Абылай ханның атқарған қызметі

          Қазақстан Республикасының  ғылым және білім   

                                          министрлігі              

    Батыс Қазақстан инженерлі-гуманитарлы  университеті

    Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық  университеті 
 

       РЕФЕРАТ

  Тақырыбы: Абылай ханның

                        атқарған қызметі      
 
 
 
 

Орындыған: гр. ХТ – Искалиева П.Т

Тексерген: оқытушы – Қисметов Н.Т.

                                                        
 
 

    Орал - 2011 

    Абылай  ханның атқарған қызметі

    Өркениетті  қоғам құруға бет алған жұрттың бәрі де алдымен өзінің тарихи тамырын танытып, тарихи жадын қалпына келтіруге күш салады. Қазақ тарихы осы күнге дейін отаршылдардың еркінше бұрмаланып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар бүркемеленіп,оның орнына жасанды, қазақ менталитетіне жат рухани өлшемдер орнатылды. Осының салдарынан халық өз тарихы туралы шындықтан адасып қалды.

    Ұлтымыздың  ғасырлар бойы армандап,аңсаған, қол  жеткізген егемендігі – мемлекетіміздің  тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, елдің іші-сыртын бүтіндеп, шекарасын белгілеп, іргетасын шайқалтпай қымтап, өркениет үрдісінде өзіндік даму жолын таңдауға қол жеткізді.

    Халқымыздың асыл  ұл-қыздары,адал перзенттері, тоталитарлық жүйенің дәуірлеп тұрған кезінің өзінде де, ана тілін –  ардағын аялап, тағдырына арашашы болып, егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, байып-көркеюіне үлес қосуды өздеріне мұрат тұтқан. Солардың бірі – халқымыздың дарынды да дара туған, абзал ұлы, қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген, атақты мемлекет қайраткері -  хан Абылай.

    АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.

    Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің  ірі өкілдерінің мәліметтеріне  қарағанда, Абылай 20 жасында қан  майдвнда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.

    Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайкасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай катысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайкасына катыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 - 33 ж. болған бір ірі шайқаска қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930 ж. да, 1731 ж. да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 ж. жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады (Ресей сыртқы саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 113/1-т., 1-іс, 95—96 парақ). Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 - 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бүқар жырау "Калданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп..." деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақгың белгілі батырлары тізе қоса катысады. Бұл да Абылайдың жауға карсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас үрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып калып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.

    18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында Абылай  есімі бізге белгілі құжаттарда  Әбілмәмбет ханмен катар аталады.  Орыс тарихшысы А.И. Левшин: "1739 ж. Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларлы билсді) ханның орнына хан сайлаудан бүрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдіей хандық билік жүргізген", — деп жазды. Ш. Уәлиханон та осы пікірді қолдайды. 1738 - 41 ж. Абылай бастаған казак, қолы жонгар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай түтқиылдан шабуьл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күресетін ең белеснді үйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау колына түсуі қазақ, қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ, билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл дерктің шындық екенін осы кезенде Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазыскан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би басгап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен калмақтар бітімге келліп, бірігіп кете ме деген кауіп те білдірілген і (Ресейдің сыртқы саясат архиві. Жоңгарлар ісі коры, 113/1-т., 3-іс, 14-н.). Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат. жоддарды да тиімді пайдаланады. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен тағы да баска 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің "камқорына" кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде.қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де карым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757-77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Кытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Калдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бүрынғы әскери куатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түрікстанмен іргелес өңірдегі ойратгардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нүқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.

1745 ж.  Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай  және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай  мүлдем өзгерді. 1749 ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: "бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан калған. Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр", - деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына карсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың калмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз. бойында), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты түтқынға алып келген.

     1756 ж. Абылайдың бастауымен казақтар  кытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп (Абылай жаралы болады), екіншісінде жеңіске жетеді.

     1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң,  қытайлар Абылайдан бітім сұрады.

     1753 - 54 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен катысады. Абылай бірде Калдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеуріңді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының үлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының| нәтижесінде Абылай әскері 1771 ж, Мойынты өз. бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста| жаңа жеңіске жетті.

     Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол  сұққан басқалармен ымырасыз күрес  жүргізді. 1754 — 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ| пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу| және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765І жылдары Қырғыз ұлысына карсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады (қ. Жайыл ,қырғыны пен қырғыздың Ңарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. Абылай қолының Қокан билеушісі Ерденбекпен | соғысының нәтижесіңде Түркістан Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан казақтар иелігіне өтті,| Ташкент алым төлеп болды.

     Екі жүз жылға созылған халкының жоңгар шапқыншылығына қарсы азатгық күрессінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасыңда "Шанды жорық" деген атпен  белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ калмақтарының (170 - 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы калмақтарды қоршауга алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді.Кіріптар үсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың кажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады.Еділден ауған калмакпен келіссөзге келіп, тым кұрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақ тағы қарым-катынасты ойлау жатар. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының терендігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіңдігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды.Билікке таласкан Барақ сұлтан Әбілкайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжыльш, Төле бимен Іізе қоса кимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағыңда болады. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде катаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жүрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықгарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні катгы болған. Абылай сан жағынан әлдекдйда басым жаумен шайкасудан еш тайынбасган және көбіне үстем шығып отырган. Абылай казақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айнылдырды.

     1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан  дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбетгің інілерінің бірі, не үлкен үлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз калауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) үлы ханы бодцы. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың Үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жонғария хаңдығы, Орта Азия мемл-тері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен, Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина II Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан "Бөліп ал да, билей бер" саясатының көрінісі еді. И.И. Негопоевтің: "Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін" деген пікірі мүны айғақтай түседі.

     Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке  ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемл. билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, "ханның бшлігін алкалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін" тыйғандығьш жазды. Шоұадн: "Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша касиеті бар киелі, керемет қүдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігімен каһармаңдығы жыр дастандардың арқауына айналған", — деп атап көрсетті. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманүлының ханға "Алтын тақтың үстіңде, Үш жүздің басын құрадың" деуінің негізіңде тарихи шындық жатыр. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Казақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Кытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мүсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен катынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен "Қасірет белдеуі" ("Горькая линия") бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш. Уәлиханов: "1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің үлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті", - деп жазды. 1779 ж. 4 казанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығыңда: "Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу" шаралары да қарастырылады.

     Абылай  каһарлы хан болуымен қатар, қазақ  халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", "Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 үл, 40 қызы қалды (қ. Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік үранға айналды.

Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы  жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударып келеді.

          1738-41 ж. Абылай  бастаған қазақ қолы жоңғар  басқыншыларына бірнеше мәрте  соққы береді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан  шабуыл жасаған жоңғарлардың  қолына тұтқынға түседі. Қазақтың  үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. 1740 ж.тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, т.б. 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 1752 ж ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адам ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келді. 1756 ж Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757 ж Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды)шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. 1754-55 және 1764 ж қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шабады. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізеді. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан  қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым-салық төлеп тұратын болды.

          1771 ж жасы жеткен  Әбілмәмбет хан дүние салды.  Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда  Абылайды хан көтерді. Абылай  іс жүзінде жалғыз Орта жүздің  ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының  ұлы ханы болды. Ресей мен  Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурғанимен келіссөз жүргізді. Орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев көтерілісі кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Шоқан Уәлиханов: «1771 жылы хан сайландырып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын желеу етті», - деп жазды.

          Абылай қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзенінің жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.

          Абылайдың Ақ Туы - Абылай ханның жауынгерлік туы; кезінде  бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын  жауынгерлік ұран ретінде де қолданылған. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары - Алашорда жетекшілері халықты бірлікке шақырып, «Абылайдың ақ туының» астына жиналайық деген үндеу тастаған. Шын мәнінде «Абылайдың ақ туы» – тарихи зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көтерілген ту. Қыл шашақты, көлемі 2 шаршы метр ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қалсының маңындағы «Хан қорған» деген жерде, төре тұқымдарының қолында сақталып келген.

          Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін  бірегей өнер екені баршаға аян. Оның үстіне ел ұстаған екінің бірі есте қала бермейтін де белгілі ғой. Жымысқы жолмен түлкі боп тиген  талайларды, көнесөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен, затын ілтипатқа ілмейді. Демек, ақыл парасатына қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз, жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз-әңгімелер арқылы – ақ ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болған. Рас, Абылай күні бүгінге дейін әділ бағасын ала алмай, тарихтан тиісті орын таппай келген қайраткер. Әйтпесе «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар басшыларына ойсарыта соққы беруді ұйымдастыруы ерен еңбек емес пе? Сындарлы саясатшы, сарабдал мәмілегер ретінде ол көрші мемлекеттердің бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы. Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалу қайраткердің арманы еді. Ол  арман орындалды. Қазір біз, қазақ елі, алдыңғы қатарлы  елу мемлекет қатарына өту жолындамыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазақ елі мен жері үшін, ұрпақ пен ұлт болашағы үшін қарқынды еңбек етуде.

          Егемен елдің ертеңгі  ұрпағы тарих толқынындағы құбылыстарды әділ бағалауы тиіс.

          Сондықтан, күні кешегі «Ханның бәрі қанішер, қанаушы; бай біткен қаныпезер, қарау; би атаулы әділетсіз, алаяқ; батыр болса безбүйрек, басбұзар» - деп бағалаған қасаң заманда алты атасынан уызы арылмаған ақсүйек Абылай ісінің дұрысын, бұрыс деп теріске шығарып, тарихтан сызып тастауға таянған содыр саясат Елбасының арқасында оң бағытқа бет алды. Тек бүгінгі уақыт лебінің самалы ғана тарихымыздағы ақтаңдақтар туралы ашық айтып, ардагерлерімізді арашалап алуға жағдай жасады.

          Сол самалдың шипалы лебімен хан Абылайдың, қаһарман Абылайдың туғанына 280 жыл толуын исі алаш баласы торқалы той ретінде атап өтті.

          «Абылай ыңғайына қарай  біресе орыс үкіметіне, біресе Қытай  үкіметіне бағыныштымыз деп жүрді, - деп жазады орыс тарихшысы. А.Левшин – Ал шын мәнінде бұлардың ешқайсысына да бағынбады, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді».

          Кезінде Қытай Бөгді  ханына кепілдікке берген баласы Әділді Ұлы жүздің бір бөлігін билеуге  жіберуі де содан. Отырықшылықты  арман етіп өткен ханның баласына Талас бойынан қала салып беруінде де мән бар.

          Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда  Қазақстанды тәуелсіз республика деп  жариялады. Сөйтіп, екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес өкіметінің бұғауында  болған Қазақстан егемен ел болды. Бұл  күн- Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқстан бүкіл халықтық мереке. Бұл тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді. Келешекте бұл ел қандай жолмен дамиды, шаруашылықты қандай тәртіппен  жургізеді, қай бағыттарда өркендетеді, қайсы елдермен қатынас жасайды, әр ұлт өз тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін қалай дамытады - бәрін де халық өзі шешетін болады.

    Тарихшы ғалымдар дабыл қағып отыр: Биыл ерекше аталып өтетін даталар тізіміне Абылай ханның 300 жылдығы енбей қалған?! «Аманат» пікір-талас клубына жиылған тарихшылар мұндай келеңсіздікке, біріншіден, үкіметтің немқұрайлылығы себеп десе, екіншіден, бұл қазақ халқының қазіргі бұртұтастығына мін деп отыр. Бірақ Абылай ханның тұлғасы мен өміріне байланысты тарихшылардың өз арасында да ортақ ұстаным жоқ. Белгілі тарихшы Хангелді Әбжанов «Абылай хан 1711 жылы Ташкент қаласында туды» дегенді дұрыс деп білсе, тарихшы Жамбыл Артықбаев белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауиннің осыған қатысты ұстанымын қолдап, «Абылайдың туған жылы 1713 жыл болуы мүмкін» дегенді алға тартады. Бірақ ғалымдардың басын біріктірген бір ой - Абылай ханның мерейтойына орай Үкімет тарапынан арнайы комиссия құрылып, атқарылатын шаралар тізімі белгіленуі керек дегенге саяды. Ал тарихшы Қадыржан Әбуов мерейтойға орай, Астанадағы Абылай хан даңғылына еңселі ескерткіш қойылып, еліміздегі ең жоғарғы мемлекеттік орден ретінде Абылай хан атындағы орденді қалыптастыру керек деген ұсынысымен шықты. Айтпақшы, бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын «Айқын» газетінде де көтерілген еді. Бірақ бас қосқан ғалымдар бұл мәселені аяғына дейін жеткізу үшін жоғары жаққа хат жазып, өз ұсыныстарымен шығуға уағдаласты.

    Қазақтың  белгілі саяси тұлғаларының бірі, бабамыз Абылай ханның 300 жылдығы ескерусіз қалмауы керек. Шыны керек, қазіргі таңда бұл ұрпақ сабақтастығымен байланыстыратын үлкен бір шараға айналуы тиіс еді. Өкінішке қарай, Абылай хан бабамыздың мерейтойы ескерусіз қалып жатыр. Мемлекеттік деңгейде де, Үкімет деңгейінде де әлі де болса бұл мерейтой аталып өтеді деген үміт бар.

    Абылай  ханның 300 жылдығы басқа даталардың көлеңкесінде қалып отыр. Бұл - мемлекеттілікке  сын. Шын мәнінде, бұл тарихи дата мемлекеттік деңгейде кең көлемде  аталып өтуі тиіс. Абылай ханның ұрпағы да қазақ мәдениетіне, тарихына ұлан-ғайыр үлес қосты. Бір Шоқанның өзі неге тұрады?! Одан кейінгі ұрпағы, бүгінгі мемлекеттік Елтаңбаның авторы Шота Уәлихановтың өзі неге тұрады?! Бұл әулет қазақ халқының мемлекеттілігіне, дербестігі мен басқа да құндылықтарына орасан зор үлес қосты. Қай жағынан алып қарасаңыз да, Абылай ханның 300 жылдығы мерекелеуге, ұлықтауға негізі бар дата.

    Абылай  хан заманы мен бүгінгі тәуелсіздік  заманын үш ғасырға жуық уақыт  бөліп тұр. XVIII ғасырдың ұлы тұлғасы қазақ елінің экономикалық әлеуетінің әлсіздігіне, халық санының аздығына қарамастан, Ресей мен Қытай сияқты алпауыт елдердің отарлауынан сақтануға, іргелес ортаазиялық билеушілердің басынуынан қорғануға, ата жауы жоңғарды жоюға зор үлес қосқаны белгілі. Ақылы мен қайраты сай туған Абылай жастайынан көзге түсті. Бұқар жыраудан қалған мынандай сөз бар: «Сен 20 жасқа жеткен соң, алтын тұғыр үстінде, ақ сұңқар құстай түледің». 20 жасқа толған Абылайға берілген үлкен баға бұл. Шоқан да осындай пікірді өз еңбектерінде қуаттайды.

    Нақты мұрағат деректерінде Абылайдың саяси тұлға екені 1738 жылдары айтыла бастады. 1739 жылы да оның есімі Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен қатар аталады. Ал 1740 жылы Абылай бар болғаны 29-да, Ресей әкімшілігімен Орта жүздің бодандыққа кіру-кірмеуі жайында ресми келіссөзге Әбілмәмбетпен бірге қатысады. Сол 29 жастағы жігіт туралы орыс деректері былай дейді: «Абылай сұлтан ханнан гөрі сөзшең екен және шапшаң жауап береді екен. «Біздің сықылықтарымызға таңғалмаңыздар, орыстармен қарым-қатынасқа үйренеміз, бірте-бірте жақындасамыз» деп қалды. «Үй ішінде баскиімшең отырғанымызды да түсініңіздер, біздің қалыптасқан дағдымыз осылай» деді. Хан да мұны құптады». Тағы бір рәсімге назар аудару керек. Патшаның денсаулығы үшін тост айтылғанда, хан мен сұлтан бұрын әдетінде болмаған нәрседен шаршап қалғандығын айтып, «Патша ағзаның мейірімін сезіп, шарапсыз да көңіліміз көтеріліп отыр» деп шарап ішуден бас тартыпты.

    Абылай  хан орталықтанған мемлекет құрғысы  келді. Бұған барын салды. Осы ойын ол жасырған жоқ, қағазға да түсіріп отырды. Абылайдың орталықтанған мемлекет құру көзқарасымен Қытай да, Ресей де есептесті.

 

    Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Отырар» энциклопедиясы  «Арыс» баспасы. Алматы 2005.
  2. Қазақ хандары. Алматы 2001.
  3. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008.
Абылай ханның атқарған қызметі