2 км2, ұзындығы 10,3 км, енді жері 6,5 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Жазда тартылып қалады. Суы тұзды, көктемде мал суаруға, алабы шабындық ретінде пайдаланылады.
Теріскен – Жаңақорған ауданындағы тұзды көл. Орынбор -Ташкент т. ж. бойында Жаңақорған кентінің оңтүстігінде орналасқан. Суы тұзды, құрамында калий, магний, натрий және хлор, т.б. элемент иондары кездеседі. Сондықтан көлдің табанындағы батпақтың емдік қасиеті мол. Теріскеннің шипалы балшығы мен тұзды суы негізінде 1918 ж. [Жаңақорған санаторийі] ашылды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында мұнда әскери госпиталь орналасып, мыңнан аса жаралы жауынгерлер емделді. Батпағы мен тұзды суы сүйек, буын, остеохондроз , жүйке жүйелерінің ауруларын, әйелдердің жыныс ауруларын, бедеулік індеттерін, простатит, басқа да ауруларға шипа.
Томайкөл Сырдарияның сол жағасындағы Жуанқұм жазығында, Қазалы қ-нан оңт.-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Ұзындығы 7,5 км, ені 1,0 км, терең жері 3,5 м, ауданы 2,6 км². Көл бірімен-бірі тіркес үш бөліктен тұрады. Жағалауы жазық, кей телімдерде құм шоқаттар кездеседі, шығанақтармен тілімделген. Көлдің деңгейі құбылмалы. Көктемде Сырдария тасығанда көтеріледі, жаз ортасында көлдің деңгейі төмендеп, жағадан алыстайды. Су басқан жағалауы шабындық. Суы ашқылтым (2,4 г/л).
Шөмішгөл, Шөмішкөл – көл. Қызылорда облысы Арал ауданы жеріндегі Ақшатау көлдерінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Пішіні сақина тәріздес, аумағы 4,2 км², ұзындығы 2,8 км, ең терең жері 10 м. Көл құм төбелер ортасында жатыр. Шығыс жағалауы ашық, жайдақ. Көлдің батыс жағалауының қамысы сирек, жағалаудан ортасына қарай (25 – 35 м жерде) қалың қамыс, қоға, шылау өскен. Суы мөлдір. Көл табаны майда балдыр өскен сұр түсті құмды лай тұнба. Суы ашқылтым. Балық тіршілік етеді.
Қамыстыбас, Қамбаш – Сырдария алабындағы көл . Қызылорда облысы Арал ауданында , Қамыстыбас темір жол станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан. Теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр. Аумағы 178 км². Көл ендік бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 5 – 8 км, жағалауының ұзындығы 115,6 км, шарасына 980 млн. м3 су жиналады. Көл Тәуіп – Жарма каналы арқылы толығады. Шығыс жағалауы аласа, құмды. Оңтүстік биік, жарлы (23 м-ге дейін), солтүстік жағалауының биіктігі 5 м-ге жетеді. Ең терең жері 10 м. Жазық келген оңтүстік-батыс жағалауы Сырдариямен жалғасып жатыр. Қамыстыбаста сазан , алабұға , шортан , т.б. балықтар кездеседі. Көлде қаз , үйрек , т.б. құстар, қамыс , құрақ арасында ондатр , жабайы шошқа кездеседі.
Қамбаш көліндегі демалыс аймағында туристерге арналған ұлттық-этнографиялық парк және айшықты орман бағы пайда болады. «BNews.kz» тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Өмірбек Шәменов: -бұл көл маңында салынайын деп отырған бірінші парк емес. 2025 жылға дейін 150 гектар жерді толықтай игеруіміз керек. Жоспар бойынша осы жерде он шақты нысан бой түзейді. Жоғарыда айтылғаннан бөлек, олардың қатарында сафари парк, жылыжай, шағын ипподром картинг алаңдары бар. Бұл құрылыстар сол жердің ландшафтық жағдайы ескеріле отырып жасалған. Ең көрнектісі, 8.5 мың адамға шақталған жағажай болайын деп тұр, - дейді.
Қамбаш аумағында адамдардың ұзақ уақыт демалуына ыңғайлы орындар да, мысалы, коттедж қалашығы, киіз үйлер салынады.
Қамбаш көлі туризм аймағына айналады:
Арал ауданындағы Қамбаш көлі жағасында
облыстық туризм, денешынықтыру және
спорт басқармасының
Қаншықкөл, Қапшықкөл – Арал теңізінің оңтүстік-шығысындағы сор. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ажар ауылының оңтүстік-батысында 52 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 70 м биіктікте жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 14 км-ге созылған, енді жері 3,5 – 4 км шамасында. Солтүстік-батысында Арзанкөл, батысында Жаманжармола сорлары, солтүстік-шығысында Қапшық төбесі орналасқан. Қаншықкөлдің беті тегіс тақырлы, жағалауында сексеуіл тоғайы өскен.
Қаракөл – Қызылорда облысы Арал ауданындағы көл. Аумағы 10,7 км². Ұзындығы 4,5 км, ені 1,8 км, ең терең жері 10 м. Көлге 32 млн. м3 су жиналады. Биіктігі 1,5 – 2,0 м жағалауын қамыс басқан. Жоғары жерінде түйе тікенегі және қуаң жерлерде өсетін өсімдіктер , көл ішінде шалаң шөптер көп кездеседі. Көл түбінде қоңыр түсті, құмды және ұлутас қабыршақтары бар. Суы кермек татиды (3,0 г/л).
Қызылорда облысының су қоймаларының экологиясы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады.
Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды.
Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.
Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.

- Қылмыс және оның түсінігі
- Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны
- Қылмыс құрамы
- Қылмыс құрамы
- Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
- Қылмыс құрамы саралаудың заңды негізі
- Қылмыстардың көптігі
- Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік аспектілері
- қшаның мәні және қызметтері
- Қызметақы, өтемнің кепілдемесінің
- Қызметкерлер мен жұмысшылар мен есеп айырысуды тексеруді жетілдіру
- Қызыл кірпіш жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауытының өндірістік құрылым схемасын сызу. Өнімділігі 15 млн дана жылына
- Қызыл кітіпқа енген жануарлар
- Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау