Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультет «Әлеуметтік қызмет және бизнес»

 

Кафедра «Туризм»

 

 

 

АНАЛИТИКАЛЫҚ БАЯНДАМА

Тақырып атауы: «Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар»

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Бейсекей Е.

Орындаған: Турлин Д.К.

Мамандық:Туризм

Топ: 303

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

Мазмұны

 

 

 

Бет.

 

Кіріспе

 

3

1

Жерорта теңіз алабындағы негізгі теңіздерге сипаттама

 

1.1

Қара теңіз

5

1.2

Азов теңізі

6

1.3

Мәрмәр теңізі

7

1.4

Тиррен теңізі

8

 

2

 

Жерорта теңіз алабындағы негізгі аралдарға сипаттама

 

2.1

Ибица аралы

9

2.2

Кипр аралы

10

2.3

Балеар аралдары

12

 

3

 

Жерорта теңіз алабындағы негізгі мемлекеттерге сипаттама

 

3.1

Мальта Республикасы

13

3.2

Кипр Республикасы

14

 

 

Қорытынды

 

16

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Рефераттың өзектілігі: Жерорта теңізі – Атлант мұхитының Еуразиямен Африка құрлықтары арасындағы теңізі.Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий,  Тиррен,  Адрия,  Ион,  Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт).

Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл,  По,  Рона, Эбро өзендері құяды.

Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12°С-тан оңтүстікте 18°С-қа дейін, тамызда батысында 20-25°С-тан оңтүстік-шығысында 28-30°С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады.

Толысу толқынының биіктігі 0,1-0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды.

Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады.

Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі. Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді.

Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар.

Жерорта теңізінің жағалауында Испания,  Франция, Италия,  Монако,  Мальта,  Хорватия,  Босния және Герцоговина,  Югославия,  Албания,  Грекия,  Түркия, Кипр,  Сирия,  Ливан,  Араб елдерінің  аумағы,  Израиль,  Египет,  Ливия,  Тунис,  Алжир,  Марокко елдері орналасқан [1].

Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.

Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан [2].

Рефераттың мақсаты: Жерорта теңізі туралы толық мағлұмат алу; географиялық орналасқан жерімен таныстыру; Жерорта теңіз алабына кіретін теңіздерге, аралдаға, мемлекеттерге сипаттама; Жерорта теңіздің туризмде алатын орны; Жерорта теңізіндегі танымал туристік орталықтармен таныстыру және оның халықаралық туризмге әсерін талқылау.

Рефераттың міндеті:

-  Жерорта теңізіне жалпы сипаттама беру;

-  Жерорта теңізінің туризмге әсерін түсіндіру;

-  Жерорта теңізінің алабына кіретін теңіздерге сипаттама беру;

-  Жереорта теңізіндегі әлемге танымал аралдарға жалып сипаттама және туристердің көп баратын Ибица және Кипр аралдарына толық сипаттама;

-  Жерорта теңізімен шектесетін мемлекеттермен таныстыру және олардың халықаралық туризмде алатын орны туралы түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1        Жерорта теңіз алабындағы негізгі теңіздерге сипаттама

 

1.1    Қара теңіз

 

Қара теңіз, Қара дениз (грек. Роntos Euxenos — мейірбан теңіз) — Атлант мұхиты алабына жататын теңіз.Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр (Сурет 1).

 

 

Сурет 1 – Қара теңіз

 

Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Боспор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта теңіздерімен, солтүстігінде  Керчь бұғазы арқылы Азов теңізімен жалғасады. Ауд. 420,3 мың км2.

Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы. 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солтүстік батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің  жағасыны таулы болып келеді.

Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай,  Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды.

Қара теңіз палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген.

Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді.

Жауын-шашынның орташа мөлшері 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлігінде 17,5-18,5%, өзендер сағасы маңында 9-2%, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солтүстік-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жағасында 40-60 см.

Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар.

Қара теңіз жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.

Ірі порттары: Трабзон, Сино, Самсун (Түркия), Бургас, Варна (Болгария), Констанца (Румыния), Одесса, Ильичевск, Николаев, Севастополь, Керчь (Украина), Новороссийск, Туапсе (Ресей), Поти, Батиму (Грузия). Теңіз жағалауы рекрециялық мақсатқа пайдаланылады.

Iрі курорттары: Варна, Одесса, Еупатория,  Ялта,  Сочи, Гагра,  Сухуми,  Батуми, т.б. [3].

 

1.2    Азов теңізі

 

Азов теңізі, Азыу теңізі (ежелгі Сурож теңізі) — Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінің оңтүстігіне орналасқан теңіз. Атлант мұхиты алабының ішкі теңізіне жатады. Керч бұғазы арқылы Қара теңізiбен байланысады      (Сурет 2).

 

 

Сурет 2 – Азов теңізі

Азов теңізі — дүние жүзі мұхит теңіздерінің ішіндегі ең шағыны әрі таязы. Ауданы 39 мың км2. Орташа тереңдігі 8 м. Ең терең жері 15 м. Айдыны 320 мың км3. Жағасы аз тілімделген.

Ірі шығанақтары: Таганрог,  Сиваш. Дон  және Кубань өзендері теңізге жылына көлемінің 1/5-не жуық тұщы су құяды. Сондықтан тұздылығы төмен.

Азов теңізінің беткі қабатындағы судың температурасы жағалауға жақын бөлігінде 30o-31oС-қа дейін, орта тұсында 25o-26oС-қа көтеріледі. Қыста теңіз 2-3 ай қатып жатады. Таяз болғандықтан суы жақсы араласады, температура мен тұздылығы беткі қабатынан түбіне дейін біркелкі, оттегі мол.

Судың барлық қабаты тіршілікке бай. Азов теңізінде балықтың 80-ге тарта түрі бар. Одан тюлька, көксерке, хамса, табан көп ауланады. Теңіздің транспорттық маңызы бар. Азов теңізі Еділ-Дон каналы арқылы Каспий,  Балтық және Ақ теңіздерімен жалғасады. Басты порттары: Мариуполь, Таганрог, Ейск, Бердянск [4].

 

1.3    Мәрмәр теңізі

 

Мәрмәр теңізі — Атлант мұхитының  Еуропа  мен  Кіші Азияның аралығындағы жерорта теңізі. Солтүстігінде Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, оңтүстігінде Дарданелл бұғазы арқылы Эгей тенізімен жалғасады. Ауданы 11472 км2. ұзындығы 280 км, енді жері 80 км. Суының орташа көлемі 4 мың км3, ең терең жері 1273 м. Еуропа, Азия және Африка құрылықтарын бөліп тұратын жер қыртысының ірі жарылыстарынан пайда болған (Сурет 3).

 

 

Сурет 3 – Мәрмәр теңізі

 

Ірі аралдары — Мәрмәр, Принц, тағыда басқа. Эрдек, Бандырма, Гемлик шығанақтары бар. Мәрмәр теңізіне Симав, Коджабаш өзендері құяды.

Суы қатпайды, беткі қабатының орташа температурасы 90С, ал жазда 290С-қа дейін жетеді. Мәрмәр теңізінің гидрологиялық режимі бұғаздары арқылы Қара және Эгей теңіздері суының алмасуына байланысты. Тұздалуы солтүстігінде 20%, оңтүстігінде 25-26%.

Флора мен фаунасы Жерорта теңізіне ұқсас. Теңізден балық (скумбрия, сардины, тағыда басқа) ауланады. Мәрмәр теңізі арқылы Қара теңізден Жерорта теңізіне өте маңызды су жолдары өтеді. Жағалауында Стамбұл, Измит портты қалалары және курорттар орналасқан [5].

 

1.4    Тиррен теңізі

 

Тиррен теңізі  (Mare Tіrreno) – Атлант  мұхиты алабындағы Жерорта  теңізінің бір бөлігі. Апеннин  түбегі мен Сицилия,  Сардиния және Корсика аралдары аралығында орналасқан. Жерорта теңізімен солтүстігінде Корсика, батысында Бонифачо, оңтүстігінде Сардиния, оңтүстік-шығысында Мессина бұғаздары арқылы жалғасады (Сурет 4).

 

 

Сурет 4 – Тиррен теңізі

 

Ауданы 214 мың км2. Тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан, ең терең жері 3830 м. Вавилов су асты жотасында Вулькано жанартауы орналасқан.

Теңіз табаны жаңа тектоникалық қозғалыс әсеріне ұшыраған эпиплатформа, түпкі шөгінділері қарбонаттардан тұрады.

Беткі су температурасы жаз айларында 22-24,5°С, қыста 13-14°С. Тұзд. 37,25-38,25‰. Беткі ағыстары 1 км/сағ. жылдамдықпен сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады.

Тиррен теңізінде Липар, Устика, т.б. аралдар бар. Балық аулау (сардина, тунец, жылан балық, семсер балық, т.б.) дамыған. Басты порттары: Неаполь, Палермо, Кальяри (Италия), Бастия (Франция) [6]. 

2        Жерорта теңіз алабындағы негізгі аралдарға сипаттама

 

2.1    Ибица аралы

 

Ибица мен Форментера – Балеар архипелагының оңтүстігіндегі аралдар (Испания). Олар Жерорта теңізінің батыс бөлігінде орналасқан және сәйкесінше көлемінің үлкендігі бойынша үшінші және төртінші орынды алады. Форметера Ибицадан 11 теңіз мильсындай ара-қашықтықта орналасып, таңқаларлық әсем жағажайға ұқсайды (Сурет 5).

 

 

Сурет 5 – Ибица аралы

 

Ибицаның ауданы шамамен 570 шаршы километрдей, арал ұзындығы 40 километрдей, ені 14 километр болады.

Рельеф. Ибицада екі таулы жота бар. Олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 475 метр болады. Ибица аралының пейзажын миндаль, апельсин, фига, оливка тоғайларымен араласа өскен қарағайлы ормандар толықтырады. Аралдың оңтүстігінде ежелден бері тұз өндіруге арналған алқап бар. Аралдың бұл ауданыЮНЕСКО-ның қоластында. ЮНЕСКО эгидасы теңіз флорасы мен фаунасына жауап береді. Арал жағалауларының ұзындығы 210 шықырым/ Ибица 69 км/ Форментерада құмды бухталар мен көркем жағажайлардың ұзындығы 18 км болады.

Климат. Аралдар Жерорта теңізінің климаттық зонасына жақын болғандықтан, яғни, Африка жағалауларынан 200 км, ал материкті Испаниядан 87 км болғандықтан ауа-райы мұнда тұрақты. Аралда қыс мезгілі жұмсақ болады. Жазда ауа-райы құрғақ болғанмен, желдің үнемі соғуына байнанысты аса ыстық болмайды. Жылдық орташа температура – 17,5 градус Цельсия; бұл көрсеткіш тамыз айында 25,4 градус Цельсияға жетсе, қаңтар айында 11,6 градус Цельсияға жетеді. Жалпы алғанда, ауа-райының құбылып тұруы арал климатына тән, яғни, күн/түн немесе жыл мезгілдеріне байланысты. Бір жыл ішіндегі жауын-шашын мөлшері 350 м болса, шілде мен тамыз айларында 4 мм ғана түседі.

Астанасы. Ибица аралының астанасы - өзіне аттас Ибица қаласы. Ибица аралындағы тұрғындар саны 86000 адам (Форментерада 6000 адам), ал былтырғы жылдың өзінде аралға демалуға келген туристтер саны – 5 000 000- ға жетті. Балеар автономиясында ұзақ өмір сүрушілер өте көп кездеседі.

Ибица аралындағы туризм. Бұл шыныменде бөлек тақырып. Демалуға келетін туристтердің 12% «клаббер» классификациясына түседі. Бұл азаматтар клубтық мәдениеттің нағыз бағалаушылары болып табылады, дұрысырақ айтсақ, қазіргі ғажап әрі сан алуан электронды музыканың (техно, хаус, техно, электро ...) жан сүйерлері. Аралда дүние жүзіндегі ең жақсы би клубтары бары сөзсіз. Олар барлық континенттерді сазды әуенімен жаулап алып, адам миына жағымды әсер етіп, таңқаларлық күшпен тартады. Адамдардың бір-біріне деген бауырмашылығы, өзара теңдігі көрінеді. Мұнда мыңдаған адам бүйірлесіп би толқынына кенелген кезде, қоршаған ортаның барлық шарттары мен шекараларын ұмытып, демалып, көңіл көтереді. Клубтар ондаған мың амадға есептелген ғимарат төбесіне дейін дыбыстын және жарқырауық аппараттардың ең қуаттысымен; бассейндермен, бақтармен және галереялармен, сапалы әрі сан алуан шоу-бағдарламалармен қамсыздандырылған. Аралдада негізнен 7 супер клуб бар. Олардың бағдарламалары күн бе күн ауысып отырады және әр клуб қонақтарға және шоу-бизнес майталмандарына маусым кезінде өз алаңдарын ұсынады. Ибица клубтарының феномені аңызды және әлемнің бұл облыстағы барлық мамандарымен зерттеліп келеді. Клубтардағы адам саны кей күндері өз сыйымдылығынан 2 немесе 3 есе асып кетеді. Арал клубтары тек түнде ғана емес, күндіз де жұмыс істейді. Олардың жұмысы таңғы 6-да да, түс кезінде де, яғни, кезек келген after-party кезінде де жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, үнемі қасыңнан табылатын non-stop мейрамы!

Әлемдегі ең үлкен клубтары: Ең үлкен клуб, әрі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Privilege клубы; Әлемдегі ең стильді – Pacha клубы; Супер Ди-джейлердің арасындағы ең сүйіктісі - Space клубы.

Сан Антонио қаласында орналасқан өте жарық және аталған клубтардан тек 30 метр қашықтақта орналасқан Es Paradise және Eden клубтары солардың қатарында. Арал суперклубтарының санын толықтыратын Amnesia және El Divino деп аталатын кішкентай клубтар толықтырады [7].

 

2.2    Кипр аралы

 

Кипр аралы – Жерорта теңізінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Азия құрлығына жатады. Ауданы 9251 км2. Аңыз бойынша, Кипрде махаббат және сұлулық құдайы Афродита дүниеге келген. Ең биік жері – Олимп тауы, оның биіктігі 1952 м. Кирений және Мезаория тау жүйелері аралығын қыратты жазық алып жатыр.

Жағалаулары ойпатты, тек солтүстік жағалауы тік жарлы, жартасты. Климаты жерортатеңіздік. Қаңтар айының орташа температурасы 12 С0, тамызда 28 С0. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жағалауда 500 мм, таулы жерде 1000 мм. Жауын-шашын қыс айларында түседі. Тау етегінен 500 м биіктікке дейін мәңгі жасыл бұталар, одан жоғары орман өседі.

Кен байлықтары: мыс, темір, хром кентасы, асбест, тұз, гипс. Аралда Кипр мемлекеті орналасқан [8].

Tourism-Review порталының 2010 жылдың аяғында жүргізген зерттеу қорытындысына қарағанда, Кипр аралы әлемдегі ең қауіпсіз ел ретінде танылып отыр (Сурет 6).

 

 

Сурет 6 – Кипр аралы

 

Бұл аралда қылмыс атаулы өте аз болатындықтан, тұрғындар үй-жайларының есігін де жаппайтын көрінеді. Кипрден соңғы екінші орында Дания мемлекеті тұр. Мұнда 100 мың адамға шаққанда 0,88 кісі өлтіру оқиғасы тіркелген. Бұл елде адамдарға жабайы аңдар шабуыл жасамайды және табиғи апаттың орын алу мүмкіндігі де төмен.

Үшінші орында – Ирландия. Мұнда 100 мың адам басына шаққанда 0,88 кісі өлтіру қылмысы тіркеледі.Алғашқы бестікке Жапония мен Люксембург елдері енген. Жапония – Азия халықтарының арасында ұрлық-қарлық ең аз орын алатын мемлекет. Адам басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші бойынша әлемнің озаты ретінде танылған Люксембург тұрғындары өздерін мүлдем қауіпсіз сезінеді. Ал, Исландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сингапур, Швейцария елдері алғашқы ондықтың қатарында. Жаңа Зеландияда ауыр қылмыс мүлдем жасалмайтын көрінеді [9].  

 

2.3    Балеар аралдары

 

Балеар аралдары — Жерорта теңізінің батысындағы Пиреней түбегінен шығысқа қарай 200 км-дей жердегі аралдар тобы (Сурет 7). 

 

 

Сурет 7 – Балеар аралдары

 

Мальорка,  Менорка  аралдарынан және Питиус топаралынан тұрады. Бұл аралдар Испанияның Балеарес  провинциясын құрайды. Ауданы 5 мың км2.

Халқы 690 мың адам (1997). Әкімшілік орталығы — Пальма қаласы. (Мальорка аралында).

Жер бедері үстіртті, аласа таулы келеді. Мальорка аралының солтүстік-батысын абс. биіктігі 1445 м тау жотасы алып жатыр. Менорка аралы үстіртті (абсолютті биіктігі 360 м). 

Климаты жерортатеңіздікі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-600 мм. Балеар аралдарында тікенді бұталар — маквис, гарига, орман ағаштары — тас емен, алепп қарағайы, тырбық пальма, т.б. өседі. Цитрус, зәйтүн, жүзімдіктерінен жақсы өнім алынады. Балеар аралдарында теңіз курорттары және халықаралық туризм орындары бар [10].

 

3        Жерорта теңіз алабындағы негізгі мемлекеттерге сипаттама

 

3.1    Мальта Республикасы

 

Мальта Республикасы  —  Жерорта теңізіндегі  Мальта топаралында  орналасқан мемлекет. Жер аумағы 316 км². Халқы — 390 мың адам (2000). Негізінен мальталықтар  (90%) тұрады. Астанасы —Валлетта  қаласы. Ресми тілдері — мальта, ағылшын  тілдері. Британ Достастығының  құрамындағы ел. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ұлттық мерекесі — 21 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1964). Ақша бірлігі-мальта лирасы  (Сурет 8).

 

 

Сурет 8 – Мальта Республикасы

 

Географиясы. Мальта екі ірі (Мальта, Гоцо) және бірқатар шағын аралдардан тұрады. Климаты жерортатеңіздікі. Жазы ыстық, құрғақ, қысы жұмсақ, жауын-шашынды, орташа температурасы қаңтарда 12°С, тамызда 25°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 530 мм. Жер беті суларына тапшылық байқалады. Жерортатеңіздік климатына тән ксерофитті бұталы өсімдіктер басым.

Тарихы. Мальта аумағын б.з.б. 13 ғасырда финикиялықтар мекендеген. Б.з.б. 8-7 ғасырларда Мальтаға карфагендіктер еніп, б.з.б. 6 ғасырда оны толық бағындырды. Б.з.б. 218 жылы аралды римдіктер басып алды. 395 — 870 жылы Мальта Византияның қол астында болды. 870 — 1091 жылы араб үстемдігі халықтың шаруашылық өміріне, мәдениеті мен тіліне үлкен әсер етті. 1092 жылы аралды нормандар жаулап алып, Сицилияға қосты. 1530 жылы Мальтада иоаншылдар ордені бекітіліп, кейіннен Мальта ордені деп аталды. 16 ғасырда түрік әскерлері оларға әлденеше рет шабуыл жасады. 1798 жылы Мальтаны Франция, 1800 жылы Ұлыбритания басып алып, әскери-теңіз базасын орналастырды. 1921 жылы ағылшындар арал тұрғындарына өзін-өзі басқару құқын берді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мальтада ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. 1947 жылы конституциясы қабылданды. 1958 жылы ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс өріс алып, аралда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін 1947 жылғы конституцияның күші жойылды. 1953 жылы мұндаНАТО-ның Оңтүстік Еуропа аймағындағы біріккен әскери-теңіз күштерінің штабы орналасты. 1962 жылы Ұлыбритания Мальтаға өзін-өзі басқару құқын қайта берді, ал 1964 жылы ол Британ Достастығының шеңберіндегі тәуелсіз ел деп жарияланды. Сол жылы Мальта БҰҰ-ға мүше болды. 1974 жылы Мальта республикасы болып жарияланды, бірақ британ әскері 1979 жыды ғана аралдан шығарылды. 1987 жылы ел конституциясына Мальтаның ешқандай әскери блоктарға қосылмайтындығы туралы бап енгізілді.

Экономикасы. Мальта экономикасының басты саласы транзиттік-транспорт операцияларын жүргізу және шетелдік туризм. Кеме жасау және жөндеу, тропикалық жемістер мен жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Елде тоқыма киім, аяқ киім тігу, машина жасау және химия саласы дамыған, электрондық аспаптар шығаратын кәсіпорындар бар. Ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқармайды, азық-түлік тауарларының көбі шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Ұлыбритания, т.б. [11].

 

3.2    Кипр Республикасы

 

Кипр Республикасы  – Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген.

Жалпы жер көлемі – 9251 км2. Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Қыбыр түрік республикасында тұрады.

Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Никосия қаласы 1960 ж. қабылданған конституциясы бойынша, Кипр екі этникалық мемлекет құрылымнан тұруға тиісті болды.

Ел президентін аралдың грек тұрғындары, ал вице-президентін түріктер өздері сайлауға міндеттенді. Президент пен вице-президент өздеріне тікелей бағынатын Министрлер Кеңесін құруға құқылы болды. Заң шығарушы органда да екі этникалық топқа жеке-жеке бөлек орындар берілді. Бірақ, екі этникалық топтар арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде, түріктер 1963 жылдың желтоқсан айынан сайлауға қатыспай, 1989 ж. 15 қарашада дербес Солтүстік Қыбыр түрік республикасын құрды (Сурет 9).

 

Сурет 9 – Кипр Республикасы

 

Табиғаты. Кипр Еуропадан Таяу және Орта Шығысқа, Солтүстік-Шығыс Африкаға баратын теңіз және әуе жолдары бойында аса қолайлы аймақта орналасқан. Жері, негізінен, таулы: солтүстік жағалауын Кирения (1023 м) және Карпас (364 м) жоталары алып жатыр. Кипрдің орталық және оңтүстік бөлігін Троодос қыраты алып жатыр. Аралдың ортасында тауаралық Мезаория (200 м) жазығы бар. Климаты субтропиктік және жерортатеңіздік. Жазы ыстық (25-35оС), қысы жылы, жаңбырлы (10-15 оС). Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 300-500 мм, ал таулы аймақтарда 1000-1300 мм. Өзендері шағын, көктемгі жауын суымен тасып отырады. Территориясының 20%-і орман, көбінесе, мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өседі.

Кипр бөлшектенген күйінде қалып отыр, онда 1964 жылдан бастап БҰҰ-ның бейбітшілік сақтаудың тұрақты күштері орналасқан. Кипрдің өнеркәсіптік орталықтарының басым бөлігі түрік аумағында орналасқанмен, әсіресе туризмнің арқасында экономика аралдың оңтүстігінде дамуда. 2000 жылы аралда 2,7 млн-дай адам демалды [12].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.

Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан.

Ибица мен Форментера – олар Жерорта теңізінің батыс бөлігінде орналасқан және сәйкесінше көлемінің үлкендігі бойынша үшінші және төртінші орынды алады. Ибица аралындағы туризм бұл шыныменде бөлек тақырып. Демалуға келетін туристтердің 12% «клаббер» классификациясына түседі. Бұл азаматтар клубтық мәдениеттің нағыз бағалаушылары болып табылады, дұрысырақ айтсақ, қазіргі ғажап әрі сан алуан электронды музыканың (техно, хаус, техно, электро ...) жан сүйерлері. Арал клубтары тек түнде ғана емес, күндіз де жұмыс істейді. Олардың жұмысы таңғы 6-да да, түс кезінде де, яғни, кезек келген after-party кезінде де жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, үнемі қасыңнан табылатын non-stop мейрамы!

Кипр аралы – Жерорта теңізінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Tourism-Review порталының 2010 жылдың аяғында жүргізген зерттеу қорытындысына қарағанда, Кипр аралы әлемдегі ең қауіпсіз ел ретінде танылып отыр. Бұл аралда қылмыс атаулы өте аз болатындықтан, тұрғындар үй-жайларының есігін де жаппайтын көрінеді.

Кипр бөлшектенген күйінде қалып отыр, онда 1964 жылдан бастап БҰҰ-ның бейбітшілік сақтаудың тұрақты күштері орналасқан. Кипрдің өнеркәсіптік орталықтарының басым бөлігі түрік аумағында орналасқанмен, әсіресе туризмнің арқасында экономика аралдың оңтүстігінде дамуда. 2000 жылы аралда 2,7 млн-дай адам демалды.

Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар