Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

Мазмұны

 

 

Кіріспе

4

1

Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері

11

1.1

Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

11

1.2

Жерді пайдаланудың теориялық мәнi мен маңызы

13

1.3

Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу механизмі және оны жүзеге асырудың жолдары

21

2

Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес жер нарығын құқықтық реттеу аспектілері

29

2.1

Жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттары және жер нарығын реформалау мәселелері

29

2.2

Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастары мен жер нарығында жасалатын мәмілелердің маңыздылығы

35

3

Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

47

3.1

Жерге жеке меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері

47

3.2

Жер учаскелерінің сервитуты

56

3.3

Жерге жеке меншік құқығының тоқтату негіздері

66

 

Қорытынды

75

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

79


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси және экономикалық құрылысты қайта құру процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және жер реформасын жүргізу қажеттігін туғызды. Елбасының Жарлығымен 1991 жылы қолға алынған жер реформасы жер қатынастарын қайта құру және жерге қатысты түрлі нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу, сонымен қатар, жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне, жер нарығын жетілдірудегі азаматтық және жер заңдарын одан әрі дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін органдардың қызметін жетілдіру мәселелері еліміздің егемендік алғаннан кейінгі ең өзекті проблемалардың біріне айналған болатын. Осы мәселелерді түбегейлі шешу зерттеу жұмысымның өзектілігін құрайды. Жер заңдарын жетілдіру қажеттігіне жерді пайдалану құқығының институтын қайта құру және ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу мүмкіндігін қарастыру себепші болды. Бірақ, қоғамның жер меншігіне деген бірыңғай емес көзқарастары жер меншігінің өрісін кеңейтуге мүмкіндік бермеді. Тек 2003 жылы жер кодексі қабылданғаннан кейін жер қатынастарындағы көптеген даулы мәселелер өз шешімін тапқан болатын.

Жер реформасын жүзеге асыру жылдарында республикада жер меншігінің әртүрлі нысандарына, жерді пайдалану құқығы түрлерінің әр алуандылығына, жер телімдерін және жерді пайдалану құқығын нарықтық қатынастарға енгізу, жерді ақылы пайдалануға негізделген жаңа жер қатынастары қалыптасты. Республикамыздағы жер заңдарының дамуы және жетілдіру кезеңдері, ТМД елдерінің ұқсас заңдарымен салыстырғанда нарық жағдайында жердің жеке сипаттары үшін жеке меншікке өту процестері біртіндеп өрбіді. Елдің жер заңдары басқа елдердің ұқсас заңдарына жуық немесе толық үйлеседі. Жер реформасын одан әрі қарай дамуы мен тереңдетілуі жерде тиімді қожалық етуге, елдің басты байлығы-жер ресурстарын тиімді пайдалануға, оларды қорғауға тиімді жағдай жасауға бағытталуы керек. Дипломдық жұмыс бұл тақырыпта таңдаудағы мақсатым-жер нарығындағы бірнеше мәселелерге мынадай бағыттарды ұсыну. Мәселен атап айтатын болсақ:

- жер нарығын мемлекеттік  басқарудың құқықтық әдістерін  одан әрі дамыту;

- жер нарығының іске  қосылып, жұмыс жүргізуін жан-жақты  қамтамасыз ету;

- жерге деген құқықты  қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

- жермен жасалатын мәмілелерді  барынша оңайлату.

Осы мақсатта зерттеуге жету үшін келесі міндеттер алға қойылды: Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелерін, механизмдері мен оны жүзеге асырудың жолдарына талдау жасау. Сонымен бірге, жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттарына және жер нарығын реформалаудың маңыздылығына назар аудару. Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастарының маңыздылығына және жер нарығын жетілдірудегі жер және азаматтық заңдарының негізгі бағыттарын талдай отырып, оның құқықтық негізін жетілдіру жолдарына байланысты түрлі көзқарастар мен ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, тиянақты тұжырымдарға қол жеткізу.

Жалпы дессертациялық жұмысының тақырыбы. Дипломдық зерттеу Қазақстан Республикасы жер құқығы ғылымында негізігі институттардың бірі ретінде танылатын жер нарығы қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелеріне арналған. Жұмыста жер нарығы аясындағы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихын қарастыра отырып, жер нарығы қатынастарының ерекшеліктері мен оны құқықтық реттеудегі өзекті мәселелерді зерттеуге талпыныс жасалды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдың 90-шы жылдарының алғашқы жартысына дейін Қазақстан Республикасы жер құқығы ғылымында осы жұмыста қаралатын өзекті мэселелерге арналған арнайы зерттеу еңбектері болған емес. Кеңес Үкіметі тұсында жер мәселелерімен айналысқан ғалымдар негізінен жерге мемлекеттік меншік монополизмі жағдайларында жерді тиімді, ұтымды пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету әдістерін және нысандарын дайындауға ғана тырысты. Бірақ ондай әдістер алдағы қойған мақсатты қамтамасыз ете алмады, себебі жерде еріксіз еңбек етуге мәжбүр болған еңбеккерлерге жерге деген қажетті қатынастарды тудыру мүмкін емес еді, ондай қатынастар тек қана жер бөліктеріне меншік иесі болып табылатын тұлғаларда ғана болуы мүмкін еді.

Қазіргі кездің өзінде Қазақстан Республикасында жерге жэне жерге жеке меншік құқығының ерекшеліктерін зерттеуге арналған еңбектер көп емес, осы мэселелер бойынша жазылған жұмыстардың көбісі жерге меншікті құқықтық реттеудщ жалпы мәселелерш қарастырады.

Дегенменде Қазақстан Республикасында жер қатынастарын реформалаудың бастауымен жер қүқығы бірқатар күнды ғылыми теориялық зерттеу жүмыс-тарына байи түсті, соның ішінде жер қүқықтық қатынастарының жалпы негіз-дерін зерттеуге, жер ресурстарын қүқықтық реттеуге арналған ғылыми еңбек-терде бар. Оларға Ә.Е. Еренов, Ә.С. Стамқүлов, С. Б. Байсалов, К.А. Шайбеков, Н.Б. Мүхитдинов, Ә.Е. Бектүрғанов, Д.Л. Байделдинов, Л.Қ. Еркінбаева, Ж.Х. Қосанов, Б. Ж. Әбдіраимов, А.Х. Хаджиев, С. Т. Күлтелеев, Ә. Ерэлі, Қ.Ж. Қуандықов, Е.Ш. Дүсіпов жэне т.б. бөліп айтуға болады.

Жер қатынастарын реформалау теориясын дамытуға жақсы үлес қосқан кейінгі жылдардағы келесідей ғалымдардың диссертациялық зерттеулерін атуға болады: Е.Ш. Рахметов, Г.Г. Нүрахметова, М.Н. Айдаболов, А.А. Мүқашева, М.К. Жүсіпбекова, Б. Р. Алимжанов және т.б.

Жер қатынастары, жерге меншік қүқығын, соның ішінде жер нарығы мәселелеріне ресей ғалымдары Г.Е. Быстров, З.С. Беляева, Н.Н. Веденин, Б. В. Ерофеев, Ю.Г. Жариков, И.А. Иконицкая, М.И. Козырь, Н.И. Краснов, М.И. Палладина, И.Ф. Панкратов, Н.А. Сыродоев, Г.В. Чубуков, Л.П. Фомина, С. А. Боголюбов, Г.А. Волков сияқты заңгерлердің зерттеу жүмыстарында кездеседі.

Бірақ қазіргі кезде аталған ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері біздің қарастыратын өзекті мәселелерімізге толық жауап бере алмайды. Реформа-ланған ауыл шаруашылық кәсіпорындары жүмысшыларының жер үлестерін алуы және оған билік жүргізуі жерге жекеменшік механизімін қалыптастыру түрғысынан алғанда олардың қүқықтарын толық анықтай алмайды. Сон-дықтанда осы бағыттағы арнайы зерттеу жүмыстарының жоқтығы маңызды теориялық ақаулықтар туғызып отыр, оның өзі азаматтардың жерге жеке меншік қүқықтарын алудың нақты күрылысын дайындауға мүмкіндік бермейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеудің мақсаты болып, жер нарығының жалпы теориялық мәселелерін саралау, осы саладағы қолданыстағы заңдарды қарастыру, ондағы ақтаңдықтар мен кемшіліктерді айқындау, жер нарығы саласындағы заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен тұжырымдарды дайындау.

- Құқықтық аспектілердің  жер нарығын жетілдіру, жер қатынастарындағы талаптардың сақталуына көңіл бөле отырып, орын алған кемшіліктерді жоюға байланысты ұсыныстар енгізу мәселесін ашу;

- Қазақстан Республикасы  Жер кодексінің 5-бабына сәйкес, “Қазақстан -Республикасы жер заңдарының  міндеттері болып жер учаскесіне  меншік құқығы мен жер пайдалану  құқығы туындауының, өзгертілуі  мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін анықтау болып табылатындығын зерттеу;

- жер учаскелерінің меншік  иелері мен жер пайдаланушылардың  құқықтары мен міндеттерін жүзеге  асыру тәртібін белгілеуін анықтау;

- жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу мәселесін қарастыру;

- шаруашылық жүргізудің  барлық нысандарын тең құқықпен  дамыту үшін жағдайлар жасау  мәселесін зерттеу;

- жеке және заңды тұлғалар  мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау заңнамаларын салыстырмалы түрде анықтау;

- жылжымайтын мүлік нарығын  жасау мен дамыту мәселесін  теориялық жағынан зерттеу.

 Зерттеу объектісі болып ҚР-да жер нарығының құқықтық реттелуін қамтамасыз ететін заңнамалардың даму жағдайларымен осы саладағы арнайы құзыретті органдардың қызметі табылады.

Зерттеу пәні ретінде ҚР-да жер нарығын құқықтық реттелу аясындағы заңнамалар мен осы саладағы арнайы құзыретті органдар қызмет жағдайы жатады.

Дипломның ғылыми жаңалығы. Жұмыстық зерттеуде Қазақстан Республикасында жер нарық қатынастардың қалыптасуы мен дамуды құқықтық реттеу мәселелерінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кешенді түрде зерттелуі, сондай ақ, Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық, жер және салық заңдарының негізінде, жер нарығын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік құзіретті органдардың іс-әрекетін қарастыра отырып орындалған.

Зерттеудің қорғауға ұсынылатын ғылыми негізгі нәтижелері мен қортындылар

1.Жер нарығы туралы  заңдардың қалыптасуы мен дамуы  мемлекетіміздің нарықтық экономикаға өтуімен қатар пайда болған құбылыс болып табылады. Дегенмен, жер нарығы туралы заңдардың қалыптасуы мен дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты жерге әртүрлі меншік құқығының пайда болуы, жер пайдаланудың ақылығы, жердің жылжымайтын мүлік ретінде мәртебесінің өзгеруі жер реформасын жүргізудің және жер қатынастарын қайта құрудың объективтік қажеттілігі ретінде танылады. Жер қатынастарын реформалау процессі ұзақ, күрделі және кезеңді дамуды талап ететін процесс болып табылады. Мемлекет тәуелсіздігін алғаннан бастап он сегіз жылда жер қатынастары айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Жер реформасы өзгеріске ұшырай отырып, өз алдына көптеген бағыттар мен мақсаттарды анықтады. Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі жер қатынастары саласындағы қабылданған заңдарды саралай отырып, келесідей негізгі бағыттары мен мақсаттарын бөліп алуға болады:

- жаңа жер құрылымына  өту – жер пайдаланудың жаңа  жүйесін құру мен қалыптастыру;

- жер жылжымайтын мүлкіне құжаттарды рәсімдеу – заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелеріне жер-кадастрлық істерін қалыптастыру;

- мемлекеттік жер кадастрын құру және жүргізу;

- жер нарықтық қатынастарын  жетілдіру – жерге ақы төлеудің  механизмін қалыптастыру;

- жерге ақы төлеудің заңнамалық базасын және ғылыми-әдістемелік қамтамсыз етуді дайындау;

- жер мониторнигісін жүргізу, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау;

- жер пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетіктерін енгізу және оларды тиімді қолдануды жетілдіру;

2.Жерді пайдалану мен  қорғаудың экономикалық механизмi деген түсінікті кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынадағы жер пайдалану мен қорғаудың экономикалық механизмi дегенiмiз - жердi қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған жалпы ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жүйесi. Тар мағынадағы жер пайдалану мен қорғаудың экономикалық механизмi дегенiмiз - жер меншiк иелерiмен жер пайдаланушыларды жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға ынталандыратын экономикалық сипаттағы iс-шаралардың жиынтығы.

3.Жер кодексінің қабылдануы  еліміздің салық заңдарын да  жетілдіруді қажет етеді. Өйткені, өзіміз көріп отырғандай ол жетілдірілмеген және бүгінгі күннің талаптарына жауап бермейді. Жерді жекешелендірудің жаңа кезеңі жағдайында біз жер қатынастары саласындағы салық салу қағидалары қайта қаралуы керек деп санаймыз. Қолданыстағы заңдар бойынша жер салығының мөлшері жер учаскесінің алаңы, орналасқан жері, сапасы және сумен қамтамасыз етілуімен байланысты. Біз салық салудың жаңа қағидаларын, ал нақты айтсақ, жеке меншіктегі жер учаскесіне салынатын салықтың мөлшері жылжымайтын мүліктің өзге түрлеріне салынатын салықтың мөлшері сияқты оның құнына байланысты деген қағидасы заң тұрғысынан қарастыруды ұсынамыз. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жердің бағалануы тиіс байлық екендігін сездіретін әрекет ететін салықтық шара болады.

4.Жердің кадастрлық /бағалау/ құны дегеніміз – мемлекет  жер учаскесіне жеке меншік  құқығын берген кезде немесе  уақытша өтеулі жер пайдалану  құқығын сатқан кезде, жер үшін төлемақының базалық ставкасына жер учаскесінің сапалық жай-күйіне, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне, қызмет көрсету орталығынан қашықтығына байланысты түзету коэффициенттерін қолдана отырып анықталатын жердің құны деп Жер кодексіне енгізген дұрыс.

5.Қазақстан Республикасының Жер заңдарында жер учаскесінің нарықтық құнын анықтау, жер учаскесінің нарықтық құнын анықтау тәртібі мен шарттары, жер учаскесіне қатысты бағалау қызметін жүзеге асыру міндеттілігі деген мәселелер орын табуы тиіс. Жер учаскесінің нарықтық құны дегеніміз - қалыпты бәсекелестік жағдайында нақты жер учаскесінің азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде оқшаулануы мүмкін неғұрлым мүмкін құны, бұл жағдайда мәміле тараптары бағаланатын жер учаскесі туралы барлық мәліметпен хабардар болып өз мүдделері үшін әрекет етуі тиіс. Жер учаскесін жалдау құқығының нарықтық құны дегеніміз – жер учаскесінің белгілі бір сапаларын ескере отырып, сатып алушының сатушыға нақты жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлеуге дайын құны.

Жердің нарықтық құнының анықталу ерекшеліктері:

- Жердің нарықтық құнына  белгіленген мерзім ішінде пайдаланушының  қажеттіліктерін қанағаттандыра  алатын жер учаскелері ие болуы  тиіс.

- Жердің нарықтық құны нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа және сатушы мен сатып алушының бәсекелестік сипатына байланысты болады.

- Жердің нарықтық құны осы жер учаскесінен белгіленген мерзім ішінде тиімді пайдалаған жағдайда күтілетін нәтижеге, яғни түсетін кіріске байланысты.

- Жердің нарықтық құны уақытқа байланысты өзгеріп отырады және белгілі бір күнге ғана белгіленеді.

- Жердің нарықтық құны оның нысаналы мақсатының өзгеруіне, рұқсат етілген пайдалануға, осы жер учаскесіне өзге бір тұлғалардың бар жоқтығына байланысты.

- Жер учаскесінің нарықтық құны оның орналасқан жеріне және өзге сыртқы факторларға байланысты.

- Жер учаскесінің нарықтық құны неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты анықталады.

Жер учаскесінің нарықтық құнын анықтауда жер учаскесін бағалаушы тұлға белгілі бір әдістерді қолдануы тиіс. Жер учаскесінің нарықтық құнын анықтау әдісі дегеніміз – қалыпты бәсекелестік жағдайында нақты жер учаскесінің азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде оқшаулануы мүмкін неғұрлым мүмкін құнын анықтауда қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Бағалаушы тұлға жер учаскесінің құнын анықтауда салыстырмалы, табыстық және шығындық әдістер қолданылады.

6. Қолданыстағы Қазақстан  Республикасының Жер Кодексінде  жоғарғы заң шығарушы органның  өкілеттіктеріне қатысты бірде-бір  арнайы бап болмады және әлі  де жоқ, бұл біздің пікірімізше, дұрыс емес. Жер мәселесін шешу – бұл бүкіл халықтың тағдыры туралы мәселені шешу, сондықтан жер қатынастарын реттеудің бұл саласында Парламенттің өкілеттіктері Жер кодексінде арнайы анықталуы тиіс

Зерттеудің әдістемелік негізін қоғамдық, әлеуметтік, құқықтық құбылыстарды танудың, зерттеудің теориялық- қисындық, құқықтық тарихи және философиялық әдістері мен тұжырымдары құрайды. Зерттеу барысында танудың құқықтық ғылым үшін әдетті әдістері мен амалдары кеңінен қолданылады. Олар: салыстырмалы, тарихи талдау, қисындық, статистикалық және т.б. Дипломдық зерттеу жүргізу мен белгілі бір қорытындыға келу жер нарығы қызметін реттейтін құқықтық актілерге талдау жасау мен тиісті саладағы ғалым-заңгерлердің зерттеулеріне сүйіну арқылы мүмкін болды.

Зерттеудің нормативтік және ақпараттық негізі. ҚР-ның конститутциясы, заңдар, Президенттің жарлықтары, заңды тәжірибе және іргелі заң актілері мен кодекстері құрайды. Жер нарығының құқықтық реттеу мәселесін терең зерттеу мақсатында Қазақстан мен шетел мемлекеттерінің ғалымдарының еңбектері пайдаланды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы.

Зерттеу барысында жасалған қорытындылар мен ұсыныстар жер нарығы қатынастары аясындағы құқықтық мәселелерді әрі қарай зерттеуде, сонымен қатар, заң шығармашылығы мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелері ғылыми зерттеу жұмыстарында және жоғары оқу орындарының оқу процессінде жер құқығы, аграрлық құқық, экологиялық құқық, азаматтық құқық пәндері мен арнайы курстардан дәріс және семинар сабақтарын жүргізуге қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерін сыннан өтуі. Зерттеудің негізгі мәселелері жерді құқықтық жағынын тиімділігін, шешім шығару жолдарын оның негіздерін анықтап, негіздейтін мәселе бойынша бірнеше мақала Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері // Ғылыми журнал ТарМУ хабаршысы 2008ж. №3,160-164б Жер учаскелеріне жеке меншік иелерінің құқықттары мен міндеттері Ғылыми журнал ТарМУ хабаршысы 2008ж№.4,117-127б, түрінде баспасөз беттерінде жарияланды.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баяндамада және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының мәжілісінде дипломдық жұмысты талқылау барысында баяндалды.

Дипломның құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш бөлім, сегіз тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Дипломдық жұмыс көлемі 84 беттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері

 

1.1 Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

 

2003 жылғы 20 маусымда қабылданған  Қазақстан Республикасының Жер  кодексінде жер туралы заңнаманың  міндеттерінде жер қатынастарын  реттеу мәселелерінде және мемлекеттік  органдардың құзыреті туралы  нормаларда «басқару» және «жер қорын басқару» сөзі бірде бір рет кездеспейді. Жер құқығы қатынастарында басқару жоқ екендігін, жер туралы заңнаманың міндеттерінде аталғандай барлық мэселелер жер қатынастарын реттеумен ғана шешілетіндігі білдіргені ме? Ресейлік «Жер құқығы» оқулығының авторы Б.В.Ерофеев өз еңбегінде «Жер нарығын басқару» түсінігінен бас тарта отырып, 7-тарауды «Жер нарығын мемлекеттік реттеу» деп атай, былай дейді: «Жер қатынастарын мемлекеттік орталықтанған басқару қаншама артықшылықтарына қарамастан-тиімсіз болып шықты, оған дәлел ретінде шет мемлекеттердің көптеген тарихи мысалдары мен Ресейдің қайғылы социалистік тэжірибесін атауға болады». Бұған кейін автор келесі қорытындыға келді: «Жер нарығын мемлекеттік реттеу жалпы мемлекеттік басқарудын бөлігі болып табылады». Алайда, бұл жерде «жалпы мемлекеттік басқару» түсінігіне анықтама берілмеген. Жер құқығы ғылымында Б.Е.Ерофеев жер қорын басқару институтын жоққа шығарушы жалғыз автор емес. Оған дейін Н.Т.Осипов жер қорын бірыңғай басқаруды жоқса шығарып, оның орнына жер учаскелерін беру және алып қою, жерге орналастыруды және т.б. реттейтін институтты қойған.

Жер қорын басқару анықтамасын басқаларға қарағанда Ю.А.Вовк берген: «Біртұтас жер қорын басқару ретінде мемлекеттік жерлерді мейлінше ұтымды пайдалануды ұйымдастырған жөн; оларды қорғауды мақсат етіп тұтатын құқықтық қызметі түсініледі»[1,2].. Бұл анықтамада жер қорын мемлекеттік басқарудың басты өзіндік белгісі болып оның елдегі жерлерді ұтымды пайдалану мен қоэғаудағы ұйымдастырушылық рөлі табылады. Анықтамадағы екінші ерекшелік жер қатынастарын емес, біртұтас мемлекеттік жер қорын басқарудан көрініс табады. Ю.А.Вовктың жоғарыда аталған анықтамасы Н.Б.Мұхитдиновтың «Біртұтас жер қорын мемлекеттік басқару» деп атаған институтымен бірдей болып келеді. А.Х.Хаджиевтің пікірі бойынша, «жер қорын мемдекеттік басқару дегеніміз мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса маңызды бағыт болып табылады, ол жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың тиімділігін қамтамасыз етудің қажетті ұйымдастырушылық шарты. Бұл дұрыс тұжырым ал бұдан кейін автор жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің мазмұнын жер қорын мемлекеттік басқарудың мазмұнына теңестіреді, мемлекеттік басқару ұйымдастырушылық қызметті білдіретінін ретінін, ал жер қатынастарын мемлекеттік реттеу осыған ұксас қызметтің мазмұнын құрайтынын атаған». Аталған автор жер қорын басқару тиісті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, атқарушы-билік жүргізуші қызметін білдіреді деп санай отырып, жер құқығының жер қатынастарын реттеу құқығына жататын институттарын жер ресурстарын басқару институтымен тіпті де шатастырып жібірген. Бұл ретте ол ҚР жер ресурстарын басқару женіндегі орталық уәкілетті орган атқарушы-билік жүргізуші функциялар құқығына ие емес екенін ескермеген .

Жер ресурстарын басқару жер-іс жүргізушілік құқық саласындағы қызмет ретінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыретінде қарастырылған. Бұл орталық уәкілетті орган құзыретінің мазмұнынан көрініп тұрғандай, оның қызметі жерге меншік объектілеріне билік жүргізумен байланысты емес, ал жер ресурстарын басқару оның елдегі барлық жер ресурстарын, яғни, Қазақстан Республикасының жер қорына кіретін барлық жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты іс жүргізушілік, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін сипаттайды. Сол себепті, бұл органның құзыреті жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретіне және аудандық маңызы бар қалалардың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтар әкімдерінің құзыретіне қарағанда өзгеше. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің екінші тарауы «Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті» [3,4].. деп аталады. Соның ішінде, жер ресурстарын басқару жөніндегі органның құзыреті, жоғарыда атап өткеніміздей, жер қатынастарын реттеу саласындағы басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қарағанда өзгеше. Қазақстан Республикасының Жер кодексі жер қорын мемлекеттік басқару институтын қарастырмағандықтан, біз Қазақстан Республикасы Үкіметінің, басқа да билік жүргізуші-атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық округтар (селолық окртгтар) өздерінің құзыретін жеке тарауда қарастырумен шектелеміз. Өйткені, олардың қызметі жер қатынастарын реттеудегі атқарушы-іс жүргізуші функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық орган мен оның жергілікті ережелердегі органдарының құзыреті де қарастырылды.

Адамдардың арасындағы қатынастарда “ешқандайда әрекет саналы ойсыз, қалаулы мақсатсыз жасалмайды”. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу осындай реттеудің мақсаты мен міндеттері болмаған жағдайда мүмкін емес, себебі, құқықтық реттеуге қатысты белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге жету заң шығарушы органдар мен халық үшін қалаулы нәтиже болып табылады. Мұндай нәтиже нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан да, жер мәселесіне байланысты қабылданған заңнаманың мақсаттары мен міндеттері кез келген заңнаманың негізгі институттары болып табылады және олар заңнаманың негізгі нормалары болып, жекелеген институтты құрайтын заңнама қағидаларымен де тығыз байланыстылықта болады. Кейбір заңдар мен заң актілерінде мақсаттар, міндеттер және қағидалар әрқашанда көрсетіле бермейді. Алайда, бұл дегеніміз мұндай заңдар мен заң актілерінің мақсаттары, міндеттері жоқ дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 5-бабына сәйкес, “Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері болып жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады” [5,6]..

Мемлекет жер қатынастарын құқықтық реттеуді ұйымдастырушы ретінде Қазақстандағы жер қатынастарын қоғамның әрбір мүшесінің жер туралы заңнамадағы мақсаттарға сай дамуына, жер туралы заңнаманың барлық талаптарының сақталуына мүдделі. Сол себепті жер қатынастары жер туралы заңнаманың нормаларымен тығыз байланысты болады. Алайда, құқықтық нормалар мен жер қатынастарын бір қатарға қоюға болмайды. Өйткені, құқықтық нормалар статистикалық, ал жер қатынастары динамикалық сипатқа ие. Жер қатынастары қатысушыларының әрекетін, әрекетсіздігін, қылықтарын реттейтін құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы барысында жер қатынастарының қарастырылуы мүмкін емес. Жер саласында жер қорын басқару мемлекеттік басқарудың дербес функциясы болып табылады. Оның мақсаттары мен міндеттері әкімшілік құқықпен қарастырылатын мемлекеттік басқаруға қарағанда өзгеше. Жер қорын мемлекеттік басқару жер құқығы институттарының бірі болып саналады. Оның басты мақсаты-жерді барынша ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және оларды қорғау. Жер процесінің әрбір құрылымы заңды мәні бойынша жер процесінің қарастырылып отырған институтының дербес элементі. Жер қатынастарының барлық мәселелері жер және басқа да заңдармен реттеле бермейді. Кейбір жағдайларда жер қатынастары Қазақстан Республикасының жер заңдарында көзделген тәртіпте жер қатынастарының субъектілерімен реттеледі. Жер қатынастары нормаларының жүзеге асырылу механизміндегі басты мәселе-жер қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы. Осы мәселені шешкенде ғана құқық нормаларының тиімділігіне қол жеткізуге, жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне жетуге болады.

 

1.2. Жерді пайдаланудың  теориялық мәнi мен маңызы

 

Адамдардың кез келген қызметі - өндірістік коммерциялық т.б. - жермен тікелей байланысты. Жер - жылжымайтын мүліктің маңызды түрі және құрамдас бөлігі, кез келген жылжымайтын объектіні қалыптастыру негізі болып табылады. Жылжымайтын мүліктің басқа да объектілері сияқты жер мынадай қасиеттермен сипатталады:

- кеңістіктік шектеулігі;

- сипаттарын бұзбастан  қозғалтудың мүмкін еместігі;

- кез келген шаруашылық  және қоғамдық әрекеттің міндетті  шарты болуы.

Жылжымайтын мүліктің барлық түрлеріне тән жалпы қасиеттерімен қатар жер ерекше, тек өзіне тән сипаттарға ие. Олар:

- өндіргіштік қабілеті;

- икемді пайдаланған жағдайда санасының жақсару мүмкіндігі;

- пайдалану мақсаттарына сай құндылыгының арта түсуі.

Жер, ең алдымен кеңістігімен, бедерімен, қыртысымен, суларымен, қойнауымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен сипатталатын табиғи байлық, ресурс болып табылады. Өндіргіш күштердің дамуымен бұл ресурс әлеуметтік-экономикалық байланыстар объектісіне, ауыл шаруашылығының өндірістік негізіне және шаруашылық салалары орналасуы мен дамуының кеңістік базисіне, тұтас алғанда тұрмыстың аумақтық негізіне айналады.

Жердің бірегей қасиеті - ол табиғи күштердің көмегімен ауыл шаруашылығы және басқа да шикізаттық өнімдерді жаппай өндіру мүмкіндігінде жатыр. Егер, адам ең алдымен биологиялық объект, содан кейін ғана ойлау мүмкіндігі бар, зерделі тіршілік иесі болса, жер де табиғат жасаған объект, содан кейін ғана өндіріс жабдығы, кеңістіктік базис, жылжымайтын мүлік, т.с.с. болып табылады. Нақты жер алабы немесе телімі болып нақыталған жағдайларда ғана жер жылжымайтын мүлік объектісі ретінде қарастырылды.

Жеке немесе заңды тұлғаның пайдалануындағы, нақты шекарасы мен аумағы бар жер телімі жер иелігін құрайды. Осы түсініктер жерге құқық (меншік, иемдену және пайдалану) пен сол құқықты пайдалану процесін анықтайды.[7,8].

Жер табиғи ресурс ретінде өзінің экономикалық мәнін азаматтардың және олардың бірлестіктері, жергілікті және мемлекеттік басқару органдары арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстар мен мүліктік қатынастар жүйесі арқылы көрсетеді. Мұндай өзара әрекеттер жер қатынастары деп аталады және ол өзінің мәнін жерді пайдаланудың макро және микроэкономикасы арқылы анықтап, белгілейді. Сонымен бірге жер катынастарының көп түрлі құқықтық аспектілері экономикалық көрсеткіштер арқылы жүзеге асады.

Жер іс-әрекеттің кеңістік базисі және жылжымайтын мүлік объектісі ретінде әлеуметтік және экономикалық параметрлермен сипатталады.

Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері