Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

Менеджмент және маркетинг  кафедрасы

 

 

 

 

Жергілікті  басқарудың экономикалық механизмі

Курстық жұмыс

Пән: Муниципалдық менеджмент

                                      Мамандық:

 

 

   Ғылыми жетекші:

                                                                                    __________________________

Курстық жұмыс 20__ ж. ___ __

қорғалды. Бағасы ___________

 

 

 

 

 

 

 

қостанай, 2012 
3>Мазмұны

 

Кіріспе..........................................................................................................

І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері............... 

1.1 Жергілікті өзін-өзі  басқарудың  мәні мен мазмұны................................. 

1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың  экономикалық механизмдері ...................

ІІ Қазақстан Респуликасындағы бюджет үдерісінің негіздері..................

2.1 Бюджет және бюджет жүйесі  ұғымы............................................................

2.2 Республикалық бюджет...............................................................................

2.3 Жергілікті бюджеттер және  олардың аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.......................................................

ІІІ Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.......

3.1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау....................................................

3.2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау.................................................

Қорытынды..................................................................................................... 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................... 

 

Кіріспе

Еліміз егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке ілескеніне саусақпен санарлықтай жылдар өтсе де, осы аз мерзімнің ішінде ғасырға  татырлық игі өзгерістер болды. Еліміздің  егемендік алу сәті нарықтық экономикаға  тұспа-тұс келіп, халық арасында «нарық қарық қыла ма ?!»-деген мысқыл мәтел де пайда болды. Әйтсе де бүгінгі күні бәріміз де нарықтық экономиканы мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанына көзіміз жетті. Нарықтық экономика жағдайларында халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайы, шаруашылық көрсетуші субъектілердің әлеуметтік дамуы мемлекеттің қолында болып отыр. Осы орайда жергілікті қаржының атқаратын рөлі мен маңызы ерекше. Қазақстан Республикасында экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр. Жергілікті қаржы органы қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларын шешуге едәуір дербестікке ие бола бастады. Жергілікті өзін-өзі басқару органына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде оларға маңызды міндеттер жүктелген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы органдары есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін шешіп алуға, елдің бюджет құрлысының мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Курстық жұмысымның мақсаты жергілікті қаржының мәні мен маңызын, оның қазіргі кездегі дербестігін, қандай әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешетінін толық ашып, талдау жасау.

Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы  мемлекеттік қаржыға ұқсас. Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелінген. Халықка қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржылық ресурстар есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым салалары халықка қызметтерді басым бөлігінде бюджеттік қаражаттар есебінен қалыптастырылатын қорлар есебінен береді. Жергілікті буында қаржылық қатынастар «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңмен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, республикалық бюджет туралы заңмен және шаруашылық пен қаржылық қызмет туралы басқа заңдармен реттелінеді.

Жергілікті бюджеттер  билік пен басқарудын жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумактарда оларга инфрақұрылымды дамытуға, аумактың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржылық ресурстардың резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндетгерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл түтынудың коғамдық қорларын бөлген кезде керінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымга жұмсалады.

Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әркашанда, біріншіден, елдің  жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болды. Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану үдерісінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді. Жергілікті қаржыда ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті орғандарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық мысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және қызметтер көрсету салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді. Жергілікті бюджеттердің экономикалық; мәні олардың мынандай арналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті орғандарының ақшалай қорларын қалыптастыру; бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Осылайша, қазіргі таңда  жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы курстық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.

 

І Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен теориялық негіздері

    1. Жергілікті өзін-өзі  басқарудың мәні мен мазмұны

 

Қазақстан Республикасындағы  қазіргі заманғы демократиялық жаңарулар жүйесіндегі жаңа экономикалық қатынастарға өту кезеңінде жергілікті өзін - өзі басқару реформасы маңызды роль атқарады.

Жергілікті өзін-өзі  басқару - "... шешім қабылдауды неғұрлым адамдарға жақындату, олардың сөзсіз жүзеге асуына мүмкіндік береді, өйткені барлық үдерісте оны орындағанға дейін олар өздері қатысады".

Еуропалық Хартияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік  істердің мардымды бөлігін регламенттеу және де оны басқару құқығы мен  нақты қабілеті деп түсініледі.

Жергілікті өзін-өзі  басқару Еуропалық Хартиясының  негізінде субсидиарлық принципі жатыр. Оның басты мәні: төменгі (жергілікті) деңгейлерде шешуге болатын мәселелерді  биліктің жоғарғы деңгейлеріне жеткізбей-ақ шешу. Қазіргі кездегі әлем елдерінде  жергілікті өзін өзі басқару органының екі түрі бар; тиісті әкімшілік-аумақтық, бірліктік тұрғындарымен сайланатын және аса маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жергілікті өкілді орган, екіншісі - әдетте оперативтік басқаруды жүргізетін атқару органы. Дегенмен, оған кейбір  жалпымемлекеттік функцияларды да жүктеуі мүмкін.

Жергілікті өзін - өзі  басқару органдары өздерінің  билік (компотенция) шегінде шешім  қабылдайды, ол шешімді сол территорияда тұратын азаматтар орындауға  міндетті.

Қазақстан Республикасының  жергілікті және өзін - өзі басқару мемлекеттік басқарудың обьектісі бола отырып, өзін - өзі басқару функциясын кеңейте отырып, мемлекеттік билікті қалаларда, аудандарда, ауылдарда жүргізу құқығына ие болды. Облыстағы барлық әлеуметтік – экономикалық процестерді тиімді басқару үшін оның экономикалық – географиялық жағдайын, оның шекарасын, табиғат жағдайы мен ресурстарын барлық демографиялық прцесстерін басқаруы тиіс.</h4>

Жергілікті өзін - өзі  басқарудың  құрылымдарына –  азаматтардың тұрақты тұратын аумақтық құрылымдарда жеке өздері тұрғындар тобы жинақы тұратын және де тарихи, ұлттық және басқа да жергілікті мүдделерін ескере отырып, жергілікті деңгейдегі мәселелерге байланысты шешімдерін қабылдауға шақырылған, билікті жүзеге асыратын ұйымдастырылған нысан.

Жергілікті өзін - өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай –ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа  жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Жергілікті өзін - өзі  басқару органдарын ұйымдастыру  мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.

Жергілікті өзін - өзі  басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.

Облыстық жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру  нысандарына: тікелей сайлаулар, азаматтардың жалпы жиналыстары, азаматтардың конференциялары  жатады.

Жергілікті өзін - өзі  басқарудың функцияларына: облыс территориясындағы  жергілікті істерді шешуге тұрғындардың қатысуын қастамасыз ету, коммуналдық меншікті және қаржылық құралдарды басқару, облыстағы аумақтардың дамуын қамтамасыз етуді, облыс тұрғындарына әлеуметтік – мәдени, коммуналды – тұрмыстық және басқа да қызметтер көрсету, облыс территориясында қоғамдық тәртіпті қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүдделері мен құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір жергілікті өзін - өзі басқару органдары өздерінің  жарғысын қабылдайды. Жарғыны өз бетімен дайындайды. Жарғы қабылдағаннан кейін жария етіліп күшіне енеді.

Жарғыда мына төменгідей ережелер көрсетіледі:

  • жергілікті өзін - өзі басқару органының аты, құрамы, территориясының шекарасы, таңбасы;
  • жергілікті өзін - өзі басқаруорганына қатысты мәселелер;
  • халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу формалары, тәртібі және кепілдігі;
  • жергілікті өзін - өзі басқару құрылымы, оны құру тәртібі, жергілікті өзін - өзі басқару органының және лауазымды тұлғалардың өкілеттігі, олардың өкілеттігінің мерзімі;
  • жергілікті өзін - өзі басқару органының нормативтік құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау тәртібі және күшіне енуі;
  • муниципалды қызметті ұйымдастыру шарты мен тәртібі;
  • жергілікті өзін - өзі басқару өзін - өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық және қаржылық негізі;
  • жергілікті өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері;

Шымкент қаласы 60-шы жылдан бастап дамыған өнеркәсібі

бар ірі облыс орталығы. Қаланың өнеркәсіп спецификасы  тарихи қалыптасқан. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы аудандарының орталығы болды. Жергілікті шикізат базасында қалада жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі дамыды.

60 жылдан бастап қаланың  өнеркәсібі демографиялық факторды  есепке ала отырып дами бастады.  Республикаға қажетті маңызы  бар өнімдер өндіретін: цемент заводы, фосфор зауыты, кірпіш және бірқатар өнеркәсіп орындары қарқынды жұмыс істеп келді.

Облыста ірі қалаларға  – Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан  қалалары жатады. Облыста 11 аудандық құрылым: Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, төлеби, Түлкібас және Шардара аудандары, Түркістан қаласы. 

 

1.2 Жергілікті өзін-өзі  басқарудың экономикалық механизмдері

 

Көптеген мемлекеттердегі  мемлекеттік және муниципалдық құрылымды  тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.

 ЖӨӨБ-дың экономикалық  негізі мына түрде қалыптасады.</h4>

а)ЖӨӨБ-ратын қауымның меншігі;

б)Мемлекеттік меншіктің  ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;

в)қолданыстағы заңға  сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада  меншік түрлері;

г)жергілікті қаржылар.

ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік құқық.

Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.

Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару  мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.

Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы  өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.

Осы мақсатқа орай коммуналдық  меншікке байланыста экономикалық қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді. Ұдайы  өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып, сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап өту керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі игіліктер болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа меншіктің басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.

Өндіру кезеңіндегі  меншік қатынасы өндіріс құрал-жабтықтарымен  жұмысшы-қызметшілерді белгілі бір  қоғамдық нышанда (иемдену сипаты) қосумен  сипатталады. Егер өндіріс құрал-жабдықтары коммуналдық меншікте болатын болса, ондай иемдену жергілікті басқару органдарының араласуымен жүзеге асырылады. Ол органдар коммуналдық кәсіпорындар жетекшілері арқылы дерективті түрде ондай иемденудің көлемін, мерзімін және нышандарын анықтайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтары меншіктің жеке, аралас, акционерлік нышандарында болатын болса, онда жергілікті жер тұрғындарының мүддесін қорғайтын әлеуметтік институттар дербес тұтынуға қабілеті жоқ, бірақ бірлесе тұтынылатын арнаулы игіліктерге тапсырыс бере отырып өндіріс құрал-жабдықтарын иемденіге олардың жұмысының нәтижесіне ақы төлеу арқылы жанама түрде әсер етеді.

Осыған байланысты, дәлірек  айтсақ, өндірілетін игіліктердің ерекшелігіне қарай өндіріс құрал-жабдықтарын  иемденудің негізінде еңбектің ерекше сипаты жатыр. Бұндай еңбектің шығыны, дербес сұраныммен реттелмейді, олар өндіріс процесінде тікелей қоғамдық немесе қоғамдық-қажетті еңбек сипатында болады. Одан басқа, өндіріс құрал-жабдықтарын иемдену мемлекеттің атқарушы және өкілетті органдар арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан, айырбас кезеңіне дейін тікелей өндіріс процесінде еңбекті қоғамдақ есепке алу орын алады. Қоғамдық меншіктің негізгі объектілері болып табылатын монополиялардың өндіріс құрал-жабдықтарының буындық құрылымы кеңістікте еңбектің шығынының көрінуіне мүмкіндік бермейді, бұл оларды тікелей өндіріс кезеңінде бақылауды қиындатады. Сондықтан осы игіліктің түпкі тұтыну кезеңіне аударады.

Коммуналдық меншіктің  арнаулы өндіріс құрал-жабдығы, маңызды  объектісі жер б.т. Жерге коммуналдық  меншік коммуналдық құрылымдарды жоспарлы орналастыруға мүмкіндік береді. Жер ресурсын меншіктің әртүрлі нышанында иемдену оны басқа субъектілермен иемденуді шектейді, ал ол жер өзінің иемдену және өндіру шарты деп есептейтін қоғамдық игіліктерді иемденуге кедергі жасайды. Нәтижесінде коммуналдық құрылымдардың қажеттіліктері тоық қанағаттандырылмайды. Шектеулі ресурс ретіндегі жердің құндылығы және қоғамдық аралас игіліктерді өндірудегі ролі қазіргі таңда, әсіресе жерге жеке меншік енгізілуі жағдайында артып отырғанын ескеру қажет. Сондықтан коммуналдық меншіктің барлық объектілері мен субъектілері орналасатын коммуналдық жерлерді негізгі және барынша болашағы бар меншік объектісі деп қарауға болады.

Өндіріс құрал-жабдықтары мен коммуналдық меншік объектісіне  шаруашылық жүргізудің жалпы шарты, оның нәтижесіне жатады. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық секторға барынша сәйкес қызмет көрсету саласы коммуналдық меншіктің маңызды құрамдас бөлігі б.т.

Қазақстандағы 5175 мемлекеттік  меншік объектілерінің 90,4% коммуналдық  меншікке тиесілі, ал ол объектілердің 85-90% қызмет көсетуді өндіру ролін атқарады.

Қызмет көрсету саласы материалдық және материалдық емес салаларын қамтитын болғандықтан, олардың  қызметі материалдық және таза қызмет көрсету болып бөлінеді. Материалдық  қызмет көрсетудің нәтижесі тұтыну құны, оны тұтынушыға жеткізу коммуналдық меншік объектісінің экономикалық өткізілуін сипаттайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан материалдық игіліктерді иемдену қатынасы өндірістің нәтижесін иемдену бойынша қатынастардың құрамдас бөлігі б.т.

Коммуналдық қызметке барынша  тән жергілікті басқару, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тағы да сол сияқты салалар таза қызмет көрсету өрісіне жатады. Әрине  бұл салалардың игілігі зат нышанында  көрінбейді, бірақ олар сондай игіліктерді  өндіруде қолданылатын материалдық құрал-жабдықтардан мықты тәуелді болады. Таза қызмет көрсетуді өндіру қоғамның жеке тұтынуының құрамдас бөлігі болғандақтан, оларды өндіретін құрал-жабдықтар қоғам үшін ерекше сипаттағы тұтыну заты б.т. Таза қызмет көрсетуді өндірудің тағы бір ерекшелігі – бұл салада еңбек құн жасалмайды және қажетті материалдық шығындардың құнын еңбектің нәтижесіне аудармайды. Бұл жерде тұтыну құны тиімді іс-әрекет ретінде тірі еңбектің өзі түрінде көрінеді (айталық, оқытушының лекциясы, дәрігердің консултациясы т.с.с.). Нарықтық экономика жағдайында материалдық емес өндірістің игіліктері ақшалай бағаланатын және ондай бағаланудың ерекшелігін ескеру маңызды. “Егер нарықта материалдық өнімдердің тұтыну құны және құны болатын болса, ал қызмет түріндегі тұтыну заттарының құны және айырбас құны болады”.

Коммуналдық меншіктің  қызмет көрсету объектілерін теориялық  тұрғыдан негіздеу мынандай қорытынды  жасауды қажет етеді. 

1-ден, бұл объектілер  коммуналдық құрылым субъектілерінің  мүддесін өткізетін салалар екендігін басшылыққа алу қажет.

2-ден, әлеуметтік-қоғамдық  маңызы зор материалдық және  материалдық емес қызмет көрсету  салалары нарықтық қатынастар  ортасында әрекет ететінін тұрақты  назарда ұстаған жөн. Дәлірек  айтсақ қызмет көрсету ақшалай  бағаланатын болғандықтан, олардың тарифтері халықтың төлем қабілеті бар сұранымына сәйкес болуын қадағалап реттеп отыру орынды.

3-ден, ең бастысы  мұндай объектілердің экономикалық  және құқықтық статустарын барынша  нақты айқындау қажет, онсыз  олар өздерінің әлеуметтік-қағамдық ролін тиімді атқара алмайды.

Көп жағдайда қоғамдық игіліктерді  өндіретін мекемелердің тиімді жұмыс  жасауы коммерцеиялық емес ұстанымдар негізінде құрылады. Сондықтан “ондай игіліктерді өндірудің барынша  сәйкес механизмі, сол мекемелердің жұмысын міндетті салық салу және азаматтардың сайлау құқы арқылы қоғамдық таңдау механизмін пайдалану негізіндегі бюджеттік қаржыландыру б.т.”  Бюджеттік қаржыландыру жақсы жолға қойылған аудит және бюджет қаржы процесін бақылау, аккредитация, сертификация, аттестация, басқа да мемлекеттік бақылау жүйесін қажет етеді.

Коммуналдық меншік объектілері  болып табылатын көптеген әлеуметтік-мәдени салалар “квазиқағамдық”, басқаша  айтқанда аралас қоғамдық қызметтер  көрсетеді.

Сондықтан оларды ұдайы  өндіру механизмі мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардың болуын қажет ететін аралас экономика ұстанымына негізделіп құралады. Бір жағынан мұндай мекемелерде пайда табу олардың іс-әрекеттерінің басты түрткісі бола алмайды, ал екінші жағынан дербес игілік қасиеті бар функциялары таза коммерциялық негізде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, азаматтар үшін ақылы және тегінде қызмет көрсетуді,оларды бюджеттік, нарықтық және рақымшалық негізде көп арналы қаржыландыруды көздейді. Жалпы аралас қоғамдық игіліктерді өндіруде белгілі бір заңдылық бар: игілік жергілікті қауымдастыққа неғұрлым маңызды болса, солғұрлым ол пайдалы, себебі ондай игілікке мұқтаждық бар және адамдар оны төлеуге дайын. Пайда алу мүмкіндігі, берілген игілікті өндірудің экономикалық немесе экономикалық емес сипатын көрсетеді. Игіліктің жоғарғы пайдалылығы, егер әлеуметтік институттар мен заң тарапынан бөгет болмаса, объектінің нарықтық айналысқа өтуіне кепілдік береді.

Жоғарыда ұдайы өндіріс  процесінің өндіру кезеңінде коммуналдық  меншік объектілерін иеленуге байланысты қатынастарға талдау жасалды.

Бірақ меншік объектісі  меншік қатынастарының пассивті жағы екендігін ескерген жөн. Ал оның активті  жағын меншік субъектілері құрайды. Себебі меншік иесінің меншікті иемдену  құқы, оны экономикалық өткізу мүмкіндігі болады. Меншік субъектілеріне жеке адамдар топтар, немесе адамдардың қауымдастығы жатады, шын мәнәнде меншік құқы сол тұлғалардың мүддесіне қарай өткізіледі.

Осы тұрғыдан алғанда  меншік қатынасы «субъект-объектң, «субъект-субъектң болып айрықшаланады. Субъектілік-объектілік қатынастар меншік қатынасының бастау және материалдық алғы шарты б.т. Ал субъектілі-субъектілік қатынастар әлеуметтік-экономикалық сипатта болады, және меншік иелерінің арасында мүлікті, өнімдерді, тауарларды, басқа да құндылықтарды бөлу нышандарын тудырады. Қорыта айтатын болсақ меншік қатынастарының пайда болуы үшін субъектінің өзін-өзі меншік субъектісімін деп сезінуі, түйсінуі, объектінің және басқа субъектілердің болуы қажет.

Коммуналдық меншік субъектілерінің  ұдайы өндіріс процесіне қатысу ұснанымы және өздерін меншік иесі ретінде өткізу шамасына қарай құрылған құрылымы болады. Коммуналдық меншіктің негізгі  субъектісі – жергілікті билік органдарына меншік иесі функциясына өкілеттік беретін нақты коммуналдық тұрғындары. Жергілікті деңгейдегі ауқымды қажеттіліктердің негізінде қалыптасатын тұрғандардың терриоториялық мүдделері жергілікті қауымдастық тұрғындарын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болады, ынталандырады. Көп жағдайда жергілікті қауымдастықтың мүдделері пәрменді, олар жергілікті адамдардың тұрмыс, әдет, дәстүрлерімен байланысты болады. Сондықтан жергілікті басқару органдары тұрғындардың нақты мүдделерінің жаршысы ретінде жергілікті өндірісті тұтынуға бағдарлауға, онда болатын өзгерістерге барынша сезімтал болуға мәжбүр етеді. Шын мәнінде аумақтық жергілікті мүдделер коммуналдық меншік қатынастарының көрінісі б.т. Коммуналдық меншік субектілерінің күрделі құрылымы өндіріс құрал-жабдықтарын және шарттарын, әлеуметтік сала объектілерін пайдалануы бойынша жергілікті билік органдары мен билік басында тұрған мемлекеттік органдардың арасында, меншік субъектілері мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің, жұмыс істейтіндердің салалық топтары мен кәсіпорынның ішкі ұжымдары арасындағы экономикалық қатынастарды анықтайды.

Коммуналдық меншік субъектісіне байланысты экономикалық қатынастар жүйесін  біржақты құқықтық пайымдау жергілікті аумақтың құрылым мәселелерін шешуде қолбайлау болуы, тіпті жергілікті басқару органдары тарапынан  коммуналдық меншік обектілерін иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты билік жолсыздықтарына жол беруі мүмкін.

Соған сәйкес Қазақстандағы  «субъектілік-объектілікң қатынастар сұлбалы түрде былай көрінеді (6-сурет).

Шын мәнінде коммуналдық  меншік субъектілерінің құрылымына мемлекеттік биліктің коммуналдық органдары, жергілікті билік және басқару органдары, коммуналдық құрылым аумағына орналасқан мемлекеттік, аралас, мемлекеттік емес нышандардағы шаруашылық жүргізу субъектілері, негізгі субъект болып табылатын жергілікті қауымдастық халқы кіреді. Коммуналдық меншік субъектілерінің күрделі құрылымын осылайша анықтау олардың арасында орын алатын экономикалық қатынастардың ұдайы өндірісінің әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді өткізілуін жүзеге асыруға мүмкіндік берер еді.

Ұдайы өндіріс процесін бөлу кезеңінде коммуналдық меншікте тұрған игіліктерді бөлу және ұдайы  өндіру шартының ұстанымдарын айқындау қажет. Коммуналдық меншік игіліктерінің  ерекшеліктеріне қарай олардың  елеулі бөлігі жергілікті қауымдастық  мүддесіне сәйкес қажеттілік бойынша бөлінеді. Бірақ субъектілердің тұрған жеріне және әлеуметтік-кәсіби статустарының ерекшеліктеріне қарай коммуналдық меншік игіліктерін тұтынуда теңсіздік орын алады.

Бөлу кезеңіндегі «субъектілік-объектілікң  қатынастар барынша күрделенеді. Біріншіден, меншіктің түрлі насанындағы тауар өндіруші субъектілер өздерінің жеке бастарының мүдделерін басшылыққа ала отырып өндірілген өнімдерін бөледі. Екіншіден, жергілікті коммуналдық институттар айырбас кезеңінде игіліктерді сатып алады, кейін оларды өздерінің ұстанымдарына орай бөлінеді.

Осыған байланысты қайшылықтар  орын алуы мүмкін. Айталық, бөлу принципі бойынша жергілікті басқару органдары  мен тұрғындардың арасындағы келіспеушілік  немесе тұрғындардың жеңілдік алу құқы бар және коммуналдық құрылымның қалған топтарының мүдделеріне сәйкес болмауы сияқты құбылыстар. Мұндай қайшылықтарды шешу қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды, тұрғындар тарапынан коммуналдық құрылымның билік органдарының үстінен бақылауды күшейтуді талап етеді.

Ұдайы өндіріс процесінің “субъектілік-субъектілік” қатынастарға байланысты проблемалар айырбас кезеңінде орын табады. Айталық, айырбас кезеңінде коммуналдық  деңгейдегі “қоғамдық игіліктер” тауар нышанында болмайды, олар тұтынушыға тауар-ақша қатынасының араласуынсыз жетеді. Әрине, бұдан ондай игіліктер тегін таратылады деген пікір тумауы керек. Оларды төлеу белгілі бір терриоториялық қауымдастық тұрғындарынан алынатын салықтар, басқада ақшалай міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады. Себебі қендай да бір болмасын игілікті өндіру құндық сипатта болады және жергілікті шаруашылықта қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшінің тауарлы нышанында көрінеді. Нәтижесінде айырбас саласында қлғамдық игіліктерді иемдену қатынасы тауарлы, құндық нышанда болмайды. Мұндай сәйкессіздікті жергілікті әлеуметтік институттардың ролімен түсіндіруге болады, себебі олар бұл процестерді өткізуге делдал бола отырып, тұтынылуға тиісті ұстаныммен сипатталатын қоғамдық игіліктерді өздерінің мүддесіне икемдейді.

Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі