Жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
Жоспар
Кіріспе _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ___ _ __ _ _ __ _3 бет
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
- Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері_ _ _ _ _ _ _ 4-8 бет
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі мен даму ерекшеліктері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9-11 бет
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12-17 бет
2.2. Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және
Және оны жетілдіру жолдары _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ 18-24 бет
Қорытынды _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ __ _ _ __ _ _ __ _ __ _25-26 бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ __ _ __ ___ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ __ _ 27 бет
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің ерекше бөлігі болып табылады. Және белгілі бір дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті органдар мен жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар – маслихаттар Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді органдар – маслихаттарымен ұйымдық тұрғыдан да, құзіреттілік тұрғысынан да байланыспаған. Тек Конституция көздеген екі жағдайда ғана маслихаттармен Парламент өзара байланысқа кіреді. Маслихаттар Сенаттарды сайлайды, ал Парламент Сенаты маслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде маслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Және олардың ұйымдығы мен қызметі жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркестікте атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті
мемлекеттік басқару мен өзін-
I. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың теориялық бастамалары
- Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
Жергілікті
мемлекеттік басқару
Жергілікті
мемлекеттік басқару дегеніміз -
бұл заң актілерінде
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет, коммуналдық, заңды тұлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
- Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану.
- Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
4. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.
Аймақты дамытуға
байланысты мәслихаттар мен
Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".
Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар күнделікті қызметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.
Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың қызметтері:
- Негізгі өкілеттікті анықтайтын жалпы мәселелер:
- тиісті аумақты дамытудың жоспарлары, әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларын жергілікті бюджеттік және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту.
- Тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту және осы мәселеге қатысты өзге де жағдайларды шешу.
- әкімшілік ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту.
- әкімшілік ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімшіліктің дербес құрылымын бекіту.
- Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламасын бекіту.
- Мәлихаттың айрықша өкілеттігі:
- өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұғымының шекараларының айқындау мәселелерін шешу.
- Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың және ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
- Қазақстан Республикасының әкімішілік-құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген ережелерді бекіту.
- Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Маслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың қызметтері туралы есептерді тыңдау тағы да басқа мәселелер.
Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:
- аумақты дамыту
жоспарларын, экономикасын
- жергілікті
атқарушы органдардың
- коммуналдық меншікті басқару.
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай республика
заңдарымен жергілікті атқару органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мемлекеттік
және жергілікті билік. Мемлеке
Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) - сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция, департамент, қауым, т.б.).
Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен жоғары тұратын билік деңгейімен және мемлекеттік басқару органымен ара қатынасын заңдастыру қажет.
Мемлекеттің көп
қырлы қызметі өзінің сипаты мен
табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу
бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері,
жұмыс нысандары мен
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі. Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.
Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті
әкімшілік-территориялық
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік- территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).
Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, сол территорияда тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:
"...1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп түсеніміз.
2. Бұл құқықты
жалпыға бірдей, еркін, жасырын
және тікелей дауыс беру
Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрлі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет қойылады.
Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына алуы".
Бұл жағдайда жергілікті
өзін-өзі басқару органының
Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қадағалау.
Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады.
Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-өзі басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын жұмыстардың басты бағыттары анықталады.
1.2. Қазақстан
Республикасындағы жергілікті
Қазақстан Республикасы
Бірақ қазіргі кезде мемлекеттік құрылымда бұл жүйенің қызметтері қоғамның және мемлекеттің дамуында теріс әсер беретін кемшіліктерін байқатып отыр. Әсіресе, бұл қатынаста жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін атап көрсетуге болады. Қазіргі кездегі жергілікті жерлердегі билік қазіргі кездегі талаптарға толық сай емес, жергілікті халықтың мүдделерін әлсіз қорғайды, жемқорлыққа тым бейімді болып келген.
Мұның басты себептері қолданыстағы заңдылықтардың, соның ішіндегі сайлау туралы заң, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң, бюджет жүйесі туралы заңдардың кемшіліктері болып есептеледі.
Осыған байланысты республикадағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылатын жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырып, жергілікті билік органдарын реформалау қажет.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және орталықсыздандырудың мемлекеттік бағдарламасын жасау және қабылдау ұсынылады.
Жергілікті
мемлекеттік басқару жүйесін
реформалауға бағытталған маңызды
қадам Қазақстан
Бұл реформа билік өкілеттіктерін вертикаль (тік) жүйесі бойынша бөлінуіне, яғни “республика(центр) – облыс – аудан – қалалық және ауылдық пунктер” жүйесін қалыптастыру және жергілікті жерлердегі қаржы - экономикалық базаның қалыптасуы жолымен мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Ол реформа жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар орталық билік органдарының арақатынасын жетілдіруге және дұрыс жұмыс істеуі үшін жаңа әкімшілік және экономикалық механизмдерді құруға негізделеді.
Жергілікті мемлекеттік
Орталықсыздандыру процесінің сәтті
дамуының және жергілікті өзән-өзі
басқару жүйесін
Жергілікті мемлекеттік
1990 жылы КСРО-ның басқару билігін
реформалау мақсатында КСРО-
1990 жылы 15 желтоқсанда “Қазақ ССР-нің
меншігі туралы” заң
- Жалпыодақтық.
- Республикалық.
- Жергілікті (коммуналдық).
15 ақпан 1991 жылы “Қазақстан ССР-нің
жергілікті халықтық
Жергілікті мемлекеттік
13 қаңтар 1992 жылы “Қазақ ССР-ның
жергілікті халықтар
7 ақпан 1992 жылы “Экономиканың
реформалау тұрғысынан
28 қаңтар 1993 жылы Жоғарғы Кеңес
Қазақстан Республикасының
10 желтоқсан 1993 жылы Жоғарғы Кеңес “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы” заң қабылдады. Бұл заң жергілікті басқару органдарының жаңа бір моделі болып табылады. Бұл:
Біріншіден, Мемлекеттік басқару органдары және атқарушы кеңес ұйымы жойылды.
Екіншіден, өкілетті органдар (маслихаттар) әлі жергілікті орган болып қалыптаспаған еді. Жергілікті әкімшілік басшысы жергілікті халықтың өкілі емес, президенттің өкілі болып табылады.
Үшіншіден, өкілетті органдар аудандық деңгейге дейін қалыптасып жергілікті ауыл және селолы жерде құрыла бастады. Осы өкілетті органдар халықтың өкілетті органныңболғанының өзінде жергілікті өзін-өзі басқару органы болып аталмады.
Төртіншіден, заңда “Жергілікті өзін-өзі басқару” ұғымы болмады. Оның орнына поселка, ауыл, ауылдық округтарының өкілетті мүшелері жиналысы ұғымы қалыптасты. Өкілетті мүшелер жиналысы бір жағынан ауылдық жерлерде мемлекеттің функциясын атқарушы орган болып табылады. Жиналыс өзін-өзі басқарудың кейбір белгілерін көрсетеді. Көше мен микроаудан тұрғындары өздерінің өкіл адамдарын жиналысқа жіберіп отырды.
30 тамыз 1995 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасы
II. ҚР жергілікті және өзін-өзі басқарудың жағдайы мен оның мәселелері
2.1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық және қаржылық мәселелері.
Көптеген мемлекеттердегі мемлекеттік және муниципалдық құрылымды тәжірибесі ЖӨӨБ органдарының экономикалық негізінің нақты көздерінің қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы осы көздер қалыптасу үстінде және ол заңдарда, басқа да нормативтік құқықтық актілерде жан-жақты таразыланып бекітілуін қажет етеді.
ЖӨӨБ-дың
экономикалық негізі мына
а)ЖӨӨБ-ратын қауымның меншігі;
б)Мемлекеттік меншіктің ЖӨӨБ органдары басқаруына берілген мүлігі;
в)қолданыстағы заңға сәйкес жергілікті қауымның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі бар басқада меншік түрлері;
г)жергілікті қаржылар.
ӨӨБ-дың экономикалық негізін тану тек берілген негіздегі құрылымдық компоненттерін білу ғана емес, сондай-ақ заңдық аспектілерін де білу өте маңызды. Қолданыстағы заң негізінде бірқатар түсініктер қолданылады: меншік, мүлік, мүліктік құқық.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.
Осы мақсатқа орай коммуналдық меншікке байланыста экономикалық қатынастарды ұдайы өндіріс циклының кезеңдерінде көрсетуді қажет етеді. Ұдайы өндіріс процесіндегі өндіру кезеңінің маңызын жоққа шығармай отырып, сонымен бірге коммуналдық меншік үшін тұтыну кезеңінің ерекшелігін атап өту керек. Себебі коммуналдық меншіктің шын мәніндегі объектісі түпкі игіліктер болып табылады, ал оларды өндіру коммуналдық меншіктен басқа меншіктің басқа нышандарында жүзеге асырылуы әбден мүмкін.
Өндіру кезеңіндегі меншік қатынасы өндіріс құрал-жабтықтарымен жұмысшы-қызметшілерді белгілі бір қоғамдық нышанда (иемдену сипаты) қосумен сипатталады. Егер өндіріс құрал-жабдықтары коммуналдық меншікте болатын болса, ондай иемдену жергілікті басқару органдарының араласуымен жүзеге асырылады. Ол органдар коммуналдық кәсіпорындар жетекшілері арқылы дерективті түрде ондай иемденудің көлемін, мерзімін және нышандарын анықтайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтары меншіктің жеке, аралас, акционерлік нышандарында болатын болса, онда жергілікті жер тұрғындарының мүддесін қорғайтын әлеуметтік институттар дербес тұтынуға қабілеті жоқ, бірақ бірлесе тұтынылатын арнаулы игіліктерге тапсырыс бере отырып өндіріс құрал-жабдықтарын иемденіге олардың жұмысының нәтижесіне ақы төлеу арқылы жанама түрде әсер етеді.

- Жергілікті желі және Интернет
- Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі
- Жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік билік
- Жергілікті өзін-өзі басқару
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды ҚР қолдану
- Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет
- Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары
- Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері
- Жергілікті басқарудың құқықтық негіздері
- Жергілікті басқарудың теориялық аспектісі
- Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні
- Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі
- Жергілікті бюджет
- Жергілікті бюджет негіздері