Абай Құнанбаев. 11
Ұлтымыздың ұлы перзенті — хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне арналған бет.
Өз заманынан оза туған акынның терең ойлары мен асыл сөздері
келешек замандарда гауһардай жаркырап, көзі ашык, көкіректерге нұр болып кұйыла берері хақ.
Өмірбаян
(22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.071904)
Ұлы ақын, композитор, философ,
ағартушы, қазақтың реалистік жаңа
жазба әдебиетінің негізін
Ақынның арғы тегі Орта
жүз Тобықты Арғын ішіндегі
Олжай батырдан басталады.
Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,
Тоқоақ жалды торайғыр
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым, -
Ана айтқанындай, шынында,
бұлардың ішінде Ыргызбай
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның
бәйбішесі Күңкеден –
Абай әке қасында болған
жылдарда атқамінер би-
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен , 80-жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеум. Көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста М. О. Әузовтың “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Гертсен, Чернышевский, Салтыков-щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша Европаның 'Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей обл. Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.
1885 ж. мамыр айында Шар
өзенінің бойындағы Қарамола
деген жерде Семейдің ген.-
Абай 3 әйел алған. Байбішесі
Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан,
Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші
әйелі Әйгерімнен Турағұл,
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Абай ақыл-ой
санасы толысқан шағында ел
билеу ісінен аулақтанып, ақындық
өнер жолына түседі. Өз бетінше
шығыс, батыс, орыс елдері
Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен
Батыс классиктерінің
Абай сана-сезімді
тәрбиелеудегі қоғамдық
Абайдың
поэтикалық шығармалары мен
Абай түсінігінше,
табиғат біздің санамыздан тыс
және бізге тәуелсіз өмір
Абайдың
дүниенің дамуы жөніндегі
Ұлы ағартушы
өзінің көптеген
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.
Сол кездегі
кейбір оқыған жастардың
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам
деген бәрінде ой,- деп сөкті.
Жастарға халық қамын ойлаған
ақын-жазушылар мен ғалымдарды
үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан
сөз талаптыға кез болса екен»,
-дейді. Тіршіліктің тұтқасы
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу
үшін қала салып,
«Ақыл –
ардың сақтаушысы» деп қарап,
адамгершілік мәселелерін
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік
пен өсекті жүндей сабап, - деп
кейбір жастардың іс-әрекетін
қатты сынға алады. Абай қазақ
қоғамындағы жас ұрпақтарды
Ұлы ағартушы
өз айналасын қоршаған
Ал жастар
бойына дарытуға тиісті жоғары
адамгершілік қасиеттер
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс
жұрттың бәрі болды аларман,- деп
өз кезіндегі жастардың
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері
– қу борбай – сымпыс шолақ-
Гуманист
– ақын Абайдың ХІХ ғ.орта
шенінде халқымыздың бойындағы
жағымсыз қасиеттерді қатты
Табиғатты
айтсын мейлі, махабатты
Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам
Құнымды
несін жасырам, - деп адам бойындағы
жағымсыз мінез құлықты ашына
сынға алды. Мұқағали айтқандай,
осы жағымсыз қылықтар да
Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,
- деп ақынның өзі айтқандай
оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық
мәні мейлінше терең. Ең
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы мен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.
Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.
Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің
«Жолаушының түнгі әні» деген
өлеңін «Горные вершины спят
во тьме ночной» деген атпен
аударған болатын. Гетенің бұл
өлеңі көптеген ақындарға,
1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың
150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО
Ұлы гуманист-ақынның
ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.
Абай Құнанбаев
Абай 1845 жылы бұрынғы Семей облысының, Семей уезі, Шыңғыс болысында туған. Шыққан руы – Тобықты. Ата – тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскембай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болады.
Ол, уақытта Сібір өлкесіндегі қазақ аймақтарының 1822 жылдың «Сібір қазақтары турасындағы устав» деген законы бойынша биленетін. Бұдан бұрын патша үкіметі бекіткен хандық-хандыққа бөлініп жүретін қазақ өлкесі мына заңнан соң, округ – округке бөлінетін болған.
Сондай округтердің бірі жоғарыда айтылған Қарқаралы округі. Округті округ округтік приказ билейді. Бұл бес адам. Соның бастығын аға сұлтан деген. Орынбасары кіші сұлтан. Қалғандары мүше. Құнанбайдан бұрын Қарқара округіне аға сұлтан болушылар Бөкей нәсілі төрелер екен. Құнанбай тұсында кезектесіп аға сұлтан болып жүргенде Жамантай, Құсбек дегендер болады. Аға сұлтандардың төреден сайлануы ол кездегі патша өкіметінің саясатына шарт есепті болады. Бұрын хандық құрған қазақ ұлығы төрелер арқылы билей тұру керек. Оларға аналарды әкімшіліктен шұғыл жұлып тастаса ел бүлініп өлке басы ноқтадан шығып кететіндей көрінген. Сол себепті аға сұлтандық сияқты дәрежемен әуелі осындай топтарды алдандыра тұрмақ болады. Алдандырады да.
Міне, осындай жайда Құнанбайдың аға сұлтан болуы дағдыдан тысқары іс болған. Ол аға сұлтандықты алғанда Құсбек, Жамантайдың бақталас партиясы арқылы арадан килігіп, бейнетсіз алып кеткен. Бірақ қалайда болса алғаш рет төре еместің аға сұлтан болушысы осы. Бұл оқиғаның өз тұсындағы қазақ ру басшылары «қарадан хан болған, жабыдан тұлпар туған» деп көтеріп Құнанбай басына көп абырой даңқ бітірген.
Сондаймен округ көлемінде «жүлде алған», «хан баласына қарамай озған» Құнанбай өзінің тобықты руының ішінде теңі жоқ жалғыз әмірші қаліне ие болды. Дәреже, атақпен қатар мол байлық оралды. Оңды – солды көрші рулардан, әлсіз жақтарынан жер молайды, қоныс баптап алады. Жалпы тобықты қонысын бір молайтты, соның ішінде өз атасы өз ауылының қоныс қыстауларын тобықты жерінің тап ортасынан сара тіліп алып, кейінгі ұрпағының байлық сақтауына да ірге қалайды.
Заманындағы ел билеген әміршілерге үлгі қылып, діндарлықты ұстайды. Қарқаралы қаласынан мешіт салып, Меккеге тәкия салады. Қолындамолдалар, дін басылар ұстайды.
Осындайдың бәрінен атақ даңқын зорайтып, әміршілік, үстемдік салмағын нығатып алып, тобықты руларын бір шыбықпен айдайды. Әмірші жалғыз өз емес, бұның інісі ағайыны болса бәрі де тобықты көпшілігінің басына қамшы үйіруде, тізе көрсетуден айықпайды.
Бірнеше үлкен руларды мекен етіп отырға қоныс қыстауларынан аударып екінші жерге әкеп сап, оның орнына тысқа сондай мол руларды тойдырып қондыру сияқты көп – көп аударыс, төңкерістер жасайды.
Сол сияқты көп мінез, көп қылықтардың салдары тобықты ішінен құнанбайға қарсы күшті ереуіл, үлкен қимыл туғызады. Жаулық ел ішінің көлемінен асып, ұлыққа шығу, араздасу, бас кетіру сияқты қалдерге жетеді.
Сенер туысқаны әлді болмай жалғыздық көруге айналған құнанбай өз балаларын іске салады. Соның ішінде алдымен көмегіне алып сүйеніш алғаны Абай болады.
Қысқасы кейін ақын болатын Абай өз әкесінен үлкен күші, үлкен үстемдік билеушілікті мұраға алумен қатар сол әкесінен бері келе жатқан тобықты ішінен үлкен «араздық, жаулық, жұлқысуын да» мұра қылып алады. Абайдың балалық, жастық шағында алдыңғы заманнан жуан атадан қалған сыбаға міндет осылайша болған.
Абай әкесінің алты баласының ішінде
ертеден дәме қалғаны болады. Сол
себепті оны әкесі жас күнінде
Семейге апарып Ахмет Риза деген
иманның медресесіне оқуға
Зейінді, талапты шәкірт жасының аздығына қарамай өзінше нәрлі оқу деп таңдағанда, дін схолостикасынан гөрі сол ақындарды сүйісіп кеткен сияқты.
Бірақ оқуы ұзаққа бармаған, 13 жасынан ары сол шала сүрлеу оқудың да есігі жабылады. Ел тартысында жалғыздық сезе бастаған әкесі бұны оқудан алып өзге жұмысқа қосады. Ол жұмысы – ел сөз, ел билеу жұмысы. Әуелі ат үсті «барып келіп», «пәленге пәлен сәлем айтып келмек» жүріп аяғы азғана жылдың ішінде жап – жас Абайдан мықты, жуан би, руласы, ел тартысының атқа мінері қалыптанып шығады.
Әкесіне көмекші ғана емес, әр уақытында
ол істер жүрген іс, биліктің, бәрін
өз қолына меңгеріп алады. Құнанбаймен
алсықан туысқанмен 17 кісіні Сібір
айдатады. Сонымен бір тартыстың
бастықтары бұлардан жеңіледі. Бірақ
сол жеңудің өзі де атадан ұрпаққа
кететін үзілмес жаулықтың
Ұлық пен ағайын ішіндегі күш салмақпен жеңіп алған Абайға тартысушы жаауларының өштігі кемімейді. Күшейе береді.Бұның өзі қолданған әдісті қолданып үстінен ұлық атаулыға арыздар беріледі. Неше алуан жала жабылады. Бұл бір ғана жыл емес әрбір жыл болып отырады. Мысалы, 28 жасында келгенде бір қыс ішінде 12 түрлі зор қылмысты іспен тексерілетін болған кезі де бар. Ол істердің түрлері кісі өлтіру, ауыл шабу, қос талау, жер өртеу тағы – тағы сондайлар. Әрине, Абай бұның бәрін өз қолымен істемеуі мүмкін. Көбі сол күнгі шағым қойылып, жалақорлық арқылы беруден өтірік арыз, жалған куәлік, бос жала болуға тиіс.
