Журналист- қазіргі заман тарихшысы. 2
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Бүгінгі күн – ертен тарих
2. Қазіргі заман-ақпараттың заманы
3. Журналист-жаңалық жаршысы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.
Е.П.Прохоров: «на журналистике лежит задача и по участию в формировании исторического сознания масс- представления об историческом движении, о прошлом, настоящем в его связях с прошлым и будущим. Человек должен ощущать себя, окружающее, страну, мир в историческом процессе становления , в рождении одних и отмирании других явлений, в развитии как результате действий людей, борьбы различных общественных сил»,- деді [1,105б].
Журналист тұлғасы-әлемнің сызбасы. Яғни,бұл дегеніміз мықты журналист қоршаған ортаны өзгерте алатын тұлға. Өйткені өзінің жазған дүниесі,туындысы арқылы ол жан-жағына әсер қалдырып,түрлі ойлар тудыра алады. Журналистің берген ақпаратынан адам дұрыс не бұрыс жаққа демде өгере алады. Сондықтан журналист әрдайым шыққан сөзіне, жазған дүниесіне абай болғаны абзал.
Е.П.Прохоров: « Журналистика-один из социальных институтов общества»,-деді
[2,6б ].
Журналист әрқашанда өзге маман иелерінен
дараланып тұрады. Өйткені ол өз бойына
бүкіл қасиетті сіңіреді. Өнер саласын
да,спорт саласын да, медицина саласын
да,заң саласын да, яғни жан-жақты қамтиды.
Журналист нағыз шебер тұлға. Оның бойында
жазушылық та,ақындық та танылады. Сондай-ақ
журналист ол нағыз психолог болуы керек.
Қоғамның,қызметтестерінің,
Журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдар жинау,өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет.
«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»,-деп Л.Фейербах [3,24-б] айтқандай журналист ең алдымен өз күшіне,қаламының ұшқырлылығына,ойының тереңдігіне,біліміне сенеді. Сол арқылы қоғамда зор ілтипатқа ие болады,маңызды орынды алады. Журналистің тағы бір керемет қасиеттерінің бірі ол-қабілеттілік, дарындылық, зейінділік. Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай,нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып,қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін (жұрттың бәріне ортақ оқи,жаза,есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет),екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілет дейді [4,36-37б]. Міне, дәл осы екінші шығармашылық қабілет көпшілік журналистердің бойынан табылады.Себебі бұл адамның өз бейімділігі арқылы,творчестволықпен іс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.Ал бұны әрдайым жетілдіріп отыру қажет,сонда ғана нәтижелік шығады. Бұл сөзге В.Обручевтің: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі»-деген сөзі дәлел бола алады [5,42-б].
Журналистің жазған мақаласы,жасаған бейне материялы неғұрлым сапалы,дәлелді болса,ол соғұрлым көрерменнің жүрегіне қонымды болмақ.
Өмірхан Әбдиманов «Журналистикадағы ескі дәстүрді жаңа заман талабымен ұштастыру керек» деген мақаласында: «Қазіргі ахуалы да аса жаман емес деп санаймын. Есімі елге белгілі, журналистикаға еңбек сіңірген азаматтар жұмыс істеп жатыр. Сағымбай Қозыбаев – журналистиканың өткеніне қатысты біршама еңбектер жазған журналистиканың тарихшысы. Үлкендеріміздің ішінде қаламы жүйрік Кәкен Хамзин ағамыз бар. Құдайберген Тұрсын болса ұзақ жылдар телеарналардың қазанында әбден қайнап барып бізге оқытушылыққа келген, тәжірибеден теорияға ауысқан маманның бірі. Баспа ісінде пісіп-жетілген Сағатбек Медеубекұлы бар. Шетелдерден тәжірибеден өтіп келген мамандарымыз да жоқ емес»,-деді.
«Творчество- өте зор,тұрақты және қатты жігермен істелетін еңбек»-деп Б.М.Теплов [6,81-б] айтқандай,мрасында творчество ақыл-ойға, ілім-білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге, осынау журналистік мамандықтың тағы бір қасиеті- ол табиғи қабілет дарынға,яғни талантқа байланысты екендігі.
«Журналист – нан таратушы сияқты. Нан халыққа қаншалықты қажет болса нан таратушы да сондық нанды тұтынушыларына таратады. Журналист те қоғамның әр бір мүшесі үшін ақпарат татаратады және оның ақпараты адамның өмірінде өте маңызды,»- деп жас журналист Мұхаммеджан Болатұлының айтқаны бар еді.
Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір-біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество- шығарма жасау, шығарма туғызу,шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, содан бері, осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай,бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады [7,137-б]. Өйткені журналист те творчествоның адамы. Ал, творчество жолы-қиын жол. Сондықтан жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай творчество тәсілдерін үйренуі тиіс.
Материалды
жазу процесінде журналистен
көп нәрсе талап етіледі. Яғни,
журналистің жазу өнеріне деген қабілеті
қандай екені де осы тұста байқалады. Зерттеуші
В.М.Горохов «Закономерности публицистического
творчества» деген еңбегінде журналист
туралы : «...ол неғұрлым сенімді түрде
әдеби-публицистикалық еңбекті игерген
сайын,соғұрлым оның алдынан объект толық
ашыла түседі»,-дейді. Бұл пікірді біз
де қолдаймыз. Шындығында, автордың потенциалы
кең болған сайын,оның мүмкіндік қарымы
да ұлғая түспек [8,142-б]. Түрлі әдіс-тәсілдерді
қолдану арқылы журналист тәжірибе жинақтап,шеберлікке
ұмтылуы тиіс. Ал шеберлікте шек болмайды
және шабыттың да орны ерекше. Шабыт- творчество
адамының күш-қуатын арттырып,сенімін
күшейтіп,қанаттандыратын,
М.А.Шолоховтың жерлестерінің бірі және бірге балық ауласатын жолдасы мынадай бір уақиғаны айтады: «Шолохов қармағын салды да,аузына трубкасын тістеп, Донның жағасына отыра кетті. Ол осылай қозғалмай,бір нүктеден көзін айырмай бір сағаттан артығырақ уақыт отырды.
Жолдасы тіл қатса да, одан жауап ала алмады. Оның тұлғасының сіресіп, қозғалыссыз,көзін суға қадап,төңіректе не болып жатқанын елемеуі жолдасын үрейлендіреді. Ол енді Шолоховтың әрбір әрекетін аңдымақшы болды. Бір мезгілде Шолохов ұйқыдан оянғандай,балық аулайтын саймандарын жинап,үйіне қарай жүгіре жөнеледі. Ол сол күні бойы және түнімен столынан кетпей,ұдайы жазумен болды.»
Зейіннің
осындай ерекше түйілуінің
Публицистика-өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы-шындық. Журналист өмір фактілері мен құбылыстарының бәрін бірдей,қалай болса солай жинақтай бермейді, ол мәселеге партиялық,қоғамдық мақсат тұрғысынан қарай отырып,осыған аса қажетті мысалдарын идеалына сай келетіндерін іріктеп алып,соларды шығармасына арқау етеді.
Журналист
өзінің баспасөз бетінде
Журналист
ғылыми-социологиялық әдіс
Журналистің
шеберлігі жөнінде В.И.
Журналист қоғам өмірінің оқиғалары мен құбылыстарына ілесумен қатар, оларды сезе де, болжай да білуге, қоғам өмірінің оқиғалары мен құбылыстарын қорытындылай білуге, белгілі бір пікірге келуге, бүгінгі күн тарихының сабақтарынан ертеңгі күнге,келешекке,басқа бір жағдайда үлгі ала білуді,үлгі ете білуді үйреткен болатын В.И.Ленин. Демек, журналист өмір сүріп отырған дәуіріміздің шежіресін жазу үстінде, бұқара халықтың алып істерін аңдап біліп,көрегендікпен сезінеді [10,135-136 б].
Журналистің шеберлігі жеке шығармалардың ерекшелігіне байланысты. Сол шығармаларға факті мазмұн болады, ажар береді, оның жүйесін құрап,желісі болып тартылады.Журналист «факті» деген сөздің мағынасына жан-жақты қарайды. Біздер факті деген ұғымды алғанда,оны «өмір шындығында болған оқиға,құбылыс» деп түсінеміз.Сөйтіп,біз «факті» деген сөзді қолданғанда шындық оқиғаны,құбылысты,іс жүзінде болатын нақтылы мәліметтерді еске аламыз.Осының өзі журналистің алдына мынадай негізгі талап қойды: факті-шындық және нақтылы болуға тиіс. Бірақ жинақталған фактілердің барлығы бірдей шығармаға пайдаланылмайды. Журналист кездейсоқ, елеусіз фактілерді емес,олардың маңыздыларын және ерекше елеулілерін ғана жазғалы отырған тақырыбына лайықтап пайдаланады. Фактілер оқырмандарға көбірек әсер етуі үшін журналист оларды анықтап,маңызын жан-жақты толықтыра, әсерлей түседі. Бірыңғай фактілерді пайдаланғанда салыстыру әдісін қолданады. Ал әр түрлі фактілерді қарама-қарсы қойып,оқырмандар алдында құбылыстың екінші бір мәнін ашқанда қарама-қарсы салыстыру әдісін келтіреді. Шағын фактілерді күрделендіре түсіп,оқырманға тигізер әсерін барған сайын күшейту үшін топтастыру әдісін қолданады.
Қоғадық өмірдің барлаушысы ретінде журналистке білімдарлық қасиет те тән болғаны абзал. Ол жаратылыс пен қоғам даму заңдылықтарын жан-жақты меңгерген болса,нұр үстіне нұр. Публицистика-ауқымы кең дүние. Оқырман қауым журналистен татым-тұшымы мол,құнды шығармалар күтеді.Бұл талаптар мол білімдарлықтан туса керек. Білімдарлықтың өзі зейінділікке байланысты. Ал зейін-психикалық әрекеттің айналадағы заттар мен құбылыстарға бағытталып,түйдектелуі. Ол объектілерді анығырақ, ашығырақ тану үшін,жан қуаттарының оларға бет алып,жинақталуы үшін қажет. Егер зейін болмаса организмнің сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз, ой, дене еңбегінің жөнді,нәтижесі болмас еді. Егер адам бәрін де көңіл қоя істеуге әдеттенсе, зейін оның тұрақты ерекшелігіне айналып, зейінділікке ұласады. Журналист шығармасында әлеуметтік құбылыстар мен сан алуан фактілерді, деректерді пайдалануының өзі ерекше ұқыптылық пен зейінділікті қажет етеді. Жиналған көл-көсір фактілердің шындығына,дәлдігіне оқырманды сендіру, шеберлікке жетіле беру журналистің абыройын арттырады, сонда халық оның шығармасын сүйіп оқиды,оның есімін құрметтейді.
Журналистік шеберлікте шығарманың сюжетін құру да шешуші роль атқарады. Шығарманың желісі журналистің көздеген мақсатына қарай құрылады және сол мақсатын айқындай түсуге жол ашады. Сюжеттен кейін журналист шығармасындағы тартыс жайлы айтсам. Журналист материалындағы тартысқа қазіргі кездің әлеуметтік-экономикалық немесе рухани тартыстарының тікелей көрінісі ретінде қарайды.
Өмір
қайшылықтарының жан-жақтылығы
Журналистік шеберлік шығарманың лайықты құрылысын да талап етеді. Шығарма құрылысы ішкі заңдылықтарын: ішкі құрылымдарының сайма-сай келуі, екінші қатардағы мәселелердің басты мәселелерге бағыныңқы келуі,нақты фактілерінің баяндалуы мен қорытындының жарасымды болуы, сөйтіп, шығарма құрылысының тартымды келуі болып табылады.
Журналистің
шеберлігі оның жарияланған
Журналистің өмірді тануы, оны көріп-біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп,өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзіңнің ойыңды, ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі,рухани әлеміңді байытады.
Журналистің ойы-тәжірибелік істің өзі емес, бірақ соның қозғаушы факторы болып табылады. Материалды жазу барысында журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қабілеті қандай екені де осы тұста байқалыды. Әркімнің қабілет деңгейі әрқалай,бәрі бірдей емес. Табиғат берген дарын біреуде жоғары,біреуде орташа болуы да мүмкін. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Дарындылық қабілеттердің табиғи жиынтығы, ал шеберлік білімнің, істей білудің, дағдылардың шумағы-жыйыны,яғни өмір бойына мида пайда болатын уақытша байланыстардың күрделі жүйесінің оқу арқылы шыққан нәтижесі. Ал қабілеттің өзін білім, істей білу,дағды деп санауға болмайды.
Дарын, қабілет және шеберліктің арасындағы айырманы көрсетуде, біз бір жағынан бұл үшеуінің арасындағы тығыз байланысты айта кетуіміз жөн. Шеберлікті тез және жеңіл игеріп кету бұл дарынға байланысты,шеберлікті игеріп алу арқылы адам, яки журналист кейін өзінің қабілеттілігін ілгері дамыта береді,өйткені білімі және істі білуі жеткіліксіз болса,ондайда қабілеттің өріс алып кетуіне осылар зор бөгет болады.
Қызметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамның бақылағыштығы қанша күшті болғанда да яки эмоциялық қиялына қарап қана ондай адамды жақсы журналист болады деп ұйғаруға болмайды. Музыкаға құлағы өте өткір адам музыкант болады дей алмаймыз, сол сықылды тек техникалық қиялдаумен ғана адам конструктор-инженер бола бермейді. Бірақ бұл нағыз мәселе шешетін нәрсе десек,біржақты пікірге ұрынамыз. Өйткені,дамытпаған дарынды өшіруге болады,ал орташа дарынды өсіруге болады.
Әрине,жас журналистерге бұл орайда тынбай іздену,еңбектену міндеттері қойылатыны белгілі. Өйткені шын еңбектену арқылы ғана шынай жетістікке жетуге болады. Адам неғұрлым талатты,дарынды болған сайын,ол өзінің еңбегін, творчестволық тапқырлығын үстей береді,сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады...талант-«бұл жұмыс процесінің өзін»,еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады. Әр журналист өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек. Бірақ қабілетім соншалықты күшті деп, болмаса қандай дарынды екенмін деп,өзін-өзі көтере беруге болмайды,нендей қызметке ыңғайым бар, нендей қабілеттер менде басым деп ойлану керек.Озат,дарынды журналистің қасиетін нақты ісі көрсетеді.
Нағыз журналист қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен,сенімді түрде,көз жеткізіп жазатын болуы керек.Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер.Ол үшін тіл,сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт,журналист қоғамдық қайраткер бола алса,тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.
Журналистің
тағы бір қасиеті-оның саяси-
Журналистің
өз қызметін жемісті атқаруы үшін интелектуалдық,психологиялық,
Бұған қоса журналист кең пейілді,жаны жомарт,жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса,тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы,қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын,аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Осыған А.Темірбековтің мынадай сөзі дәлел: «Рухани байлығы мол...жоғары идеяларға берілген адамдар қиын жағдайлардың өзінде де қайратын жоймай, тіпті шат көңілмен өмір сүріп, жұмыс істей береді» [11,91-б]. Оған қоса журналистке сақтағыш қабілет те өте керек. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жұмыс істеу тәсілі,өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің, сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ.
Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып,барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге,осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса,халықты тек қана объективті түрде,жан-жақты әрі дәл де анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан, ең алдымен өмірдегі жайларды де керекті фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Оқиғаны бұрмаламай,сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек.Әр нәрсені дұрыс түсініп,талдау қажет.Яғни,әрқашан ақиқаттан айнымау-журналистің басты парызы.
Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені,журналист қателессе,ол бір адамның қателесуі емес-мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің,яғни,халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп,халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті.
Журналистің тағы бір ұстанатын принципі-жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес.
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист-өз саласындағы толық құқығы бар кәсіби маман.Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді,мемлекеттік тәртіп бойынша,заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Журналистің заңға,адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс.
Сондай-ақ, журналистік мамандық-басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп,есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз құқығын пайдаланып,басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп,деректер алуға ерікті.
Журналист-шығармашылық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет. Шәкерім Құдайбердиев айтқан:
«Адамдық борыш,ат үшін,
Барша адамзат қамы үшін,
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін»,- деген [12,91-б] сөздер әрбір журналистің ұраны болғаны абзал.
Журналистің бойында қонақжайлық қасиеттің болғаны да дұрыс. Өйткені журналист ол ұжымның адамы. Сол ұжымның тілін тауып,жақсы қарым-қатынас жасап,қонақжайлық танытып жүруі шарт. Ертеректе шешендеріміздің айтқан сөзі осы жағдайға сәл де болса мысал бола алады. Яғни, Құрмысы шешен өлерінде балаларына: «Әке,бізге не айтасыз?»-деп сұрағанда: «Мен не айтайын,есім дұрыс кезінде айтқан сөзімді ұмытпасаңдар жетер,әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе-тоқтатпа,өлген мені-боқтатпа!», - депті [13,63-б]. Журналисте дәл осылай келген қонақты тоқтатпауы қажет.
Журналист өз заманының жаршысы. Өйткені ол өз уақытындағы айналасындағы болып жатқан елеулі оқиғаларды жазып, айтып, болашаққа сақтайды. Оның ескіше жазуға, ескіше ойлауға, ескіше қолтаңба қалыптастыруына хақысы жоқ. Кешегі творчестволық табыс-бүгінге өлшем емес. Ендеше журналист әркез жаңа қырынан танылып отыру тиіс. Ол заманнан артта қала алмайды. Ол-әркез алғы шепте жүретін тұлға.
Кольцовтің мына бір пікіріне назар аударып көрейікші: «Журналист болу тек сапар шегу,көру,материал алу,жазу ғана емес-бұл ерекше өмір сүру деген сөз»,-деді [14,143-б].
Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
Е.П.Прохоров: «Журналистика-огромной важности инструмент гласности, обеспечения объективной информированности масс. Ведь для участия в работе над общим делом, по характеристике В. И. Ленина , требуется, чтобы сначала был показан «...общии абрис, размеры и характер этого дела...»,- деді [15,157б]
Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазіргі заман-өзіне сенетін,арманы мен осы арманды іске асыруға ерік-жігері бар дарынды,қажырлы адамдардың уақыты». Осы айтылған сөз журналистерге де тікелей қатысты.Себебі журналистер ең алдымен өз күшіне,біліміне сенеді. Ешкімнен тайсалмай қоғамның ащы шындығын айтып, халықтың қамын ойлайды.
Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Е.П.Прохоров Введение в журналистику. – Москва: Высшая школа, 1988
- Е.П.Прохоров Введение в журналистику. – Москва: Высшая школа, 1988
- Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
- Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
- Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
- Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
- Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі. - Алматы:
Қазақ университеті,2004
- Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы.баспа Қазақ университеті,2004
- Теплов Б.М. Психология. – Алматы: Қазмемоқупед, 1953
- Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978
- Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы : Атамұра, 1996
- Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. – Алматы: Атамұра, 1996
- Шешендік сөздер. –Алматы: Жазушы,1967
- Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті, 2004
- Е.П.Прохоров Введение в журналистику. – Москва: Высшая школа, 1988

- Журналист- қазіргі заман тарихшысы
- Журналист на войне по очеркам М. Е. Салтыкова-Щедрина «В среде умеренности и аккуратности»
- Журналистская деятельность Белинского
- Журналистская деятельность Владислава Листьева
- Журналистская деятельность Н.А. Рожкова в период сибирской ссылки (1910-1913)
- Журналистская деятельность Н.Г. Чернышевского и Н.А. Добролюбова
- Журналистская информация, как товар. Основные формы медиабизнеса
- Журналистика новостей структура, методы и жанровое разнообразие
- Журналистика Норвегии
- Журналистиканың функциялары
- Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы көзқарас
- Журналистік мамандық
- Журналисткое познание
- Журналист-комментатор как участник идеологической борьбы