Жергілікті басқарудың әлемдік тәжірибелері

МАЗМҰНЫ:

 

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3 
 
1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................
1.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны……................……5 
1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмдері............…....
1.3. Жергілікті өзін - өзі басқарудың шетелдік модельдері...............................11 
 
2 Жергілікті басқарудың әлемдік тәжірибелері.........................................16 
2.1 Шығыс азиялық басқару құрылымы.............................................................16

2.2 Еуропалық өзін-өзі  басқару құрылымы мен тәжірибелері .....................18 
 
Қорытынды ..........................................................................................................23 
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік билікті орталықсыздандыру  мен қоғамды демократияландыру  аясында жергілікті мемлекеттік  басқаруды жаңартуды саясаттанулық  тұрғыда зерттеу бүгінгі күннің өскелең талабы.  
Саяси  жаңарудың барлық кешенінің шешімі жағдайдың тұрақсыздануына, азаматтық жанжалдар мен сілкіністерге жол берілмеуіне негізделген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы асығыстыққа өзінің қарсы екендігін үнемі ескерте отырып, саяси реформаларды іске асыру кезінде көп этностық қоғамда рухани келісім мен тұрақтылықты сақтап қалу қажет екендігін түсіндіреді. «Мен эвалюциялық дамудың, яғни қоғамды бірте-бірте, обьективті жағынан даярланған реформалаудың жақтаушысымын» - дейді Н.Назарбаев.

Жергілікті өзін - өзі  басқаруды аумақтық ұжым тікелей  сайлау жолымен, сондай–ақ халық  топтары жинақы тұратын аумақты  қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. 
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына іс жүзінде танылған қоғамдық өзін - өзі бақару комитеттері, жолдастық соттар, ерікті халық жастары, көше, үй және квартал комитеттері, халықтың өз күштерімен құрған өзге де ұйымдары жатады.

Жергілікті өзін - өзі  басқару нысандарына халықтың жергілікті сұрау салуын, жиналыстары мен  нысандарын, халықтың тұратын жеріндегі  кәсіби және өзге де ерік білдірулерін жатқызуға болады. 
Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.

"Қазақстан - 2030" Стратегиясында  қазіргі заманғы мемлекеттік  қызмет пен мемлекеттік басқару  құрылымын құру мемлекеттің ең  шешуші міндеттерінің бірі ретінде  белгіленген. Осы құжатта атап  көрсетілгендей, мемлекеттік басқару  біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет  ықшам әрі кәсіби деңгейде  болып, неғұрлым маңызды міндеттерді  шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір  министрлік пен ведомство өздеріне  тән емес қызметтерді орталықтан  аймақтарға және мемлекеттен  жеке секторға бере отырып, олардан  арылады. Бірақ ол қызметтерді  жергілікті жағдайда іске асыру  экономикалық механизмдерді қолдануға  бағытталуы тиіс. 
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады. 
Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.

Мемлекеттік реттеудің экономикалық пен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың  жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды  қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді  реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау  және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы  алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты  түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін  білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда  туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып  отыр

Курстық жұмыстың мақсаты  – дамыған шетелдік мемлекеттердің жергілікті жерлердегі өзін–өзі басқару  тәжірибелерін пайдалана отырып, экономикамызды көтеруге үлес қосу. Жұмыстың өзекті мәселесіне – еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқарудың мәні мен қоғам  өміріндегі                маңызы, оның құрылымы, қызметі мен  облыстық                                          деңгейде  басқару әдістерін жан-жақты  ашып көрсету. 
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Жергілікті өзін өзі  басқарудың мәні мен теориялық  негіздері  
1.1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны

 

Мемлекеттің даму барысында  аймақтардың және олардың билік  ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние  жүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар  әсер етеді :

  • өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
  • аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
  • еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
  • аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;
  • Территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.

Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар  арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру; 
Екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.  
Бұл жағдай Қазақсанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.

Егеменді мемлекеттің  аймақтық саясатын анықтай түсу өте  қажетті заңдылық. Осы саясаттың  негізгі көрсеткіші болып өндірушілер  мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар  өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында  ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің  өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі  жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік қалаудағы  бостандық, өндіріс құрал жабдықтар  рыногы валюталық қаражат және басқа  элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың  және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс.

Жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық  қоғамды қалыптастырудың басты  шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы - бұл азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және шарттармен байланысты көп кезеңді және серпінді үдеріс. Алайда қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде құрылғаны және осы үдеріс бірнеше оншақты жылдарға созылғаны белгілі. Қазақстанда белгілі бір уақыт ішінде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі зерттелуде және талқылануда, бұл мәселе біздің еліміздің жағдайы мен нақтылығына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару үлгісін таңдауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен даму үдерісі жақында басталды және әлі жалғасуда. Заңнама базаны, қолдану практикасын қайта қарауды, ең қиыны – халықтың ділін қайта бағдарлауда үлкен жұмыстар атқару қажет болып отыр.

Мемлекетті басқарудағы  көптеген функциялар жергілікті басқаруға  рационалды түрде орталықтандыру. Жергілікті басқару бұл- жергілікті қатардағы  негізгі құрал емес, ол – барлық мемлекеттік басқарудағы мекеменің  негізгі жүйесі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы  принциптер демократиялық мемлекетте ең қажетті құрал болып табылады. Осындай сұрақтарды актуальды түрде  қарастырайық. Жергілікті басқару мен  өзін-өзі басқаруда заң мен  экономикалық анықтамаларсыз түсіндіру  оңайға соқпайды.

Жергілікті өзін-өзі басқару - өз бетімен экономикалық, әлеуметтік, саяси сұрақтарды шеше алады.

Жергілікті басқару – мемлекеттік басқару функцияларын бір қалыпта жаңғырта алды. Бұған Елбасымыздың жарлығындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезекті іс-шаралар жоспарын қарастыра аламыз. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы заң Алматы мен Астананың аумағында қолданылады. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бастап өздігінен дамуға мүмкіндік алды. Селолық, қалалық басқармаларға заң бір болды. Басқармаларды Президент тағайындайды. Жергілікті басқаруға министрлер, әкімдер, депутаттар енеді.

Министрлер әр салаға бөлінеді: білім  саласы, медицина саласы, ауыл шарашылық  министрі т.б.

Депутат – сайлауға және мәслихат сесиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға болады. Мәслихат әрбір депутаттарына оның құқықтарының, ар-намысымен абройының  қорғалуына кепілдік береді. Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен  байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағына орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік  ұйымдарға кедергісі кіруге құқылы. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік  ұйымдардың басшыларымен басқа да лауазымды  адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруға қажетті жәрдем беруге міндетті.

Әкім - Қазақстан Республикасының  Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк  саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан  Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;  
      - әкiм аппараты - жергiлiктi атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;

- мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың,  оның органдары мен депутаттарының  қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк  мекеме;

- жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы орган - жергiлiктi мемлекеттiк  басқарудың жекелеген мiндеттерiн  жүзеге асыруға әкімдік уәкiлеттiк  берген және тиiстi жергiлiктi бюджеттерден  қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме;

- мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан  сайланатын, мәслихат сессиясында  ұйымдастырушылық-билiк ету қызметiн  жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды  адамы;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару  - осы заңда және басқа да  заң актiлерiнде белгiленген құзырет  шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы  органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк  саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында  жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты  болып табылатын қызмет;

- жергiлiктi атқарушы орган (әкiмият) - облыстың (республикалық маңызы  бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде  тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк  басқаруды жүзеге асыратын алқалы  атқарушы орган;  
      - жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган; 

  1. мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны;  
          - әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасы - тиiстi аумақта орналасқан, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесi;  
          - орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орталық атқарушы орган мiндеттерiн жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi.

Теориялық жақтан қарастырғанда негізгі  бір жергілікті басқару құрылымы және осы құрылымның типологиясы  жасалды. Сонымен, басқарудың мазмұнына  және оның құрылымына конституциялық және мемлекеттік басқару принциптері  қайшы келеді. Мысалы: егер біріккен мемлекет принціптері мен барлық жақты мінездеме бере алатын басқарма және осы организациялық-саясатты мемлекетті көрсете алатын органдар бар болса, олар мемлекеттік органдар құрылымын  ене алады.

1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  экономикалық механизмдері

 

 Қазақстан Республикасындағы  жергілікті өзін-өзі басқаруды  дамытудың негізгі қағидаттары

Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық негіздерін айқындау мақсатында осы  Тұжырымдамамен Қазақстан Республикасындағы  жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары мен қызметін белгілеу қажет.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары  болуы тиіс:

1) жергілікті маңызы бар мәселелерді  халықтың дербес шешуі;

2) жергілікті халықтың барлық  тұрғындарының заңды теңдігі  мен

заңды мүдделерінің ескерілуі;

3) жариялылық және тиісті аумақта  тұратын халық мүддесіне тікелей

тиетін мәселелерді шешу кезінде  халықтың пікірімен санасу;

4) жергілікті өзін-өзі басқару  жүйесін дамытудың кешенділігі,

кезеңділігі;

5) мемлекет тарапынан жергілікті  өзін-өзі басқаруды жүйелі қолдау;

6) жергілікті өзін-өзі басқару  қызметінің ашықтығы, олардың

бақылауда болуы және халыққа есептілігі.

 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тәсілдері

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды  дамыту саясатын іске асыру үдерісі  кешенділігімен де, сондай-ақ, қойылған мәселелерді шешудің белгілі  кезеңділігімен, іске асырудың белгілі  кезеңінде саясаттың басым бағыттарын анықтау қажеттілігімен сипатталады.

Осыған байланысты Қазақстанда  жергілікті өзін-өзі басқаруды бұдан  әрі дамыту екі кезеңге болжанған.

Бірінші кезең (2012-2016 жылдар) – қолданыстағы басқару схемасын, ең алдымен биліктің ең төменгі деңгейлердегі әлеуетті кеңейту.

1. Ауылдар (селолар), кенттер, аудандық  маңызы бар қалалар деңгейлерінде  жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары  арқылы жергілікті маңызы бар  мәселелерді шешудегі халықтың  рөлін арттыру.

Мыналарды көздейтін нормаларды заңнама  түрінде бекіту ұсынылады:

1) жергілікті өзін-өзі басқарудың  ұйымдастыру құрылымдардың өкілеттігін  және жауапкершілігін айқындау;

2) жергілікті маңызы бар іс-шараларды  қаржыландыру мәселелерін жиналыстардың  (жиындардың) талқылауына шығару  міндеттілігі (басқарудың төменгі  деңгейіндегі әкімдерде дербес  бюджет жоқ, бірақ аудан бюджетінің  құрамында бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілері болып табылады);

3) жиналыстарды (жиындардын) құру, өткізу  және өкілеттігі мен олардың  шешімдерін ресімдеудің тәртібіні  нақты регламенттеу.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға  сәйкес міндетті сипатқа тек мемлекеттік  органдардың шешімдері қана жатады. Басқа органдардың шешімдері (консультативтік-кенестік, жиналыстардың), әдетте ұсыныс сипатында болады.

Әкімдердің заңға қарсы шешімдерді орындауын жол бермеу және халықтың жекелеген топтарының мүдделелерін қорғауды болдырмау мақсатында, әкімнің  жиналыстар (жиындар) шешімдерін міндетті түрде қарау және халыққа заңңаманы  ескере отырып шешім қабылдау (немесе қабылдамау) туралы ақпарат беру жөнінде  ережесі бекітілетін болады. Сол  ережеде сондай-ақ қабылданатын шешімдердің  тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау  тетігі және оларды іске асыруға қоғамдық бақылау көзделетін болады.

Ірі қалаларда жалпықалалық шаруашылықты басқару ерекшелігін есепке ала  отырып, жоғарыда аталған шараларды  басқарудың төменгі деңгейіне жататын  Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент  қалаларының аудандарына тарату ұсынылады.

Сонымен қатар, келесі нормаларды енгізу:

1) ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың деңгейінде жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында (жиындарда) қабылданған халықтың бірінші кезекті қажеттіліктері көрініс табатын ауданның бөлімшені қолданыстағы (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламаларына қосу;

2) жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін бөлінген бюджет қаражатының мониторингісіне қатысу құқығын беру.

Жоғарыда аталған шаралар жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлін арттыруға, шешімдерді қабылдаған кезде азаматтардың қатысуын, мүдделілігін және жауапкершілігін ынталандыруға, мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

2. Облыстық маңызы бар қалалардың халқын (құрамында аудандары бар қалалардан басқа) басқару шешімдерін қабылдау үдерісіне белсенді тарту тетігін құру. Қалалардың мәслихаттарына қала әкімдігінің тұрғындармен өзара іс-қимылы үшін қоғамдық құрылымдарды құру құқығын бекітіледі.

Құрылған қоғамдық құрылымдар елді мекендерде тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тиісті жұмыс істеуі, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуге қала әкімдеріне жәрдемдеседі. Сонымен қатар, тұратын аумақтың өмірлік іс-әрекетінің жағдайын жақсартуға бағытталған азаматтардың (жергілікті халықтың) қоғамдық-саяси белсенділігі және жалпы елді мекеннің толыққанды әлеуметтік-экономикалық дамуы артатын болады.

3. Биліктің төменгі деңгейлерінің қаржылық дербестігін кеңейту.

Ауылдың, кенттің, аудандық маңызы бар  қаланың әкімдеріне ұсынылып отыр:

1) жеке кіріс көздерін (ақылы қызмет көрсетудің кірістер, ерікті және мақсатты алымдар, қайырымдылық қорлары мен демеушілер жарналарының, арнайы белгілінген орындарда сауда үшін алымдар, абаттандыру ережелерінің бұзғаны, инфрақұрылым объектілерін қирағаны, жасыл желектерді жойғаны және бұзғаны, белгіленбеген орындарда сауда үшін хаттамалар жасаудан түскен кірістер, және заңнамасына қайшы келмейтін басқа да көздер есебінен) қалыптастыру құқығын беру;

2) қазынашылық органдарда жергілікті басқарудың функцияларды жүзеге асыруға бағытталған табыстар мен шығыстарды белгілейтін арнаулы шоттарды ашу құқығын беру;

3) тиімді пайдалану, жергілікті халықтың мүддесін қанағаттандыру және қосымша табыстарды алу мақсатында төмен деңгейдегі әкімдеріне аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін (кітапханалар, клубтар, балабақшалар және т.б.) беру;

4) ауылдық округтің жер ресурстарын орынды пайдалану мәселерін халықтың жиналысына шығару мақсатында ауылдық деңгейдің әкімдерін өңірлік жер комиссиясының құрамына қосу.

Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін толыққанды мүмкіндіктер беру мақсатында, облыстық және аудандық деңгейдегі атқарушы органдардың іске асыру және рұқсат беру функцияларының бөлігін беру есебінен ауылдық басқару деңгейінің өкілеттігі кезең-кезеңімен кеңейтілетін болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттердің аражігін ажырату, яғни «республика (орталық) – облыс – аудан және қалалық пен ауылдық елді мекендер» сатылай билік өкілеттерін қайта бөлу арқылы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру жұмысын жүргізіп жатқанын атап өтеміз.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өзара іс-қимыл бойынша нақты схема береді стратегиялық, бақылау, қадағалау және іске асыру функциялрын орындау.

Реформаның басымды бағыты аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен оның функционалдығын және институционалдығын нығайту болады.

4. Өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудағы өз құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру мәселелеріне қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде:

1) жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін кадрларды дайындау қайта даярлау мен біліктілігін арттыру;

2) жергілікті өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру-әдістемелік қолдау, оның ішінде өзін-өзі басқару органдарына кеңес беру, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу, практикалық тәжірибемен алмасу және басқа;

3) жергілікті өзін-өзі басқаруды ақпараттық қолдау, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың идеяларын, қағидаттары мен міндеттерін халық арасында кеңінен тарату, реформалардың барысы мен проблемалар туралы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуге қоғамдық бақылау жүйесін құру жөнінде халықтың рөлі туралы ақпараттандыру, сауалнамалар мен әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Жоғарыда аталған шаралар төменгі  деңгейдегі әкімдерінің шаруашылық және экономика салаларында шешімдерді қабылдау өкілеттігін кеңейтуге  мүмкіндік береді, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешкенде мемлекеттік  басқарудың төменгі деңгейінің қаржы  дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді.

Екінші кезең (2017-2020 жылдар) – басқарудың төменгі деңгейлерінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарды құру.

Басқару және қаржыландыру тетіктерін 2012-2016 жылдары ішінде тәжірибелік  пысықтау жергілікті өзін-өзі басқару  органдарын қалыптастыру үшін негізгі  алғышарт болады. Осы кезеңде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару функцияларын аражігін ажырату, өкілетті органдарды, қоғамдық кеңестерді, бюджетті, меншікті қалыптастыруың мәселелері шешіледі.

Толыққанды өзін-өзі басқаруды  қалыптастыру үшін елді мекендер әлеуетті ұлғайту мақсатында ауылдық деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді ірілендіру мәселелері пысықталады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2017 жылдан бастап селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін  аудандық мәслихаттар немесе халықтың сайлауы арқылы өткізу ұсынылады.

Бұл ретте, әлемдік тәжірибені ескере отырып, үлкен қалалардағы аудандардың  әкімдерін сайлауды енгізу мәселе туралы қосымша зерделенетін болады.

 

 

1.3. Жергілікті өзін - өзі басқарудың  шетелдік модельдері

 

Жергілікті өзін-өзі басқаруды  конституциялық-құқықтық реттеу үшін теориялық база көпшілік мойындаған муниципалдық демократия және жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясы бекіткен 1985 жылғы 15 қазандағы муниципалдық басқару болып табылады және келесіні белгілейді:

1) жергілікті өзін-өзі басқару  кез келген демократиялық қатардың  бір негізін құрайды;

2) мемлекеттік басқаруға қатысу  үшін азаматтардың құқығы тікелей  жергілікті деңгейде ғана жүзеге  асырылады;

3) нақты билік жеңілдеткен жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  болуы азаматқа тиімді және  бір мезетте басқаруды қамтамасыз  етеді;

4) жергілікті өзін-өзі басқару  органдары өзінің құзіретіне, оны  жүзеге асыру тәртібіне және  осыған қажетті құралдарға қатысты  кең автономияға ие болуы керек.

Өзін-өзі басқару жүйесі тиісті экономикалық жағдайлардың, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару  арасында жүргізу пәнін шектейтін  нақты құқықтық базаның, адамдардың жаппай санасының, құқықтық мәдениеті мен мінез-құлқының болуын қарастырады.

Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте  жергілікті өзін-өзі басқару органдары  мен орталық билік органдары  арасындағы қатынастар негізі болып  табылатын ұйымдастырудың әлемдік  практикада танымал модельдерін  сыныптау барынша жиі кездеседі.

Осы тәсілге сәйкес жергілікті өзін-өзі  басқарудың 4 базалық моделін бөліп  көрсетуге болады: англосаксондық, континентальдік, аралас және кеңестік.

Англосаксондық (классикалық) модель бір атты құқықтық жүйесі бар елдерде  таратылу басымдылығына ие болды: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б.

Осы модельдің негізі сипаты ресми  автономия және жергілікті өзін-өзі  басқарудың дербестігі, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына қамқоршылық  ететін жергілікті жерлерде уәкілетті  орталықтың болмауы болып табылады.

Англосаксондық модельден континентальді модель айрықша ерекшеленеді. Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру, ол континентальді Еуропа (Франция, Италия, Испания, Бельгия) елдерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген Латын Америка, Жақын Шығыс елдерінің көбінде таралды.

Осы модельдің ерекше сипаты келесі: жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың және мемлекеттік басқарудың бірігуі, сайлануы және тағайындалуы, жергілікті өзін-өзі басқарудың белгілі иерархиясы, төмен тұрған буынның жоғары тұрғанға бағынуы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға өкілетті жергілікті деңгейде арнайы орталық биліктің өкілінің болуы.

Модельді қарастырумен қатар жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру нұсқалары бар, қандай да бір дәрежеде олардың әрқайсысының сипатына ие және өзінің ерекше белгілері бар. Осы модельдер аралас атауына ие болды. Осындай модельдерге Германиядағы, Австриядағы, Жапониядағы және кейбір кеңес дәуірінен кейінгі және дамушы елдердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды жатқызуға болады.

Аралас модельге тән ерекше белгі  деп қажетті деңгейде автономды  төменгі жергілікті өзін-өзі басқарудың барынша жоғары деңгейдегі мемлекеттік  деңгеймен сай келуін санауға  болады.

Жергілікті басқарудың әлемдік тәжірибелері