Жобалық талдаудың құрылымы

 

 

                                                        МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе...............................................................................................................................3

 

1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері.......................................................................................................................5

1.1 Жобалық талдаудың маңызы, мақсаты және түрлері...............................................................................................................................5

1.2 Жобалық талдаудың қағидалары......................................................................................................................10

 

2 Нақтылы инвестициялық жобаларды талдау..........…………………………………................................................................13

2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау.............................................................................................................................13

2.2 ЖШС « Тамир » инвестициялық жобасын

талдау...............................................................................................................................19

2.3  Қазақстан Республикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың даму перспективалары...................................................................................................22

 

Қорытынды...................................................................................................................28

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

                                                        

                                                         Кіріспе

 

Инвестициялық жоба - халықаралық  тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары  бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаны жүзеге асыру  алдында оның білікті сараптамасы  – жобаның өмірлік циклына  аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

Жобаны іске асыру - бұл  кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін  толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік  циклі бойынша қарастыру, уақыт  факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.

Болашақ инвестициялық  жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.

Курстық жұмыcтың тақырыбы: «Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері».

Курстық жұмыстың мақсаты: жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу.

Осыдан келіп, курстық жұмыстың  негізгі міндеттері туындайды:

  • Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
  • Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
  • Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
  • Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
  • Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.

Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек.

Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Жобалық талдау».

Курстық жұмыстың мақсаты: жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу.

Осыдан келіп, курстық жұмыстың  негізгі міндеттері туындайды:

  • Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру;
  • Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау;
  • Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау;
  • Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету
  • Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері

 

1.1 Жобалық талдаудың маңызы, мақсаты және түрлері

 

Жобалық талдау инвестициялық жобаны алдын ала дайындау кезеңінде жүзеге асырылады. Жобалық талдау арқылы инвестициялық жобаның іске асырылу тиімділігіне баға бріледі.

Жобалық талдау – бұл  жобаға жұмасалатын шығындарды, осы  жоба бойынша түскен табыстарды салыстыру негізінде жобалық табыстардың салыстыру негізінде жобалық талдаудың үдерісі болып табылады.

Жобалық талдаудың міндеттері:

  • іске асырылған жобаның іс жүзінде кедергі болар шектеулерін және олардың өзгерістерін ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру;
  • жоба бойынша жұмасалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды әр түрлі нұсқалар бойынша салыстыру;
  • жобаны іске асырудан түскен табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.

Жалпы алғанда жобалық  талдаудың бірінші міндеті инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау; екіншісі – нәтижелігін бағалау; үшіншісі –тиімділікті бағалау; төртіншісі – жобаны белсендіру болып табылады.

Жобалық талдаудың мақсаты  – инвестициялық ресурстарды  пайдаланудың балама тәсілдері арасында талдау туралы дұрыс шешім қабылдау. Жобалық талдау инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар мен одан алынатын пайданы салыстыруды көрестеді. Сол себепті жобаны талдауда жоба құндылығын анықтау маңызды рөл атқарады. Жоба құныдылғының шамасы осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алынатын пайда мен оған жұмсалатын шығындар айырмасымен анықталады.(1)

                               

                                                    ЖҚ = П – Ш (1)

 

мұнда, П – пайда (табыс);

            Ш – шығындар.

Инвестициялық жоба пайдасы мен оған жұмсалатын шығын құрамы әр түрлі сипатталады және оны анықтау оңай емес.с оныдықтан жобалар әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Ең алдымен инвестициялық жобалар техникалық негізделген бе, коммерциялық тұрғадан өміршең бе, өзін-өзі қайтарымдылығы қамтылған ба, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі ақтай ма, жобаның қоршаған ортаға әсері жағымды немесе жағымсыз ба, жергілікті әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық ерекшеліктеінің жобадағы көрінісі, жобаны жүзеге асырудағы институционалдық мүмкіндіктерінің болуы тұрғыларынан қарастыру қажет.

Инвестициялық жобаны талдаудың  екі көзқарасы бар:

  • макрокөзқарас;
  • микрокөзқарас.

Макрокөзқараста қарастырылып отырған жобаның жалпы мүмкін болатын нәтижелерін талдаудың  үш түрін көрсету керек – салалық, аймақтық, ресурстық.

Салалық талдауда осы  жобаға қатысты салаларды, аймақтық талдауда инвестициялық обьектіні  орналастыру үшін нақты аймақтың мүмкіндіктерін, ресурстық талдауда табиғи шикізаттарды және басқа да ресурстарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы  және өнеркәсіп өнімдерін тиімді пайдаланумен байланысты нақты мүмкіндіктерді айқындау қарастырылады.

Микрокөзқарас бойынша  инвестициялық жобаны талдау инвестордың  жоба туралы ойын анық инвестициялық  көзқарасқа ауыстыруға ынталандыру  бойынша бірқатар факторларды анықтау болып табылады.

Инвестициялық жобаны талдау қарастырылатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға  негізделеді. Сондықтан да, инвестициялық жобаны жасау және жүзеге асыру үшін әлемдік және отандық тәжірибеде инвестицияық жобаларды талдауды бірнеше түрге бөлуге болады.

Жобалық талдаудың түрлері:

  • Техникалық талдау;
  • Коммерциялық талдау;
  • Институционалдық талдау;
  • Әлеуметтік талдау;
  • Қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық талдау;
  • Қардылық талдау;
  • Экономикалық талдау.

Техникалық талдау – бұл инвестициялық жобаға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияларды анықтау және обьектінің орнын таңдай мәелелері шеңберінде жүргізіледі.

Техникалық талдаудың  негізгі мақсаты осы инвестициялық  жобаға ең тиімді техника және технология нұсқаларын қарастыру және анықтау болып табылады.

Техникалық талдау келесідей  міндеттемелерді шешуге көмектеседі:

  • техникалық – технологиялық нұсқауларын анықтау;
  • орналасқан жерін таңдау;
  • жобаның көлемін анықтау;
  • жобаның жүзеге асыру мерзімін және оның кезеңдерін анықтау;
  • шикізат көздерінің, жұмыс күшінің және басқа да ресурстардың қол жетімділігін және жеткізілуін анықтау;
  • өнімінің нарық сыйымдылығын анықтау;
  • ескергендегі кездейсоқ жоспарланған жобаның шығындарын болжау;
  • жобаның графигін анықтау.

Жобаға техникалық талдауды жүргізу барысында жобаның сметасы мен бюджеті анықталады. Мұндай кездейсоқ шығындарға әкелетін мүліктік және бағалы факторларға талдау жүргізіледі. Техникалық талдау арқылы жобаның іске асырылуына қатысты құрылыстық және архитектуралық мәселелер шешіледі.

Техникалық талдауда инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық нұсқалары зерттеледі, жобаның дұрыс  таңдалғаны дәлелденеді, оның жүзеге асырылуының  оңтайлы мерзімдері, шикізаттық және басқа да қажетті ресурстардың болуы, жобалық зерттеу жұмыстарында және басқа да шығындарды есептейді.

Коммерциялық талдау өнімді өткізумен байланысты. Бұл  талдаудың мақсаты жоба бойынша  өнімдер мен қызметтерді тұтынушы жағынан бақылау болып табылады.

Коммерциялық талдау жүргізу үдерісінде осы инвестициялық  обьектіні аяқтап, іске қосқаннан кейін өнімді өткізу немесе қызмет көрсету нарығы зерттеледі. Мысалы, қажетті шикізаттар мен құралдарды жабдықтау жағдайы, өндіріс пен өткізу үдерісі, соның ішінде нарық сыйымдылығы бағаланады.

Коммерциялық талдауда өнімді өткізу нарығымен байланысты шығарылатын өнімнің сапасы мен көлемі, экспортқа бағдарлануы, импортауыстыруы, дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестігі, өнімді өткізуде қалай жүзеге асатындығы, өнімді сату көлемінің жеткіліктігі, өндірілген өнімнің өткізуге байланысты бағасының өзгеру жағдайында жобаны жүзеге асырудағы табыстылықтың өзгерісі нақтыланады.

Коммерциялық талдауды маркетингтік зерттеулер жұмысымен  байланыстыруға болады. Коммерциялық талдауды жүргізетін үш міндеті бар:

  • маркетингтік қызметке байланысты;
  • ресурстарды алу көздері мен шартарына байланысты;
  • өндіріс пен өткізу жағдайына байланысты.

Коммерциялық талдау келесідей мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • жаңа баға белгілеу кезінде жобаның жүзеге асырылуы;
  • ұсынылған жобаның нарық сыйымдылығында қандай да бір бөлігін қамтамасыз етуі;
  • жалпы шығармашылық жолдарды нарыққа өткізу деңгейі,
  • тауардың отандық немесе экспортқа арналуы;
  • нарыққа тауарды өткізу үшін маркетингтік шаралардың өткізілуі;
  • әлемдік нарықта тауардың бәсекеге қабілеттігі деңгейінің болуы.

Институционалдық талдаудың мақсаты – бұдл жобаны жүзеге асыру және іске қосу барысындағы ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайға баға беру болып табылады. Сондықтан институционалды талдау арқылы басқару, ұйымдастырушылық құрылым, жоспарлау кадрларды оқыту, қаржылық қызмет бойынша қажетті ұсыныстар жасалады.

Сондай-ақ, менеджменттің  инвестициялық саласындағы әдістері,  моноторинг және бағалау әдістері, ұтымды ұйымдастыру құрылымы, бухгалтерлік есеп және аудит және тағы басқа  мәселелер қарастырылады.

Міндеттері:

  • әрекет ететін заңнамаға сәйкес жоба қатысушыларының міндеттерін анықтау;
  • материалдық-техникалық база, қаржылық жағдай, біліктілікті жоғарлату, құрылым бойынша жоба қатысушаларының әлсіз және күшті жақтарын бағалау;
  • қоршаған орта, жалақы, баға, мемлекетті қолдау, сыртқы экономикалық байланысқа қатысты заңдық нұсқаулардың, үкімдердің, жарлықтардың жобаға әсер етуін бағалау;
  • талдау үдерісінде анықталан жоба қатысушаларының әлсіз жақтарын жою және жобаға жағымсыз факторлардың әсер етуін төмендету бойынша шараларды жасау;
  • жобаның тиімділігіне әсер ететін ұйымдастырушылық факторларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау.

Институционалдық талдау инвестициялық жобада жүзеге асырылатын жағдайларды, яғни құқықтық, саяси ортаны және ұйымдарды бағалау, жобаның  мемлекеттік органдар талаптарына бейімделуін талдау, кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметін, қаржылық жағдайын және тағы басқаларды талдау жүзеге асырылады.

Әлеуметтік талдау – жобаның қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыскерлердің тұрғын үй, мәдени тұрмыстық, еңбек ету, демалыс жағдайларында кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.

Әлеуметтік талдаудың мақсаты – бұл жоба жоспарының нұсқауларын, оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдауды жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет етудің стратегиялық мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

Әлеуметтік талдаудың шешетін мәселелері:

  • жобаға қатысты елдің халықаралық, әлеуметтік, мәдени және деморграфиялық сипаты;
  • жобаны жасауда сол елдің әдет-ғұрпының және дәстүрінің ескерілуі;
  • іске асыру барысында жергілікті халықтың мүдделерінің ескерілуі.

Әлеуметтік талдаудың стандарттық әдісі мен процедураларының жоқтығынан бұл жобаның түрі өте күрделі болып келеді.

Жоба бойынша әлеуметтік нәтижелер келесідей болуы мүмкін:

  • аймақтық жұмыс орындары сапасының өсуі;
  • жұмысшылардың тұрғылықты жағдайының жақсаруы;
  • жұмысшылардың еңбек шарттарының өзгеруі;
  • өндірістік кадрлар құрылымының өзгеруі;
  • халықтың және қызметкерлердің денсаулық деңгейінің жақсаруы.

Экологиялық талдауда –  экологияға залал тигізу туралы сараптамаға баға беріледі. Залал орын алған жағдайда оны жеңілдеті немесе болдырмау шаралары анықталады. Дүниежүзілік тәжірибеде жоба бойынша шығындар сметасына қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру шығындары енгізіледі. Олардың ауытқу деңгейі барлық салымдардың 10%-ын құрайды. Сонымен қатар, шығындар сметасында күтілмеген шығындарға шағын жобалар үшін 5%, ал мегажоба үшін 15% шамасында шығындардың деңгейі қарастырылады.

Экологиялық талдаудың  мақсаты – инвестициялық жобаның өмірлік кезеңдерінде жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу. Оның жағымсыз болған жағдайында залал масштабы және оның алдын алу шаралары қарастырылады. Экологиялық талдау бойынша ранайы экономикалық қорытынды жасалуы тиіс және ол экологияға байланысты мәселелерді жетік білетін мамандардың қатысуымен дайындалып бекітіледі.

Экономикалық талдау кезінде тек қана пайда мен  шығындар қарастырылып қоаймай, әрбір  қатысушы мен қоғам тұрғысынан жобаны ұйымдастырудағы ғаламдық проблемалар  зерттеледі. Бұл талдау түрі қаржылық, техникалық, коммерциялық, әлеуметтік, және басқа да түрлерімен байланысты, яғни кеңірек болып келеді.

Экономикалық талдаудың  мақсаты – нарықтық мәмілелерде  көрініс табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды, сонымен қатар, жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне баға бере отырып, инвестициялық жобаның нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады.

Экономикалық талдаудың  міндеті – жобаның іске асырылуымен  байланысты шығындар мен нәтижелерді тікелей салыстыруға мүмкіндік беретін тетктерді жасау арқылы инвестициялық жобаның тиімділігі туралы нақты шешім қабылдау болып табылады. Экономикалық талдау іске асырылатын жобаның даму мақсатына мүмкіндік жасатын және ең аз шығынды жұмсай отырып, экономикалық тиімділікке қол жеткізетін балама тәсілдерді анықтауға бағытталған.

Қаржылық талдау – экономикалық талдаудың жалғасы ретінде қаржылық ақпараттарды жинау, трансформациялау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Қаржылық талдауың міндеттері:

  • кәсіпорындардың ағымдағы және болашатағы қаржылық жағдайларына баға беру;
  • қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда кәсіпорындардың мүлкін болатын даму қарқынын талдау;
  • қол жеткізуге болатын қаражат көздерін анықтау отырып, оларды жұмылдыру мүмкіндігіне баға беру;
  • капитал нарығындағы кәсіпорынның жалпы жағдайына болжау жасау.

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаны іске асыру шығындары мен нәтижелерін зерттеу ең бірінші кезекте әрбір қатысушының максималды пайда алуының тиістілігі ескеріледі.

Қаржылық және экономикалық талдау – инвестиция тиімділігінің көрсеткіштерінтұтас экономика үшін жобаның табыстылыған баға беріледі.

 

1.2 Жобалық талдаудың қағидалары

 

Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік  циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.

Ақша ағынын модельдеу  дегеніміз – жоба бойынша әр түрлі уақыттағы табыс пен шығынды өзара салыстыру. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзге асыру мерзімінде кәсіпорынынң өндірістік, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша ақшаның түсуі мен кетуін сипаттайды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаны іске асыру ақша ағынын қарастырумен байланысты.

Ақша ағынын модельдеу  есеп беру кезеңіндегі ақша ағынынның  барлық түсімдері мен шығындарын есепке ала отырып, модельді құрастыру  негізінде жүзеге асырылады.

Ақша ағындарының көрсеткіштері  бойынша инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері жобаның бүкіл өмірлік циклін ечепке алады. Инвестициялық жобаның ақша ағыны – бұл барлық есеп айырысу кезеңі үшін анықталатын жобаны жүзеге асырудағы түсімдер мен төлемдердің уақытына тәуелділік болып табылады. Ақша ағындарының мәні әр қадамда келесідей сипатталады:

  • осы қадамда ақша түсімдерінің бірдей өлшемде ағылып келуі (немесе баға көрінісіндегі нәтижелер);
  • осы қадамда бірдей төлемдердің қайтуы;
  • қаржының ағып келуі мен қайтуы арасындағы бірдей айырманың сальдосы (белсенді баланс, әсер). Инвестициялық базада қаржының ағылып келуі мен қайтуы И, ал пайдалануы – Д деп белгіленеді.

Уақыт факторын ескеру жобаның  парметрлер қозғалысын және оның экономикалық ортасын көрсетеді. Сондай-ақ, өндіріс  өндіруі және ресурстардың келуі  олардың төлем арасындағы мерзім айырмашылығын ескереді. Қорытындысында, олардың уақытысының әр түрлі және бірдей еместігі ескеріледі.

Жобаны талдаудың екі  қағидасын біріктіріп қарастырайық. Инфляцияның және тәуекелдің әсерін есепке алу, сондай-ақ жобаны сатуда бірнеше валютаны қолдану инфляцияны болжауда ескеріледі:

  • ішкі нарықтағы теңгенің жалпы индексі;
  • теңгенің валюталық курсын болжау;
  • сыртқы инфляцияны болжау;
  • ресурсқа және өнімге (энергия ресурстары, сатериалдар, құрал-жабдықтар, транспорттық тасымалдар, құрылысмонтаж жұмыстары және т.б.);
  • салық мөлшерлемесін, кедендік баж жиынын, орталық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін болжау.

«Жобамен» және «жобасыз»  салыстыру. Инвестициялық жобаның  тиімділік бағасы «жобаға дейінгі» және «жобадан кейінгі» «жобамен» және «жобасыз» эағдайларда салыстыру жолымен жүзеге асырылуы керек. Бұл кәсіпорын қызметіндегі маңызды микроэкономикалық көрсеткіштерге жобаның қалай әсер еткеніне талдау жасауды көрсетеді (сату көлемі, табысы, актив және меншікті капиталдың рентабельділігі және т.б.).

 

1.1- кесте

              Инновациялық жобалардың тиімділігін салыстыру

 

Қызмет түрі

Ақша түсімі

Ақша қаражаттарының түсімі

  • Өндірістік
  • Тауарды сатудан түскен табыс
  • Ғимараттардың амортизациясы
  • Құрал-жабдықтардың амортизация
  • Шикізат материалдарын сатып алу шығындары
  • Еңбекақы
  • Салық
  • Инвестициялық
  • Кәсіпорындардың акцияларын сатудан түскен табыс
  • Несиелік орларды сатып алу шығындары
  • Айналым қорларымен байланысты шығындар
  • Қаржылық
  • Несиені алу
  • Акцияларды сатудан түскен табыс
  • Облигацияларды сатудан түскен табыс
  • Облигация немесе несие бойынша пайыздарды төлеу
  • Облигация немесе несие бойынша пайыздарды өтеу
  • Акция бойынша дивиденд төлеу

*Дерек көздері: Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – Алматы. 2007ж

 

Мұндай инвестициялық  жобаны қабылдауды жоспарлайды, сондай-ақ жобаны қабылдау немесе қабылдамау жағдайларын анықтайды. Сол себепті кәсіпорын өзгерісін табу қажет.

                                                                                                               

1.2- кесте

                                 Кәсіпорын өзгерісі

 

Жиынтық табыс

Жиынтық шығындар

Таза пайда

Жобамен

90 млн

60млн

30млн

Жобасыз

60млн

50млн

10млн

Өзгерісі 

30млн

10млн

20млн


*Дерек көздері: Омарова А.К.  Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық – Алматы: Таугуль Принт, 2009-236б.

 

         Жоғарыда анықталғандай, жобаны іске асыру туралы шешім қабылдағанда шығындардың өсуіне қарамай кәсіпорынның таза пайдасы 20 млн болады.

Жобалық талдаудың уақыт, инфляция, тәуекел факторларының  қағидалары «кеңістіктегі құн» деген ұғымға негізделеді. Яғни бүгінігі 1 теңгенің ертеңгі 1 теңгеге қарағандағы құны пайыздық болып келеді. Сондықтан да инвестициялық жобаны бағалау кезеңінде жоба бойынша пайыздық мөлшерлеменің деңгейін таңдау маңызды болып табылады. Нақты экономикада бірегей мөлшерлемелер жоқ. Олардың бірнеше түрлері болады. Оларға қысқа, ұзақ мерзімді несие бойынша облигация, депозит бойынша және тағы да басқа пайыздық мөлшерлемелердің түрлері жатады. Сондықтан да инвестициялық жобаның қаржылық менеджерлері ең тиімді қаржыландыру көзін және инвестицияның обьектісін таңдау барысында нақты экономикадағы пайыздық мөлшерлемелерге негізделуі тиіс. Сонымен пайыздық мөлшерлеме және салыстыру мөлшерлемесі белгілі бір уақыт ішінде ақша ресурстарының құндылығының өзгеріс қарқынын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.

Жобалық талдаудың негізгі  мақсаты жобаның тиімділігін  бағалау болып табылады. Мұндай кіспорын инвестициясының жобасын жүзеге асыру және кәсіпорын инвестициясының  жобасын жүзеге асырмау әдістерін  қолдану маңызды. Басқаша айтқанда, бұл қағида «жобамен» және «жобасыз» деп аталады.

Жобалық талдаудың барлық бағыттары мен қағидалары негізінде  инвестициялық жобаның бизнес-жоспары  жасалады.

 

 

 

 

 

 

  2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық

                        жобаларын  талдау

 

2.1   Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.

  Уақыт параметірі ескерілуіне немесе ескерілмеуіне байланыссыз инвестициялық қызметтерді зерттеуде қолданылатын критерилерді келесі екі топқа бөлуге болады:

А) Дисконттауға негізделген

В) Есептеуге негізделген

   Бірінші топтағы  критерийлерге жатады: таза келтірілген  құн (NPV), таза терминалдық құн  (NTV), инвестициялар рентабельділігінің  индексі (PI), пайданың ішкі нормасы  (IRR), инвестицияның дисконтталған  өтелу мерзімі (DPP). Ал, екінші топқа келесі критерийлер жатады: инвестициялардың өтелу мерзімі (PP), инвестициялардың тиімділік коэффициенті (ARR).

   Енді, жоғарыдағы  аталған инвестициялық жобаларды  бағалау әдістерінің критерийлерін  ауқымырақ қарастырайық.

Жобалық талдаудың құрылымы