Жумыссыздык. 3

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Жұмыссыздық

1.1 Жұмыссыздық туралы түсінік..........................................................................5

1.2 Жұмыссыздық  түрлері.....................................................................................6

1.3 Оукен заңы.......................................................................................................10

1.4 Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы.................................12

1.5 Филлипс қисық сызығы..................................................................................12

2. Қазақстан Республикасындағы  жұмыссыздық деңгейі

2.1. Қазақстан Республикасындам жұмыссыздықтың ерекше нысандары мен себебтері………………………………………………………………………….14

2.2. Қазақстан Республикасындағы 2009-2012 жылының статистика бойынша жұмыссыздық деңгейі………………………….....................……......................15

3.Жұмыссыздықты азайту  бойынша талдау ұсыныстар...........................20

Қортынды................................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тұрғындар дегенде қоғамның басты құрамы– адамдар өмірінің жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үдерісте табиғи тарихи қалыптасуы түсініледі.

Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді–еңбек қызметіне психологиялық және физиялогиялық ерекшеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күштері) – қоғамдық өндіріске кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстарының құрамына табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар – экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.

Экономикалық белсенді тұрғындар  халық шаруашылығында жұмыс істейтңндер  және оларды еңбекке қосымша салалар  бойынша бөлумен сипатталады.

Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс естегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамассыз етілмеуі. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамассыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті,бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамассыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.

Жұмыссыздық түрлері:

  1. Жұмыссыздықтың кезеңдігі, жұмысқа үміткерлердің саны бар жұмыс орнына көп болған жағдайда және өндірістің тоқырау жағдайында орын алады.
  2. Уақытша жұмыссыздық аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты орын ауыстыруы (жаңа тұраққа көшуі, жаңа мамандық алуы, оқуы, балаға қарауына байланысты және т.б.)
  3. Құрымдық жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгерістеріне әкелетін өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орны бұрынғы қалыптасқан жұмыс күшіне сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.

Нарықтық экономикадағы  елде құрылымдық және уақытша жұмыссыздық  болғанда ғана, жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі 5–7 пайызды құрайды. Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың пайда болуы кезінде толық жұмыспен қамтамассыз етілу бұзылады.

Жұмыссыздықтың көрсеткіштері:

  1. Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының пайызда көрсетілген жұмыс күшінің санына қатынасы.
  2. Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуы.

Оукен заңы экономикалық белсенділік  пен жұмыссыздықтың арасындағы сандық өзара байланысты сипатайды. Осы  заңға сәйкес, ЖҰӨ–нің әр жылғы өсу деңгейі жобамен 2,7пайызға тұрақты деңгейдегі жұмыссыздықтың үлесін ұстайды. ЖҰӨ – нің әр қоысмша 2 пайызы жұмыссыздықтың үлесін 1 пайызға азайтады. Осыған сәйкесті жағдайда: ЖҰӨ–нің өсу қарқынының 2 пайызға әр қосымша қысқаруы жұмыссыздық мөлшерінің 1 пайызға өсуіне алып келеді.

Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық нәтижесі:

  1. Жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ–нің деңгейін төмендетеді.
  2. Жұмыссыздық адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір сүру деңгейін төмендетуге, қылмыстың көбеюіне, өлімнің өсуіне әкеледі.
  3. Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы жоғалады.

Еңбек рыногын мемлекеттік  реттеудің негізгі төрт бағытын  бөліп алуға болады:

  • Жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік секторда жұмыс орнындары санының көбеюі;
  • Жұмыс күштерін дайындау және қайта әзірлеу;
  • Жұмыс күшін жалдауға көмектесу;
  • Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру.

Еңбек рыногының негізгі  элементтері – еңбек биржасы болып табылады.

Еңбек биржасы – жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасында жұмыс күшін сату – сатып алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты жүзеге асыратын, сонымен бірге жұмыссыздықты тіркейтін мекеме.

  1. Жұмыссыздық
    1. Жұмыссыздық туралы түсінік

Жұмысы жоқ, алайда іздестіріп жүрген жан жұмыссыз адам деп аталады. Ең алдымен, жұмыссыз адам ұғымы еңбекке  жарамды халыққа қатысты айтылады. Бұл адамның еңбек ету жасынан  бастап, зейнетақы жасына дейінгі  өмірін қамтитын, яғни еңбек етуге  жарайтын жасқа толғаннан бастап, жасына қарай зейнетақыға шығуымен байланысты ұғым. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз 15 пен 75 жас аралығындағы тұлғалар құрайды. Осылайша, экномикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыс істеушілер мен жұмыссыздардың жиынтығы ретінде анықталады.

Жұмыссыздық – іскерлік белсенділіктің өзгеруімен бірге жүретін маңызды көрсеткіштерінің бірі. Толық емес жұмысқа тартылу әлеуметтік ыза тудырады әрі үкімет өзінің макроэкономикалық саясатында толық жұмысқа тартылуға ұмтылады.

Жалданып жұмыс істеп, істеген жұмысына ақы алатын немесе жалданбай – ақ жұмыс істеп, табыс табатын адамдар экономикада жұмыспен қамтылғандарға жатады. Оған, сондай – ақ үй шаруашылығында сату үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірумен айналысатындар да кіреді.

Еңбекке жарамды халықтың саны белсенді халықтың санынан асып түседі, өйткені адамдардың барлығы  бірдей еңбек ете бермейді немесе еңбек еткісі келмейді (мысалы, ондай адамдар сырқатына немесе түзету (пенитенциарлық) мекемелерінде болуына байланысты еңбек етпейтін, сондай – ақ еңбек етпейтіндердің қатарына студенттерді, үй шаруашылығындағы адамдарды, жұмысқа тұрудан күндерін үзгендерді де жатқызамыз):

L =E+ U

Белсенді халық = Жұмыспен қамтылғандар + Жұмыссыздар  саны

Жұмыс істемейтін, алайда жұмыспен қамту мекемесінде (еңбек биржасында) есепке тұрып, жатпай – тұрмай жұмыс  іздеуші еңбек жасындағы адам жұмыссыздықтың айқын түрін білдіретін, өйткені олар ресми статистика бойынша  тіркеледі. Бұдан бөлек жұмыссыздықтың жасырын түрі де болады. Экономикалық әдебиеттерде олардың қатарына жұмыс  іздеп жүрсе де, жұмыспен қамту  қызметінде есепке тұрмаған еңбекке  жарамды адамдар тобы да кіреді. Оларды ресми статистика «елеп –  ескере» бермейтіндіктен, олардың мөлшерін жанама мәліметтер бойынша алуға болады. Жұмыссыздықтың жасырын түріне кәсіпорында жұмыс істейді деп ресми саналғанымен, ақысыз мәжбүрлі толық істемейтіндер жатады.

Ашық әрі жасырын жұмыссыздар  жалпы жиынтығында нақты жұмыссыздықтарды құрайды.

Статистика жұмыс істейтін немесе жұмыссыз халықтың абсолюттік мөлшерін ғана емес, сонымен бірге  салыстырмалы бөлігін де есептейді.

Бірінші жағдайда бұл адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі – пайызбен алғандағы жұмыспен қамтылғандардың  жұмысшы күші құрамындағы үлесі:

 

Мұнда: Е – жұмыспен қамтылғандар саны;

L – жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;

e – адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі.

Үкімет экономикалық саясатты жүргізу барысында қадалағалап  отыратын маңызды макроэкономикалық  көрсеткіштердің бірі болып табылатын  жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздардың жиынтық жұмысшы күші құрамындағы  үлесі. Пайызбен алғанда:

 

Мұнда: U – жұмыссыздар саны;

L – жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;

u – жұмыссыздық деңгейі.

L = E + U болғандықтан, e + u = 1, немесе e = 1 – u.

Жұмыссыздық деңгейі кейде барлығына, кейде ел тұрғындарының ересектеріне қатысты есептеледі.

    1. Жұмыссыздық түрлері

Уақытша (Фрикциондық) жұмыссыздық қоныс аударумен, тұрмыстық жағдайлармен және тиісті білім мен біліктілікке сәйкес жұмыс іздеумен, білім деңгейінің көтерілуімен және т.б. байланысты жұмыс іздестіруді немесе жұмысқа тұру уақытын күтуді білдіреді. Дәстүрлі экономиканы қоспағанда, кез келген экономикада (нарықтық экономика ғана емес) жұмыссыздықтың мұндай түрі ұшыраспай қоймайды. Әміршіл экономикада ол ресми статистика бойынша есептелмеуі мүмкін.

Құрылымдық жұмыссыздық тұтас бір саланың орнын жаңасы басатын аса ірі технологиялық жаңа енгізілімдермен байланысты орын алады. Тиісті біліктілігі жоқ қызметкерлер қажетсіз болып қалады, ал біліктілікті арттыруға уақыт қажет. Құрылымдық жұмыссыздық созылмалы сипатқа ие, әрі көп шығын кетеді.

Нарықтық экономикада  уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық болмай тұрмайды. Сол  себебі, экономистер ресурстардың толық  қамтылуына сәйкес келетін құбылыс  ретінде уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты қамтитын жұмыссыздықтың табиғи деңгейін (u*) анықтайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде ЖІӨ – нің әлеуетті деңгейіне қол жеткізіледі. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне ең алдымен еңбекақының ең төменгі мөлшері туралы заң өз әсерін тигізеді. Ол кәсіпкерлердің әрекетін шектейді және біліктілігі жоқ жұмысшылардың, негізінен жастардың еңбекке құлшынысына ықпалын тигізетіндіктен, жұмыссыздықтың табиғи деңгейін арттырушы фактор болып табылады. Кәсіпкерлер кәсіпорындағы жұмысшы күшін барынша пайдаланып қалуды көздейді.

«Табиғи жұмыссыздық деңгейі» сөз тіркесі кейде басқа терминмен  алмастырылады – NAIRU (Non – Accelerating – Inflation Rate of Unemployment) – инфляцияны жылдамдатпайтын жұмыссыздық деңгейі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейін төмендетуге талпынса, әлеуетті ЖІӨ деңгейін төмендетуге талпынса, әлуетті ЖІӨ деңгейінде болатын, онда жылдамдаушы инфляциямен соқтығысады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі  келесі формула бойынша есептелінеді:

 

Мұнда: U* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

F*– оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;

R – экономикалық белсенді халық;

q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;

– жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне  әсер ететін факторлар:

  1. демокрафиялық фактор;
  2. еңбекақының төмендегі деңгейі
  3. кәсіподақтардың әрекеттері.

Жұмыссыздық, әсересе щеберлі, қоғамдық әлеуметтік кернеулікпен бірге  жүреді. Одан басқа қоғам ЖІӨ нақты  төмендеу нәтижесінде шығынға ұшырасады. Табиғи деңгейден нақты жұмыссыздық  деңгейін (u – u*) жұмыссыздық ыдырауы деп аталады. Осыған байланысты Оукен заңын қарастырамыз. Американдық экономист Артур Оукен (1928 – 1980) өз жұмыстарында 1960 – шы жылдары, жұмыссыздық ыдырауы 1% ЖІӨ ыдырауына сай келетін деп есептеді, (фактілі ЖІӨ потенциалдыдан ауытқуы) 3%. Біршама берідегі бағалаулар осы екі ыдыраудың қатынасын береді 1/3ке, 1/ 2,5 немесе тіпті 1/ 2ге.

Жұмысшы күші нарығындағы  келесі фактор кәсіподақ билігі деп  аталады. Кәсіподақтың кәсіпкерлермен еңбекақы деңгейі жөніндегі уағдаластықтың нәтижесінде еңбек мөлшері шектеледі. Бұған ендігі жерде кәсіподақ  қызметкерлерінің өздері мүдделі, өйткені  олар кәсіподақ мүшелерінің ерікті түрде өсуіне кедергі келтірілген.

Жұмыс іздестіру нәтижесінде  де жұмыссыздық деңгейіне өз әсерін тигізеді. Барлық жағдайда жұмыс орнын  және қызметкерлерді компьютерлік желінің  көмегімен іздестіру Жапонияда  жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізіп  отыр.

Ендігісі – ынталандырушы немесе тиімді еңбекақының әсері. Кәсіпкерлерге жұмыссыздық болған күннің өзінде білікті жұмысшылар үшін ең жоғары еңбекақы белгілеу тиімді деп саналады. Білікті қызметкерлерді жұмыссыздық фактісі (азғантай болса да) бар қажыр – қайратымен жұмыс істеулеріне жетелейді.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық  түрлерінен өзге экономикадағы орташа мерзімді өрлеумен және құлдыраумен  байланысты циклдік немесе мәжбүрлі жұмыссыздық бөліп көрсетіледі. Ол экономика құлдыраған кезде орын алады, ал өрлеу кезеңінде қысқарып, табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен  болады. Бұл жағдайда ЖІӨ өзінің әлеуетті деңгейінен асып, адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі қосымша  жұмысшы күшін тарту есебінен (яғни, кейбіреулер әдеттегі жағдайда жұмыс таппай, жұмысы барлар қосымша жұмыспен қамтылады және т.с.с.) көп жоғарылауы мүмкін.

Циклдік жұмыссыздық – өнеркәсіптік дағдарыс пен тоқырау кезіндегі өндірістің төмендеуін тудырады. Өндірістің жандануы мен көтерілуге өту кезінде жұмыссыздар саны азаяды.

Институционалдық  жұмыссыздық – рынокты ұйымдастырудың өзі жеткіліксіз тиімді болған кезде туындайды. Мысалы:  Бос жұмыс орындары туралы жеткіліксіз ақпарат, жұмыссыздық бойынша артық көрсетілген жәрдемақы немесе табыстардың төмендетілген салықтары (жұмыссыздықтың ұзақтығы өседі және жұмыс іздеуге деген ынта жойылады)

Ерікті жұмыссыздық  – кез келген қоғамда өзінің психологиялық қалпы немесе басқадай себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобы болады.

Нақты жұмыссыздық. Жоғарыда сөз болған жұмыссыздықтың барлық аталмыш түрін қамтиды және экономикалық өрлеу кезінде ресурстардың толық қамтылу мәніне жуық ауытқиды. Уақыт талабына сай реформалар жүргізілгеннен кейінгі Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейін төменде келтірілген кестеден білуге болады:

Абсолюттік және салыстырмалы өлшем бойынша Қазақстан  Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі

Көрсеткіш

Жылдар

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Жұмыссыздар

(мың адам)

925

964

950

906

780

691

672

659

641

625

Жұмыссыздық деңгейі (%)

13.0

13.1

13.5

12.8

10.4

9.3

8.8

8.4

8.1

7.8


 

Азаматтарды жұмыспен толық  қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясатының басты мақсаттарының  бірі болып қала береді. 90 – жылдары жүзеге асырылған нарықтық реформа, еңбек нарығындағы нақты сұраныстың ықпалымен халықты жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы тұрғындардың жұмыспен қамтылу жағдайында және еңбек қатынасында орын алған түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді. 1999 жылы  950 мың адамның жұмысы болмады (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 13.5% – ын құрайды). 2000 жылдан елде жұмыспен қамтылушылар санының тұрақты өсуі және жұмыссыздық деңгейінің төмендегені байқалды. Қоғамда жұмыспен «қайталама» қамтылу кең етек ала бастады, құру мүмкіндігі пайда болды.

    1. Оукен заңы

Жұмыссыздық жұмыс істейтіндер  үшін, әсіресе жұмыссыздар үшін үлкен  әлеуметтік апаттармен байланысты. Жұмыссыздық  жайлаған жерде өз – өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп, қылмыс өршиді, сонымен бірге адамдар жүрек және жүйке сырқатына шалдығады және т.б. Бұл – жұмыссыздықтың әлеуметтік шығыны.

Жұмыссыздықтың экономикалық шығынына ЖІӨ –нің нақты деңгейінің әлеуетті деңгейден артта қалуы жатады. Егер экономика жұмыс істегісі келетіндердің бәрін жұмыс орнымен жеткілікті қамтамассыз ете алмайтын жағдайда болса, онда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өндірісі біржола құриды. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ–нің (ЖҰӨ–нің) өз әлеуетті деңгейінен артта қалуының арасындағы баланысты А.Оукен статистикалық материалдар негізінде қағалады. Аталмыш тәуелділік Оукен заңы деген атауға ие болады: Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1%–ға асса, онда жалпы өнім мөлшерінің артта қалуы 2,5% –ды құрамақ. Егер бұл байланысты формула түрінде келтірсек, ол былайша өрнектеледі:

 

Мұнда: Y– нақты ЖІӨ;

Yf  – әлеуетті ЖІӨ;

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі;

uf – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

β – Оукен коэффициенті.

Кейін анықталғандай, циклдік  жұмыссыздық өзгерісіне қатысты  Оукен коэффициенті әр елде әр түрлі, алайда әрдайым бірліктен көп. Басқаша  айтқанда, жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен 1% жоғары болудан келетін экономикалық шығын әрдайым 1%–дан көп.

Оукен қисығы келесі екі  жағдайда орын алғанда қозғалады.

  1. Толық жұмыстылық кезінде ұлттық табыс өзгерсе;
  2. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өзгерсе.

Оукен заңның екі бөлігі анықталды:

Бірінші бөлік: ЖІӨ өсуінің  белгілі бір шамасы жұмыссыздық  нормасының азаюына жол бермеу үшін қажет.

Әр жыл сайын жұмыс  күшінің саны өседі және оны пайдалану  өнімдірек бола түседі. Осы себептерге байланысты нақты ЖІӨ жыл сайын  2,5% – 3% ға дейін өсуі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстауға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет.

Екінші бөлік: Оукен заңы жұмыссыздық үлесі өзгеруін ЖІӨ  өсуі қарқынының қосымша түрлендірмеге  байланысты суреттейді. Аса тез өсу  жұмыссыздықты қысқартады, ал өсу  қарқынына қатысты  төмендеуі  жұмыссыздық үлесін өсіреді. Егер, өсу  қарқыны, мысалы 3 пайыздан 5 пайызға дейін өссе, жұмыссыздар үлесі 1 пайыздық пунктке түседі. Өз кезегінде өсу нормасынның 4 пайыздан 2 пайызға азаюы жұмыссыздар үлесін шамамен 1пайыздық пунктке өседі.

Оукен заңының ең маңызды  аспектісі оның екінші бөлігі, оның ішінде 2:1 ережесі болып табылады. 2:1 ережесі  жұмыссыздық проблемасын шешу үшін экономикалық өсу қандай болу керектігін көрсетеді. Жұмыссыздар үлесі 8 пайызға тең, ал әкімшілік келесі жылы жұмыссыздар үлесі 6 пайыз деңгейіне жеткізгісі келеді деп болжайық. Бұлэкономиканы интенсивті түрде ақша және фискалды ынталандыру арқылы жылдамырақ өсіруге мәжбүр ету керек деген сөз. Өсу қаншалықты жылдам болуы керек? Жұмыссыздық бір жыл ішінде 2 пунктіге түсуі керек. Бұл үкіметке келесі жыл ішінде нақты ЖІӨ өсуін шамамен 6,5 пайыз деңгейінде өсіруді қамтамассыз ету қажеттігін білдіреді, оның 2,5 пункті, жұмыссыздықты алдыңғы жыл деңгейінде сақтау. тағы 4–і. жұмыссыздар үлесін 2 пункте сақтау үшін (бұл өте жоғары өсім 1994 жылы АҚШ – та болды) қажет болады. Экономикалық өсу 6,8 пайыз болып, жұмыссыздық нормасы бір жылда шынында 2 пайыздық пунктке түсті. 1994 жылы АҚШ – та жұмыссыздық үлесінің деңгейі жұмыс күшінің 1,2 пайызын құрады. Нөлдік жұмыссыздық мүмкін емес. Жұмыссыздықтың қандай деңгейі бағыт болады? Осы мақсатта «Жұмыссыздықтың табиғи нормасы» түсінігі енгізілді.

Жұмыссыздықтың табиғи нормасы  – бұл экономикадағы толық жұмысбастылықтың пайдалы деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздар үлесі.

Толық жұмыс бастылық циклдік  жұмыссыздықтың жоқтығын, бірақ  табиғи жұмыссыздықтың толықтырылуын көрсетеді.

Толық жұмысбастылық кейбір жұмыссыздықтың  болуын білдіреді, себебі жұмыс күші әрқашан қозғалыста болады, бір жұмыс орындары ашылып, біреулері жабылып отырады.

    1. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы.

Инфляцияның төмендеуін жұмыссыздықтың уақытша өсуіне себеп ретінде  қарастырады. Инфляция мен жұмыссыздық  арасындағы тәуелділікті, осы өзара  байланысты тапқан экномист құрметіне  аталған Филлипс қисығы көрсетеді.


 

 

 

 

 

Мемлекет экономикадағы  ақша көлемін азайтқанда, тұрғындардың тауар мен қызметтерді сатып  алуға шығыны қысқарады. Тұрғындардың шығынды азайтуы және бағаның  баяу әсері тауар мен қызметті өткізу көлемін қысқартады. Сатудың  төмен көлемі жұмыскерлерді жұмыстан шығару қажеттілігін туындатады. Сөйтіп, ақша көлемінің азаюы, жаңа жағдайға бағаның толық бейімделуіне дейін  жұмыссыздың көбеюіне әкеледі.

    1. Филлипс қисық сызығы.

Неоклассикалық теорияға сыймайтын екінші мән жалақының  өзгерту мөлшері мен сұраным  мөлшері аралығындағы байланыстан  туындайды. 1958 жылы Лондодағы Экономикалық мектептің профессоры А.В. Филлипс Біріккен Корольдіктегі 1861 жылдан 1957 жылға дейінгі жалақыны зерттеді. Оның нәтижесі 13-4 фигурада көрсетіледі. Филлипс қисық сызығы жұмыссыздық мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама – қарсылықты көрсетеді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы аралығында өзара байланыс бар.

Филлипс қисық сызығы жалақы инфляциясының мөлшері жұмыссыздық  мөлшері бойынша көбейетінін  көрсетеді. Осы кезеңдегі жалақы – W, өткен кезеңдегі жалақыны W-1, жалақы инфляциясының мөлшері gw деп белгілеп, төмендегі теңдеуді жазамыз:

 

Жұмыссыздықтың натуралды  мөлшерін деп алып, Фллипс қисық сызығын былай жазамыз:

 

Мұндағы жалақының жұмыссыздыққа қатысын өлшейді. Бұл теңдеу бойынша жұмыссыздықтың мөлшері натуралды мөлшерден асқан кезде жалақы азаяды, яғни ; жұмыссыздық натуралды мөлшерден төмен болғанда, жалақы артады.

Филлипс қисық сызығында  жалақы мен баға жиынтық сұранымдағы  өзгерістерге қарай біртіндеп реттеледі. Неліктен? Экономика тұрақты бағамен  тепе–теңдікте және жұмыссыздық натуралды мөлшерде, ал ақша қоры 10% – ке өсті делік. Экономика қайтадан тепе–теңдікте болуы үшін баға да, жалақы да 10% – ке өсуі керек. Алайда Филлипс қисық сызығы көрсетіп тұрғанындай, жалақы 10% – ке артуы үшін жұмыссыздық мөлшері төмендеуі тиіс. Бұдан жалақы артады. Жалақы өсе бастаса, баға да көтеріледі. Осылайша экономика жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы өнім деңгейі мен жұмыссыздыққа қайта оралады.

Сол тұста ақша қорының  артуынан жұмыссыздық қысқарады. Мұны теңдеуді жалақының бүгінгі деңгейі  мен бұрынғы деңгейін ескере отырып қайта жазамыз:

 

Жалақының бұрынғы деңгейінен жоғары болуы үшін жұмыссыздық натуралды  деңгейден төмен болуы қажет. Теңдеуде көрсетілгендей, Филлипс қисық  сызығы деген ұғым өзіндік Филлипс  қисық сызығын немесе бағалардың өсу мөлшерінің инфляция деңгейінің жұмыссыздық деңгейіне қатысын  көрсету үшін қолданылады.

 

 

  1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
    1. Қазақстан Республикасындам жұмыссыздықтың ерекше нысандары мен себебтері.

Әлемдегі дүние жүзілік  қаржылық–экономикалық дағдарыстың қиратушы салдарына қарамастан Қазақстан үкіметі елді дағдарыстан шығару жолын тауып қана қоймай, әлеуметтік  проблемалардың басымдылық шешімдерін де қамтамассыз етті. дағдарыс жағдайында ғы өткір проблемалардың бірі – жұмыссыздық саннының өсуі. Сондықтан мемлекет жұмысбастылық проблемасына басты назар аударды. Бұл, біріншіден, қызметкерлердің еңбектің толық емес режиміне өтуі, жұмыстан босатылу жағдайына уақтылы және жедел жауап беруге мүмкіншілік берді. Екіншіден, жұмыссыздықтан мекен – жайлық (адрестік) қорғау күшейді. Үшіншіден, жұмысты жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлемдердің максималды кезеңі төрт айдан алты айға дейін ұзартылды. Төртіншіден, бюджеттік қаражат есебінен қайта оқытылатын және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы бар адамдар шеңбері кеңейтілді. Сонымен қатар, 2009 жылы ішкі еңбек нарығын қорғау үшін 2008 жылмен салыстырғанда шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квотасы екі есеге қысқартылды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында жұмысбастылық проблемасын қызметтік, біріншіден, коммуналды желілерді қайта құру және жаңарту, екіншіден, жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта құру және жөндеу, сонымен қатар, ең алдымен, мектептер мен емханалар сияқты әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, үшіншіден, әр нақты елдік орындарда жергілікті мәндегі обьектілер, төртіншіден, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру сияқты салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы шешу қажеттігін нақты көрсетті,

2009 жылы «Жол картасы» бойынша іс–шараларын іске асыру нәтижесінде 248 мың адам жұмысқа тұрғызылып, 97,7 мың адам дайындық пен қайта дайындықтан өткізіліп, 125 мың әлеумет жұмыс орындары мен жастар практикасын өткізуге арналған орындар құрылып, жұмыссыздық деңгейі 6,3% –ға дейін төмендетілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы «Өмір саласын жақсарту және әлеуметтік қорғау» бөлімінде: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғауды нығайту және мемлекет халық санын 2020 жылы 10%–ға өсуге қажетті барлық жағдайды жасайды: сондықтан Елбасы Н. Назарбаев 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 5% – дан, ал өмір сүру деңгейінен төмен табыс табатын халық үлесі 8% –дан артылмасын деген міндет қойды. Әлеуметтік қызмет мұқтаж азаматтарға ғана ұсынылып, қазіргі күн талаптарына және Қазақстандағы өмір деңгейіне сай болуы керек. 2015 жылға базалық зейнетақы төлемі өмір сүру минимумы шамасының  60% – ы деңгейіне дейін көтерілуі, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өсірілуі қажет. 2009 жылы зейнетақы, стипендия, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 25% – ға өсірілді. Әлеуметтік  жәрдемақылар орта есеппен 90%–ға өсті. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте зейнетақыны 1–қаңтардан, ал стипендия мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 1 –сәуірден 25% –ға өсіру көзделіп, соның нәтижесінде орташа жалақы мөлжері 43883 теңгеден 54510 теңгеге дейін өсті».

 

    1. Қазақстан Республикасындағы 2009-2012 жылының статистика бойынша жұмыссыздық деңгей.

2011 жылы 15 жас жəне  одан  жоғары  жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,8 млн. адамға жетті, бұл 2010 жылға қарағанда 163,9 мың  адамға (1,9 %-ға)  артық. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың жалпы саны 4,7 млн. адамды (53,3%) – қалалық халық, 4,1 млн. адамды (46,7%) – əйелдер  құрады.  Экономикалық белсенділік деңгейі 71,6%-ға қалыптасты.

2011 жылы  Республиканың  экономикасында 8,3 млн.  адам  жұмыспен  қамтылды.  Өткен  жылға қарағанда 187,5 мың адам (2,3%) санына өсті. Экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халықты жұмыспен қамтушылық деңгейі94,6%-ына, 15 жас жəне  одан  жоғары  жастағылардың– 67,8%-ына жетті.

Жұмыспен  қамтылған  халық  арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны5,6% млн. адамды немесе 67,2%, өз бетінше жұмыс істейтіндер – 2,7 млн.  адамды немесе 32,8%-ды  құрады.  Жалпы жұмыспен қамтылғандардың  ерлер саны 4,3 млн. адамды  немесе  жартысынан  көбі,  əйелдер – 4,1 млн. адамды (48,8%) құрады. Жұмыспен  қамтылғандық  құрылымындағы  негізгі үлесті – 30,5%-ды 25-34 жастағы тұлғалар, ал 22,7% – 45 – 54 жастағылар, 22,7%-ды– 35-44 жастағылар жəне 14,5% – 15-24 жастағы жастар құрады.

2011 жылы жұмыссыз халықтың саны 473,0 мың адамды  құрады,  өткен  жылға  қарағанда 23,6 мың адамға (5,0 %) азайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды қалыптастырды.

Жалпы  жұмыссыздық  саны  бойынша  қалалық халық 270,6 мың адамды (57,2%), ауылдық халық – 202,4 мың адамды (42,8%) құрады, жұмыс деңгейі 5,8% жəне4,9% сəй кестелді. Жұмыссыздар  құрылымында  əрбір  екіншісі – əйелдер.  Тұлғалардың  үлесі – 25-34 жастағылар 40,7%, 15-24  жастағылар– 12,2%  құрады. Жұмыссыздардың  саны  арасында  жоғары  білімді 117,9 мың адам (24,9%), жалпы орта білімді – 174,8 мың адам (36,9%), орта кəсіби білімді – 124,8 мың адам (26,4%).  Əрбір  жұмыссыздың  үшіншісі  кез келген  жұмыстың  жоқтығы  себебі  бойынша жұмыспен  қамтылмаған, 20,4% -  өз  еркі  бойынша жұмыстан босатылғандар, 10,5%-  штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылғандар,  6,2% – оқу орнын  бітіргеннен  кейін  жұмыстың жоқтығынан. 2011 жылы15 жас жəне  одан  жоғары  жастағы экономикалық  тұрғыдан  енжар (əрекетсіз)  халық саны 3,5 мың адаммен  қалыптасты  немесе 2010 жылмен  салыстырғанда10,4 мың  адамға (0,3%) азайды . Экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халық санының1,3 млн. адамын – ерлер (38,0%), 2,2  млн.  адамын (62,0%) -  əйелдер  құрады. Экономикалық тұрғыдан енжар (əрекетсіз) халықтыңдеңгейі 28,4%-ды құрады. Экономикалық  тұрғыдан  енжар (əрекетсіз) халықтың  негізгі үлесін  зейнеткерлер – 42,1%-ын жəне  оқытудың  күндізгі  нысанында  оқитындар – 40,1%-ын  құрады,  үй  шаруашылығын жүргізумен қамтылғандар – 6,4%,  денсаулығы  бойынша (мүгедектік немесе еңбекке жарамсыздық себептері бойынша) – 6,1%, 2011 жылғы жұмыспен қамту жəне жұмыссыздық көрсеткіштері  бойынша  халықтың  жұмыспен қамтылуын зерттеу деректеріне жоғарғы дəрежеде сенімділік  бар.

Жумыссыздык. 3