Жер-су аттарын аудару
2
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ.......................
І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК...................4
1.1. Топонимика дегеніміз не?...........................
1.2. АҚШ-тың топонимика мәселесі......................
ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ...................
2.1. Америка Құрама Штаттарының тарихы........................
2.2. Американың ірі қалалары мен штаттарының атауының шығу тарихы........................
2.3. АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы........................
ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................
3.1. Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын
салыстыру.....................
3.2. Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.......................
3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне
аударудағы проблемалар...................
3.4. Қазақ тілі топонимикасының өзекті мәселесі......................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛДҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
ПРИЛОЖЕНИЕ....................
КІРІСПЕ
Жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мұрасы. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Америкадағы штаттар, қалалар және өзен-көлдер атауының шығу тарихын зерттеп этностың ұлттық танымымен байланысты концепт ретінде тұжырымдау, сондай-ақ, оның қазақ тіліне аударылуын анықтау. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
Жер-су аттарының шығу тарихының мәні неде болатындығын анықтау.
Америкадағы ірі қалалардың, өзен-көлдердің, штаттардың атауының тарихына қысқаша шолу жасау.
Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі жер-су аттарының шығу тарихын салыстырып зерттеу.
Жер-су аттарының ағылшын тілінен қазақ тіліне берілу ерекшеліктерін көрсету.
Жұмыстың практикалық және теориялық мәні.
Әрбір топоним белгілі бір мағынаға, алуан түрлі қүбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектілерді атайтын жалқы есімдердің ерекше тобына тән. Әрбір географиялық атау тарихи, әрі, оның мағыналық өрісі де кең. Олар замана қүбылысына, өзгерісіне қарай әр түрлі мағлұматқа: түрлі соғыстар, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, халықтардың қарым-қатынасына және т.б. тарихи оқиғаларға бай.
Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек. Сонымен қатар белгілі бір өңірдің топониміне қарап қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі. Жер-су аттарынының шығу тарихын түсіндіріп, есепке алып хаттау, ағылшын тілі мен тарихының сыр-сипатын, халқының этномәдени құбылыстарын зерделеп зерттеу үшін де аса қажетті, өте қымбат бағалы дерек болары сөзсіз.
Ағылшын тілінің қанша уақыттан бергі ғаламдық статусына қарамастан, тіл білімінің топонимика саласында не топонимик ғалымдар тарапынан, не қазақшадан ағылшын тіліне аудару жұмыстары барысында аудармашы-зерттеушілер тарапынан күні бүгінге дейін бұл тілде қазақ атауларын қалай жазу керек деген мәселе назарға ілікпеген. Сол себепті мен бұл тақырыпты өзекті деп санаймын.
І. ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫҢ МӘНІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1.Топонимика дегеніміз не?
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Мысалы:
кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.)
газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.)
географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.)
қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.)
тағы басқа жалқы атаулар жатады.
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.
Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).
Топонимика географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos - орын + опума - есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар. [1, 5]
Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
1.2. АҚШ-тың топонимика мәселесі.
АҚШ аумағы топонимиялық зерттеудің өзекті мәселесі болып табылады. Өйткені, біріншіден, ағылшын тілінің топонимиялық жүйесі жақында ғана, яғни XVIII ғасырда толық қалыптасты. Және оның барлық қалыптасуының кезеңдері жақсы бақылауға алынған және құжаттанған.Екіншіден, топонимиялық тұтастық аумаққа басқа ұлт өкілдерінің кіргізілуі салдарынан болғандықтан, еуропалықтардың меңгеруіне қиындық туғызды. Бұдан әрі, тағы бір себебі, АҚШ-қа миграциялық ағылдар әртүрлі аумақтан келіп тұрды, осы жерде «Топонимикалық үлгі» мен «Топонимикалық талғам» араласып кетті. [2, 54]. Американдық топонимияға әр түрлi тiл салаларының сабақтас материалдары қатысады, соның ішінде бастапқыда ағылшын тілімен байланысты емес, кейінірек тілмен теңестіріліп кететін материалдар болады. Сайып келгенде, американдық топонимияның зерттеуi ағылшын тiлдi ортаға бөгде топонимдардың ену мәселесімен және кеңiрек, тiлдердiң өзара әрекеттесу мәселесімен тығыз байланысты.
Жаңа есімдерді жасаушылар тек қана аумақтың өлшемін ғана емес, сонымен қатар ат шығару өнерін басшылыққа алды: «Жаңа жерлерді зерттеуде біз ең бастысы жер –судың аттарын қоюда үлкен жауаптылықпен қараймыз, оларды асқан тәптіштілікпен, саналы өнермен және маңызды ниетпен таңдауға тырысамыз».
У.Зелинский американдық топонимияның «экзотикасының» пайызы кез келген басқа елмен салыстырғанда анағұрлым жоғары екенін атап көрсетеді. Ол «экзотикамен» атаулардың әртүрлілігін түсіндіргісі келеді, яғни ешқендай байланысы жоқ жердің басқа бұрыштарынан енген (Ангола, Одесса, Пекин, Каир, т.б.); тарихи кітаптардан, көркем әдебиеттен соның ішінде Библиядан енген; және де атаулардың сол тұрған жерінде қасақана қойылған атаулар. (3, 469)
К.Кеглердің мына сөздерін байқамауға болмайды: « .... дәл осылай қысқа мерзім ішінде соншама аз адам атау қойып шыға алмайтын еді, Және біз бұны «экзотиканың анасы» екенін жоққа шығара алмаймыз».
ІІ. АМЕРИКАНЫҢ ТОПОНИМДЕРІ
2.1. Америка Құрама Штаттарының тарихы.
Америка Құрама Штаттары — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар
Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.
16 ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін еуропалықтар Солтүстік Америкаға көшіп келе бастады. Олар осы құрлықтың негізгі халқы – үндістерді аяусыз қырғынға ұшыратты. Тірі қалған үндістер түк шықпайтын тақыр жерлерге – резервацияларға ығыстырылды.
17 ғ. негізінен Ұлыбританиядан көшіп келгендер Атлантика жағалауында өздеріне тұрақ салды – отар деп аталды. 18 ғ. аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет – Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.
Америго Веспуччи - италиялық теңіз саяхатшысы. Оңтүстік Американы, Амазонканы, Венесуэлла шығанағын алғашқы ашқан зерттеушілердің бірі.
1507 жылы картограф Мартин Вальдземюллер Колумб және Веспуччи «төртінші жердің бөлігін» ашқандығын жазып кетті. Бұл континентті Америго Веспуччидің құрметіне Америка деп атады. 1538 жылы бұл қойылған атау Меркатор картасына және Солтүстік Америкаға жайылды. [4, 184]
2.2. Американың ірі қалалары мен штаттары атауының шығу тарихы.
Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады.
Жоғарыда атап кеткеніміздей, Американың жер-су аттары басқа тілден енген, және сонымен қатар зерттеуші саяхатшылар жердің сипатына қарап қойып кеткен аттар сақталып қалған.
Қалалар:
Нью-Йорк - АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол 1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы болып табылады, әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болды, мұнда Джордж Вашингтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, саясат, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Ал қаланың атауының тарихына келер болсақ, 1664 жылы ағылшын кемелері қаланы қаланы қамауға алды, және осы жағдайда губернатор Стейвесанттан еш көмек болмады. Сол кезде, бұл қаланың аман қалуына көп көмегі тиген герцог Йоркский және осы қала сол адамның құрметіне қойылды. [5, 352]
Чикаго — АҚШ-тағы қала тұрғындарының саны бойынша Нью-Йорк және Лос-Анджелестан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Мичиган өзенінің солтүстік батысында орналасқан, Чикагоны шын мәнінде Орта Батыстың астанасы деп атауға болады. Бұдан 150 жыл бұрын Ұлы көлдер мен құнарлы прерийлердің түйіскен жерінде пайда болған бұл қала көптен бері американ индустриясының қуаты мен динамизмінің символы, астық пен малдың басты рыногы болып келеді. Бұл, сонымен қатар, аса ірі қаржы, сауда және мәдениет орталығы, ол АҚШ-тағы ең үлкен көлік жолы торабы. Чикаго субурбандалудың өте жарқын мысалы. Оның агломерациясына ондаған серік қалалар, "жатын" қалалар кіреді.1674 жылы Чикаго қаласының орнында француз иезуиті Жак Маркетт құрған миссионерлік пост болған. «Чикаго» атауы жергілікті үндістердің тілінен алынған «shikaakwa» «жабайы жуа» дегенді білдіретін сөзі. [5, 101]
Лос-Анджелес (Періштелер қаласы) – Калифорния штатының оңтүстгінде орналасқан үлкен қала. Лос-Анджелес – ең ірі дүниежүзілік мәдени, ғылыми және экономикалық орталықтардың бірі. Және қала дүниежүзілік ірі көңіл көтеру (кино, музыка, телевидение) орындарының бірі. Калифорния штатының оңтүстігінде Тынық мұхиты жағасында орналасқан. Штаттың ең үлкен қаласы. Американ фильмдері түгелдей дерлік Лос-Анджелес қаласының жанындағы Голливудта шығады.1781 жылдың 4 қыркүйегінде бұл қала орналасқан жерде Фелипе де Невенің басшылығымен 46 адамнан тұратын испандық коллонистардың посты құрылды. Ол пост El Pueblo de Nuestra Señora la Reina de los Ángeles sobre El Río Porciúncula,яғни періштелер патшайымы Дева Марияның Порсьюнкула өзеніне қоныстануы деп аталды. Осыған орай, қаланың атауы Лос-Анджелес болса керек. [5, 281]
Сан-Франциско - елдің солтүстік бөлігінде орналасқан АҚШ-тың ірі қалаларының бірі. Сан-Франциско әлемдік туристік орталық болып табылады. Өзінің қазіргі заманғы әдемі архитектурасымен, жазғы суық тұмандарымен белгілі. Бұл қаланың атауы католик пірадары Франциско Ассизкидің құрметіне қойылған, және san испан тілінен аударғанда әулие-әнбие дегенді білдіреді. [5, 439]
Хьюстон – Техас штатының ірі қаласы. Қаланың ресми лақап аты «Space city», яғни «ғарыштық қала». Өйткені, бұл жерде Линдон Джонсонның ғарыштық орталығы орналасқан. Қаланың аты Техас революциясы кезіндегі әскердің көшбасшысы болған Сэм Хьюстонның құметіне қойылған. «Хьюстон» сөзі ирланд тілінен аударғанда «төбеге қоныстану» дегенді білдіреді. [5, 229]
Штаттар:
Көптеген есімдер осы жерлерді зерттеген саяхатшылардың, жергілікті үндістердің, испан, француз қоныс аударушыларының тілінен енген.
АҚШ-тың елу штатының атауы көптеген басқа тілдерден енген. Жиырма бес штаттың атауы солтүстікамерикалық үндістер тілінен енген. Ал қалғандары еуропалық тілдерден енген: жетеуі латын тілінен, бесеуі француз тілінен.
Калифорния – солтүстік Американың батысында Тынық мұхитының жағалауында орналасқан штат. Ол көлемі жағынан Аляска мен Техастан кейінгі үшінші орынды иеленеді. «Калифорния» атауын ең алғаш 1542 жылы солтүстік америкалық жағалауды зерттеген испандық зерттеуші Хуан Родригес Кабрильо берді. Мүмкін, Кабрильо бұл жағалауға, 1510 жылы жарық көрген атақты испан романында айтылған «Калифорния» атты жұмақ аралының атын берген болар. Бұл жердің керемет ауа-райы және гүлденген табиғаты, сонымен қатар табылған алтындарға бола, Калифорнияны дәстүрлі түрде «Алтын штат» деп атайды. [5, 85]
Алабама – Американың оңтүстігіндегі штат. Бұл штат Алабама өзенінің атына қойылған. «Алабама» сөзі Чокто тайпасының alba – өсімдік, amo – жинаушы деген екі сөзінен құралған. Чокто үндістері жерді де, өзенді де осылай атады. Сонымен қатар бұл штатты «Yellowhammer State» деп атайды. Бұлай аталу себебі, Ұлы Отан соғысы кезінде бұл конфедерацияның солдаттары киімдеріне алтын түсті тоқылдаққа ұқсас жамаулар тіккен. Бұл құс Алабама штатының символы болып табылады.[5, 23]
Флорида – Американың оңтүстік-шығысында орналасқан штат. «Гүлдердің отаны» дегенді білдіретін «Ла Флорида» атауын испандық зерттеуші Хуан Понсе де Леон 1513 жылы алғаш бұл жерге келгеннен кейін берген. Ол бұл атты таңдау себебі, түрлі-түсті жерді безендіріп тұрған өсімдіктердің әртүрлілігіне бола қойса керек. Штаттың екінші атауы «Күн штаты» Флориданың маңызды табиғи ресурсы екендігін көрсетеді. [5, 178]
Коннектикут – Ертеректе «Жаңа Англия» деп аталған, Американың солтүстік-шығыс аумағында орналасқан алты штаттың бірі. Яғни Жаңа Англиялық штаттарға Вермонт, Нью-Хемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд және Мейн жатады. «Кoннектикут» үндінің «ұзын, суы мол өзен»дегенді білдіретін «Quinnehtukqut» деген сөзінен алынған болар. Және де 1959 жылдан бастап бұл штат «Конституция штаты» деп те аталады. [5, 122]
Аляска – ең үлкен штат. Алясканың жері 1867 жылы штаттар құрамына кірді. Ресей империясы бұл жерді америкалықтарға сатып жіберді. «Аляска» сөзі түбектiң атауы бойынша, алеутше «үлкен жер» дегенді бiлдiредi. [5,25]
Аризона – АҚШ-тың оңтүстік батысында орналасқан штат. Аризона штаты 1912 жылы ғана штаттар құрамына кірді. Сол себепті, штат ең жас штат болып саналады. Үндіс тайпаларының тілінен аударғанда «кілт, қайнар көз» деген мағынаны білдіреді. [5, 37]
Айдахо – Американың батыс бөлігінде орналасқан штат. Үндістердің тілінен аударғанда «Тау маржандары» деген мағынаны білдіреді. [5, 234 ]
Айова - үндi тайпаларының атауы.[5, 244]
Арканзас – оңтүстік-батыстық орталық штаттарының бірі. Арканзас табиғи ресурстарға бай. «Арканзас» атауы француз қоныс аударушыларының тілінен енген.[5,38]
Вайоминг – батыс Америкадағы штат. «Құбылмалы таулар және алқаптар» деген мағына береді. [5, 564]
Вашингтон – Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне қойылған. [5, 541]
Вермонт - французша «жасыл тау»[5, 530]
Виргиния, Батыс Виргиния – королева І Елизаветаның құрметіне қойылған. [5. 533, 550]
Гавайи - полинезиялық лашықтардың атауы. [5, 216]
Делавэр – индустриялдық штат. Бұл штат 1775-1783 жылғы Америкалық Революция кезінде басты рөл атқарды. Штаттың аты губернатор лорд Де Ла Вэрраның атына қойылды.[5, 143]
Джорджия - ағылшын королі І Георгтің құрметіне қойылған. [5, 195]
Индиана - штатта үндістер тығыз орналасқандықтан қойылған. [5, 238]
Кентукки – үнді тілінен «ертеңгі мемлекет» [5, 261]
Колорадо – штат жыралы тау (Rocky Mountain) табиғи ландшафтымен әйгілі. Осыған орай, штат жазғы туризмнің орталығы балып саналады. «Колорадо» өзен атына қойылған, испан тілінен аударғанда «түрлі-түсті, қызыл, қызылырақ». [5, 116]
Массачусетс – үнді тілінен «үлкен таудағы кiшкентай орын» дегенді білдіреді. [5, 299]
Миннесота – үндi тілінде «аспандай көгiлдiр су» [5, 317]
Миссисипи – үндіше «Дария» дегенді білдіреді. [5, 316]
Мичиган - үндiше «ұлы су». [5, 310]
Монтана – испан тілінен аударғанда «таулы мемлекет». [5 324]
Мэриленд – ағылшын патшайымы король І Карлдың жұбайы Марияның құрметіне қойылған. [5, 297]
Небраска – үнді өзенінің атына қойылған. [5, 340]
Невада – испан тілінде «қар басқан». [5, 342]
Нью-гемпшир – ағылшынның Гемпшир графтығының атына қойылған. [5, 344]
Нью –Джерси – Джерси аралының атынан шыққан. [5, 346]
Нью – Мексико – ацтек тілінен аударғанда «соғыс құдайы». [5, 348]
Род – Айленд - нидерландтық «roodt eylandt» (бұрынғы емледе) «Қызыл арал» деген мағынада. [5, 420б]
Солтүстiк Каролина, Оңтүстiк Каролина – ағылшын королі І Карлдың құрметіне қойылған. [5. 359, 471]
Техас - үндi тілінен «достар, одақтастар» деп аударылады.[5, 502]
Юта - үндi тайпасының атауы. [5, 526]
2.3. АҚШ-тағы су, өзен-көл аттарының шығу тарихы.
Біз топонимдерге қалалар атауымен қоса өзен-көлдердің атуын да жатқызамыз.
Гурон – Канада мен Ақш-та орналасқан өзен. Солтүстікамерикалық атақты өзендердің бірі. Бұл өзеннің атауы ертеде осы жерде өмір сүрген үндіс тайпаларының аты. Бұл өзеннің басқа зендерден айырмашылығы Бұл өзенде Манитулин аралы орналасқан. [5, 233]
Ниагара – Солтүстік Америкадағы өзен. «Ниагара» атауы үндістердің «тарсылдайтын су» дегенді білдіретін «Onuguiaahra» сөзінен шыққан. Бұл өзен сарқырамасының шулы дауысы бірнеше километрге дейін естіледі. [5, 357]
Миссури – Америкадағы өзен. Жергілікті үндістердің сөзі қазақша аударғанда «лас өзен» дегенді білдіреді. [5, 322]
Миссисипи – АҚШ-тағы өзен. Дүниежүзілік ең ірі өзендердің бірі. Оджибве тілінің «үлкен өзен» дегенді білдіретін misi-ziibi деген сөзінен шыққан. [5, 320]
Техас штатының территориясында Рио-Гранде өзенінен басқа Ред-Ривер өзені, Тринити өзені, Бразос өзені және Колорадо өзені бар. Бұлардың барлығы — ірі өзендер. Штаттың орталығы мен батысында маусымдарға байланысты тартылып қалатын өзендер де кездеседі.
ІІІ. ЖЕР-СУ АТТАРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ
АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Қазақстан мен АҚШ-тағы жер-су аттарының мағынасын салыстыру
Географиялық атаулар - материктер, мұхиттер, теңiздер, ағымдар, өзендер, көлдер, аралдар, құмдар, қалалар, ауылдар, көшелер және тағы басқалары. Географиялық атаулардың шығу тарихы әр елде әртүрлі. Соған сәйкес қазақ тілі мен ағылшын тілінің географиялық атауларының мәні әрқилы. Америкаға үнді, француз, испан тілдерінен енген болса, бізге көбіне қырғыз, монғол, қалмақ тағы басқы түркі тектес тілдерден енген. Мысалы,
Созақ – Шымкент облысындағы аудан және ауыл аты, Тарихи деректерде Қазақстанның оңтүстігінде орта ғасырларда осы аттас қала болғандығы туралы мәлімет бар. «Созақ» сөзі көне түркі тілінде «елді жер, халық орналасқан мекен» деген мағынаны білдіреді.[6, 47]
Тараз – Жамбыл облысында орналасқан қала. Араб тіліндегі «тараз» дыбыстық құрамдағы сөз қазақ тілінде, біріншіден, «кебу; тобарсу», екіншіден, «қатты» мағыналарына меңзейді. Парсы тілінің дерегінде «тараз» және «тэраз» тұлғалы сөздер басқа да ұғымдармен бірге біздегі «жазық, тегіс» түсініктерін береді. [6, 51]
Сонымен қатар, Америкадағы жер-су аттары мен Қазақстандағы жер-су аттарының шығу тарихының ұқсастықтары да бар. Олардың ішіне атақты адамдардың құрметіне қойылған жерлердің атауын жатқызуға болады. Мысалға, Вашингтон қаласы,Оңсүстік Каролина штаты, Абай ауылы, Жамбыл облысы.
3.2. Топонимдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда қолданылатын әдістер.
Жер-су аттарын аудару кезінде екі түрлі қарама-қарсы әдіс қолданылады: транскрипция және транслитерация. Транскрипция мен транслитерация өзара туыс ұғымдар болса да транслитерацияны кестедегі орнынан қозғай алмаймыз, себебі транслитерация барысында тілдің орфографиялық ерекшеліктері есепке алына отырып, өзге тілдің сөздері белгілі бір әліпбидің көмегімен, ал әліпбидің шамасы жетпеген тұста үстеме таңбалардың қолданылуы арқылы жазылатын болғандықтан, бұл үстеме таңбалар шартты код есебінде жүреді. Оларды не жаттап алып, не ережеге қарап пайдалануға тура келеді. Мұны уәж деп, уәждемелі (не болмаса уәжді) принциптер қатарына «сүйрей» алмаймыз, транслитерация орнында қалады.
Осылайша, жұмысымыздың негізгі екі терминінің бірі – транскрипция уәждемелі, екінші бірі – транслитерация уәждемесіз принциптер қатарынан болып анықталды.
Географиялық карталарда көрстеілгендей жер-су атаулары да осы тенденцияны ұстанады. Осыған байланысты, картадағы кейбір атаулар өзгерді. Мысалға, Гринвичтің орнына – Гринич, Вульвичтің орнына – Вулич, Норвичтің орнына – Норидж.
Кейбір географиялық атаулар калькаланады, яғни бөлік бойынша аударылады. Мысалы, Laurence River – Лаврентия өзені, New South Wales – Жаңа Оңтүстік Уэльс. Бұл калькалардың көбісі бұрын шыққан сөздерде болады.
Сонымен қатар, Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда географиялық атауларды біз өз отанында қалай айтылса солай атауымыз керек. Мысалға, Munich — Мюнхен, Leghorn — Ливорно, Nuremberg — Нюрнберг, Venice — Венеция.
3.3. Қазіргі заманғы географиялық атауларды қазақ тіліне
аударудағы өзекті проблемалар.
«Орфография собственных имен» атты кітапта жарияланған «Правописание географических названий» деген мақала авторлары Г.П. Бандарук және С.А. Тюриннің «Все географические названия как русские, так и иноязычные транскрибированные должны писаться в соответсвии с действующими правилами орфографии русского языка» [10, 11] деген пікірі де біздің транскрипциялық принципті уәждемелілер қатарына қосу көзқарасымызға қолдау болмаса, кері келмейді. Мұндағы «русского языка» дегеннің орнына транскрипциялау мүмкіндігі бар тілдердің барлығын алуға болады.
Қазақ халқының ұзақ уақыт Ресеймен тарихтас болғандығының өзіндік із қалдыруы заңдылық делік. Одан „қалған ізден“ қазақ тілін тазарту мүмкіндіктерінің қарастырылып жатуы тағы – заңдылық. Дегенмен, жетпіс жылдық үлкен тарихтың „ізінен“ түгел арылу оңай емес, кей тұстарда мүмкін емес сияқты көрінеді. Соңғы уақытта Москваны Мәскеу деп, Европаны Еуропа деп өзгерткеніміз атаулардың ағылшын тіліндегі [`moskqu], ['juqrqp] болып дыбысталуына жақын келеді. Кей мамандардың орыс тіліндегі нұсқалардың сақталуын жақтайтындығына қарамастан, кейде экзонимдер табиғи «эволюциялық» жолмен өзгеріске ұшырап жатады. Мәселен, Бейжиң деген ҚХР астанасын Пекин деп түпнұсқасына тіптен жанаспайтын орысша жазылуынан айны қатесіз көшіріп алудың қисыны жоқ екенін ұққан қазіргі журналистер арасында бұл топонимді Бейжиң деп айту да, жазу да белең беріп келе жатыр. Анығында, бұл – тәуелсіз мемлекеттің тілінің де осылайша тәуелсіз болып қалыптасқаны жөн екендігінен белгі.
Германия, Греция, Франция, Париж, Италия, т.с.с. ғаламдық топонимдер ['GWmqnI], [grJs], ['frRns] (американша ['frxns]), ['pxrIs], ['itqli] яғни, Джөміни, Гриис, Франс (немесе американша Фрәнс деп), Пәрис, Итәли болып ағылшынша айтылуына ұқсас аламыз ба? Не болмаса, әр тілдің өзінде қалай аталатынына қарай, мәселен, француздардың өздерінің айтуынша Францияны Фғаңс, Парижді Пағи деп атаған жөн бе? Бұ еліміздің өзекті проблемасы болып табылады. Мәселен, түрік, өзбек тілдеріндегі Ингліс тілі деген сөз English дегенге өте жақын алынған.

- Жер учаскелерінің кадастрлық құнын есептеу
- Жесткие диски
- Жесткие диски(HDD)
- Жесткие магнитные диски
- Жесткие, особо жесткие и гибкие конституции
- «Жесткие» переговорные технологии
- Жесткие» переговорные технологии
- Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы
- Жермен жасалатын мәміле
- Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар
- Жер өндіру жұмыстары
- Жер рентасы
- Жер салығының мәні
- Жер сілкінісі