Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділіг

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

І. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

    1.1 Менеджменттегі жүйелі ықпал

    1.2 Әлемнің дамыған елдерінде менеджментке  қазіргі көзқарас 

II. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

    2.1 Электр жабдықтарының өндірістік  қуатын есептеу.

    2.2 Электр жабдықтырдың капитал шығынын анықтау

    2.3 Еңбек пен еңбек ақы қорын  есептеу

    2.4 Қызметкерлердің саның анықтау

    2.5 Жинақтау бөлімшесінің қызметкерлерінің  еңбек ақы қорын есептеу

    2.6 Өнімнің өзіндік құнын есептеу

    2.7 Жабдықтарды пайдалану және үстап  түрудағы шығындар

    2.8 Жобаланатын электр жабдықтардың  экономикалық тиімділігі. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Экономиканың  нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршендігін камтамасыз ету үшін фирманы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер көзінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілік етуді казіргі заман талаптары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы — менеджерлерді дайындауды талап етеді.

    Менеджер  қызметінің мақсаты — өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны еңгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру  және т. б. көздеген мақсаттарға жету жолында «Менеджмент негіздері» курсын оқыту ісі де игі ықпал етеді. Ұлттық оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеушілігі баршаға аян. Демек, менеджмент бойынша басылып шыққан әдебиеттердің қандайы болмасын зәрулігін жоймақ емес.

    Менеджменттің әдіснамалык аспектілерін теориялық тұрғыдан талдап, оның Қазақстан жағдайындағы даму жолдарын қарастыратын, сонымен қатар ғылыми практикалық және материалдық үлкен көмегі тиетін бұндай кітаптың студенттер мен оқытушыларға және казіргі заманғы басқару жүйесінің мәселелері қызықтыратын мамандарға аса пайдалылығы даусыз. Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескертетін менеджмент әдісі мүлде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

    1.1 Менеджменттегі жүйелі ықпал . 

    Жүйені кез келген типке қолдану — біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері дегендер болады.

    Жүйелердің  біреуі физикалық - техникалық мәндердегі концециялардың өзіңдік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені де яғни кейбір міндетерді шешетін кез-келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.

    Жүйелік — табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Коғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенін өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе одан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады. Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама береді: «Жүйе дегеніміз қүрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты бъектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэңдом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: «...белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдын реттелген және көлемді фактілердің, принциптердің, т.б. жиынтығы».

    Жүйе  дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Жүйедегі объектілерді соның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және де жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі  элементтер  жиынтығын жүйе тармақтары  деп атайды.

    Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы (өсідкілі) дамитын әрі өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге негізгі касиеттері мен белтілері тән, ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар.

    Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық  және ашық, Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, онын іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат — жабық жүйе. Оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз, әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі коршаған ортаға тәуелсіз.

    Ашық  жүйенің ерекшелігі сыртқы ортамен  тығыз байланыстылығында. Энергия, мәліметтер, материалдар — бұл жүйе шекарасы арқылы сыртқы ортадан енетін объектілер. Мұндай жүйе өзін өзі қамтамасыз ете алмайды, оның өмір сүруі сырттан келетін энергияға, мәліметтерге және материалдарға тәуелді. Сонымен қоса, ашық жүйенін сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделгіш кабілеті бар және де мұның өзі жүйенің одан әрі жұмыс істеуі үшін қажет.

    Басшылар  негізінен ашық жүйемен жұмыс  істейді, өйткені барлық ұйымдар  ашық жүйеге жатады. Адамдардын ұйымының өмір сүруі сыртқы әлемге тәуелді. Төменде ұйымың ашық жүйе ретіндегі бейнесі келтірілген. 

Төменде Ұйым - ашық   жүйе
Ену Түрлену Шығу
Мәліметтер, материалдар капитал еңбек ресурстары Енген обьектіні Өнім немесе қызмет пайда (банкте).

Әлеуметтік  жауапкершілік нарықтағы (базар) үлесі  өсім Қызметкерлердің қанағаттануы

 

    Ұйым сыртқы ортадан мәліметтер, капитал, адам ресурстары мен материалдар алады. Бұл компоненттер кіруші деп аталады. Түрлендіру процесінде ұйым осы енетін компоненттерді өңдеп, оларды өнімге немесе қызмет көрсету үшін түрлеңдіреді. Бұл өнімдер мен қызметтер ұйымнан сыртқы ортаға шығатын компоненттер болып саналады.

    Менеджменттің сыртқы ортасы. Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына тура келеді. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен тілегін, сондай-ақ шикізат пен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да сұраныстарын ескереді.

    Барлық  басқарушылар қандай жұмыста болмасын сыртқы элементтерге мұқият көңіл бөліп, зер салуы тиіс.

    Г.Кунц пен СО.Доннел «Басқару: басқару жұмысындағы жүйелік ықпал және жағдайды талдау» деген кітабында былай деп жазады: «Кәсіпорынның барлық түріне сыртқы орта секторлары экономикалық, технологиялық әлеуметтік, саяси және этикалық тұрғыда ықпал етеді». Іс жүзіне келгенде сыртқы ортаның барлық жағдайлары бірін-бірі толықтыруы, әрі өзара әрекеттесуі мүмкін.

    Кез келген ұйымдасқан кәсіпорын жүйе ретінде алуан түрлі жоспарды сыртқы экономикалық ортаға шығаруы және одан кез келген өнімді немесе қызметті алуы, сөйтіп, сыртқы экономикалық ортамен белсенді қатынас орнатуы мүмкін.

    Сыртқы  экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта элементтеріне жататыны:

    — капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;

    — жұмысшы күші. Қойылған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету. Адамдарсыз күрделі технологияны, капиталды және технология материалдарын тиімді пайдалану мүмкін емес;

    — баға деңгейі. Мәселен инфляция (ақшаның құнсыздануы) коммерциялық     кәсіпорындардың     қалыпты     қызметін  бұзып     қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді. АҚШ-та барлық ұйым түрлеріне ықпал етудің басты факторы — еңбек өнімділігі болды. Олар көптеген жылдар бойы еңбек   өнімділігін   арттыру   арқылы   дүние   жүзілік   нарық   бәсекелесіне ойдағыдай қатысып    келеді.   Әсіресе, мұның өзі     ауыл    шарушылығында өте   жоғары деңгейде;

    — жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы    өте жоғары бағаланады.     Фирма     ішінде     жоғары     білікті     менеджерлерді тарту    және қабілетті басшыларды баулу өте маңызды проблема.

    Үкіметтін қаржы және салық саясаты сыртқы экономикалық ортаның маңызды элементі. Үкіметтің колда бар кредитті қаржы саясаты арқылы жүзеге асыруы іскер әлемге едәуір дәрежеде ықпал етеді, сонымен қоса оның ықпалы көпшілік іскерлік операцияларға да әсер етеді. Үкіметтің салық саясаты қоғамның барлық тұстарын қамтиды, сондықтанда мұны барлық ұйым басшылары ескеруіне тура келеді. Салық салу деңгейі үкімет шығындарына тікелей байланысты.

    — сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта білу үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және алғысы келетіндігін біліп отыруы тиіс. Бизнес мақсаты - сатып алушыларды қызықтыра білу. Ұйымның өмір сүруі де, олардың жұмысының нәтижелі, табысты болуы да, тұтынушыларды таба білуіне, солардың сұранысын қанағаттандыруына байланысты.

    Саяси орта, әдетте, саяси және үкімет басшылары мен заң көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсеңдеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.

    Басқарушылардың көзқарасы тұрғысынан қарағанда ең дұрысы саяси тұрақтылық. Іскер кәсіпорын басшысы өз ісін жалғастыруға мүмкіндік беретін кез келген саяси ортада өмір сүре алады. Алайда, егер олар үнемі өзгеріп тұратын, әрі тұрақсыз жағдайда өмір сүретіп болса, онда мұның өзі аумалы-төкпелі жағдайға ұшырасады.

    Әрбір ұйымдағы әрбір басшыны түрліше заңдар, қаулылар әр алуан комиссиялар, ресми жарлықтар мен сот шешімдері шырмап алады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың және жақын маңдағы елді мекендердегі тұрғындардың мүддесін қорғауға арналған. Басқа құжаттардың міндеті - шарттардың міндетті түрде орындалуын және жеке меншік правосын қорғауды қамтамасыз ету. Көптеген құжаттар басқарушының және оның қарамағындағылардың кәсіпорындағы алуан түрлі іс-әрекеттерін реттеу мақсатында қабылданған. Кез келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез келген заңға немесе қаулыға қатысты, әрі олар көбінесе тікелей бақылап отырады. Барлық ұйымдағы, әсіресе, іскер және үкімет ұйымдарындағы басшылар әдетте шешім қабылдар алдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.

    Сыртқы  этикалық орта. Әтикалық орта әлеуметтік ортанын құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады. Алайда этикалық нормалардың барлығы зандарда толық қарастырылмайды, қарастырылуы да мүмкін емес. Сонымен қоса, көптеген салаларда этикалық талаптардың да оның ғылыми негіздерінің де тұрақсыздығы, әрі жетілмегендігі соншалық оны заң жүзінде негіздеу мүмкін емес.

    Қазіргі кезде жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс нормаларының қажеттілігі ерекше сезіледі. Мемлекет басшыларының саяси қайраткерлердің, соттардың, профессорлардың, дін қызметкерлердің, заңгерлердің, бухгалтерлердің, тіпті қарапайым жұмысшылардың жүріс-тұрысы туралы әңгіме болғанда мұның өзі ерекше қажетті. 
 

    1.2 Әлемнің дамыған елдерінде менеджментке қазіргі көзқарасы 

    АҚШ-тағы менеджмент ерекшеліктері. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің қүрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда, тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан (ұзақ мерзімді капитал жұмсаудан) гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық-басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.

    Сол себепті АҚШ-та өндірістік қызметтің  ұйымдық нышандарын мемлекеттік-монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу, өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.

    Орталықтан  басшылық етуден гөрі, пайда табатын  орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың правосы мен жауапкершілігін ұлғайту — АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды. Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды, бөлімше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы бас карма енгізілді, штабтық, органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына кызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады, төменгі буындарда (зауыттарда) функциялық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді.

    Дракер  «федералдық принцип» деген ұғымды енгізді, мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады, әрі орталықта, ұйымның бір бөлігі де «жоғары басшының қызметін орындай алады».

    Дракердің ойынша «федералдық принципті» бірте-бірте  қолдану мынаған негізделген: жоғарғы  басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқыңдайды, адам ресурстарын ұйымдастырады, болашақ әкімдерді тандайды, даярлайды және сынайды, қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады. Оның меңгерушісі автономдық істің басшысы, ол өндіріс пен техникалық прогресске, өткізу мен сатып алуға, есеп беру мен қызметкерлерге жауапты. Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.

    Друкердің пікірінше, ұйымдастырудың федералдық принципі:

    1) жоғарғы басшының өзінің тікелей  қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;

    2) жергілікті жердегі «жоғарғы  басшының қызметін және оның  проблемаларын» түсінуге, әрі сонын нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін «жергілікті деңгейде» ойдағыдай орындауға ықпал етеді;

    3) еңбек өнімділігін әділ бағалауға  қолайлы жағдай жасайды;

    4) сабақтас проблемаларды шешіп,  «кең профильді» басшыларды  құруға  және оларға жоғарғы  басшыдағы  проблемалар  мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.

    Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады. Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады, коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда, ұйымдық құрылым мәселелерінің қүрделі іс екендігі соншалық, ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау тіптен мүмкін емес. Сондықтанда, эмпирикалық мектептін кейбір өкілдерінің пікірінше, өндірістің сипатына, сол өндірістегі қызметтің ерекшелігіне, тиісті әкімшілік қызметшілердің аз-көптігіне қарай кез келген ұйымдық шешімдерді өзіндегі жағдайға қарай бейімдеу қажет.

    Кейбір  компанияларда ұйымдық өзгеріс циклді сипат алады, яғни жаңа бөлімнің пайда болу кезеңі оның шоғырлану және басқарудың жалпы орталықтану кезеңімен алмасады.

    Бірінші өндірістік - шаруашылық буындарды ірілендіру, корпорациялардағы децентрализациялау шекарасын белгілеу көп жағдайда өндіріс шығындары мен қосымша шығындарды қысқарту керектігімен— түсіндіріледі. Қазіргі кезде бұл проблемамен американың өндірісті басқару жөніндегі мамандары белсене шұғылдануда. Басқаруды тиімді ету, басқару және қызмет көрсету буындарын арзандату. Солтүстік Америкадағы Форд компаниясында автомобильдерді өндіру жөніндегі барлық операцияларды шоғырландыруға себепші болды.

    Компанияның табыстылығын арттырудың жаңа жолдарын қарастыруда ғылыми зерттеулер мен ізденістерді тиімді етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа нәтижелердің енгізілуіне байланысты іскер компанияның бәсекелесу қабілеттілігін де, олардың «өміршендігін» және «болашақтағы беймәлімді» игеруін де байланыстырады.

    Міне, сондықтан да басқару ғылыми, өз қожайындарының — монополистерінің мұқтажына көңіл бөле отырып, ғылыми зерттеулер мен ізденістер проблемаларын алдыңғы орындардын біріне қойып, бұл саладағы қызметке жаңа тәсілдер мен құралдарды - жүйелік талдаудың, математикалық және машиналық модельдеудің, ғалымдар мен инженерлердің еңбегін мотивациялаудың және интенсивтендірудің толып жатқан психологиялық амалдарын қолданады. Басқару ғылымы арнайы әдебиеттердегі тақырыптардын біріне айналды, осы мақсатта конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізілді.

    Американдық көптеген мамандардың пікірінше, ең қиын және көмескі проблемалардың бірі компанияларға ұзақ мерзімді саясат белгілеу, яғни ғылыми зерттеулер мен ізденістерді жүргізу. «Болашақта қандай өнімдерге бейімделу, зерттеулерге бөлінетін күрделі қаржы қандай мөлшерде болады, мұның қауіп-қатері қандай дәрежеде?. Осындай және баска да толып жатқан мәселелер талқылау мен жасалатын методикалық ұсыныстардың тақырыбына айналды.

    Соңғы жылдары ақпаратты машиналық  жүйемен жинаудын және өндеудің кең  етек алу жылдарында адамдар ақпаратты  және творчестволық идеяны таратушы ретінде көптеген эксперименттер мен зерттеулердің объектісіне айналды.

    Ақпараттың  ұдайы келуі үшін іргелі зерттеулерді қолданбалы зерттеулермен — өндірісте өтетін нақты процестер туралы таптырмайтын мәлімет кездерімен ұштастырудың зор маңызы бар.

    Америкадағы университеттер мен ғылыми орталықтарда кибернетикалық сессиялар деп аталатынды көп айтады. Бұл ғылыми салада идеяны тез тарату және жинаудын жаңа тәсілі. Жұртқа мәлім анкеттік зерттеулерге, сұрау салуға, эксперттердің кездесулеріне т. б. қарағанда бұл едәуір тиімді тәсіл ретінде жарияланды.

    Бұл тәсілдің авторларының (Д. Холл және Р, Диксон), сондай-ақ оны қолданушылардын түсіндіруінше мұның мәнісі мынада:

    - кез келген ғылыми проблемалар  бойынша, оны жан-жақты талқылайтын  мамандардың бірнеше тобы құрылады;

    - әрбір топ үшін бұрын сұрақтар белгіленіп, сол бойынша пікір алысып, жаңа идеялар айқындалады;

    - жол көрсеткіші жасалып, онда  әрбір маманның әр түрлі топқа қатысу тәртібі көрсетіледі;

    - жазбаны жүргізетін, әрі әрбір топтағы жаңадан қатысушыларға, олар келгенге дейін не айтылғаны туралы түсінік беретін арнайы адам бөлінеді.

    Жол көрсеткішінің көмегімен сессияға қатысушылардың әр қайсысы барлық топқа жұмыс істейді, сонымен қоса, құрамында мамандары бар топ құрамы бірнеше рет өзгереді.

    Аталған тәсіл әр түрлі орталықтар мен компанияларға пайдаланылады. Американдық мамандардың пікірінше, көп жағдайда қысқа уақыттың ішінде өте мол ақпарат жинауға, нақты қолдануға болатын концепциялар немесе идеялар алуға мүмкіндік туды. Сонымен коса, кәдімгі талқылауға қарағанда, «кибернетикалык сессияларда» басшылар мен оларға бағыныштылар өздерін едәуір   еркін   сезінеді;   проблемаларды  шешу  қажеттілігі   ортақ  міндетке айналды. Бұл тәсіл ақпарат жинау әрекет ету мен процедура бағыттарын белгілеу үшін ғана емес, басқарушыларды оқыту үшін де кеңінен қолданылады.

    «Ми шабылы» әдісі кеңінен қолданылып, мұнда қысқа мерзімде ғалымдардан құрылған арнайы команда нендей бір проблемаға «шабуылдап», қажетті шешімді табады.

    Мұндай уақытша ұйымдық формаға АҚШ-та кеңінен қолданылып отырған «ғылыми антрепренерлікті» жатқызуға болады. Мұндай белгілі бір проблеманы зерттеу үшін әр түрлі институттардан, компаниялар мен университеттерден көптеген мамандар тобы құрылады. Toп жетекшісі ғалым кейде әкім - антрепренер болады. Көп жағдайда топтарды алынған нэтижелерді тарату үшін (нақты жағдайдын ерекшеліктерін ескере отырып) құрады.

    Соңғы жылдары басқарудың бағдарламалық-мақсаттық  құрылымына ауысуы кең етек алды. Мұндайда компанияларда, ғылыми орталықтарда әр түрлі қызмет түрлерін үйлестіріп, біріктіреді де оларды белгілі бір мақсатқа бағындырады. Осындай жолмен американдық мамандар басқарудың «тікелей» және «көлбеу» байланыстарын, орталықтандыру мен орталықтан тыс жүргізуді тиімді үлестіру проблемасын шешуге тырысты.

    Істің мәні сонда, американдық өнеркәсіп компанияларының басқару құрылымында жаңа фигуралар — «бағдарламалық, басшылар немесе жоба басшылары» пайда болады. Олардың міндеті — көлбеу басшылық жасап, барлық бөлімшелердің — зерттеуден өнім тапсыруға дейінгі барлық қызметті бағындыру, нақты жобалар мен бағдарламаларды орындау. Бағдарламалық басшылық билігі барлық бөлімшедегі басшылардың правосымен және жауапкершілігімен түйіседі. Қарапайым орындаушылар әкімшілік саладағы бірден екі мекеме басшысының - өз бөлімшесінің күн жөніндегі менеджердің және нақты бағдарламаның орындалу графигін қадағалайтын жоба басшысының бақылауына алынады. Оның үстіне, егер бұрын «басқарудың жобалық нышаны» аса маңызды бір-екі жобада немесе бұйымда құрылатын болса, енді американдық көпшілік компанияларда жаңадан шығарылатын бұйымдардың барлығы басқарудың және бақылаудын осы жүйелерін қамтиды. Жоба басшылары - шағын бас директорлар, ол лимиттік және қызметтік басшылық етеді.

    Зерттеудің  көрсеткеніндей, «жобалық басқаруды» ұйымдастырудағы жаңалық — мақсаттық бағдарламанын пайда болуынан жүзеге асуына дейінгі циклдін өтуін белгілейді. Өнеркәсіптік компаниядағы мақсатты басқару жүйесінің орыны мен рөлі, праволары, жауапкершілігі мен олардың арасындағы байланыстар айқын белгіленген.

    Мақсаттық бағдарламаларды баскару жөніндегі  бүкіл жұмысқа жетекшілік ететін арнайы комитеттер жоспарларды, нақты жобаларды бекітеді, оларды орталықтан басқаруды жүзеге асырады. Олардың міндетіне жобаның иесіне белгілеу, әр түрлі бөлімшелерден жобалардың өтуіне байланысты компания қызметінің ауқымын үйлестіру, жобаларды шолып шығу, нәтижесін бағалау және орындалу дәрежесін айқындау, жұмысшы топтары мен басқа да бөлімшелерде пайда болған дау-жаң жалды жою жатады.

    Жобалық басқару салалық-қызметтік басқарумен үйлестіру симметриялық құрылым  құрайды, онда «тікелей» және «көлбеу» басқарулар байланысады.

    Матрицалық  ұйымдастыру ауқымында басқарудың «жаңалық енгізу» нышаны енгізілді. Бұл нышанның пайда болу себебінін мәні мынада: қызметтік және салалық қызмет пен басқару, негізінен алғанда күнделікті жұмыспен шұғылданатындықтан өнімдерге техникаларға. Технологияларға үнемі жаңалық енгізуге, мүлде жаңа өнімдерді ойластыруға мүмкіндігі бола бермейді. Қызметтің бұл түрі функционалдық құрылым аясында бірте-бірте окшауланды.

    Бұл саладағы соңғы қадам, тиісті өкілеттілігі бар автономдық органдар («жаналық енгізу басқармасы») құру болды. Мұндайда жаңа өндіріс пен өнімді игеру күнделікті шығарылатын бұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Өкілеттілік пен ресурстарды шоғырландыру жаңа кен орындарын өнеркәсіптік   жолмен   игеру   мерзімін   қысқартуға   әрі   оларға   қажетті тұтынушыларды айқындауға мүмкіндік береді.

    Өнімнің жаңа түрлеріне жаңалық енгізу тобы жобалық, негізде жоспарланып жүзеге асырылады. Топтың жоба жөніндегі жауапкершілігі, оның коммерциялық жүзеге асушылығы анықталғанша, рынокта сынақтан өткенге дейін сақталады. Бұл кезенде жоба жұмыс істеп тұрған іскер топтарға беріледі де, онда ол жұмыс істеп тұрған бөлімшенің бір бөлігіне айналады немесе жаңа бөлімшенің ядросын құрайды.

    «Басқарудың жаңалық енгізу» нышаны ұйымның ерекше икемділігін қамтамасыз етеді, алайда сонымен қоса топтар мен сыртқы орта аралығындағы айқын қарым-қатынас проблемасын барынша өткір қояды.

    Американдықтардың іскерлік белсенділікке ықпал ететін ұлттық ерекшелігі, олардың өз артықшылықтары мен өмірге төзімділігін дәлелдеп, сол үшін күресе білетіндігінде. Американдықтар жайлы қалыптасқан түсінік -бұлар зор күш-қуаты бар, қажымайтын, өз ерекшеліктерімен көзге түсетін табанды, жігерлі адамдар.

    Соңғы жылдары американдық бизнес психологиясында өзінің жетекшілігі үшін күресу, позитивтік өзгеріске әзір тұру жағы байқалады. Мұндайда, негізгі проблемалар — жаңа рыноктар іздестіру, басқару құрылымын бюрократтықтан (кеңесшілдіктен) арылту, өндірісте басқару стилін жаңарту. АҚШ-та шамамен 20 жыл бұрын дара басшылық стилі үстемдік етті. Американдық фирмалардың ұйымдық қызметінде қазіргі кезде де катаң тәртіп, сөзсіз бағыну орын алған.

    Американдық кәсіпкерлер мен менеджерлер арасында өз ісіне тәуелсіз ерекше қабілетті, дербес шешім қабылдайтын көптеген адамдар бар. Америка бұрыннан қиындықты тайсалмай жеңе білетін, ержүрек адамдарды қадір тұтқан. Алайда, соңғы жылдары менеджмент кеңесшілері мен теоретиктері басқарудың өктемдік стилін іскерлікпен, «жайдары мінез-құлықпен» алмастыруды, дара басшылықтан бас тартуды жақтайды.

    Дэвид Мерсер «Корпорация әлеміндегі басқару» кітабында фирмадағы басқару жүйесін «ұйымдасқан анархияның жоғарғы формасы» деп атады. Алайда, ол іскерлік өмірдегі өктемдік, тікелей қатаң стиль күн өткен сайын демократиялыц үйлестіруші, көлбеу басшылықпен алмасатыңдығын атап көрсетеді. Мұнда, атап айтқанда, басшылар мен оларға бағыныштылардың арасында шынайы сенімге негізделген принциптер тұжырымдалған, мұның өзі бүкіл Америкадағы іскер топтарға тән қасиет.

    Жапондық  менеджмент. Басқарудың жапондық типінің түрлері. Н. С. Целищевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады.

Жобаланатын электр жабдықтардың экономикалық тиімділіг