Жарақаттың түрлері
Жарақаттар туралы түсінік
- Жарақат дегеніміз ұлпаның немесе мүшенің анатомиялық бүтіндігінің бүлінуі және оған тиісті қызметінің бұзылуы.
Жарақаттың себептері:
- 1. Экзогендік факторлар - сырттан келген факторлардың әсерінен болады.
- 2. Эндогендік факторлар - іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:
- 1. Механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
- 2. Химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).
- 3. Физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).
- 4. Биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)
- 5. Психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттың түрлері
- 1. Терінің бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
- 2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
- 3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
- 4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың
белгілері:
- Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
- Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Соғып алу
- Соғып алу—жұмсақ тіндердің бұзылуы, көбінесе құлау немесе бір нөрсеге ұрьш алу кезінде пайда болады; бұл кезде тері, ұсақ тамырлар зақымданады; тіндерде кан қүйылуы немесе жиналуы (канды ісік) пайда болады.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.
Өзіндік жұмыс
1.Механикалық жарақаттар |
А) Организмге бактериялық токсиндердің әсер етуінен пайда болады. |
2.Физикалық жарақаттар |
Б)Орталық жүйке жүйесінің элементтеріне сыртқы факторлар әсерінен болады. |
3.Химиялық жарақаттар |
С)Органим тіндеріне жоғары немесе төменгі температуралардыңт.б әсерінен болады. |
4.Биологиялық жарақаттар |
Д)Тірі тіндерге механикалық күштің әсерінен пайда болады. |
5.Психикалық жарақаттар |
Е)Тіндерге химиялық заттардың , улы заттардың т.б әсерінен туындайды. |
Назарларыңызға рахмет!

- Жаргон
- Жаргонизм в современном дискурсе
- Жаргонизмы в печатных СМИ (на примере «Новой газеты»)
- Жаргонизмы в повести "Кража"
- Жаргонизмы в разных сферах деятельности человека
- Жаргонизмы в рекламном тексте
- Жаргонная и арготическая по происхождению лексика и фразеология в современной периодике
- Жапония мемлекеттік баскару
- Жапониямен Ресейдің сауда экономикалық қарым -қатнасы
- Жапонияның өнеркәсібі және оның салалары
- Жапонияның саяси экономикалық дамуы
- Жапонияның экономикалық – географиялық сипаттамасы
- Жапон менеджментінің ерекшеліктері
- Жаппай қырып жою қаруларына түсінік