Жермен жасалатын мәміле
Мазмұны
Кіріспе....................... .............................. .............................. ...............3
І. тарау
1.1Өкілдіктің түсінігі .............................. ...........................4- 11
II.тарау
2.1 Өкілдіктің түрлері....................... .............................. ..12-17
2.2 Заңды өкілдік.......................
2.3 Шартты өкілдік.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы терең, саяси, әлеуметтік, құқықтық және экономикалық қайта құруды жүзеге асырып, нарықтық қатынастарға өтуі Конституциялық құрылыстың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғаушысын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті үздіксіз нығайтуды талап етеді. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту азаматтық іс жүргізудегі өкілдік сияқты азаматтық құқықтың маңызды институттарын жан-жақты қарастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде өкілдік ұғымы және сотта өкілдік етудің негізгі қағидалары белгіленген.
Өкілдік
(ағылшынша representation) деп басқа адамның
атынан басқа адамның (өкілдің) сенімхатқа,
заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік
құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен
жасаған мәмілесін айтамыз. Бұл мәміле
өкілдік берушінің азаматтық құқықтары
мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді
жєне тоқтатады. Өкілдік тәжірибеде азаматтық
іс жүргізу құқығын жүзеге асыру институттарының
бірі болып табылады. Ежелгі Римде тапсырма
шарты бір тұлғаның (сенім білдіруші, мандант)
тапсырма беруімен, ал басқа тұлғаның
(сенім білдірілген тұлға, мандатарий)
қандай да бір іс-әрекеттерді орындауымен
сипатталды. Тапсырма пәні заңды іс-әрекеттер
(іс жүргізу әрекеттерін орындау, шарт
жасасу), сонымен бірге іс жүзіндегі қызметтер
де (киім тазалау, т.б. ) болуы мүмкін. Соның
ішінде курстық жұмысы
ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық
Кодексі. Жалпы бөлім, ҚР Азаматтық
Кодексі. Ерекше бөлім, ҚР Азаматтық
іс жүргізу Кодексі, ҚР сақтандыру
қызметі туралы заңдарын және
Қазақстан Республикасының Президентінің
заң күші бар Жарлықтарын,
Ресей ғалымдары Басин Ю.Г., Диденко
А.Г., Маслеева А.И., Гришаева
С.П., Шакарян М., Суханов Е.А., отандық
ғалымдар Төлеуғалиев Ғ., Ынтымақов
Б.С., Жайлин Г.А., т.б. ғалымдардың
еңбектерін басшылыққа ала отырып,
салыстырмалы түрде талдау жасай
отырып жазылды.
І.бөлім.
1.1 Өкілдіктің түсінігі
Жалпы ереже бойынша азаматтық құқық субъектілері мүліктік қатынастарға өкілдердің қатысуынсыз қатысуға мүмкіндіктері бар, бірақ өкілдік институты азаматтық құқықтық қатынастарда кеңінен қолданылады.
Өкілдікке қажеттілік өкілдік беруші тұлға өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын жағдайда, мысалы, заң бойынша әрекет қабілеттілігінің болмауы кедергі келтірсе, немесе басқа да өмірлік маңызы бар нақты мән-жайларда туындайды. Сондай-ақ өкілдік қызметін өкілдің арнайы білімін немесе тәжірибесін пайдалану үшін де қолдануға болады.
Өкілдік
деп басқа адамның атынан басқа
адамның сенімхатқа, заңдарға, сот
шешіміне немесе әкімшілік құжатқа
негізделген өкілеттігі күшімен
жасаған мәмілесін айтамыз. Бұл
мәміле өкілдік берушінің азаматтық
құқықтары мен міндеттерін
Іс-әрекеттерінің барлығын өкіл арқылы жүзеге асыруға рұқсат етілмейді. Заң бойынша кейбір іс-әрекеттер үшін тұлғаның өзі қатысуы керек жағдайлар да кездеседі. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат етіледі. Мысалы, өсиет қалдыру мәселесінде өкілдік болмайды, себебі, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан - өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы не заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады2.
Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жақ – азамат немесе заңды тұлға бола алады. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқықтық қатынастарының белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкіл ретінде қызмет атқаратын тұлға үшін арнайы уәкілеттіксіз немесе оларды шегінен тыс асыра пайдалану жолымен қызмет ету күрделі заңды салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер өкілдік беруші берілген мәмілені құптамаса, бұл мәміле оны жасаған тұлға атынан және соның мүддесі үшін жасалған деп саналады. Сондықтан бұл мәміленің орындалмауы немесе тиісті орындалмауына бақылау агентінің алдындағы тікелей жауаптылық осы мәміле нәтижесіне мүдделі тұлғаға жүктеледі.
Өкілеттіктің туындауының негізі заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады; өкілетті органның кесімі – тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін кесім. Мысалы, өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін.
Субъектілер – кез келген құқықтың ажырамас бөліктері. Субъектісіз құқық қолдану ғана емес, құқықты реттеу және жүзеге асыру процесінің өзі де мүмкін емес. Өкілдікке қатысты үш субъектіні атап айтуға болады - өкілдік беруші, өкіл және өкілдік берушіде өкілдің іс-әрекеттерімен байланысты құқықтық байланыс туындайтын үшінші тұлға3.
Өкілдік беруші - өкілге сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген белгілі бір заңмен көзделген іс-єрекеттерді жасауға өкілеттік беруші тұлға.
Өкіл - өкілдік берушінің атынан сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген іс-әрекеттерді жасайтын тұлға.
Әрекет қабілеттілігі жағдайынан тәуелсіз азаматтық құқықтың кез келген субъектісі яғни жеке және заңды тұлғалар өкілдік беруші субъектісі бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Кез келген тұлға өкіл бола алмайды. Толық әрекет қабілеттілігі бар 16 жасқа толған азаматтар ғана өкіл бола алады.
Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Өкілдік беруші өкілдің көмегімен азаматтық құқықтық шарт немесе басқа да заңды іс-әрекет жасайтын үшінші тұлға ретінде де азаматтық құқықтың кез келген субъектісі азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алады. Заң өкілге өкілдік берушінің атынан жеке өзіне қатысты, сондай-ақ бір уақытта өзі өкіл болып табылатын басқа тұлғаға қатысты, коммерциялық өкілдік жағдайларын қоспағанда, шарт жасасуға тыйым салады. Мысалы, өкіл өкілдік беруші өзіне сатуға берілген мүлікті сатып ала алмайды.
Өкілдік бойынша қатынастар туындау үшін жоғарыда аталған үш тараптың бірлескен және келісілген еркі талап етіледі:
өкіл - өкілдік беруші ретінде құқықтар мен міндеттерді анықтау үшін;
үшінші тұлға - өкілдік берушімен қатынасқа түсу үшін;
өкілдік беруші - өкіл арқылы шарт жасауға іс жүргізудің қандай да болмасын сатысында өз келісімін беру үшін.
Өкілдік беруші мен өкіл арасындағы құқықтық қатынас ішкі қатынас деп аталады, ал өкіл мен үшінші тұлға арасындағы қатынас өкілдік бойынша сыртқы қатынасқа жатады жєне өкілдік бойынша уәкілеттікті жүзеге асыру болып табылады. Бір тарабы өкіл болып танылатын шарт бойынша өкілдік беруші тұлға құқықтар мен міндеттер субъектісі болып танылады, үшінші тұлға үшін өкіл тұлғасының айтарлықтай маңызы жоқ, себебі үшінші тұлға өкілдік берушімен өкіл арқылы ғана байланысқа түседі. Өкіл шарты – өкілдік беруші мен үшінші тұлға белсенді және пәс субъектілері болып танылатын қатынас тудыратын заңды факт. Бұл жағдайда өкіл өкілдік көмегімен анықталатын қатынастан тыс қалады және ешқандай құқықтар мен міндеттер иеленбейді.
Жалпы өкілеттік деп өкілге жасауға рұқсат етілген шарттар шеңбері танылады. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, ол өкілдік беруші атынан құқықтық қатынасқа түсетін басқа да тұлғалар үшін міндетті. Сондықтан өкілдің өкілеттіктері үшінші тұлғаларға таныстырылуға және тексеруге жататын әдістермен бекітілуі тиіс. Өкілдің өкілеттіктері өкілдік негізделген заңды факт мазмұнынан туындайды. Заңды тұлғаның филиалының басшысын тағайындауға арналған өкілдік барысында заң талабы бойынша өкіл функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат беру қажет. Оқиғаға немесе сот шешіміне негізделген өкілдік бойынша өкілдің уәкілеттігі заңда көзделген нормалардан туындайды. Мысалы, баланың дүниеге келу оқиғасынан өкілдік туындауы барысында өкілдердің – ата-аналардың өкілеттіктері жасы 14-ке дейінгі кәмелетке толмағандармен шарт жасасу тәртібін қарастыратын Азаматтық кодекстің 23-бабының нормасынан туындайды. Сот шешімі бойынша азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану барысында өкілдің өкілеттігі әрекетке қабілетсіз тұлғалармен шарт жасасу тәртібін қарастыратын Азаматтық кодекстің 26-бабынан туындайды.
Мәміле шартынан өкілдік пайда болған жағдайда өкілдің уәкілеттіктері сол бойынша бекітіледі. Осыған сәйкес тапсырма шарты немесе коммерциялық өкілдік шартын бекіту барысында өкілдің уәкілеттіктері шартта немесе сенімхатта көрсетіледі.
Өкілеттік,
сондай-ақ, өкілдік беруші ұсынған
өкіл қатысатын мән-жайлардан
Өкілдік беруші құқықтар мен міндеттер субъектісі болып табылатындықтан, одан жалпы азаматтық құқық қабілеттілік талап етіледі. Құқық қабілеттілік құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеті болып табылады4. Азаматтың құқық қабілеттілігі Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті, яғни азаматтық құқық қабілеттілік барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды5.
Белгілі бір заңды немесе жарғылық шектеулердің салдарынан мәміле жасасуға құқығы жоқ заңды тұлғаның өкілдік етуі арқылы жасалған мәмілелерге жол берілмейді. Мысалы, мемлекеттік мекеменің жеке өзі немесе өкіл арқылы мекеменің негізгі фондына жататын мүлікке қатысты шарт жасасуға құқығы жоқ. Егер өкілдік берушінің белгілі бір шарт бойынша заңмен белгіленген немесе азаматтық құқықтық қатынас субъектілеріне берілген қажетті құқық қабілеттілігі туралы ереже сақталмайтын болса, өкіл жасаған шарт жарамсыз болып табылады жєне өкілдік беруші мен үшінші тұлға үшін заңды құқықтық қатынас тудырмайды. Мысалы, өкілдік беруші шет ел азаматы болып табылса, ауылшаруашылығы үшін маңызды жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шарттың заңды күші жоқ, өкілдік берушінің азаматтығының бұл жағдайда маңызы болмайды. Сондай-ақ банктер мен сақтандыру ұйымдары өкіл арқылы жасаған жєне материалдық құндылықтар саудасын жүзеге асыруға бағытталған шарттар, егер бұл шарттарды жасасуға аталѓан ұйымдар үшін тыйым салынса, жарамсыз деп танылады6.
Өкілдік бойынша сыртқы қатынастың өкілдік үшін, атап айтқанда өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесінде маңызы бар. Шарт жасай отырып, өкіл өкілдік беруші атынан және берілген уәкілеттіктер шегінде өз еркін білдіреді. Сондықтан өкіл арқылы жасалған шарт қорытындысын зерттеу барысында, мысалы, өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасындағы даулы мәселе бойынша өкілдік берушінің емес, өкілдің еркі ескерілуі қажет. Мысалы, сатып алу сату шартын жасау барысында өкілге сатушы сатып алу сату пәнінің жетіспеушіліктері туралы ескертпеуі мүмкін, бұл жағдай жасалған шарт нәтижесіне ықпал етеді, өкілдік берушіге зиянды өндіріп алу, сатып алу бағасын азайтуды талап ету жөнінде құқық береді.
Өкілден өз еркін білдіру талап етілгендіктен жалпы азаматтық құқық қабілеттілігіне ие тұлға өкіл бола алады. Заң бойынша шарт жасасуға тыйым салынбаған тұлғалар өкіл бола алатындықтан, әрекет қабілеттілігінің жоқтығы сотпен танылған адамдар өкіл ретінде азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алмайды.
Сонымен заң тұрғысынан алғанда жалпы өкілеттік ретінде өкілге жасауға рұқсат етілген шарттар шеңбері танылады. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, ол өкілдік беруші атынан құқықтық қатынасқа түсетін басќа да тұлғалар үшін міндетті7. Сондықтан өкілдің өкілеттіктері үшінші тұлғаларға таныстырылуға және тексеруге жататын әдістермен бекітілуі тиіс.
Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.
Ұйымдардың
ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құықтық
кесімдермен немесе құрылтай құжаттарымен
берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет
жасайтын олардың органдары және тиісті
өкілеттіктер берілген олардың өкілдері
жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары
сотқа олардың қызметтік жағдайларын
немесе өкілеттіктерін куәландыратын
құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы
тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен
бірге іске қатыса алады.
Өкілдік
түрлері азаматтық
- заңға негізделген өкілдік;
- әкімшілік құжатқа негізделген өкілдік;
- шартқа негізделген өкілдік;
- коммерциялық өкілдік деп бөліп қарауға болады.
Әкімшілік құжатқа негізделген өкілдік дегеніміз - өкілдің өкілдік берушінің атынан оның әкімшілік өкімінің нәтижесінде қызмет атқаруға міндет алуы. Бұл көбіне-көп егер заңды тұлға белгілі бір өкілдік функцияларды жүзеге асырумен байланысты лауазымға қызметкерді тағайындау туралы бұйрық шығарған жағдайларда орын алады. Мысалы, сотта өкілдік ету, мәмілелер жасасу, заң кесімдерін құру. Бұл жағдайда өкілдің уәкілеттіктері әкімшілік кесіммен анықталады немесе қызметкердің лауазымдық нұсқауынан немесе өкілдің қызмет ету аясынан туындайды. Сонымен қатар өкілдіктің осы түріне кооперативтік не қоғамдық ұйымдарға мүше болудан туындайтын өкілдіктерді де жатқызуға болады.
Құқықтық реттеу ерекшеліктері бар ерікті өкілдіктің бір түрі – коммерциялық өкілдік. Коммерциялық өкілдік туралы шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды. Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда – сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдіктің айырмашылығы өкілдікке қатысушы ерекше субъект – коммерциялық өкілге байланысты. Коммерциялық өкіл деп өкілдік берушімен еңбек қатынастарына түспейтін кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызмет саласынла шарт жасасу барысында үнемі және жеке ұсынатын, өкілдік берушімен жасасқан жазбаша шарт негізінде қызмет ететін, өз қызметі үшін сыйақы алатын, берілген тапсырманы кәсіпкердің ыждағаттылғымен орындайтын тұлға танылады9. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің бір саласы болып табылады. Өкілдік беруші үшін коммерциялық өкіл бөтен тұлға болып саналады.
Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және басқа тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан өкілдік - заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субъект болады, басқа тұлғаны іске қатыстырмайды.
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі – басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкілдіктің тағы бір ерекшелігі – ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті. Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілгн тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Коммерциялық өкілдік қарым-қатынастарын пайдалану бойынша міндетті шарттарға мыналар жатады:
- Тараптардың бір мезгілдік коммерциялық өкілдікке келісім білдіруі. Бұл ережеден ауытқу тек заңда көзделген жағдайларда мүмкін болады.
- Коммерциялық өкіл бір мезгілдік өкілдікке құқықтарды көздейтін тікелей белгіленген уәкілеттітерге ие бола алады. Бұл уәкілеттіктер болашақта жасалатын мәміле тараптары коммерциялық өкілмен жасайтын жазбаша шартта қамтылуы мүмкін.
Заңды тұлғалармен қатар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар да коммерциялық өкіл бола алады. Коммерциялық өкілдерге мысалға, кәсіпкерлердің атынан және оның тапсырмасымен ұзақ мерзімді шарт негізінде қор биржасында мәмілені жүзеге асыру бойынша құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, шарт бойынша клиенттің құнды қағаз пакетіне билік етуді жүзеге асыратын брокерлер, шарт негізінде сенім білдірушінің атынан оның мүлкі мен ақша қаражаттарына билік етуді жүзеге асыратын сенімді басқарушылар жатады.
Коммерциялық өкіл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады, сондықтан оған кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелерді уақытынан бұрын орындау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында міндеттемелерді орындамау мен тиісінше орындамауға байланысты жауаптылық туралы заңдылықтарда, соның ішінде Азаматтық кодекс баптарында қарастырылған кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері тән.
Коммерциялық өкілге ақы төлеу, тапсырманы орындау барысында келтірілген шығындарды өндіріп алу тәртібі мен көлемі тараптардың келісімімен анықталады10.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша берілген тапсырманы орындау барысында коммерциялық өкілге мәлім болған сауда шарты туралы мәліметтер коммерциялық (кєсіпкерлік) құпия болып есептеледі. Бұл норма заңдылықтарда коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізімін анықтау мүмкіндігін қарастыратын коммерциялық құпия туралы заңдылықтардың ережесі болып табылады. Коммерциялық өкіл мұндай мәліметтерді тапсырманы орындау барысында, сондай-ақ тапсырма орындалғаннан кейін де құпия сақтауы тиіс. Құпияны сақтау туралы талаптың орындалмауы коммерциялық құпияны жария етумен байланысты шығындарды өндіріп алу түріндегі коммерциялық өкіл жауаптылығының негізі болып табылады.
1995
жылы 7-сәуірде қабылданған
Коммерциялық өкілдік қатынастарын қолдану бойынша міндетті талаптарға төмендегілер жатады:
1. тараптар
коммерциялық өкілдікке бір
- коммерциялық өкіл бір уақыттағы өкілдікке оның құқықтарын қарастыратын тікелей өкілеттіктерді иелене алады. Мұндай өкілеттіктер шарттың екі тарабы коммерциялық өкілмен жасаған жазбаша келісімде немесе әрқайсысына берілген сенімхатта қамтылуы мүмкін.
Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді:
- Меншікті өкілдік
- Сыртқы тұлға атқаратын өкілдік.
Меншікті өкілдік – заңды тұлғалардың өз құрамынан өкіл тағайындалып, сол арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру, міндеттерін орындау кезінде сол ұйымның атынан басқа субъектілермен қатынасқа түсуі. Сонымен қатар меншікті өкілдік, мәселен, заңды тұлғаныњ өз есебінен қосымша құрылымдар ашу арқылы ұйымдастырылады. Бұған жататын құрылымдар: филиалдар, өкілдіктер, еншілес шаруашылық серіктестіктері.
Кәсіпкерлік қызметтің басқа салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңдылықтармен реттеледі. Мысалы,банк заңдарында сенім операцияларының, бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарда бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері қарастырылады.
Өкілдікті сырттай ұқсас, бірақ азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының әрекеттерін басқа заң тұрғысынан реттейтін қатынастардан айыра білу қажет. Өкілдіктің делдал мен елшіліктен айырмашылықтары бар. Өкіл өкілдік берушінің атынан әрекет етсе де, мәміле жасасуда және басқа да заңды іс-әрекеттер жасауда өзінің еркін білдіреді. Өкілдіктің елшіліктен айырмашылығы ол бойынша бір тұлғаға екінші тұлғаныњ еркі жеткізіледі, бірақ өзінің жеке еркін білдірмейді. Бұдан біз елшінің әрекет қабілеттілігі болмауы мүмкін екенін көреміз.
Делдал да өкілдік сияқты ерікті түрде заңды іс-єрекеттер жасайды. Делдал – мәміле жасауды шарт негізінде өз клиенттерінің мүддесі үшін және соның себебінен өз атынан әрі өз клиентінің атынан белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыратын және сол үшін белгілі бір сый-ақы алатын тұлға. Бірақ оның әрекеті тек тараптар арасында шарт жасалуына ғана негіз болғанымен өзге де тараптарды заңды негізде байланыстырмайды. Делдал қажетті затты табады, әрбір тараппен жеке шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізе алады, бірақ оның болашақ қатысушылары мәміле жасасу жөнінде өз еріктерін білдіру мүмкіндіктеріне ие бола алады.
Ал өкілдікте өкіл өкілдік берушімен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынастар туғызуға негіз болады.
Өкілдіктің көмегімен тек мүліктік қана емес, кейбір мүліктік емес қатынастар да реттеледі. Мысалы, туындының авторы өкіл арқылы патентті жасақтауға және оны алуға арыз беруді жүзеге асыра алады. Бірақ өкіл арқылы жеке өзімен жасалатын мәмілелерді жасауға жол берілмейді.
Мәміле
жасауға уәкілдік берілмеген адамның
басқа адам атынан немесе өкілеттігін
асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік
беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған
ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар
мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және
тоқтатады. Өкілдік берушінің кейіннен
мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен
бастап жарамды етеді.
2.2.
Заңды өкілдік
Заңға негізделген өкілдік тікелей заңнан туындайды әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді. Заңға негізделген өкілдік, яғни заңды өкілдік қандай да бір тұлғаның әрекет қабілеттілігінің жетіспеушілігінің немесе жоқтығының орнын толтыру үшін қажет етіледі. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген (жүйке ауруымен ауыратын немесе есірткіден тәуелді) адамдарға қорғаншылық тағайындау. Заңға негізделген өкілдік бойынша кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері уәкілеттіктері ата-аналық фактісіне негізделетін ата-аналары болып табылады. Бала асырап алу, қамқоршылық тағайындау және тағы басқа заңды факторлар осындай роль атқарады. Өкілдіктің бұл түрінің ерекшеліктері болып, біріншіден, бұл өкілдік берушінің тілегінен тәуелсіз туындайды, екіншіден, өкілдің әєкілеттіктері тікелей заңмен анықталады. Заңды өкілдік туғызатын заңды фактілерге оқиға, сот шешімі және әкімшілік құжат жатады.

- Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар
- Жер өндіру жұмыстары
- Жер рентасы
- Жер салығының мәні
- Жер сілкінісі
- Жер-су аттарын аудару
- Жер учаскелерінің кадастрлық құнын есептеу
- Жер кадастры
- Жер қойнауын бағалау әдістемесі
- Жер қойнауын кукықтық қорғау
- Жер қойнауын пайдаланушыға салынатын салықтың ерекшеліктері
- Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық
- Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
- Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі, жер құқығының сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы