Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.

Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару  – заңнамалық актілерінде белгіленген  құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

 «Қазақстан - 2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болды.

Соңғы жылдары мемлекеттік  басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету проблемасы көптеген қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың талдаулары мен пікір-таластарының ерекше тақырыбына айналып, басылым беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселені шешу туралы көптеген пікірлер айтылуда және әр түрлі тәсілдер ұсынылуда.

Бүгінгі күн тәртібіне  өткір қойылып отырған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесі  жергілікті шаруашьшықты қалыптастыруға, оны жетілдіруге бірден-бір бастама болып табылады. Ауыспалы кезеңде қаржы ресурстарын әр түрлі билік деңгейлері арасында қайта бөлу, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар есебінен қаржылық көмек көрсету тетіктері бар. Жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіру үшін де алдымен оның қаржылық астарын қарастыру керек. Өйткені, біздегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, инвестициялық және тағы басқа әлеуетін салыстырмалы түрде қарастырғанда оның көрсеткіштерінің деңгейі едәуір алшақтықпен сипатталатынын көреміз. Аймақтардың қаржылық мүмкіндігін кеңейту, олардың қаржы саласындағы дербестіктерін арттыру жергілікгі шаруашылыкты дамытудағы ең басты мәселе. Сондықтан да жоғары тұрған бюджеттен төменгі бюджетке трансферттер, субсидиялар бөлу унитарлы және федерациялы мемлекеттерде кеңінен тараған. Яғни қаржылық ағымдар процесі бюджетаралық қатынас-тар негізін кұрайды.

Курстық жұмыстың мақсаты  Қазақстандағы жергілікті басқарудың құқықтық негіздерін ұсыну табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін айқындау;
  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелерін белгілеу;
  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің дамуын сипаттау;
  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды заңмен қамтамасыз етудегі проблемаларды жан-жақты талқылау;
  • Жергілікті өзін-өзі баасқарудың құқықтық негіздерінің мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің теориясы

1.1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: “...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.

Мәслихаттар мен әкiмияттар  өз қызметiнде:

1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының  мүдделерiн сақтауға;

3) қызметтiң қоғамдық  маңызы бар салаларында белгiленген  жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

4) азаматтардың құқықтары  мен заңды мүдделерiнiң сақталуын  қамтамасыз етуге мiндеттi  [1].

Еліміз өтпелі кезеңде  биліктің атқарушы тармағын күшейте  отырып, өзін-өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін, экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.

Сондықтан өзін-өзі басқаруға  біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.

Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.

Жергілікті өзін-өзі  басқаруды конституциялық-құқықтық реттеудің теориялық базасы Еуропа Хартиясы бекіткен муниципалды демократия мен муниципалды басқарудың әлем мойындаған құндылықтарынан тұратыны белгілі. Олар мыналар: жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық құрылыс негіздерінің бірін құрайды; азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу құқы тікелей жергілікті жерде жүзеге асырылады; жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шынайы биліктің үлес беруі; демократиялық жолмен құрылған жергілікті өзін өзі басқару органы өзінің құзырына кіретін мәселелерді үй ішінен үй тіккендей бөліп алуы және оларды жүзеге асырудың тәртібін анықтап алуы керек және ол үшін қаржысы болуы қажет.

Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқаруды енгізу Қазақстанның бірнеше халықаралық саяси институттарға және үдерістерге қатысуына, бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуіне, ЕҚЫҰ-ны басқару мақсаттарымызға және Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыруымызға қызмет етуге тиіс.

ҚР Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:

1. Қазақстан Республикасының Президенті;

2. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы;

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі;

5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган;

6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган;

7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган;

8. Ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті орган;

9. Мәслихат;

10. Жергілікті атқарушы орган құрайды. Бюджетаралық қатынастардың дамуын қалыптастыруға тікелей әсер еткен бірқатар факторларды атап кету жөн:

-   мемлекеттік құрылыстың ауысуы;

-   еліміз аумағының кеңдігі;

-   ел аймақтарының ресурстық әлеуетінің, табиғи-климаттық жағдайының, қаржы-экономикалық базасының әртүрлілігі;

-   Аумақтық-орналастырушьшық факторды (аймақтардағы көлік, энергетика, коммуникациялық байланыс жүйелерінің әралуандыгы).

Ал әлеуметтік фактор халықтың өмір сүру деңгейінің әр аймақта әр түрлі екендігін көрсетеді. Осыдан келіп назар аударуға тұрарлық мынадай мәселелер туындайды:

-   жергілікті басқаруды құқықтық реттеу;

-   жергілікті бюджет (табыс көздері, шығындары, оларды теңестіру механизмдері);

-   жергілікті меншікті иелену;

-   жергілікті қызмет.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды құқықытық тұрғыда жетілдіру барысында көптеген мәселелер оң жолға қойылып келеді. Жергілікті басқарудың басты объектісі жергілікті шаруашьшық ауыл шаруашылығына негізделген. Оны мемлекет тарапынан реттеу әкімшілік әдістермен де жүзеге асып келеді. Оған «Қазақстан Республикасының агроөнеркэсіп кешенін және ауылдық аумақ-тарды мемлекеттік реттеу» туралы Заңы нақты дәлел бола алады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақгарды мемлекеттік реттеудің мақсаты - ауылдық Аумақтық әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту, мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық және әлеуметтік тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеуде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға экономикалық жағдай жасау болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірі — мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату. Осыған байланысты жергілікті өкілетті органдардың (мәслихат) өкілеттіктері мынадай:

1) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту;

2) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақ саласындағы шараларды қаржыландырудың көздері қарастырылған жергілікті бюджетті бекіту;

3) жергілікті атқарушы органдар жетекшілерінің агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамыту мәселелері бойынша есептерін тындау.

Жергілікті атқарушы органдардың  өкілеттіктері (әкімият):

1) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, мәслихаттын бекітуіне ұсыну;

2) агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне мемлекеттің осы саладағы саясатының бағытын, механизмдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3) ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін дамытудың орта-мерзімді жоспарларын әзірлеу бойьшша ұсыныстар жасау;

4) агроөнеркәсіп кешенінде кадрлардың біліктілігін көтеру, оларды дайындау, кадрмен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;

5) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағдарламасының қатысушыларын анықтау бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру;

6) агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық тәжірибені таратубойынша жұмысты ұйымдастыру және т.б. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақты дамытуды емлекеттж реттеу құралдары:

    • агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарда кредиттеуді дамыту;
    • субсидиялау;
    • сатып алу операцияларын жүргізу;
    • бағалық интервенция;
    • мамандандырылған ұйымдар кұру;
    • аталған кешеннің тауарларын экспорттау мен импорттауды реттеу;
    • техникалық жабдықтау;
    • ақпараттық-маркетингілік қамтамасыз ету;
    • ғылыми, нормативті-әдістемелік қамтамасыз ету және кадрларды дайындау;
    • ауылдық аумактың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына инвестиция тарту;
    • ауыл халқын ұжымды орналастыру;
    • салыктық, бюджеттік, кедеңдік-тарифтік, техникалық реттеу.[2]

2005 жылы Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарлама (2003-2005 жж.) аяқталды. Соның негізінде аталмыш саланы әрі қарай дамьпу бойынша 2006-2010 жылдарда агроөнеркәсіп кешенінің тұракты даму Концепциясын жүзеге асырудың 2006-2008 жылдарға арналған алғашқы шараларының Бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 6 наурызындағы №149 Қаулысымен бекітілді. 2005 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 764,8 млрд теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға өсті. Жалпы өндірістің құрылымында мал шаруашылығының үлес салмағы өсіп келеді, ол 46,5%-ды құрайды. Бұл үлкен бағдарламаның мақсаты - ауыл шаруашылығы салаларының өндірімділігінің және табыстылығының негізінде агроөнеркэсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және отандық өнімнің ұлттық бәсекелік артықшылығын дамыту болып табылады. Басты міндеттердің бірқатары төмендегідей:

-   аймақты мамандандыру және ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру;

-   агроөнеркэсіп кешені салаларын техникалық және технологиялық модернизациялауды қамтамасыз ету;

-   кластерлік басымдылықтар негізінде интеграцияланған өндірісті қалыптастыру;

-   азық-түлік өнімі нарығын реттеудің жаңа механимздерін енгізу;

-   ауыл шаруашылығы өнімін дайындау және көтерме бағамен сату жүйесін дамыту;

- қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдарын, ақпараттық-инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

-   агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын дамыту және кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру [3].

2008 жыл ішінде Үкіметтің  2008 жылға заң жобалары бойынша  жұмыс жоспарын іске асыруда  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бірлесіп «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» және «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін  енгізу бойынша халықаралық және жергілікті сарапшылармен кездесулер өткізілді, сонымен қатар,  семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

2007 жылдың мамыр айында  Қазақстанда өзін-өзі басқаруға  қатысты Конституцияға өзгерістер  енгізілген. Біріншіден,  қоғамдық  және мемлекеттік институттардың  қосылуына жол берілмейтіндігі  туралы норма алынып тасталды.

Екіншіден, жергілікті өзін-өзі  басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын  аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында  жұмыс істеп  тұрған жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттардың тиісті мемлекеттік өкілеттіктерінің базасында жергілікті өзін-өзі басқарудың осы заманғы жүйесін құру  мүмкіндігі туралы пікір айтқан болатын.

Бұдан басқа, заң жобасында  мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі  басқарудың негізгі буыны ретінде  рөлі мен функцияларын айқын бекіту қажеттігі атап көрсетілді.

Айтылғандарды ескере отырып заң жобасында  жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асыру көзделген.

Заң жобасына сәйкес жергілікті өзін- өзі басқару облыс, аудан, қала, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін кенттер және ауылдар шегінде жүзеге асырылады.

 

1.2 Қазақстандағы жергілікті  өзін-өзі басқарудың мәселелері

 

Жергілікті жерлерде, әкімшілік-аумақтық бірліктерде мемлекеттік басқаруда жергілікті атқарушы органдар: облыс, аудан, қала, ауыл, село поселкі әкімдері; жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, бөлімдері, комиссиялары үлкен роль атқарады. Конституция жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіретіндігін, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті аумақтардың даму мүддесі мен сұраныстарына үйлестіре жүргізуді камтамасыз ететіндігін белгіледі.

Облыстардың, республикалық дәрежедегі қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынысымен Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерін соған катысты жоғары тұрған әкімдер қызметке тағайындап, қызметтен босатады.

Әкімдер Президент пен Үкіметтің  өкілдері болып табылады. Республика Президенті өз қалауымен әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Облыс, республикалық дәрежедегі қала және астана әкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен күнінен бастап тоқтатылады.

Жергілікті әкімшіліктің қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін әкімнін аппараты құрылады. Аппарат әкімге бағынады [4].

Аппараттың штатын, еңбек ақы  төлеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайын республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде әкім бекітеді. Қызмет аппаратының құрылымы тиісті әкімшіліктің атқаратын жұмысының көлемі мен сипатына байланысты болады. Ауылдық және селолық әкімдердің іс-жүргізушіден және есепші-кассирден тұратын аппараты болады. Ол әкімшілік ісін жүргізеді, құжаттардың сақталуына жауап береді, азаматтардың анықтамаларын ресімдейді, әскерге міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың алғашқы есебін қамтамасыз етеді және басқа жұмыстар атқарады. Облыстарда, аудандарда, қалаларда аппарат жалпы бөлімнен, ұйымдастыру-нұсқау бөлімінен, жергілікті әкімшілік хатшылығынан, кадр бөлімінен, заң бөлімінен (бюросынан) немесе заң кеңесінісінен және басқаларынан тұрады.

Облыстық әкімшіліктері  бөлімдерінің, басқармаларының және баска бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін республика Үкіметі жобалап әзірлейді және бекітеді. Аудандық, калалық, қаладағы аудандық әкімшіліктердің бөлімдерінің, басқармала-рының және басқа да бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін жоғары түрған әкім әзірлейді. Жергілікті әкімшіліктердің штатын, енбек ақы төлеу және материалдық-ехникалық жағынан камтамасыз ету жағдайын (республика бюджетінен қаржылан-дырылатыннан өзге) республика үкіметі белгілеген лимит және бөлінген қаржы шегінде жергілікті әкімдер белгілеп, өзгертеді.

Облыстық, аудандық, калалық  мәслихаттар депутаттардың жалпы  санының үштен екісінің жабык  көпшілік дауыс беруімен жергілікті әкімшілік органының басшысына  сенімсіздік білдіруіне және осы  мәселе бойынша дәлелденген шешім  қабылдайтын және ол туралы тиісті мәслихатты хабардар ететін тиісті әкім алдына оны қызметінен босату туралы мәселе коюға құқылы.

Елімізде мемлекеттік  басқару жүйесіне көптеген жаңа механизмдер  енгізілу үстінде. Бұл құбылыстың негізгі ағымдарын анықтап, белгілі қорытындылар жасауға мүмкіндігіміз бар екендігі талас тудырмайды. Дәл қазір жергілікті басқару жүйесі қалыптасып бітті деуге де негіз бар. Жергілікті басқару мәселесі  күн тәртібіне нық қойылып, оны жетілдіру жолдары жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануда.

Таяуда қабылданған 2007-2024 жылдарда Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының басты мақсаты өмір сүрудің сапасын арттыру және ұзақ мерзімді болашакта елдің бәсеке қабілетін қамтамасыз ету негізі ретінде Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерінің тепе-тендігіне қол жеткізу болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді бағдарламасының «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудін іргетасы ретінде одан әрі  жаңарту мен әртараптандыру» тарауында қарастырылған мәселелердің ішінде 2015 жылға дейінгі аумақтың даму стратегиясы әзірлеу көзделген. Осыған сәйкес Үкімет отырысында аталмыш стратегияның жобасыәэзірленіп, бірауыздан қабылданды.

Стратегия өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастырудың экономикалық әлеуетті және халықты орналастыруды ұтымды ауқымдылықта ұйымдастырудың негізінде елдің тұрақты дамуын және халықтың қолайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Құжат аумақтарда кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі елдің аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиісті мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастырудың немесе түзетудің негізіне айналады. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде минералды шикізат ресурстарын игеру және өндіруші өнеркәсіпті дамыту елдің экономикалық даму қарқынын белгілеп береді [5].

Ел өңірлерінің бәсекеге қабілетін арттыру міндеттерін шешу мақсатында ұлттық, өңірлік және әлемдік экономикалық жүйеге жаңа - желілік аумақтық-экономикалық ұйымының моделіне негізделетін болады. Ол кластерлік ұстанымды пайдалана отырып, ресурстарды жұмылдыруға негізделетін икемді маманданумен және инновацияларға қабілеттілігімен сипатталады. Аумақтық дамудың институттық жүйесін күшейту, бюджеттік қаржыландыру тетіктерін жетілдіру көзделіп отыр. Олар конституциялық және басқа да заңнамалық актілермен кепілді берілген мемлекеттік сектордың  қызметкерлеріне барлық өңір тұрғындарының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта 2008 жылдан бастап жалпы сипаттағы ресми трансферттердің мөлшерін айқындаудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылады.

Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық  қамтамасыз ету экономикалық белсенділіктің өсуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасауға және инновациялық, көлік-коммуникация, әлеуметтік, тұрмыстык саланы әрі туристік-рекреациялық инфрақұрылымдар кешенін үйлестіре дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоғарыда аталған мәселелердің республиканың барлық аумағында толықтай жүзеге асуы үшін жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүктелетін жауапкершіліктердің көбейіп, өкілеттіліктерінін де артатыны, нәтижесінде жергілікті баскару мәселесінің өзектілігі арта түсетіндігі белгілі.

 

 

ІІ. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы

2.1 Қазақстандағы жергілікті  өзін-өзі басқарудың Конституциялық негіздері

 

Үкіметтің 2008 жылға заң  жобалары бойынша жұмыс жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бірлесіп «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» және «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасында  жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін  енгізу бойынша халықаралық және жергілікті сарапшылармен кездесулер өткізілді, сонымен қатар,  семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

2007 жылдың мамыр айында  Қазақстанда өзін-өзі басқаруға  қатысты Конституцияға өзгерістер  енгізілген

Біріншіден,  қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына  жол берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды.

Екіншіден, жергілікті өзін-өзі  басқаруды халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын  аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында  жұмыс істеп  тұрған жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттардың тиісті мемлекеттік өкілеттіктерінің базасында жергілікті өзін-өзі басқарудың осы заманғы жүйесін құру  мүмкіндігі туралы пікір айтқан болатын.

Бұдан басқа, заң жобасында  мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі  басқарудың негізгі буыны ретінде  рөлі мен функцияларын айқын бекіту қажеттігі атап көрсетілді.

Айтылғандарды ескере отырып заң жобасында жергілікті өзін-өзі  басқаруды тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару  органдары арқылы  жүзеге асыру көзделген.

Заң жобасына сәйкес жергілікті өзін- өзі басқару облыс, аудан, қала, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін кенттер және ауылдар шегінде жүзеге асырылады [6].

Әкімге мемлекеттік  басқару функциясымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың  атқару органдарының функцияларын жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Сондай-ақ заң   жобасында  мәслихаттардың Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату  бойынша өкілеттіктерін іске асыру  тәртібі көзделген.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында  «Қазақстан Республикасында  мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлданды.

Заң жобасы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1066 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді [7].

Экономикалық реформа және өңірлік  даму комитетінің хатшысы, аталған  заң жобасы бойынша жұмыс тобының  жетекшісі, депутат Мұрат Әбеновтың айтуынша, "Қоғамды әрі қарай демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу жағдайында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу айрықша маңызды болып қала бермек. Оның үстіне әлемдегі нарықтық қатынастардың дамуы мен ақпарат және басқару саласында орын алған революциялар белгілі бір субьектілер қызметіне орталықтандырылған мемлекеттік ықпал ету мүмкіндігін мейлінше қысқартуда. Өздеріңізге белгілі, ұтымды ұйымдастырылған өзін-өзі басқару жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемдегі қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдайында өмір сүру жағдайын жақсартуда тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару әлеуетін пайдалану тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде ұсынылуда".

Жергілікті өзін-өзі  басқару, тұрғындардың өмір сүру жағдайында маңызды мәселелерді шешу белсенділігін  арттыру қосымша қоғамдағы ішкі күштердің күшеюі мен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдатады.

Халықаралық тәжірибе жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті салт-дәстүр, экономикасы және тағы да басқа жағдайларға  байланысты, тіпті бір мемлекет көлемінде  болса да айтарлықтай өзгешеліктер байқалатынын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару елдің мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеленеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық реттеу унитарлы мемлекеттерде федеративті елдерге қарағанда басқаша шешіледі.

Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері