«Жолаушылар тасымалы» темір жолы компаниясының тарихы

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбы  «Теміржол тасымалдау есебі», негізгі алға қойылған мақсат тандалған  пәндік обылыс, яғни  Теміржол станциясына және қызметкерлеріне,  поезд бағытының жолаушыларына  толық зерттеу жүргізу. Пәндік обылысты зерттеу барысында  деректер базасын құру. Деректер базасы белгілі бір пәндік облысқа әр түрлі мәндері туралы мәліметтермен бірге сақталатын өзара байланысқан деректердің жиынтығы болып табылады. Деректер базасын құра отырып, әр түрлі белгілер бойынша ақпаратты ретке келтіруге талпынады және белгілердің ерікті тіркесуімен таңдауды жылдам шығаруға болады. Жұмыс барысында Деректер базасын басқару жүйесі түсінігімен кездестік. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) – бұл деректер базасын құруға, бөлімдеуге және бірнеше пайдаланушылардың пайдалануына арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың кешені болып табылады. Деректер базасын басқару жүйесін пайдаланып «Теміржол тасымалдау есебі» деректер базасын құрамыз, мұнда  берілген тілдік және бағдарламалық  құралдарды пайдаланамыз.

     Пәндік обылыс Қазақстан темір жолы тасымалының, оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау жайлы ережелер және қағадалар жайлы мәлімет келтірілген. Бұл курстық жұмыста осы аталмыш  темір жол қызметіне  зерттеу жүргізіліп, деректер базасы құрылған. Жоспар бойынша пәндік обылыс толық зерттеп,сол зертеулерге негізделіп деректер базасы,және деректер моделі құрылған. Деректер моделі – бірқатар ұйымдардағы деректерге қойылатын шектеулерге, деректердің арасындағы байланыстарға, деректерді өңдеуге және сипаттауға арналған түсініктердің интегралданған жиынтығы.Модельдеу нәтижесі тек пәндік облысқа ғана емес, сонымен қатар ДББЖ қолдануына да байланысты болып келеді, себебі әрбір жүйе пәндік облысты бейнелеуге арналған аспаптық құрал болып келеді. Бұл аспаптық құралды деректер моделі деп атаймыз.

  Деректер моделінің құрылу мақсаты деректердің айқын түрде ұсынылуында қорытындылады.

   Деректердің сыртқы  моделі, ол қолданушылар типінің  ұйымдастырылуындағы әрқайсысына  ұсынуды кескіндейді, оны кейде  пәндік облыс деп атайды (Universe of Discourse - UoD);

Деректердің концепцуалды моделі, ол деректер туралы логикалық (немесе жалпылай) ұсынуын бейнелейді. Аталған модель таңдалынған ДББЖ түріне тәуелсіз болады,деректердің ішкі моделі, ол таңдалынған мақсатты ДББЖ үшін сәйкес келетін белгілі бір түрімен концепцуалды схеманы бейнелейді.

Теміржол тасымалдау есебінің  деректер базасын құру  үшін негізгі жобалау түрлеріне тоқталамыз. Концептуалды жобалау, логикалық жобалау және физикалық жобалау.

   Концептуалдық жобалау  барысында инфологиялық,яғни ЕR модель (Entity-Relationship model – ЕR-модель) құрамыз. Инфологиялық ақпараттық объектілердің жиыны ретінде және олардың арасындағы құрылымдық байланыс түрінде (ER – модель) пәндік облысты көрсететін деректердің моделі болып табылады. Бұл  жобалауда мекеменің құрылымы арасында байланыс орнатылады.

ДБ-сының логикалық құрылымын жобалау  теміржолдың барлық ақпараттық бірліктерді және олардың арасындағы байланыстарды анықтаймыз, оларға ат беріп, ақпарат бірліктерінің типін анықтау қажет, сонымен қатар бірқатар сандық сипаттамаларын беру керек оның ішінде  өрістің ұзындығы.Сонымен қатар мекеменің кіріс және шығыс құжаттарына талдау жасалынады, келіп түскен жолаушылар, олар туралы толық мәлімет  беріледі.

Физикалық жобалауда негізгі жұмыс MS Access Microsoft Office атқарылады, яғни деректер базасы құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Пәндік облыс
    1. «Жолаушылар тасымалы» темір жолы компаниясының тарихы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру туралы» 1998 жылғы 14 шілдедегі №667 Қаулысына сәйкес жолаушылар тасымалы жеке еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып бөлініп шықты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының қызметін құру және ұйымдастыру мәселелері туралы» 2002 жылғы 27 сәуірдегі №479 Қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 2002 жылдың 21 мамырында «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтті.

2004 жылы сервистік қызметті  қамтамасыз ететін және оны  негізгі қызметтен бөліп шығаруға, жолаушылар тасымалын республикалық  және жергілікті бюджеттен нысаналы  субсидиялауға бағытталған қайта  құрылымдау жүргізілді. Осы қайта  құрылымдау бағдарламасын жүзеге  асыру шеңберінде «Жолаушылар  тасымалы» АҚ құрамында 6 акционерлік  қоғам құру жөнінде бірқатар  жұмыстар атқарылды.

2004 жылдың 25 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына сәйкес «Жолаушылар  тасымалы» акционерлік қоғамына  Ұлттық тасымалдаушы мәртебесі  берілді.

Бүгінгі таңда

Бүгінгі таңда «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру және сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жолаушылар вагондарының паркі жаңартылып, жүрдек жолаушылар қозғалысы даму үстінде, сервистік қызмет көрсету ісіне бірқатар инновациялық жобалар енгізіліп, жолаушылар шаруашылығындағы жүйелік проблемаларды шешу бойынша жұмыстар қолға алынуда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол көлігімен жолаушыларды 110-нан астам қатынасқа тасымалдау қызметтерін жүзеге асырады. Компанияның темір жол жолаушылар тасымалы нарығындағы үлесі шамамен 90% құрайды, сондай-ақ жалпы жолаушылар көлігі қызметінің көлемі бойынша 50%-ға ие.

Келешекте

Қазақстан Республикасында көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз алдына мынадай басым міндеттерді қойып отыр: әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды мемлекеттік субсидиялаудың принциптері мен механизмін тұжырымдамалап қайта қарауды көздейтін институционалды базаны жетілдіру, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны саланың нысаналы үлгісінің талаптарына сәйкес келтіру; «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірқатар еншілес компаниялары базасында «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа бизнес-бірлігін құру.

Бастапқы кезеңде компания саланың нысаналы үлгісіне сәйкес жолаушыларды Ұлттық тасымалдаушы ретінде бәсекелестерімен салыстырғанда көрсетілетін қызметтердің аса жоғары тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету шартымен нарықтағы өзінің басым қалпын сақтап қалады. Сондықтан, қазіргі уақытта және стратегиялық жоспардың күн тәртібінде: тек өзінің инвестициялық ресурстарын арттырып қана қоймай, өзге инвесторлар үшін қызығарлықтай компания болу үшін шығындарды тежеу және қысқарту, қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде міндеттер қойып отыр.

 

                                                                  Сурет – 1. Компания құрылымы.

                                                                            

 

Даму стратегиясы

Қазақстан темір жолы өз тарихында ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға сұранысын толығымен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдардың өзіндегі экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін тоқталыссыз атқарды. Экономиканың тұрақтанып, көтеріле бастаған 2000-2008 жылдары компания жылдық тасымалдау үдерісі көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады.

Алайда, қазіргі таңда Ұлттық темір жол компаниясы 1991 жылдары жасақталған өндірістік активтердің тозығы жетуіне байланысты едәуір қиындықтарға кезігіп отыр. 2020 жылдарға дейін компания паркіндегі жүк вагондарының 54 пайызының, магистральдық локомотивтердің 68 пайызының, маневрлік локомотивтердің 82 пайызының пайдалану уақыты аяқталады. Бұл компания үшін ерекше сынақққа айналғалы тұр.

Теміржол тасымалы отанымыздың көліктік инфрақұрылымының негізгі элементі болып табылады. Сондықтан, аталмыш проблеманы стратегиялық тұрғыда шешу компанияның ғана емес мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе.

Саланы қазіргі үйлестіру моделі мен тарифті көтермей қалыпты ұстап тұру сұраныс иелерінің ұзақ жылдарғы талаптарына жауап бере алмайды. Қазақстан Республикасын стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға дейінгі жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдрға арналған Бағдарламасына сәйкес темір жол көлігін дамытуды ойдағыдай аяқтау қажет. Темір жол саласының атқаратын қызметі мемлекет және қоғам үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан саланы реформалаудағы корпоративтік құрылыс мақсаты мен міндеті бір ғана мүддеге бағынышты.

2010 жылғы мамырдың 7-сінде  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің  шешімімен (№3 хаттама) «ҚТЖ» ҰК»  АҚ стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға  дейінгі жоспары бекітілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ миссиясы: «Инфрақұрылымдық жүйеқұрушы ретінде біз экономиканың тұрақтылығын қалыптастыруда қоғамдағы тұтынушыларға жүк және жолаушы тасымалында, теміржол магистральдық желісінде сапалы да бәсекелестікке сай көліктік лоистикалық қызмет түрлерін ұсынады».

Біз өзімізді тиімділігі аса жоғары, бизнес жүргізудегі әлемдік үздік тәжірибедегі үздіктердің қатарында Бір ғана акционердің талабына жауап бере алатын Қазақстанның ұлттық көлік корпорациясы ретінде көреміз.

Компания қызметкерлері барынша үнемділікке қол жеткізе отырып, инвестициялық ресурстарды өсіру маңызды екендігін ұғынуы тиіс. Осыған орай пайдалану қызметінде сапалық көрсеткіштерді түбегейлі жақсарту : вагон, локомотив өнімділігі, іске аз тартылатын телімдерді оңтайландыру, шикізатты және материалдарды жұмсау нормативін қайта қарау т. т.

Компания бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында саланың құрылымдық жаңғыртылуында мынадай стратегиялық мақсаттар бар:

-жаңа басқару жүйесі талаптарына сай корпоративтік оңтайлы құрылымдау,

-өндірісті және портфель активін оңтайландыру;

-өндірісті жаңғырту және еңбек өнімділігін кешенді жақсарту;

-компания сұранысына сай машина құрылысы базасын жасақтау стратегиялық тапсырманы орындау;

-инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру;

Стратегияны жүзеге асыру ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық тұрақты өсу негізін қалыптастыру Қазақстанның бәсекелестікке сай және инвестициялық тартымдылығын арттырады.

 

1.2. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды  темір жол көлігімен тасымалдау  қағидасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысы.

1. Осы Жолаушыларды, багажды  және жүкбагажды темір жол  көлігімен тасымалдау қағидасы (бұдан  әрі - Қағида) «Темір жол көлігі  туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес халықтың және мемлекеттің жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді.

2. Қағида  Қазақстан Республикасының темір  жолы арқылы темір жол көлігімен  жолаушыларды, қол жүгін, багажды  және жүкбагажын тасымалдауды  жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

3. Темір  жол көлігімен жолаушыларды, багажды  және жүк-багажды Қазақстан Республикасы  арқылы халықаралық және транзиттік  қатынаста тасымалдау Қазақстан  Республикасының заңнамасына және  Қазақстан Республикасы ратификациялаған  халықаралық шарттарға сәйкес  жүзеге асырылады.

4. Осы  Қағидада мынадай анықтамалар  мен терминдер пайдаланылады:

1) аялдау пункті - тек қана жолаушыларды отырғызуға  және түсіруге арналған жолаушылар  поезының аялдауы жүзеге асырылатын  пункт;

2) бақылау-кассалық  машина (бұдан әрі - БКМ) - фискалды  модуль, фискалды жады блогы бар  электронды құрылғы және (немесе) тауарларды сату және (немесе) қызметтерді  көрсету кезінде жүзеге асырылатын  ақшалай есеп айырысу туралы  ақпарттың тіркелуін және көрсетілуін  қамтамасыз ететін копьютерлік  жүйе;

3) темір жол  көлігіндегі электрондық жол  жүру құжаты (бұдан әрі - электрондық  билет) - Интернет арқылы ресімделген  жол жүру құжаты;

4) тікелей қатынайтын  вагон - екі және одан көп поездар  құрамында қайта тіркеліп, қатынайтын  вагон;

5) жолаушылар  поезы - жолаушыларды темір жол  қатынастарының барлық түрімен  тасымалдауға арналған поезд;

6) уәкілетті  орган - темір жол көлігі саласындағы  басшылықты, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген  шектерде салааралық үйлестіруді  жүзеге асыратын атқарушы орган;

7) жолаушылардың  жол жүру құны - плацкарт және  билет бөліктерінің жиынтығы;

8) билет құны - жолаушыларды жүретін маршруттың  барлық темір жол арқылы тасымалдау  үшін есептелген төлемдер сомасы  ретінде белгіленетін жол жүру  құнының бір бөлігі;

9) плацкарт  құны - жолаушыларды тасымалдаудың  жалпы қашықтығымен белгіленетін  және вагонды пайдалану мен  жол жүру барысында жолаушыларға  қызмет көрсету ақысын қамтитын  жол жүру құнының бір бөлігі.

Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.

5. Жолаушылар  поездарының қозғалыс кестесі  жарқағаздарда, әртүрлі анықтамалықтарда, Интернетте көрсетіледі.

Тасымалдаушы темір жол вокзалдарында және жолаушылар поездарында жолаушылар поезының қозғалыс кестесі туралы ақпаратты орналастырады.

Жолаушылар темір жол вокзалдарында жолаушылар поездарының аттану және келу уақыты, жолаушылардың жүру құны мен багажды (жүк-багажды) тасымалдау құны, поездарда бос орындардың бар-жоғы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітабының орналасқан жері, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал орын-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы қажетті де дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Темір жол көлігі қызметтерін пайдаланушыларға арналған барлық ақпарат тасымалдау шарттарының өзгеруіне байланысты уақтылы жаңартылып отырады. Анықтама бюросы жолаушыларға ауызша және/немесе жазбаша ақпарат береді.

6. Жолаушылар, багаж, жүк-багаж оларды тиісінше  тасымалдау операцияларын орындауға  арналған ашық темір жол станциялары  мен аялдау пункттерінен темір  жол станциялары мен аялдау  пункттеріне дейін тасымалданады.

Станциялар мен аялдау пункттерінің ашылуы мен жабылуы, олардың атаулары мен олар орындайтын коммерциялық операциялар сипатының өзгеруі туралы ақпарат тиісті тарифтік нұсқауларда жарияланады.

 

Теміржол арқылы тасымалдау

   Теміржол арқылы  жүктасымалдау – тәжірибелі кез-келген  қашықтыққа тасымалдаудың ең  қарапайым, әрі сенімді тәсілдеріне  жатады. Жүкті тасымалдау бойынша  сапалы қызметтерді ұсына отырып, біз жұмыс жылдамдығына, әділетті  бағаға және әрине, тасымалдау  кезіндегі жүктің қауіпсіздігіне  баса назар аударамыз.  Біздің  орындаудағы жүктерді темір жол  арқылы тасымалдау – бұл тасымалдаудың  барлық қадамындағы өз істерін  жақсы меңгерген шынайы кәсіпқойлардың  жұмысы. Кез-келген тапсырысты шешуде  кешенді тәсілді қолдану, осы  салада жақсы ретке келтірілген  байланыстардың арқасында біз  Сіздің жүгіңіздің келісілген  мерзімде және толық сақталымды  жеткізілетініне кепілдік береміз. Жүктің түрі мен қашықтығына  тәуелсіз, біз Сізге осы міндеттің  әрдайым тиімді, әрі қымбат емес шешімін ұсынамыз. Біздің трансұлттық компаниямыз жүктерді барлық ТМД елдері бойынша және барлық Еуропа елдері бойымен теміржол арқылы тасымалдайды. Кез-келген шартта теміржол арқылы экспедициялау тек ең жоғары сапаға ие болып келеді – бұл компаниямыздың сәттілікке қолжеткізу кепілі. Біз теміржол  тасымалдаулары арқылы жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметтердің кең спектрін ұсынамыз. Оның үстіне, біз жүктің барлық ауысу қадамдарында оған заңды, әрі ақыл-кеңес беру қолдауларын ұсынамыз. Жұмысымыздың тиімділігі біздің командамыздың үлкен тәжірибесіне, қажетті шешімді іздеуде негіздемелі, ал кейде шығармашылық тәсілдемені қолдануға негізделеді. Клиенттеріміз үшін біз өте саналуан теміржол тасымалдауларын қамтамасыз етеміз. Солардың қатарында негізгілер мыналар болып табылады:

- контейнермен тасымалдау 

- тиеуші жүктерін тасымалдау 

- өлшемнен тыс жүктерді  тасымалдау Жүкті бізбен жіберген  кезде, Сіз әрдайым оның сенімді  қолда және тұрақты бақылауда  болатынына сенімді бола аласыз.

Жұмыс істеу әдістері мен тасымалдау сұлбаларын жетілдіре отырып, біз клиенттерімізге қаржы және ұйымдастырушылық тұрғыдағы қомақты артықшылықтарды қамтамасыз етеміз. Біз тасымалдау сапасына екпін жасаймыз, нақ осының арқасында, біздің көптеген тұрақты клиенттеріміз бар және бізді өзге адамдарға ұсынады. Оңтайлы бағыт әзірлеу, жағымды тарифтер және тасымалдау кезінде жүкті үнемі қадағалау – оның қажет жері мен талап етілетін мерзімде жеткізілетінін кепілдейді. Жүкті бізбен теміржол арқылы тасымалдау – бұл Сіздің жайлы күйде болуыңыз және кез-келген жағдаяттар мен сыртқы факторлар кезінде кепілдендірілген нәтиже. Қазақстанда және шетелде теміржол тасымалдаулары Біздің компаниямызда тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, олар еліміздің темір жолдары бойымен әртүрлі жүктерді ресімдеуге және тасымалдауға көмектеседі. Тіпті, Ыстамбұлда орналасқан кеңселеріміз барлық клиенттерге жүкті жылдам және қысқа мерзімде жеткізуге көмектеседі, ал Қазақстанда теміржол тасымалдары – бұл қажетті тапсырысты керек уақытта тасымалдау және алу үшін барлық тиісті құжаттаманы тез ресімдеу.

 

  1. Концептуалды жобалау

2.1. Теміржол жолаушыларының  инфологиялы моделін құру 

    ДБ-сын жобалаудың бірінші фазасы кәсіпорынның талданатын бөлігіне деректердің концептуалды моделіне негізделген. Оның құрылуы белгілі тәртіппен орындалады: басында қолданушылық деректердің толық моделі жасалады;сосын олар концептуалды деректер моделіне интегралданады. Концептуалды жобалау деректер базасының концептуалды схемасын құруға әкеледі.

    ДБ-сы жүйесін  жобалауға екі негізгі ыңғайы  бар: «бәсендейтін» және «жоғарылайтын».ДБ-сын  жобалауда бәсендейтін тәсілді  қолдану арқылы жасалады, бұл  тәсіл деректер моделін құрудан  басталады, онда бірнеше жоғарыдеңгейлі  мәндер және байланыстар бар, сосын төмеңгі деңгейлі мәндердің, байланыстардың және оларға қатысты  атрибуттардың бәсеңдейтін сериялары  түрінде жұмыс жалғасады. Бәсендейтін  ыңғай «мән-байланыс» модель концепциясында  демонстрацияланады (Entity-Relationship model –  ЕR-модель) – П. Ченоммен ұсынылған  деректерді жоғарғыдеңгейлә модельдеудің  ең әйгілі технологиясы.

ДБ-сын жобалау үшін пәндік облыстың  функциялануын қарастырамыз. Осы мақсаттар үшін табиғи емес формаланған тілдік құралдар қолданылады. Осыған байланысты инфологикалық модель (ИЛМ) негізінде, бағдарламалық құралдарға тәуелсіз, арнайы тілдік құралдарды қолдану арқылы пәндік облыс сипатталады.

Инфологиялық модельдеу мақсаты – құрылатын деректер базасындағы сақталатын ақпаратты адамға табиғи лайықты жинау және ұсыну тәсілдерінің қамтамасыздандыру болып келеді. Сондықтан инфологиялық деректер моделін табиғи тілмен ұқсастырып кұруға тырысады. Инфологиялық моделдің негізгі конструктивті элементтері мәндер, олардың арасындағы байланыстар және қасиеттер (атрибуттар)болып келеді.

        Деректер  арасындағы байланыстартиптері:

  • 1:1: «бірден – бірге» қатынасы. Мысалы: әрбір студент транскриптінің нөміріне тек бір нөмір ғана сәйкес келеді.
  • 1:N: «бірден – көпке» қатынасы. Мысалы: Бір жабдықтаушы бірнеше тауарларды жабдықтай алады, бірақ әрбір тауарда тек бір ғана жабдықтаушы болуы мүмкін.
  • N:M: «көбісінен – көбіне»  А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазбалар сәйкес келуі мүмкін, ал В кестесіндегі бір жазбаға А кестесіндегі бірнеше жазбаға сәйкес келуі мүмкін.

    «Теміржол жолаушыларының » пәндік облысын зерттеп, келесі модельді құруға болады. Пәндік обылыс  Теміржол, объект осы теміржолдағы жолаушылар.

                                                                     Сурет 1 – ER - типті диаграмма

 

                                                                           

 

 

 

 

 

 

 


Теміржол


     






  


 

 


 




 



 




 




        

                                                 Сурет  2 – «Темір жол» ДБ инфологикалық моделі

ДБ моделі ИЛМ тілінде келесі түрге ие болады:

Теміржол ( Поездар ,Жолаушылар,Станция,Жолсеріктер.)

Поездың аты (  Қарағанды-Балқаш, Астана -Алматы.)

Жолаушылар (Жолаушылар коды, Тегі , Аты , Әкесінің  аты ,Туған жылы, Мекен – жайы , Жұмыс орны.)

Станция ( Станция коды, Станция атауы.)

Жолсеріктер (Жолсеріктер коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Лауазымы, Жұмыс графигі.)

Вагон бағыты (Вагон бағытының коды, Вагон түрі, Міну уақыты.)

 

  1. Логикалық жобалау
    1. Жолаушылар туралы мәлімет.

  ДБ-сының логикалық  құрылымын жобалау дегеніміз  барлық ақпараттық бірліктерді  және олардың арасындағы байланыстарды  анықтау болып табылады. Оларға  ат беру қажет, ақпарат бірліктерінің  типін анықтау қажет, сонымен  қатар бірқатар сандық сипаттамаларын  беру керек, мысалы өрістің ұзындығы.

  ДБ-сын жобалау процесі  объектілер және олардың арасында  байланыстар туралы ақпараттық  көрінісін жүйелейтін пәндік  облыс объектілерінің алдын-ала  жіктелуін қарастырады.

Жобалаудың бастапқы кезендерінде ДБ-сының құрамы анықталу керек.

ДБ-сының логикалық құрылымын жобалау кезінде нақты ДББЖ қолдайтын деректер моделіне шығыс ИЛМ-нің түрленуі жүзеге асырылады және пәндік облыста бейнеленетін алынған даталогиялық модельдің дәлдігі тексеріледі.

Инфологиялық модельде бейнеленген пәндік облыстың мәндері арасындағы байланыстар даталогиялық модельде, не оларға сәйкес келетін ақпараттық элементтердің байланысқан орналасуы арқылы, не олардың арасындағы байланысты жариялау жолы арқылы бейнелене алады. Байланыс ішкі жазбалық және жазба аралық деңгейлерінде беріле алады.

    1. Мекеменің кіріс және шығыс құжаттары.

   Датологияық модель  құру.

Қазақстан темір жолының   кіріс және шығыс құжаттарына бөлімшелер,ондағы  бөлімдердегі  қызметкерлер,қызметкерлер,  жолаушылар саны, әр квартал сайын  жүретін жолаушылар, олар туралы толық мәлімет кесте түрінде  беріледі. Бұл кестеде бір ай ішіндегі жолаушылар есебі берілген.

Кесте 1 – Теміржол

Темір жол коды

Поездар

коды

Жолаушы-лар коды

Жолсеріктер коды

Станция коды

Вагон бағытының коды

551

552

553

554

555

556


 

Кесте 2 – Поезд аты

Поездкоды

Поезд атауы

Поезд басшысы

Жолсерік саны

Қыз-меткер-лер саны

Жолаушылар саны

Билет-пен мін-гендер

Билет-сіз мін-гендер

Өз қыз-мет-кер-лер

Са-ту-шы-лар

222

Қарағанды-Балқаш

Серіков

10

12

250

23

13

4

444

Астана-Алматы

Саматов

10

12

250

31

6

3


 

           Кесте 3 – Теміржолдағы Қарағанды-Балқаш поездының жолаушылары

Жолаушылар

коды

Фамилия

Аты

Тегі

Туған жылы

Станция

1

Мырзатаев

Балапан

Талғатұлы

12.05. 1970

Балқаш

2

Мырзатаев

Әсем

Жамбылқызы

02.09.1968

Балқаш

3

Герасимов

Владимир

Сергеевич

12.12.1988

Дария

4

Жолдаспаев

Асқар

Абденов

30.04.1965

Босаға

5

Ералиева

Асел

Қайратқызы

15.08.1976

Мойынты

6

Бейсекеева

Динара

Нұғманқызы

12.10.1985

 Өспен

7

Прудильник

Владимир

Яковлевич

01.09.1960

Ағадыр

8

Мусин

Дулат

Заирұлы

22.03.1979

Киік

9

Алексеев

Анатолий

Василиевич

08.06.1972

Сәкен

10

Прудильник

Владимир

Яковлевич

03.12.1965

Ақшатау


 

Кесте 4 - Теміржолдағы Астана -Алматы поездының жолаушылары

Жолаушылар

коды

Фамилия

Аты

Тегі

Туған жылы

Станция

111

Диханбаева

Ақниет

Сағатқызы

11.03.1985

Аршалы

222

Байбатыров

Жасұлан

Тоқсанұлы

02.05.1975

Осакаровка

333

Бақыт

Ердаулет

Мирасұлы

12.08.1992

Сарышаған

444

Скориков

Николай

Викторович

15.12.1979

Отар

555

Чистеев

Алексей

Павлович

22.10.1975

Шығанық

666

Косов

Владимир

Геннадьев

03.09.1969

Алматы

777

Ибрагимова

Фарида

Алиханқызы

12.04.1980

Бірлік

888

Құлжамбек

Талғат

Мауленұлы

05.07.1985

Алматы

999

Мүсілім

Ерқанат

Қанатұлы

05.12.1992

Мыңарал

100

Марал

Мадина

Маралқызы

01.12.19922

Мирный

«Жолаушылар тасымалы» темір жолы компаниясының тарихы