Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.................................................................................................3

 

I Қазақстан Республикасы  салық жүйесіндегі жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері

 

    1. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері

 

1.2. Пайдалы қазыналарды  өндіру салығы

 

II Жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен төлемдерін төлеу  және ресімдеу тәртібі

 

2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың  бонустарды төлеу мерзімі

мен оны рәсімдеу әдістері………………………………………….......11

2.2 Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі..................12

2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша

жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша

төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері........................................................13

2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы................14

 

III Жер қойнауын  пайдаланушылардың салықтары мен  төлемдерін жүзеге асырудағы  қазіргі кездегі жетілдіру

жолдары..........................................................................................15

 

Қорытынды.....................................................................................19

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Қазақстан Республикасының  Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.

Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің  «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.

Жер қойнауын пайдалану  бойынша операцияларды жүргізу  жөніндегі қызметке салық салу:

1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке  төленетiн басқа да міндеттi  төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн  есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде  қолданылып жүрген Қазақстан  Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.

2. Мiндетті салық сараптамасынан  өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға  дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының  Үкiметi немесе құзыретті орган  мен отандық немесе шетелдiк  жер қойнауын пайдаланушылар  арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.

3. Өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.

Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.

 

 

I Қазақстан  Республикасы салық жүйесіндегі  жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні

 

1.1. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

Жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн: 
1) үстеме пайда салығын;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:

а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);

б) роялтидi;

в) өнiмдi бөлу бойынша  Қазақстан Республикасының үлесiн;

г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен  төлеу тәртiбi белгiленедi. "Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.

Салық сараптамасы жүргізілген  күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде  Қазақстан Республикасының салық  заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық  режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.

Өнімді бөлу туралы бiр  келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың  барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:

1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті; 
      2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.

5. Жер қойнауын пайдаланушы  келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын  қызмет бойынша салық міндеттемелерін  eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті. 
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға және барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.

6. Қорларын осы мақсаттар  үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган  бекiткен жер қойнауын пайдалануға  арналған келiсiм-шартта көзделмеген  пайдалы қазбаларды өндiрген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 281-бабында белгiленген тәртiппен солар бойынша төлемдер жүргiзедi.

Жер қойнауын пайдалануға  жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi:

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:

1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу  бойынша Қазақстан Республикасының  үлесін қоспағанда, жер қойнауын  пайдаланушының осы Кодексте  көзделген салық пен басқа  да мiндеттi төлемдердi төлеуiн  көздейдi;

2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға: экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы, роялти,шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, мүлiк салығы қосылмайды.

Келiсiм-шарт шеңберiнде  жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық  мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары:

1. Өнiмдi бөлу туралы  келiсiм-шарттарда белгiленген салық  салу шарттары тараптардың келiсiмi  бойынша салық заңдарының өзгеруiне  байланысты түзетiлуi мүмкiн.  
      Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.

2. Өнiмдi бөлу туралы  келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.

Салық сараптамасы:

1. Салық сараптамасы  - құзыреттi орган жасайтын жер  қойнауын пайдалануға арналған  келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар  мен өзгерiстерге талдау жасау  мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.  
      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларғадақолданылады. 
      3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланганы үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын Және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын - қосымша, жер койнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде төлейді.Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды кайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі жер койнауын пайдалануға Үкімет белгілеген тәртіппен жасалынған контрактта айқындалады.

Жер койнауын пайдаланушыларға салық салудың екі моделі белгіленген: бірінші модель жер койнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші моделъ жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойыніиа Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ак салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды .

 

1.2 Пайдалы қазыналарды өндіру салығы

 

Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілетін минералдық шикізат, мұнай, жерасты сулары және емдік балшықтың әрбір түрі бойынша  ақшалай нысанда жеке төленетін  салық.

Салықтың төлеушілері  жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген контракт шеңберінде техногендік минералдық құрлымдардан алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын және емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы  салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың,газ  конденсаты мен табиғи газдың нақты  көлемі пайдалы казындыларды өндіруге салық салу объекті, ал бұл көлемнің құны салық базасы болып табылады. Құн өндірілгентауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатыныңжәнетабиғи газдыңкөлемі мен салық кезеңіне есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады.

Өндірілген минералдық шикізаттың,мұнайдың жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері  бойынша пайдалы қазындылары өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне қарамастан салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді. Пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін жер койнауын пайдалануы Салықтық кодексте келтірілген шэкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені колданады. Пайдалы казындыларды өндіру салығының құрамына: мұнайға арналған пайдалы қазыналарды өндіру салығы, кең таралған пайдалы қазындыларды коспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы казындыларды өндіру салығы және кең таралған пайдалы казыналарға жерасты суларға және емдік балшықтарға, пайдалы казындыларды өндіру салығы кіріктіріледі.

Шикі мұнайға пайдалы  қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемелері газ кондесатын қоса алғанда, тіркелген  тұлғанымда жылдық өндіру көлеміне қарай (10 мөлшерлеме,өндіру ауқымы 250 мың тоннаға  дейін және 10 млн.тоннадан жоғары) 7%-дан 20%-ға дейінгі шэкіл бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыноғында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген және (немесе) берген, соның ішінде мемлекет атынан алушыға пайдалы казындыларды өндіру салығын, экспортка рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады. Табиғи газға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10%ды құрайды.Ішкі рынокта табиғи газды өткізген кезде жылдық өндіру көлеміне қарай: 1,0 млрд. текше метрге дейін қоса алганда - 0,5%, 2,0 млрд. текше метрге дейін - 1,0%, 2,0 млрд. текше метрден жоғары - 1,5% мөлшерлемелер бойынша төленеді. Минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы казындылар босалқы корларының нақты (физикалық) көлемі (айналыстан шыққын босалқы қорлардың салық салынатын көлемі) минералдық шикізатқа (қара,түсті және радиоактивті металдар кендері (рудалары); металдар; күрамында металдар бар минералдық шикізат, сондай-ақ сирек ездесетін металдар,шашыраңқы металдар, радиоактивті металдар, бейметалдар, қымбат бағалы тастар, жасанды тастар,техникалық тастар) салық салу объекті болып табылады.Салық кезеңіндегі орташа биржалық бағаны немесе алғашқы кайта өңдеуден (байытудан) өткен минералдық шикізатты өткізуден безбенделген бағасын тигізе ала отырып,салық кезеңінде минералдық шикізаттың құрамында пайдаланылаты н айналыстан шыққан қосалқы қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы казындыларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Мөлшерлемелер ауқымы тым кеңтас көмір мен жанғыш тақ-тастар үшін белгіленген нөл пайыздан уран үшін белгіленген 24 пайызға дейін (ең жоғары). Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы казындылардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объекті, оларды өткізуден безбенделген бағасын негізге ала отырып,осы көлем құны салық базасы болып табылады.Салықтың мөлшерлемелері 2,5%-дан 10,6%-ға дейінгі мөлшерлерде белгіленген.

Пайдалы қазындыларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік  тоқсан болып табылады.Салықтөлеуші салықтың есептелген сомасын орналаскан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен  кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей  төлеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіру салығы жөніндегі мағлұмдаманы орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі

 

2.1 Жер қойнауын  пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі мен ресімдеу әдістері

2009 жылдан жер қойнауын  пайдаланушылардың арнаулы төлемдері  мен салықтары:

жер койнауын пайдаланушылардың  арнаулы төлемдерін:а) қол қойылатын бонусты; ә) коммерциялық табу бонусын; б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;

пайдалы қазындыларды өндіру салығын;үстеме пайда салығын кіріктіреді.Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген  төлемдері болып табылады. Жер  койнауын пайдалануға арнап жасалған контракттың түрлері мен шарттарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасының жер койнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер койнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер койнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер койнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ак Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін:

барлауға арналған контрактты;

пайдалы казындыларды өндіруге арналған контрактты жасаскан жеке немесе заңи тұлға болып табылады.Қол койылатын  бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді.

Жер қойнауын пайдалану құқығын  алуға конкурс өткізілгенге дейінгі  қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер койнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.Коммерциялық табу бонусын контракт аумағындағы пайдалы казындыларды әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарың қосымша барлау жүргізу барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусынын сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негіз шие айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.

 

 

2.2 Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі

 

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі тараптардың келісімімен анықталады, бұл келісімге сәйкес жер койнауын пайдаланушыға ақылы негізде белгілі бір мерзімде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізуге контракт аумағында құқық берілді. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер өнімді бөлу туралы контракттар жасаскан жер койнауын пайдаланушылар болып табылады. Өнімді бөлу бойынша үлес ақшалай немесе натуралдық нысандарда төленуі мүмкін. Өнімді бөлу бойынша үлес корпоративтік табыс салығын есептеу үшін жылдық жиынтық табысты анықтаған кезде шегеріледі. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің мағлұмдамасы жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етіледі.

Өнімді бөлу бойынша  Қазақстан Республикасының үлесі  Қазақстан Республикасы мен жер  қойнауын пайдаланушы арасында бөлуге жататын пайда түсіретін өнімнің  жиынтық құны ретінде анықталады (жер қойнауын пайдаланушының пайда  түсіретін өнімдегі үлесі шегеріледі). Пайда түсіретін өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесі төмендегі үш триггерлерге сәйкес келетін пайыздық мәнінің ең азы ретінде анықталады:

R-фактор (табыстылық көрсеткілері) жер қойнауын пайдаланушының  жоба бойынша кордаланған табыстарының  қордаланған шығыстарға қатынасы;

мердігер рентабелділігінің  ішкі нормасы (РІН)нақты таза дисконтдисконтталынған табыс өзінің нөлдік мәніне жететін  дисконттау мөлшерлемесі;

Р-фактор (баға коэффициенті) - есеп кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушы табысының өндіру көлеміке катынасы.

Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жузеге асыратын жер  қойнауын пайдалануіиының қосымша  төлемін өнімді бөлу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар төлейді.

Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушының косымша төлемін есептеудің тәртібі салық заңнамасында белгіленген. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушының қосымша төлем бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша кызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушынын косымша төлемі мағлұмдаманы тапсыру мерзімі болғаннан кейін 15 күннен кешіктірілмей төленеді.

 

 

 

2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері

Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртiбi:

1. Өнiмдi бөлу туралы  келiсiм-шартты орындау кезiнде  мемлекет түсiмдерiнiң үлесi әрбiр  салық кезеңiнде өндiру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгiленген мәннiң бес процентiнен он процентiне дейiнгiден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде, келесi кезеңдерде алған өнiм көлемiнiң қырық процентiнен кем болмауға тиiс. 
      2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық мiндеттемелерiн бiлдiредi.Мемлекет түсiмдерiнiң үлесi қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агентi ретiнде әрекет ететiн салықтарды     қамтымайды. 
      3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы салық кезеңi

Күнтiзбелiк жыл қызметiн  өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi салық кезеңi болып табылады.

Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi.Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында белгіленген мерзiмде табыс етедi.

 

2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

 
   Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы - салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктың салысты рмалы жағдайындағы шығарылған өнімді сатудан алынған косымша пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем. Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге, барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған контракттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Салықтық кодекске сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25%на тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке дсонтракт бойынша жер койнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объекті болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға  арналған контракт бойынша корпоративтік табыссалығы жер койнауын пайдалануға арналған әрбір жеке контракт бойынша контракттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлеменің және көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ Салықтық кодекске сәйкес ауыстырылатын жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша залалдар сомасына азайтылған, салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған осындай контракт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде салық заңнамасында белгіленген бейрезиденттің тұракты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектінің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Салық кезенінде үстеме пайда салығын есептеу Кодексте белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына коса отырып, үстеме пайда салығын салу объектінің әрбір бөлігіне колдану арқылы жүргізіледі. Таза табыс салық салынатын табыс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері өзгермелі шэкілі бойынша - 0%-дан 60%-ға дейін белгіленген (25%-дан кем емес немесе соған теңнен 70%дан жоғарыға дейін, барлығы 7 мөлшерлеме).

Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша  бюджетке салық кезеңінен кейінгі  жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей  төленеді. Үстеме пайда салығы үшін 1 каңтардан бастап 31 желтоқсанға  дейінгі күнтізбелік жыл салық  кезеңі болып табылады.

 

 

 

III. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары

 

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауы «Қазақстан халдқының  әл ауқатын аттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» - Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Былай делінген:

Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық