Алғашқы қаржылық құралдар
1. Алғашқы қаржылық құралдар.
Қаржылық менеджмент әр түрлі коммерциялық ұйымдардағы қаржы жұмысында қолданылатын құралдар жиынына ие. Қаржылық менеджменттің ұйымдағы тиімділігі қаржы жұмыскерлерінің кәсібилігіне байланысты. Осы қолданылатын әдістер, құралдар, басқару әдістемелері мен технологиялары кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін тигізеді. Кәсіпорындағы қаржы жұмыстары барлық мүмкіндіктерді қолдануға бағытталуы тиіс. Кәсіпорынды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ететін бағыттардың бірі – бағалы қағаздармен жұмыс болып табылады.
Қаржылық құралдар – бұл кәсіпорынның бір мезгілде қаржылық активтері мен міндеттемелері борыштық немесе үлестік мінезді ұлғаюы туралы кез келген шарт.
Бағалы қағаздар – мүлікті құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Капитал ақшалай, өнімді, тауарлы формада болады.
Акция – дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай да бір акқионерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағлы қағаз.
Облигация – оның иесінің
ақша салғандығын куәландыратын
және оған көрсетілген мерзім ішінде
осы бағалы қағаздың атауы құнына
белгіленген пайызды төлей
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.
Чек – ағымдағы щот
иесінің чекті ұстаушыға
Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі. Дипозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысуы қызметін атқара алады. Осы қаржылық құралдардың өнімді қолданылуы кәсіпорынның қаржылық жұмысының деңгейіне тәелді.
2. Қаржылық талдау.
Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарасы – оның қаржылық жағдайын талдау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуы үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады.
Аналитикалық жұмыс – кәсіпорынның негізгі ақпараттық жүйелерінің бірі.
Қаржылық талдау – тиімді дамуды қамтамасыз нтуге және оның нарықтық құнын көтеруге мақсатында кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелерін және қаржылық жағдайын зерттеу процесі.
Қаржылық талдау пәні – кәсіпорынның ағымдағы қаржы көрсеткіштерінде болған өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
Қаржылық жағдай - Қаржылық ресурстарды бөлу, орналастыру және қолдануды сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.
Қаржылық талдаудың мақсаты – кәсіпорын жағдайының есеп беруін құрастыру күні мен болжамы туралы нақты ақпарат алу.
Қаржылық талдау процесінде белгіленген мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:
Кәсіпорынның нақты шартындағы қаржылық оқиғалар мен процестердің тенденцияларының заңдылықтарын белгілеу.
Ағымдағы және келешектегі жоспарларды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Басқарушылық шешімдер мен жоспарлардың орындалуын бақылау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қорытындысын бағалау.
Қаржылық талдаудың принциптері:
- Объективтілік
- Ғылымилық
- Кешенділік
- Жүйелілік
- Өтімділік
- Тиімділік
- Мемлекет ықпалының қажеттігі
- Жоспарлық
- Жеделдік
Қаржылық менеджментте кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 2 кезенде жүргізіледі.
Қаржылық жағдайды алдын ала бағалау. Осы кезенде есеп берудің негізгі көрсеткіштері бойымен абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларды анықтау мақсатымен 2 соңғы жылдарға салыстырмалы кестелер жасалады. Мұндай экспресс талдаудың негізгі мақсаты – маңызды көрсеткіштердің салыстырмалы есептеулерінің біраз бөлігін таңдап алу.
3. Бағалы қағаздар мәне және белгілері.
Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат.
Бағалы қағаздардың белгілері:
Нарықтағы айналымдылығы
– бұл бағалы қағаздарды нарықта
сату және сатып алу қабілеттілігі,
сонымен қатар басқа
Стандарттылық – бағалы қағаздың стандартты мазмұны болуы тиіс (құқықтардың стандарттылығы, қатысушылардың стандарттылығы, бағалы қағаздың стандарттылығы).
Азаматтық айналым үшін
қол жетімділік, яғни бағалы қағаздардың
сатылу қабілеттілігі ғана емес, сонымен
қатар, келісімдерді қоса алғанда, басқада
азаматтық қатынастардың
Сериялық – бағалы қағаздарды бірыңғай сериямен шығару мүмкіндігі.
Құжаттылық – бағалы қағаз нақтылы құжаттар сияқты заңмен ескерілген реквезиті болуы керек.
Мемлекеттік мойындау және реттеу – жақсы реттелуі мен сенімді қамтамасыз етілуі үшін, бағалы қағаз ретінде құжаттар мемлекет тарапынан мойындалуы керек.
Өтімділік – бағалы қағаздардың тез сатылуы және ақша қаражатына айналуы.
Тәуекел – бағалы қағаздардың инвестициямен байланысты жоғалу мүмкіндігі.
Міндеттерді орындау – бағалы қағаздарда көрсетілген міндеттерді орындамауға рұқсат берілмейді.
Акциялар мен облигациялардың шығарылуы құнды қағаздар нарығын қалыптастырады. Осы нарыққа қатысушылар инвесторлар, эмитенттер, инвестициялық институттар.
4. Акция және оның түрлері.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Акциялар келесі белгелер бойынша бөлінеді:
Тіркеу ерекшеліктеріне қарай:атаулы акциялар
Басқаруға қатысу құқығына сәйкес: жай, артықшылығы бар акциялар.
Аймақтық тиістілігіне қарай: отандық эмитенттер акциялары, шет елдік эмитенттер акциялары.
Жай акциялардың артықшылықтары:
Жай акцияның кемшіліктері: табыстың тұрақсыздығы, акционерлік қоғамның тиімсіз қызметі әсерінен дивидендтер төленбеуі мүмкін, акционерлік қоғам банкроттық жағдайға ұшырағанда жай акция иеленушілер инвестицияланған акциялар бөлігінен айырылуы мүмкін.
Артықшылығы бар акциялар артықшылықтары: иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкундік береді, тәуекелден толықтай қорғалған.
Артықшылығы бар акциялардың кемшіліктері: басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға мүмкіндік бермейді, өтімділігі аз, акционерлік қоғамның тиімділігінің қызметінде дивидендтер бойынша төлемдер деңгейі төмен.
Акцияны сатып алудың 3 негізгі мақсаты:
- Ұдайы дивиденд алу үшін
- Ұзақ мерзімді инвестицияларды жүргізу үшін.
- Табыс табу.
5.Ақша ағымы және оған әсер етуші факторлар.
Ақша ағымы – қаржылар жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма болып табылады. Ақшалай ағымның бағалану көрінісі ең қолайлы немесе тиімді талдаудың инвестициялық жобасында жүреді. Көптеген ақшалай ағымдар 2 элементтен тұрады. Ақша ағымы қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шығындарымен байланысты.
Ақша қаражаттары бұл тауарлар мен қызметтерді алуға әрдайым пайдаланылатын активтердің жиынтығы. Олар кәсіпорын үшін жоспарлау есеп және бақылау, сыртқы ортаман байланыс құралы ретінде көрінеді.
«Кәсіпорынның ақша ағымы» түсінігі біріктіріліп, жалпыланан, оның құрамына шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін әр түрлі ақша ағымдары енеді.
Ақшалай активтерді басқару үрдісінде қаржылық менеджменттің маңызды мәселесі болып уақытша бос ақша қаражаттарын және олардың инвестициялыққалдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасызету табылады.
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарға негізделген:
Ақпараттық нақтылық ұстанымы: ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
Теңгерімділік тұжырымдамасы. Басқарудың біртұтас мақсаты мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге және басқада сипаттамаларына қарай теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы.
Өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы.
Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты: кәсіпорынның дамуы барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін және олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау. Ақша ағымының қозғалысын талдау есеп беру кезеңінің мәліметтері бойынша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: ағымдағы іс-әрекет, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, ақша қаражатымен байланысты өзге де операциялар.
Ақша ағымын болжау дегеніміз – ақша қаражатының қозғалысын талдау схемасы бойынша, бірақ болжап отырған кезеңде ғана, ақша қаражатының мүмкін болатын түсімін есептеу.
6. Ақша ағымының кіріс пен шығыс көздері.
Кәсіпорынның белгілі бір к\уақыт кезеңіне ақша ағымының кірісі мен шығыс жиынтығын құрайды. Ақшаның осы кезеңге кірісі мен төлемі (шығысы) және ақша ағымын көрсетеді.
Ақша түсімі мен кіріс жиынтығы – қаржылық құралдар ағымының тиімді жағы. Әлемдік практикада ақша ағымын «кеш фло» (cash flow) деп атайды, ағылшын тілінен аударғанда қолма қол ақшаның ағымы деген мағына береді. Бұл пайда, рентабельділік сияқты кәсіпорынқаржылық көрсеткіштері болып табылады. Тиімді ақша ағымы, тиімді кэш фло қаржылық ресурстарды көбейтеді, ал керісінше тиімсіз кэш фло дифицит, яғни аз болады. Уақытша баға қаржылық құралдардың қазіргі және болашақтағы ағымын анықтайды. Осыған байланысты келтірілген ақша ағымы – кэш фло (discounted cash flow немесе present value cash flow) деп аталады. Дисконт сөзі «жеңілдік», ал «дисконттау, яғни келешек ақшалай ағымдарды қазіргі уақытқа салыстарған түрде келтіру». Жүйелі және дискретті ақша қаражаттарының ағымының түсінігі бар. Жүйелі ағым белгілі бір уақыт кезеңінде, дискретті-белгілі бір кезеңдегі жеке түсулер мен ақшаның жұмсалуы. Дискретті-ұза мерзімді несие алу, ірі вексельді төлеуден түсім, лицензия сатып алу және т.б.
7. Несие
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Жеделдік қағидасы – бұл несиенің белгілі бір мерзімге берілгендігі және қарыз алушының несие шартын сақтауы.
Қамтамасыздық қағидасы – қарыз алушы қарыз берушіге несие келісіміндегі шарттарды орындауы туралы кепілдік. Кепілдік ретінде белгілі-бір мүлік кепіл бола алады.
Ақылық қағидасының мәні қарыз алушы белгілі бір көлемде ақша сомасын қайтаруымен қатар қарыз берушіге пайыз мөлшерін төлейді.
Жеделдік қағидасы бойынша несие қысқа мерзімді, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерз – 1 жылға, орта – 3 жыл, ұзақ - 3 жылдан жоғары. Кредитор тек қана банктер емес, ақшалай займдар беретін несиелік одақтар, қаржылық ұйымдар болуы мүмкін.
Қамтамасыздық қағидасы
бойынша несие
Несиені мақсаттық тағайындауы қарай береді. Мыс, көлік сатып алу, мүлік, техника, демалысқа несие, білім алу жіне т.б. Сонымен қатар, несиені мақсатсыз түрде келешек мұқтаждықтарға алуға болады.
Несиелер кез-келген нысанда беріледі: шетелдік немесе ұлттық валютада, тауар түрінде, қолма-қол, кредиттік карта түрінде.
Несиені пайыздық мөлшерлеме түрінде де беріледі. Қазіргі практикада бекітілген пайыздық мөлшерлеме қолданады.
8. Аудит. Диферсификация.
Аудит – кәсіпорынның, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен АҚ-ң қаржы шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау.
Аудит:
- жүйенің басқару элементтерін тексеру
- қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі.
- Аудитор – аудитті жүргізетін адам.
- Аудиттің мазмұыны қарастыру барысында оның нақты құрамын айту қажет. Олар мыналар:
- шаруашылық субъект
- мәлімет
- аудитордың мамандығы
- фактілерді жинау және бақылау
- аудит стандарты
- аудитор есебі
Шаруашылық субъект
аудит жұмысын орындау үшін міндетті
түрде сол субъектінің шаруаш-
Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәліметті қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын қадағалап, дәлелдеп өзінің жаңа мәліметтерін құрайды.
Аудитордың мамандығы. Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы керек.
Аудитордың ақпараттық жасалуы.
Аудит ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы аудит аудитор мен фирманың арасында келісім негізінде жасалады. Сыртқы аудитке:
- шаруашылық-экономикалық қызметтің талдауы;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі;
- қызметтің жақсаруына арналған кеңесер мен ұсыныстар кіреді.
- Ішкі аудит компанияның жұмыскерлерінің әрекеттеріне жүргізіледі. Оны ерікті деп атайды. Міндетті аудит мемлекеттік басқару органдарының талабы бойынша кәсіпорын үшін әр жыл сайын жүргізіледі.
Ішкі аудит жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы аудит – кәсіпорын барлық сұрақтары мен мәселелеріне жауап береді. Жергілікті аудит таңдалған бағыт шегінде қаралады. Диверсификация – бұрын арнайы маманданған фирмалардың басқа өндіріс салаларына, қызмет саласына көшуімен байланысты капитал шоғырлануы формасы. Диферсификацияның мақсаты – маңызды жоғалтулардан барынша аулақ болу, компания аумағын кеңейту.
9. Қаржылық менеджмент және оның маңызы.
Қаржылық менеджмент – бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен және кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізілуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, құнды қағаздар эмиссиясы, банк несиелері т.б.).
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
- Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі
- қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау
- Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау
- Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау
- шешімнің нұсқамасы және орындалуы
- шешімнің орындалуын бақылауъ
- шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы есеп беру.
Қаржылық менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция кірісі (дивиденд) және акция сценариімен жұмыс атқарады, сонымен қатар нақты нарық жағдаятының күтіп отырған нарық жағдаятына сәйкес келмегендіктенболатын шығын тәуекелімен де жұмыс атқарады.
10. Кредиторлық және дебиторлық берешек.
ҚР-ң ұзақ мерзімді негізгі міндеттемелеріне кредиторлық және дебиторлық берешек жатады.
Кредиторлық берешек – бұл 1 кәсіпорынның басқа заңды және жеке тұлғаларға беретін қарыздар көлемі. Дебиторлық қарыз деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Дебиторлық борыш келесі түрге бөлінеді:
ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем.
тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар
АҚ лауазымда адамдарының дебиторлық борышы.
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оныңеншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаға н ДБ
басқадай ДБ. Дебиторлық борыш туралы несиеге сату барысында пайда болады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) және ағымдағы (1 жылға дейін) болып бөлінеді. Дебиторлық қарыз кәсіпорынның айналым активтері құрамына кіреді. Дебиторлық қарызды тиімді басқару 1-ші кезекте сатып алушылардың таууарға, жұмысқа және қызметке қарызын қамтамасыз етумен байланысты.
11. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау.
Кәс қарж жосп – ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару. Ол кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды б өлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері) басқару қызметі. Жоспарлау барысында алға қойған мақсаттың орындалу тәртібі, әдістері мен тәсілдері ескеріледі. Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектісі болып: қор мен түсімдерді құру және оларды қайта бөлу, орталықтан және орталықсыздандырудың ақша құралдарының қорларын құру және пайдалану.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
өз қорлары мен құралдарының арасында кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету.
мемлекеттік реттеу жүйесінің оңтайландыру мен өндіріс көлемін ұлғайту арқылы пайданы өсіру, яғни нақты пайданы өсіру және салық салуды оңтайландыру.
кәсіпорынның қааржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өзінің міндеттемелерінің алдында уақытылы төлеу мүмкіндігі.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ.
автоматты – егер инфляция бар болса, онда мәліметтер инфляция коэффицентіне көбейтіледі.
статистикалық – алдағы жылдардығы шығындарды қосып алдағы жылдар санына көбейту.
нөлдік – барлық позициялар жаңадан саналады.
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУҒА:
жылдық қаржылық жоспарлау
жедел қаржылық жоспарлау жатады.
Кәсіпорындағы қаржылық және өндірістік жоспарлау арасындағы қарым-қатынас біріңғай жоспарды, яғни әлеуметтік және кономикалық даму жоспарын ескереді. Оның құрамдас бөлігі кәсіпорынның барлық қаржылық ресусртарының шығыны мен табысы көрсетілген қаржылық жоспар – «шығын мен табыстар балансы» болып табылады.
КӘСІПОРЫННЫҢ ШЫҒЫНДАР МЕН ТАБЫСТАР БАЛАНСЫ КЕЛЕСІ БӨЛІМДЕРДЕН ТҰРАДЫ:
құралдар кірісі мен табыстар
құралдар шығысы мен шығындар
бюджетпен қарым-қатынас
несиемен қарым-қатынас
12. Қаржылық менеджментің мақсаттыр мен міндеттері
Қаржылық менеджмент келесі мәселелерді шешеді:
ірі қаржылық сәтсіздктер мен банкроттықтан құтылу.
бәсекелестік жағдайында фирманың аман қалуы.
фирманың экономикалық потенциалының өсуі
өндіріс көлемінің өсуі
пайданы өсіру
шығындарды азайту
кәсіпорынның табыстарын көбейту
фирманың нарықтық құнының өсуі.
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ: қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ: бұл фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайды қызмет тәртібін анықтау.
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ НЕГІЗГІ СУБЪЕКТІЛЕРІ: кәсіпорын иесі, кең профильді менеджер, функционалды қаржы менеджері.
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРІ: кәсіпорын қаржысы, оның қаржы іс-әрекеті.
13. Бағалы қағаздардың жіктелуі.
Шығуына қарай:
1.негізгі
алғашқы
екінші
2. туындылар
Қаржылық қатынастардың мазмұнына қарай
үлестік бағалы қағаздар (акция)
борыштық бағалы қағаздар (облигация)
Пайда болу нысаына қарай
құжатты
құжатсыз
Элементтер түрлеріне қарай:
мемлекеттік бағалы қағаздар
шаруашылық жүргізуші субъектілдердің бағалы қағаздары
Қатынас деңгеіне қарай:
атаулы
ұсынушы
Мерзімі бойынша:
қысқа
ұзақ
14 Билет Бағалы қағаздардың қызметтері
Бағалы қағаздардың қызметтері:
Реттейтін өндірістің әр түрлі салаларындағы құн заңын және пайданың нормасының динамикасын реттейді, бағалы қағаз капиталдың бір салаға кірісін және басқа капиталдың шығысын қаматасыздандырады.
Информатикалық бағалы қағаздар экономикалық жағдайды көтереді.
Бақылаушылық қызметі бағалы қағаздар көмегімен экономикалық процесстерді бағалауға мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар өз шешушісімен қосымша құқықтарды қамтиды.
Бағалы қағаздар капиталға табыс әкеледі және сақталуы мен қайтарылуына мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар экономиканың салаында, мемлекет территория арасында қаржылық құралдарды қайта бөлуі.
Бағалы қағаздар мемлекеттік саяси құрылымдық институттарды байланыстырушы буын.
Бағалы қағаздарды шығару – кәсіпорынның қосымша капиталын тарту көзі т.б.
Бағалы қағаздарды шығару – ақша массасын ұлғайтпай-ақ, қаржы ресурстарын көбейту.
Бағалы қағаздарды экономикалық
рөлі – бүгінгі күні елімізде көптеген
АҚ сақтандыру компанияларды, мемлекеттік
емес зейнетақы қоры болып табылатын
кәсіпорындармен ұйымдар
Олардың барлығы да еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенциалды қатысушылар қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдар айналымға акциялар мен облигациялар шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
15 билет
Вексель түсінігі және түрлері.
Вексел дегеніміз белгілі бір саланы алдын ала келісілген мерзімге және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздың міндеттемесін білдіреді. Вексельдің келесі қызметтері бар:
Вексель – бағалы қағаз
Вексель – несие құралы
Вексель – қолма қолсыз есеп айырысуды қолданатын төлем құралы.
Жай вексель (соло) – вексель ұстатушыға вексельде көрсетілген соманың белгілі бір уақытша немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тротта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытты алғашқы ұстаушыға төлеу туралы 3-ші тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайды.
16 БИЛЕТ . Қаржылық активтерді бағалау әдістері
Қаржылық активер –
ұйымның алдыңғы кезеңінің
Өтімділік коэффиценті
төлем қабілеттілік коэффиценті
Төлемқабілеттік кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуын білдіреді.
Қабө= (ақша қаражаттар + құнды қағаздар)/ағымдағы міндеттемелер
Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттемелердің қандай бөігі баланс жасалатын күні немесе жуық арады өтімділігін көрсетеді.
Аралық өтеу (жедел өтімділік) коэффиценті:
Қжө=(РҚ+ҚҚ+ДБ)АМ≥1
Ол кәсіпорынның дебиторларымен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғги ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаттар есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, жұмыстар үшін түсімдер есебіне өтілетінін сипаттайды.

- Алғашқы қауымдық құрылыс.
- Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы
- Алғашқы қоғамдық құрылыс және оның ыдырауы
- Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілде
- Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері
- Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және 1978 жылғы Алматы Декларациясы
- Алғашқы дүние терең Отан тарихының бесігі
- Алғашқы көмек көрсету
- Алғашқы көмек көрсету
- Алғашқы көмек көрсету шаралары
- Алғашқы қазақ газеттері
- Алғашқы қазақ газеттерінің іс қағаздар стілін қалыптастырудағы рөлі
- Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі