Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары

 
 

Мазмұны 

Кіріспе......................................................................................................................2 

I.  Жергілікті  басқарудың  теориялық негізі  және жалпы жағдайы..............................................................................................................3

1.1. Жергілікті  басқарудың мәні мен маңыздылығы..........................................3 

1.2. Жергілікті  өзін-өзі басқарудың қызметтері  және оны ұйымдастырудың принциптері.............................................................................................................8 

1.3. Жергілікті  өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибесі...................................13 

2. ҚР  ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ.................................................................................................................18 

2.1 ҚР  жергілікті өзін-өзі басқарудың  құқықтық негіздері...............................18 

2.2  Қазақстан Республикасындағы жергілікті  өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................25 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................29 

3.1 Жергілікті  өзін-өзі басқару жүйесін және  олардың мемлекеттік басқару  органдарының өзара байланысын  жетілдіру жолдары......................................29 

3.2. Елдегі Конституциялық реформалар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің заңнамалық негізі..................................................................................35 

Қорытынды…………...……………………………………………………….....37 

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….......39 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

      Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясымен «жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың» құқықтық негізі салынған 89 бапта көрсетілгендей «... Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады». «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заң қабылданған. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы» Заңы Үкіметте толықтырулар салу үшін қарастырылып жатыр. Бұл зерттеу осы заң жобасын жетілдіру үшін ғылыми - әдістемелік негізді дамытуға бағытталған. Оның мақсаты – жергілікті өзін- өзі басқарудың тиімді экономикалық үлгісіне нормативтік құқықтық базаларды құру. Аймақтардағы сұрақтардың жағдайына алғашқы сараптама жасау территориялық құрылымдардағы халықтың коммуналдық, әлеуметтік және басқа да қызметтер мен қамтамасыз етілуін анықтауға мүмкіндік береді.

      Курстық жұмыстың мақсаты. Жергілікті өзін- өзі басқару мәселелерін қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы саясатты дамыту жолдарын зерттеу болып табылады.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару – бұл мақсат емес, тек халықтың өмірлік жағдайын көрсету, жергілікті бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті өзін-өзі басқару ең бастысы  жергілікті сұрақтардың шешілу бағыттарына мән береді. Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі – сайлау жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру.

     Курстық жұмыстың міндеттері:

     1. Мемлекеттік билікті дамытудың  варианттарын зерттеу арқылы  жергілікті өзін- өзі басқарудың  ролін қарастыру;

     2. Жергілікті өзін- өзі басқару  қиындықтары мен мәселелерін  терең талдау мен сипаттамаларын  беріп кету;

     3 Терең талдау негізіндегі проблемаларды  шешу жолдарын зерттеу арқылы  Қазақстан Республикасында жергілікті  өзін- өзі басқаруды дамыту жолдарын  әзірлеу. 

     Жергілікті  өзін-өзі басқаруды әдістемелік, ақпараттық  және кадрлық қамтамасыз ету бойынша  жұмыс жүргізу қажет. Бұл  үшін  ақпараттық  жүйе, білім беру жүйесін құрып, мемлекеттік биліктің атқарушы органында құрылымдық  бөлімшілер  қалыптастыру керек.

     Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I. Жергілікті  басқарудың  теориялық негізі және жалпы жағдайы

1.1 Жергілікті  басқарудың мәні мен маңыздылығы 

    Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті қауымдастықтың  қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды, ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық). Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару «шаруашылық ұжымға» байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан.  Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай, феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.

    Ел  өзінің күшті жергілікті өзін-өзі  басқаруына түрткі болған ұлы француздың революциясы болды. XVIII-ғ-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне ең алғаш  рет  1790 жылы  қадам басты. Француз  саясаткері Турэмэн. Ол өзінің баяндамасында екі мәселеге көңіл аударды:

    1. Өзінің тұрғыни тіршілігін білу, ол яғни муниципалдық басқаруға  бағыттайды.

    2. Мемлекеттік тапсырысын қадағалау,  сондай көзқарастар. 

    «Еркіндік теория қатынасы» деп аталып кетті. Еуропада ХІХ  ғасырда кеңінен  тараған. Бұл теорияның негізіне жүктелсек, ол өзінің табиғаты бойынша тәуелсіз, олар мемлекеттік тармағына қалыптаспаған. Одан бұрын қалыптасқан және өзінің жұмыстары мен еркінше мәселесін қабылдай алады.  Кейінірек 1835 жылы Белинскийдің Конституциясына еркіндік теория қатынасын қалыптастырған.

    «Еркіндік теория қатынасынан» кейін жергілікті өзін-өзі басқару теориясы келді.  Осы теорияға көп еңбек сіңірген ғалым Гирке және Шеффнер. Сонан  соң өз бағытын «мемлекеттік басқару  теориясы» орын алды. Оған еңбек  сіңірген ХІХ-ғ-да неміс ғалымы Штейнам және Гнелстон болды. Бұл орталық басқармадан айырмашылығы бұл жерде шенеуніктер басқармайды, яғни, өз жерлерін жергілікті тұрғындары сайлайды. «Мемлекеттік теория басқармасына» ешқандай өзгерістер енген жоқ. ХІХ-ХХ ғ-да мемлекеттік теория жергілікті жердің басқармасы мынадай: Ресейлік ғалымдар арқылы кең қанат жайды: В.П.Безобразов,  А.Д.Градовский, Н.И.Лазеровский т.б. Сонымен жергілікті жердің басқаруы мынадай сұрақтарды қарастырады:

    а) жергілікті жердің басқарудың құрылуы;

    б) олардың орталықпен    қарым-қатынасы;

       в) көлемі және істің мазмұны.

    Соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде кең таралған дуалистикалық теория муниципалдық басқарумен болып табылады. Дуалистикалық  теорияға бағынсақ, жергілікті өзін-өзі  басқарудың өзіне мыналарды алады:  мемлекеттікті де және  әлеуметтікті де дәл дуалистикалық муниципалдық концепциясы, сондай-ақ түсініктеме бойынша феномаға жергілікті өзін-өзі басқару жақын практикада байқауымыз бойынша бұл механизмге мыналар орын алады: халық жағынан жергілікті өзін-өзі басқару өзінің функцияларын орындауға бұйрық береді және мемлекеттік орган жергілікті өзін-өзі басқару көптеген тапсырыстар жүктейді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдарға қаржы жағынан тәуелді болып келеді.

         Шынайы демократия – бұл халық билігі, орындалуы халықтың қызығушылығымен атқарылады. Сондықтан барлық демократиялық мемлекеттерде конституцияның негізгі элементтері жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады. Бұл басқарудың түсінігі жергілікті халықтың тұрған жерінде шешімді өзі қабылдап, жауапкершілігін алады. Жергілікті өзін-өзі басқару билік пен халықтың жақындауы және тусінуіне жақындатады. Өйткені, бұл демократияның алғышарты, басқарудың осы шарты жергілікті басқарудың ерекшелігін көрсетеді. Адамзаттың демократиялық жолда тез бейімделіп, демократияның орнығуына әкеледі.

    Жергілікті  басқару феноменін түсіну өте  қиын. Ғылымда жергілікті  басқару  осы күнге дейін реттелген  жоқ. Қазіргі авторлар осы мәселені зерттеуде, бірнеше түсінік қалыптасты. Ғылымда көп таралған бір түсінік бойынша жергілікті өзін-өзі басқару азаматтың құқығы болып саналады. Сол халық жергілікті мәселелерді өздері шешу керек. Үкімет жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындай отырып, осымен жергілікті биліктің жұмысын қадағалай отырып, өзінің қызығушылықтарын реттеп отырады. Өте жиірек басқару формасын ұсынады, сол жүйеге сүйене отырып, тұрғындар өздерінің құқығын, сонымен қатар әдет-ғұрпын, тарихын қорғай алады. Олар сол жергілікті жердің салт-дәстүрлері, тарихы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы мемлекеттің ажырамас территориялық құрылымы. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару өздеріне мынадай жауапкершілікті алады:

  1. Муниципалды жұмыстар
  2. Мемлекеттік құрылым жергілікті өмірдегі сұрақтардың шешілуін белгілі дәрежеде қысқарта отырып қатысады.

    Жергілікті  өзін-өзі басқарудың жергілікті халықты  өз биліктерін өздері іске асырады, демократиялық  мемлекет және азаматтық қоғамның жоғары дәрежелі дамуы адамдардың күнделікті өміріне қатысады. Сондай-ақ, адамдардың демократиялық бойынша өсуін, халықтың өркендеуін, өзін-өзі қалыптасуын, тануын, өзіндік қызмет жасауын қадағалайды.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару – бұл мақсат емес, тек халықтың өмірлік жағдайын көрсету, жергілікті бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті өзін-өзі басқару ең бастысы жергілікті сұрақтардың шешілу бағыттарына мән береді. Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады. Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі – сайлау жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру.

    Қысқаша айтсақ , жергілікті басқару – бұл  жергілікті жердің билігін орнату және халықтың өзіндік, яғни өз еркімен шешім  қабылдауы. Басқа мемлекеттерде  жергілікті ұжымдар мемлекеттің  тікелей араласуына байыпталады. Жергілікті өзін-өзі басқару  деген жүйе бұл жақта мүлдем қарастырылмаған немесе тағы да солармен қатар параллельдік мемлекетке бағынатын ұжымдар болуы мүмкін. Жоғарыда қарастырылған деректерде жергілікті деңгей мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік басқаруын айтады. Мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті жерде, жергілікті өзін-өзі басқару халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылады, яғни жергілікті сайланған ұжымдар мен (жергілікті өзін-өзі басқару ) немесе мемлекеттік басқару жергілікті жерде деген термин бір сөзбен «муниципалдық басқару» деп аталынады. Ғалымдар муниципалды басқаруға әр түрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, Ресейде негізгі жаңаша муниципалды басқаруды «муниципалдық басқару» деп белгіледі. Ал өз бағытымен жергілікті өзін-өзі басқарумен салыстырғанда кең тараған және де өзіне мынадай жүйелерді қосады:

    а) Мемлекеттік басқару жергілікті жерде, яғни республикалық және аймақтық мемлекеттік басқару жергілікті жерде қаражат, салық, жер мәселесін, сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігін  қадағалайды.

    ә) Жергілікті өзін-өзі басқару халық  билігіне бағытталады.

    б) Муниципалды менеджмент арадағы  қарым-қатынасты, экономикалық өсуін  қадағалайды. Бұл деректерге сүйене отырып, әрбір мемлекеттің өзіндік  «муниципалдық басқару» органдарының бар екендігін айта аламыз.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару әлемдік тануы  мыналардан белгілі:

    а) Территориялық ұжым экономикалық, қоғамдық, саяси сұрақтарды шешкенде жалпы  өзінің бостандығын алады. Осы жағдайда  ұжымдар және оларды қалыптастырған жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жан-жақты мәселелерін қарастырады. Соның ішінде жергілікті бюджетті пайдалану, экономикалық және әлеуметтік жағынан өсуін, мал шаруашылығын өсіруді, жол құрылысын және көліктік қатынасын өркендетуге байыпталады. Оның ішіне кіретіндер: үй салу, балабақша, мектеп, аурухана, кітапхана және т.б. құрылыстардың салуын қалыптастыру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары айналаны қорғауға жауапкершілік жүктейді.

    ә) «Муниципалды басқару» кезінде қалалық  және аймақтық бюджетті өсіруге талпынады. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті бюджетті пайдалану құқығын алады.

    б) Муниципалдық сайлау арқылы жергілікті органдар және сайлаушылардың пікіріне қарай қалыптасады. Жергілікті тұрғындардың қатысуы арқылы жергілікті мәселелерді шешу кезінде оларды саясаттың мемлекеттік деңгейне көтерілуін байқаймыз. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды айтқанда әрбір мемлекетте олар орталық экономикада өркендейді.

    Бұл муниципалдық жүйе жоқ дегенде бір-біріне қарама-қарсы екі бағытқа бөлінуіне әкеледі. Бұл елімізде жаңадан құрылып келе жатқан жергілікті өзін-өзі басқарудың қажеттілігінен туған.

        Жергілікті өзін-өзі басқару мәні, халықтың  өз жұмыстарын басқаруына  негізделген. Бірақ бұл мақсатты  өмірге енгізу оңайға түспейді. Себебі жалпы әлеуметтік, ұжымдық, индивидуалдық мәселелерге байланысты сұрақтар тығыз шатасқан.

    Бұның шындығы, түрлі деңгейдегі басқару  субъектісінің қызметімен анықталады.

    Яғни  жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы  схемасын қайта өзгертпесе, жоғарыдағы айтылған мәселенің барлығы тек айтылған ой болып қана қалмақ.

    Қандай  бағыт болса да қайта құру мүмкіншілігі болу керек. Бұл бағыттағы ойлар  әртүрлі ойлайды. С.И. Көлееваның айтуы  бойынша жергілікті өзін-өзі басқару  ұғымында, өзін-өзі басқару ұйымының ерекше түріне жатқызуға болады. Өзін-өзі басқаруда жеке ұйым бет алысында тәртіптің жоғары болуы қолдау көрсетуге қатысты.

    Бейімделген жүйені С.И. Көлеева сыртқы ортаның шартты әдісімен салыстыра анықтайды. Бұдан қорытынды ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне басқарылатын факторлардың қабылданбайтындығы байқалады.

    В.В.Шекаренко  жергілікті өзін-өзі басқару және басқару қатынасындағы мәселені қорытындылай келе, басқарудың алғашқы  жеке жағдайы, басқарылатын объект бір  уақытта басқаратын субъектімен  шыққан кезде, оның басқару қызметтілігі өзіне бағытталғандығын көрсетеді.

    Ол  басқарудың негізінде өзін-өзі басқару  қызметі жатқандығын айтады. Барлық басқару процессі, өзін-өзі басқару  және жеке ұйымнан басталады. Ал, С.Сивова керісінше, басқарылатын ұйым құрылымы басқаратын ұйымға тәуелді екеніне сенімді. Шынында да, толық объективті және субъективті қатардағы жағдайдың күшімен қоғам «таза» басқарудың уәкілеттік арақатынасын, қызметтілігін, соның ішінде маманданған – басқарылуға мамандар қарсы шыға алмай отыр.

    Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару  маманданған – элиталық басқару, қоғамдық институт уәкілеттілігінің кемшіліктерін ғана емес, сонымен қатар белсенді функционалуында ұйғарып отыр. Негізінен жергілікті өзін-өзі басқару жоғарыда айтылған осы үш принцип бойынша құрылып отырған басқа басқару процессі.

    И.В. Выдрин жергілікті өзін-өзі басқаруды, тура демократиялық емес институтпен  уәкілеттік институттардың үйлесімді  пайымдау принципінде деректелген, жергілікті өзін-өзі басқаруда тұрғындардың нақты сауалы саяси құқықтық байланыста болатын тұрғындардың төмендегі территориялардың қоғамдастығы деп қарастырады.

    Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқарудың ұзақ қалыптасуын айта келе, біз  оның астарындағы төмендегідей ерекше модельді түсінуміз керек:

     1. Маманданған – уәкілетті басқару және жергілікті халық өзіндік шынайы мұқтаждығындағы жоғарғы арақатынас анықталды.

    2. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару  қызметімен таныстырады. Берілген  бағыт өзін-өзі басқарумен байланысты  және саясаттану, құқық, басқару  теориясының мәселелері бойынша отандық әдебиет орнықты жағдайын басқарумен алмастырады. Оның көзі болып К. Маркстың мынадай  жорамалы көрсетіледі: «Өзін-өзі басқаруда  халық арқылы  халықтық басқару процесі бар».

    3. Жоғарыда келтірілген анықтаулар  демократиямен жергілікті өзін-өзі басқарудың бірігу қажеттілігін анықтайды. Олардың маңызды айырмашылығына тоқталсақ жергілікті өзін-өзі басқару мықтылықтың қасиеті ретінде - өзінің  жұмыстарының басқара алу мүмкіндігінде ал демократия – осы мүмкіндіктің шын жүзеге асуын һқамтамасыз ететін ұйымдастырылған механизм. Өйткені «демократия» атты категориясының жиынтығын көрсетеді.

    4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  маңыздылығын анықтауда, оның  биліктік факторлармен бөлінбейтін  байланысын айтуға болады. «Жергілікті  өзін-өзі басқару» ұғымында бұқаралық билік және қоғамдық басқаруды біріктіреді.

    5. Жоғарыда айтылған жергілікті  өзін-өзі басқаруды териториялық  деп қарастырады анықтаудағы  тағы бір қорытынды, оның формальды-  заңды институтпен сәйкес келуінде.

    Муниципалды қызметтілік, жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері мен мемлекеттің биліктің мүшелері арақатынасындағы жергілікті және мем лекеттік сәйкестігіне байланысты құрылады. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару мүшелері, біріккен мемлекеттік саясатқа сәйкес әрекет етіп, жергілікті басқаруға қатысты сұрақтарды шешу барысында, заңды жеке мемлекеттік өкілеттікке бөлініп, мемлекеттік – биліктік  сипаттағы толық комплексті өкілеттілікті бола алады. Осының барлығы жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы бір уақытта мемлекеттік және қоғамдық институттардың элементтерін құрай алатындығын анықтайды. Екі құрылымды сипаттағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі, қазіргі уақыттағы мунципалды басқарудың  концепциялық дуализм теориясына бағытталған. 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Жергілікті  өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың қағидалары 

    Өмірдің барлық саласына бақылау қойып, ұстаған  үкімет жергілікті жердің билігін де ешкімге бергісі келмейді. Жергілікті өкілді орган – мәслихат халық  билігінің белгісі ретінде қалғанымен шын мәніндегі билік – ауылдарда және аудандарда жоғарыдан сайланған билік органдарының атқарушысы отырады. Демократиялық қоғамға қадам бастық деп жариялған Қазақстан үшін нағыз тоталитарлық жүйенің белгісі болып табылатын жоғарыдағы құрылымның келмеске кетуі заңды құбылыс еді. Бірақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірге енуі де өте күрделі мәселе болып отыр. 1995 жылғы Конституцияға енген 89-баптың әр жолының мағынасын ашып көрсететін, оны жүзеге асыратын тетіктерді анықтап беретін заң әлі қабылданған жоқ.

    Сонымен қатар, жергілікті әкімшілдік территориялық бөліктердегі

биліктің  екі түрін шатастыруға болмайды. Әр биліктің өзіндік мағынасы, қызметтері мен принциптері бар, оны нақты  түсіну үшін келесі кестеден көруге болады:

    Кесте 1- Жергілікті билік түрлері 

Жергілікті мемлекеттік басқару Жергілікті  өзін-өзі басқару
Жергілікті әкімшілік аймақтық жердегі орталық үкіметтің атынан немесе деңгейі жоғары тұрған әкімшііктің атынан жүргізетін биліктің түрі Сол аймақта тұратын тұрғындардың билігі. Бұл билік тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады.
 

      Біз енді жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесінің қазіргі проблемаларын  айқындай отырып, осы құрылымның басты қағидаларын ашып көрсетейік:

    1. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіні құрылысы нақты да анық:

       Жергілікті бір әкімшілік-аймақтық жердің тұрғындары заңды сайлау (тікелей, жасырын, тең) арқылы сол аймақтың барлық ішкі мәселелерін шешуге құқықты өкілдік орган сайлайды. Шартты түрде ол органды «Кеңес» деп аталық.

        Кеңес өздерінің арасынан бір адамды Атқару органының (кейде «муниципалитет» деп те аталады) басшысы етіп сайлайды не тағайындайды. Кей жерлерде Атқару органының басшысы да Кеңес мүшелері сияқты сайлау арқылы анықталады. Шартты түрде бұл орында отырған адамды «Жетекші» деп аталық. Ол азамат Атқару органды басқарып, солардың жұмысына жетекшілік етеді.

        Жетекші сол жердегі түрлі  әлеуметтік, экономикалық, коммуналдық  мәселелерді ұйымдастырып жүзеге  асыратын Атқару органды өзі  жасақтайды. Сол жердің қажеттіліктеріне қарай әр түрлі бөлімдер ашады. Соның басшыларын тағайындайды, құрамын анықтайды. Міндеттерін нақтылап, жалпы басшылық қызметін атқарады.

      Кеңес не оның мүшелері Жетекшінің  атқару жұмысына тікелей араласа  алмайды, бірақ түрлі саладағы  комиссия құру арқылы олардың жұмысын бақылап отырады. Сонымен қатар сол территорияның даму жоспары, экономикалық, әлеуметтік бағытын да Кеңес анықтайды. Кеңес мүшелері көп жерлерде жалақы алмайды.

    2. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі  басқарудың алдындағы жағдайы өте күрделі.

    Конституцияға сай нақты жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесі қоғамдық өмірімізге енсе, жергілікті деңйде қос үкіметтің  орнауы ғажп емес. Оның бірі жергілікті басқару (өкілдік органы – жергілікті мәслихат, атқарушы органы - әкімшлік) да, екіншісі жергілікті өзін-өзі басқару болмақ (өкілдік органы – Кеңес, ал атқарушы органы - муниципалитет). Бүгінгі жергілікті халық өкілдері болып табылатын мәслихат – мемлекеттік басқарудың өкілдік түрі болып саналады да, оның шешімін жүзеге асыратын бағынышты орган – президенттік өкіл болып табылатын әкім басқаруда.

    Құрылымдық  жағынан да, мазмұны тұрғысынан да жергілікті өзін-өзі басқаруға ең жақыны өкілдік орган (мәслихат) болып  табылады. Халықаралық тәжірибеде өкілдік  органды жергілікті өзін-өзі басқаруға  айналдыру жиі кездеседі. Екі өкілдік органнан гөрі жергілікті мәслихатты Кеңеске айналдыру тиімді секілді.

    3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі  халықтың тікелей билігінің көрінісі.

    «Биліктің ең тиімді түрі – халыққа ең жақын  билік» деген тамаша сөз бар. Қазіргі билік жүйелерінің ішіндегі халыққа жақыны да, өзінің тиімділігін барлық елдерде дәлелдеген де жергілікті құрылым болып отыр.

    Дегенмен  жергілікті өзін-өзі басқару да жергілікті тұрғындардың өкілдік басқаруы болып  табылады. Кеңес – тұрғындардың сайлауы арқылы дүниеге келеді де, солардың берген өкілдіктерінің негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде біршама халықтың тікелей басқару жолдары да берілген. Бұл араға – жиналыстар, Кеңес өкілдерін қайта шақырып алу, заң шығаруға араласу құқығы және жергілікті референдум жатады.

    1. Қазақстан парламентінен бір  оқылымнан өткен «Жергілікті  өзін-өзі басқару туралы» заңда  тұрғындардың жалпы саны мыңнан  кем болатын елді мекендерге  жергілікті мәселелерді шешу  – сол жерде тұратын адамдардың жиналысына берілген. Мүмкін, бұл да қажеттіліктен туған болар. 10-15 үйден тұратын кішкене елдімекендерде арнайы сайлау өткізіп, лауазым иелерін  таңдау  тиімді  бола қояр  ма екен.   Екіншіден, шағын топты жиналысқа жинау да оңай (өкілдік жүйенің пайда болуының ең басты себебі де халықты бір парламентке жинаудың жүзеге аспауы емес пе?) және арнайы құрылым жасайтындай аса күрделі мәселелердің бола қоймайтындығы да анық.

    2. Халықтың тікелей басқару түріне  өз міндеттерін ойдағыдай атқара  алмаған Кеңес мүшелерін қайта шақырып алу да жатады.

    3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі  халық басқаруының тікелей түрі  – референдум болып табылады.

    Жергілікті  мәселелердің ішіндегі аса маңыздыларын шешу үстінде не Кеңестің өзі немесе халықтың бір бөлігінің талабымен жергілікті референдум өткізіледі. Референдум жөнінде бастама көтеретін адамдардың саны жарғыда көрсетілуі шарт. Көптеген жерлерде Жарғының өзі де референдум арқылы қабылданады.

    Біздің  бүгінгі өмірімізге қарағанда, жергілікті өзін-өзі басқарудың ең басты ерекшелігі – жоғарыдан төменге дейінгі бағыныштылықтың, тәуелділіктің болмауы. Мысалы, Ауыл Кеңесі мен оның Атқару органы ауданның  Кеңесі  мен  Атқару органына бағынбайды, оларға есеп бермейді.                             Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын мемлекеттік жүйеден ерекшелігін  және басқа ғылымдармен байланысын көрсету мақсатында төменедегі кестені көруге болады: 
 

      
 
 
 

Сурет 1 - Жергілікті атқарушы органдардың жүйесі 
 
 
 

 

Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару негізіне осы принциптерді енгізу керек:

  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірлігі ретінде территориялық тип. Бұл  Қазақстан Республикасының ауыл мен кешендерінде ( ауыл, шағын аудан, аудандық мағынналы қала ) тарихи қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтары бар халық жиынтығын ескереді.
  • Қазақстан Республика Конституция жергілікті өзін-өзі басқарусымен кепілденген ( 89 бап ) жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті мағыналы мәселелерді шешуге және өз қызметтері шегінде салыстырмалы өзіндікпен иеленеді. Өз территориясындағы тұрғындардың қызығушылықтарын бейнелейтін және өз жауапкершілігіне алып, сол шегінде жұмыс істейді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың осы принципін жүзеге асыруға тұрғындардың территориялық өзіндік ұйымдастырылуымен қатысты, қоғамдастық қатынастардың барлығына ортақ жүйені қарастыру керек және басқа билікті құрылымның қатысуынсыз жергілікті мағыналы сұрақтарды өздері шешуі керек.
  • Мемлекеттің барлық тұрғындары қоғамды басқарудағы қатысушы жергілікті өзін-өзі басқару желісі арқылы қамтылатын, жергілікті өзін-өзі басқару конституциялық  қатардың негізі, яғни келешек демократиялық қоғамдастықты ұйымдастырудың негізін құраушы принципі болып табылады.
  • Жергілікті өзін-өзі басқару институтын құру республиканың біртұтастығын бекітуші , азаматтық қоғамды құрудың әлеуметтік негізін пайда болдырушы, қоғамның жоғарғы деңгейде өзін-өзі ұйымдастырушы ретінде мемлекеттің әрі қарай дамуына фундамент болып табылады. Жергілікті территориялық қоғамдастықтың нақты қызығушылықтарын, басқарудың аймақтық және жергілікті құрылымын, мемлекеттік биліктің қызығушылықтарын қанағаттандыратын басқару жүйесін құру керек.
  • Жергілікті өзін-өзі басқару институты барлық елді, оның заңнамалықпен қамтитын нарықтық инфрақұрылым жүйесінің парасатты құрылуының базасы болады.
  • Қоғамды ортақ басқару жүйесін құру қиын мәселелердің бірі, жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік билікті бөлу болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды заңнамалы түрде мойындаса да, мәселенің шешілмеуі жергілікті мемлекеттік басқарудың тікелей жалғасы болады. Сол үшін мемлекеттік минималды стандарттар заң жобасына келесілерді енгізуді ұсынмын:
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары