Жылу алмасу процесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Технология және Бизнес Университеті 
 
 
 
 

 
 
 

Тақырыбы:  Жылу алмасу процесі 
 
 
 

Дайындаған: Қабиденов.Н ХТОВ ДОТ

Тексерген: Ахметжанова.А 
 
 
 
 

АСТАНА  – 2011 жыл 

МАЗМҰНЫ 

І. КІРІСПЕ..................................................................................................3 

ІІ. ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРІ.....................................................6 

2.1 Жылулық тепе-теңдік, жылулық баланс....................................5

2.2 Конвенция...................................................................................12

2.3 Қыздыру, суыту және конденсация..........................................15

        2.4 Кожухты трубалы аппарат..........................................................25

        2.5 Есеп...............................................................................................26 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................26 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Жылу  өткізу түрлері нақты жылу алмасу аппараттарында күрделі жылу өткізу формасындағы түрлі қосылыстар түрінде  кездеседі.Оның математикалық суреттемесі  жылу өткізудің түрлерінің қатысуымен анықталады. Күрделі жылу өткізгіштің негізгі заңдылықтарын оқыту осы тараудың бұйымы болып табылады. Алғашында жылу алмастырғыштардың классификациясы, кейін жылу алмасу және жылу өткізу қарастырылған.

      Жылу  алмасу аппараттары деп ыстық  ортадан суыққа (жылу тасымалдағышы) жылу өткізу жабдығын айтамыз.

      Жылу  процестерінде жылу бір заттан екінші затқа беріледі. Жылу берілу процестерінеқатысушы заттар жылу беруші тасығыштар деп  аталады. Жылу алмасу процестерінде  жылу процестерінде жылу беруші жоғары температуралы зат ыстық жылу тасығыш деп аталады. Жылу процестерін жүргізудің негізінен екі әдісі бар:

  1. жылу тасығыштарды тікелей тиістіру арқылы;
  2. жылу тасығыштарды бөлетін қабырға арқылы жылу беру.

Жылу  беру процесінде жылу тасығыштары тікелей  тиіскенде жылу тасығыштар бір-бірімен араласуға түседі. Ал қабырға арқылы жылу берілсе жылу тасығыштар араласпайды олар өздеріне тиісті каналдармен бөлек жүріп отырады. Жылу тасығышты бөлуші қабырғаның беті жылу алмасу беті деп аталады.

            Жылу берілістің екі процесі болуы мүмкін.

1) тұрақталған; 

2) тұрақталмаған; 

тұрақталған процестерді стационарлық процестер  деп атайды. Стационарлық процесте аппарат ішіндегі әрбәр нүктелерде температура уақыт бойынша өзгеріске  түспейді.Тұрақталмаған процестер  стационарсыз процестер деп аталады. Стационарсыз процестерде аппарат ішіндегі әрбәр нүктенің температурасы уақыт бойынша өзгеріске түседі. Тұрақталған прцестер тұрақты режиммен жұмыс істеуші және үздіксіз істеуші аппараттарға тән болып табылады.

      Тұрақталмаған процестер периодты түрде жұмыс істеуші аппараттарға тән болып табылады және сондай-ақ бұл жағдай үздіксіз аппараттарды іске қосу және тоқтату кездерінде орын алады.

            Бір заттан екінші затқа  жылу беру мынадай жолдармен іске асырылады:

      1) жылу өткізгіштік арқылы;

      2) конверция арқылы;

      3) сәуле шығару арқылы;

  1. Жылу өткізгіштік арқылы жылу беріліс сол заттың әрбәр бөлшектерінің тікелей тиісуі бойынша жылу беріліс іске асады. Мұнда энергия бір бөлшектен екінші бөлшекке сол бөлшектердің тербелмелі қозғалысының нәтижесінде беріледі.
  2. Жылу беріліс конверция арқылы жүргенде сұйық және газдардың бөлшектерінің қозғалуы бойынша іске асады. Мұндағы бөлшектердің қозғалысы сұйық көлемінің әрбір нүктелеріндегі тығыздықтарының айырмашылығы бойынша жүреді. Тығыздық айырмашылығы сұйық пен газ массасындағы температураның әртүрлі таралуына байланысты орын алады. Сәуле шашуға жылу беріліс электромагнит толқын түрінде энергияның ауысуы бойынша жүреді. Мұндай жағдайда жылулық энергия сәуле энергиясына айналады ол сәуле кеңістік бойынша өтеді және ол белгілі бір затқа кездескенде ол заттың сәулені жұтуына байланысты энергия қайтадан жылуға айналады. Бұл аталған жылу беріліс түрлері әдетте сирек кездеседі. Әдетте олар араласқан түрде болады . Қабырға арқылы жылу берілісте бостық жылу тасығыштан жылу қабырғаға конверциялық жолмен беріледі. Ол қабырға ішінде жылу өткізгіштік жолмен жылу беріліс жүреді.

ІІ. ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРІ

2.1 Жылулық тепе-теңдік немесе жылулық баланс

      Бір уақыт бірлігі ішінде бір заттан екінші затқа өтуші жылу мөлшері  жылулық ағын деп аталады. Ол Дж/сек пен өлшенеді. Жылу тасығыштардың арасында жылу алмасып жүрген кезде ыстық жылу тасығыштың энтальпиясы, яғни құрамы төмендейді. Ол суық жылу тасығыш энтальпиясына көтерідеді. Егер ыстық жылу тасығыштың мөлшерін м/сек  деп алсақ, ал бастапқы энтальпиясын І1 деп алсақ және соңғы энтольпиясын І2 деп алсақ (мұны Дж/сек) және суық тасығыштың мөлшерін дж/сек деп алсақ оның бастапқы энтальпиясын д1 , соңғы энтальпиясын  д2 (Дж/кг) деп алсақ, ыстық жылу тасығыштан суық жылу тасығышқа берілетін жылу мөлшерін QBт ден алсақ және қоршаған ортаға жоғалған жылу мөлшерін QBт деп алсақ онда жылу балансын біз  былай жазамыз:

GJ +gі= GJ + gі+Q (1)

G(J1-J2)=g(i1-i2)+Qж  (1а)

1а өрнегіндегі  G(J1-J2)= Qыстық (1б) деп алайық;Q –  ыстық жылу тасығыштан берілген жылу мөлшері болып табылады. Және суық тасығыштың қабылдаған жылу мөлшері .Сонда (1а) өрнегімізді былай жазуға болады:

Qыстық= Qсуық+Qжылу (2)

   ыстық жылу тасығыш болып табылады. Берілген жылудың бір бөлігі  суық жылу тасығыштан өтеді,  және бір бөлігі қоршаған ортаға жоғалған жылу мөлшерін толықтыруға жұмсалады.

  1. және (2) теңдеулер жылу балансының теңдеуі деп аталады. Жылу алмастырғыш аппараттарда жылу жоғалу аз мөлшерде болады (2-3 % -тен аспайды).  Сондықтан оны есепке алмаса да болады. Сонда 

    Qыстық=Qсуық=Q

Q=G(І1 – І2) = g (i1 – i2)   (3)

Жылу  беріліс процесі жүру үшін ыстық  және суық жылу тасығыштар темперетураның біршама айырмашылығы болу керек. Осы  температуралар айырмасы жылу процесінің қозғаушы күші болып табылады және ол температуралық тегеурін деп аталады. Егер жылу тасығыштың температурасын Т деп белгілесек және суық жылу тасығыштың температурасын t деп белгілесек, онда температуралық тегеуірін                                                  θ = T – t      (4)

Температуралық  тегеуірін неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жылу беріліс жылдам жүреді. Жылу мөлшері мұнда жылу алмасу бетіне Ғ температуралық тегеуірінге θ және уақытқа t тура пропорционал болып табылады.

    Q = K F θ t  (5)

К –  пропорционалдық коэффициент жылу беріліс коэффициенті деп аталады.Жылу беріліс коэффиценті бір бет бірлігі ішінде және бір уақыт бірлігінде, температуралық тегеуірін бірге тең болғанда өтетін жылу мөлшерін көрсетеді.

      немесе 
               (5)

Үздіксіз  процестерде жылулық жүктеме есебінде бір уақыт бірлігі ішінде берілген жылу мөлшері қарастырылады.

    Q = kE θ

Жылу  алмасу процестерінде жылу тасығыш  температурасы немесе температуралық тегеурін өзгереді. Сондықтан (5,6) теңдеулерде  температуралық тегеуіріннің орташа мәні қойылады. (θорт)Егер жылу қабырға арқылы жылу өткізгіштік жолымен берілетін болса, онда белгілі бір жылу мөлшері Q, Ғ(бет ауданға) тура пропорционал, қабырғаның екі бетінің температурасының айырмасына және уақытқа тура пропорционал

     (уақытқа) тура пропорционал, ал қабырға қалыңдығына кері пропорционал. Жылу өткізгіштік коэффициенті бір өлшем уақыт бірлігі ішінде қабырға арқылы оның екі бетінің t-ның айырмашылығы 1ºС болғанда және оның қалыңдығының бір өлшем бірлігіне тең бөлінген мәні  болып табылады. Бұл коэффициент қабырға материалының қасиетіне және температураға байланысты болады. Температура көтерілген сайын затты материалдардың көпшілігінің жылу өткізгіштігі өседі, ал сұйық материалдардың жылу өткізгіштігі төмендейді.

    Кейбір  материалдардың жылу өткізгіштігі:

    Материал
    Болат, шойын 45
    Тотықпайтын болат 17
    Алюминий 200
    Мыс 350
    Латунь (қоспа) 85
    қорғасын 35

Жылу  беріліс конверция арқылы жүргенде жылу тасығыш жүретін қабырғаның бетінде жұқа қабаттық ламинарлық шекаралық қабат пайда болады. Осы қабат арқылы жылу өткізгіштік жолымен өтеді, ал бұл қабаттан кейін жылу тасығыштың барлық масасы бойынша температура бірдей  болып келеді. Жылу тасығыштың барлық массасының ішіндегі температураның теңелуі сол жылу тасығыш бөліктерінің қозғалыс нәтижесінде  пайда болады. Егер жылу тасығыштың ағысы турбулентік жағдайда болса, онда араласу күшейтеді бұл жылу тасығыштың шекаралық қабатының жұқаруына әкеледі  және жылудың берілу мөлшерін ұлғайтады. Жылу тасығыштың негізгі массасының температурасы мен қабырға температурасының айырмашылығын θ жекелеген, онда өтетін жылудың мөлшеі қабырға бетіне Ғ тура пропорционал және жекеленген температуралық тегеуірінге θжек және уақытқа тура пропорционал болады.

      Жылу беру процесі ыстық жылу тасығышқа қабырға арқылы берілетін болсын. Ыстық жылу тасығыштың қабатында температура Т → tқаб1ге дейін төмендейтін болсын. Ал қабырға қалыңдығы арқылы tқаб1→ tқаб2 дейін төмендейді. Бұл жағдайда  жылу ыстық жылу тасығыштан қабырғаға конверция арқылы беріледі: ал қабырғадан суық тасығышқа да температура конверция бойынша өтеді және қабырға арқылы жылу өткізгіштік бойынша өтеді.

Q1=

Qқаб=

Q2=

 

- бұл жылу тасығыштан қабырғаға  өткен және қабырғадан суық  тасығышқа өткен жылу тасығыш  коэффициенті болып табылады.

- қабырғаның жылу өткізгіштік  коэффициенті.

- қабырға қалыңдығы

Ғ- жылу өткізгіш беті. Бұл қабырға бетінің ауданына тең болады. Ал қабырға жазықтық болған жағдайда бет аудан тұрақты болып табылады.

      Процестің тұрақтылығы жағдайында ыстық жылу тасығыштан қабырғаға берілген жылу Q1 және қабырғадан өткен жылу Qқаб және қабырғадан суық жылу тасығышқа өткен Q2 жылу мөлшерлері бірдей болып келеді. 

Q1= Qқаб= Q2=Q   (10a)

Үздіксіз  процестерде жылу тасығыштар барлық уақытта өзара қозғалыста болады. Олардың бағыттары әр түрлі болады. Жылу тасығыштар қозғалыстың негізгі түрлеріне тура ағыс және кері ағыс жатады. Тура ағыста екі жылу тасығыштар жылу алмасу беті бойынша жүреді және бағыттары бір болады. Ал кері ағыста жылу тасығыштар қарама-қарсы бағытта қозғалады. Тура және кері ағыстарда орташа температуралық тегеуірін температуралық тегеуіріндердің ең жоғарғы және ең төменгі мәндерінің орташа логарифмдік шамасы бойынша анықталады.

      Егер  - ның ге қатынасы.

<2   болса, онда тек орташа арифметикалық мәндері бойынша есептеуге болады.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Конвенция

      Конвенция  дегеніміз – газ және сұйықтың макроскопиялық көлемдерінің қозғаласы  және араласу нәтижесінде жылу берілу процесі болып табылады. Жылу беріліс екі жағдайда болуы мүмкін.

  1. Табиғи жағдай немесе еркін жағдай, мұнда сұйық немесе газ күйінің әртүрлі нүктелеріндегі тығыздықтардың айырмашылықтары бойынша жүреді. Бұл осы нүктедегі температуралардың айырмашылығы бойынша жүреді.

2)Еріксіз конверция бұл сұйық немесе газдың бүкіл көлемдерінің күшпенен қозғалу нәтижесінде орын алады. Мұнда араластырғыштарды пайдалану осылайша жүреді. Жылу конвенция арқылы ауысқанда жылу беру коэффициенті шекаралық ламинарлық қабаттың кедергісімен және жылу тасығыштың негізгі массасы мен және шекаралық қабат арасындағы кедергілер бойынша анықталады.

     Жылу  беру коэффициентінің мәндері мына шамаларда болады:

Жылу  алмасу процесі Коэффициент мәндері 
Газдарды  қыздыру және суыту 10-50
Органикалық сұйықтарды қыздыру және суыту 50-1500
Суды  қыздыру және суыту 200-10000
Судың қайнауы 500-10000
Су  буының конденсациясы 4000-15000
Органикалық сұйықтардың буларының конденсациясы 500-2000

Жылу  беру коэффициентінің шамасын анықтаушы  негізгі факторларға мыналар жатады.

  1. Жылу тасығыш қозғалысының сипаты және оның жылдамдығы. Жылу тасығыштың жылдамдығы ұлғайған сайын шекаралық қабаттағы ламинарлық қабаттың қалыңдығы төмендейді. Осыған байланысты оның жылу кедергісі азаяды, ал жылу беру коэффициенті ұлғаяды.
  2. Жылу тасығыштың физикалық қасиеті, яғни оның тұтқырлығы, жылу өткізгіштігі, тығыздығы, меншікті жылу сиымдылығы. Әдетте жылу беру коэффициенті тұтқырлықтың азаюымен және жылу өткізгіштің ұлғаюымен жылу беру коэффициенті ұлғаяды және сол сияқты оның тығыздығы мен оның меншікті жылу сиымдылығы ұлғайған сайын ол да  ұлғаяды. Жылу тасығыштың физикалық қасиеті температураға байланысты өзгеретіндіктен жылу беру коэффициенті де осы температураға байланысты болады.
  3. Жылу алмасу бетінің аумағы мен турі

    Сонымен жылу беру коэффициентінің шамасы гидродинамикалық,

    физикалық және оның геометриялық факторларымен  анықталады.

      Сондықтан жылу беру коэффициентінің осы факторларымен  байланысы өте күрделі болады және ол теориялық жолмен анықтала алмайды. Сондықтан жылу беру коэффициентін анықтау үшін эксперименттік  мәліметтер алынады. Олар ұқсастық теориясы көмегімен өңделеді. Осының нәтижесінде критерилік теңдеулер шығарылады. Ұқсастық теориясының жылу берілістің конвенциялық түріне қолданылуы мынадай критерийлермен анықталады.

Критерий  аттары Формуласы Физикалық мән-мағынасы
Нуссельт   Жылу тасығыш  қабырға арасында жылу алмасу процесін сипаттайды.
Рейнольдс Жылу тасығыш  қозғалысының гидродинамикалық режимін сипаттап береді.
Прандтль Жылу тасығыштың физикалық қасиеттерін сипаттап береді.
Грасгоф. r= Жылу тасығыштың еркін конверция кезіндегі қозғалу  режимін сипаттап береді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.3 Қыздыру, суыту  және конденсация

      Қыздыру химиялық технологияда көп қолданылатын амалдардың бірі болып табылады. Қыздырудың нәтижесінде химиялық және масса алмасу процестері жақсы жүреді. Температуралық және басқа жағдайларға байланысты қыздыру процесін жүргізу үшін мынадай әдістер қолданылады:

  1. су буымен қыздыру;
  2. газ түтінімен қыздыру;
  3. аралық жылу тасығыштарды пайдалану;
  4. электр ағынын пайдалану.

      Су  буы арқылы қыздыру әдісімен көбінесе қаныққан су буымен қыздыру қолданылады. Бұның су буының қысымы 1-1,72 МПа. Су буының температурасы    ≤ 190˚С аспайды. Аппаратты қыздыру кезінде қаныққан бу конденсацияға түседі. Мұндағы бөлінетін жылу мөлшері сұйықтың булану жылуына тең болады.

      Жетістіктері:

  1. Бу конденсациясы кезінде бөлінетін жылудың үлкен мөлшері
  2. Конденсацияға түсуші будың қабырғаға беретін жылу берудің жоғарғы коэффициенті. 5000-180000 Вт/м2 сек
  3. Жылудың бір тегіс берілуі.

      «Өткір» бумен қыздыру. Бұл әдісте су буы  тікелей қыушы сұйыққа беріледі. Бу конденсацияға түсіп суыққа жылуын береді, ал конденсат ол сұйықпен бірге араласады. Сұйыққа буды беру үшін барбатер пайдаланылады.

      «Тұйық» бумен қыздыру. Бұл жағдайда бу сұйыққа тікелей берілмейді. Бу ыдыс қабырғасының сыртына беріледі. Ал ыдыстың бу жүретін қабырғасы сыртынан тағы бір қабат қабырғаменен жабдықталады. Сыртқы қабырғаны «көйлек» деп атайды және сондай-ақ оралма түтіктер орнатылады. Тұйық бу түгеліменен конденсацияға түседі. Сондықтан қыздырушы аппараттың бу күйімен конденсат күйінде шығады. Конденсатты тез сыртқа шығару үшін арнайы құралдар конденсат шығарғыштар пайдаланылады. Конденсат шығарғыштан өздерін жабушы элементтерінің жұмыс істеу принципі бойынша мынадай үш топқа бөлінеді:

  1. қалтқы (поплавковый)
  2. термостатикалық
  3. термодинамикалық.

      Қалтқылық элементтер конденсат деңгейі бойыншажұмыс істейді, яғни конденсат бір деңгейге жеткенде қалтқы жұмыс істейді.

      Термостатикалық элементтер конденсацияланады. Температураның өзгерісі бойынша жұмыс істейді.

Термодинамикалық  элементтерде клапонның ашылуы және жабылуы конденсация шығарғышпен  және қысымдық камера арасындағы қысымдардың  төмендеуі бойынша жұмыс істейді.

      Тұйық буменен қыздыру кезінде аппараттың булық кеңістігінде конденсацияға түспеуші газдар жиналады. Бұлар жылу беру коэффициентін төмендетеді. Сондықтан мынадай газдар мезгіл-мезгіл арнайы вентиль арқылы сыртқа шығарылып тұрады.

      Түтіндік  булармен қыздыру. Бұлайша қыздыру  химия өндірісіндегі  ең ескі әдістердің бірі болып табылады.Бұл жолменен температураны 180-1000˚С ға дейін көтеруге болады. Түтіндік газдар қатты сұйық газдық отындарды арнайы пештерде жаққанда пайда болады. Түтіндік газдарменен қыздырудың ерекшелігі ол қыздыру жағдайының қатал шартының болуы, яғни температураның төмендеуінің едәуір мәні және жылу берілудің төмен коэффициенті 15-35 Вт/м2 сек. Осы температуралық төмендеудің арқасында жоғарғы жылулық жүктемені алуға болады. Бұл жетістіктері болып табылады.

Ал кемшілігі:

  1. процесті реттеудің қиындығы ждәне қыздырудың әр келкі болуы
  2. түтіндік газдар ауаның көп мөлшерімен араластырғанда металдардың тотығуы күшейеді
  3. түтіндік газдармен қыздырғанда өрт қауіптіліктің үлкен болуы. Осы әдіс бойынша аппараттарды дайындау үшін көмірлі болаттар пайдаланылады. Олар 420˚С-ға дейін жұмыс істей алады. Ал легирленген болаттар үшін жұмыс істеу 420-520˚С болады.
  4. Ал арнайы ыстыққа төзімді болаттарды пайдаланғанда температураны 520-1000˚С-қа дейін көтеруге болады. Түтіндік газдарменен тікелей қыздыру түтіктік пештерде жүргізіледі.
  5. Арнайы реакцичлық қазандары бар пештер
  6. автоклавтары бар пештер және түтіндік газдарды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін оларды айналмалы жолға түсіру арнайы вентиляторлар (желдеткіштер) пайдаланылады. (циркуляция)

      Көптеген  жағдайларда өнмнің сапасын сақтау үшін және жұмыс істеу қауіпсіздігін  орнату үшін материалдың аса қызған жағдайы болмау тиіс. Ол үшін арнайы аралық жылу тасығыштарды пайдаланамыз. Оларға минералдық май, аса қызған су,  жоғары температуралы органикалық жылу тасығыштар және балқыған тұздар қоспасы және т.б. Мысалы, майлық моншада қыздыру жүргізілгенде температура 200-250˚С аспауы керек. Онда аппараттың сыртында көйлегі болуы тиіс. Көйлек маймен толған болуы керек. Түтіндік газ көйлекті сыртынан қыздырады. Ал көйлек ішіндегі май аппарат ішіндегі затты қыздырады.

      Химиялық  технологияда электр пештерінде электр ағынымен қыздыру кең таралған. Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыру кезінде мынадай амалдар қолданылады.

  1. кедергілік электр пештері
  2. индукциялық электр пештері
  3. доғалық электр пештері.

      Кедергілік  электр пештері екіге бөлінеді: тура әсер етуші және жанама әсер етуші  пештері. Тура әсер етуші электр пештерінде қызушы дене тікелей электр тізбекке жалғасады және одан электрлік ағын өткенде ол қызады. Бұл пештердің корпусы 1 электрод қызметін атқарады. Ал басқа электродты апапарат ішіне орналастырады. Осы электродтар арасына сұйықт немесе балқыған қыхушы материал салынады.

      Жанама  әсер етуші электр пештері көбірек  таралған болып келеді. Бұларда электр ағыны арнайы қыздырушы элементтер арқылы жүреді. Мұнда бөлінетін жылу материалға сәуле шашу жолымен жылу өткізгіштік және конвенция арқылы беріледі. Бұндай пештерде қызу 1000-1100˚С дейін көтеріледі. Бұл пештерде пеш футировкасы жылуға шыдамды кірпіштен қаланған болады. Ал футировка қуыстарына қыздырушы элемент спираль түрінде орналасқан болады. Бұл спиральдарға электр шинасынан кернеу беріледі. Бұл спиральдардан бөлінген жылу қызушы аппаратқа сәуле шашу және конвенция жолыменен беріледі, ал жылулық изоляция (оқшаулағыш) немесе футировка жылудың қоршаған отртаға кеиуін азайтады. Спиральдік сымдар олар михром таспасынан жасалады. Оның құрамында 20% Cr, 30-80% M,  0,5-50% Fe  болады. Мұнда бөлінетін жылуды мнадай жылулық баланс бойынша есептеп шығаруға болады.

      Электрлік индукциялық пеш. Бұл пештерде қыздыру  индукциялық ағындар бойынша  жүргізіледі. Мұнда қызушы аппарат  соленоид сердечник (білекше) болып табылады. Ол соленоид ішінде жоғары төмен қозғалуға мүмкіншілігі бар. Соленоид бойынша айнымалы электр ағыны жіберіледі, нәтижесінде айнымалы магнит өрісі туады. Ол өрісқыздырушы аппараттың қабырғасында эндукциялық электр қозғаушы күш туғызады. Осының нәтижесінде ыдыс қабырғасы қызып ішіндегі заттар қызады. Соленоид Мыс немесе алюминий сым өткізгіштен ждайындалады. Бұл сымдар аз Омдық кедергіге ие. Жоғары жиіліктегі ағындар мен диэлектрлік қыздыру ол диэлектрліктерді қыздыру үшін пайдаланылады (пластмасса, резимна, ағаш және т.б.). Мұнда қызушы дене конденсатор табақшалар арасында орналастырылады. Айнымалы ток электр ағынын жіберсек, онда  диэлектрик молекулалары тербеліске түседі, Бұл тербелістің жылдамдығы электр ағыны өрісінің жылдамдығына тең болады. Нәтижесінде молекулалар арасындағы үйкеліс күшінің әсерінен жылу бөлінеді. Бөлінетін жылу мөлшері кернеу квадраты мен ағын жиілігіне пропорционал болады.Мұнда кернеу жиілігі (0,5-100)*106 Гц. Ал электр өрісіндегі кернеулік 1000-2000 ВТ/см тең. ЖОғары жиіліктегі электр ағыны шандық генераторлар береді. Диэлектрлік қыздыру мынадай жетістіктерге ие.

    • қызушы материалдардың барлық қалыңжығының жылулық бөлінуі
    • қыздырудың үлкен жылдамдығы
    • материалдардың тек бір бөлігін қыздыру мүмкіншілігі
    • қыздыру процесін реттеудің жеңілдігі және оны автоматтандырудың толық мүмкіншілігі

      Доғалық пештерде қыздыру электрлік доға бойынша жүргізіледі. Онда температура 1500-1300˚С дейін алуға болады. Электрлік  доға газ тәріздес ортада пайда болады. Доғалық пештерде температуралардың өте жоғары болуына байланысты біркелкі қыздыру жүрмейді. Доғалық пеште металдарды балқыту үшін және CaCO3 ті алу үшін және фосфор алу үшін қолданыс табады.

      Арнаулы мақсаттарына қарай жылу алмастыру  аппараттары қыздырғыштар және суытқыштар болып бөлінеді. Егер процесс суық жылу тасығышқа жылу беру үшін жүргізілетін болса, онда бұл процеске қатысушы ыстық жылу тасығыш қыздырушы агент деп аталады. Егер процесс жылу тасығыштан жылу алу жағдайында жүрсе, онда сол жылу алушы суық жылу тасығыш, суытушы агент еп аталады. Егер арнаулы мақсаты бойынша бұл екі пропорция қатар жүруі де мүмкін. Онда оған қатысушы аппаратттар жылу алмастырғыштар деп аталады. Суытушы агент есебінде көбінесе, су және ауа пайдаланылады. Алодан да төмен температура алу үшін төменгі температуралы агенттер пайдаланылады.

Жылу алмасу процесі