Абай Құнанбаев. 5
Абай Құнанбаев
,
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс
мәдениеті мен өркениетін жетік
білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен
жақсы таныс болған. Философиялық
трактаттар стилінде жазылған «Қара
сөздері» – тақырып ауқымдылығымен,
дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды.
Жоспар
1 Қысқаша шолу
2 Өмірбаяны
3 Шығармалары
4 Қара сөздері
4.1 Қара сөзде айтылған ой
5 Абай лексикасы
6 Абай және Пушкин
7 Музыкалық мұра
8 Абайтану
9 Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы
10 Ақынның балалық шағы
11 Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен
араласуы
12 Абай — ұлы ақын әрі ойшыл
13 Абай және халық ағарту ісі
14 Аудармашылық қызметі
15 Абайдың Қазақстан тарихында алатын
орны
16 Абай туралы
17 Пайдаланған әдебиет
18 Сыртқы сілтемелер
Қысқаша шолу
Орта жүздің Арғын тайпасының
Тобықты руынан шыққан билер әулетінен.
Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы
атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың
бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың
ортасындағы бір сайлауда оны
Қарқаралы ауданының аға
Осындай текті ортадан
шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған
төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ
ерекше қабілетімен, ақылдылығымен
көзге түседі. Балаға сыншы әкесі
осы баласынан қатты үміт етеді.
Әкесі оның зеректігін байқағаннан
кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі
Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе
төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан
шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару
ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде
ел жақсыларымен араласып, өз халқының
рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады.
Өзі билер үлгісінде шешен
сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ
билігімен елге танылып, аты шығады.
Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас
кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс
болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе
жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы
көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш
салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей
көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды.
Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан
істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен
насихаттамақ болады. Абай бір жағынан
шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа
Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды
оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И.
Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов,
М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский,
И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын
оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен
Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып,
Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин
сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
Өмірбаяны
Абай
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
«Шынжыр балақ, шұбар төс
Ызгызбайым,
Тоқоақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым…»
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам.
Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді,
інісі Құттымұхамбетке
Абайдың басқа балалардан
алымдылығын аңғарған Құнанбай оны
елге шақырып алып, өз жанына ертіп,
әкімшілдік-билік жұмыстарына
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876-1978 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс боладі. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Е. П. Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 ж. 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды.
Ақын саяси қызметі
үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге
айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда
орыс демократтары Н. И. Долгополов, А.
А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық
ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік
көзқарасына игі ықпалы тигізгені
сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс
мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық
көзқарастарымен осы кісілер
арқылы деу ағат айтқандық болар
еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал,
кейін орыс тілін біліп, орыстың
ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған
Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді.
Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен,
Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың
өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие
алды. Абайдың классик ақын болған
маңызын, әлеументтік көзқарасын тек
Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі
Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына
жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан
болар едік ” деген тұжырымын
келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша
Европаның ‘Гете, Байрон сияқты ақындарын,
Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер
сынды ғұламаларының
1875 жылы Қоңыркөкше елінде
өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878
жылға дейін болыс болады. Қазақ
халқының дәстүрлі ел билеу
жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын
жетік білетін Абай ел
1885 ж. мамыр айында Шар
өзенінің бойындағы Қарамола
деген жерде Семейдің ген.-
1891 жылдан бастап Абай
басына ауыртпалық түсіп, бір-
1891 ж. Оразбай бастаған
дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл
шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр
сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне
қастандыққа әкеп соқтырады.
Шығармалары
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған…») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік
лирикадан құралады, поэма жанрына
көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа
өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар
портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін,
мінез-бітімдерін айқын суреттермен
көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен
де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының
ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам
діні тараған Шығыс елдерінің
әдебиетімен жақсы танысу арқылы
өзінің шеберлік — шалымын одан
әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын
«Масғұт» және «Ескендір» деген атпен
өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше
сенген діни таным жайындағы философиялық
көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.
Абайдың дүниетанудағы
Кез келген халықтың тарих
сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген
біртектес өмір салттың ғана нәтижесі
емес, сонымен бірге қасиеттік
деп саналатын- арман-аңсардың (идеал)
да біртұтастығына айғақ. Олай болса
Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік,
дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік,
өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық,
жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ
баласының кейбірінің бойындағы
туа біткен кемшілік емес, сол Абай
өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік
қатынастардың нәтижесі екеніне
ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы
бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді»
себеп ретінде емес, сол замандағы
саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары
ретінде қарастыруға жол ашқан.
Қара сөздері
Толық мақаласы: Абайдың қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік
гуманистік және дінге көзқарастары
терең білінген еңбегі – қара сөздері.
Абайдың қара сөздері (Ғақлия) –
ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік
қуатын, философиядағы даналық
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі
ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай»
журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың
қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б.
көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөзде айтылған ой
Абайдың «Жетінші сөзінде»
ұшырасатын «жанның тамағы» деген
күрделі философиялық ұғым бар. Оны
Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін
объективті дүниенің санада сәулеленуі
нәтижесіңде пайда болатын
«… құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,»
— деп қайыра түсінік
беріп отыр… Абайдай ұстаз
ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген
мақсаты адамның бойыңда туа
пайда болатын жан құмары арқылы
өз ұрпағының санасына тек қана жанның
пайдалы тамақтарын сіңдіру еді.
Міне, Абайдың ағартушылық
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
«Адам болам десеңіз…
Бес нәрседен қашық бол…,
Бес нәрсеге асық бол,»
- деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл
«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»
— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі
ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте
отырып дамытатынын көруге болады.
Абай лексикасы
Толық мақаласы: Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың
жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша
әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия
қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың
төл сөздерінен, одан соң шағын
мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері
қабатынан құралады. Өз тұсындағы
қазақ қоғамының саяси-
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс,
тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе
Қара-сөздерінде тарихты баяндайтын
тұстарда қолданылады. Ал өмірге келген
жаңа атауларды жатсынбай қабылдап,
өзі де бұларға қоса жаңаларын
жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының
тақырыбына орай төл лексиканың ішінен
этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз,
қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу
т. б.), кене киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық
атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар,
пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна
т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы
жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы
дегеннің орнына улық, кіші сөзінің
орнына кішік, тураның орнына туғры
тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық
реңк үстеу сияқты белгілі бір
мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай
тұсында бірқатар сөздердің кенеру
дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда
солғындау болғаны байқалады. Мысалы,
ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас
сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы
алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің
әлі де осы ұғымдарда еркін
және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі
қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де
көрсетеді. Қоғам өмірімен етене
қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы
сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне
орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар
сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы
терминдік дәрежеге кетеріледі, енді
бір алуанының қолданылу
Араб және парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының
келесі қабаттары – араб және парсы
сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық
тілінде қалыптасқан шығыс
Орыс сөздері:
Абай Лирикасының келесі қабаты – орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін текжалпыхалықтық сейлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс таналып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине.
Абайда өзіне дейінгі
және өз тұсындағы қазақ әдеби
үлгілерінде көздеспейтін біртоп орыс
сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор,
началь- ник, визит, монастырь, ладан, штык,
картечь, такт, номер, химия, трагедия,
единица, ноль, образование, назначение,
посредник, жеребе, прошение, дезнание,
прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан,
счет дегензат есімдер мен уөздный,
военный, здравомыслящий, уголовный, самородный
(сары алтын), виноват деген сын
есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся
деген етістіктер.
Абай және Пушкин
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр
Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений
Онегин» деген романын толық
аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак
Абай: «Онегиннің сипаты,» «Татьянаның
Онегинге жазған хаты,» «Онегиннің
Татъянаға жауабы,» «Онегин
Абай, ауторы Абай Омаров
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық
саласында да айта қалғандай мұра
қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара
сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі
ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық
жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады.
Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта
музыканың жазба мәдениеті жоқ
еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік
қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері
де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері
сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға
ауыса отырып жетті. Музыка саласында
жазба мәдениеттің болмауына
қарамастан, Абай әндерінің бізге
толық жеткен себебі – олардың
халықтың жүрегінде сақталуға сапасы
сай келетін шығармалар болғандығында,
халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық,
ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында,
идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл
өзгешелік алғашқы көзде
Абайтану
Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ»
газетінде басылған «Абай – қазақтың
бас ақыны» атты мақаласында «Одан
асқан бұрыңғы-соңғы заманда
Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы
Абайдың дінге көзқарасын
бағалап, тұжырымдауда екі түрлі
қате пікір орын алып келді. Кейбір
зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ
ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші
бір зерттеушілер Абайдың дін
туралы ойлары ақын шығармашылығының
әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді.
Алғашқы пікір Абайға тағылған жала
болса, соңғысы – ақынның дін
туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық
тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға
бас июдің салдарынан туған болжам.
Абайдың дін туралы толғамдарын
дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи
тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай
заманында қазақ даласында қос
дінділік орын алды, ресми өмірде ислам
діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте
шаманизмдік түйсіктер]] мен түсініктер
басым болды. Қос дінділік қазақ
халқының сол кезеңдегі наным-сенімі
мен дүниетанымынан айқын байқалады.
Шаманизмдегі негізгі категория-«Тәңірі»,
исламдағы – «Алла» қазаққа тән
ұғымдар. Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың
адамдармен ұштастырушы «жын» болса,
исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы
«періштелер» деп саналды. Қазақтың
күнделікті өміріңде шаманизмнің өкілі,
іс жүргізушісі – жын шақыратын
бақсылар, ал ислам дінінде –
өздерін пайғамбардың ұрпақтары
санайтын қожалар болды. Абай «Біраз
сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны
туралы» еңбегінде қазақ
Абайдың дін мәселелері –
құдай мен адамның, өмір мен өлімнің,
жан мен тәннің, иман мен ұяттың,
дін мен ғылым, дін мен дін
иелерінің өзара байланысы
Ақынның балалық шағы
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.
Абай ислам дінінің
қағидаларын барынша
