Жолаушы тасымалдау бойынша курстық жұмыс

Кіріспе

«Жолаушыларды тасымалдау технологиясы  және оны  ұйымдастыру» пәні бойынша  1202063 - «Тасымалдауды  ұйымдастыру және көлік қозғалысын  басқару (автомобиль көлігі)» мамандығына  алған білімдерімді жетілдіру үшін жасалып  отырған  курстық  жоба  Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік  жалпыға міндетті стандартына сәйкес жасалынды.

Курстық  жобада  №40 қалаішілік автобус маршрутының  жүріс жиілігін арттыру арқылы жолаушы  тасымалын жүзеге асыруды жақсарту жұмыстары жүргізілді. №40 автобус  маршрутының жетілдіру жұмыстарын қадағалай  отырып, оның кемшіліктерін  толықтырып  ұйымдастыру бойынша  экономикалық тиімділікке негізделген  жоба жасалды.

Қолданыстағы  №40 автобус маршрутына енгізілген өзгертулер мен жаңа жобалар есептеу  жұмыстары арқылы нақтыланып көрсетілді.

Көлік- халық  шаруашылығында маңызды орын алып, көптеген мақсаттар үшін жан-жақты  қолданылады. Көліксіз қоғамның және оның күш – қуатын  дамыту әсте мүмкін емес. Көлік-халық шаруашылығы мен  мәдени-әлеуметтік қарым-қатынастардың  барлық буынын өзара тығыз байланыстырып, жандандырып тұрған байланыс құралы. Сондықтан автокөлік мекемелерінің  жұмысы мен қызмет көрсету деңгейінің жоғарылауы және техникалық құрал- жабдықтары мен көліктік құрамдардың сапасының  артып, заман талабына сай болуы  мемлекеттің бақылауында болуы  керек.

Көлік және көлік қызметінің  саласын дамытудың  негізгі стратегиялық  бағыттары:

1.Көліктің  негізгі міндеті – халықты  бір жерден екінші жерге   тасымалдау мен халық шаруашылығының  қажеттіліктерін дер кезінде  толықтай әрі сапалы қызметпен  қамтамасыз ету және оның жұмысының  экономикалық тиімділігін арттыру.

2. Автокөлік  мекемелерін пайдалану тиімділігі  жоғары жылжымалы құрамдармен  және сапалы қызмет көрсету  нысандарымен жабдықтау.

3. Жол  инфроқұрылымының сапасын арттырып, жаңа техникалық құрал-жабдықтармен  жарақтандыру.

4. Көлік  қызметін ұсынушылардың арасында  нарықтық бәсекелестікті жандандыру. 

Кез-келген автокөлік мекемесі даму бағдарын негізге  ала отырып, өз жұмыстарын экономикалық тиімді жолмен ұйымдастыруға дағдылануы керек. Барлық көлік жабдықтарының  пайдалану көрсеткіштерін жақсарту үшін келесі негізгі шараларды назарда  ұстаған жөн:

  • көлік құрамының техникалық жай- күйін қадағалау керек;
  • жолаушы ағыны  мен жол аралығына сәйкес көлік  түрін дұрыс тандау;
  • жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың  оңтайлы маршрутын құрастыру;
  • маршрутты автобустардың бос  жүрісін және соңғы аялдамаларда бос тұру уақытын қысқарту, олардың сыйымдылығын толық пайдалану;
  • тасымалдау көрсеткіштері бойынша мәліметтерді зерттеп-талдап, сараптама жасай отырып, өзгертулер мен жаңа жетілдірулер енгізу;
  • қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және қоршаған ортаға келтіретін зияндылығын төмендету;
  • жүргізушілердің шеберлігін арттыру және қоғамдық  көліктердегі  қызмет көрсету шараларын жақсарту;
  • жыл мезгілдері мен ауа-райының ерекшеліктеріне тәуелсіз, тұрақты тасымалмен қамтамасыз ету;

Жолаушыларды  тасымалдау көліктері қалаішілік, қаламаңдық, қалааралық және халықаралық деп  бөлінеді. Қалаішілік жолаушы тасымалдау көліктеріне халықтың қала ішіндегі қозғалысын тұрақты түрде қамтамассыз  етуге арналған көлік түрлері  жатады. Оларға автобус, трамвай, троллейбус, метро кешені және маршрутты таксилер жатады. Осылардың ішінде экономикалық тұрғыдан алғанда тиімдісі әрі жылдам қозғалысты ұйымдастыруға ыңғайлысы  және кең ауқымда пайдалануға  ең қолайлысы автобус көлігі.

Автомобильді-көліктік жұмыс екі негізгі көрсеткішпен сипатталады: тасымалдау көлемі және жолаушы  айналымы немесе жүк айналымы. Тасымалдау көлемі белгілі бір уақыт аралығында тасымалданған немесе тасымалдануы қажет жүктің шамасы немесе жолаушылар санын көрсетеді, ал жолаушы айналымы (жүк айналымы) – ол жолаушы немесе жүктерді тасымалдау бойынша көлік  жұмысының көлемі.

Автомобиль  көлігінің жолаушы айналымы немесе жүк айналымының артуы мен  оны қолдану тиімділігі жылжымалы  құрам жұмысының техникалық-пайдалану, сапалық көрсеткіштер деңгейін жақсартуды талап етеді.

Жолаушы тасымалдарын қанағаттанарлық деңгейде қамтамасыз ету үшін жолаушы ағынына  сәйкес қажетті жылжымалы құрамдармен  жабдықтап, ең тиімді жүріс кестелері  мен жол маршруттарын зерттеп - талдау арқылы дәл анықтап енгізу керек.

Жаңа  маршруттар бойынша жылжымалы құрам  қозғалысын қамтамасыз етуші тасымалдарды маршруттау бос жүрісті төмендету, жүрісті пайдалану коэффициентін  көрсетуге мүмкіндік береді, яғни, автомобильдер өнімділігін арттыруға. Бұл сонымен қатар автомобильдер  тасымалының өзіндік құнына, халық  шаруашылығындағы көліктік шығындарды азайтуға маңызды әсерін тигізеді, сонымен бірге жүргізушілердің  еңбек ақысын және тасымалдау тиімділігін  арттырады.

Халық санының  өсімі мен қаланың үлкеюі көлік  қозғалысын ұйымдастыруда көптеген мәселелер тудырады. Көше жол тораптарында көлік кептелістері пайда болып, жол-көлік оқиғалары жиілеп, адамдардың қажетті жерлерге уақытында жету мүмкіншіліктері  төмендейді. Сондықтан  көлік қозғалысына ықпал ететін  барлық жағдайларды қадағалап, статистикалық  мәліметтер негізінде кезеңдік зерттеп-талдау жұмыстарын жүргізу керек. Әрбір  маршрутты көлік қозғалыстарына бақылау жүргізіп, оның кемшіліктерін  анықтап жетілдіру шараларын  өз уақытында енгізген дұрыс.

 

  1. Зерттеп - талдау бөлімі

 

    1. Қолданыстағы тасымалды  ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы

 

Автокөлік қызметінің болашақтағы  дамуына жол ашатын негізгі басым  бағыттар ретінде автокөлік тасымалдарының сапасы мен тиімділігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға тигізетін  зиянды әсерін азайту, автокөлік құралының  паркін жетілдіру,  міндеттері жатады. Автобустар мен тасымалды ұйымдастыру  үшін автокөлік мекемесі әр түрлі  деңгейдегі мақсаттар мен бағыттар бойынша жұмыс істейді. Олар:  көшелердің орналасуына және жол  қашықтықтарына сәйкес маршруттардың  схемасын құрастыру;  тәуліктік , сағаттық апта күндері жыл мезгілдерінің  әр түрлі ерекшеліктеріне және жолаушы  ағынының өзгерісіне сәйкес автобустардың  түрін және санын анықтау.  Жолаушы тасымалын нәтижелі ұйымдастыру үшін жолаушы және көлік ағындарына талдау жасау; машрут бойынша автобустардың қозғалысын жүйелі түрде бақылау; автобустардың жүріс кестесін жасап, тасымал сапасын жақсарту шараларын халықтың сұранысы мен заман талабына сай ұйымдастыру және жетілдіру автобустар мен жүргізушілердің жұмыс кестесін және тәртібін құрастыру.

Автокөлік паркін жетілдірудің негізгі бағыттары  болып:

  • пайдалану тиімділігі жоғары жылжымалы құрамды енгізу;
  • автокөлік саласында бәсекелестікті дамыту;
  • жеңілдетілген несие жүйесімен қаржыландыру;
  • заман талабына сай техникалық жабдықтар мен техникалық ұйымдастыру үрдістерін енгізу саналады.

Қозғалыс  жылдамдығына сәйкес белгіленетін айналым  уақыты дұрыс анықталса қозғалыстың  тұрақты болуы қамтамасыз етіледі.

Егер  айналым уақыты дұрыс анықталмаса, көп болса: жүріс жылдамдығы төмендейді; соңғы және аралық аялдамаларда автобустардың  бос тұру уақыты көбейеді; айналым  уақыты жеткіліксіз болса жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзады. Сондықтан жылдамдықты реттеу қолданыстағы жолаушы тасымалына ұйымдастыруды  жетілдіру бойынша ұсыныстардың бірі болып табылады.

Кез келген автобус маршрутын ашпастан бұрын  пайдалану бөлімі маршруттың негізгі  төлқұжаты жеке бас кілтін, паспортын  жасайды. Ол паспортты жол бағанының  схемасы техникалық сипаттамаларымен толық көрсетіледі. Автобустар тағайындалуы, көлемі және сыймдылығы сыртқы қорабының  қабатына құрылымдық ерекшеліктерімен және басқа да белгілері бойынша  өзара топтастырылады.

Ал негізгі  қарастырылып отырған маршрут бойынша  және тағайындалуы бойынша  жалпы  қолданыстағы маршрут түріне жатады. Және маятникті маршрут  болып  келеді.  Қала  ішілік  тасымалдауға  арналған. Маршрут  сағат 6:30- да бірінші  рейске шығады. Жұмыс уақыты сағат 22:30-да аяқталады. Бір жұмыс күнінде 16 сағат  бойы  жолаушы  тасымалдайды. Оның 80% тасымалдауға кетсе. Қалғаны жолаушыларды отырғызу, рейс аралықтарында дем  алу мен жолдағы кептеліске кетеді. Маршрутта негізінен таңергеңгі, және кешкі уақыттарда жолаушы ағыны көп болады. Себебі таңертеңгісін  адамдар  жұмысқа барады,сабаққа барады, вогзалға барады, кешкісін студенттер мен қоса жұмыскерлер жұмыстан қайтады, сауда орталықтарына барады.

 

1.2 Қолданыстағы  жолаушы тасымалын  ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс

 

  • Қалалық жолаушылар көлiгi қозғалысының қауiпсiздiгiн арттыру бағдарламасын жетілдіру;
  • Қалалық жолаушылар көлiгiнiң қоршаған ортаға келеңсiз экологиялық әсерiн азайту саласындағы жобаларды дамыту;
  • Қалалық қозғалысты реттеу орталықтарын құру мен жарақтандыруды;
  • Бейiмделген реттеу технологияларын қолдана отырып қозғалысты автоматты реттеу жүйесiн (бағдаршамдарды) жаңғыртуды;
  • Көлiк қызметтерi нарығында ашық та әдiл бәсекелестiктi қамтамасыз етудi;
  • Реттеу схемаларында қалалық жолаушы көлiгiнiң басым қозғалысы үлгiлерiн iске асыруды;
  • Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеу, нөмiр белгiлерiн тану және қалаларда әрi қала маңындағы аймақтарда құқық қолдану автоматтандырылған жүйелерiн қоса алғанда, көше қозғалысын көзбен қашықтықтан шолу мониторингiнiң технологияларын енгiзудi қамтиды.
  • Трамвай, троллейбус, бөлiнген автобус желiлерi, монорельстi көлiк және метро сияқты қалалық жолаушылар көлiгiнiң баламалы түрлерiн дамыту қажет.
  • Барлық аялдамалар жол қозғалысына кедергі жасамайтын жерде орналасуы керек;
  • Аялдамаларда жолаушының бару пунктіне дейін тез және бір ғана автобуспен жету ақпаратын алу мүмкіндігін жасау керек. Мысалы, электронды құрылғыларды енгізу;
  • Автобустарда билеттік жүйені жетілдіру, билеттік жүйені автоматтандыру;
  • Барлық аялдамаларда жол өтпелерінің болуы тиіс. Және жол өтпелері аялдамадан алыс болмауы қажет.
  • Жолаушылардың қауіпсіз тасымалдануы үшін жолдардың сапасын жақсарту;
  • Автобустарда жолаушылардың сығылыспай тасымалдануы үшін және автобустарды ұзақ уақыт күтпеуі үшін автобус интервалдарын азайту;

 

 

 

 

Кесте 1.1 Жол маршрутындағы аялдамаларының техникалық сипаттамасы

 

 

Аялдамалардың атауы

Жол аралықтары, км

 

Ерекше белгілер

Басынан соңына дейін, м.

Аялдама

аралық-тары, м.

1

Автостанция

-

-

 

2

13-мкр

135

135

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдер Жаяу жүргіншілерге арналған жол өткелдері і

3

Кольцевая

599

464

Мактуб сауда үйі

4

Библиотека

908

309

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

5

Горняк

1565

657

Базар

6

Ласточка

2195

630

Жол қиылысы

7

Спортак

2993

798

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

8

ДКГ

3577

584

Жол қиылысы

9

11-мкр

3968

391

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

10

19-мкр

4620

652

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

11

Мечеть

5298

678

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

12

ТД Умай

5961

663

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

13

Восток 2

6308

      347

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

14

Восток 3

6743

435

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

15

Восток 5

7228

485

Басты жол

16

Г.Пруды

7944

716

Жылдамдық өлшегіш құрал,көпір

17

Ст. Аэропорт

12570

4626

Жол қиылысы

18

Ул. Космонавтов

13209

 

639

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

19

Мелькомбинат

13821

612

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

20

Кондитерский фабрика

14416

595

Жол қиылысы,бағдаршаммен реттеу

21

Сельхозтехника

14716

300

Темір жол өтпесі

22

Айсулу

15498

782

Жол қиылысы

23

Мечта

15784

286

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері


              Кесте 1.1 жалғасы

 

 

 

Аялдамалардың атауы

 

Жол аралықтары, м

 

Ерекше белгілер

Басынан соңына дейін

Аялдама

аралық-тары

24

1000 мелочей

16202

418

Жер-асты өтпесі

25

45 кв

16848

646

Жол қиылысы 

26

Вокзал

17414

566

Айналмалы жол,көпір

27

Шығыс

18792

1378

Жылдамдық өлшегіш

28

      Новый Рынок

19250

458

Базар орталығы

29

16 магазин

19849

599

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

30

      Ул.Луговая

20190

341

Басты жол

31

          КарГУ

21285

1095

Оқу орны

32

Университетская

21917

632

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

33

29 мкр

22421

504

Бұрылыс

34

КФИ

22607

186

Оқу орны

35

Диагностика

23445

838

Жаяу жүргіншілерге арналған жол  өткелдері

36

30 мкр

24000

555

Айдың тақ күндерінде тоқтауға тыйым  салынатын белгі


 

Кесте 1.2  Аялдамалар арасындағы жүріс уақыттары  мен тұру уақыттары

 

Аялдамалар-дың 

атауы

(тура бағыт)

Аялдама-да тұру уақыттары, мин.

Аралық

 жүріс

уақыт-

тары, мин

 

Аялдамалар-дың 

атауы

(кері бағыт)

Аялдама-да тұру уақыттары, мин

Аралық жүріс

уақыт-тары, мин.

1

Автостанция

10

-

37

30мкр

10

-

2

13-мкр

0,3

0,6

38

Диагностика

0,3

0,9

3

Кольцевая

0,3

0,9

39

КФИ

0,3

1,9

4

Библиотека

0,3

1

40

29 мкр

0,3

0,9

5

Горняк

0,3

1,3

41

Университетская

0,3

1,3

6

Ласточка

0,3

1

42

КарГУ

0,3

0,9

7

Спортак

0,3

0,8

43

УЛ.Луговая

0,3

1

8

ДКГ

0,3

1,6

44

16 магазин

0,3

0,7

9

11-мкр

0,3

1

45

Новый Рынок

0,3

0,9

10

19-мкр

0,3

1

46

Шығыс

0,3

1,4

11

Мечеть

0,3

2

47

Вокзал

0,3

6

12

ТД Умай

0,3

1

48

45кв

0,3

1,8

13

Восток 2

0,3

1,1

49

Валют Транзит

0,3

1


Кесте 1.2 жалғасы 

 

Аялдамалар-дың 

атауы

(тура бағыт)

Аялдама-да тұру уақыттары, мин.

Аралық

 жүріс

уақыт-

тары, мин

 

Аялдамалар-дың 

атауы

(кері бағыт)

Аялдама-да тұру уақыттары, мин

Аралық жүріс

уақыт-тары, мин.

14

Восток 3

0,3

0,7

50

1000 мелочей

0,3

1,5

15

Восток 5

0,3

0,9

51

Мечта

0,3

1,9

16

Г.Пруды

0,3

0,9

52

Айсулу

0,3

1,1

17

Ст. Аэропорт

0,3

11

53

Сельхозтехника

0,3

0,7

18

Ул. Космонавтов

0,3

1,4

54

Кондитерский фабрика

0,3

1,5

19

Мелькомбинат

0,3

2

55

Мелькомбинат

0,3

1

20

Кондитерский фабрика

0,3

1

56

Ул.Космонавтов

0,3

1,3

21

Сельхозтехника

0,3

1,2

57

Ст.Аэропорт

0,3

1,2

22

Айсулу

0,3

1,1

58

Сырдария

0,3

10

23

Мечта

0,3

1,1

59

Г.Пруды

0,3

1,1

24

1000 мелочей

0,3

1,6

60

Восток 5

0,3

0,6

25

45 кв

0,3

1,1

61

Восток 3

0,3

0,7

26

Вокзал

0,3

1,2

62

Восток 2

0,3

0,6

27

Шығыс

0,3

4,1

63

ТД Умай

0,3

0,8

28

Новый Рынок

0,3

1,2

64

Мечеть

0,3

1,3

29

16 магазин

0,3

0,9

65

19мкр

0,3

1,3

30

Ул.Луговая

0,3

0,7

66

11мкр

0,3

1,2

31

КарГУ

0,3

1

67

ДКГ

0,3

1,7

32

Университетская

0,3

0,9

68

Спортак

0,3

0,7

33

29 мкр

0,3

1

69

Ласточка

0,3

0,9

34

КФИ

0,3

0,7

70

Горняк

0,3

1,2

35

Диагностика

0,3

1,4

71

Библиотека

0,3

1

36

30 мкр

10

0,8

72

Кольцевая

0,3

0,9

       

73

13 мкр

0,3

0,7

       

74

Автостанция

10

1

 

Барлығы

30

50

 

Барлығы

30

50


 

Кесте 1.3 Автобустардың  пайдалану сипаттамалары

 

 

 

 

 

 

Автобустың

моделі

Тағайындалуы

Габариттік өлшемдері

(ұзындығы,ені,биіктігі,базасы),       мм

 

Жолау-

шы

сыйым-

дылығы,

жолаушы

Есік

саны,

бірлік

Толық салмағы ,кг

Бұрылу бұрышы ,м

Жылдамдығы , км/сағ

Қолданылатын  жанармай

Белгіленген жанармай шығыны,     л/100 км

Отын багінің  көлемі,л

Барлығы

Отыратын орын саны

 

Мерседес- 405

 

 

қ

 

 

16000, 3000, 2400,

 

102

 

 

36

 

 

2

 

 

15000

 

 

 

11

 

 

120

 

 

Д

 

40

 

 

200

 

 

Guleryz COBRA

қ

16000,3000, 2500

102

36

2

12000

10,5

120

Д

36

300

Ман-202

қ

16000,3000, 2400

102

34

2

14000

10,5

120

Д

36

300


   

Кестеде қолданылған  шартты белгілердің мағынасы: Қ –  қалаішілік,              Д-дизель.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.  Технологиялық  бөлім

 

    1. Жолаушы ағынын анықтау және оның нәтижелерін пайдалану

 

Жолаушы ағыны деп автобусты маршрут  аялдамалары аралығындағы жолдың әрбір  кесіндісінде немесе жалпы желі бойынша  уақыт бірлігінде бір бағыттағы  барлық автобустық маршруттар мен тасымалданатын немесе тасымалдануға қажет жолаушылар санын атайды.

Жолаушы ағыны сипатталады:

а) маршруттың жеке аймақтары немесе жалпы ұзындығы бойынша қызу қарқынды жүрісімен, ол жылжымалы құрамның толықтығы немесе автобустар қозғалысының уақыт бірлігінде тікелей және кері бағытындағы маршруттың әрбір аймағы бойынша тасымалданушы  жолаушылар санынмен анықталады;

б) тасымалдар көлемімен, яғни жалпы маршрут бойынша тасымалданған жолаушылар саны немесе уақыт бірлігінде тікелей және кері бағытындағы маршрут желісі.

Жолаушылар  ағыны графика, картограмма, эпюра  түрінде көрсетіледі немесе кестелерде белгіленеді.

Әдеттегідей, жолаушылар ағыны тәуліктің әр уақытында, сонымен бірге маршрут аймақтары  мен автобустар қозғалысы бағыттары  бойынша бірдей емес.

Желі  бойынша жолаушылар ағынын үлестіру тұрғын массивтеріне, өнеркәсіптік кәсіпорындар, әкімшілік және мәдени орталықтарға қатысты қала жоспары бойынша  маршруттардың орналасуына байланысты. Көптеген қала ішіндегі маршруттар, әсіресе  диаметрлі маршруттар үшін бастапқы пункттен ақырғы пункт бағытында  жолаушылар ағынының көбеюі көрінеді.

Жолаушылар  ағынының уақыт бойынша ауытқуы  автомобильді тасымалдың әр түрі үшін ерекше болып келеді. Қала ішіндегі автобусты тасымалдарда жолаушылар ағыны тәулік сағаттары бойынша күрт ауытқиды, яғни, халықтың жұмысқа бару мен жұмыстан қайту уақыттарында елеулі түрде өсіп және таңертеңгі, күндізгі, кешкі «Часпик аралық» сағаттарда төмендейді.

«Часпик»  уақытында (таңертеңгі және кешкі) тәулік бойынша тасымалданатын жолаушылардың  жартысына жуығы тасымалданады.Негізінен, кешкі «часпик» аралығында жүріп өтетін жолаушылар саны жоғары және кешкі тасымалдар максимум уақыты таңертеңгіге қарағанда ұзағырақ.

Тәжірибеде  жолаушылар ағынын зерттеудің бірнеше  әдістері қолданылады.

Зерттеудің  сауалнамалық әдісі халықтың арнайы сауалдарға жауап бере отырып толтыруы арқылы жүргізіледі. Қойылған мәселелерге  байланысты, халықтың жұмысына байланысты, мәдени-тұрмыстық, іс-сапарлық жол жүрулері зерттеледі. Сауалнамалар маршруттарды, көліктің жеке түрнлерін, жалпы көліктік желі бойынша жолаушылар ағынын үлестіру сипатын, елді мекен ішінде халықтың жүру корреспонденциясы мен осыған кететін жалпы уақыт шығынын, пункттер мен көлікке қайта отыру  санын және т.б. анықтауға мүмкіндік  береді.

Зерттеу материалдары қаланың маршрут кестесіне  түзетулер енгізу, болшаққа көліктік желіні жобалау, жолаушылар тасымалын  жүзеге асыру үшін көлік түрін  таңдауды негіздеу, қалалардың болашақтық кешенді көлік кестесін әзірлеу  үшін қолданылады.

Зерттеудің  кестелік әдісі әрбір автобустың ішіндегі санақ құралы арқылы жүргізіледі. Санақ құралы кіріс және шығу есіктерінің  қасында орналасып, есептеп және арнайы кестелерге сәйкесінше әрбір  аялдамада кіріп-шыққан жолаушылар санын жазып тұрады, әрбір сапардың басталу және аяқталу уақытын  белгіленіп отырады.

Цикл  соңында кестелерді диспетчерлік пункттерге тапсырады немесе зерттеу жүргізу  бойынша әрі қарай өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнйы инструкторлар  береді.

Кестелік  әдіс материалдары жолаушы ағынының тәулік сағаттары және маршрут бөліктері  бойынша өзгеруінің, аялдамалардағы жолаушы айналымының, автобустардың жұмысының техника пайдалану көрсеткіштерінің сипатын алу мүмкіндігін береді. Зерттеу материалдарын жылжымалы құрамдарды сыйымдылығы бойынша бөлуге түзетуде, қозғалысты тиімді ұйымдастыру бойынша шараларды дайындауда пайдаланылады.

 

2.2 Жылжымалы  құрам түрін таңдау және желідегі автобустардың пайдалану көрсеткіштерінің есептемесі

 

Жылжымалы құрамды пайдалану жоспарын әзірлеуді  автомобильдерді пайдалануға және бөлек тасымалдар түрлері бойынша  олардың жұмыстарының нәтижесін  және жылжымалы құрам түрін бағалауға  мүмкіндік береді, оларды автокөліктік кәсіпорынның барлық материалды-техникалық қорларының максималды пайдалануын  қамтамасыз ету үшін техникалық-пайдалану  көрсеткіштері деңгейін анықтаудан бастайды.

Техникалық-пайдалану  көрсеткіштер деңгейі жылжымалы  құрам түрі мен оның техникалық сипаттамасына, сыйымдылығына, тасымалдың әр түрі бойынша  тасымалданатын жолаушылар санына, тасымалдау әдістері мен көліктік процесті ұйымдастырудың жетілгендігіне, маршруттардағы жол  жағдайына, тасымалдар қашықтығына, автокөліктік кәсіпорынның техникалық жабдықталуына, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру  жүйесі мен жылжымалы құрамды  жөндеуге, еңбекті ұйымдастыру және т.б. байланысты.

Автобус жұмысының уақытын эксплуатациялық  жылдамдыққа көбейту арқылы оның тәуліктік жүрісін табуға болады, ол жылжымалы құрам жұмысын, қажетті  жөндеулер мен техникалық қызмет көрсету есептерін анықтауда  қолданады. Эксплуатациялық қасиеттерін  жоғарылату – автобус өнімділігін  арттырудағы маңызды резерв, өйткені  ол белгіленген жолаушылар ағынын маршруттағы  айналымды арттыру арқылы автобустар аз санымен қызмет көрсетуге мүмкіндік  береді.

Жолаушы тасымалдау бойынша курстық жұмыс