Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі.

XXI ғ-ға барар жолда. 50 –  жылдардан бастап ширек ғасыр  бойы жапон экономикасы өте  жоғары қарқынмен өсуде болды.  Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда,  техникада, білім беруде, өнеркәсіп  пен саудада үлкен жетістіктерге  жетіп, қарыштап алға басты.  Жапония дүние жүзіндегі ең  басты несие беруші елге айналды.  Елде экономикалық өмірдің барлық  саласында түбегейлі қайта құрулар  елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері  жасалды.

Жапонияның өнеркәсібі алғашында  негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс  өнеркәсібі сияқты базалық салалар  импорттық шикізат арқылы қайта  құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника  мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен  жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып  алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.

Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың  ортасында өнеркәсіп дамудың  революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет  ететін өндірістерді (қуат көзі мен  металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға  тікелей қатысатын салаларды  барынша көбейте бастады. Ғылым  электроника, жұмыс техникасы, биотехнология  салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға  кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып  есептегендегіден асып түседі.

Машина жасау жапон  өнеркәсiбiнiң өзегi болып табылады. Елдiң бұл саланың өнiмiнiң құндары  бойынша тек қана АҚШ-қа жол бередi, өнеркәсiптiң құрылымы бойынша 3 орын (37% ), оның (64% ) экспорты бойынша - әлемде 1орынға ие.

Жапон машина жасау өнеркәсібінің  қарқынды дамығандығын біз Жапон кемелері, фотоаппараттары, транзистор қабылдағыштары және тiгiн машиналарының әлем нарығында жоғарғы сұраныста болғанынан көре аламыз. Жапон автокөлiктерi, автобустар, жүк машинасы және темiр жол жылжымалы құрамы ғаламшардың 5 континенттерiнiң жолдарындағы тасымалдауларын жүзеге асырады. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің салаларын анықтау және олардың даму жолдарына талдау жасау

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау;
  • Жапонияның экономикалық ерекшелігін айқындау;
  • Дүние жүзі шаруашылық құрылымында Жапонияның орнын анықтау;
  • Жапония эконмикасының даму ерекшеліктері мен перспективаларын анықтау.

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін мекемелерде 11 сыныпта оқылатын «Дүние жүзіне аймақтық шолу» курсында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Курстық жұмыс 27 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы

 

1.1 Географиялық орны, табиғат  ресурстары мен табиғат жағдайлары

Жапония (жапонша: 日本) – Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде – Охот теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын құрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін – Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема – күннің символы – бейнеленген.

Елдің негізгі бөлігін  Жапон топаралының аралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю (231 мың км²), Хоккайдо (79 мың км²), Кюсю (42 мың км²), Сикоку (19 мың км²) аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға  жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония  аралдары Азияның шығыс бөлігін  бойлай, оңтүстік – батыстан солтүстік  – шығысқа қарай ұзындығы 3000 км-ден  астам доға түрінде созылып жатыр [1].

Жапония жерінің аумағын  Батыс Еуропаның барынша ірі  елдерімен және АҚШ-тың үлкен  штаттарымен салыстыруға болады. Ел аумағы Азия жағалауларынан Шығыс  Қытай, Жапон және Охот теңіздері  арқылы бөлінген. Шығысы мен оңтүстік – шығысында Жапония жағалауларын Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29751 км. Аралдың алып жатқан орны елдің  ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының  сипатын, шаруашылық мамандануын және өзіндік экономикалық, мәдени келбетін анықтап берді.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтыдан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады [3].

Жапон жеріндегі алғашқы  тайпалық бірлестіктер ІІІ ғасырда  қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, ІV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік – батысы VІІ ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуын негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VІ – ІХғғ.) елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зорп болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. ІХ ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. ХІІ ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстікке ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылықтұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды [2].

ХІХ ғасырдың соңына қарай  Жапония жедел капиталистік даму жолына түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен шикізат тапшылығының орнын  толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіп  орындарының жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапонияның сыртқы саясатының өзі ел экономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланысты болды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат жүргізген Жапония ендігі жерде көптеген елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатты. Соның нәтижесінде Жапония дүние жүзіндегі аса ірі экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы нығая түсті.

Жапония – конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция  негізінде анықталған. Мемлекет басшысы  император болып есептеледі, іс жүзінде  мемлекетті премьер – министр  басқарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.

Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, бойлық бағытта ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктеріндегі климат айырмашылықтары Жапонияның табиғат жағдайларының өзіндік бет бейнесін қалыптастырды.

Жер бедері, негізінен, таулы  сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін  құрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық геосинклианльдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5 мыңға жуық жер сілкіну оқиғалары болады, әсіресе ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар қатарына жатады. Жазықтар мен ойпаттар, негізінен, теңіз жағалауы және өзен аңғарлары бойымен жіңішке алап түрінде созыла орналасқан. Жағалық ойпаттар аса қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға ұласады [5].

Тау беткейлерінің тік, жартасты болып келуі, қарқынды сейсмикалық  әрекет, вулканизм көптеген таулы  аудандардың шаруашылық игерілуін  қиындатады. Жапония жағалауларына  жақын орналасқан терең сулы шұңғымалар аумағында жиі байқалатын су асты сілкінулері нәтижесінде апатты алып толқындар – цунами пайда  болады. Биіктігі 10 метрге дейін жететін  цунами әрекетінен әсіресе Хонсю  және Хоккайдо аралдарының солтүстік  – шығысы көбірек зардап шегеді. Елдің жер қоры Нидерландтағы  тәрізді теңізден «жаулап алынған» жерлер есебінен толығуда; қазіргі  кезде жасанды алаптарда тіпті  ірі кәсіпорындар мен әуежайлар  салына бастады.

Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас көмірдің, мыс пен қорғасын – мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз болумен қатар өндірісі қиындықтар тудырады. Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алуға мәжбүр Жапония соңғы жылдары Дүниежүзілік мұхиттың ресурстарын игеруге кірісті. Мысалы, қазіргі кезде теңіз суы құрамынан уранды бөліп алу, теңіз түбінен марганец қосындыларын өндіру жолға қойылған. Сонымен қатар жергілікті өнеркәсіп салаларының сұранысын қамтамасыз ететін сирек кездесетін металдардың шағын кен орындары едәуір тиімді жұмыс істей бастады.

Жапонияның климат жағадайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда, ел аумағын 3 климаттық белдеу (қоңыржай, субтропиктік және тропиктік) қиып өтеді. Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон аралдары Тынық мұхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан. Жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар әкеліп, егістіктер мен елді мекендер су астында қалады.

Оңтүстік – шығыс жағалаулар бойымен өтетін Куросио жылы ағысы  климатты жұмсартуға өзіндік ықпал  етеді. Жапонияның орталық бөлігінде  меридиан бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңіз бен құрлық арасындағы ауа алмасуына аздап  та болса кедергі келтіреді. Соның  нәтижесінде құрлықтық ауа массаларының жолында жатқан батыс беткейлерде  шығысқа қарағанда қыс әлдеқайда  суық, құрғақ болады. Субтропиктік және тропиктік белдеулер ауыл шаруашылығын өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына екі рет өнім жинауға мүмкіндік бар [6].

Жер бедері мен климтының  ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері қысқа және мол сулы болып келеді. Ең ірі өзені – Хонсю аралындағы Синано өзені (367 км). Өзендер су энергиясына бай келеді, сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажеттерге кеңінен пайдаланылады.

Жапон аралдарының 2/3 бөлігін  ормандар мен бұталар алып жатыр. Хоккайдо аралында, негізінен, қылқан жапырақты ормандар басым болса, Хонсю аралында емен, шамшат және үйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты ормандар, ал оңтүстіктегі аралдарда мәңгі жасыл ормандар тараған. Жапония жағалауларындағы суларда балықтың 600-ден астам түрі, былқылдақденелілердің 1200-ге жуық түрі мекендейді, олардың көпшілігінің кәсіптік маңызы зор. Жер тапшылығын қарамастан Жапония жерінің 14%-ға жуығын қорғалатын аумақтар алып жатыр, мұнда 400-ге жуық табиғи саябақтар жұмыс істейді.

 

1.2 Халқы, ұлттық құрамы  және еңбек ресурстары

Қазіргі кезде Жапония халқының саны жөнінен (126,5 млн адам, 2011 ж.) дүние жүзінде оныншы орын алады (ҚосымшаА; сурет 1). Соңғы 130 жылда ел халқының саны 3,5 есеге өсті. 1875 жылы Жапонияда бар болғаны 35 млн адам тұрған. Қазіргі кезде туу көрсеткіші төмен (9‰), халықтың табиғи өсуі жылына 0,16 ғана. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты адамның өмір жасының орташа ұзақтығы да артуда. Мысалы, бұл көрсеткіш бойынша жапон әйелдері дүние жүзінде бірінші орын алады (85,3 жас). Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты «ұлттың қартаюы» проблемасын тудыруда.

Жапония өсудің екінші түрінен  бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды. Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады [7].

 Жапония халқының ұлттық  құрамы мүлде бірыңғай. Бұл –  типтік бір ұлтты ел, мұнда  жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын  құрайды. Саны аз басқа ұлттар қатарында корейлер мен қытайлардың, айндардың үлесі біршама. Жапон аралдарының байырғы тұрғындары деп есептелетін айндардың ұрпақтары Хоккайдо мен солтүстіктегі ұсақ аралдарда тұрады.

Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық  әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі  жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.

 Елде ерте феодалдық  кезеңнің өзінде енген екі  негізгі дін бар: синтоизм және  буддизм. Дінге сенушілер бір  мезетте қатар өмір сүріп жатқан  осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса,  соған көбірек ден қояды.

 Жапония – балаларды  ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін  бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай  сауатты ел. Жапонияда университеттердің  саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан  көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін  берік сақтаған, жапондық өмір  салты дейтін түсініктің құрамына  енетін ежелден келе жатқан  мәдениеттті ел.

 Жапондардың ұлттық  дәстүрлерінің бірі – қоршаған  ортаны , ағаштар мен гүлдерді, жануарларды  аялап, қорғау дәстүрі адамдардың  бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады.  Сондықтан Жапонияда әрбір маусым  бойынша табиғатта серуендеу  кең өріс алған, мысалы: көктемде  жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде  үйеңкі орманын тамашалау ұлттық  мекерелердің біріне айналған. Қазір  осылардың бәрі батыстан елес  бере бастады [9].

 Халық тығыздығының орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарларында шоғырланған.

 Жапония соңғы онжылдықтарда  урбанизация қарқынының өте жоғарлығымен  ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің  нәтижесінде ол дүние жүзінде  алғашқы орындардың біріне шықты.  Елде екі жүзден астам үлкен  қала бар.

 Қаланың жапондық үлгісінің  көптеген өзіне тән сипаттары  бар. Қалалардың көбі орта ғасырларда  феодалдық сарайлардың, монастырьлардың,  пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар «американдыруға» ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб – пәтерлері орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі – жапон қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ [7].

 Атап айтқанда, қазір  халықтың негізгі бөлігі үлкен  қалалар мен қалалық агломерацияларға  шоғырлануда. Олардың ірілері  Хонсюдың оңтүстік жағалауын  бойлап үзіліссіз тізбек түрінде  созылып жатыр. Олардың ішінде  Токио, Осаки және Нагой қалаларының  айналасына шоғырланған «үлкен  үштік» агломерациясы ерекше  көзге түседі.

 

1.3 Өнеркәсібі және шаруашылығы

 

Көптеген  ғасырлар бойы Жапония дамып отырған. Мемлекетке Қытай мен Корея мемлекеттерінің  мәдениеті күшті әсер еткен және де Жапония осы мемлекеттермен ғана қарым-қатынаста болған. XV-XVI ғ. Жапонияға  португалдық және испандық миссинерлердің енуіне байланысты елге христиан діні мен еуропалық мәдениет енді. Алайда, ХVII ғ.  Токугава сёгунаты елді бірыңғай мемлекетке айналдырды. Оған себеп, еуропалық  мемлекеттер Азияға және басқа дүние  бөліктеріне отарлау саясатын жүргізуі болды. Сонымен қатар, осындай іс-әрекеттер  Жапонияда да жүргізілуі мүмкін болды. Токугава мемлекеттің жабылуы туралы бірнеше бұйрықтар шығарды. Голландия  мен Қытай мемлекеттерінен басқа  елдермен жүргізілетін христиандық  мен сауда мүлдем тиым салынды. Жапонияның басқа мемлекеттер үшін жабылуы 200 жылға созылды [10].

150 жыл бұрын өзіндік  изоляция тоқтатылып, Жапония Америка, Ресей, Англия, Франция және т.б. елдерге есігін ашты. Ол кезде Азиядағы отаршылдық қарқын дамып жатты. Еуропа елдері мен Америка Құрама Штаттарымен бір қатарда болу үшін Мэйдзи үкіметі Жапонияға «бай мемлекет, қуатты әскер» саясатын енгізді.

Еуропа мен Америкадан ғылыми білімді, технологияны өздеріне өткізіп алу, өнеркәсіпті жылдам дамыту, қарулы күшті күшейту керек болды. Мэйдзи үкіметі бұл  жолы табысқа жетті. Қытай мен  Ресейге қарсы соғыстан кейін Жапонияда ұлтшылдық пен милитаризм бас көтерді. Жапония өзі дүниежүзілік державалармен испериалисттік тайталасқа түсіп, Кореяны отарға алды, Қытайдағы басқыншылықты жүзеге асырып, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Соның  нәтижесінде Жапония оңтүстік-шығыс Азиядағы көптеген территорияны жаулап алды.

Жапония өзі де 3 млн-нан  астам адамынан айырылып, Хиросима және Нагасаки қалалары атомды бомбылауға душар болды. Соғысты  жеңілген соң, Жапония соңғы 2000 жыл  ішінде достастық құрған елдердің отарына ұшырады [12].

Елдiң ұлттық байлығын 1945 жылдағы соғыстың аяқтауы кезіне қарай жойылып, Дзайбацу" өндірісі қарусыздандырумен қатар жер реформасының өткiзуiне, қаржылай-өнеркәсiптiк олигархиялық топтарының таратуына, американдық қолбасшылықтар мен демократиялық өрнектеулерге, жұмысшы қозғалысы либерализациға ұшырады. Сөйтіп, Жапония қоғамында «американдық» демократия қағидасына негізделген реформалар өтті, бiлiмнiң ұзақтығы 6-дан 9 жылға дейiн жоғарылатылды. Бұл өзіндік революция болып, экономиканың дамуына негіз болды.

Міне, осылайша, Жапония дүниежүзілік экономикалық державаға айналды. Соңғы 100 жыл ішінде дәстүрлі феодалдық –әлеуметтік экономикалық жүйеден нарық экономикасының даму жолына түсті. 1950 ж. Жапонияның ЖІӨ дүниежүзілік көрсеткіштің 1% құраса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 43%-ға тең. Жапонияның алтын валюталық қоры 200 миллиард доллар және соңғы төрт жыл бойы 1 орынды алып келеді. Жапон азаматтарының меншiктерiнде 10 трлиллион АҚШ долларына тең қаражат бар. Жыл сайын Жапония басқа мемлекеттердің дамуына көмек ретінде 11млрд АҚШ долларын жіберіп отырады. Соңғы бірнеше жыл ішінде Жапония басқа елдерге көмек көрсетудегі ең iрi дүнижүзілік донор болып табылады. Жапонияның барлық әлемдiк экономиканың тұрақтылығының қамтамасыз етуiне де мүмкiндiк туғызады.

XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты несие беруші елге айналды. Елде экономикалық өмірдің барлық саласында түбегейлі қайта құрулар елеулі дәрежеде жүзеге асырылды, постиндустриялы қоғамның негіздері жасалды [13].

Жапонияның өнеркәсібі алғашында негізінен эволюциялық жолмен дамыды. Энергетика, металлургия, автомобиль және кеме жасау, химия, мұнай-химия, құрылыс өнеркәсібі сияқты базалық салалар импорттық шикізат арқылы қайта құрылған болатын. Бұлардың бәрі техника мен технологияның ең жаңа жетістіктерімен жабдықталды, бұл кезде көптеген патенттер мен лицензиялар шетелден, әсіресе АҚШ пен ГФР-ден сатып алынып, жергілікті жағдайға бейімделіп құрылды.

Қуат және шикізат көздерінің дағдарысынан кейін, яғни 70-жылдардың ортасында өнеркәсіп дамудың революциялық жолына түсті. Ел импортқа тәуелді отын мен шикізатты қажет ететін өндірістерді (қуат көзі мен металға қатысты болып келетін) барынша азайып, ал ең жаңа ғылымға тікелей қатысатын салаларды барынша көбейте бастады. Ғылым электроника, жұмыс техникасы, биотехнология салаларында жетекші орынға ие болып, дәстүрлі қуат көздерін пайдалануға кірісті. Жапония ғылымды қаржыландыру үлесі жағынан дамыған елдердің ішінде бірінші орын алады, ал ғылыми қызметкерлірдің саны жағынан ГФР, Ұлыбритания және Францияны қосып есептегендегіден асып түседі [14].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыл шаруашылығын да түбірімен қайта құруға тура келді. 1929 жылы Н.И. Вавилов осы елге жасаған сапарынан кейін өзінің «Пять контингентов» дейтін кітабында былай деп жазды: «Жапониядағы егіншілік өзінің өнімділігімен таң қалдырады. Орталық және Оңтүстік Жапонияда жердің әрбір кішкентай пұштағы жете пайдаланылған». Әрине, қазір дәстүрлі шаруашылықтағы өнімді еңбек әлі сақталып отыр. 40-жылдардың аяғындағы аграрлық реформадан кейін помещиктік жер иеленушілік жойылып, жер шаруалардың меншігіне берілді де, негізгі өнім өндірушілер фермерлер болып шықты.

Ауыл шаруашылығының құрылымы да өзгерді. Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау – бақшамен айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамыды. Жапондардың тамақтану рационы еуропалық және американдық рационға жақындай түсті.

Жапондық шаруашылықтың  тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық. Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде 3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар. Теңіз жағалауының жануарлар дүниесі мол және әр алуан болуы тек балықшылық қан емес, теңіз өнімдерін дайындауды дамытуға да мүмкіндік берді. Балық пен теңіз өнімдері жапондардың азықтық рационында үлкен орын алады. Сондай-ақ онда інжу-маржан кәсібі дамыған.

Жапонияда өзен қатынасы мен құбыр тартудан басқа көлік түрлерінің бәре де жақсы дамыған. Өзінің көлік-жол торабы бойынша бұл ел Батыс Еуропа елдерін еске түсіреді, бірақ жүк, әсіресе жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін «арзан көлік» [15].

Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі — өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капитал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне бағытталған.

Шаруашылығының жер аумақтық құрылымы: екі «жақты» ел. Жапония «алдыңғы» және «артқы» (немесе «күнгей» және «теріскей») дейтін мүлде әр басқа екі бөліктің өзара сәйкестенуімен ерекшеленеді. Жапонияның «алдыңғы бетін» ең алдымен Хонсю аралының жағалау – ойпаты бойынша өтетін аса кең емес (15-65 км) Тынық мұхит белдеуі құрайды. Бұл белдеу – елдің әлеуметтік – экономикалық кіндігі. Басты өндірістік аудандар Токио, Осаки, Нагой, Китакюсю, шикізат пен отынды импорттауға сүйенетін ЖЭС пен АЭС – тің, металлургиялық, мұнай өндейтін және химиялық комбинаттардың, машина жасау завоттарының басым бөлігі осы арала орналасқан. Құрылыс аландарының жетіспеуі салдарынан көптеген, оның ішінде аса ірі кәсіпорындар бүкіл жағалауды бойлай созылып жатқан теңізден «жаулап алынған» учаскелерге салынған.

Тынық мұхит белдеуі Жапонияның өнеркәсіп белдеуі деген атқа ие болды, бірақ бұл мүлде осылай деп кесіп айтуға келмейді. Оның маңында өнімді ауыл шаруашылығының көптеген басты аудандары, басты-басты көлік магистральдары және елдің аса маңызды аймақтары орналасқан. Жапонияның негізгі көлік қатынасының күретамырын бүкіл Тынық мұхит белдеуін ұзынынан басып өтетін «Синкансен» жүрдек темір жол магистралі құрайды.

Жапонияның «артқы бөлінгін», ең алдымен шеткі аймақ деп аталатын таулы – орманды Хонсю құрайды. Бұл жерде ағаш дайындалады, мал өсіріледі. Мұнда, әсіресе курорттық демалыс пен туризм жақсы дамыған. Жапонияда адамдардың «орын ауыстыруға құмарлығы» сонша – үлкендер де, мектеп оқушылары да көпшілік болып туристік сапармен бір жерден екінші жерге үздіксіз ағылып жатады. Соңғы кезде Жапонияның мемлекеттік аймақтық саясаты бұл экологиялық жағынан таза шеткі аймақты игеруге қатты мән беріп отыр. Тынық мұхит белдеуінің жүгін жеңілдету мақсатымен барлық технополистердің жартысы – ғылым мен ғылым тікелей қатысатын өндірістердің жаңа орталықтары шеткі зона – Хонсю аралында құрылуда. Таяу уақытқа дейін шеткері қалып келген Хоккайдо аралын игеру дүние жүзіндегі ең ұзын Сейкан темір жол туннелін салуға мүмкіндік береді. Алайда, тұтастай алғандағы жер аумағының сәйкессіздіктері баяу шешілуде [13].

Жапонияның ірі корпорацияларының  секторы - 2, 4 мың акционерлiк серiктестiк. Акционерлiк серiктестiктердің жалпы  саны - 800 мыңға жуық. Орташа және ұсақ кәсiпорындар дисперсиясысыз жұмыс iстейдi және жабулы акционерлiк серiктестiк  және серiктестiктер сияқты жүргiзiледi.

Iрi корпорациялардың әрбiрi «кэйрэцу» деп аталатын топтардың ядросы болып табылады. Жапон кэйрэцуiнде байланыстыратын элемент болып меншiк қатынастар және шарттар болып табылады. Заң бойынша банктерге акциялардың 5% көп мөлшерде ұстауына тиым салынады. Сондықтан «кэйрэцу» қаржылай-өнеркәсiптiк топтармен банктердiң құзыры болып табылмайды.

«Кэйрэцу» арасында технологиялық негіздегі тік интеграциямен қоса конгломераттар да бар. Машина жасау корпорациялары 300-400 жуық компанияларды иеленіп отыр. Олар: «Мицубиси дзюкоге», «Комацу», электрические «Хитати», «Тосиба», «Сони», «Мацусита дэнки».

Жапония корпорацияларының қаржы құрылымының капиталы 30% кем. Банктер кезiнде елдiң өте қарқынды индустриалды дамытуын қаржыландыру бойынша негiзгi жүктемелердi алып жүрдi [18].

Орталық басқару үкіметіне  бес үкіметтік өндіріс орындары( соның ішінде Ақша жасау орталығы және мемлекеттік орман шаруашылығы) он үш банк,бірнеше жоғары оқу орындары және 73 коммерциялық емес ұйымдар қарайды. Олардың құрамына ғылыми зерттеу институты, зертханалар және ақпаратты ғылыми-техникалық орталығы, Жапондық мәдени айырбас қоры, сонымен қатар орман ресурстарын өңдеуге көмек көрсететін өндіріс орындары, мұнайды барлау орындары, ауыл шаруашылығын дамыту жатады. Автокөлік жолдары, көпір, дамба, соңғы үлгідегі инженерлі құрылыс орындарын (Хонсю мен Сикоку аралдарының арасын жалғап тұратын Ішкі теңіз арқылы өтетін көпқабатты көпір) салуға маманданған кәсіпкерлік топтар бар.

Жапония – шаруашылық құрылымын  ешқандай мемлекеттік органдардың қатысуынсыз іске асыратын, экономикалық саяси дамыған мемлекет; оның қарамағында салықтық-қаржы және ақшалай несие- орталығы, сыртқы сауда-саттықты кедендік-тарифті түрде қадағалау, нарықтағы бәсекелестікті тепе-теңдікте ұстау.

Жапонияның ЖІӨ мемлекеттік қаржы шығынының 26-27% құрайды. Салықтың деңгейі – 22-23%.

Жапонияның қаржы шығынының  ерекшелігі – ұлттық қоғанысты қаржыландыруда өте төменгі деңгейді көрсетуі ( жалпы шығынның 6% шамасында, немесе ЖІӨ 1% төмен). Ең көп шығынның сатысы әлеуметтік сақтандыру және зейнетақыға кетеді (18-20%), аудандың әкімшілік префектураларына (16-18%), сонымен қатар инфрақұрылымды мемлекеттік қаржыландыру жатады (Қосымша А; сурет 2). 

Жапония Банкі – ақшаны қолдану барысы мен банктердің несие  беру қызметін қадағалаумен айналысады. Сонымен қатар, ол жеңілдік беру арқылы, ақша нарығының барлық жүйелі сатыларын басқарып отырумен айналысты. Дәл қазіргі жағдайда, ақша нарығының сатылары еркін түрде жүзеге асады, ал Жапония банкінің жұмыс істеуінің басты жүйесі болып ақша көлемін анықтау мен оларды шығару болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің дүние жүзінде алатын орны

 

2.1 Жапонияның машина жасау өнеркәсібінің салалары

 

Машина жасау жапон  өнеркәсiбiнiң өзегi болып табылады. Елдiң бұл саланың өнiмiнiң құндары  бойынша тек қана АҚШ-қа жол бередi, өнеркәсiптiң құрылымы бойынша 3 орын (37% ), оның (64% ) экспорты бойынша - әлемде 1орынға ие.

Машина жасау кешенінің  құрылымы аса күрделі. Мұнда жаппай экспортқа бағдарланған кеме және автомобиль жасаусияқты байырғы салаларымен  қатар ең жаңа, ғылымға негізделген  салалар дамуда. Машина жасау кешені жалпы өнеркәсіп өнімінің 44% - ын береді, оның 20%-ы радиоэлектроника мен электр техникасын жасау өнеркәсібіне тиесілі.

Жапон машина жасау өнеркәсібінің  қарқынды дамығандығын біз Жапон кемелері, фотоаппараттары, транзистор қабылдағыштары және тiгiн машиналарының әлем нарығында жоғарғы сұраныста болғанынан көре аламыз. Жапон автокөлiктерi, автобустар, жүк машинасы және темiр жол жылжымалы құрамы ғаламшардың 5 континенттерiнiң жолдарындағы тасымалдауларын жүзеге асырады.

Жапония iстеп шығарған электр генераторлары Азиядағы өнеркәсiптiк кәсiпорындарын, Африкаға, Австралия, Солтүстік және Оңтүстiк Америка елдерін үйлерін және өндіріс орындарын жарықпен, энергиямен қамтамасыз етедi. Жапон иiретiн және тоқымашы жабдығы Азия елдерi және басқа континенттердiң тоқыма өнеркәсiбін дамуына әсер етіп отыр. Электр аппараттарының өндiрiсi машина жасауды өте өскелең саласы болып табылады. Бұл саланың қиял-ғажайып тез өсуi елдiң энергетика және ауыр өнеркәсiбi үшiн қуатты электр агрегаттар керек болуы, сонымен бiрге тұрмыстық электроприборларына сұраныстың өсуі әсер етті. Электр аппараттары, электрондық өнеркәсiптiң өнiмдері негiзiнде Солтүстiк Америка, Азия және Еуропаға экспортталады [19].

Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы