«АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау

Қаржының мәнi, функциялары және ролi 

Қаржы (“қолма –  қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн  орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia”  сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты  өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен  айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.

 “Қаржы”  ұғымы мемлекетпен бiрге бiр  уақытта қоғамның таптарға жiктелуi  кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен  оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн  қанағаттандыруға байланысты жүйелi  тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.

 Қаржы ғылыми  ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық  өмiрде сан алуан нысандарда  пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады  және мiндеттi түрде ақша қатынастарының  қозғалысымен қосарлана жүредi.

 Бүгiнде қаржы  терминiн күнделiктi қолданысқа енгiзген  авторды атау қиын. Бұл терминiң  авторлығын 1577 жылы “Республика  туралы алты кiтап” деген жұмысын  бастырып шығарған француз ғалымы  Ж.Боденге қалдыруға болады.

 Қаржы туралы  жұмыстың (“Афин республикасының кiрiстерi туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430 – 365 жж.) болды.

 Аристотельдiң  (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы  көзқарасы оның “ Афиннiң мемлекеттiк  құрылысы ” атты жұмысында  баяндалған.

 Қаржының  мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның экономикалық құрылсымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

 Түрлi қоғамдық  – экономикалық формациялар қаржысының  айырмашылығы мына себептерге байланысты:

 • әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның  өзiне меншiктi таптық құрылымы  сай келедi. Сонымен бiрге қаржы  ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына  қайта бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке  алады;

 • кезкелген  қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың мүдделерiн қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады;

 • өндiрiстiң  жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың  жаңа жүйесiн тудырады. Мәселен,  құл иеленушi және феодалдық  формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта болды. Капиталистiк шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады;

 • егер  мемлекет басқару органы ретiнде  қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет ететiн болса, онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi.

 Экономикалық  өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi  қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар  қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма – қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады. Алайда, кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы операциясына жата бермейдi, өйткенi ақша түрлi құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудiң, қаржының кредиттiң көмегiмен болатын қоғамдық өнiмнiң барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тiкелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне салық төлемдерiн аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшiн кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.

 Қаржы –  ақша қатынастарының ажырағысыз  бөлiгi, ол әрқашан экономикалық  жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

 Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға жiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады.

 Алайда қаржы  ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, сондай – ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша нысанында өлшеу, өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын анықтау, ақшалай түсiмдi есепке алу сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi. Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi мемлекет бөлше сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық – құқықтық әдiспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың құқықтары мен мiндеттерiндегi тепе – теңдiк) бұл әдiске тән өзгеше нышан болып табылады Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық емес өзгешелiгi болады.

 Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар.

 Ақша –  бұл ең алдымен ассоциацияландырылған  өндiрушiлердiң еңбек шығындары  өлшенетiн жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы iшкi өнiм  мен ұлттық табысты бөлудiң  және қайта бөлудiң экономикалық тетiгi, ақша қроларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндiруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективтi сипатта болады. Қаржы өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр сферасын бiлдiредi және базистiк категорияға жатажы.

 Қаржыны экономикалық  категорилардың қатарынан бөлiп  алу үшiн қаржы құбылысын қарастырудан  оның мәнiн – зат болмысының  барлық әр алуан нысандарының  бiрлiгiн бiлдiретiн оның iшкi мазмұнын  зерттеуге көшу қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырып 1 Қаржы  мен қаржы саясатының мәні. 

                          (кіріспе сабағы) 

1.Қаржының мазмұны  мен мәні. 

2.Қаржының әлеуметтік-экономикалық  процестерді басқарудағы ролі. 

3.Мемлекеттің  қаржы саясатының мазмұны мен  мәні. 

  

Қаржы дегеніміз  не, ол қашан, қалай өріс алған ?  

        Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды. 

        Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы  үлкен байлығы. Сондықтан да  кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі  кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады. 

        Қорыта келгенде, қолдағы қаржы  мемлекеттік үлғаймалы ұдайы  өндіріс талаптарын жүзеге асыру  мақсатында ақша қаражатын орталыққа  жинақтауды қалыптастыру жағдайында  ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория. 

 Қаржының  экономикалық  категория болу  себебі неге байланысты ? 

        Қандайда қоғамдық - экономикалық  құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз  ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына  көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған. 

        Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда  жалпы түтынуға арналып өндірілген  барлық өнімдер толықтай алғанда  тауар деген үғымды білдіреді.  Бүл арада теориялық түрғыдан  айрықша атап өтуге қажетті  мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды . 

Қаржының өзгеше белгілері қандай ? 

        Қаржы – ақша қатынастарының  ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан  экономикалық жүйе шеңберіндегі  қоғамдық үдайы өндірістің түрлі  субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты. 

        Жалпықоғамдық өнім мен үлттық  табысты жасау, бөлу және қайта  бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.      Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. 

        Экономикалық категория ретінде  қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың  өзгешелігі олардың көрісінің  әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады. 

        Қаржы қатынастары өзінің негізінде  бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың  барлық қүрылымдық бөліктерінде  және шаруашылық жүргізудің түрлі  денгейлерінде қоғамдық өнім  қүнын қайта бөлудің сан алуан  процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады. 

        Қаржы қатынастарының ақшалай  сипаты мен бөлгіштік сипаты  қаржының аса маңызды белгілері  болып табылады, бірақ  тек  ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ. 

        Қаржының ерекше белгілер :  қорларды  қалыптастыру, оларды белгілі бір  мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз  болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің  болмауы (қаржыға баламалық тән емес). 

        Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше  белгілері қаржының ерекшелігін  атап көрсетеді. 

        Жоғарыда айтылғандардың негізінде  қаржының қысқаша анықтамасын  былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді  бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары  мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар. 

Қаржының объективті қажеттігі неде ? 

        Қаржының қажеттігі тауар –  ақша қатынастарының болуынан  және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен  туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. 

        Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет  өзінің ішкі және сыртқы саясатын  жүзеге асыра алмайды, өзінің  әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын,  қорғаныс және елдің қауіпсіздігі  фунцияларын қамтамасыз ете алмайды. 

        Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. 

        Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан  басқа, шаруашылық процестерді  реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді. 

Қаржы қандай функцияларды орындайды ? 

        Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі  және ролі оның функцияларынан  айқын көрінеді. Қаржының мәнін  толық ашу оның үғымы мен  қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. 
 
 
 
 
 
 
 

Ақша айналысы және оның заңы

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия  

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы. 

Ақша айналысының  объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. 

Ақша айналысының  кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.Мазмұны  [жасыр]

1 Қолма-қол ақшалар  айналысы

2 Қолма-қолсыз  ақшалар айналысы

3 Ақша айналысының  заңы

4 Пайдаланылған  әдебиет 

[өңдеу]

Қолма-қол ақшалар  айналысы 

Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

[өңдеу]

Қолма-қолсыз ақшалар  айналысы 

Қолма-қолсыз ақшалар  айналысы — қолма-қолсыз ақшалар  айналымы ақшаларының қозғалысы. 

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер). 

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс  аясынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады. 

Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу нысаны, яғни ақша айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық формацияға тән болып келеді. Құн нысандарының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын. 

Оның пікірінше, ақша айналысы заңының мәні ақшаның  айналыс қызметін атқаруға қажетті  ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын  білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы-экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

[өңдеу]

Ақша айналысының  заңы 

Ақша айналысының  заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті  ақшалардың санын (Ата) анықтайды.

Ата = Тауар бағаларының  сомасы /Ақша айналымының саны 

Бұл жерде бір  айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атхаруымен байланысты бұл  формула да нақтылануды талап  етуде. 

Айналысқа қажетті  ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:

Aқ = (Стб - Нтб + Мтс - Өтс) / Aoc 

мұнда,

Ак — айналысқа  қажетті ақша саны;

Стб — сатылатын  тауарлар бағасының сомасы;

Нтб — несиеге  сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

Мтс — міндеттемелер  бойынша төлемдер сомасы;

Өтс — өзара  өтелетін төлемдер сомасы;

Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны. 

Осындай жағдайларды, айналысқа қажетті ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып  келетін, әр алуан факторлар ықпал  етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады. 

Айналысқа қажеггі  ақша санына мыналар кері ықпал етеді:

несиенің даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың  басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

ақша айналысынын  жылдамдығы. 

Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады. 

Егер де айналысқа  алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі. 

Ақша айналысын  қолдап отыру шарттары мен зандары  келесідей екі фактордың өзара  әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.[1]

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиет

↑ Ақша, несие, банктер  теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. 
 
 
 
 
 

Банкноттар

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия

 

АҚШ банк билеті 

Банкноттар (Банк билеттері) — ұлттық банктар шығаратын, айналым мен төлем құралы ретінде металл ақшаның орнына жүретін қағаз ақша. Ұлттық банктің мерзімсіз борыштық міндеттемелері болып табылады. Банк билеттері тауар — ақша қатынастары мен төлем айналымының дамуына байланысты Қытайда пайда болды. Орта ғасырда ақша айырбасын жасаушылар мен алтын ісінің шеберлері өздерінде сақталған ақша қаражаттары бойынша қолхаттар бере бастады. Өсімқорлар мен айырбасшылардың банкирге айналуына орай мұндай міндеттеме қағаздар банкнотқа, яғни қайтарылуы алтынмен не күміс монеталармен қамтамасыз етілетін міндеттемелер формасына ие болды. Алғашқы кезде Банк билеттерін кез келген банк шығара берді. Банк билеттерінің айналыста толып кетуі, олардың жеткілікті түрде өтелмеуі және жекелеген банкирлердің жиі-жиі банкротқа ұшырауы Банк билеттерінің толық не ішінара құнсыздануына әкеліп соқты. Ол өндірістің дамуын тежеді. Бұл жағдай ақша айналымын мемл. реттеу қажеттігін талап етті. Эмиссиясын мемлекет тәртіптеп отыратын Банк билеттері алғашқы рет Ағылшын банкі мекемесінің жанынан 1694 жылы шығарылды. Олар заңдастырылған төлем қаржысы күшіне ие болып, 1833 жылы ұлттық ақшаға айналды. Дәл осылай Банк билеттері Францияда 1800—1803 жылдары, Германияда 1846 жылы, Голландияда 1814—1830 жылы бүкіл ұлттық ақша белгісіне айналды. Бірақ 19 ғасырдың 2-жартысына дейін банкнот айналысы баяу дамыды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Банк билеттерін шығаруды бір ізге түсіру ұлттық банктердің негізгі ісіне айналып, өндірістің талабына сай Банк билеттерінің эмиссиясын реттеу жүйесі қалыптасты. Банк билеттері көтерме сауда айналымы саласында пайдалынылып қоймай, жалақыны төлеген кезде төлем қаржысы ретінде қолданыла бастады. Егер Банк билеттері вексельдерді есепке алу мақсатымен айналыстың қажетінен көп шығарылса, оның артығы банкіге қайтарылып, алтынға айырбасталуға тиіс болды. Банкноттық айналымның екі түрі бар: банкноттың алтынға айырбасталу және айырбасталмау жүйесі. Алғашқысына алтын стандартының үш формасы тән: алтын монеталық, алтын құймалық және алтын девизі. Бұлардың әрқайсысы банкноттың алтын монетаға, құймаға және девизге айырбасталуын қарастырады. Қазіргі кезде барлық елдерде ішкі ақша айналымында алтынға айырбасталмайтын банкнот жұмыс істейді. Ақша-кредит жүйесінің дамуы барысында банкнот пен қағаз ақша арасындағы өзгешеліктер тұрақты түрде ықпалға ұшырап келді. Бірте-бірте банкнот қағаз ақшаға жақындады. Біріншіден, орталық эмиссиялық банктер мемлекеттендірілді, бұл банкнот пен қағаз ақша айырмашылығын жойды. Екіншіден, қазіргі банкноттың алтынмен қамтамасыз етілуі жойылды. Өйткені оның негізінде тек тауар емес, өндіріс процесінен тыс туындайтын мемл. міндеттемелер жатыр. Үшіншіден, алтын стандартын тоқтатуға байланысты банкнот пен қағаз ақша арасындағы өзгешелігі жойылды. Банк билеттерін заңдастырылған төлем қаржысына айналдыру қажет боған жағдайда мемлекетке Банк билеттері эмиссиясын өз шығындарын өтеу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Эмиссиялық банкілерге мемл. заемның облигациясымен қамтамасыз етілген Банк билеттерін шығаруға рұқсат беріп, Банк билеттерін алтынға айырбастау міндетінен босатылды. Осы арқылы Банк билеттері іс жүзінде мәжбүрлі курсы бар мемл. қағаз ақшаларға айналды. Бұл әдетте, соғыс кездерінде, әсіресе, 1- және 2-дүниежүз. соғыстан кейін банкнот айналысы қалпына келтірілгенімен, алтынмен өтелмеген банкнот эмиссиясының мөлшері едәуір көбейді және Банк билеттері алтын шақаға айырбасталмай, кесек алтынға не болмаса алтынға айырбасталатын шет ел валютасына айырбасталады. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың (1929—1933) басталуымен барлық шет елдерде Банк билеттерін алтынға айырбастау тоқтатылды. 2-дүниежүз. соғыстан кейін тек бірсыпыра мемлекеттерде (Бельгияда, Голландияда, Пәкстанда, Оңтүстік Африка Республикаларында) Банк билеттерін алтынмен міндетті түрде қамтамасыз ету мөлшерін белгілейтін заңдар күшінде қалды. Шет елдердің көпшілігінде Банк билеттерін алтынмен қамтамасыз ету нормасы мүлдем белгіленбеген немесе формальдық маңызы бар. АҚШ-та 1945 жылы заң бойынша Банк билеттерін алтынмен қамтамасыз ету нормасы 25% болып белгіленген, эмиссияның қалған бөлігі мемл. бағалы қағаздармен, ал, аз ғана бөлігі вексельдермен қамтамасыз етілді. 1968 жылы валюта дағдарысы мен доллардың құнсыздану қаупіне байланысты АҚШ-та Банк билеттерін алтынмен қамтамасыз ету толығымен жойылды. Алайда банкнот алтын белгісі бола алмаса да, кредит белгісі болып қалып отыр. ҚР-нда 1993 жылы айналысқа жіберілген теңге Ұлттық банкінің міндеттемесі болғандықтан бір мезгілде қағаз және кредит ақшасы болып табылады. Банк билеттері АҚШ-та 5, 10, 20, 50 және 100 долларлық банкноттар, Британия Корольдігінде — 1, 5, 10 және 20 ф. ст., Францияда — 10, 50, 100 және 500 франк, Қазақстанда 1, 2, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000 теңге көлемінде шығарылған ( Ақша). Бұл Банк билеттерінің шығарылған эмиссиясы Ұлттық банктің алтын-валюта қорымен толық кепілдендірілген. Банкноттар - орталық эмиссиялық банкілер айналымға шығаратын ақшаның белгісі, қазір қағаз ақшаның негізгі түрі, банк билеттері экономиканың қажетіне орай шығарылады және алтынмен, қымбат металдармен, мемлекетгік банкінің басқа да активтерімен, сондай-ақ мемлекетке жататын және белгіленген бағалар бойынша сатылатын тау арлар массасымен қамтамасыз етілген. Банк билеттері мемлекет экономикасын несиелеу мақсатында және алтын — валюта резерві өсімімен қайтарып алу үшін шығарылады. 

[1] [2]

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

↑ Қазақ Энциклопедиясы 
 
 
 
 

Коммерциялық  емес ұйымдар  

Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары.  

Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы  активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады.  

Мемлекеттік акционерлiк  қоғамдарда да осылай.Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.Өндiрiстiн бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiк табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.