Адам проблемасы философия тарихында

                                                  Кіріспе

    Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады. Адам туралы ілімді <адам философиясы> немесе <философилық антропологиясы>деп атайды.

    Адам – феномен . Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық, антропология, тарих, физиология, саясаттану, этнография, саяси экономия, психология, дәрігерлік, т.б. ғылымдар, сондай-ақ, философия зерттейді.

Ең алдымен айтарымыз, адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдык (әлеуметтік) сипат болады. Әрине, адамның басты қасиеті - оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болды. Олай болса, еңбек, сана, тіл - бәрі қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.

    Адам - табиғаттың  туындысы, оның бір бөлігі. Сондықтан,  сол әсерді сезген алғашқы  адамдар табиғат  құбылыстарын  құдіретті күш деп, аспанға:  Айға, Күнге,  жұлдыздарға сиынған,  бұл әдет шамандық дінді ұстаған  халықтарға кеңінен таралған, одан  соң саналы адам (homo saphiens ) жер бетінде небәрі 50 мың жылдай ғана өмір сүріп келе жатқан болса, жалпы адам тарихы өте алыстан басталады, шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады. Осы ұзақ дәуір ішінде адам тағылықтан саналы, қоғамдық сипатқа дейін көтерілген.

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой- толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінеді, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.

Біздің білуімізше, философияның мәселесі — бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана- сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай — осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.

                     

                           Адам проблемасы философия тарихында

     Бұл мәселе  философияның пайда болуынан  қарастырылып келеді.Бұдан 25 ғасыр  бұрын Кун фу цзы өз философиясында  адамгершілік проблемасын қарастырды.Оның  ілімінің негізгі этикалық қағидасы:<Өзіңе  тілемейтін нәрсені өзгеге жасама!>болды.

      Будизмді  өмір қайғы-қасіретке толы, алайда  оларға соқпай өтуге болады, себебі  бәрі де өзіне байланысты деп  түсіндірілді. Аристотель адамды <ажалды  құдайдай > деп түсініп, адамның  биік мақсаты – бақыт деп тұжырымдады. Бақыт пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда, яғни белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат.

    Материалдық игіліктердің  молдығы өз-өзінен бақыт жасай  алмайды,ал олардың жоқтығы бақыттың  беделін әбден түсіруі де ықтимал.

    Ортағасырлық  томизм ілімінде кез-келген адамның  өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің  дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің  одағы,бала өсіріп-тәрбиелеу – игілік, өйткені табиғат заңдылығы солай. Рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған.

     Ренессанс  дәуірінің 15-17 ғғ.гуманистік қозғалысында  ізгіліктің тағдырдан биік тұратыны  тұжырымдалады.

    <Адам өліп,шіріп  кету үшін емес,өндіру үшін  туады.Адам далақдап бос жүру  үшін емес,өзі қуана алатындай  ұлы және даңқты істерге ұмтылу  үшін,сондай-ақ жетілген қайырымдылығын  пайдаланып,бақыт табу үшін туады.Жеңілгісі  келмейтін адам жеңіске тез  жетеді.Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға  дағдыланғандар ғана төзеді>. (Гуманист,философ математик,сәулетші Л.Альберти).

     Ренессанс  дәуіріндегі,адамды <табиғат кереметі> деп есептеді. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза  адам бақыты оның өз қолында  деп санады. Адам Б.Франклинше  еңбек құралын жасайтын хайуан. <Адамдық қасиет оған тек  туғанға берілген ерекшеліктермен  емес, оның өзі жасаған құндылықтары  арқылы өлшенеді> деп жазды Гете  адам туралы. Марс бойынша: <Адам  барлық қоғамдық қатынастардың  жиынтығы>. Энгельстің пікірінше  антропосоциогенезде шешуші рөлді  еңбектену қызметі атқарған. Адамды  еңбек жасаған.20ғасырда экзистенциалист  Ж.П.Сартр адам –еркіндік иесі  және тұрақты түрде өз аясына  болғандықтан фактуальдылық пен  трансцендентальдықтың бірлігі,тек  заттар ғана шектеулі болуы  деп түйді. Адам шектеулі емес.

    Тағы бір экзистенциалист  А.Камю адам өз маңдайына жазылған  тағдырға мойынсұнбайды.Осыдан келіп  метафизикалық бүлік туады деп  пайымдайды.

 

                        Адам туралы мәдени-антропологиялық ой

      Адам туралы  теориялық және эмпирикалық білімнің  сөзсіз өсуі адам туралы ғылыми  түсініктің қалыптасуына ортақ  концепцияның болмауына және  ғылыми материалдардың жүйеленбеуіне  алып келді. ХХ және ХХІ ғасырларда  мәдени тарихының мәселесі ретінде  адамның ғылыми тану мәселесі  алға шықпақ.

     Профессор  А.Р. Масалимова мәдени антропологиялық  білім жүйесіндегі адам мәселесіне  тоқталған кезде: «Адам маселесі, оның шығу тегі, өмірінің мазмұны және өмірдегі бағыт-бағдары ерте заманнан көптеген ойшылдарды толғандырған. … Адам өмірінің мазмұны туралы ой қозғағанда философиялық және антропологиялық аспектісін бөліп қарастырған жөн. Бірінші аспект бойынша адам баласының жердегі өмір сүруі, оның сол кезеңдегі дамуы зерттеледі. Екінші аспектіге сай адам дамудың белгілі бір кезеңін және белгілі бір табиғи экологиялық негізді білдіреді. Осы негізде алам екі әлемге жатқызылады. Бірі табиғат әлемі, ал екіншісі мәдениет әлемі. Адам биологиялық тіршілік иесі секілді барлық өсімдіктер мен жануарларға ұқсас, адамдар қауымдастығында – жануарлар қауымдастығының белгілері кездеседі, алайда адам қол жеткізген эволюциясын бірбе бір тіршілік иесі қайталай алмайды».

      Адам туралы ең алғашқы мәдени антропологиялық ой бастауында тұрған Сократ болды. Сократ философиялық трактат жазбағаны белгілі. Алайда ол ауызша түрде өз ойын шәкірттерінің арасында дискурс ретінде пайымдап, айтып жүретін болған. Сократты өз кезегінде толық жетілген жолға түскен адам қатты толғандыратын еді. Оның Платонмен философиялық сұхбатынан адам туралы ойын толыққанды білеміз. Сократтың адам туралы ойының ең маңызды белгілері ретінде адамдар бойындағы ең жақсы құндылықтар, моральдық ұғымдар және мінез-құлық түрлері салыстырмалылық тұрғысынан өлшенген.

      Адамды  тану мәселесінде Пифагор шығармашылығында  анық көрінді. Ол: «Адам дүниедегі  барлық зат, болмыс өлшемі»  деген ой қалдырған. Барлық  антика философиясының өкілдеріне  тән Пифагор да – адамды  космостың бір бөлігі, болмыстың  уақыттан тыс біртұтас жүйесі  деп түсінеді. «Кіші әлем» яғни  микрокосмос – әлем дүниесінің  макрокосмосының рәміздік белгісі  деп біледі. Осы жерде Пифагор  ойындағы әлем ұғымын зерделейтін  болсақ, әлем – біртұтас әлем  дүниесі, универсум, сөзсіз тұтастық, келісім, бірлік. Осы кең мәтінде  адам әлемде ғана болмыс субъектісіне  айналады. Грек философиялық ойының  тағы бір мәселесі әлем дүниесі  яғни әлем кеңістігі – заттар  әлемінің тұйық кеңістігі, оның  орталығында адам тұрады, ол зат арасындағы заттар шоғырын білдіріп қана қоймай, кез-келген дүниенің өлшемі ретінде көрініс табады. Сократтың бұл турасында ойы өзгеше. Себебі, оның тезисі «Өзіңді өзің таны» деп аталды. Көптеген антикалық философтар адамды ғарыштың жалпы бейнесіндегі адамды суреттеумен айналысса, Сократ адам, оның жаны, санасы, өмірлік жолын зерттеумен айналысқан.

   Адамның мәні туралы, адам не үшін өмір сүруі керек? – деген сұраққа жалынды түрде жауап іздегендер қатарында антикалық философ Демокрит болды. Демокритті бүгіннің өзінде өзекті саналатын сұрақтар ойландырды. Атап айтқанда, адамның негізгі құндылықтары қандай? Оның өмірінің рухани негізі немен айқындалады? Демокрит адам өміріндегі әділеттілік, өміршеңдік құндылықтарын жоғары қойған. Демокрит өз кезегінде ең алғашқылардың қатарында мәдениеттің дамуы турасында ой қалдырған тұлғалардың бірі болып табылады.

     Адам туралы ең алғашқы анықтама берген ғалым – Платон. Ол Сократтың шәкірті. Оның анықтамасы бойынша: «Адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар» деп аталынды. Алайда, адамға философиялық және мәдени антропологиялық тұрғыдан анықтама беру мәселесін күрделі үрдіс болды.

Платонның шәкірті Аристотель анықтамасы бойынша: «Адам ғана сөйлеу қабілетіне ие. Сөз пайдалыны да, пайдасызды да һәм әділеттілікті де, әділетсіздікті де жеткізе алады. Осы қасиет адамдарды барлық тірі жәндіктерден ажыратып тұрады: тек адам ғана жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік сияқты өзге де ұғымдарды түсіне алады».      Эпикурдың этикасындағы адам мәселесі оның өмірден алған рахатымен байланысты болды. Алайда рахат ұғымын Эпикур жағымсыз қасиет деп білген. Оның ойынша ең ұлы жақсылық – естілік және саналылық болды. Осы негізде ежелгі грек философиясы арқылы европалық және әлемдік философиядағы адам танудың бастапқы принциптері қалыптасты. Осы арада адамның ғарыштық-абстрактілік бейнесінен бөлек, өмірдегі мәні деген мәселе туындады.

      Философиялық  ойлардың ішінде адамның философиялық  идеясы, теологиялық идеясы және  ғылыми идеялар дүниеге келді.  Осы кезеңде Кант та «Адам  дегеніміз не?» деген сұраққа  философияның негізгі мәселесі  ретінде қарады. Ол адамды екі  әлемге жатқызды. Біріншісі, табиғи  қажеттілік, ал екіншісі рухани  тәуелсіздік. Канттың ойынша бірінші  жағдайда табиғат адам баласына  не жасайтындығын анықтау маңызды,  ал екінші жағдайды адам өздігінен  не жасай алады және нені  жасауы қажетті деп білді.

      Гегельден  басталған ХҮІІІ ғасыр философтары  адам болмысының әлеуметтік-мәдени  өлшемі арқылы адамға сенімділік  сезімін қайтаруға тырысқан. Аталмыш  жағдайда адам кеңістіктен өзге  уақытқа байланысты және оның  жаңа үйі тарих пен мәдениет  болды. Адам ұғымында екі негізгі  түсінік болды. Олар: табиғат пен  тәрбие. Осы кезең философиясының  негізгі мәселесі адамның табиғат  пен тәрбиеге көзқарасы болды.  Гегель: «Өзінің нақты өмір сүруі  тұрғысынан адам белгілі бір  табиғи нәрсе, бұл жағынан ол  өзінің ұғымынан алыс әрі тыс;  тек өзінің тәні мен жанын  жетілдіру арқылы, оның өзін-өзі  тануы арқылы иемденуге кіріседі  және өз-өзіне де, басқаларды да  өз меншігіне айналдырады», –  деген ой қалдырды.

     Л. Фейрбах  «Адамның жануарлардан ең елеулі  айырмашылығы…» атты шығармасында: «… адамның ойлайтын, түсіне алатын  тектік мәні, табиғаты неде? Адамдығы  нағыз адамдықтың белгілері қандай? Зерде, ырық, жүрек. Жетілген адамда  ойдың күші, ырықтың күші, сезімнің  күші бар. Ойлаудың күші –  танымның нұры, ырықтың күші –  мінездің қуаты, сезімнің қуаты  – сүйіспеншілік. Зерде, сүйіспеншілік  және ырықтың күші – ол жетілгендік.  Ырықта, ойлауда және сезімде  адамның ең биік мәні және  өмірінің мақсаты берілген. Адам  тану, сүю және тілеу үшін өмір  сүреді. Нағыз адам ол – ойлаушы,  сүюші адам», – деген болатын.

       Ал, М.Бахтиннің:  «Адам ойлауының дүние және  адам туралы қайырымды, қабылдаушы  және байытушы оптимистік категориялардың  бәрі дерлік эстетикалық сипатта  болады», – деген ойы ерекше.

М.Шелер өзінің «Адам және тарих» атты шығармасында: «Адам мәселесін  ұзақ жылдар бойы негізді тану біздің ғасыр алуан түрлілікпен ерекшеленді. Себебі бұл кезеңде басқа ешбір  кезеңдерге тән емес көмескілік және белгісіздік жайттары орын алды. Мыңжылдық  тарих ұзақтығында біздің кезең  ең алғаш рет адамды «мәселеге» айналдырып, оның мәнін іздеді, сөйте тұра осы  кезеңде адам өзінің орнын білуге тырысып, біле алмау жағдайына тап  болды», – деуі арқылы адам мәселесінің  мәдени антропологиялық мазмұнын көрсетті.

      Батыс ойшылдарының  арасында мәдени антропологиялық  ойдық өрістеуінде анторопологияның  өзіндік білім саласы ретіндегі  бөлінуі шешуші кезеңді көрсетті. Атап айтқанда, осы кезеңде адам  әлем мен көз алдында құрастырушы  әлемде, яғни объектіде субъект  ретінде танушы түсінігіне ие  болды. Бұл көзқарастың дамуында  Р.Декарттың философиясының орны  ерекше. Р.Декарт: «Мен өзім туралы  толыққанды біле алмаймын. Алайда  мен өзімнің өмір сүріп отырғаныма  толыққанды сенімдімін. Мен өзімді  бастапқыда кіммін деп есептедім.  Әрине, адам деп өзімді есептегенмін. Бірақ адам дегеніміз не? Мен  сізге оны саналы жануар деп  айтпақ емеспін. Себебі олай  болған жағдайда, жануардың не  екендігіне және оның саналылығының  мазмұны турасында күні бұрын  ойлануға тура келеді. Адам туралы  мен қатал түрде оның ойлай  алатындығын алға тартпақпын, яғни  рух, жан, интеллект және сана»,  – деп, адам және табиғат  туралы білімінің принциптерін  осылайша жүйеде келтірді.

      Ренессанс  кезенінің адамы  – ол ең  алдымен әлемді бүкіл толықтығында  сезінетін және өзің осы әлемнің  бір бөлшегі ретінде білетін  ақын, суретші, ғалым болды. Мұндай  адам әлем дүниесіне, жалпы  дүниетанымға қарсы келмес болар.  Тек қана Декарт философиясындағы  адам алғаш рет ойлай алатын  болмыс ретінде табиғатқа қарсы  тұрды. Адамның өзін субъект  ретінде сезінуі өзін дүниеге  әкелген ғарыштан бойын аулақ  ұстауға тура келді. Өзінен  ғана күш-қайрат іздейтін және  ойлай алатын субъект тәуелсіздігінің  бекітілуі жаңа философияда жаңа  бетбұрыс әкелді.

Бұл турасында ХХ ғасыр философы Мераб Мамардашвили: «Принцип cogito утверждает, что возможность способна реализоваться только мной при условии моего собственного труда и духовного усилия  к своему развитию (это, конечно, труднее всего на свете). Но лишь так душа может принять и прорастить «высшее» семя, возвыситься над собой и обстоятельствами», – деп ой білдірген.

        Жаңа кезеңде субъект және объект ұғымының енгізілуі,  әлемді пайдаланушы субъект және қайта құрастырылатын адам алдында тұрған әлем бейнесіндегі объект ретінде бір-біріне қарама-қарсы қойып жаңа әлем бейнесін жасақтау адамның жаңа типінің дүниеге келуіне негіз болды. Аталмыш адам типі жаңа европалық адам деген атқа ие болды. Грек және ортағасыр адамынан жаңа европалық адамының басты ерекшелігі: ол әлемнің ішінде өмір сүруін тоқтатып, әлемнің сыртқы кеңістігіне аяқ басады. Сол арқылы әлемді қайта жасақтаушы қожайынына айналады.

Бұл турасында неміс философы М.Хайдегердің ойлары ерекше. Себебі ол: «Адамның адамдығы неде? Ол адамның мәнінде жатыр», – деп қысқа қайырған.

Адам туралы шығыс ойшылдарының ойлары қандай? Егер тоқталар болсақ, мысалы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі»:

                                 Кісі мәңгі болмас, мәңгі аты,

                                 Арыға мәңгі қалар шапағаты  – деген жолдар, немесе Махмұт  Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түркіндегі»:

                                  Қураған ағаш иілмес

                                  Қураған шыбық түйілмес – деген  жолдар, немесе Әбу Насыр әл-Фарабидің  мәңгілік парасат туралы ілімі,  ең соңында, ұлы Абайдың

                               Алды үміт, арты өкініш алдамшы  өмір,

                                 Желігін жерге тықпас кісің  бар ма?! – деген өлең жолдары  оралады. Байқап қарасақ, Қорқыт, Баласағұн, Қашқари, әл-Фараби, Науаи,  Низами, Ұлықбек, Иасауи, Абай боп  жалғасып кете беретін түркі  ғұламаларының бәрінің өлім мен өмір, жан мен тән туралы түсініктері бірін-бірі толықтырып, тұтас бір түркілік дүниетаным әлемін құрайды.

     М. Қашқари еңбегі түркі тілдес тайпалар ішінен ғалым жинаған өткір мақал-мәтелдерге өте бай. Ежелгі түркілердің, сол сияқты қазақтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси қатынастары көрінетін халық даналығы жинақталған. Қоршаған орта жағдайы туралы, олардың көзқарастары логикасымен, ойлау ерекшелігімен танысуға мүмкіндік береді.

      Өзінің  практикалық қызметінде дүниенің  мәңгілігін, материалдығын және  объективтілігін дұрыс түсінуге  қол жеткізеді. Әлем мәңгі жасайды,  ал ондағы нақты құбылыстардың  басы мен аяғы болады, олар  өткінші деп санайды. Дүние  ешқандай сыртқы күштерге бағынбайтын  нақты шындық жиынтығы ретінде  көрінеді.

                                   «Адамдар мәңгілікке туылмаған,

                                   Күн, жұлдыз аспанда ол суылмаған».

Адам өмірін мазасыз, үнемі  өзгеретін процесс ретінде қарайтын халық шығармашылығы дүниедегі  барлық құбылыстар мен заттарға осы  пікір, осындай көзқарасты қолданады: «Әрбір дамудың құлдырауы, әр қуаныштың  артында қайғысы болады, тәтті  мен ащы ауысадың, «…Аспан үнемі  қозғалыста болады, …Түнді күн ауыстырады».

    Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.

    Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, келісті керімдігіне және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді».

    Адамның рухани  дамуы туралы, оның этикалық құндылықтары  жайлы қазақ ойшылдарының еңбектерінде  көрініс тапқан. Отандық ғалымдардың  да адам туралы ғылыми пікірлері  ерекше. Мысалы белгілі философ            

А.Х. Қасымжанов: «Кеңістікте  адам дүниеге келгеннен бастап, белгілі  бір өмірілік болмысын қалыптастырып, нақты бір мінез-құлық стереотиптерін меңгеріп, қоршаған ортаға, дүниеге  деген дүниетанымын, көзқарасын орнықтырады», – деген ой түйеді.

     Танымал философ,  профессор Б.Ғ. Нұржановтың көшпенді  адам туралы: “көшпенді үшін ең  жоғарғы құндылық қозғалыс, белгілі  бір территорияда мәңгілік шектеліп  қалмау. Демек, қозғалатын, өзгеретін,  ағыста болатындардың барлығы  көшпенді үшін құнды болып  табылады. Ал, қозғалмайтын, отырықшылыққа  бейімділер құндылығы, екінші  орында қалып қояды. Тоқтау, тұрақтану,  отырықшы болу – қозғалысқа, өзгеріске  деген бейімділікті, қабілеттілікті, тұтастай алғанда ең жоғарғы  құндылықты жоғалту”, – деген  пікірі орынды.

      Әйгілі  қазақтанушы, профессор Ж.Ж. Молдабеков: «Қазақ халқы ежелден әділеттілікті,  сыпайылықты, шындықты, жарқын жүзділікті, өз тілегін іште ұстау, өсек-аяңнан  бойын аулақ ұстау секілді  құндылықтарды адами құндылықтар деп қастерлеген», – деген ой айтады. Жалпы, Қазақ философиясы мен мәдениетінде адам туралы ой қозғалғанда, ең алдымен оның рухани құндылықтарына көңіл бөлінген.

     Мәдени антропологиялық ой дәстүріндегі адам мәселесіне қатысты философиялық һәм мәдени антропологиялық пайымдауларға тоқталу маңызды мәселе.

                                    Адам өмірінің мақсаты мен мәні

      Бұл түсініктерді біржақты анықтау қиын. Эпикурлықтар өмірдің мәні өз қажеттіліктерінді қанағаттандырып, биологиялық және рухани тіршілігіңді қамтамасыз етіп, қуану деп пайымдады. Бұларды қоятын болсаң онда сен жоқсың, ешқандай қайғыру да, ешқандай құштарлану да болмайды.

   Мұндай философиялық  бағыт адамның өз өмірін бағалауына  бағыттайды. Алайда мұндай бағытта  адамзат болмысының рухани –адамгершілік  белгілері болмайды. Ал адамның  <біреулер үшін> және <белгілі  мақсат> жолында өмір сүргісі  келеді.

    Ортағасырлық  теоцентризм жер бетіндегі тіршілікте  табиғи қуанышты бағаламайды,  тіпті оны күнә деп есептейді.

   Қайта өрлеу дәуірі  теоцентризмге қарсы антропоцентризмді  әкелді. Онда тіршіліктің маңызы  мен мақсаты жердегі дүниені  рационалды тану негізінде бақыт  пен шаттыққа жету мүмкіндігі  деп түсіндіріледі.

     Ренессанс  дәуірінің гуманизмі өзінің сыңары  индивидуализммен бірге пайда  болды.Индивидуалист өмірдің мақсаты  тіршіліктің өзінде деп білді,демек,тірлік  мәні - өмірдегі рахаттың бәрін  көру.Эгоцентризм (<эго>мен) болса  анархизмге,нигилизмге апарады.

   Гете <Фауст> шығармасында  өз кейіпкері –қарт ғалым докторының  жасы ұлғайған шағында <ұмтылу-іс,еңбек>  деген тұжырымға тоқтап, өзің  үшін емес, өзгелер үшін, бостандық  пен халық игілігі жолында  өмір сүру қажеттігін түсінгенін  айтады.

    Өмірдің мәні  өмірдің өзінде. Адам өмірі -өзінше  құнды. Өмірді бағалап, сүйіп,  оны өзгелер үшн де жақсарта  түсуге ұмтылу керек.Ғұмырдың  мәні туралы тек өз өміріңді емес,өзгелердің өмірін де құрметтеген кезде ғана айтуға болады.Адамның әлеуметтік мәнінен әрбір адамның өз қабілеттерін жан-жақты жамытып,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып,қоғамдық процеске,оның мәдениетіне жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі.

     Біздің қоғамымызда  <ақиқат жолымен>өмір сүруге  ұмтылатын адамдар санының артуы  ағымы байқалады.Мұндай құбылысты  ақиқат жолына ұмтылып отырудың  адамның түп табиғатында жататынын  ескеріп,оны бірте-бірте үдете  дамыта беруге болады деуге  негіз бар.Адам үшін өзінің  әділетпен өмір сүріп жүргенін  сезіну үлкен құндылық болып  саналады.

    Адам жеке тұлға  ретінде өз істері арқылы көрінеді  де,халықтың жанында тек<ақиқат  жолында> ғұмыр кешіп,<ақиқат  жолында>жасап,<ақиқат жолында>  әрекет етуші ретінде ұзақ  сақталып қалады.

     Әрине,әрбір  адам өз өмірінің мән-мақсатын,құндылығын  өзі айқындайды.Әрбір индивидтің  әр кезеңдегі өмірдің мақсат-мәнін  түсінуі бірдей болмайды,ол өзгеріп  отыруға икемді келеді.

   Жалпықоғамдық адам  құқы декларациясының 25-бабында:<Әрбір  адамға азық-түлікті,киімді,баспананы,медициналық  көмекті және қажетті әлеуметтік  қызметті қоса есептегенде өзінің  және отбасының денсаулығына  қажетті өмір деңгейінің құқы  мен өз еркінен тыс жағдайларға  байланысты жұмыссыз қалған сәттерде,ауырғанда,мүгедектікке  ұшырағанда,жесір қалғанда,кәрілік  келгенде тіршілік етуге қаражаты  таусылған тұстарда қамтамассыз  ету құқы беріледі>деп жазылған.(<Известия>,1989, 9-желтоқсан).

    Сонымен,адам бір  жағынан табиғи бөлігі,екінші  жағынан әлеуметтік тіршілік  иесі,әлеуметтік индивид,нақты қоғам  мүшесі.<Тұлға>түсінігі тек адам  бойындағы әлеуметтік мәнділікті  білдіреді.Бұл оның қоғамдық мәні.Адам  –дүниеге ашық тіршілік иесі.

      Сөйтіп  Софоклдың <Дүниеде таңқаларлық  нәрселер көп,ал олардың ең  ғажабы-Адам>деген тұжырымдамасына  қосылуға болады.    

 

 

                                                Қорытынды

Тарихқа материалистік көзқарастың  қалыптасуы адамның қоғамдық өмірдегі алатын орнын түсінуді шын мәніндегі  ғылыми деңгейге көтереді. Адам бұрынғыша  рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып  бөлшектеніп, біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы — тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болды. Адамның табиғи-әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі мәселе оның ондаған мын жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.

   Философиялықантропологияның материялистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара , жалғыз өзі өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуының міндетті шарты – «сенің» болуың, басқалардың болуы. Басқаша айытқанда,адамды жан-жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері оның тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі.

Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен  қимыл-әрекеттердің негізі, олшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір  ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының қүдіретті  иесі.

 


Адам проблемасы философия тарихында