Жергілікті желі және Интернет
Жоспар:
І. Кіріспе
Жергілікті желі және Интернет
ІІ. Негізгі бөлім:
- ТСР/ІР жүйелік хаттамасы
- World Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме
- Internet Explorer.
- Веб-бетті іздеу. URL адрестері.
ІІІ. Қорытынды
Мәліметтерді құру және жәберу.
Қолданылған әдебиеттер
Жергілікті желі және Интернет
Мекемеде бірнеше
Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу мүмкін.
Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі-дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырылып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет (Internet) желісі деп атайды (inter –халықаралық, network-желі). Яғни Интернет- түрлі елдердің миллиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі.
Мұнда Интернетке қосылған компьютер сервер арқылы желіге қосылған кез келген компьютерге түрлі мәлімет жібере және өзіне жіберілген мәліметті қабылдай алады.
Компьютерлік желілер жергілікті (бір ұйымдық), аймақтық және дүниежүзілік болып түрлі түрге бөлінеді. Аймақтық желі Intranet желісі деп аталады, оның Internet желісінен айырмашылығы жоқ, тек ерекшелігі –оның компьютерлері арнайы бір жұмысқа арналған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің компьютерлері Intranet желісі бойынша жұмыс істейді.
Интернетттің артықшылығы-ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер:күнделікті саяси жаңалықтар;медицина саласында, коммерциялық және банкілер саласындақызмет көрсету;спорт саласындағы соңғы жаңалықтар;мекемелердің адрестері сияқты түрлі мәліметтер; қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. Электрондық оқулықтар сияқты күрделі мәліметтержастардың кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз.
Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғаласын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме –провайдер атаулы коммерциялық компания. Компаниямен шарт жасасып, Интернетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңзді (логин), телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.
Windows-тың жұмыс үстелінен
Internet белгішесін екі рет шерткен
кезде, алғашқы рет Интернетті
бапқа келтіру терезесі
ТСР/ІР жүйелік хаттамасы
Интернетпен жұмыс істейтін арнайы серверлерге соңғы ғылыми-техникалық жаңалықтар, бизнестік мәліметтер, дүние жүзіндегі ауа-райы және т.б. үлкенді-кішілі мәліметтер, файлдар енгізіліп қойылады. Серверлерге күнделікті жаңа мәліметтер де қосылып тұрады.
Әдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол-жүйелік хаттама (протокол) деп аталатын TCP/IP атаулы жіберу тілі. Яғни TCP/IP – Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі-сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсіну үшін оған тақырып атын және жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.
Windows 95 не Windows 98 –де Internet
белгішесін іске қосқан кезде
Интернеттің барлық
World Wide Web (WWW). Веб-бет. Гиперсілтеме
Интернет тек дүние жүзілік желі емес, оның жұмысы – информациялық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990 жылдардан бастап шыға бастаған «Дүние жүзілік өрмек» - World Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер. Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдалынылады. Яғни Веб беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады. HTML-дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацты белгілеу, гипермәтінге арнайы белгілер орнату.
Веб-беттер – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб-беттерді мынадай түрде дайындау мүмкін.:
- факультет атаулары, мамандықтар;
- кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;
- әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.
Веб-те бір тақырыпқа арналған Веб-беттерді ретімен не
оларды байланыстырып көрсету де мүмкін. Соңғысын Веб-түйін деп атайды.
Веб-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген Веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Веб-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған тышқан түймесін шерту жеткілікті.
Internet Explorer.
Веб-беттерді және файл түрінде сақталған мәліметтерді түсінікті түрде экранға шығару жеңіл емес. HTML форматында дайындалатын Веб-беттерді іздеп және оларды қалыпты жағдайға аударып, экранға шығаруға арналған браузер атаулы арнаулы программалар бар. Қазіргі кезде олардың ішінде көп пайдаланылатыны – 3.02, 4.0, 4.01, 5 нұсқалы Microsoft Internet Explorer (IE) программасы. Ол Windows 95 пен Windows 98-дің құроамына стандартты программа түрінде енгізілген. Оны Веб шолушысы деп атайды. Алғашқы рет ашылған Explorer терезесінде «Интернетке қош келдіңіз» тақырыбы енгізілген. Веб-беттің көрінуі мүмкін. Ол үшін ІЕ терезесіне http://WW home. microsoft.com/int/ru/ адресін енгізуге де болады.
Веб-бет пен гиперсілтеме астында көрсетілген. Терезеде бір Веб-бет жүктеулі тұр. Асты сызылған мәтін – гиперсілтеме. Оны шертіп, келесі Веб-бетті экранға шығаруға болады.
Веб-беттерге өту мен қайтуды терезенің аспаптар панелінің Кейін, Алға түймелері арқылы орындау да мүмкін:
- Кейін түйіндемесін ретімен басу арқылы жұмыс істеп отырған күші маршрут бойынша Веб-беттердің алдыңғысына өтуге, тіпті олардың ең бастапқысына жетуге болады;
- Алға командасы Кейін командасын берген соң одан соңғыларына қайтып оралу үшін беріледі.
Аспаптар панеліне көптеген басқа түймелер де орнатылған. Тақтату, Жаңарту, Негізгі бет, Іздеу, Пошта, Шрифт, т.б. ІЕ қосылған кезе көрінетін Веб-бетке қайтып оралу үшін Негізгі бет (Үйге) түймесін шерту жеткілікті.
Түрлі серверлерде Веб-беттер символдары түрлі кодтар бойынша жазылуы мүмкін. Қабылданған Веб-бетті оқи алмасаңыз, ІЕ терезесінен Сервер-Шолушы қасиеттері командасын беріп, ашылған терезенің Веб-бетінің шрифтері өрісінен қажетті қазақ қаріптерінің атауын таңдау керек. Одан әрі ОК түймесін шерту жеткілікті. Алғашқы шыққан ІЕ-де терезесінің төмеңгі оң жағында орнатылған Шрифт түймесі, осы түймені шерткен кезде Шрифт кодтары тізімі көрінеді:
Орталық Еуропа (Windows – 1250)
Кириллица (Windows – 1251)
Кириллица (KOI8 – R (КОИ-8 коды) т.б.)
Тізімнен қажетті код таңдалатын. Одан әрі Сыртқы түр-Шрифтер командасын беріп, көрінген тізімнен (Өте ірі, Ірі, Орташа, Майда, Өте майда) қажеттісі ерекшеленетін. Ол терезеде көрінген қаріптерді үлкейту не кішірейту үшін қажет.
Веб-бетті іздеу. URL адрестері.
Интернеттен қажетті Веб-бетті іздеу оңай жұмыс емес. Ол үшін ІЕ терезесінің Іздеу түймесі пайдаланылады. Түйме шертілген кезде көрінген терезеде іздеу серверлерінің атаулары көрінеді. Олардың бірін таңдап, терезесін экранға шығару керек. Егер Іздеу терезесіның сәйкес өрісіне кілттік сөздер енгізіп, оның Іздеу түймесін шертсеңіз, сұранысқа сәйкес мәлімет көрінеді.
Көптеген Веб-беттерді іздеп табу үшін не іздеуге арналған Веб-север терезесін экранға шығару үшін ІЕ терезесіне олардың адрестерін енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL адрестеріне мысалдар:
- http://www.internet.ru
- http://www.microsoft.com/ie_
intl/ruie40/download - http://www.intellicast.com/
weather/intl - http://www.microsoft.com/games
Жоғарыдағы URL адрестерінің сол жағына жазылған http:// –
Веб-ке ену кілттік
сөзі, одан әрі бірінші қиғаш сызыққа
дейін жазылғаны – торап
Әдетте Веб-бет мәтіндік редактор терезесінде теріледі. Дискіде сақтау үшін сақтау терезесінде HTML құжаты типін ашып, Файл-Түрінде сақтау командасын беру керек. Файл html не htm кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады. Файлды ашу командасы әдеттегідей: Файл-Ашу.
Ескерту.
- Интернетте адрестердің көпшілігі тез ескіріпкетеді.
Жоғарыдағы адрестер тек олардың қалай құрылатынын көрсету үшін ғана жазылады.
2. Қажетті адресті білу үшін Іздеу терезесін ашып, онда көрінген адрестер сақтаулы жүйелердің бірін таңдау керек. Internet Explorer терезесінің Адрестер өрісін ашып, қажетті адресті таңдауға да болады.
Файлды тасымалдау хаттамасы (FTP)
Интернет серверінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады.
Файлдар барлық компьютер
серверлерінде сақтала
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.
FTP серверімен сеанс
кезінде бірнеше бет құжат құжа
Егер де басқа FTP-серверге ауысқаңыз келсе, ІЕ терезесінің Адрес өрісіне оның адресін енгізіп, Енгізу пернесін басу жеткілікті. Не өрістің оң жағына орналасқан тілсызық түймесін шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдап алуға болады.
Басып шығару түймесі арқылы не Файл-Басып шығару командасын беріп, экранда көрінген бетті басып шығу қиын емес. Егер беттің қарпін өзгерту қажет болса, оны Шрифт түймесі арқылы орындау керек. Тәсіл Word мәтіндік редакторындағы сияқты.
Телеконференциялар
Интернетте атау беріліп,
түрлі компьютерлерден
Телеконференция жұмысы Сервер деп аталатын арнайы программа арқылы ұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін ІЕ терезесінен Жаңалықтар-Жаңалықтарды оқу командасын беру керек пе Жаңалықтар түймесін шертуге болады. Windows 95-те телеконференциямен дұмыс істеуге арналған программаның аты – Internet News, ал Windows 95-де – Outlook Explorer.
Мұндағы ескеретін жайт: серверге келіп түскен телеконференциялық хаттар, мәліметтер көп орын алмауы үшін біраз уақытөткен соң өшіріліп отырады. Сондықтан жиі-жиі компьютерге келіп түскен жаңалықтармен уақтылы танысып отырған жөн.
Электрондық пошта. Internet Mail
Электрондық пота (ЭП) – компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметте сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.
Windows 95-ке ЭП-мен жұмыс істейтін Internet Mail (ІМ) не Internet News (IM and News) және басқа стандартты программалар енгізілген. ЭП программасы Internet Explorer-дің 3, 4 нұсқаларының қосымшасы түрінде де қарастырылған. Explorer 4.0.-де және Windows 98-де ЭП Outlook Express 5 деп аталады. Оның ЭП-дан қарағанда мүмкіндігі мол және ыңғайлы.
Терезеде орындалатын іс-әрекеттер:
- түрлі операцияларды орындау;
- ЭП адрестерін адрестік кітапқа сақтау және оларды
мәліметтерге кірістіру;
- мәліметтерді ыңғайлы түрде тез іздеу;
- мәліметтер тізімін сорттау;
ЭП программасы үздіксіз жетілдіріліп, серверлерде сақталып
отырады. Мысалы, Ресейден шығатын мәліметтердің сақталу адресі:
news://ms news.Microsoft.com/rus/
Егер қажетті сұраққа жауап, кеңес алғыңыз келсе, мына сияқты адресті пайдалану керек:
news://ms news.Microsoft.com/Microsoft.
Егер негізгі мәзірге енгізілсе, ЭП-ны не Outlook Express-ті іске қосу командасы:
Іске қосу – Программалар – Internet Mail не
Іске қосу – Программалар – Outlook Express
Егер мәзірде ЭП программасы бар болса және Интернет
компьютерге қосулы болса, бірінші команда берілген соң алғашқы алты қадамдық терезесі бар «mail-ды бапқа келтіру Шебері» программасы іске қосылады. Терезелерге енгізілу тиіс мәліметтер:
- пошта жіберетін адамның аты-жөні;
- оның ЭП адресі, паролі;
- басқарушы сервер атауы;
- «Жіберуші» және «Қабылдаушы» пошта адрестері, т.б.
экранда ЭП-ның негізгі терезесі көрінеді. Тперезенің негізгі мәзір пункттеріне ЭП-мен жұмыс істеу режимдерінің командалары енгізілген:
Файл: Ашу, Басу, Түрінде сақтау, Алыстату, Бума (Құр, Ашу, Алып тастау), Жаңалықтарды оқу және т.б.;
Түзету: Көшіру, Оқылған етіп белгілеу, Оқылмаған етіп белгілеу, Мәліметті іздеу, ...;
Түр: Аспаптар панелі, Қалып-күй жолы, Көріп шығу облысы, Бағандар, Сорттау, Символдар жиыны, Жаңарту, ...;
Мәлімет: Мәлімет құру, Жібергенге жауап беру, Бәріне жауап беру, Жіберу, Көшіру, Поштаны жеткізу, Сорттаушы, Параметрлер.
Анықтама: Анықтаманы шақыру, Мағлұматтар және т.б.
Екініші қатарда көрініп тұратыны – аспаптар панелі. Панельге енгізілген түймелер: Мәліметтер құру, Жібергенге жауап беру, Поштаны жеткізу және тағы басқа.
Терезенің келесі жолына мынандай бумалар тізімі енгізілген: Кірістірілгендер; Шығарылғандар; Жіберілгендер; Алып тасталғандар.
Параметрлер терезесі
ЭП мәзірі арқылы Мәлімет-Параметрлер командасын беріп, «Параметрлер» сұхбаттық терезенің экранға шығуға болады. Терезеде Жіберу, Оқу, Сервер, Шрифтеу, Орфография, Қосу, Қолтаңба қондырмалары бар. Оларға автоматты түрде параметрлер орнатылып қойылған, Сервер қондырмасына поштаны бапқа келтіру үшін сұралатын барлық параметрлерді енгізіп қою мүмкін.
Мәліметтерді құру және жәберу.
Мәлімет құру үшін мәзір арқылы берілетін команда:
Мәлімет – Мәлімет құру (Команданы аспаптар панеліннің «Мәлімет құру» түймесін шерту арқылы беруге де болады.) Экранда осы атаулы терезе көрінеді. Терезеге енгізілген мәзір пунктілері:
Файл: Жіберу, Адрестік кітап, Қасиеттер Жабу;
Түзету: Болдырмау, Кесу, Көшіру, Кірістіру, Бәрін таңдау, іздеу;
Сыртқы түр: Аспаптар панелі, Фороматтау панелі, Символдар жиынтығы;
Мәлімет: Мәлімет құру, Қабылдаушыларды таңдау, орфография, Атауларды тексеру, Маңыздылық;
Кірістіру: Мәтіндік файл, Файл, Қолтаңба;
Формат: Шрифт, Туралау, Маркерлер, HTML форматы, Әдеттегідей мәтін, Бапрқа келтіру, ...;
Анықтамалық: анықтамалықты шақыру. Программа жөнінде.
Терезеде орындалуы тиіс іс-әрекеттер:
- Төмеңгі блокқа мәлімет мазмұнын, «Кімге» қатарына жіберетін электрондық адресті енгізу.
- Кірістіру-Қолтаңба командасын беріп, көрінген сұхбаттық терезеге өз аты-жөніңізді, электрондық адресіңізді және мәлімет жазылған уақытты енгізу. Одан әрі Мәлімет құру терезесіне қайтып оралу.
- Кірістіру-Мәтіндік файл командасын беріп, жазылған мәліметті файл түрінде сақтап қою.
- Файл-Жіберу командасы арқылы поштаны жіберу. Егер файл түрінде сақталған мәліметті жіберу қажет болса, Кірістіру-Мәтіндік файл командасын беріп, қажетті файл атауын шерту керек. Оны бірден жіберу Мәлімет-Поштаны жіберу командасы арқылы орындалады.
Қабылдау режиміндегі жұмыс:
- ЭП терезесін экранға шығару
- оның «Бумалар» тізімінен «Кірістірілгендер» бумасын таңдау. Қабылданған мәлімет атаулары терезеге шығады.
- атауды таңдау. Таңдалған файл мазмұны терезенің төменгі блогында көрінеді.
Одан әрі Түзету-Оқылған ретінде белгілеу командасын беріп, мәліметтің қабылданғаның белгілеп қойған жөн.
Пошта программасын ІЕ терезесінен қосуға да болады. Ол үшін аспаптар панелінің Пошта түймесін шертіп, көрінген мәзір пункттерінен «Поштаны оқу» жолын таңдау керек.
Outlook Express-пен жұмыс істеу тәсілі де ЭП-мен жұмыс
істеуге шамалас. Төменде Outlook Express терезесі көрсетілген
Қолданылған әдебиеттер:
- Терехов А. Н., Тискин А. В. // Программирование РАН. –1994. -N 5
- Галатенко В.А. Ақпараттық қауіпсіздік. –М.: 1997
- Герасименко В.А., Скворцов А.А Компьютер білімі. –1999
- Баричев С. В. Интернет. –М.: Наука, 1998

- Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі
- Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік
- Жергілікті өзін-өзі басқару
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды ҚР қолдану
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет
- Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарынын зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері
- Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері
- Жергілікті басқарудың теориялық аспектісі
- Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні
- Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі
- Жергілікті бюджет
- Жергілікті бюджет негіздері
- Жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары